Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Экономика және құқық факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Өндірістік практикадан өткендігі туралы

ЕСЕБІ

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы

(фирма, ұйым, кәсіпорын)

6В04102-Менеджмент ББ бойынша

Менк-202 топ студенті

Таңатова Аружан Мейрамбекқызы

(Фамилиясы, аты, әкесінің аты)

Университеттен тәжірибе жетекшісі:

менеджмент магистрі, аға оқытушы Тасмағанбетова С. Ж

(лауазымы) (фамилиясы, аты, әкесінің аты) (қолы)

Ұйымдағы тәжірибе жетекшісі:

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы

басшысы Агыбаева Айнамкөз Бисенбаевна

(лауазымы) (фамилиясы, аты, әкесінің аты) (қолы)

Ақтөбе 2023

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ . . . 4

1. 1 Жалпы бөлім . . . 4

1. 2 Ұйымның негізгі құралдарын пайдалануды талдау . . . 7

1. 3 Ұйымның айналым құралдарын пайдалануды талдау . . . 8

1. 4 Ұйымның кадрлық жұмысын талдау . . . 9

1. 5 Басқаруды ұйымдастыру . . . 10

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 14

ҚОСЫМШАЛАР . . . 15

2

КІРІСПЕ

Алғашқы кәсіби дағдыларды игеру бойынша өндірістік практикам 2023 жылдың 22 мамырынан 9 маусымына дейін 3 апта бойы Ақтөбе қаласында "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамында өтті.

Өндірістік практикадан өту жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу процесінің маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады және студенттердің мамандықты игеру, теориялық білімді тереңдетіп бекіту, оқытудың әр кезеңінде кәсіби және шығармашылық орындаушылық дағдыларды дамыту бойынша жоспарлы және мақсатты қызметі болып табылады.

Өндірістік практика өз білімін жинақтауға және жүйелеуге мүмкіндік береді, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуге дайындығын тексеру құралы, сондай- ақ кәсіби дағдыларды дамытудың маңызды нысаны болып табылады.

Бұл есептің мақсаты "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының жұмысы, оның қаржылық-экономикалық қызметі, ұйымдық құрылымы, күшті жақтары, сондай-ақ жұмыстағы кемшіліктерін анықтау және нәтижесінде кәсіпорынның жалпы қызметі туралы жеке пікір қалыптастыру болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • басқармамен, оның мақсаттарымен, ұйымдық құрылымымен, басқару жүйесімен танысу;
  • есеп саясаты мен нормативтік құжаттаманы зерттеу;
  • есепші жұмысының мазмұнымен және сипатымен танысу. ;
  • талдау жүргізу және жиналған ақпаратты жүйелеу;
  • жалпы басқарманың жұмысы туралы тұжырымдарды қалыптастыру.

3

I КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

1. 1 Жалпы бөлім

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - жеке тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін техникалық тексеру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асыратын бірыңғай провайдер.

2015 жылғы 17 қарашада «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №408-V Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, соған сәйкес Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның ішінде жеке тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін техникалық тексеру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру Мемлекеттік корпорацияға жүктелді.

Сосын «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016 жылғы 29 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» № 39 қаулы қабылдады. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару Комитетінің «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын біріктіру арқылы жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы айтылған.

2016 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы шешімі негізінде аталған мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық

4

емес акционерлік қоғамы құрылды, ол заңда белгіленген тәртіппен Астана қаласының Әділет департаментінде тіркелді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Уәкілетті тұлғасының 2016 жылғы 8 сәуірдегі №01 бұйрығымен ел аймақтарында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 1 өкілдігі мен 70 филиалы құрылды.

2016 жылғы 29 сәуірде Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өткізіліп, онда Мемлекеттік корпорацияның ішкі құжаттарын бекітумен қатар Басқарма құрамы сайланды.

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Мемлекеттік корпорацияның ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік корпорация басқармасы аппаратының құрамына Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық инспекциялау дирекциясы, Мемлекеттік қызмет көрсту дирекциясы және Әлеуметтік төлемдер бойынша ведомствоаралық есеп айырысу орталығының дирекциясы кірді.

Осылайша, елдегі мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері ретінде жаңадан құрылған Мемлекеттік корпорацияның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған барлық органдар іске қосылды.

Мемлекеттік корпорация - белсенді, клиентке бағдарланған және инновациялық тәсілдер қолданыла отырып, қызмет алушылардың сұранымдарына жауап беретін сервистер мен қызметтерді алудың бірыңғай алаңы. Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация өз қызметінің бастысы ретінде келесі құндылықтарды қояды:

1. Меритократия: әр адамның қосқан үлесі мен жетістіктерін бағалаудың әділдігі мен объективтілігі.

2. Құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.

3. Адалдық: команда ішіндегі және өзінің әріптестеріне деген адалдық.

4. Ашықтық: байланыстар мен әріптестерге деген ашықтық.

5. Командалық рух: бірлескен қызметтен жоғары нәтижелерге жетудегі ынтымақтастық.

6. Сенім арту: өзара көмек пен сенім мәдениетінің адалдығы.

Мақсаты: Мемлекеттік корпорацияның азаматтар мен бизнес үшін бір көзден қызметтер мен сервистерді көрсетуі, бірыңғай провайдер қызметін жетілдіру.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022-2026 жылдарға арналған ДАМУ Стратегиясы:

  • Миссиясы:

Мемлекеттік корпорация- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзгерістердің драйвері және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы басты құрал.

5

  • Пайымымы:

2026 жылы Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және мемлекет пен мен болжамдарының негізінде олардың өзара әрекеттесу процесін үнемі жақсартып отыратын тиімді, технологиялық және клиенттерге бағытталған компания болып табылады.

  • Құндылықтар:

1) адамға бағдарлану,

2) ашықтық,

3) тиімділік.

1. 2 Ұйымның негізгі құралдарын пайдалануды талдау

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының негізгі құралдарына жер, ғимараттар, көлік құралдары, аяқталмаған құрылыс және олардың функцияларын тиімді орындау үшін пайдаланылатын басқа да материалдық активтер жатады. Бұл активтер салық жинау, әкімшілік ету және орындау сияқты корпорацияның қызметі үшін қажет.

Кесте 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының негізгі құралдар есебі.

қазақстандық мың теңгемен
Жер және ғимарат
Көлік құралы
Басқалары
Аяқталмаған құрылыс
Негізгі құралдар жиыны
2019 жылғы 31 желтоқсандағы баланстық құны
19010166
1214942
4483375
26581
24735064
2020 жылғы 31 желтоқсандағы баланстық құны
18655425
847231
3808281
88510
23399447

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2020 жылғы қаржылық есептілігінің Негізгі құралдар туралы бөліміндегі есеп қорытындыларына сүйене отырып, Корпорацияның негізгі құралдар жиынының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы баланстық құны 1 жыл бұрынғымен салыстырғанда −1 335 617 мыңға төмендегенін көреміз.

6

Негізгі құралдар корпорация активінің басты бөлігі болып саналады. Олар бір жылдан астам уақыт қызмет көрсетеді. Негізгі құралдардың есеп объектісі ретінде түгендеу объектісі қарастырылады. Әр түгендеу объектісіне түгендеу нөмірі жазылады. Негізгі құралдар корпорацияға қабылданғанда негізгі құралдарды қабылдау актісі толтырылады. Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ғимаратының әр кабинетінде компьютерлер, қағаз ұсақтағыш құрал, кеңселік заттар бар. Сонымен қатар керек болған жағдайда қызметкер көлікпен қамтамасыз етілген. Жұмыс барысына қажетті барлық негізгі құралдармен қамтамасыз етілген. Негізгі құралдардың бастапқы құнына сатып алу, жеткізу бағалары мен активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Негізгі құралдардың қызмет ету мерзімі өткенде немесе құрал істен шыққан кезде, оның амортизациясына капиталдан қаражат бөлінетін болады.

1. 3 Ұйымның айналым құралдарын пайдалануды талдау

Айналым қаражаттары-кәсіпорынның өндірістік қорларында, кәсіпорынның аяқталмаған өндірісінде, дайын және жөнелтілген өнім қорларында, дебиторлық берешекте, сондай-ақ кассадағы қолма-қол ақшада және кәсіпорын шоттарындағы ақшалай қаражатта, өндіріс процесіне салынған кәсіпорынның ақшалай қаражатында (шикізат, материалдар, отын, дайын өнім) .

Осылайша, компанияның айналым қаражаттары оның ресурстарының өндіріс процесіне қатысатын бөлігі болып табылады, яғни бизнеске тікелей пайда әкелетін жұмыс капиталы. Мұндай активтерге бір жыл ішінде пайдаланылатын қолма-қол ақша, дебиторлық берешек және тауарлық-материалдық құндылықтар жатады.

Компанияның бизнес-процестерін қолдау үшін айналым қаражатын үнемі толықтырып отыру қажет. Сондықтан айналым капиталын толықтыру үшін басқа адамдардың қаражатын тарту керек. Меншікті капитал бухгалтерлік баланстағы пассив, яғни банк қызметін қаржыландыру көзі болып табылады. Департаменттің меншікті капиталы қарыз капиталынан асып кетуі керек және оның өсу қарқыны қарыз капиталының өсу қарқынынан жоғары болуы керек.

Жарғылық капитал Корпорацияның мүліктік жағдайын көрсетеді және құрылтай құжаттарына сәйкес көрсетіледі. Жарғылық капитал мөлшерінің ұлғаю немесе азаю жағына қарай өзгеруі оның құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілгеннен кейін баланста көрсетіледі. Жай акциялар капитал

7

құрамында көрсетіледі. Бизнесті біріктіру жағдайларын қоспағанда, жаңа акцияларды шығаруға тікелей байланысты үшінші тараптарға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар капитал құрамында осы эмиссия нәтижесінде алынған соманың азаюы ретінде көрсетіледі. Алынған қаражаттың әділ құнының шығарылған акциялардың номиналдық құнынан асып кету сомасы қосымша ретінде көрсетіледі.

Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы есепті кезең үшін анықталған қаржылық нәтиже мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде есептелетін нетто сомасындағы есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасын көрсетеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының айналым құралдарына, түрлі ақшалай процестер жүргізуге қажет ақшалай қаражаттар, капитал, шоттар, жалпы ақша айналымын жүзеге асыратын құралдар жатады. Банктің активтері мен басқа да айналым құралдары туралы қосымшадан білуге болады.

1. 4 Ұйымның кадрлық жұмысын талдау

Қазақстан Республикасы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының кадрлық жұмысы Корпорация персоналын басқару мен дамытуға байланысты түрлі іс-шараларды қамтиды. Басқарманың штат санының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

Кадрлық жұмыс міндеттерін шешу кадр саясатының практикалық қызметінің мәнін құрайды. Осында жоспарлау, іріктеу, даярлау, орналастыру, қайта даярлау, бағалау, тәрбиелеу және ұтымды пайдалану қызметі жатады. Кадр жұмысы, осылайша, кадр саясатын іске асырудың құралы болып табылады

Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру үлкен үш топқа бөлінеді:

  • бірінші санаттары мен лауазымдары бойынша кадрларды анықтау;
  • екінші - іріктеу, орналастыру, даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыру;
  • үшіншісі - ұйымдастыру мәселелері мен еңбегін бағалау, қалыптастыру және т. б.

Корпорация қызметінің табысты болуы көбінесе кәсіпорынның алға қойған стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін нарықтың өзгеріп отыратын талаптарына дер кезінде әрекет ете алатын қызметкерлерінің біліктілік деңгейімен анықталады. Сондықтан персоналды таңдау Корпорация кадр саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Корпорацияның қажеттілігіне сәйкес персоналдың саны мен сапасының жаңаруы мен сақталуының оңтайлы балансын құру үшін корпорацияда

8

персоналды іздеу, таңдау және бейімдеудің ашық жүйесін қамтамасыз ететін персоналды конкурстық таңдау қағидалары енгізілді. Қабылдануға үміткерлер міндетті іріктеу кезеңдерінен өтеді: тестілеу, конкурстық комиссияда сұхбат.

Жұмысқа қабылданған жұмыскерлерді бейімдеу мақсатында еңбек ұжымына енуді, қарым-қатынастардың белгіленген нормаларын қабылдауды жеңілдететін және кәсіби білім мен дағдылар жүйесін игеруге жәрдемдесетін бейімдеу бағдарламасы әзірленді. Ауысым бойынша аға буын басшыларының, мамандардың және жұмысшылардың орнына кадрлық резерв құрылды, оларды тағылымдамадан өткізу, оқыту және аттестаттау тәртібі анықталды. Кадрлық резерв үнемі жаңартылып отырады.

Бұл іс-шаралар Корпорацияның тиімді жұмыс істеуін және оның мақсаттарын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік корпорацияның кадрлық жұмыстың негізгі аспектілері мыналарды қамтиды:

1. Кадрларды жоспарлау: бұл қажетті кадрлық деңгей мен қажетті дағдыларды анықтау үшін Корпорацияның ағымдағы және болашақ жұмыс күшінің қажеттіліктерін бағалауды қамтиды. Кадрларды жоспарлау жақсартуды қажет ететін кез келген олқылықтарды немесе аймақтарды анықтау үшін жұмыс жүктемесін, лауазымдық рөлдерді және ұйымдық мақсаттарды талдауды қамтиды.

2. Кадрларды іріктеу және іріктеу: бөлім бос жұмыс орындарын толтыру үшін білікті мамандарды жалдауға және іріктеуге жауапты. Бұл лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуді, жұмыс орындарын жарнамалауды, сұхбаттасуды және үміткерлердің біліктілігін және олардың осы рөлдерді орындауға жарамдылығын бағалауды қамтиды.

3. Оқыту және дамыту: Корпорация өзінің дағдыларын, білімі мен мүмкіндіктерін арттыру мақсатында өз қызметкерлерін оқытуға және дамытуға инвестиция салады. Бұл қызметкерлерге өз міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті құзыреттерді қамтамасыз ету үшін оқыту бағдарламаларын, мастер-класстарды, семинар-практикумдарды және өндірістен қол үзбей оқытуды қамтиды.

4. Өнімділікті басқару: бөлім өнімділік күтулерін анықтау, қызметкерлердің өнімділігін бағалау және кері байланыс беру үшін өнімділікті басқару жүйелерін жасайды. Бұған жүйелі түрде сертификаттау, мақсат қою, жұмыс нәтижелерін талқылау және керемет жетістіктерді тану кіреді.

5. Мансаптық өсу: Корпорацияда мансаптық өсуді қолдау және қызметкерлерді жоғарылату тетіктерінің болуы. Бұған жоғарылату, жұмыс орындарын ауыстыру, тәлімгерлік және кәсіби даму бағдарламалары үшін мүмкіндіктер беру кіреді.

6. Қызметкерлерді тарту және әл-ауқат: Корпорация қызметкерлердің белсенділігін, ынтасын және әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыра алады. Бұл оң жұмыс ортасын құруды, жұмыс

9

пен өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауды және қызметкерлердің мәселелерін шешуді қамтиды.

7. Өтемақылар мен жеңілдіктер: Корпорация өз қызметкерлеріне өтемақы мен жеңілдіктер бағдарламаларын басқаруға жауапты. Бұған жалақы құрылымын анықтау, медициналық сақтандыру, зейнетақы жоспарлары және демалыс саясаты сияқты қызметкерлерге жеңілдіктерді басқару кіреді.

8. Қызметкерлермен қарым-қатынас: Корпорация қызметкерлермен қарым-қатынас мәселелерін, соның ішінде шағымдарды қарау процедураларын басқаруды, жанжалдарды шешуді және еңбек заңнамасын, ережелер мен саясатты сақтауды қадағалайды.

9. Сабақтастықты жоспарлау: сабақтастықты жоспарлау сабақтастық пен негізгі лауазымдарға үздіксіз ауысуды қамтамасыз ету үшін бөлімдегі әлеуетті менеджерлерді анықтауды және дамытуды қамтиды.

10. Кадр саясаты және сәйкестік: Корпорация еңбек заңнамасының, нормативтік актілердің және этикалық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін кадр саясаты мен рәсімдерін белгілейді және орындайды.

1. 5 Басқаруды ұйымдастыру

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
Уақ малы
Көрсетілетін қызметті берушілер
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
Өндірістік тәжірибе өткен мекеме
Жалпы қауіпсіздік талаптары
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламенттері
Жоба мақсаты мен міндеттері
ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ Департаментінің КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ
Кәсіпорындағы кызметкерлерді әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz