Туған жерімнің табиғатын таныстыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты
Бағыты: Қазақстанның тарихи тұлғалары мен болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секциясы:Қазақ әдебиеті
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы:М.Мақатаев өлеңдеріндегі туған жер көріністері
Авторы :Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп -интернатының 10 Б сынып оқушысы Сабитбек Ақерке
Жетекшісі: Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп- интернатының тәрбиешісі Каримбаева Г.К
Ғылыми жетекшісі: Шымкент университетінің казак тілі мен әдебиеті кафедрасының Менгерушісі ф.ғ.к., доцент Кожабекова Р.

Аннотация
Мұқағали шығармаларындағы туған жер тақырыбына жазылған өлеңдерін оқи отырып, ақынның атамекен туралы лирикасын талдау-жұмыстың басты мақсаты.Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер белгіленді: -Мұқағали шығармаларындағы туған жер көріністерін сипаттайтын өлеңдерді анықтау; Ерекше дарын иесі ,өз заманының қайталанбас ақыны, елдің есінде ерекше есіммен қалған Мұқағали Мақатаев жас кезінен бастап талай қиындықтарды көрсе де еш мойымай өлең жыр жазуға әуес болған .Алғашқы туындылары он жасынан бастап қағаз бетіне түсе бастаған.Ақын өзінің көптеген туындыларын туған жерге, махаббатқа, табиғатқа арналады.Соның ішінде мен туған жерді сипаттағым келеді.Әр адамның өз туған жері болады.Өте ыстық көрінеді.Туған жер анаң сияқты құшағы кең ,сүйіспеншілігі мол.Әкең секілді қаталдық пен тәрбиелілікке баулитынын түсіндіргісі келді.Сенің шаттыққа толы кездеріңді, балдәурен балалық шағының тәтті кездерін сипаттап ақын өз туындысына жазады.

Аннотация
Главная цель работы-проанализировать лирику поэта о Родине, прочитав его стихи на тему родной земли в произведениях Мукагали.Для выполнения этих целей были поставлены следующие задачи: - выявить в произведениях Мукагали стихи ,характеризующие родную землю; Мукагали Макатаев, обладатель особого таланта, неповторимый поэт своего времени, запомнившийся своей страной, с юных лет увлекался написанием стихов, хотя и видел немало трудностей .Первые произведения стали появляться на бумаге с десяти лет.Многие свои произведения поэт посвящает родной земле, любви, природе.В том числе хочу описать родную землю.У каждого человека будет свое место рождения.Выглядит очень жарко.Как родная земля твоя, объятья широки, любви изобилуют.Хотел объяснить, что он, как и твой отец, прививает строгость и воспитанность.Описывая твои радостные времена , сладкие времена балдауренского детства, поэт пишет свое произведение.

Annotation
The main purpose of the work is to analyze the poet's lyrics about the Motherland by reading his poems on the theme of his native land in the works of Mukagali.To fulfill these goals, the following tasks were set: - to identify poems in Mukagali's works that characterize his native land; Mukagali Makatayev, the owner of a special talent, a unique poet of his time, remembered by his country, was fond of writing poetry from a young age, although he saw many difficulties.The first works began to appear on paper from the age of ten.The poet dedicates many of his works to his native land, love, and nature.In particular, I want to describe my native land.Each person will have their own place of birth.It looks very hot.As your native land, embraces are wide, love abounds.I wanted to explain that he, like your father, instills strictness and good manners.Describing your joyful times, the sweet times of Baldauren childhood, the poet writes his work

ЖОСПАРЫ
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Теориялық бөлім.
2.1 Менің зерттеуім бойынша Мақатаевтің туған жері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2М.Мақатаевтің өлеңдеріндегі туған жер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.3Туған жердің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3-тарау М.Мақатаевтың туған жерімен өз туған жерімді салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3.1 Мен туылған жерімдегі әдемі жерлер мен тарихи маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .
3.2 М.Мақатаевтың зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..
4-тарау М.Мақатаевты қаншалықты туралы сауалнама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Жалпы Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы адам мен табиғат.Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, қас қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектіңжарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады.Мұқағали өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: М.Мақатаев туындыларындағы туған жер тақырыбына жазылған өлеңдерін оқи отырып, оқушыларды отан сүйгіштікке , еліне қызмет етуге , туған жерін құрметтеуге, аялауға шақыру.Туған жер өлеңдерінің мәнін ашып, көріністерін сипаттау.Өз туған жерімнің тамаша табиғатын таныстыру.
Зерттеу обьектісі: Алматы облысы , Нарынқол ауданы,Мақатаев музеиі және Түлкібас ауданы.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: М.Мақатаев мұрасына бұрынғыдан әлде қайда басым жаңаша көз қарастыру.Ақын өлеңдеріндегі туған жер көріністерін зертеу нысанын көрсету.Ақынның туған жеріне деген адалдығын, патриоттылығын , адал сезімін ашып көрсету.Өз туған жерімнін тамаша табиғатын көрсету.
Жұмыстағы өзіндік үлес: М.Мақатаевтың туған жер өлеңдерінің мәнін ашу.Туған жерімнің табиғатын таныстыру.Ақынның баяндаған өшпес табиғатын жаңаша көз қараста қалыптастыру.Туған жердің маңызын көрсету.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Табиғаттың берген сыйы мен ақынның жазған шығармаларын , қастерлеуге, мәселелерді шешуге, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысын іске асырудың негізгі әдістері:
-Іздену ,жинақтау ,өңдеу
-Баяндама даярлау
-Жоғары оқу орындары мен музей қызметкерлеріне мәлімет алуға бару
-Көпшілік әлеуметтік сауалнама,әлеуметтік статистикалық әдісі

Менің зерттеуім бойынша М.Мақатаевтің туған жері
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданы Шалкөде ауылында дүниеге келді.Мақатаев шығармаларындағы басты тақырыптардың бірі туған жер және отан.Туған жер жайлы өлең жазбаған ақындар жоқ шығар .Әр ақын өз туған жерінің тауын, өзенін , құмын табиғатын барынша суреттейді.Өйткені туған жер әр адам ға ыстық.Отан отбасынан басталады деген асыл сөзді аталарымыз жайдан жай айтпаған.Отан сөзінің ауқымы кең.Кезінде осы туған жерімізді,бабаларымыз аттың үстінде,найзаның күшімен қорғап біздерге мұра етіп қалдырғанын бала кезімізден білеміз.Туған жер туралы сазгерлер қаншама ән шығарды.М.Мақатаев туған жері туралы өлең жазарда ерекше шабыттанатын секілді.Мұқағали туған Қарасаз атақты Шалкөде жайлауының аңғарында Елшенбүйрек тауының етегіндегі Қарасудың бойында орналасқан.Мен өз зерттеуімде ақынның туған жеріне барған кезімде ол жердің қарағайлардың арасындағы ұйысқан талдардың,қарақат пен бүлдіргеннің тамаша көрісі
адам тамсандырады. Тарам тарам таулар мен сайлардың қойнауына көз салсаңыз тұнып тұрған сұлулықты көресіз.Оны №=1 суреттен байқай аласыз.Мұқағалидің кіндік қаны тамған бала болып өскен және ержеткен Қарасаз осы маңда.Қарасаздың қазір орны барда өзі жоқ.Дегенмен ескі Қарасазды ұмытуға міндетті емеспіз.Оған көңіл бөліп,көптің қызығып көретін саяхат орнына айналдырсақ қандай тамаша болар еді.Өйткені ақын осы жерде түлеп алыс болашаққа аттанды.М.Мақатаев Қарасазды бейнелеген кезде табиғаты керемет суында неше түрлі құстар балықтар №=1 сурет
балық болғандада жай балық емес патша балығы деп сипаттайды.Ал жазығында балғын көк майса шөп , әр түрлі гүлдер өскен жер.Туған жерінің жайлауын, тастарын, тауларын,суларын тіпті өсіп тұрған қарағайларына дейін жырлаған ақын ол М.Мақатаев болған.Ақын ал қайран Қарасазым ай да қаншама сыр жатыр деп қайтыс боларына бір жарым ай бұрын ғана жазды.Тақырыбының өзі көп нәрсені айтып тұр.Өлеңде туған еліне,жеріне деген керемет сағынышы бар.Туған жерін қайтып көреалмайтын білген адамша жазғанын аңғардық.Осындай мұраны жоғалтып алмаумыз керек.
5

М.Мақатаев өлеңдеріндегі туған жер көріністері
Мұқағалитанудың бұлақ көздері ашылды.Мұқағали туындылары түгенденіп,байыпты зерттелген сайын ақын рухы бізбен тілдескендей болып бізді өзіне тартатыны белгілі,осылайша ақынның рухани өмірі жалғасын таба бермек.Мен өзімнің ғылыми жобамдаақын өлеңдеріндегі туған жер көріністеріне тоқталып, өлеңдерін тақырыптық жағынан жіктеуге тырыстым.
Апырмай туған жерге теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігім байлаған қазығым ай,
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім. Өмір салған жерден осындай бір мазасыз қалыппен, қалған көңілдің сезімін паш ете бастайды.Лирика кейіпкерлері табиғат пен тілдесіп тұрғандай көрінгенімен көңіл күй ауанында өрбіп, жан сезімнің шырылы терең толғанысқа үлеседі.
Біз тұрған тау есімі Елшенбүйрек,
Шыға келсең аспанға еңсең тимек,
Жазда оранып жатады көк торғынға,
Қыста аппақ елтірі сеңсең кимек.
Басқа таудан жырақ бұл Елшенбүйрек,
Мен туған жер Қарасаз баурайдағы,
Жалғанда жер біткеннің бал қаймағы. Осы өлеңнің көркемдік мазмұны мен идеясына зер салатын болсақ бірінші шумақ тек қана баяндау күйінде келіп тұр.Өлеңнің тақырыбы туған жер табиғатының көрінісі.Идея атамекен туған жер табиғатының сұлулығы, көріктілігі, әдемілігін бейнелеу.Мазмұны туған жерге атамекенге деген сүйіспеншілік ыстық ықылас.
Таныс өлке таныс аймақ таныс маң,
Анау жерде құрбыжанмен алысқам.
Анау жерде құрбыжанмен танысқам деген өлең жолдарында ақының туған жерімен кіндігі бір екенін, одан ешқашан тамыр үзбегенін көруге болады.Туған жерінде өткен балалық,жастық, шағының әр сәтін жадында, жүрегінің түбінде берік сақталғанын ақынның оған деген шынайы махаббаты өлең болып өріледі.Өскен жерге деген оның айрықша құрметі мен сағынышқа толы сезімін оқырманы анық сезініп, ақын мен бірге таныстырғандай әсерге бөленеді.

Айналайын! Атамекен! Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен,
Туған өлке тәтті екен ғой! Тәтті екен деген жолдары үлкен жүректің туған өлкесіне деген тебіренісі мен зор махаббатын паш етіп жан сезімін жаып салды. Қандай қазақ іздеп сені тапты екен деген жолдар туған ғана емес ұрпағына сондай жерді, атамекенді қалдырған ата бабаға деген айрықша құрмет сезіміңді оятады.Бұл өлеңдерде ақын мәңгі адамзат тақырыбын жырлады.Ол махабат пен қасыретті жырлап, болмыстың жалғандығы, әлемнің әсемдігі туралы жазды. Әлемнің қай түкпіріне барсаңда, Мұқағали алдыңнан шығады деп Асқар ағамыз айтқандай Мұқағалидің кез келген дүниесі қызықтырады
Бабаларым Рахмет сендерге!
Бабаларым болмасын деп көр кеуде,
Қобызың мен қосып ән мен тіл бердің
Өмірге мен мылқау болып енген де
Сөйле, Моцарт, менің ана тілімде!
Сөйле, Данте менің ана тілімде деп ақын бабаларының ұрпаққа деген өсиет үлгісі өнер арқылы жеткенін, ата бабаның өмірі, салты көшпелі болғанымен рухани болмасы көшпелі болмағанынан кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.Өз халқының мәдениеті терезесін әлемдік мәдениетінің озық үлгілері мен тең суреттеуін ақынның туған еліне сүйіспеншілігі деп білеміз.

Туған жердің маңызы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Аққу көлің аңсайды,
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Адам туған жерің аңсайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сен дүние есігін ашқан сәттен бастап, сенің туған жерің, туған тілің, мәдениетін, ұлттық ерекшеліктерін алдын-ала таңдалып қойылады. Яғни, сенің өмірінің алғашқы кірпіштері қалана бастайды. Расында да, осы сәттен бастап, бізге өмірдің өзі сыйға тартқан киелі де қастерлі жер - туған жеріміз атты ұлы ұғым өмірімізге ене бастайды. Біріншіден, біздің шежіремізді жазған кезде, кейін куәлік жасатқан сәтте, оқуға түскенде т.б уақыттарда осы туған жер ұғымы тарихымыздың көрінісі ретінде сақтала бастайды. Сенің шыққан жерің, яғни туған жерің өзгелерге сенің кім екенінді танытады. Мысалға, ұлы ағартушының, математиктің, әншінің жерінен екен, ұлы даланың баласы сықылды ұғымдар тікелей туған жермен байланыста пайда болған. Оның да өзіндік мағынасы мен ерекшелігі бар. Бұнымен айтпақ ойым, туған жер ол тек сенің туған жерің емес, ол өзге де ұлы адамдардың туған жері, ол магнит секілді өзіне тиесілі адамдарды бір жерге жинайтын күш сықылды. Дәл осы туған жер арқылы сен өз еліңнің тарихын танисың, өзінің болашақ тарихынды қалайсың! Сенің туған жерінде өмір сүрген ұлы адамдарға қарап бой түзейсің, мақтан тұтасың, олар секілді өзіңде үлкен белестерді бағындыруға жігер мен қуат жинайсың. Сенің биік жетістіктерге жетуіне, дұрыс жолға түсуіне, алға қарай нық қадам жасауына туған жер өзіндік үлес қосып, мүмкіндік береді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туған жер анаң сияқты. Құшағы кең, мейірімі мол, жүрегі сүйіспеншілік пен махаббатқа толы. Сенің шаттыққа толы кездерінді, балдаурен балалық шағының жарқын күндерін сыйлайтын ыстық сезімге толы жер. Бұл жерде өткізген әр сәтін саған қуаныш сыйлайды. Ия, туған жер әр түрлі болады. Мысалы, ауылдық жер, таулы, үстіртті, теңіз жағасындағы қала т.б көптеген жерлер басқа біреу үшін туған жер болмақ. Біз оны таңдай алмаймыз. Керісінше, туған жер бізді таңдайды. Сенің басқа қалада дүние есігін ашып, өзге қалада ер жетіп, білім алып өсуін мүмкін. Сол сияқты басқа жерде демалуын, жұмыс жасауын, білім алуын ықтимал, алайда өз туған жерін өзге жерлермен теңесе алмас. Себебі, ол сені таңдады, сен туған жерден кетсең де, ол сені тастап кетпейді.

М.Мақатаевтің туылған жерімен өз туылған жерімді салыстыру
Әр адамға өзінің туып өскен жері, кіндік қаны тамып, балалық шағының аспаны болған жері өте ыстық. Мұқағали жырлаған тамаша табиғаты біздің өмірде табылатыны сөзсіз.Менің туылған жерім Түлкібас.Ақын өз өлеңдерінде тарым-тарым таулары мен сыңғырлап аққан бұлағын тіпті әр тасына дейін киелі қылып көрсетеді.М.Мақатаевтің туылған жері мен өз туылған жерімді салыстыра аламын.Түлкібасты ең алғаш көрген №=2 адамның бәрі Асанқайғының іздеген жерұйығы осы емес пе? деген ой келеді.Түлкібас өңірі-табиғаты бай, қазыналы өлке.Бұл жайлы біз Түлкібасқа барған сапарымызда көзіміз жетті.Оны №=2 суреттен байқай аламыз.Тарихы бай, тамаша Түлкібас өңірінің абыройын асқақтатын көрнекі тұлғамыздың бірі Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай Түлкібасы - тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер деп айтуымен дәлелдей аламын.Сондай ақ әлемге әйгілі қызғалдақтар мекені дәл осы жер. Бүгінде грейг қызғалдағы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Табиғат жанашырлары қызғалдақтың жойылып кету қаупі бар екенін айтып, жиі мәселе көтеріп жүр. Жылына бір-ақ рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар көктем келіп, тіршілік жаңарған тұста бүкіл алқапты қызыл кілемге орандырады. Қызғалдақпен көмкерілген төбешіктер көрген жұртты да есінен тандырады. Бұл Қызғалдақтың да тарихы қызық. Жергілікті жұрт жиі айтатын аңыз-әңгіменің бірі - жаугершілік замандарда бабаларымыздың қаны тамған жерге кейін қып-қызыл қызғалдақтар жайқалып шыққан деседі. Қан майданда төгілген қызғылт дақтар қызғалдаққа айналыпты. Әр аңыздың түбірінде бір ақиқат болады. Кім білсін, мүмкін қызғалдақтар бабаларымыздың қан майдандағы ерлігін паш ететін бір белгі шығар?!.Тағы бір айтарым

Қызғалдақтар қиырда құлпырады,
Кең даланы жұпарға толтырады .-демекші тағы бір әңгімеге сүйенсек ерте заманда Голландия елінен қазақ даласына сапарлап, бір жиһанкез келіпті. Ол ұлан-байтақ жеріміздің кеңдігіне көз салып, тұмса табиғатына тамсанып келе жатқан жерінен қызылды-жасылды қызғалдақтарға кез болған. Көрген көздің жауын аларлық бұл сұлулыққа ерекше тамсанған шетелдік саяхатшы жанындағы жергілікті адамға қызғалдақты өзіне сатуын сұрапты. Оған жанындағы жол көрсетер серігі қонақтың меселін қайтармай, қолына бір түп қызғалдақ пен сарғалдақты ұстатқан екен. Содан бері қызғалдақ - Голландия мен Нидерланды елдеріне кең таралып әлемдік гүл сатудан алдыңғы қатарлы дәрежеге шыққан.Бұл қызғалдақтың түп тамыры біздің ел екенін көрсетеді. Бұл қаншама ғасыр өтсе де, бүтін Еуропаны таңдай қақтырып, сүйсіндірген Қазақ халқы әрдайым дала сұлулығына көз суарып өмір сүрді. Себебі қазақ даласын гүлсіз елестету мүмкін емес еді. Хош иісі кеңсірігіңді жаратын дала гүлдері қазақ қайда көшсе де айналасын қоршап тұрды. Гүлдің адам өмірімен тығыз байланысты екені айтпаса да түсінікті. Табиғат пен адамды бөліп жаруға болмайды. Екеуі егіз жаратылыс. Олар өзара үйлесімде өмір сүргенде ғана жер бетінде жақсылық, көктемнің хабаршысындай болған қызғалдақ гүлінің тарихи отаны Түлкібас екенін айта аламын екенінін айта аламын.М.Мақатаев атамыздың Ағынын өзен асқар тау гүлін сүйем-дегеніндей өз жерімнің гүлін мақтана аларлықтай айта аламын.

Мен туылған жердегі әдемі жерлер мен оның тарихи маңызы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ордасы өркен жайған өнегенің, Түлкібас-жер жәннаты, туған жерім. Мекені Тұрардай ер алыптың, Тұраның жүрегінде тұр-ау белің.-Бізге берілген сыйлықтың бірі ол табиғат.Табиғат ол сұлулығына қарасаң тоймайтын, бергеніне ақы сұрамайтын шексіз сұлулыққа ие тылсым күш. Ұлы Жібек жолының бойында Алатаудың Қаратаумен қауышқан тұсында орналасқан. Түлкібас ауданы - табиғаты көрікті, берекелі өңір.Мұндағы ауыл аймақтардың, өңір.Мұндағы ауыл аймақтардың, өзен сулардың атауларына атауларына байланысты тарихи деректер мол.Тарихи ескерткіштерге толы аймақтың танымдық ерекшеліктері де жетерлік.Түлкібас ауданын бүкіл әлемге паш ете отырып Ақсу Жабағылы ұлттық қорығын .Жер жәннаты-Майлыкент өңірінің әр елді мекендеріндегі кәрі тарихтың куәлары: таулары мен құздары, қыраттары мен жоталары, өзендері мен бұлақтары түрлі түсті әсем дүниелерін көрсетеміз. Туған өлкеміздің бір әдемі шұрайлы жеріне қоныс тепкен, атақты Ақсу жабағлы қорығын айтсам болады. Ақсу-Жабағлы қорығы - Орта Азия аумағындағы ең көне және үлкен қорықтардың бірі. Оған бару арқылы сіз басқа жерде табылмайтын жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерімен таныса аласыз.
Ол Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы тауларында
орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы-131,934 га.
қорық өте ескі, ол 1926 жылдың 14 шілдесінде
құрылған. Бүгінде қорық мемлекет қорғауында
және заңмен қорғалады.Ақсуым арымдай- Жабағылым жанымдай дей отыра ақсуға келген адамның тартынбай кетпейтіні анық.Кез келген келген туристің кірмей кетпейтіні анық. Тау жоталарымен және төменгі белдеумен, жаяу, автомобиль және атпен жүру бағыттары.Жолдың бір бөлігі таудың аласа таулы далаларымен, Жетымсайдың төменгі жағалауымен өтеді.Сүрлеу жолында өзен жағалауы тоғайларын (тал, итмұрын, үшқат тб) көруге болады. Ары қарай сүрлеу
жолында Грейг және Кауфман қызғалдақтарын, Заравшан аршасын, Колпаковский Иродиктиумын көреміз. №=5 сурет
Сүрлеу жолында таутекені, Тянь - Шань қоңыр аюын,
елікті кездестіруге болады. Оны №=4; 5 6 суреттерден
№=6 сурет
көре аласыз. Экскурия Ақсудың оң - жағалауының
кордонынан басталып, Ақсу өзеніндегі көпіріне дейін
барады. Бағыт таудаған, арша ағаштары арасынан өтеді.
Сүрлеу жолында Грейг және Кауфман қызғалдақтары,
Регел Эремурусы өседі. Құз шатқалдың оң жағалауында
құз қарлығаштарын бақылауға болады. Жыртқыш
құстардан - бүркіт, жылан жегіш қыран, күйкентай,
Экскурия Ақсудың оң - жағалауының кордонынан басталып, Ақсу өзеніндегі көпіріне дейін барады. Бағыт таудаған, арша ағаштары арасынан өтеді. Сүрлеу жолында Грейг және Кауфман қызғалдақтары, Регел Эремурусы өседі. Құз шатқалдың оң жағалауында құз қарлығаштарын бақылауға болады. Жыртқыш құстардан - бүркіт, жылан жегіш қыран, күйкентай, тілеміш, жұртшы, ақбас құмай, тазқара, ителгіні көруге болады. тілеміш, жұртшы, ақбас құмай, тазқара, ителгіні көрдік.
Түлегің түрлеген Түлкібас.Ақсу Жабағылыдай жер жәннаты Түлкібас ауданы қай жер ұйығымен де бой салыстыра алатын жасыл өлке.Асқар шыңдары аспанға қол созып сәлемдесіп тұрған тауда осында.Табиғаттың аялы пейілінен жаралғандай шипалы өсімдіктерде осында.Бәрі осында қолымызда бәрі бар тек айтарым; жылаудың уақыты өтті.Қазір еңбектің заманы табиғатымыз үшін бәріміз ат салысайық.

Екінші бізде Түлкібас әулиені айтсақ болады
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұл әулие бізде суы минералға толы су болып келеді. Бұл әулие бастауы біздің ата-бабаларымыз ежелден пайдаланып келе жатқан киелі, қасиетті суы. Ауыл тұрғындары бастауды тазартып,қорғап тұрады.Әр қайсысының емдік қасиеттері бар. Бұл атау Батыс Түркі хандығына бол байланысты шыққан. Естемес хан шамамен 556 жылы сол кездегі Екітау аталған тауға яғни Түркібасы тауына шатырын тігіп, оның етегіне ордасын орналастырып, қала салған. Алыстан күмбезді сағана көзге шалынады. Сағанаға зиярат етушілер баспалдақ арқылы көтеріледі. Баспалдақтың жалпы саны- 688. Жоғары көтеріліп 196 баспалдаққа жеткен соң, оң қанатта бұлақ суы бар. Бұлақ суы ешқайда ақпайды, көлшік болып тұрады.Өте әдемі көріністерде бұрылмай кете алмайсың.Оны мына суреттерден байқаса болады. Сөз басында Шерхан Мұртазаны тектен-тек мысалға келтірген жоқпыз. Шерағаңның: Парижде болдым - Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым - Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкістан, Иран бардым - олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕКІНШІ СЫНЫП АТАМҰРА ЖӘНЕ АЛМАТЫКІТАП БАСПАЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
Туған жерім тұғырым
СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Каспий өңірінің экологиялық мәселелері
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Пейзаждың суретін салу әдісі
Жаңа үлгідегі Корей поэзиясының дамуы
Жеті атаны білу - ұрпақтың қайта жаңғыруын көздейді
Пәндер