Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты
Н.С. Дүкенбай
Ә.Д. Әміренов
Музыкалық білім беру теориясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы
оқу орындарының 050106 Музыкалық білім беру мамандығы бойынша оқитын
студенттерге арналған
Павлодар
Кереку
2009
УДК 372.878
ББК 74.266.7
Д 86 (на каз)
Дүкенбай Н.С., Әміренов Ә.Д.
Д 86 Музыкалық білім беру теориясы: Жоғарғы педагогикалық оқу
орындарының студенттерінің оқулығы Н.С.Дүкенбай,
Ә.Д.Әміренов. ПМУ баспасы, 2009. - 138 бет.
ISBN 9965-802-13-0
Құрастырып аударған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті Орындаушылық өнер кафедрасының доценті Н.С.Дүкенбай және
ПМПИ доценті, ф.ғ.к. Ә.Д.Әміренов.
Оқулықта жалпы білім беру мекемелері жүзеге асыратын музыкалық білім
беру негіздері мазмұндалады. Музыкалық білім беру теориясы педагогика ғылым
саласы ретінде музыкалық білімге қатысты қарастырады. Білім процесіндегі
музыка өнеріне, баланың тұлға ретінде дамуына, музыкалық білім беру
негізгі компоненттеріне, жеке тұлғаға, музыка мұғалімінің әрекетіне
арнайы көңіл аударылады.
Оқулықтың барлық бөлімдері оқу мақсаттарына байланысты және де
студенттің кәсіби ой-өрісінің дамуына, тұлғалық позициясының қалыптасуына
бағытталып, арнайы тапсырмалармен бірлікте берілген.
Оқулық арнайы музыкалық білім беретін жоғарғы оқу орындары мен
музыкалық колледждердің студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне және музыкалық
білім беру мәселелері қызықтыратын жалпы оқырмандарға арналады.
ISBN 9965-802-13-0
© Н.Дүкенбай, Ә.Әміренов, 2009
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009
КІРІСПЕ
Музыкалық білім беру теориясы педагогика ғылымы саласының бір
бөлігіне жатады. Білім процесінде музыкалық өнерге деген арнайы зейін
түрлері, музыка жүйесіндегі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы, музыкалық білім
беру компоненттері мен музыка мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен іс-
әрекеттері өте маңызды. Музыкалық білім беру бір елде дамуына, әр дәуір,
әр уақытта болған музыкалық тәрбие мен білімнің қалыптасуы, даму тарихы,
белгілі ғалым-педагогтардың, музыканттардың осы бағыттардағы ізденістеріне
байланысты.
Әр түрлі мемлекеттерде музыкалық білімнің пайдалану өрісі, өсуі,
дамуы, тарихы, әдісі, әдіснамасы өзара байланыста қаралады. Оның ішінде
Қазақстан Республикасының музыкалық білім беру дамуына ғалымдар тарапынан
зерттеген: М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Б.Ғизатов, С.А.Ұзақпаева,
Ө.Байділдаев, П.М.Момынов, Р.Р.Жәрдемәлиева, А.Райымбергенов,
М.Х.Балтабаев, Ш.Құлманова т.б.
Музыкалық білім беру теориясы төмендегідей мәселелерді қарастырады:
- музыканы оқыту теориясы мен музыка тарихын пән ретінде оқыту;
- білім процесіндегі музыкалық өнердің орны;
- музыкалық білім беру жүйесіндегі баланың тұлға ретінде
қалыптасуы;
- музыкалық білім берудің мақсаттары, талабы, принциптері;
- музыкалық білім берудің негізгі мазмұнының элементтері;
- музыкалық іс-әрекеттердің түрлері, музыкалық білім беру
әдістері;
- музыкалық білім беру формасы;
- музыка мұғалімінің музыка-педагогикалық іс-әрекеттері;
- музыка мұғалімінің тұлғалылығы, кәсіби сапасы мен сипаты.
Осы мәселелермен бірге баланың жас ерекшелігі, музыкалық икемділігі
мен дағдылары, іс-әрекеттерінің түрлері, музыка сабағы, сыныптан-мектептен
тыс жұмыстары, тарихы, вокалды, аспапты іс-әрекеттері, музыка
бағдарламаларына шолу, репертуар, тыңдау, орындаушылық шеберлігі, ізденіс
ретінде іс-әрекеттері т.б.
І ТАРАУ
ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Музыкалық білім беру теориясының мәні
Болашақта өз ісінің білікті маманы болғысы келетін музыка пәнінің
мұғалімі музыкалық білім беру теориясын жете меңгеруі тиіс, онысыз кәсіби
шеберлікке жету мүмкін емес.
Музыкалық білім беру теориясы төмендегі мәселелерді қарастырады:
- оқушыларды оқытып, дамытуда музыкалық тәрбие берудегі өнер мен
педагогиканың қағида, заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік
жасайды;
- балаға музыкалық білім берудің субьектісі ретінде қарайды;
- маман ретіндегі музыка пәні мұғалімінің өзіндік сапалық тұлғасын
қалыптастырады;
- музыкалық білім берудің біртұтас жүйелі үлгісін көрсетеді;
- музыка пәні мұғалімі кәсіби қызметінің мәнін, түрлері мен
ерекшеліктерін айқындайды.
Музыкалық білім беру теориясын меңгеру үшін музыка пәні мұғалімі
мына тезаурус яғни пәнге қатысты терминдерді білуі тиіс.
Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, музыкалық бейімдеу,
ынтасы сияқты т.б. ұғымдардың бірлігі,тұтастығы.
Музыкалық тәрбие беру термині екі мағынада қолданылады: тар мағынада
психологиялық ұғымды – оқушының белгілі бір жекелеген сапалық қасиетін,
тұлғалық ерекшелігін арттыру; кең мағынада – адамгершілікке, әсемдікке
баулу.
Музыкалық оқыту термині де екі мағынада көрінеді: тар мағынада –
оқушыларды музыкалық білімге, икемділікке, бейімділікке үйрету; кең
мағынада – музыкалық бейімділігі, икемділігімен қатар оқушылардың
шығармашылық әрекетіндегі сезімдік – құндылық қасиеттерін дамыту.
Оқушылардың музыкалық біліммен дамуы – музыкалық қызығушылығын,
сезімін, қажеттілігін дамыту; музыкалық зейінін, жадым музыкалық
шығармашылық ерекшелігін, орындаушылық, тыңдаушылық, тіпті компазоторлық
қабілет әрекетін жан-жақты дамыту болып табылады.
Музыкалық білім беру педагогикасы, соның ішіндегі музыкалық білім беру
теориясы оқушыларды тек музыка мәдениетіне баулып қана қоймайды, сонымен
қатар музыка өнерін тұтастай меңгеретін, соның әсерін, қызметін зерттейді.
Сол себептен де жалпы мектептерге арналған оқулықтар талқылауға түскен
кезде Д.Б.Кабалевский Музыка атауына жіті көңіл қойып тоқталғанда, ол
негізінен музыка өнерін емес, жалпы музыкалық мәдениетті айтқан болатын.
Сондықтан да қазір Мемлекеттік стандарт бойынша Музыка сабағы
делініп жүр.
1.2 Музыка пәні мұғалімін кәсіптік ғылыми-әдістемелік негізде
дайындауға музыкалық білім беру теориясының орны
Жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларында музыка мұғалімін даярлауда
мынадай пәндерге көңіл қояды:
- музыкалық білім беру теориясы;
- музыкалық білім беру әдістемесі;
- музыкалық білім беру тарихы;
- музыкалық психология және музыкалық іс-әркетінің психологиясы;
- музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамасы;
- музыкалық – педагогикалық жаттықтыру;
- тәжірибешілік.
Музыкалық білім беру әдісі – музыка мұғаліміне теориялық заңдылықтарды
меңгерту барысында, танымдық және шығармашылық қаблетін дамыту үшін,
әртүрлі музыкалық мектептердің бағдарламарын зерттей отырып, музыкалық
білім берудің ұйымдастырушылық әдіс-тәсілдерін тәжірибешілікпен дамыту.
Музыка – педагогикалық тәжірибешілік – мұғалімнің музыканың барлық
түрімен айналысатын оқушыларға білім берудегі педагогикалық
ұйымдастырушылық әрекеттерінің тәжірибешілікпен ұштасатын бірлігі.
Музыкалық білім беру тарихы – музыкалық білім берудің әр түрлі
жақтарын бүгінгі күн тұрғысынан әлемнің тарихы негізде жүйелеп қарастырады.
Музыкалық психология және музыкалық іс-әрекетінің психологиясы –
музыкалық білімді жоғарғы кәсіби деңгейге көтеру мақсатында психологиялық
аспектіні білім берудің негізгі ірге тасы негізінде пайдалану.
Музыкалық білім берудің педагогикалық әдіснамасы – болашақ мамандығын
музыкант - педагог ретіндегі мұғалімнің ары қарайғы ізденіс іс-әрекетін
ретке келтіріп, таныстыруды мақсат етеді.
Тәжірибешілік – мектепте өтетін музыка пәндерін, әсіресе Музыкалық
білім беру теориясын меңгертудің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушыға
жеткізу, болашақ музыка мұғалімінің тәжірибесіне негізделеді.
Музыкалық білім беру – музыкалық қызметіне, іс-әрекетіне қажетті
білімді жинақтаудағы дағды, машық, сондай-ақ, оқы барысында меңгерген
білімнің жиынтық нәтижесі.
Музыкалық тәрбие – музыкалық мәдениетінің жүйелілігі, адамның музыкаға
қаблеттілігі, көңіл-күйінің музыкаға деген сезімі, жан-дүниесінің музыкаға
берілуі т.б. музыкалық тәрбие арқылы жатады.
Музыкалық тәрбие – болашақ ұрпаққа музыкалық іс-әрекетінің қоғамдық-
тарихи жағдайлармен байланысып бірлікте жеткізе білу.
... Музыкалық тәрбиенің басты теориясы – музыкалық қабылдау, түйсін
мен музыкалық қаблеттіліктің өзектілігі болып табылады.
Музыкалық қабылдау (тыңдай білу, түсіне білу, бағалай білу, әсерлену
іс-әрекеттері) – музыканы тыңдаушының санасына музыкалық образ туғызатын
адам психологиясының (сана-сезімінің) сезімдігі және рациональды-логикалық
әрекеттерінің күрделі бірлігі.
Музыкалық тәрбие арқылы жеке тұлға музыкалық мәдени ортаға
бейімделеді.
Музыкалық тәрбие беру теориясында музыкалық қаблеттілілігінің
қалыптасуын жалпы психикалық (сана-сезімдік) заңдылықтардың әрекетін дамыту
негізінде қарастырылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Музыкалық білім беру теориясы пәнінің негізгі мазмұнына сипаттама
беріңдер.
2. Оқылатын курстың негізгі мақсаттарын ашыңдар.
3. “Музыкалық білім беру ” терминінің қазіргі түсінігінің сипаты және
оның негізгі түрлерін көрсетіңдер.
4. “Жалпы музыкалық білім беру ” терминінің мазмұнын ашыңдар.
5. “Қосымша музыкалық білім беру ” терминінің мазмұнын ашыңдар.
6. “Кәсіби музыкалық білім беру ” терминінің мазмұнын ашыңдар.
7. “Музыкалық тәрбие” терминінің мағынасын түсіндіріңдер.
8. “Музыкалық оқу” терминін кең және тар мағынасында сипаттау.
9. Мектепте пәнді “Музыка” не “Музыкалық өнер” деп аталуының қайсысы
дұрыс.
10. Музыкалық білім беру мен музыкалық-педагогикалық білім терминдерінің
айырмашылығын көрсетіңдер.
ІІ ТАРАУ
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МУЗЫКА ӨНЕРІ
Музыка - өнердің ішіндегі ең ерекше орын алатын өнер. Өнердің ең
сезімтал түрі де осы өнер. Адам музыканы тек жан дүниесімен қабылдап
сезінеді, оны тілмен жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да балаға музыканы
сезіндіру арқылы қабылдатып, музыка өнерінің құдыретін жеткізе аламыз.
Өйткені, музыкалық шығарманың басқа өнерден айырмашылығы оның
мәнерлілігінде. Сол себептен музыканы балаға жай сөзбен емес, өнер тілімен
ғана ұғындарып бере аламыз (А.А.Мелик- Пашиев).
Музыкалық білім берудің қоғамдағы педагогика философиясында әр түрлі
пікірлер бар: алғашқылары, музыканы жеке тұлғаның көркемдік, әсемдік,
құндылықтың дамуына әсер ететін құрал ретінде қараса, енді біреулері,
музыкалық білім беруде жеке тұлғаны ең алдымен музыкалық өз құндылықтарын
түсіндіру негізінде тәрбиелеу керек дейді.
Сондықтан да, бүгінгі таңда музыкалық білім процесінде музыканы жалпы
қоғамдағы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншілік туғызатын ерекшелік
ретінде қарастырады.
2.1 Музыкалық білім беруді жүзеге асырудағы музыкалық өнердің қызметі
Сәби алғаш дүниеге келгеннен бастап музыканың сиқырлы күшіне бөленеді,
ол оның ішкі жан-дүниесіне бойлай еніп, әсер етеді.
Музыкамен қарым-қатынас жасау, бір жағынан жеке тұлғаның рухани
дамуын, өзіндік өрістеуін жақсартса, екіншіден, музыкалық қызметтің ұжымдық
түрі (хормен және ансамбль құрамында ән айту, бірлескен музыкалық
ансамбльде ойнау т.б.) оқушылардың музыкалық-шығармашылық қызметінің дамып,
қалыптасуын қамтамасыз етеді, оларды музыканы ұжымдық түрде сезініп,
жақындастыра түседі.
Музыкалық білім беру жүйесі (тәрбие, оқыту, дамыту) оқушының
эстетикалық сезімін, көркемділікті, әсемдікті сезініп, түйсінуін өнер мен
қоршаған ортаның бір-бірімен үйлесімділігін арқылы эстетикалық ләззат
алуына жағдай жасайды.
Музыка өнерінің өзіне тән қоғамдық қызметі бар. Ол қызмет жас ұрпаққа
музыкалық тәрбие беріп, оқыту барысында анықталады.
В.Н.Холопова ол қызметтерді былайша жіктеп көрсетеді: коммуникативтік
қызмет, ақиқат болымыстың бейнелену қызметі, этикалық, эстетикалық,
қағидалық (каноническую), эвристикалық, танымдық-ағартушылық және қоғамдық-
өзгертушілік.
Музыкалық білім беруде бұл қызметтер бір жағынан өзге де қоғамдық
қызметтермен бірлесе әрекет етсе, екіншіден орардың өзіндік бағыт-
бағдарымен ерекшеліктері бар.
Коммуникативтік қызметі
Д.Д.Шостаковичтің сөзімен айтқанда: Суреткер бір адамның ішкі сезімін
миллиондаған адамға жеткізе алады және де бүкіл адамзаттың жан дүниесін бір
адам ашып бере алады. Бұдан музыканың коммуникативтік қызметі
мүмкіншілігінің жоғары деңгейін көреміз. Өкінішке орай, осы қызметтің бар
мүмкіншілігі педагогикалық практикада толық қолданылмай келеді
(В.Н.Холопова).
Ақиқат болмыстың бейнелеу қызметі
В.Н.Холопова музыкадағы ақиқат болымысты бейнелеу қызметінің үш
аспектісін ашып көрсетеді: идеялардың бейнелеуі, сезімнің бейнелеуі, заттар
әлемінің бейнелеуі.
Білім беру процесінде бұлардың барлығы біртұтас мазмұнда көрінеді.
Әсіресе, оқышылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып,
музыка сабақтарында өнердегі ақиқат болымысты бейнелеу қызметіне ерекше
көңіл бөлініп, түсіндіріледі.
Бастауыш сыныптардағы оқушылар ең алдымен музыкада бейнеленген адамның
ішкі сезімін және өздерін қоршаған ортаның бейнесін сезуі керек. Ал жоғарғы
сыныптарда музыкадағы көркемдік идеялардың бейнелеуін ашып көрсетуі тиіс.
Этикалық қызметі
Бұны А.С.Пушкин мына бір қанатты сөзінен көреміз: ... ақындық асқақ
шабытпен, оятатын әсем сезімді. Бұл сөзді музыкант – педагогтар: Әсемдік
жақсылықты туғызады, - деп қоштайды. Музыканың этикалық қызметін осыдан-ақ
байқаймыз.
Эстетикалық қызметі
В.Н.Холопова музыканың эстетикалық қызметін әдемілік және
үйлесімділік категорияларын түсіндіреді. Оның айтуынша: Әсемдік,
әдемілік, үйлесімділік әрдайым музыкалық туындының ең басты көрсеткіштері
болып келеді.
А.Г.Бутниктің зерттеунше, музыка өнеріндегі эстетикалық қатынасқа
жататындар: эстетикалық қабылдау, сезіне білу және бағалау. Автордың
айтуынша, бұл қатынастар музыкалық өнердің ерекшеліктеріне байланысты
айқындалады. Зертейшінің пікірінше, эстетикалық қатынастың басты
белгілеріне: музыкалық кемелділікті әсемдік көзқарасы тұрғысында бағалау;
әр жанрдағы туындыларды қанағаттанарлық сезімде қабылдау; қабылдаудың
әржақтылығы; сезімнің нақтылығы; музыкалық туындылардың мазмұнына
бағалаудың сәйкестігі жатады.
Канондық және эвристикалық қызметі
В.Н.Холопова өнердің канондық және эвристикалық қызметтерін сипаттай
отырып, оларды бір-біріне қарама-қарсы диалектикалық жұп деп қарастырады.
Канондықты мәдени сабақтастық, ал эвристикалық дәстүр жалғастығы, яғни
мәдени дәстүрдің сабақтастығы мен жаңашылдығы ретінде бағалайды. Сондықтан
да әрбір музыкалық туындыны оқытқан кезде оның тарихилық принципі сақталу
керек.
Қоғамдық - өзгертушілік қызметі
В.Н.Холопованың ұсынысы бойынша, музыка өнерінің қоғамдық -
өзгертушілік қызметі оның басқа қызметтерімен тұтастай, бірлікте әрекет
етеді.
Тұлғалық - өзгертушілік қызметі
Музыка өнерінің тұлғалық - өзгертушілік қызметін мынадан көрінеді:
оқышының қандай музыкалық шығармашылықпен айналысқанына қарамастан, оның
шығармашылық мінезінің қалыптасуына ықпал етіп, тұлға ретінде дамытады.
Музыкамен шұғылдана отырып оқушы сезімдік, ерік-жігерлік, интелектуалдық
қасиеттерді бойына жинайды, мінез-құлқында өзгерістер жүреді.
2.2 Қазіргі әлеуметтік–мәдени білім беру жүйесіндегі музыкалық өнердің
орны
Социолог мамандардың зертеуінше, қазіргі таңда музыкаға деген сұраныс
жастар арасында алдынғы қатарда тұр. Бірақ та, мына мәселеге көңіл бөлу
керек: поп музыкалар кең қанат жаюға, ал, классикалық, халықтық үлгідегі
шығармалар аз сұранысқа ие болып отыр.
Сондықтан да музыка мұғаліміне қойылатын талап та жоғары:
Біреншіден, оқушыларды алғашқы сабақтан, бірінші сыныптан бастап
отандық және әлемдік музыка мәдениетімен таныстырып, осы құндылықтарды
олардың бойына, эстетикалық ләззатану арқылы музыкалық ой-өрісін кеңейте
отырып тәрбиелеп, оқыту керек.
Екіншіден, мұғалімнің өзі де поп музыкалардың ең озық үлгілерінің
жанрлық, стильдік бағыттарын зерттеп, сабақта халықтық, классиакалық
музыкалармен бірге салыстырып оқушыларға түсіндіре білуі керек.
Адамзат техникалық ойлауға көшіп отырған XXI ғасырда, көркемдік ойлау
жүйесін дамытуға деген сұраныс өзінен-өзі туындайды. Өйткені адамдық
негізінің ең басты критерийінің өзі – көркемдік ойлау, көркемдік түйсіну,
қабылдау екені ақиқат. Сондықтан да, адамды көркемдік, әсемдікке бауылып,
айналадағы дүниені, құбылысты көркемдік ойлау арқылы таныстыратын өнер –
музыка өнері.
Кез-келген адам, соның ішінде жас сәби музыканы өзінше сезініп,
қабылдайды. Мектептегі музыканың ерекшелігі, тек бір өнер саласымен
шектелмейді, - дейді Д.Б.Кабалевский, - Сондай-ақ, әдебиет пен бейнелеу
өнері сияқты музыка өнері де оқушының тәрбиесі мен біліміне әсер етіп, жан-
жақты қалыптастырады, рухани әлемін кеңейтеді.
Музыканың негізгі мазмұнын құрайтын – сұлулық, ал сұлулық-қуаныштың,
шаттықтың белгісі.
Музыканың адам көңіл-күйін жақсартып, тұлғалық дамуындағы сезімдік ой-
өрісін дамытып, күш-жігеріне әсер етіп, бүтіндей жан-дүниесін ретке
келтіретін арттерапевтік қасиетін де жоққа шығаруға болмайды.
Музыкалық психотерапияның табиғатын әр түрлі мектептер мен бағыттардың
негізінде талдап, зерттеген В.И.Петрушин музыканы психотерапевтік мақсатта
қолданудың төмендегідей мүмкіндіктерін көрсетеді:
- емханалық ортаны әсемдік пен үйлесімділікке бөлеу;
- коммуникативтік (қатынас) актілерінің дамуына жағдай жасау;
- шығармашылық елес пен қиялды дамыту;
- сезімдік ортаның дамуы мен кеңейуі;
- ұжымдық сана-сезімнің дамуы;
- эстетикалық қажеттіліктердің дамуы;
- психологиялық тонустың жақсаруы.
Жалпы, қорытындылай келе айтпағымыз: Музыканың ізгі әсерін оқушыларға
сезіндіру үшін оларды музыканы сүйе білуге, түсінуге үйрете отырып,
музыкалық қажеттіліктерін қалыптастыру керек. Ал ол үшін мынадай
педагогикалық шарттар орындалуы тиіс:
- оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жағдайларда музыкамен
мүмкіндігінше көбірек қарым-қатынас жасауға жағдайлар жасау
керек;
- оқушының музыкаға деген эмоциялық-жауап беру әсерін жан-жақты
дамыту қажет;
- оларды музыка өнерінің ырғақтық (интонация) табиғатын түсінуге
және музыканың мазмұндық мәнін таба білуге үйрету керек;
- бұрыннан таныс халақтық және классикалық үлгідегі музыкалармен
қатар әр түрлі шығармашылық бағыттар мен стиль, мектептердің
музыкаларын қалыптастыра отырып оқушылардың музыкалық есту
қаблеті қорын мақсатты түрде және біртіндеп кеңейтіп дамыту
қажет;
- дөрекілікке қарсы иммунитетті (Д.Б.Кабалевский) күшейту
мақсатында оқушыларға әр түрлі бағыттағы қазіргі попмузыкаларды
ең үздік туындыларымен таныстыру керек;
- оқушылардың музыкалық білім алуын кеңейтіп және сол алған
білімдерін әр түрлі музыкалық шығармашылыққа қолдана білуіне
ықпал ету керек;
- музыкалық сабақтарда әр оқушының музыкамен тілдескендей күй
кешіп, оның мәні-мағынасына жете үңіліп шығармашылық шаттыққа
бөленуіне жағдай жасау қажет;
- әр мұғалім өзінің жұмыс жоспарын музыка балалармен күнделікті
өмірде бірге жасасып, тіршіліктің ажырамас бір бөлігіндей
қажеттілік тудыратын жағдайда құруы керек.
-
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Музыкалық-педагогтік процестің коммуникативтік қызметі ерекшелігі
неде?
2. Музыка мен өмір шындығының байланысы неде, оның музыка сабақтарында
жүзеге асырылуы қандай?
3. Музыка өнеріндегі этикалық қызметті сипаттаңыз, және оның музыкалық
білім берудің орнын көрсетіңіз.
4. Қалай ойлайсыз, музыка адам жанын түзете ме, әлде керісінше бұза
ма? Өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?
5. Музыкалық өнер мен музыкалық білім берудің эстетикалық бағытты
қалай түсінесіз?
6. Музыка өнеріндегі канондық және эвристикалық (дәстүр мен
жаңашылдық) қызметтердің мәнін ашып беріңіз.
7. Танымдық-ағартушылық қызметтің музыка өнері мен музыкалық білім
берудегі ортақ сипатын атаңыз.
8. Музыка өнердегі қоғам-өзгертеушілік қызметінің интеграциясы музыка
сабақтарында қалай көрінеді.
9. Тұлға-өзгертушілік қызметтің музыка сабақтарындағы ерекшелігі.
10. Қандай музыкалық үлгілер балалардың жан-дүниесіне әсер етеді, сіз
музыка сабақтарында сондай үлгілерді ұсына аласыз ба?
11. Әр түрлі көзқарастағы пікірлерді ескере отырып, оқушылардың мінез-
құлқын тәрбиелейтінмузыка өнерінің мүмкіншіліктерін ашып беріңіз.
12. Оқушыларды әсемдікке баулып, білім берудегі музыкалық өнердің
қандай ерекшеліктері бар?
13. Адамға психотерапевтік әсер ететін музыканың қасиетін сипаттаңыз.
ІІІ ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – БАЛА ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ОШАҒЫ
3.1 Оқушылардың тұлғасын сапалық деңгейде дамытудағы музыкалық білім
беру үрдісінің приоритетті маңызы
Оқушылардың әртүрлі музыкалық-шығармашылық қызметі тәжірибесінен
көрінетін және тұлғаны қалыптастырудың әр қырлы жақтарының музыкалық
қаблеті, креативтік және эмпатиялық түрлерін жеке алып қарастыруға болады.
Музыкалық қаблет
Музыкалық қаблеттілік жеке тұлғаның музыкаға, ән-күйге бейімділігі,
оған деген жоғарығы көңіл-күйі, музыкалық есту қаблеті, жады, ойлауы,
музыкалық сұранысы, әр түрлі музыкалық-шығармашылық қызметтерді игеріп,
меңгеруді жоғары-сапалық нәтижесі болып табылады.
Б.М.Тепловтың пікірінші: Музыкалық қаблеттіліктің ең басты белгісі –
музыканы кейбір бейнесі сөздердің мазмұнын түсінгендей сезіне білу.
Сондай-ақ, Б.М.Теплов мынаған баса көңіл аударады: Музыканы жан-
жақты, жан-тәніңмен сезінуің үшін ең алдымен оның дыбыстық жағын қабылдай
білу керек, - дейді.
Зерттеуші музыкалық қаблеттіліктің бір-бірінен ажырамайтын, бірінсіз
екіншісінің мағынасы ашылмайтын эмоциялық және есту қаблеті сияқты екі
жағына баса назар аударады.
Қазіргі кезде музыкалық есту қаблетінің мынандай түрлері бар: дыбыс
биіктігі, аралық, әуезділік, үйлесімділік, көпүнділік (полифонический),
саздылық, ырғақтылық, бояулылық, әсерлілік, фактуралық, құрылымдылық,
вокалді, хорлы т.б.
Музыкалық есту қаблеттілігінің екі түрі бар: сыртқы есту және ішкі
есту қаблеттері.
Сыртқы есту – музыканың өзін тікелей қабылдау. Сыртқы есту, негізінен,
сезім компоненттерін жинақтап, даралау арқылы қабылдаудың ең маңызды
белгілерін ажырата отырып сезімдік әсерге сүйеніп іске асады.
Ішкі есту – музыканы, әуенді оймен елестету арқылы қабылдап, дамиды.
Ішкі есту қаблетінің басты мақсаты – адам мен музыка арасындағы үздіксіз
қатынасты қолдау болып табылады, - дейді М.С.Старчеус Слух музыканта
деген еңбегінде. Яғни, бұл кезде адам тек өзіне бұрыннан таныс әуенді ғана
емес, сондай-ақ күрделі шығармаларды да оймен қабылдап, ішкі әуенге салып
елестете алады.
Музыкалық есту қаблеті жалпы музыкалық шығармашылықпен айналысу
кезінде, оны қабылдап, орындауды және музыкалық шығармаларды өзі шығарып
шабыттанғанда дамып қалыптасады. Аталған аспектілердің барлығының өзіндік
ерекшеліктері бар. Бұлар бір-бірін толықтыра отырып музыкалық есту қаблетін
дамытуға әсер етеді.
Музыкалық қаблеттіліктің көрсеткіштері:
а) Сезім, жан-тәндік, ойлау т.б. құрылымдарды пайдалана отырып
музыкалық дауыс ырғағын қабылдау. Яғни, В.В.Медушевский сөзімен айтқанда:
Өмірдің әуенін ырғақты түрде ойлап, есту керек.
ә) Дыбыс ырғағы қорын толықтырып байыту мақсатында оқушылар оны
тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылады.
б) Дыбыс ырғағын өзгерте білу (яғни, вальстен маршқа не полькаға көшу
сияқты ауыстырулар).
Музыкалық қызметтің басты феномені (ерекшелігі) – музыкалық әуенді
ойлау болып табылатыны белгілі, оны қалыптастырып дамыту көп жағдайларда
баланың музыкалық қабілетіне әсер етіп отырады.
Музыкалық ойлау психологиялық зерттеулерде нақты психологиялық іс-
әрекет ретінде қарастырылады. Осы арқылы тұлға музыкалық өнерге
бейімделеді. Сондықтан төмендегідей музыкалық ойлаудың қасиеттері көрінеді:
1. Тұлғаның музыкалық туындыларды жетілдіру процесі.
2. Музыкамен қарым-қатынас жасағанда, оны өнердің бір түрі ретінде
қабылдайтын адамның ойлау тәсілінің қалыптасуы.
3. Адамның музыка арқылы қоршаған ортамен қатынасуы.
Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты.
Ойлау арқашанда шығармашылықпен байланысты болады. Музыкалық ойлау мен
музыкалық сөйлеу бір-бірімен байланыса отырып музыкалық сөз арқылы
композитор – орындаушы – тыңдаушы арасында бірлігімен рухани байланыс
қалыптасады.
Музыкалық ойлау қасиетінің бірі – музыкалық тіл. Музыкалық ойлау
заңдылықтарына сәйкес, музыкалық шығармашылықпен айналысу барысында
қоршаған ортадағы болымыс, ақиқат шындық жинақталған музыкалық образға
айналады. Л.А.Мазельдің пікірінше: Музыкалық образ – музыкалық ойдың
негізгі мазмұны мен құрылымдық тұрақтылығы болып табылады.
Музыкалық қаблеттіліктің дамуына әсер ететін, оның негізгі көрсеткіші
– баланың музыкалық әр алуан жанрлық түрлеріне деген сұранысы.
Музыкалық дарынды балалар. Б.М.Теплов бастаған зерттеушілердің
пайымдауынша, балалардың табиғи дарындылығы мен қатар, музыкалық
шығармашылықпен айналыса алатын мүмкіншіліктеріне де байланысты. Музыкалық
қаблеттілікті жан-жақты дамыту үшін құр дарындылық қана емес, музыканың
түрлі жанрын игеріп түсіне білетін музыкалық шығармашылық әрекет те қажет.
Музыкалық дарынды балалардың әундік елестеу мен ойлауды, музыкалық
зейін деңгейін, жад ерекшелігі сияқты т.б. сұраныс қажеттіліктерін
музыкалық шығармашылықпен дамытады.
Музыкалық дарынды балалар көптеген жағдайларда арнайы музыка
мектептерінде, жоғарғы оқу орындары жанындағы колледждерде алты-жеті жыл
оқып кәсіби музыкант болып шығуға мүмкіншіліктері бар.
Музыкалық қаблеттілігінің даму деңгейі төмен оқушылар. Мұндағы
балаларға оқытушы тарапынан ерекше көңіл бөлініп, арнайы жеке дайындық
жүргізуді қажет етеді.
Ол үшін, ұйымдастыру кезінде жұмыстың төмендегідей мазмұны
қарастырылуы керек:
а) барлық оқушылармен бірге жалпы бағдарламамен;
ә) жалпы білім беретін мектептерде арнайы музыкалық бағдарламамен
оқытатын коррекциялық сыныпта;
б) денсаулығының дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы
мектептердегі жасалған музыкалық бағдарламамен оқитын оқушылар.
Аталған топтарға әрқайсысының өзіндік музыкалық оқу-әдістемелік
бағдарламасына сай жұмыстар ұйымдастырылуы қажет.
Креативтілік (шығармашылық қаблет)
Баланың креативтілігі – оның шығармашылық қаблеттілігі, музыкалық іс-
әрекеті нәтижесінде жаңа туынды жасауға талпынысы, шығармашылық бағыты.
Шығармашылық оянушылық – баланың музыкамен айналысқан кезінде дамитын
табиғи форма болып табылады.
Тыңдаушылық әрекеті нәтижесінде музыкалық туындыларды қабылдаудың
көптүрлілік, әрқырлылық сияқты балалардың алғашқы шығармашылық қаблеттілігі
дамып, қалыптасады.
Орындаушылық әрекеті нәтижесінде музыкалық туындыларды саналы түрде
өзінше түсіндіріп-жеткізу, талдай білу қаблеті арта түседі.
Компазиторлық тәжірибесі әрекетінде балалар шығармашылық бастауында
өзіндік музыкалық әсерге бөленіп, музыкалық көркемдікті сезініп алғашқы
шағын музыкалық туындыларын жасауға әрекеттенеді.
Осындай музыкалық әрекеті, қызметі нәтижесенде балалар өнер әлеміне
бойлай еніп, олардың шығармашылық күш-қуаты дамып, музыка өнерінің
құндылығын жан-тәнімен сезініп, сұлулықты түсіне отырып, оны көркем ойлау
жүйесіне айналдырып, музыкалық шығармашылықпен көрсете алады.
Эмпатийлік қаблет
Эмпатийлік қаблет – адамдармен қарым-қатынас негізінде іске асатын
сезімділік, бір-біріне деген ақ көңілділік, шынайлық қасиеттер.
Эмпатийлік музыкалық сабақ үрдісінде диалог арқылы яғни өз-ара тілдесу
кезінде көрініс береді.
ХХ ғасырда музыкалық білім беру педагогикасында эмпатийлік басты
өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені сезімділік, шынайылық, әсерленушілік,
адамгершілік сияқты қасиеттерді дамыту музыкалық педагогиканың негізгі
ұстанымы.
Қорыта айтқанда, баланың музыкалық қаблетін дамытып, аша түсетін, оның
тұлғалық қалыптасуына әсер ететін музыкалық, креотивтік, эмпатийлік
қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл үшеуі – музыкалық қаблеттілікті
әр қырынан дамытып, әсер ететін және бір-бірінен ажырамайтын біртұтас жүйе
деп қарастырған орынды.
3.2 Музыка пәні мұғалімінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты
бейімдеуі
Барлық музыкалық-педагогикалық үрдіс, музыка мұғалімінің бүкіл
шығармашылық іс-әрекеті тек бала тұлғасын қалыптастыруға, оны оқытып,
тәрбиелеуге, музыкамен байланысын дамытуға бағытталуы тиіс.
Қазіргі оқушының жалпы мінездемесі
Әрбір жас ұрпақ жас ерекшелік мінез-құлықтың дамуын сақтай отырып,
мұғалімдер мен ата-аналарға күнделікті жаңа міндеттер мен мақсаттар
жүктейді.
Қазіргі, яғни ХХ ғ. соңы ХХІ ғ. басындағы балалардың мінез-құлықтың
дамуында өткендегімен салыстырғанда өте көп айырмашылықтар байқалады.
Оның бірнеше объктивтік факторлары бар. Соның бірі - әлеуметтік
фактор. Мәселенің түп негізі – жаңа дамып отырған қоғамдық қатынастардың
оқушыларға әсері, қоғамның орасан зор жіктеліске түсуі, әрбір отбасының
материалдық қамтамасыз етілуіндегі айырмашылықтар және олардың әлеуметтік
жай-күйі жайында болып отыр.
Ата-ананың ұзақ уақыт жұмыста болып, қолы босамауы салдарынан баламен
арадағы қарым-қатынас әлсірейді де, оның психологиясында жалғыздық сезімі
қалыптасады. Бұл баланың мінезіне, ішкі жан дүниесіне кері әсерін тигізетін
үлкен қатер. Өйткені баланың ең басты әлеуметтік қажеттілігі тек қана
үлкендермен қарым-қатынас жасау негізінде қанағаттандырылады.
Осындай жағдайларды ескере отырып, музыка пәні мұғалімі оқушылардың
өзін-өзі тани білетін тұлғалық дәрежеге жетуіне көмектесетін жәрдемші
ретінде көрінеді, шығармашылықпен тәрбиелей отырып, құбылмалы қоғамдық
ортада жаңа тұлғалы азаматтық статус алуына көмектеседі.
Бүгінгі оқушылардың ерекшеліктерін айқындайтын негізгі факторлардың
бірі – балалар денсаулығының төмендеуі, қауышты жағдайда нашарлауы болып
табылады.
Ақпараттық деректерге сүйенсек, балалардың 80 – 90 % пайызы әртүрлі
ауырулармен ауырып, зардап шегетін көрінеді, ал сау балалардың пайыздық
көрсеткіші күн санап төмендеуде. Жалпы денсаулығы төмен балалар тез
шаршайды, зейіндік қаблеті шашыраңқы, жұмысқа қаблетсіз, ынтасыз болатын
айқын.
Мұндай факторлар музыка мұғалімінің жұмыс істеуін қиындатады, ұжымдық
жұмыс ырғағын бұзады, сондықтан да осындай жағдайда мұғалімнен ерекше
шеберлікті, сабырлылықты және іздемпаздықты талап етеді.
Қазіргі оқушыларға әсер ететін үшінші фактор – ғылыми-техникалық және
ақпараттық прогресс. Қазіргі таңда әр түрлі ақпарлар, соның ішінде
музыкалық хабарламалар ақпараттық құралдар арқылы өте көп көлемде
таратылуда. Әрине, бұлардың көпшілігі үстірт, жүйесіз, тіпті кейде күмәнді,
сенімсіз күйде жеткізіледі. Осының кесірінен балаларда бәрін де білемін
деген ұғым қалыптасады.
Мұндай теле-радио желілері арқылы немесе әртүрлі музыкалық үнтаспалар
арқылы қабылданған сапасы төмен музыкалық материалдар, жанрлық бірізділік,
көркемдік әсердің жоқтығы сияқты т.б. факторлар оқушылардың музыкалық
қаблетін дамытуға кері әсер етеді.
Төртінші фактор – оқушыны қарқынды түрде (интенсивті) дамыту процесі.
Бұл оқушыларды жинақылыққа өздігінен жұмыс істеуіне, берілген тапсырманы
шығармашылықпен орындауна, қойылған сұрақтарға тыңғылықты, нақты
фактілермен жауап беруіне қалыптастырады.
Қазіргі уақытта міндетті музыкалық білім беру тек қана балалардың
кішкентай кезінен бастап жас өспірім шаққа дейін мерзімін қамтиды.
Осылардың әрқайсысына жеке тоқталсақ.
Бастауыш мектеп жасындағылар
Бастауыш сыныптарда (7 – 10 жастағы балалар) музыкалық сабақты
ұйымдастырғанда олардың дене мүшелерінің қалыптасуы, физиологиялық
өзгерістері өте қарқынды түрде дамитынын басты назарда ұстау керек.
Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетінде төмендегідей ерекшеліктерді
байқауға болады:
- музыкалық тәжірибесі шашыраңқы, қалыптаспағандығы;
- вокалдық-есту қаблетінің төмендігі;
- есту қаблетіне қарағанда көріністік, ойын-сауықтық әсерінің
басымдылығы;
- түрлі-түсті, рахаттық сезімге бейімділігі;
- сезім әрекетінің құбылмалылығы, тез әсерленгіштігі, қызбалылығы;
- өзімшілдік сезімінің үстемдік етуі, естушілік, көру, іс-қимыл
әрекетінде өзін-өзі көрсетуге құштарлығы т.б.
Тағы бір айта кететін мәселе, осы жастағы балалардың ашық та, жарқын
және бейнелі түрде қабылдауы басым болады.
Бастауыш сыныпқа әртүрлі дайындықтағы балалар келеді; кейбіреулері
бала-бақшаға бармаған, енді біреулерінің сыныптастарымен, ұстазбен қарым-
қатынасы төмен болады. Көпшілігі әрбір үйдің бір-бір еркесі сияқты т.б. әр
түрлі факторлар. Мұндай факторлар музыка сабағын жүргізуге кері әсерін де
тигізеді.
Осындай жағдайларды ескере отырып Б.С.Рачина өзінің көп жылдық
тәжірибесі негізінде мынандай қорытынды жасайды:
Ең алдымен, бірінші сынып оқышыларына әрбір дыбыс ырғағын, музыкалық
әуеннің әуезділігін дұрыс тыңдап, қабылдауға үйрету керек.
Екіншіден, оқуға алғаш рет келген балалар музыканың көркемдік мәні мен
мазмұнын қабылдамай, тек оны жалпылама, үстірт түсінеді. Сол себептен
олардың көпшілігі музыканың әсемдік бояуын жан-дүниесімен сезініп түсіне
алмайды.
Үшіншіден, бірінші сынып оқушыларының басым бөлігі музыка тілінің
әліппесін жете түсінбейді (яғни, тыңдау, түсіне білу және музыкалық
шығармашылық әрекетіндегі дыбыс ырғағы, саз, регистр, екпін, динамика,
бояуды қабылдай білу).
Осы айтылғандар мен қатар мынандай ерекшелікті де қаперде ұстау керек.
Яғни, оқушылардың мектепте өткізген өмірінде бейімделу синдромы да (стресс)
қабаттаса жүреді. Бұл синдром, әсіресе, бірінші сынып оқушыларының мектеп
өміріндегі алғашқы алты аптасында анық байқалады. Осы кезде мектеп өміріне
бейімделуі мен қатар оқушылардың функционалдық жүйесінде де өзгерістер жүре
бастайды. Организмдегі осындай өзгеріс олардың мінез-құлқына да әсер етеді.
Түйіндей айтқанда, бастауыш сыныптардағы музыка сабағын ұйымдастыру
кезінде, жоғарыда аталған ерекшеліктер ескеріліп, оқушылардың түрлі
психологиялық жағдайына көңіл аударып, соған сәйкес музыкалық материалдар
дұрыс таңдалынып, оқушылардың музыкалық сұранысы қанағаттандырылып отырса,
музыка сабағы мақсат, міндетіне толық жетеді демекпіз.
Жас өспірім шақ
Жас өспірім жастағы балалардың ерекшеліктерін сипаттай келе, Ю.Б.Әлиев
жас жеткіншек (10-12 жастағылар) және жас өспірім (12-15 жас) балалардың
өзіндік ерекшелігі музыкалық білім беру бағыты тұрғысынан ашып береді.
Зерттеушінің айтуынша, жас жеткіншектер тез шаршауға бейім, сондықтан
оларға музыка пәні мұғалімі әр тұрлі жұмыс формаларын алмастыра отырып,
жұмыс жоспарын мозайкалы жүйемен құру керек. Бұл кезде сабақтың көңіл-кұй
өрісіне бағытталған дұрыс.
Ал енді, жеткіншекерге қарағанда жас өспірімдер күш-қуатының
молдығымен ерекшеленеді. Олар берілген жұмысты құмарлықпен тез әрі жылдам
орындайды. Мұндай кезде жас өспірімдердің басым көпшілігін организімінде
өзгерістер болып жатқанын пән мұғалімі есте ұстау керек. Әсіресе, ән
сабақтарында өте мұқият болғаны жөн. Өйткені жас өспірімдердің дене
құрылысы дамып, бойы өсіп, дауыс шымылдығында өзгерістер жүре бастайды.
Бұның барлығы қалыпты физиологиялық даму. Тағы бір ескеретін жағдай – ұл
баламен қыз баланың физиологиялық дамуы әр басқа: қыз балаларда жеңіл өтсе,
ұлдарда күрделі жүреді, ұл бала мен қыз баланың арасында қарым-қатынасы да
өзгереді.
Қорыта айтқанда, оқушылардың жас өспірім айырмашылықтарын ажырата
біліп, олардың физиологиялық дамуын, мінез-дүниесімен сезе білген мұғалім
ғана оқушылардың музыкалық қажеттіліктерін қанағаттандырып, музыкалық
тәрбие беруде өз мақсатына жететіні күмәнсіз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Музыкалық қаблеттілік деген не, оның көрсеткіші, даму жолы қандай?
2. Музыкалық қаблеттіліктің мәні және құрылымы.
3. Өзіңнің музыкалық қаблеттілігінің ерекшелігін көрсет.
4. Баланың дарындылығы неден көрінеді?
5. Оқушылардың музыкалық ойлауының мәні және оның даму логикасын
сипаттаңыз.
6. Әр түрлі музыкалық әрекетіндегі бала шығармашылығын сипаттаңыз.
7. Эмпатийлік деген не? Музыкалық сабақтарда оның дамуын айтыңыз.
8. Қазіргі оқушының музыкалық дамуының жас ерекшелігін сипаттаңыз.
9.Бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық дамуының жас ерекшелігін
сипаттаңыз.
10.Жас жеткіншектің музыкалық дамуының жас ерекшелігінін сипаттаңыз.
11.Жас жеткіншек пен жас өспірімнің мінез-құлқы қандай, айырмашылығы
неде?
12. Жас өспірім қалай өседі, дене құрылысының өсуін байқап, мінездеме
беріңдер.
IV ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТ – МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
4.1 Музыкалық білім берудің мақсат - міндеттері
Музыкалық білім беру жүйесі, соның ішінде музыка пәнінің сабағын
өткізу төмендегідей құрылымдылық-бөліктерден тұрады: мақсаты, міндеті,
принциптері, мазмұны, әдіс-тәсілдері және түрі.
Қазіргі кездегі музыкалық педагогикада оқушының музыкалық мәдениетінің
жетіліп дамуы, оның жалпы рухани мәдениетінен туындап отырған қасиеттілік
деп қарайды.
Оқушының музыкалық мәдениетінің қалыптастыру үшін Д.Б.Кабалевскийдің
тұжырымы бойынша мынадай мақсаттар болуы тиіс:
- ең алдымен, музыкалық ойлауға, музыкаға қызығушылыққа, эмоциялық
құндылыққа, эстетикалық-көркемдік қатынастарға, музыкалық
шығармашылыққа бағытталған айқын тәрбиелік мақсат керек;
- әр түрлі музыкалық шығармалардан тұратын, түрлі жанр, стильді
қамтитын әлемдік музыкалық мұраларға яғни алтын қорға сүйену керек;
- шебер де парасатты педагогикалық басшылықтың көмегімен оқушының
сезімдік-құндылығын дамытатын музыканы өзгертушілік күшіне сену керек;
- музыканы тыңдау, орындау және өздігінен музыка шығару барысында
балалардың музыкалық ойлауы, шығармашылық потенциалы дамиды.
В.В.Мендушевский өзінің Музыка өнері әдістерімен рухани-өнегелі
тәрбие жүргізу деп аталатын концепциясында, балаларға діни негіздер арқылы
музыкалық тәрбие беруді жаңғырту керек деген тұжырым жасайды.
Л.А.Венгерус концепциясы бойынша оқушыларды музыка мәдениетімен
жақындастыратын әдіс – ұжымдық түрде яғни хормен ән салу.
Оқушылардың музыкалық мәдениетін сипаттай отырып Л.В.Школяр: есту,
көру, сезу, ойлау өнері сияқты негізгі, іргелі қаблеттіліктерді
қалыптастырып алмай баланың, оқышының жаратушы, суретші тәрізді (мұның өзі
рухани мәдениеттің дамуы болып саналады) қалыптасуы мүмкін емес, - деген
ерекше ой түйеді.
Оқушылардың музыкалық мәдениетінің келесі, өзекті мәселелерін зерттей
келе литвалық ұстаз-музыкант А.А.Пиличяускас, музыкалық мәдениетті білім,
бейімділік, дағды негіздеріне сәйкес туындайтын музыкалық қызметтің
қажеттілігі ретінде қарастыруды ұсынады.
Сонымен, баланың музыкалық мәдениетті болуы – оның музыкалық тәрбие
мен білімділігінде.
Музыкалық тәрбиелілігі – көркемдік деңгейі жоғары халықтық,
классикалық, қазіргі өнерге деген эстетикалық-эмоциялық үндесуі, өнермен
қатынас, музыкалық ой-өрісінің қызығушылығы мен әсерінің қалыптасуы.
Музыкалық білім берудің бағыты – музыканы білуі, музыка туралы
түсінігі, дағды мен шеберлігі, оқушының тәжірибешілігінің тереңдігі мен
кеңдігі, музыкаға деген эмоционалды-құндылығы мен музыкалық шығармашылық іс-
әрекетінің тәжірибесі.
Қазақстан Республикасында оқушылардың музыкалық мәдениетін
дамыту үшін музыкалық білім беру жүйесі төмендегідей қажетті шарттармен
қамтамасыз етеді:
- жалпы білім беру мекемелердегі музыка сабағының міндеттілігі;
- сыныптан, мектептен тыс қосымша музыкалық сабақтар ұйымдастыру;
- жоғары және арнаулы – кәсіби оқу орындарында кәсіби-
мамандандырылған музыка мұғалімдерін дайындау;
- музыка мұғалімнің кәсіби деігейлігін жетілдіру мүмкіншілігі;
- оқу-әдістемелік кешенді бағдарлама құру.
Айтылған тұжырымдамалардағы музыкалық білім беру жүйесінің мақсатын
қана айқындап қоймай оның міндеттері, принциптері, мазмұны, әдісі, формасы
сияқты т.б. құрылымдық бағыттарын да айқындап көрсетеді.
Музыкалық білім берудің негізгі мақсаттары
Музыкалық білім берудің негізгі мақсаты баланың музыкалық
тәрбиелілігі, білімділігі мен дамуына бағытталған.
Осы мақсатқа байқайтын мәселелер жатады:
- балаларда мәдениет сезімінің, көркем эмпатиясының, музыканы сезінуі,
сүйспеншілігінің дамуы;
- өнер туындыларына эмоция-эстетикалық шығармашылығының үндесуі;
- ұдайы форма мен жанр жағынан біртума музыка өнеріне: халықтық,
классикалық, қазіргі музыкамен балаларды таныстыру;
- оқушылардың музыка жөнінде білімін артыру процесіне педагогикалық
басшылық жасай білу;
- тыңдарман, орындаушы, композитор қызметіндегі оқушылардың
музыкалық-шығармашылық қаблетін, дағдысын, икемділігін арттыру;
- оқушылардың музыкалық эстетикалық сезімін, қабылдауын, ақыл-ойын
тәрбиелеу;
- жоғары көркемдік деңгейдегі музыкамен қатынас қажеттілігін дамыту;
- оқушыларға музыка арқылы оның арттерапевтік әсерін дамыту;
- оқышылардың өзіндік білім алуына мақсатты түрде бағыттау.
4.2 Музыкалық білім берудің принциптері
Музыкалық білім берудің мақсаты мен міндеттерінің мәні, мазмұны мен
үрдісінің маңызын ашып көрсететін маңызды компоненттерінің бірі – музыкалық
білім берудің принциптері.
Музыкалық білім беру принциптері музыка мұғалімі ұстанымының
төмендегідей бағыттарын белгілеп береді:
1. Музыкалық білім берудегі гуманистік, эстетикалық, өнегелі бағыттары
мынадай принциптермен іске асады:
- рухани өмірдегі музыкалық өнердің көпқырлы байланыстарын
айқындау;
- музыканың эстетикалық құндылықтарын ашу;
- музыканың баланы эстетикалық, өнегелік, көркемдік тұрғыдан
дамытатын ерекше мүмкіншіліктерін мойындау;
- музыкалық өнерді жалпы тарихи контексте және өнердің басқа
түрлерімен байланыстыра зерттеу;
- музыка өнерінің жоғарғы көркемдік үлгілеріне бағытталу;
- баланың өнермен қарым-қатынасындағы өзіндік құндылығын мойындау.
2. Музыкалық білім берудегі музыкатану бағытының принциптері:
- оқушылармен музыка өнерін халықтық, академиялық (классикалық және
қазіргі жаңа), рухани (діни) музыкаларымен бірлікте, біртұтас өнер ретіне
сүйене отырып оқыту;
- музыканы зерттеуінде, оның дыбыс ырғағына, жанрына және стилдік
ерекшеліктеріне сүйену;
- оқушылар музыканы тыңдау, орындау және музыка шығару әрекетінде
олардың музыка өнерімен бірге тыныстап, өмір сүріп жатқан сезімін ашып
көрсету.
3. Музыкалық-психологиялық бағыттың принциптері:
- музыкалық білім беру процесін оқушының тұлғалық қалыптасуына,
музыкалық қаблетін дамытуға жұмылдыру;
- оқушыларды музыкалық қызметтің әр түрін меңгеруге бағыттау;
- балада музыкалық шығармашылықтың түрлі көріністерінің пайда бола
бастауын көре білу;
- музыкадағы және музыкалық білім берудегі арттерапевтік
мүмкіншіліктерді қолдану.
4. Педагогикалық бағыттың принциптері:
- оқушыларды музыкаға тәрбиелеу, оқыту және дамытудың біртұтастығы;
- музыкалық сабақты ұйымдастырудың қызықтырушылығы, бірізділігі,
жүйелілігі, ғылымилығы;
- музыкалы-педагогикалық мақсат-міндеттердің диалектикалық байланысы;
- музыкалық-шығармашылық процесіндегі музыкалық сабақтардың сипаттық
ұқсастыруы.
Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық-педагогикалық концепциялық негізгі
принциптері мынандай:
1. Музыкалық сабаққа балалардың қызығушылығын қалыптастыру;
2. Музыкалық сабақты баланың рухани дамуына қарай бағыттау;
3. Музыкалық білім беру үрдісінде музыка мен өмірді байланыстыру;
4. Балаларды үлкен музыкалық өнер әлеміне бойлату;
5. Тақырыптық бағдарлама жүйесі;
6. Сауаттылықтың мағынасы;
7. Музыканы баланың шығармашылық дамуына бағыттау.
8. Негізі ретіндегі музыкалық шығармашылықтың барлық түрі мен
музыкалық тәрбие - музыканы қабылдау негізі екенін түсіну.
Л.В.Горюнованың еңбектерінде екі принцип ұсынады:
1. Біртұтастылық принциті;
2. Бейнелілік принципі.
Л.В.Школярдің жетекшілігімен жасалған музыка пәнінің оқу
бағдарламасында төменгідей принциптер ұсынылады:
1. Музыканы мектепте тірі көркем өнер ретінде оқыту;
2. Баланы өнердің философиялық-эстетикалық мәніне дейін жоғарлату;
3. Өнердің табиғаты мен оның заңдылықтарына бойлай ену;
4. Көркем-шығармашылық үрдісін өңдеу;
5. Өнерді шығармашылықпен меңгеру.
Г.П.Сергеева жетекшілігімен жасалған музыка пәнінің бағдарламасында
келесі принциптерді атайды:
1. Әуестілік;
2. Композитор – орындаушы – тыңдаушы іс-әрекетінің тұтастылығы;
3. Теңдігі мен қарама-қарсылығы;
4. Дауыс ырғақтылығы;
5. Отандық музыка мәдениетіне сүйену.
Ю.Б.Алиевтің балаларға музыкалық тәрбие беру концепциясы негізіндегі
ұсынған принциптері:
1. Тәрбиелеп оқыту;
2. Музыкалық сабақтың өмірмен байланысы;
3. Музыкалық білім берудегі сезімдік және танымдық бірлік;
4. Музыкалық білімберудегі көркемдік және техникалық тұтастық;
5. Негізгі дидактикалық принциптер.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқушының музыкалық мәдениеттілігі – музыкалық білім берудің мақсаты
екендігін сипаттаңыз.
2. Музыкалық білім берудің негізгі мақсаттарын атаңыз.
3. Музыкалық білім берудің қандай міндеттері бар?
4. Музыкалық білім берудің Д.Б.Кабалевскийдің тұжырымдамасы қандай?
5. Музыкалық білім берудің негізгі принциптерін атаңыз.
6. Д.Б.Кабалевскийдің еңгізген концепциясын атаңыз.
V ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
5.1 Оқушылардың музыкалық өнерге деген эмоциялды - құндылықтық
қатынастығының тәжірибесі
Оқушылардың музыкалық өнерге деген сезімдік-құндылықты қатынасы
оларды музыканы таңдауы, қызығушылығы, музыкаға немесе музыкалық басқа
әрекеттерді ұнатуы негізінде пайда болады. Негізінен мұндай сезімдік-
құндылықтар музыкалық тәжірибе жинауда, яғни музыкамен айналысу, оны
тыңдау, орындау барысында біртендеп іске асады. Бұл әрекет неғұрлым сәтті
жүрсе, баланың эмпатийлік және музыкалық дамуы жоғары болады. Сезімдік-
құндылықты тәжірибенің жинақталуына музыкалық білім берудің мазмұны басты
рөл атқаратынын есте ұстау керек.
Музыкалық туындыларды қабылдау негізіндегі сезімнің қалыптасуы
эстетикалық әсерленушілік процесі арқылы жүзеге асады.
Музыкалық әсерленушілік – континуальді, яғни үздіксіз, бөлінбейтін
процесс, бұл тек қана рухани сусындау емес, сондай-ақ, жан-ләззәтіне
бөлейтін процесс.
Қазіргі таңда, музыкалық-педагогикалық ортада, музыкалық
әсерленушіліктің оқушыны музыка өнеріне бейімдеудегі сезімдік-
құндылықтардың тәжірибелік қатынасы арқылы іске асатынын дәлелдеп
көрсетеді.
Оқушының музыкаға деген сезімдік құндылықтарының қалыптасуы кезінде,
музыка өнерінің тұлғалық дамуына психологиялық, соның ішінде арттерапевтік
әсер ететін мүмкіндігін жоғары екенін ұмытпаған жөн.
5.2 Музыкалық білім
Музыкалық білім беру үрдісінде жинақтаған білімді екі топқа бөлуге
болады: музыканың өзі туралы білім, музыка туралы білімі.
Музыканың өзі туралы білімі
Балаға музыкалық білім бергенде ұстанатын ең бірінші мәселе - сол
музыканың өзін таныту. Баланың музыкалық білімі бар ма соған ден қойған
дұрыс. Оның музыкалық әсер ету қоры ұлғайған сайын, соғұрлым музыка әлеміне
жақындай түседі. Сондықтан оқушының дабыстық-есту қорына халықтық,
академиялық, рухани, қазіргі жаңа үлгідегі музыкалырдың барлығы кіргені
жөн.
Музыка туралы білім
Музыка туралы білім баланың музыка әлеміне енуі үшін өте қажет және де
ол музыканы танытатын бірден-бір құралы болып табылады. Музыка туралы
білімнің ішіндегі ең бастысы – музыка теориясының білімі. Бұл негізінен
дыбыстық, жанрлық, музыка өнерінің стилдін негіздерін қоса қамтиды.
Музыка өнеріндегі дыбыс ырғағы табиғатын білу – оқушының музыкалық
білім алудағы басты және негізгі білімі болып табылады. Музыкалық дыбыс
ырғағын айқындаушы, бейнелеуші болуы мүмкін; сөйлеу ырғағымен ортақтағы
және айырмашылық қасиеті де бар; онда шығарманың өн бойындағы сезімдік-
бейнелеушілік (эмоционально-художественный) сәулеленуі де көрініс береді.
Музыкалық жанр туралы білім оқушыларды музыканың әлеуметтік мәнін және
оның қоғамда өмір сүру формаларын танып-білуге қалыптастырады. Музыка
жанрларын оқыту ауқымына ән, би, марш және күй, опера, балет, симфония,
концерт, соната, романс, прелюдия, ноктюрн, баллада, сюита және тағы басқа
музыка өнерінің, халықтық музыка өнерінің негізгі жанрлары түгел қамтылады.
Баланың әртүрлі жанрларды біліп-тануы музыка өнері мен оның жеке өмірлік
тәжірибесі арасындағы байланысты нығайтады, жандандырады.
5.3 Музыкалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz