Санитарлық сараптаманың міндеті


Гигиена жане эпидемиология кафедрасы
Реферат
Тақырып: Тағам өнімдеріне гигиеналық сарапта-ма жүргізу әдістемесі. Тағам және консерві өнімдерінің тағамдық құндылығы
Орындаған: Алкарова З
Тобы: ЖМҚА-302А
Қабылдаған:Ескерова С. Ө
Шымкент, 2022 жыл
Жоспар
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
Гигиеналық сараптаудың міндеті . . . 3
Санитарлық сараптаманың міндеті . . . 4
Жоспарлы гигиеналық сараптама жане оның
нақты мақсаттары . . . 4
Жоспардан тыс гигиеналық сараптама . . . 5
Қорытынды . . . 8
Әдебиеттер . . . 9
Кіріспе
Тағамдық азықтарға сараптама жүргізудің құқығы мен міндеттері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық - эпидемиологиялық мекемелеріне жүктелген.
Санитарлық - эпидемиологиялық қызмет мекемелеріне өзі қызмет көрсететін аймақтағы министрліктер мен ведомстволарға мекемелер мен кәсіпорындарға, сонымен қатар заңды тұлғалар мен жеке адамдарға санитарлық - сауықтыру және эпидемияға қарсы шараларды мерзімі көрсетілген уақытта жүргізуге, қажет болған жағдайда санитарлық - эпидемиологиялық бағыттағы ғылыми - зерттеу мекемелері мен зертханаларға гигиеналық сараптама жүргізуді жүктеуге, адамдарға пайдалануға болмайтын тағамдық азықтарды жою, қайта өңдеу немесе басқа мақсатқа пайдалану жөнінде қаулы шығаруға құқық берілген.
Республиканың, облыстың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерлері мен олардың орынбасарлары, қалалар мен аудандардың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерлері, бассейндердің, айлақтар (порт) мен су транспортының бас санитарлық дәрігерлеріне, сонымен бірге санитарлық дәрігерлер мен олардың көмекшілеріне, санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің лаборанттарына тағамдық азықтарды, өнімдерді, заттар мен материалдарды зертханалық зерттеуге алуға, тағамдық азықтардан сынамалар алуға құқық берілген.
Гигиеналық сараптаудың міндеті
Тағамдық азықтарды гигиеналық сараптаудың мақсаты азық - түліктердің адам денсаулығына қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығын сипаттайтын қасиеттерін анықтау, яғни гигиеналық тұрғыдан бағалау.
Гигиеналық сараптаудың алға қойған мақсаттары әртүрлі және әрбір жағдайда санитарлық - эпидемиологиялық қызмет мекемелерінің алдына қойған міндеттеріне байланысты азық - түлік партиясының құжаттарымен, өндірісті санитарлық зерттеу актысымен және т. б. алдын ала танысуымен анықталады.
Санитарлық сараптаманың міндеті:
- Азық-түліктің органолептикалық қасиеттерінің өзгеруін, оның сипатын;
- Азық-түліктің химиялық құрамының ауытқуын;
- Бактериологиялық тұрғыдан ластану дәрежесі мен микрофлораның сипатын;
- Пестицидтердің, тағамдық қоспалардың, зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілген мөлшерден қаншалықты жоғары екендігін немесе азық-түліктегі табиғи мөлшерін;
- Зарарланған (инфицированный) өнім арқылы жұқпалы ауру қоздырғыштарының берілу мүмкіндігін;
- Кәсіпорындардағы өндіріс жағдайы мен санитарлық тәртібін, азық - түлікті тасымалдау, сақтау және сату барысындағы кемшіліктер нәтижесінде органолептикалық қасиеттерінің, химиялық құрамының, бактериологиялық ластану дәрежесін анықтау;
Гигиеналық сараптау қорытындысы бойынша келесі сұрақтар шешімін табуы тиіс. Осы тағамдық азық - түлік партиясын пайдалануға бола ма және оны қандай жағдайда таратуға, сатуға (жалпы негізде, жылулық өңдеуден соң, кулинарлық өңдеуден кейін және т. б. ) болатындығын айқындау.
Азық - түлік жеуге жарамсыз және ветеринарлық қызмет жануарларға азық ретінде қолдануға рұқсат бермеген жағдайда сарапшы оны техникалық қайта өңдеу немесе жою туралы ұсыныс білдіреді.
Гигиеналық сараптама санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің жұмысы бойынша жоспарлы және ерекше эпидемиологиялық көрсеткіштер немесе арбитраждық тәртіп бойынша жоспардан тыс жүргізіледі.
Жоспарлы гигиеналық сараптама. Жоспарлы гигиеналық сараптама бақылауға алынған нысандарда сақтық және ағымдағы санитарлық қадағалау түрінде зертхананық күнтізбелік кестесіне сәйкес азық - түліктің сапасын гигиеналық маңызы бар (органолептикалық, физико - химиялық және бактериологиялық) көрсеткіштері бойынша жүргізеді. Осы мақсатта тағам өндіретін мекемелерде, сату нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарында зертханалық зерттеу үшін азық - түліктерден сынамалар алу жоспарланған.
Жоспарлы гигиеналық сараптаудың нақты мақсаттарына:
- Тағамдық азықтарды өндіретін мекемелердің өнімдерінің гигиеналық талаптарға сәйкестігін бақылау;
- Тағамдық азықтарды өңдеуге, туып-түюге, тасымалдауға және сақтауға арналған заттар мен ыдыстардың гигиеналық талаптарға сәйкестігін бақылау;
- Азық-түліктегі қалдық пестицидтердің белгіленген мөлшерден артып кетпеуін қадағалау;
- Тағамдық азық - түліктерді дайындау барысында қолданылатын рұқсат етілген тағамдық қоспалардың пайдаланылуын қадағалау.
Гигиеналық сараптауды жоспарлау жұмыстары келесі бағытта жүргізілуі тиіс:
- Тез бұрылатын (сүт өнімдері, қайнатылған шұжық өнімдері, кремді кондитерлік өнімдер, кулинарлық өнімдер және т. б. ) азық - түліктердің сапасын эпидемиялық маңыздылығына орай бақылауға алу. Гигиеналық зерттеулер жылумен өңдеудің сапасына, бактериологиялық көрсеткіштерді анықтауға, сонымен бірге денсаулыққа кері әсерін тигізетін физико - химиялық көрсеткіштерді анықтауға бағытталуы тиіс.
- Жаңа шығарылатын азық - түліктер мен өнімдерге, тағамдық азық - түліктермен жанасатын, олардың сапасына әсерін тигізетін өнімдер мен қондырғыларға арналған жаңа материалдарды бақылау.
- Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен келісілген азық - түліктің рецептураға сәйкестігін, мысалы, кулинарлық өнімдер мен азық - түліктерге дәрумендер қосу (бекітілген рецептураға дәрумендер мөлшерінің сәйкестігі) дәрежесін бақылау.
- Пестицидтердің қалдық мөлшерін, ауыр металдардың, антибиотиктердің, зиянды қоспалар мен тағамдық қоспалардың (консерванттар, бояғыш заттар және т. б. ) мөлшерін бақылау.
- Балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелер, оқу орындарындағы, емдеу - профилактикалық және сауықтыру мекемелерінің ас блоктарындағы, сауықтыру мекемелеріндегі қоғамдық тамақтану орындарындағы дайын тағамдардың сапасына бақылау жасау.
Санитарлық - эпидемиологиялық стансалардың зертханаларында мұндай зерттеулерді жүргізуге жоғарғы инстанцияның тапсырмасымен немесе кей жағдайларда бақылаушы мекеменің өтініші бойынша санитарлық - эпидемиологиялық стансаның қызметкерлері нақты тамақтануды зерттеген соң мүмкіндік туады.
Жоспардан тыс гигиеналық сараптама. Жоспардан тыс гигиеналық сараптама азық-түліктердің гигиеналық тұрғыдан алғанда сапасы күмән келтірсе немесе қауіпті болса, әртүрлі мекемелер мен ведомстволардың өтініші бойынша санитарлық - эпидемиологиялық қызмет келесі бағыттарда жүргізеді:
- Арнайы санитарлық - эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша:Тұрғындар арасында тағамдық улану немесе оған күдік туса, жедел ішек аурулары тіркелсе; Азық - түлік бактериалды, химиялық және механикалық ластанып, тұтынушының денсаулығына қауіп төндірсе (азық-түлікті өндіру, тасымалдау, сақтау, сату барысында санитарлық - гигиеналық талаптар сақталмаса, сонымен бірге технологиялық үрдістің, рецептураның, пестицидтерді қолдану регламентінің және т. б. бұзылғандығы жөнінде хабар түскен жағдайда) ;
- Арбитраждық тәртіп бойынша жоғарғы инстанциялық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тапсырысымен, сонымен қатар төменгі инстанциядағы санитарлық - эпидемиологиялық станса мен шаруашылық мекемелері арасында келіспеушілік болған жағдайда жүргізіледі.
- Егер сараптама жүргізу санитарлық дәрігердің құзырында болса, басшы органдардың тапсырысымен, бақылаушы органдардың (халықтық бақылау және т. б. ) өтінішімен, сот және тергеу мекемелерінің тапсырмасымен жүргізіледі.
- Гигиеналық тұрғыдан маңызды көрсеткіштері бойынша азық-түліктің сапасын бағалауда келіспеушілік туындаса шаруашылық мекемелерінің жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.
- Егер өнім өндіруші мекемеде әрдайым азық-түлікті бақылайтын өндірістік зертхана болмаған жағдайда, жоспардан тыс зертханалық зерттеу санитарлық - эпидемиологиялық стансаның зертханаларына ақылы түрде белгіленген тәртіпке сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
«Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағына берілді.
ОҚО аумағында
келесі орталықтар бар:
- "Түркiстан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Арыс қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Кентау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Бәйдiбек ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Қазығұрт ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Мақтаарал ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Ордабасы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Отырар ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Сайрам ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Сарыағаш ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Созақ ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Төле би ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы",
- "Түлкiбас ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы"
- "Шардара ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы".
СЭСО мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz