Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық болмыс


РЕФЕРАТ
Дипломдық жобаның көлемі 40 бет, 3 кесте, 27 дереккөз.
Мақсаты: Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларындағы қазақ халқына тән ұлттық мінез-құлықтың, ұлтық таным-сипаттың, ұлттық болмыстың бейнесі мен шығармада берілу ерекшелігін талдау.
Объект - Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармалары
Пән - Қазіргі заман әдебиеті
Қазіргі қазақ әдебиетінде сұранысқа ие Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» жинағындағы шығармаларын дипломдық жұмысымызда ұлттық болмыс тұрғысынан қарастыруды жөн көрдік. Ұларбек Нұрғалымұлының шығармашылығы, тілі, жазушы прозасының өзектілігі сыни тұрғыдан да, әдеби-теориялық тұрғыдан да талданып, зерттелмеген. Сол себепті қаламгердің прозасының ерекшелігіне тоқталып, ұлттық болмыс сипаттарына талдау жасадық.
Ұларбек Нұрғалымұлы шығармасындағы қазақ халқының құндылықтарын, ұлттық болмысты берудегі ерекшелігін анықтау - дипломдық жобаның өзектілігі болып табылады.
Нәтижелері:
- Ұларбек Нұрғалымұлының эссе, мақала және әңгімелеріндегі ұлттық болмыс сипатына талдау жасалынды;
- Ұлттық құндылықтардың тақырып бойынша категориялары анықталды;
- Қаламгердің ұлттық болмысты берудегі өзіндік ерекшелігі айқындалды.
КІРІСПЕ2
1 ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС ҰҒЫМДАРЫ5
Қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары, көркемдік ерекшеліктері5
1. 2. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылық сипаттары6
2 ҰЛАРБЕК НҰРҒАЛЫМҰЛЫ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС11
2. 1 Қазақтың байырғы және құбылған замандағы болмысын ашатын - «Дайағашшы»11
2. 2. Қазақ танымындағы кісі қадірі және оның Ұ. Нұрғалымұлы прозасындағы көрінісі14
2. 3. Ұ. Нұрғалымұлы мақалаларындағы ұғымдардың ұлттық болмыстағы сипаты23
ҚОРЫТЫНДЫ35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ37
КІРІСПЕДиплом жобаның жалпы сипаттамасы . Әрбір халықтың сан ғасырлар бойы көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл мұра, өзіндік дәстүр, әдет-ғұрыптары бар. Ол көзден таса, көңілден ада болмай ұрпақтан ұрпаққа жетіп, халықпен бірге жасап келеді және мәңгілік жасай да беретініне бүгінде көзіміз әбден жетті. Оларды ұрпаққа ұрпаққа жеткізетін бірден бір құрал - әдебиет болса керек.
Қазақ прозасы жайындағы алғашқы мақалалардан бастап, күні бүгінге дейінгі зерттеу еңбектерді саралай келе, әдебиет жанрларының тақырыбы мен идеясына көңіл бөлудің маңызы басым екендігі көрінді. Қазақ әдебиетінің туындылары қай дәуір тұрғысынан алып қарағанда да уақыт сынына төзімді, заман ауанын тап басқан, тарихилығы, деректілігі мол. Қазақ прозасының бүгінгі өрісі жалпыадамдық құндылықтар мен ұлттық болмыстың тарихи жады көріністерінен қуат ала отырып, талғам таразысында тәуелсіз сана тарапынан бағалануда.
Қазіргі қазақ әдебиетінде сұранысқа ие Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» жинағындағы шығармаларын дипломдық жұмысымызда ұлттық болмыс тұрғысынан қарастыруды жөн көрдік. Ұларбек Нұрғалымұлының шығармашылығы, тілі, жазушы прозасының өзектілігі сыни тұрғыдан да, әдеби-теориялық тұрғыдан да талданып, зерттелмеген. Сол себепті қаламгердің прозасының ерекшелігіне тоқталып, ұлттық болмыс сипаттарына талдау жасадық. Қазақы болмыстың көркем әдебиеттегі көрінісін тақырыптық жағынан бірнеше категорияларға жіктеуге болатынын анықтадық.
Ұларбек Нұрғалымұлы шығармасындағы қазақ халқының құндылықтарын, ұлттық болмысты берудегі ерекшелігін анықтау - дипломдық жобаның өзектілігі болып табылады.
Жобаның өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиетінде бүгін жазылып жатқан шығармалар сыни, теориялық тұрғыдан жеткілікті дәрежеде талданбайтыны жасырын емес. Жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының да шығармашылығы тереңнен зерттеліп, талданбаған. Оның жарыққа шыққан прозалық шығармаларына қатысты көлемді пікір де жоқтың қасы. Бүгін жазылған әдеби шығарма, бүгін оқылып, бүгін талдануы керек. Тек сонда ғана қазақ әдебиеті әлемдік деңгейде алдыңғы қатарлардан көрініп, жоғары бағаланады деп білеміз.
Қазіргі әдеби процесті оқыту жүйесіне де ХХІ ғасыр прозасының кірікпегендігі, оның ішінде көркемдік ізденістер мен ұлттық болмыс көрінісіни анықтауға баса көңіл бөлінбей келе жатқаны көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Біз осы дипломдық жобамызда шығармалары әдебиет сүйер қауым арасында үлкен сұранымсқа ие болып отырған Ұларбек Нұрғалымұлының шығармашылығын талдауға арнадық.
Жобаның мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жобаның негізгі мақсаты - Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларындағы қазақ халқына тән ұлттық мінез-құлықтың, ұлтық таным-сипаттың, ұлттық болмыстың бейнесі мен шығармада берілу ерекшелігін талдау. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- ХХІ ғасыр қазақ прозасындағы көркемдік ерекшелікті анықтау;
- Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттың болмыстың сипатына назар аудару;
- Ұларбек Нұрғалымұлы шығармаларына тоқталып, талдау жүргізу;
- Ұ. Нұрғалымұлы прозасындағы ұлттық болмыстың, ұлттық мінез-құлықтың берілуін талқылау;
- Ұлттық болмысты берудегі салт-дәстүрлерді, төл сөздеріміздің мағынасын көркем шығармада көркем тілмен жеткізудің рөлін айқындау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХІ қазақ әдебиетінің жаңа тақырыптармен, тың сюжеттермен баю, толысу процесі және қазақ жазушыларының жазу ерекшеліктерін зерттеудің өзіндік жолы мен жүйесі қалыптасып келе жатыр. Бұл мәселеде Ө. Әбдиманұлы, А. Ахметова, З. Қ. Бисенғали, Т. Жұртбай және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қазіргі қазақ әдебиетінің ерешеліктері сараланып, салмақты ғылыми тұжырымдар жасалған.
Диплом жобасының теориялық және практикалық маңыздылығы . Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер мен дәлелді тұжырымдардың, қорытынды пікірлердің практикалық мәні үлкен. Ұларбек Нұрғалымұлы прозасын талдауда қол жеткізген нәтижелерді қазіргі қазақ әдебиеті тарихын жасауда, қазақ прозасы, қазақ әңгімелерінің көркемдік ерекшелігін анықтауда және мәдениеттану, филология, педагогика салаларында пайдалануға болады.
Жобаның нысаны: Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық болмыс
Жобаның негізгі дереккөздері: Дипломдық жобамызда негізінен түрлі газет-журналдар, мақалалар, диссертациялық жұмыстардағы ғалымдардың пікірлері, «adebietportal. kz», «abai. kz», «ult. kz» сынды ақпарттық интернет ресурстары мен электронды кітапханалар қолданылды.
Жобаның теориялық және әдіснамалық негіздері: Жобаны жазу барысында қазіргі қазақ әдебиетіндегі маңызды ғылыми зерттеулер жүргізген зерттеушілердің теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Соның ішінде атап айтсақ: Ө. Әбдиманұлы, Ж. Дәдебаев, А. Б. Абдуллина, Г. Пірәлі, З. Қ. Бисенғали, Д. Қамзабекұлы, М. Қойгелдиев т. б. ғалымдардың теориялық ой-пікірлері мен негізгі тұжырымдары пайдаланылды.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтар туралы «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі «Мәңгілік Ел» және ұлттық идея тоғысуы» атты ұжымдық монография, «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі метальдік» атты ұжымдық монография, Г. Пірәлі «Қазақ әдебиеттануы және ұлттық проза», « Қазіргі қазақ әдебиеті: даму үрдістері, есімдер мен оқиғалар» атты ұжымдық монография және «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі» сынды сөздіктер басты назарға алынды.
Жобаның әдіс-тәсілдері: Дипломдық жобаның мақсат-міндеттеріне сәйкес жинақтау, ғылыми жүйелеу, тарихи-салыстырмалы, көркемдік талдау, жүйелі-кешенді сипаттау әдістері қолданылды.
Жобаның құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС ҰҒЫМДАРЫ Қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары, көркемдік ерекшеліктеріТәуелсіздік жылдарынан бері қарай қазақ әдебиетіне ірі өзгерістер, ұлттық құндылықтарға бой ұрған сана қуаты жаңа серпін әкелді. Тәуелсіз ел мұраты - өткеннен алған өнегесі, кейінгіге берер үлгісі бар жалғасты дәстүрдің ендігі уақыттағы, алдағы дәуірлердегі, ұрпақ алдындағы борышы болған ел мен жерді, тіл мен ділді таза да, бұзылмаған қалыпта, тарихи қателіктерге ұрындырмай сақтау, аманатты қиянатсыз ертеңге жеткізу болса керек. Ел өмірінің қажетті бөлшегі ретінде өнер салалары, соның ішінде сөз өнері де өзінің қалыпты даму барысында эстетикалық ойдың қалыптасып, адам баласының тынымсыз еңбегі негізінде жарыққа шыққан үлгі қабылдауға сеп қызметі аясында да, талғам таразысы ретінде де әсемдік әлемінің ерекшеліктері негізінде халыққа қызмет етері анық.
Қазақ прозасы жайындағы алғашқы мақалалардан бастап, күні бүгінге дейінгі зерттеу еңбектерді саралай келе, әдебиет жанрларының тақырыбы мен идеясына көңіл бөлудің маңызы басым екендігі көрінді. Қазақ әдебиетінің туындылары қай дәуір тұрғысынан алып қарағанда да уақыт сынына төзімді, заман ауанын тап басқан, тарихилығы, деректілігі мол. Қазақ прозасының бүгінгі өрісі жалпыадамдық құндылықтар мен ұлттық болмыстың тарихи жады көріністерінен қуат ала отырып, талғам таразысында тәуелсіз сана тарапынан бағалануда.
Қазақ прозасының тақырыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі жазылмақ түгілі айтуға болмайтын «жабық» тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын, рухын көтеретін, өткеніне көз салған тарихи романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді, салт-дәстүрімізді әспеттеген әңгіме, повестер пайда болды. Мәселен, Қуандық Түменбайдың «Қобыз мұңы» әңгімесінде ұлттық таным пайымымен жазылған туынды. Мұнда автордың баса назар аударатыны жалғыздық мәселесі. Жалғыздық сипатын өзгеше көрсету үшін онда әкелі-балалы екі ұрпақ өкілінің көзқарас алшақтығы негіз етілген. Қала мен дала дилеммасы көне заманнан жалғасқан, Гилгамеш туралы эпоста да бар. Далада өскен қазақ урбанизация - қалаға шоғырлануға көшті. Далалық болмыстың аяғына тұсау түсті. «Қобыздың мұңы» - қазақтың ұлттық шері. Таршылыққа басын салып, асфальтта өскен ұрпақтың санасы жоғалды. Бірақ ішінде бірен-саран тектінің тұяқтары өз болмысын жоғалтпауға тырысты. Әңгіме кейіпкері жас қыздың аты Бэла. Ол әуелде скрипканы оқиды. Желтоқсан көтерілісі кезінде оның ұлттық рухы оянады, ол скрипкадан жеріп, қобызға ауысады. Әңгіменің екінші кейіпкері қыздың әкесі Хайдар Алпамысов органда істейді. Қызы мен әкесі екі түрлі болмыс. Бір қанның екіге жарылуы. М. Мағауин таңбалаған жармақ жаратылыс, ұлтсыздану зардабы. Қыздың әкесі жаны қаламаса да өз қағынан безінуге мәжбүр. Ол бастық, бұйрыққа бағынады. Әкесі кофе ішеді, коньяк жұтады, қызының кенет қобызға ғашық болғанына наразы. Әкесі қобызды жамандағанда еуропалықтың эстеттігімен күстаналайтын тәрізденеді: «Бақсылар тартқан. Ескіліктің қалдығы. Екі аяқтың арасына қысып алып тартады. Скрипканы мойныңа тигізіп . . . как красиво. Қобыздың тілеуі жаман дейді». Қыз болса қыл қобыздың күңіренген үнінен марқұм анасының үні құлағына келеді. Бэлаға скрипканы Крепс деген кемпірді жалдап үйреткен. Бірақ ол жат кемпір қазақ қызына бір жібімей кетті. Қыз «Отырар сазы» ұлт-аспаптық оркестрінен соң қобызды жанына балайды. Шығармада желтоқсан оқиғасының лебі бар. Мысалы: әңгімеде шынайы образдар эпизод арқылы болса да айтылады: Қасен Қожахмет пен Қайрат Рысқұлбеков. Отаршылдыққа деген - өшпенділік пен тәуелсіздікке сүйіспеншілік сезімінен туған рух күші шығарманың әлеуметтік айқын бағдары.
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамында болып жатқан түбегейлі өзгерістер әлеуметтік рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Кеңес кезіндегі саяси шектеуден, социалистік реализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі алғашында абдырап қалғаны рас. Мұның өзі қоғамда «қазақ әдебиеті тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе алмай қалды» деген пікірлер тудырды. Алайда көркем өнер тез күш жинап, уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріскенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ұшқыр да оңтайлы жанр - поэзияны былай қойғанда, шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың сюжеттерді алып келді.
Қазіргі қазақт әдебиеті ұраншыл әдебиет емес екені мәлім. Бұл да тәуелсіздіктің демократиялық ұстанымдары әперген бағалы жетістігі саналса керек. ХХІ ғасыр шығармаларының өзіндік ерекшелігі - жаңаша жазу тәсілдеріне ұмтылыс, тақырып аясының кеңдігі, тілдік, құрылымдық шеберлік, даралық, адщам жанын барлау, дүние сырларын ашу тұрғысындағы ұлттық құндылықтардың ықпалы десек болады. Тәуелсіз кезеңдегі жаңащылдықтың әдебиетімізде бой көрсетуін анықтау арқылы ұлттық көркемдік дамудың нақты көрсеткіштерін айқындау зерттеудің сипатын ашады.
Қазақ - ежелден бостандыққа, азаттыққа құштар халық. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен қазақтың ұлан-байтақ даласына жан-жағынан анталап, көз тіккен жауы көп болған. Күні кешегі алып империяның шеңгелінен шығып, өз бетімен өркениет өлкесіне өршілдікпен, өрлікпен араласып, батыл қадамдар жасаған жаңа тұрпатты қазақ елінің Азаттығы - мемлекет ретінде әлемге мойындалғаны. «Еліміз егемендікке ие болған жылдан бері кеңестік кезеңде тыйым салынған көне түркі әдебиеті мен ежелгі дәуір мұраларын зерттеп, жариялау ісі қолға алынды. Соның нәтижесінде бұрындары беймәлім болып келген қанешама құнды әдеби-мәдени жәдігерлер қазақ әдебиеті тарихына қосылып, ұлттық руханиятымыздың қоры молайып, кеңістігі кеңейді. Ұлттық сөз өнеріміздің тарихы ғылыми тұрғыда нақтыланып, ондағы ұлттық идея концептісі тұңғыш рет арнайы тақырып ретінде іргелі зерттеулерге ұласты[4, 5], » - дейді, Г. Пірәлі өз зерттеу еңбегінде. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі - көркем прлоза болып табылады.
1. 2. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылық сипаттарыБүгінгі қазақ ұлты - бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты - бұрынғы «қызыл идеологияның» қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты - өркениет орталығы саналатын қпла халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр.
Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Қазақ халқының мұндай қасиетін танытатын нәрсе күллі материалдық байлықтың бәрінен де адамгершілік қасиеттер, адами құндылықтар биік болуымен даралан, ады. Оған себеп, ежелден бері әділет, әділдік, адалдық, шыншылдық, мейірімділік сынды қасиеттердің барлығы бақ-дәулет, байлық, атақ пен даңқ атаулының бәрінен де жоғары бағаланатын болған. Алайда бір кездері құбылмалы саясат билеген уақыт ыңғайынан туындаған кемшіліктер кейіннен үлкен дертке айналды. Бұрындары «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» делінетін, барша игіліктен арды, ұятты, ахлақты жоғары қоятын қазақтың өмір сүру ережесі қатты өзгеріске ұшырады. Тиісінше ұлттың этикалық қоды бұзылды немесе бұзылып бара жатыр[24] .
Тәуелсіз даму жолына түскен шақта «жаһандану үдерісі келе жатыр, одан ешқайда қашып құтыла алмаймыз» деген пікір естілген. Жаһандану дегеніміз тұрмысқа, ел басқару жүйесіне, шаруашылық, кәсіпорын, білім беру мен тәрбиелеу орындары біткеннің бәріне батыстың жаңа технологиясын ұсынған бұқаралық мәдениетінің жан-жақты шабуылы нәтижесінде пайда болатын заманауи жаңа түр болып шықты. Жаһандану үдерісі біздің тарапымыздан ешқандай тосқауыл көрген жоқ. Ешқандай кедергі кездеспегендіктен де жастар санасын тез жаулады. Тіпті, ұлттық құндылықтарға көзқарастың өзі өзгеріске ұшырай бастады. Ал бұл мәдени кодымыздан айырылудың алды еді.
Рухани кодымыздың басты тіні, ұлттың күллі қастерлі ұғымдарын, қасиеттерін бойына жиған өзегі тіл болып табылатыны құпия емес. Міне, сол қасиетті ана тіліміздің қуаты бүгінде әлі де алаңдатады. Анығынайтқанда, мемлекеттік мәртебесіне қарамастан, қазақ тілінің қолданыс аясын тиісті дәрежеде кеңейте алмау, оны өзге тілдермен қойыртпақтап, бұзу, дұрыс сөйлемеу, тіпті мүлдем ұмыту өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың жүйесін сақтай алмауға әкеліп соғатыны анық[24] .
Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шаһкәрім, Ақымет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі.
Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуын Елбасымыз үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетеді: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. «Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қатерінің» де бар екенін ескертеді. Ол қандай қатер деңіз? Қатер мынада: өзгенің ұлттық даму үлгісі жұрттың бәріне ортақ әмбебап үлгі бола алмайды. Елбасымыздың көрсетуінше, «іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда». Дер кезінде және нақты айтылған пікір дер едік[25] .
Ұлттық кодымызды, ұлттық мәдениетінімізді сақтап қалуда, оны насихаттауда әдебиеттің ықпалы зор. Қазіргі таңда ұлттық болмысты көркем тілмен шнбер жеткізіп жүрген жазушылардың бірегейі - Ұларбек Нұрғалымұлы.
Әдебиетке деген ең алғашқы қадамын өлең жазудан бастап, ақын ретінде танылған Ұларбек Нұрғалымұлы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «кинотеледраматургия» мамандығы бойынша бітірген және осы мамандық бойынша Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінде оқып, «Өнертану» магистрі дәрежесін алған.
Жазушының қалам тербеп жүрген негізгі тақырыбы - ұлттық болмыс, қазақ халқының танымы мен мәдениепті. Ол өз шығармаларына қазақтың мақал-мәтелдерін, атадан балаға жетіп отырған тұрақты сөз тіркестерін, ғасырлар бойы қаймағын бұзбай сақтап келген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды, ұлттық музыкамыз бен бен халық әндерінің сөздерін арқау еткен. Оның жинағы жарыққа шықпай тұрып, ғаламтор беттерінде таралған әңгімелері өз оқырманын тауып, жүрекке жетіп үлгерген. Мысалы, жазушының «Қар суымен кеткен жылқы» дейтін әңгімесі туралы ақын Тоқтарәлі Таңжарық: «Дәл қазіргі уақытта этномәдени тақырыпты сенен асырып жазар жан жоқ шығар! Арқамызды аяздай қаритын сансыз көздің сұғын сезсек те, сезбегенсіп жүретін біз жазғанға не дерсің? Мынау оқып, тамсанып, бас шайқап қоятын емес, ойланатын, үлгі алатын дүние екен!» дейді.
Ұларбек Нұрғалымұлының шығырмашалығының негізгі тіні көркем шығарма - өлең, әңгімелер бола тұра, ол мәдениетану, әдеби сын тақырыптарында қалам тербеп келеді. 2007 жылы Алматыдағы «үш қиян» басапасынан «Керағыс» жыр жинағы жарық көрсе, 2014 жылы ҚР мәдениет және спорт минстірлігінің «әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Болмыс» әдеби сын, сарап кітабы жарық көрген. Әдебиет саласындағы көптеген Республикалық конкурстарда бәйге алып келеді.
Қазақ халқының «қазақтығын», ұлттық болмысын ерекше көрсететін шығармасының бірі - «Болмыс». Бұл туралы ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы мынадай бағасын береді: ««Бармасаң келмесең жат боласың»- демекші, барған келгеннің, қарым-қатынастың пайдасы осы: Ұларбек Нұрғалым бауырыма кездескенімнің нәтижесі ұсынған кітабы «болмыс» қолымда! Толығымен оқып шығып қабат-қабат қалың ойдың астында қалған жайым бар!. . Ұларбек інім жазушы Әкім Таразидың болмысын ашса, Әкім аға қазақтың байырғы нағыз және құбылған замандағы құрдымға кеткен болмысын ашқанекен. Ал, мен оған қоса Ұларбектің болмысын көрдім! Күні кеше Алматыда көз алдымызда студенттік өмірін өткізген ақын Ұларбек, драматург Ұларбек, өнерлі Ұларбек . . . енді міне Сыншы Ұларбек болып кемелденгеніне толық көзім жетті. Көзге көрінетін тұсы жеміс салып жапырағын жая түссе, көрінбейтін тұсы тамырын тереңге жіберіп он баль боранғада былқ етпейтіндей мығымдана түскен екен! Жазушы Әкім Таразидың «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз» сынды екі романын және бес әңгімесін талдаған еңбегінің атын «БОЛМЫС» деп атапты. Дағдылы сыншылардай ізге түсіп формулаға бағыну жоқ, теорияға салып шеңберге тықпалауда жоқ. Соншалықты салмақтылық, еркіндік, ойлылық өн бойынан менмұндалап тұр. Имани руханият пен ұлттық мінез арқылы толғайды. Отыз жылдың алдындағы әралуан пікірге қайнар болған романға оралған сыншы өзгеше жаңалығымен, жан тебірентерлік сезім бояуымен тәнті етті».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz