Бруцеллездің алдын алу
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бруцеллез патоморфологиясы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.Бруцеллез ауруына сипаттама
1.1 Бруцеллез қоздырғыштарының морфологиялық және биологиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Бруцеллезді анықтау және аурудың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2. Бруцеллез потоморфологиясы
2.1 Бруцеллалардың патогендік қаситетері және бруцеллездың патогенезі...21
2.2 Бруцеллездің қоздырушысы және оған қолданылатын емдік шаралар ... .22
2.3 Патологоанатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.Жарып - сою хаттамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..34
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ел басының Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауында және ауылды көтеру мәселесіне байланысты мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының оның ішінде ауылдық жағдайын жақсарту мәселесі айрықша атап көрсетілген.
Бұл мақсаттарды табысты атқару үшін, ең алдымен ауылшаруашылығындағы мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді (ет, сүт, жүн, жұмыртқа т.б) мейлінше көбірек өндіру қажет. Бірақта аталған проблемаларды жүзеге асыру оңай шаруа емес екені белгілі. өйткені басқаны айтпағанда мына малдардың арасында кездесіп, өлім-жетімге және де басқа қыруар шығынға әкеліп соқтыратынәртүрлі жұқпалы аурулар үлкен бөгет болып келеді. Бұрыннанда әсіресе соңғы жылдары төрт түлік малдардың арасында жұқпалы бруцеллез ауруы өте қауіпті малдан малға және малдан адамдарға жұғатын індет болғандықтан, бұл ауруға шалдыққан малдар арнайы нұсқаулар бойынша арнайы малдәрігерлік санитарлық тәртіпті сақтай отырып көзі жойылады.
Қазақстанда малдардың бруцеллез ауруының эпизоотологиясы, шығу көздері, аурудың белгілері, қоздырғышның биологиясы, ауруды анықтап балау жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде бірқатар ғылыми тәжірибелік жұмыстар атқарылғаны белгілі. Соған қарамастан бұл ауру малдәрігерлік ғылымы мен өндірістің әлі де болса толық шешімін таппаған мәселеге айналып отыр.
Бруцеллез зооантропоноздық ауру болғандықтан, ол біздің елімізде үлкен әлеуметтік - экономикалық мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанда бруцеллезбен ауыратын адамдар мен жануарлар саны бұрынғы одақ және ТМД елдерімен салыстырғанда алғашқы орындардың бірін алып отыр.
Бруцеллез нозеареалы әр қилы, шаруашылықтың экономикалық, табиғи-географиялық жағдайына, халықтың тұрмысы және арнайы ветеринариялық шаралардың жүргізілу деңгейіне байланысты болып келеді.
Адамдардың негізгі бруцеллезжұқтыру көзі жануарлар болып табылатын балғандықтан, бруцеллезбен күресу шаралары өте жоғары дәрежеде және тиімді болуы керек.
Республика аумағында ауыл шаруашылық малдар арасындағы бруцеллез індетінің таралуы әлі күнге дейін әр жылы әр түрлі дәрежеде, көбіне бруцеллезге қарсы арнайы шаралардың орындалуына да байланысты болып келеді.
Брцyеллез қазіргі кездe адамдaр мeн жaнуарлардың өте күрделі ауруы екендігі дәлелденіп, оны жою үлкен экономикалық және әлеуметтік мәселеге айналып отыр.
Бруцеллeзбен күрeс шараларының тиімдi бoлу үшін, олар міндетті түрде ғылымның жетістіктеріне негізделуі қажет.
Бүгінгi таңдa індеттi ауруларғa қарсы белсенді иммундеу заттарын ойластырудың екі жолыбар. Олардың бірі - тірі, ал екіншісі - экологиялық жағынан қауіп төндірмейтін өлі вакцина қолдану.
Бруцеллезбeн күрeс шapаларының тиімдіболуы ең бірінші бұл індетті дер кезінде әрі нақты балауға да байланысты.
Оcы күнгe дейін қoлданып келген бруцеллезді дифференциалды балау, дауалау әдістері әлі де қанағаттандарарлық дәрежеде емес. өйткені соңғы уақытта кең таралған мал өсіру технолгиясы (жекелеген шаруа қожалықтары, жеке меншік үлесіндегі малдар) бруцеллезді балау, дауалау және онымен күрес шараларын сәйкесінше, өзгеше жүргізуді қажет етеді.
Coңғы бесжылдықта жыл сайын Қазақстанда бруцеллезге шалдыққан адамдар саны 3000-нан кем емес, эпидемиологиялық жағдай әсіресе республикамыздың оңтүстік аймағында күрделі болып отыр. Бұл фактілер ветеринария және медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қaзіргі кeзде вeтеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі шаруашылықтарды бруцеллез індетінен толықтай сауықтыруды қамтамасыз ете алмай отыр.
Aйтылғандарды ескере отырып жүргізілген, осы ғылыми зерттеу жұмыстарында жануарлар бруцеллезін дифференциалдық балау, дауалау және оған қарсы жүргізілетін арнайы шараларды жетілдіру мен нәтижелерін өндіріске енгізу мәселелері алға қойылады.
Зерттеу мақсаты: бруцеллез ауруын және бруцеллез қоздырушыларының морфологиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу, бруцеллезды балау әдістерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
Бруцеллез ауруына сипаттама беру;
Бруцеллез қоздырғыштарының морфологиялық және биологиялық қасиеттерін анықтау;
Бруцеллалардың патогендік қаситетері және бруцеллездың патогенезі.
Бруцеллезға қарсы иммунитеттің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Бруцеллез сарып аталып кетті. Бұл пікірді жақтаушылар ертеде осылай аталған дейді. Шындығында бруцеллез Қазақстанда 1930 жылдардан кейін ғана тіркелді. Сарып - малдың тұяғының зақымданып, ақсауы арқылы байқалатын ауру. Бұл - некробактериоз бен аусылдың сирақтағы түрі. Қырғыз тілінде аусылды шарып деп айтады.
Д.Брюс (1877) оның қоздырушысын бөлігі алып Micrococcus melitensis деп атады. Бұлар ағылшын ғалымдары еді. Даниялық ветеринария дәрігерлері В. Банг және Стрибольт (1896) ауру қоздырушысын іш тасталынған бұзаудан, ал американдық Траум (1914) тасталынған торайдан бөліп алды. Бұл микробтар 1918-1920 жылдар аралығында бір туыстастыққа біріктіріліп, Брюстің құрметіне Бруцеллалар деп аталған. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында бруцеллез ауылшаруашылық маддардың арасында барлық жерде де кеңінен тарады. Қазақстанға бұл ауру Еуропалық өлкелерден келді, оны алғаш рет 30-жылдары Семей облысында Тасбұлақ деген жерде ветеринария дэрігері Тевельский анықтады.
Конопаткин А.А-ның (1984) мәліметіне сүйенсек бруцеллез brucellosis-аналықтардың іш тастауымен, шу түспеуімен, эндометриттермен, еркектерінің жиірек симптомсыз өтетін орхиттарымен сипатталатын малдардың созылмалы ауруы.
Бруцеллез жер шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек кездесетін Африка, Орталық және Оңтустік Америкада. Азия мен Европаның кей елдерінде.
Қоздырғыш. Brucello тусының 6 турі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus, Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық бруцеллалар полиморфты, (0,6-1,5*0,5-0,7 мкм). Микробтар қозғалмайды, анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула түзеді.
Бруцеллалардың физикалық жэне химиялық факторларға төзімділігі жоғары емес. 60 С-да 30 минутта70 С-да 5-10 минутта, 90-100 С-та бірден өледі. Ашылған және салқын сутте, қаймақта микроб 4-7 кунге дейін сақталады, киімде - 14 кун, ірімшік,май, тұздалган теріде - 67 кун, тұздалған етте - 3 айға дейін сақталады. Топырақта, суда, ірі азықта - 4 айға дейін өміршендігін сақтайалады. Шіріген материалда микроб тез жойыла бастайды. Тіке тускен кун саулесі 3-4 сағатта, креомин, фенол, формацильдегид (1%) ерітінділері бір сағатта, 5%-к жана сөндірілген әк - 2 сағатта өлтіреді.
Індеттік ерекшілктері. (Сайдулдин Т. 1999) мәліметі бойынша бұл аурудың табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қыздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай жануарлар марана мен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қыздурышы микроб сонымен қатар сутпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді. Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сакаталып, оқтын-оқтын сутпен бөлініп тұрады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан суарганда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шолдыққан малдардың шуымен не тастанды төлемін жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.
Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға шалдығу мумкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы мумкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байкалмайды, ал шеттен мал косканда індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын аурған малдарды қоса қамтып, тастау қайтадан қаулауы мумкін. Малды аралстыру індетті өршетіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағып куткенде ветеринарлық- санитарлық талаптарды дұрыс орындамау, сотының нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау, дезинфекцияны ретті турде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.
И.А. Тарасовтың (1937) мәліметі бойынша Br. Melitensis - жоғары вирусенттіштамының 50 мың бруцелласының 10-ы қойларда тек лимфа туіндерінің аймақтық инфекциялануын тудырды, ал 100 мың доза-генерализденген инфекциялануын тудырды. Бұдан мынадай қорытынды жасалды: салыстармалы түрде қойлар бруцеллез инфекциясына төзімді және олардың кілегеі қабығы мен тері арқылы зарарлануы үшін бруцеллалардың көп мөлшері керек.
Еліміздің әр түрлі мекемелерінде бруцеллалардың вируленті штаммдарын титрлеген кезде Br.melitensis штаммынын конъюктиваішілік және тері астына егіп жұктырудағы салыстырмалы шамамен орташа көрсеткішінің 25 тен 100 мың микроб денесі екенін анықтады (М.М. Иванов, Е.С. Орлов) Бұл жағдайда белгілі уақыттан кеін қанда спецификалық антидене тудыратын, аз уакытты бактериена және жануар ағзасының бөлек органдары мен ұлпаларына қоздырғыштың енуін тудыратын бруцелла дозасы айтылған.
Қайдағы сияқты сиырда да Br. Abortus-қа төзімділік бар. Бұл жануар үшін орташа зарарлану дозасы көздің кілегейлі қабығына ендірілген 10 нан 100 млн. Микробды денеге жетеді. (М.М. Иванов,Е.С. Орлов және басқалары). Қолдан зарарлаған кезде қыздыргыш дозасымен инкубациялық кезеңнің ұзақтығы анықталады. Бірақ ол үшін группадағы жануарлардың массасы мен жасы бірдей болулары керек.
А.Зильбер (1958) латентті микроблоздың қалпы, яғни ағзада қоздырғыш тіршілік ете тұра, ана органдарын зарарламауы, адам мен жануарлардың әртүрлі инфекциялық ауруларының біліну қалпы екенін естен шығармау қажет.
А.Триленко (1956),Плане (Plomet, 1971) және басқа авторлар көрсетуінше, инфекция көзі болып қалыпты бұзалау кезіндегі бруцелла бөлетін сиырлар да жатады.
Бұдан шығатын қорытынды, бруцелла инфекциясының ең кішкене аз деген көзінің өзі қауіпті, себебі бұл ошақтан жануар анасына әлсін-әлсін ең минимальды дозасының енуінің өзі инфекция активизациясына және клиникалық бруцеллезге әкеліп соғуы мүмкін.
Соңғы кезде Қазақстанда ашылған (Т.Сайдулдин, 1972) конглютининдеуші кешенді байланыстыру реакциясы (ККБР) немесе Сайдулдин реакциясы (СР) практикаға енгізіле бастады. Жалпы індеттік жағдайды бақылау үшін сүтпен қойылатын шығыршық реакциясын (ШР) пайдалануға болады. Аллергиялық тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдерінде нәтижелі деп есептеледі. Бұл үшін бруцеллин аллергені пайдаланылады. Оны тері ішіне және тері астына (көздің астыңғы қабағына) жібереді. Бірақ, аллергиялық әдістің сезімталдығы серологиялық реакциялардан төмен. Бруцеллезді анықтау үшін оны басқа аурулардан ажыратып балау керек. Әсіресе малдың іш тастауына әкеп соқтыратын кампилобактериоз, трихомоноз, лептоспироз, жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпайтын аурулардан ажырату керек.
Банг 1906 ж қой мен сиырға бруцеллезге қарсы қоздырушы микробтың тірі және өлтірілген өсіндісін егіп, өлі микробтың иммундық қасиетінің төмен болатындығын анықтады.
Американдық ғалым J, Buck (1930) ұзақ уақыт қоректік ортада өсіру арқылы уыттылығы төмен В. abortus 19-шгамын алып, оны вакцина ретінде ұсынды. Бұл бруцеллезге қарсы колданылған вакциналардың ішіндегі дүниежүзінде ең көп қолданылғаны. Оның артықщылықтары - қасиеттерінің тұрақтылығы және иммуногендігінің күштілігі, сонымен қатар кемшілігі - егілген жануардың организмінде антидене ұзак уақыт сақталады да, серологиялық эдіспен тексергенде нағыз аурудан ажырагу мүмкін болмайды.
К.М.Салмаков (1960) В, abortus қоздырушысының №82 штаммынан вакцина даярлады. Бұл штамм диссоциацияланған микроб болғандықтан оның құрамында S- және R- варианттары бірдей кездеседі. Ұзақ уақыт бойы S-антигенді 19 штамм вакцинасын пайдаланғанда S-антиденелердің әсерінен S-формадағы бруцеллалар індет ошағында тежеле бастайды да, R-формадағы бруцеллалар сақталып қалады. Бұл вакцинаның тағы бір артықшылығы егілген малда антиденелер ұзақ уақыт сақталмайды да, бруделлезге серологиялық тексеруге мүмкіндік туады. Бірақ бұл штаммның иммуногендігі 19-штаммнан төменірек және диссоциант болғандықтан қасиеттерінің тұрақтылығы төмен. Тағы бір кемшілігі сиырды буаз кезінде ексе іш тастауы мүмкін.
Мексикада 1953 ж. Хельберг пен Эльберг В.melitensis -өсіндісінен стрептомициңге тәуелді Rev-І. мутантын бөліп алды. Қазіргі уақытта ол вакцина ретінде қойды бруцеллез бен жұқпалы эпидидимитке егу үшін кеңінен колданылады.

А.Триленко (1956),Плане (Plomet, 1971) және басқа авторлар көрсетуінше, инфекция көзі болып қалыпты бұзалау кезіндегі бруцелла бөлетін сиырлар да жатады. Бұдан шығатын қорытынды, бруцелла инфекциясының ең кішкене аз деген көзінің өзі қауіпті, себебі бұл ошақтан жануар анасына әлсін-әлсін ең минимальды дозасының енуінің өзі инфекция активизациясына және клиникалық бруцеллезге әкеліп соғуы мүмкін. (Трипенко А.,1976)
1.Бруцеллез ауруына сипаттама
1.1 Бруцеллез қоздырғыштарының морфологиялық
және биологиялық қасиеттері
Бруцелла бацилласы табиға ортаға өте төзімді, топырақта, қида, жемде, суда 4 айға дейін өмір сүріп өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін толықтай сақтай алады, тек қана жоғары температураға төзімсіз, 90-100 градусқа қайнатқанда сол бойда өледі. Адамдарға бруцеллез ауру малдарды күткенде, жемдегенде, олардың қораларын тазалағанда шаң-тозаң арқылы тыныс жолдарымен, тері арқылы әсіресе, қолдағы уақ жарықтармен ерін, көз кілегей қабық-тарына түскен бациллалар ауруды шапшаң қоздыра алады.
Ауру малдардың өнімдерін дұрыс қайнатпай тамаққа пайдаланғанда адамға жұғады.
Бруцелла бацилласы ауру малдың сүті, дәреті, сілекейімен, терімен бөлініп сыртқы қоршаған ортаны ластайды, сондықтан малдың жүнін қырыққан уақытта да немесе оны жинап басқа да әртүрлі өңдеу жұмыстарын жүргізген уақытта да ауру жұқтырады.
Жыл ішінде әсіресе, наурыз, сәуір айларында мал төлдейтін уақытта ауру малдар іш тастайды және әлсіз ауру малдар өздігінен төлдей алмай адамның көмегін қажет етуі, мал мен адамның тікелей қатынасы ауруды жұқтыруға қолайлы жағдайды туындатады.
Бруцеллезден іш тастаған төлдің кеудесінде, ішінде сұйық көп болады, жүні жетіспеген, кілегей қабықтары қанталаған болады.
Бруцелла бацилласы организмге түскесін 6-10 күн ішінде қан ағзасы арқылы лимфа түйіндеріне кіріп 10-15 күнде көбейеді, 20-30 күннен кейін қанға тарап, нерв жүйесін, буындар, бұлшық еттерді, эндокриндік жыныс бездерін зақымдайды.
Бір айдан кейін дене қызуы көтеріліп, кешке қарай безгек пайда болады. Бұл кезде науқаста қалтырау, көп терлеу, қажып-шаршау, әлсіздену, сүйек-буын және бұлшық еттер ауырлығы байқалады.
Бруцеллез адамнан адамға жұқпай тек малдан жұғатын болғандықтан жеке бас гигиенасын сақтаумен қатар мал шаруашылығына арналған санитарлық-ветеринарлық профилактикалық комплексті шараларды қатаң сақтап ветеринарлық қызметтің белгілеген профилактикалық шараларын уақытында орындалуына көмектесіп отыру міндетіміз.
Әрбір қожалығында малы бар тұлғалар өз малдарының есебін дұрыс беріп, ветеринарлық қызметтің белгілеген кестесіне сай малдарын ектіріп отыруы қажет.
Сатылып алынған, саттыққа шығарылыған мал, еттің сүттің саудасы өнімі алынған малдың денсаулығы туралы мал дәрігерінің анықтамасы бойынша жүргізілуі тиіс.
Төл алу науқаны, төлдеп жатқан малға көмек көрсеткен уақытта қолда резинка қолғап, кленкадан жең қап, фартук, аяқта етік болғаны жөн. Төлдеп жатқан малға шама келсе балаларды араластырмаған жөн, олар үлкен адамдарға қарағанда ауруды өте тез қабылдайды.
Отардағы малдың жаппай іш тастауы байқалса дереу мал дәрігерлеріне хабарлау қажет. Бақташылар, мал төлдетуге қатысқандар науқанды жұмыс біткесін бір айдан кейін міндетті түрде медициналық бақылаудан өтуі керек.
Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған:
А) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;
Б) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;
В) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.
Бруцеллезге қарсы шаралар ұйымдастару-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады.
Ұйымдастыру-шаруашылық шараларға малдың өсірілуі, азықтандыру мен өсіру жағдайы, жұмысты ұйымдастыруын қорғау, ветеринариялық және санитариялық білімдерді насихаттау.
Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және аумақтарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кіреді. Бұл шаралар жалпы қабылданған нормалар және бруцеллездің ерекшелігіне байланысты туындайтын жеке бөліктері жөнінде осы ереже бойынша жүргізіледі.
Арнайы шараларға осы нұсқауға сәйкес жүргізілетін иммунопрофилактика және диогностиклық зерттеулер мәселелері кіреді.
Мал бруцеллезімен күресу жүргізілген індеттанулық талдау нәтижелері бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес пунктерге жатқызылған жануарлар табының (отарының) белгіленген аумағында жүргізіледі. Сонғысының құрамына індет ошағы және қауіп төнген аумаққа кіреді.
Бруцеллезбен ауырған мал немесе осы аурудан таза емес мал табыны орналасқан мал қорасы, аула, жайылым, немесе басқа да аумақтар бруцеллездің індет ошағы болып табылады.
Бруцеллезбен ауырған мал немесе уақытша оқшаулау мақсатында организимдерінен бруцеллалар белсенді бөлініп жатқан (мысалы шарана суымен, шумен, жыныс жолдарының бөлінулерімен) зақымданған жануарлар тобы орын тепкен қоралар және шектелген аумақ індет ошағының мәйігі болып саналады.
Індет ошағы орналасқан елді мекенінің немесе шаруашылықтын аумағы аурудан таза емес пункт болып есептеледі.
Індет ошағының сыртында орналасқан, аурудан таза емес пункттің аумағы, қауіп төнген аумақ болып есептеледі.
Жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алу үшін уақытында бақылау зерттеулерін жүргізу қажет.
Бруцеллезге бейім жануарларды сатып алғанда, оларды 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұстайды және 2 рет бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіп, басқа жануарлармен бірге ұстауға зерттеулерден тек 2 рет теріс нәтиже алғаннан кейін барып рұқсат етіледі. Егер зерттеулер кезінде бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар байқалса оларды оқшаулайды және диагнозын анықтайды, бруцеллез анықталған жағдайда ауру және олармен жанасуда болған жануарларды етке союға тапсырады.
Бруцеллез ауруының алдын алу үшін жануарларды басқа адамдарға сату және басқа жаққа әкету, олардың аурудан тазалығын дәлелдегеннен кейін және паспортында қажетті белгілердің болуына байланысты жүзеге асырылады.
Сауықтыру шаралары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының басшылығымен ветеринариялық мамандар жоспарлайды және жүргізеді.
Тұрғындар бруцеллез ауруының таралуын және ол аурудың салдарын түсіне отырып, ветеринариялық іс-шараларға көңіл бөліп, ауыл шаруашылық жануарларын дер кезінде тексеруден өткізіп отырулары керек.
Қоздырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі мүйізді жануарлар, шошқалар), кей жағдайда ит пен мысықтар.Жануарларда ауру белгілерсіз, жасырын өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады.
Адамдар осындай малдармен байланыста болғанда және зарарланған тамақ өнімдерін(сүт, ірімшік, май т.б.) қолданғанда, тері бүлінуі арқылы (мал тудырғанда, мал сойғанда) жұқтырады.
Бруцеллезбен ауырған адам қоздырғыш көзі болып табылмайды.Жіті бруцеллез қалай өтеді
Ауру жұқтырғаннан аурудың бірінші белгілері білінгенше 1-3 апта, кейде бірнеше ай, ауру біртіндеп басталады. Қызу 37°-тан 39-40°-қа дейін көтеріліп 3-7 күн адам қалтырап, дірілдейді.Сонымен қатар, лимфа түйіндері ұлғаяды. Бұлшық ет және буындары ауырады.
Созылмалы бруцеллез белсенді және белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді түрінде қалыпты жағдайдағы адамда аздап қызу көтеріледі. Аурудың жағдайы ауру белгілері байқалғанда күрт төмендейді. Бұндай жағдайда сүйену-қозғалу аппараты зақымданады, соның нәтижесінде, бірнеше буын, негізінде ірі буындар және омыртқа (бел-сегізкөз). Буындары мен омыртқасы қозғалысы шектеліп, ауырсынып жүреді. Жүйке жүйесі, (радикулит), жыныстық жүйе бұзылады (еркектерде белсіздік, әйелдерде бедеулік).
Созылмалы белсенді емес бруцеллез- асқынусыз айлап, жылдап жүре беретін ауру.
Аурудан сауығу жіті және созылмалы түрден кейін де болады, бірақ бәрібір буын, омыртқа немесе ішкі мүшелердің өзгерістері болуы мүмкін. Жиі жағдайда ірі буындарда түрін және қызметін өзгертетін өзгерістер қал
Бруцеллезбен ауырғанда өлімге әкеп соқтыратын жағдайлар аз. Ауру жиі жағдайда асқыну нәтижесінде, ауру салдарынан (буын қозғалысының шектелуі) еңбекке жарамсыз болып қалуы мүмкін.Ми зақымданғанда еңбекке жарамдылық төмендейді.
1.2 Бруцеллезді анықтау және аурудың алдын алу
Бруцеллезге диагноз зертханалық және рентгендік зерттеуден соң қойылады. Қанды бактериологиялық зерттеуден өткізеді.
Бруцеллезбен ауырған адам айналасына қауіп төндірмейді.
Бруцеллездің алдын алу
Бруцеллездің алдын алу - бұл ауылшаруашылығы малдарының бруцеллезімен күресу және оларды күтіп-баптаудың ережелерін сақтау. Бруцеллез ауруы қаупі бар адамдарды (сауыншы, табыншы, ет комбинаты жұмысшылары) бруцеллезге қарсы егу.
Міндетті алдын алу шараларының бірі тамақты зарарсыздандыру: сүтті қайнату, дайын ешкі ірімшігін 2 ай, қатты ірімшікті 3ай ұстау.
Мал ұстайтын жай көңнен, түсік қалдықтарынан тазаланып, 20 хлор әгімен, 5 сабынкреозол қоспасымен, 2 формальдегид ерітіндісімен зарарсыздандырылуы керек.
Барлық мал күтетін адамдар жеке бас тазалығын сақтап және жылына 1рет алдын алу тексеруінен өтулері керек.
Бруцеллезбен ауырған сиырларда патологиялық өзгерістер лимфа бездерінде, паренхиматозды органдарда және жыныс органдарында болады. Жыныс органдардың кілегей қабықтары ісініп, қызарады, жатыр алды бөлімінен қоңыр - қызыл түсті кілегей ағады. Харион мен жатырдың кілегей қабығының арасында іріңді - фибринді эксудат пайда болады, харион ворсинкасы мен жатыр карункулында көп нүктелі геморрагия, кей жағдайда өлі планцент қалдықтарымен жабылады. Ұрықтың қабығы қалыңдап ісіп қызарады, үсті іріңді - фибринге, қиыршыққа ьолы, көп жері қанталаған. Харионды гистологиялық тексеруден өткізгенде көптеген некроз бен эпителйдің қалыңдығы көрінеді. Харион ворсинкаларынан іріңді және некрозды қабынғаны немесе жаппай грануляциалық тканьдердің өскені байқалады. Кей жағдайда ұрық мумификацияға ұшырайды. Органдардың және құрсақ қуысының кілегейлі және сыртқы қабықтарында ұсақ тары тәріздес қанталаған, тері асты көк етте серозды және геморрагиялық қабынған талақ пен лимфа бездері ісініп қабынады. Бауыр да күңгірт сары түсті некроздық дақылға толады, өкпенің әр жері іріңді - катаральды пневмонияға ұшырайды. Буаз сиырлардың желіні мен оның үстіңгі лимфа бездері қабынады, олар іріңді және фибринозды желінсау түрінде өтеді. Лимфа бездері некрозды гиперплазиялы қабынады. Бүйректе интерстициальды нефрит кездеседі. Бұқалардың ені мен қосалқы ендерінің көлемі үлкейіп, ұстап қарағанда өте қатты болады, ал кесіп көрсе онда некроз бен ірің қалдықтары кездеседі, сперматогенез функциясы мүлдем жойылып не азаяды. Ен паренхимасы атрофияға ұшырайды, ен каналдарында өзіне тән емес тканьдер өсіп, тесіктері бітеледі. Бруцеллезбен ауырған иттерде негізгі патанатомиялық өзгеріс ішкі ретикулді - эндотелиальды және жыныстық жүйелерде кездесіп, ол органдар жарақаттанады. Күшік көтерген иттің қаншығы бруцеллезбен ауырғанда жатырдың хорионмен байланысқан жерлерінде жаралар пайда болып, эмбрион қабықтары және плаценттер инфильтрацияға ұшырайды. Жатырдың кілегей қабығының астында лейкоциттер мен ткань плазмасының инфильтрациясы болады. Бірақ бұл өзгерістер барлық көлемде болмай, әр жерден бір кездеседі, оның бездерінде гипертрофия және өлген тканьдерге толы нейтрофильдік инфильтрация пайда болады. Еркек иттерде эпидидимит, лимфогистиоцитарлық элементтердің пролиферациясына ұшыраған орхит, ен түтіктері дегенерацияға ұшырап, оның ақ қабығына қан шығады. Бруцеллезбен ауырған иттің екі жынысына бірдей негізгі өзгеріс - лимфа бездеріндегі гиперплазия бүйрек лоханкісінде, нәр жүретін каналдарда және зәр жиналатын органдарда инфильтрация болады. Биберштейн және т.б. (1964) қошқарды ауру микробтарын беріп, қолдан ауыртқан. Ауырған қошқарлардың ыстығы болмаған, негізгі белгілері тек 45 күннен кейін біліне бастады. Ішкі органдарда бактериялар шоғырланып, патологиялық өзгерістер кездеспеген. Аурудың патологиялық өзгерісі бәрінен бұрын қосалқы енде жүрген, ал енінде өзгеріс мардымсыз байқалды. Автордың хабарлауында, қосалқы енінің эпителийі гиперплазия және метаплазия болады. Эпителийдің гиперплазиясы қосалқы енді бұжырлы өзгертіп, соңынан кистіге айналады. Кистінің іші нейтрофильге толады. Бұл патологиялық өзгерістер созылмалы түрде жүреді. Сперма жүретін каналдар фибринге толып, эпителий гиперплазияға айналып, қабырғасы қалыңдап қатпарланады. Аналықтағы негізгі патологиялық өзгеріс - жатырда, желінде және өкпесінде болады. Жатырда эндометрит, котелидонды некрозды өзгерістер байқалады. Малдың желінінде бөлектенген іріңді төбешіктер, сыртынан қосымша тканьднр өсіп, іші көкшіл - сары массаға толып кетеді. Өкпе әр түрлі көлемді қатты төбешіктерге толы, жарып қарағанда ақшыл май сияқты ортасында кейде ірің кездеседі. Саулық қойларда эпидидимитпен ауырған қошқарлардың спермасымен ұрықтанғанда олардан алынатын төлдерден ауру қоздырғышын бөліп алуға болатынын анықтады. Қозылар бұл кезде жатыр ішінде зақымдануы мүмкін.
Бруцеллезге қарсы күрес жүргізгенде мал дәрігерлік - санитарлық және ұйымдастыру - шаруашылық шараларды іске асыру үшін мал арасында аурудың таралуы және даму бағыттарына сәйкес әр шаруашылықты, мал фермалары мен елді мекендерді шартты түрде екіге бөледі: мал іші бруцеллезден таза және таза емес шаруашылықтар. Мал іші бруцеллезден таза табындарда, фермаларда, шаруашылықтарда, елді мекендерде, аудан және облыстарда кезекті тексерулерде ауру малдар бөлінбейді. Егер ауру малдар тұрғылықты бөлініп тұрса ол аурудан таза емес деп аталады. Ал алдыңғы тексерулерде ауру мал анықталмай, соңғы тексергенде ауру малдар шықса, онда ол табынды, ферманы немесе шаруашылықты мал іші аурудан таза емес деп есептеп, аудандық атқару комитетінің қарарымен бекітеді. Малдың эпизоотиялық таралу барысына сай әр фермада, шаруашылықта не ауданда бруцеллезді болдырмау және жою шаралары белгіленеді. Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру. Бруцеллездің алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды дер кезінде ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау аудан, облыс және республика көлемінде күн ілгері жасалып,бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Бруцеллезді болдырмау және жою жөніндегі шараларға арналған жоспар әр елді мекенге, ферма шаруашылықтарына арнап жасалуы тиіс.
Шаруашылық басшылары мына шараларды орындауға міндетті:
- жоспарда көрсетілген комплексті шаралардың көрсетілген мерзімде орындалуы;
- шаруашылыққа қажетті объектілердің кезінде салынуын, мал орындарының жөндеуден өтуін, мал жайылымы мен су орындарын пайдалануда ауру салдар мен сау малдардың бір - бірімен қатынаста болмауы;
- сырттан әкелінген малды тек қана күрделі санитарлық тексеруден өткізіп, жаңа орындарға орналастыруын, комплекстерде мал дәрігерлік режимдердің сақталуын, малды бір жерден екінші жерге (жазғы лагерге не қысқы орынға) айдағанда мал дәрігерлік заңдылықтың қатаң сақталуын;
- ауруға шалдыққан малдың толық мал дәрігерлік ережеге сей бағылып, одан алынатын өнімдердің ауру таратуын жол бермеуіне қатаң бақылау орнатуы;
- осы жұмысқа сай жүргізілетін егу, тексеру, дизенфекция жасау, патматериалды лабораторияға жеткізу, мал орындарын тазарту т.б. жұмыстарға тиянақты мал дәрігерлік көмек көрсетуі;
- ауру малдармен жұмыс істейтін адамдарды киім (халат, етік) және басқа да гигиеналық заттармен қамтамасыз етуі;
- елді мекендердегі осы ауруға қарсы жүргізілетін шаралардың толық орындалуына көмектесіп отыруы тиіс.
Аурудың таралуына не себеп?
Көбіне бруцеллез мал уақытында етке тапсырылмайды. Сол себептен ауру өзге малға жұғып, бруцеллездің жойылмай етек алуына соқтырады. Малы ауру ауылдың тұрғыны өз күшімен малын қалаға әкеп тапсыра алмасы анық. Облыстағы көп ауданның ішіндегі Сырым ауданы екінші жыл қатарынан тұрғындардың бруцеллезге шыққан малын облыс орталығындағы ет өңдейтін кәсіпорындарына жеткізу үшін аудандық бюджеттен бір млн. теңге қаражат пен көлік бөлген. Ал өзге аудан басшыларына мұндай көмек көрсету жөнінде облыстық инспекция тарапынан ескерту хат жолданғанымен, еш нәтиже жоқ. Бұл - бір.
Екіншіден, ірі қара малдың қаны тек облыс орталығындағы ветзертханада ИФА тәсілімен тескеріледі. Аудандарда ветеринарлық зертхана болғанымен, ешқайсында ондай сараптама жасайтын құрылғы жоқ және зертханалардың дені ескі, жаңа модульді зертхана салу жайы 2008 жылдары қозғалғанымен, дағдарысқа байланысты қағаз жүзінде қалды. Сондай-ақ, 2006 жылдары құс тұмауына қатысты кейбір аудандарға Хондо аппараты алынғанымен, одан бергі уақытта қажетті құрал-жабдық, арнайы техника алуға бюджеттен көк тиын да қаралмаған. Сондықтан Жәнібек, Қазталов, Бөкейорда, Жаңақала аудандары облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан, мал қанының сараптамасы орталықтан шығып барғанша 3-5 күн өтеді. Осы уақыт аралығында ауру мал қасындағы малға яки қожайынға ауру таратады. Ауылдықтар осы сараптама келгенше, малының бруцеллез екеніне өлсе де, сенбейді. Үшіншіден,кейбір тұрғындар ауру малдың баспағын қыстық соғымға не тұқымдыққа қалдырады. Талап бойынша 45 күннің ішінде қан зерттеуі оң нәтиже берген малдың еміп тұрған баспағы анасынан айырылуы керек. Мұны көпшілік ескере бермейді. Ал қойдан ауру шыққанда, қошқар не қозы болсын, бәрібір, сойылып, өртелуі тиіс. Бруцелла қоздырғышы сиырдан гөрі қойдан адамға жылдам жұғатын аса жұқпалы ауру деседі мамандар.
Төртіншіден, ауылдық жерлерде мал санағы нақты жүргізілмейді. Ауыл тұрғындары соғымға соятынын немесе күзде сататын малын санаққа қоспайды. Сол себепті бруцеллезге малдың барлығы бірдей тексерілмейді. Ал бруцеллез мал өзге малдан оқшаулануы тиіс. Бұл жағы ескеріле бермейді. Ауылдарда ауырған мал өзгесімен бірге жайылады, бірге қамалады. Содан соң бұл жайында және аурудың адамға жұққан кездегі салдары жайында ауылда түсінік жұмыстары жүргізілмейді.
Бесіншіден, малды бірдейлендіру жұмыстары өз дәрежесінде атқарылмайды. 2004 жылы аумақтық инспекция басшылығымен бастамасында біркелкі жүрген бұл шаруа артынша жергілікті атқару органдарына берілді де, қожырай бастады. Бірақ биылдан бастап малды бірдейлендіру жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, орталықтандырылады. Сырғалауға жұмсалған шығын заңды, жеке тұлғалардың есебінен кері қайтарылады. Бұл мәселеге салғырт қарауға болмайды, өйткені ол қан алғанда және одан кейін ауру малды шатыстырмай, дәл тауып, қайыра қан алуға көмектеседі. Алтыншыдан, әр қожайын ауру мал ұстаған қорасын залалсыздандыруы қажет. Бұл жағы көп ескеріле бермейді. Содан соң, көкейтестісі, қазір ауылдық жерлерде мал мамандарының орта жасы 40-45-терде. Жас маман ауылға бармайды. Өйткені оларға мұғалім, дәрігерлерге жасалатын қамқорлық жасалмайды, тұрғын үй бөлінбейді. Ауылға баратын жас мамандарға мемлекеттік қолдау-көмек Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жасалады, бірақ, нақ ауылға қажет, дәл осы министрліктің төл баласы мал мамандары, ветеринарлар неге екені белгісіз сырт қалған. Малдың жайын түзейтін мамандарға мемлекеттік қамқорлық жасалмайынша, жас мал мамандарының ауылға бет бұруы қиын.
Жануарлардың бруцеллезімен күресудің жалпы ережелері

1) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;
2) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;
3) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.
Бруцеллезге қарсы шаралар ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады.

Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және зоналарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кіреді. Бұл шаралар жалпы қабылданған нормалар және бруцеллездің ерекшелігіне байланысты туындайтын жеке бөліктері жөнінде осы Ереже бойынша жүргізіледі.
Арнайы шараларға осы нұсқауға сәйкес жүргізілетін иммунопрофилактика және диагностикалық зерттеулер мәселелері кіреді.
Мал бруцеллезімен күресу жүргізілген індеттанулық талдау нәтижелері бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес пункттерге жатқызылған жануарлар табынының (отарының) белгіленген аумағында жүргізіледі. Соңғысының құрамына індет ошағы және қауіп төнген зона кіреді.
Бруцеллезбен ауырған мал немесе осы аурудан таза емес мал табыны орналасқан мал қорасы, аула, жайылым немесе басқа да аумақтар бруцеллездің індет ошағы болып табылады.
Бруцеллезбен ауырған мал немесе уақытша оқшаулау мақсатында организмдерінен бруцеллалар белсенді бөлініп жатқан (мысалы шарана суымен, шумен, жыныс жолдарының бөлінулерімен) зақымданған жануарлар тобы орын тепкен қоралар және шектелген аумақ індет ошағының мәйегі болып саналады.
Індет ошағы орналасқан елді мекеннің (ауылдың, селоның, поселоктің) немесе шаруашылықтың (жеке қожалықтың, ұжымның) аумағы аурудан таза емес пункт болып есептеледі.
Індет ошағының сыртында орналасқан, аурудан таза емес пункттің аумағы, қауіп төнген зона болып есептеледі.
Аумақтың және жануарлардың статусын анықтау
Аумақтар бруцеллез статусына байланысты класстарға бөлінеді: таза; А, В және С.
Таза класс: аудандық әкімшілік аумағында соңғы 12 ай бойы жануарлардың 90 процентін ресми диагностикалық тестілермен тексергенде оң нәтиже бермесе.
Класс А: аудандық әкімшілік аумағында соңғы 12 ай бойы жануарлардың 90 процентін ресми диагностикалық тестілермен тексергенде оң нәтиже берген мал 0,25 проценттен аспаса;
Класс В: аудандық әкімшілік аумағында соңғы 12 ай бойы жануарлардың 90 процентін ресми диагностикалық тестілермен тексергенде оң нәтиже берген мал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz