Техникалық жағдайдың қозғалтқыш майының жұмсалу қарқындылығына тигізетін әсері
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
ӘОЖ 656.13 Қолжазба түрінде
Аралбай Асқар Талғатұлы
Автокөлік кәсіпорындарының қозғалтқыш майларына деген қажеттіліктерін пайдалану жағдайларын ескере отырып жоспарлау әдістемесін жасау
7М07130-Көлік, көліктік техника және технологиялар
Техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация
Ғылыми жетекші
т.ғ.к., профессор Пернебеков С.С.
Шымкент, 2021
АҢДАТПА
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қозғалтқыштарға арналған майлар автокөлік құралдарының ұзақ мерзімділігі мен пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Жалпы алғанда қозғалтқыштардың ресурстары қозғалтқыш майларының сапасы мен оларды ауыстыру мерзімділігінің шамасына байланысты болады. Сондықтан да қозғалтқыш майларын дұрыс таңдау мен оларды автокөлік кәісіпорындарына уақтылы жеткізу техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар көлеміне тәуелді.
Қазіргі кезде қозғалтқыш майларының жұмсалу шығындарын нормалаудың көлік құралдарын техникалық пайдалану саласында кеңінен қолданылып жүрген жүйесі жоспарлы жұмсалу шығындары көлемін автокөлік кәсіпорындарындағы көлік құралдары тарапынан жалпы пайдаланылған жанармай көлемінің белгілі бір үлесі бойынша анықтауды қарастырады. Бұл жүйенің басты артықшылығы оның қарапайымдылығында болғанына қарамастан, оның бірқатар кемшіліктері де бар екендігі белгілі. Атап айтқанда, қозғалтқыш майларының шығындарына көлік құралдарын пайдалану жағдайларының тигізетін әсері ескерілмейді. Сонымен қатар, кейбір мәнбірлердің жанармай шығындары мен қозғалтқыш майларының жұмсалу шығындарына әртүрлі әсер ететіндігі белгілі. Осылардың нәтижесінде қозғалтқыш майларының, жоғарыда атап өтілген тәсілдеме бойынша анықталатын есептік шығындары нақты шығындардан біршама алшақ болуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, кәсіпорындағы май қорларының шамадан тыс артуына немесе оның жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Тиісінше қозғалтқыш майларын сатып алу, оларды сақтау шығындары артады немесе автокөлік қозғалтқыштарының ұзақ мерзімділігі төмендейді, жөндеу шығындарының көлемі артады.
Қазақстан Республикасының аумағының өте үлкен болуына байланысты еліміздің әртүрлі аудандары үшін жыл бойындағы климаттық жағдайлардың айтарлықтар өзгерістері тән құбылыс. Мысалы, солтүстік аймақтарда ауа температурасы -400С--500С шамасында болса, оңтүстік аудандарда оның шамасы +500С шамасына дейін жетеді. Бұл ретте мына жағдайда атап өткен дұрыс. Сыртқы қоршаған ортаның температурасы қозғалтқыштың суыту сұйықтықтары мен майлау майларының температураларына тікелей әсер етеді және майлардың тұтқырлығына да айтарлықтай әсер етеді. Аталған процесстер майлардың шығындарының жұмсалу қарқындылықтары шамасының үлкен көлемде ауытқуларына алып келеді.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты. Ғылыми зерттеудің басты мақсаты - автокөлік құралдарын пайдалану тиімділігін қозғалтқыш майларының жұмсалу нормалары түзету әдістемесін жасау және автокөлік кәсіпорындарының қозғалтқыш майларына деген қажеттіліктерін жоспарлауды пайдалану жағдайлары пайдалану қарқындылығының түрленуін есепке ала отырып жетілдіру арқылы арттыру.
Зерттеу тақырыбы ретінде көлік құралдарының қозғалтқыш майларына деген сұраныстарының, сыртқы қоршаған орта температурасын, автокөлік құралдарының орташа техникалық қозғалыс жылдамдықтарын және қозғалтқыштардың жұмыс істеу мерзімін ескеретін қалыптастырылу заңдылықтары қабылданған.
Зерттеу нысаны ретінде автокөлік кәсіпорындарының қозғалтқыш майларына деген қажеттіліктерін пайдаланудың айнымалы жағдайларында қалыптастыру процессі алынған.
Зерттеу әдістемесі мен тәсілдері. Теориялық зерттеулердің қағидаларын негіздеу мен тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін өңдеу процессі барысында талдау мен сараптау, жүйелік тәсілдеме, статистикалық талдау, регрессивтік талдау мен математикалық үлгілеу тәсілдері мен әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығын, магистерлік диссертацияны қорғауға шығарылатын мына мәселелер анықтайды:
қозғалтқыш майларының жұмсалу қарқындылығына әсер етуші анықталған мәнбірлер, соның ішінде қозғалтқыштардың пайдалану басынан бергі жұмыс істеу уақытымен қатар, ауаның маусым бойынша өзгеріп отыратын температурасы, автокөлік құралдарының орташа техникалық жылдамдығы;
автомобильдерді пайдалану барысындағы қозғалтқыш майларының жұмсалу көлемін құраушылар бойынша қалыптастыратын, пайдалану қарқындылығының әркелкілігінің майларды ауыстыру мерзімінің өзгерістеріне тигізетін әсерін, сонымен қатар ауа температурасы мен орташа техникалық жылдамдық шамаларының қозғалтқыш майларын қосымша құю көлемінің өзгерістеріне тигізетін әсерін ескеретін белгіленген заңдылықтар;
жоғарыда атап өтілген мәнбірлердің қозғалтқыш майларының жұмсалу шамасына тигізетін әсерінің дайындалған бірмәнбірлік математикалық үлгісі, сонымен қатар олардың бірлесіп тигізетін әсерін анықтаушы көпмәнбірлі үлгі.
Жұмыс нәтижелерін пайдалану. Магистрлік диссертацияны орындау барысында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері, атап айтқанда ұсынылып отырған әдістемелік ұсыныстардың практикалық маңызы жоғары және олар Қазақстан Республикасындағы және сонымен қатар ТМД елдерінің көліктік қызмет көрсету мекемелері тарапынан қолданысқа ие болуы мүмкін.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланылымдар. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша 2 ғылыми жұмыс жарияланған.
Кілтті сөздер - автокөлік құралдары, автокөлік құралдарын техникалық пайдалану, іштен жану қозғалтқыштары, қозғалтқыш майлары, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, пайдалану мерзімі, майларды ауыстыру, майларды ауыстырудың оңтайлы мерзімі.
АННОТАЦИЯ
Актуальность темы исследования. Моторные масла играют важную роль в обеспече - нии долговечности и эффективности автомобилей. От качества масел и перио - дичности их замены зависит ресурс двигателей. Поэтому от правильного подбо - ра и своевременной поставки моторных масел зависят затраты на техническое обслуживание и ремонт.
Используемая в настоящее время система нормирования расхода моторно - го масла предусматривает определение планового расхода в долях от количества израсходованного топлива. Наряду с достоинством такой системы, заключаю - щемся в ее простоте, она имеет и ряд недостатков. В частности, недостаточно учитывается влияние условий эксплуатации на расход масла. Кроме того, неко - торые факторы по-разному влияют на расход топлива и расход масла. В резуль - тате расчетный расход масла, определённый по действующей методике, может существенно отличаться от фактического. Это ведет к увеличению запасов масла или его недостатку. Соответственно увеличиваются затраты на приобретение, хранение масла или снижается долговечность двигателей, растут затраты на ре - монт.
В связи с огромной террриторией Республики Казахстан, для большей части территории нашей страны характерно существенное изменение климатических условий в течение года. Так, в северных районах температура воздуха может изменяться -40ºС-50ºС, а в южных районах его величина может дойти до +50ºС. При этом необходимо отметить следующее. Температура окружающей среды влияет на темпера - туру охлаждающей жидкости и температуру масла в поддоне картера, вызывая изменение его вязкости. Эти процессы вызывают значительную вариацию ин - тенсивности расходования масла.
Планирование расхода масла на замену осуществляется исходя из произ - водственной программы по техническому обслуживанию. При этом не учитывается, что в связи с вариаци - ей в течение года интенсивности эксплуатации автомобилей поток требований на техническе обслуживание меняется по времени, вызывая изменение потребности в масле.
Таким образом, существует требующая решения актуальная проблема планирования потребности в моторном масле с учетом вариации условий экс - плуатации и уменьшения на этой основе стоимости оборотных фондов.
Цель научных исследований - повышение эффективности использования автотранспортных средств путем разработки методики корректирования норм расхода моторного масла и совершенствования планирования потребности в нем автотранспортных предприятий с учетом вариации интенсивности и условий эксплуатации.
Тема исследования - закономерности формирования потребности автотранспортных предприятий в моторном масле, учитывающие влияния темпе - ратуры воздуха, средней технической скорости автомобиля и наработки двигателя.
Объект исследования - процесс формирования потребности автотранспортных предприятий в моторном масле при переменных условиях эксплуата - ции.
Методы и способы исследования. В процессе обоснования положений теоретических исследований и обработки данных экспериментальных исследований были использованы методы и приемы анализа и синтеза, системного подхода, статистического анализа, регрессионного анализа и математического моделирования.
Научная новизна исследования заключается в том, что:
выявленные факторы, влияющие на интенсивность расходования моторного масла, в число которых входит не только наработка двигателя с начала эксплуатации, но и меняющиеся сезонно температура воздуха, средняя техниче - ская скорость автомобилей;
установленные закономерности, формирующие расход моторного масла по компонентам при эксплуатации автомобилей, учитывающие влияние неравномерности интенсивности эксплуатации на вариацию потребности в заменах, а также изменения температуры воздуха и средней технической скорости автомо - билей на вариацию потребности в доливах масла;
разработанные однофакторные математические модели влияния перечисленных факторов на интенсивность расходования моторного масла, а также многофакторная модель, учитывающая их совместное влияние;
разработанная имитационная модель формирования расхода моторного масла при эксплуатации автомобилей, позволяющая определять расход масла автомобилями при эксплуатации в переменных условиях, а также планировать периодичности и объемы поставок.
Использование результатов работы. Основные результаты научно-исследовательских работ проведенных в ходе выполнения магистерской диссертации, а именно предложенные методические рекомендации имеют большое практическое значение и они могут успешно применяться организациями, оказывающими транспортные услуги Республики Казахстан и стран Содружества Независимых Государств.
Публикации по теме диссертации. По теме магистерской диссертации опубликована 1 научная работа.
Ключевые слова - автотранспортные средства, техническая эксплуатация автотранспортных средств, двигатели внутреннего сгорания, моторные масла, техническое обслуживание, текущий ремонт, срок эксплуатации, замена масел, оптимальный срок замены.
ABSTRACT
Relevance of the research topic. Engine oils play an important role in ensuring the durability and efficiency of vehicles. The engine life depends on the quality of oils and the frequency of their replacement. Therefore, maintenance and repair costs depend on the correct selection and timely delivery of engine oils.
The currently used system for rationing the consumption of engine oil provides for the determination of the planned consumption in fractions of the amount of fuel consumed. Along with the advantage of such a system, which lies in its simplicity, it also has a number of disadvantages. In particular, the influence of operating conditions on oil consumption is not sufficiently taken into account. In addition, some factors affect fuel consumption and oil consumption in different ways. As a result, the estimated oil consumption determined according to the current method may differ significantly from the actual one. This leads to an increase in oil reserves or a lack of it. Accordingly, the cost of purchasing, storing oil increases or the durability of engines decreases, and the cost of repairs increases.
Due to the vast territory of the Republic of Kazakhstan, most of the territory of our country is characterized by a significant change in climatic conditions during the year. So, in the northern regions the air temperature can vary from -40°C to 50°C, and in the southern regions its value can reach + 50°C. The following should be noted. The ambient temperature affects the coolant temperature and the oil sump temperature, causing a change in its viscosity. These processes cause significant variation in the rate of oil consumption.
Oil change planning is carried out based on the production maintenance program. At the same time, it is not taken into account that due to the variation in the intensity of vehicle operation during the year, the flow of requirements for maintenance changes over time, causing a change in the demand for oil.
Thus, there is an urgent problem of planning the need for engine oil, which requires a solution, taking into account the variation of operating conditions and a decrease in the cost of working capital on this basis.
The purpose of scientific research is to increase the efficiency of using motor vehicles by developing a methodology for adjusting the rates of engine oil consumption and improving the planning of the need for it by motor transport enterprises, taking into account the variation in intensity and operating conditions.
The topic of the research is the regularities of the formation of the demand of motor transport enterprises in motor oil, taking into account the influence of air temperature, average technical speed of the vehicle and engine operating time.
The object of the research is the process of forming the demand of motor transport enterprises in motor oil under variable operating conditions.
Research methods and methods. In the process of substantiating the provisions of theoretical studies and processing data from experimental studies, methods and techniques of analysis and synthesis, a systematic approach, statistical analysis, regression analysis and mathematical modeling were used.
The scientific novelty of the research lies in the fact that:
- the identified factors affecting the rate of consumption of engine oil, which include not only engine operating time since the beginning of operation, but also seasonally changing air temperature, average technical speed of vehicles;
- established patterns that form the consumption of engine oil by components during vehicle operation, taking into account the effect of uneven operation intensity on the variation in the need for replacements, as well as changes in air temperature and average technical speed of vehicles on the variation in the need for oil topping;
- developed one-factor mathematical models of the influence of the listed factors on the intensity of consumption of engine oil, as well as a multifactor model that takes into account their combined effect;
- a developed simulation model of the formation of engine oil consumption during vehicle operation, which allows to determine oil consumption by vehicles during operation in variable conditions, as well as to plan the frequency and volume of supplies.
Using the results of work. The main results of research work carried out during the implementation of the master's thesis, namely, the proposed methodological recommendations are of great practical importance and they can be successfully applied by organizations that provide transport services in the Republic of Kazakhstan and the countries of the Commonwealth of Independent States.
Publications on the topic of the dissertation. 1 scientific work has been published on the topic of the master's thesis.
KEY WORDS - motor vehicles, technical operation of motor vehicles, internal combustion engines, engine oils, maintenance, routine repair, service life, oil change, optimal replacement period.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13
1
Қозғалтқыш майларына деген қажеттіліктіерді анықтау мәселесінің қазіргі жағдайын талдау ... ...
16
1.1
Автомобиль көлігінде қозғалтқыш майларын пайдаланумен байланысты проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
1.2
Қозғалтқыш майларының жұмсалу шығындарының негізгі құраушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
17
1.3
Қозғалтқыш майларының жұмсалу қарқындылығына әсер етуші негізгі мәнбірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
1.3.1
Қозғалтқыш майларының шығындарына әсер етуші мәнбірлерді жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
21
1.3.2
Техникалық жағдайдың қозғалтқыш майының жұмсалу қарқындылығына тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
1.3.3
Сыртқы қоршаған орта температурасының әсері ... ... ... ... ... ... ... ...
24
1.3.4
Қозғалтқыштың жұмыс режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24
1.4
Автомобиль көлігіндегі қажетті ресурстармен жабдықтау жүйесі ...
25
1.4.1
Ресурстар қажеттілігіне әсер етуші мәнбірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
1.4.2
Қозғалтқыш майының шығынын нормалау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... .
29
1.4.3
Қозғалтқыш майларының қажеттіліктерін жоспарлау тәсілдері ... ...
30
1.5
Бірінші тарау бойынша қорытындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
33
2
ҚозғалтқыШ майларына деген қажеттіліктерді анықтау бойынша теориялық зерттеулер ... ... ... ... ... ..
35
2.1
Ғылыми зерттеудің жалпы әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
35
2.2
Зерттеулер мақсатын негіздеу. Мақсаттық функцияны қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
37
2.3
Қозғалтқыш майларының жұмсалу қарқындылығына әсер етуші мәнбірлерді іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
39
2.4
Зерттелуші жүйені сәйкестендіру немесе идентификациялау ... ... ...
45
2.5
Ауа температурасының қозғалтқыш майлары шығындары қарқындылығына тигізетін әсерінің үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
47
2.6
Қозғалтқыштың пайдалану басынан бергі жұмыс уақытының майлардың жұмсалу қарқындылығына тигізетін әсерінің үлгісі ... ...
50
2.7
Автомобильдің қозғалыс жылдамдығының қозғалтқыш майының жұмсалу қарқындылығына әсерінің үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
52
2.8
Пайдалану жағдайларының қозғалтқыш майлары шығындары қарқындылығына әсерінің көпмәнбірлі үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
55
2.9
Зерттелуші жүйенің еліктемелік үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
56
2.10
Екінші тарау бойынша қорытындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
59
3
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ МЕН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ... ... ..
60
3.1
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолданудың әдіснмамалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
60
3.1.1
Мақсаттық функцияны қалыптастыру барысындағы жекелеген жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
60
3.1.2
Қозғалтқыш майының сақтық қоры көлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
62
3.2
Қозғалтқыш майларының шығындарын автокөліктердің пайдалану жағдайларының түрленулерін ескере отырып нормалау әдістемесі ..
63
3.3
Қозғалтқыш майларына деген қажеттіліктерді автомобильдердің пайдалану жағдайларының түрленуін ескере отырып жоспарлау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
67
3.4
Май шығындарын үлгілеуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
69
3.5
Зерттеу нәтижелерін пайдалану тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ...
77
3.6
Үшінші тарау бойынша қорытындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
80
ҚорытындыЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
83
Нормативтік сілтемелер
Магистрлік диссертацияда келесідей стандарттарға сілтемелер жасалынған:
ГОСТ 18322-78. Система технического обслуживания и ремонта тех - ники. Термины и определения. - Введ. 15.11.1978. - М.: Издательство стандартов, 1991. - 15 с.
ГОСТ Р 51105-97. Топлива для двигателей внутреннего сгорания. Неэтилированный бензин. Технические условия.
ГОСТ 14846-81. Двигатели автомобильные. Методы стендовых испытаний.
ГОСТ 25866-83. Эксплуатация техники. Термины и определения [Текст]. - Введ.01.01.1990. - М.: Издательство стандартов, 1989. - 5 с.
ГОСТ Р 27.0012009. Надежность в технике. Система управления надежностью. Основные положения [Текст]. - Введ.15.12.2009. - М.: Стандар-тинформ, 2010. - 9 с.ГОСТ 17.1.3.05-82. Охрана природы. Гидросфера. Общие требования к охране поверхностных и подземных вод от загрязнения нефтью и нефтепродуктами.
ГОСТ 17.0.0.01-76 Охрана природы. Гидросфера. Система стандартов в области охраны природы и улучшения использования природных ресурсов. Основные положения Госстандарт СССР, 1976.
ГОСТ 17.1.3.05-82 Охрана природы. Гидросфера. Общие требования к охране поверхностных и подземных вод от загрязнения нефтью и нефтепродуктами Госстандарт СССР, 1981.
ГОСТ 16350-80. Климат СССР. Районирование и статистические па - раметры климатических факторов для технических целей [Текст]. - Введ. 01.07.1981. - М.: Издательство стандартов, 1985. - 149 с.
ГОСТ 8.207-76. Прямые измерения с многократными наблюдениями. Методы обработки результатов наблюдений. Основные положения [Текст]. - Введ. 01.01.1977. Переиздание - апрель 2006. - М.: Стандартинформ, 2006. - 7 с.
Анықтамалар
Магистрлік диссертацияда келесідей терминдер мен анықтамалар пайдаланылған:
Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарының жылжымалы құрамын техникалық тұрғыдан қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге және осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар мен әртүрлі техникалық әсер етулер (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу) кешенi;
Автомобиль көлiгi - белгіленген функциялық қызметтері шеңберінде автокөлiк құралдарының жылжымалы құрамы мен тиіті инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, жолаушыларды, олардың қол жүктерін, әртүрлі жүктер мен пошта жөнелтілімдерін сапалы тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын ел экономикасының бір саласы;
Автомобиль көлігінің инфрақұрылымдары - негізгі тасымалдау процесінің үзіліссіздігін, сонымен қатар автокөлік құралдарының жылжымалы құрамын техникалық тұрғыдан қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылыстар (автовокзал, автобекет, жолаушыларға әртүрлі қызмет көрсету бекеттері, жүктік терминалдар, автокөлік құралдары жылжымалы құрамына техникалық қызметтер түрлерін көрсету және оларды жөндеу бойынша құрылымдар (шеберханалар), автокөлік құралдарын сақтау орындары және т.с.с.) кешені;
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы - әртүрлі жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустар мен шағын автобустарды, троллейбустарды, автомобильдердің арнайы тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жалғасатын жартылай тіркемелерді, сонымен қатар арнайы белгіленген автомокөлік құралдарын (арнайы жүктердің белгілі бір түрлерін ерекше сипатта тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, негізінен көлік құралдарына арналмаған ерекше жұмыстарды орындауға бағытталған) қамтитын, автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы құрамына кіретін бір бірлігі;
Автомобильдер күшімен тасымалдау - әртүрлі сипаттағы автомобиль жолдары көмегімен автокөлiк құралдары түрлері көмегімен жүзеге асырылатын арнайы тасымалдаулар, соның ішінде жолаушыларды, қол жүктерін, әртүрлі жүктер және пошталық әртүрлі жөнелтілімдердің тасымалы;
Көліктік қызмет көрсету немесе арнайы сервистік орталық (шеберхана) - көлік құралдарына арнайы технкиалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу, сонымен қатар көлік құралдарына тахографтарды орнату мен аталған тахографтарға арнайы қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
Өкiлеттi мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, көліктегі салалық үйлестіруді іске асыратын орталық мемлекеттік атқарушы орган.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы;
КҚ - көлік құралы;
КА - көлік ағыны;
ІЖҚ - іштен жану қозғалтқыштары;
АТП - автомобильдерді техникалық пайдалану;
ТКҚ - техникалық қызмет көрсету;
АЖ - ағымдағы жөндеу;
КЖ - күрделі жөндеу;
МҚК - маусымдық қызмет көрсету;
1-ТҚК - бірінші техникалық қызмет көрсету;
2-ТҚК - екінші техникалық қызмет көрсету;
ЖҚБ - жанармай құю бекеттері
Кіріспе

Қазіргі кезде қозғалтқыш майларының жұмсалу шығындарын нормалаудың көлік құралдарын техникалық пайдалану саласында кеңінен қолданылып жүрген жүйесі жоспарлы жұмсалу шығындары көлемін автокөлік кәсіпорындарындағы көлік құралдары тарапынан жалпы пайдаланылған жанармай көлемінің белгілі бір үлесі бойынша анықтауды қарастырады. Бұл жүйенің басты артықшылығы оның қарапайымдылығында болғанына қарамастан, оның бірқатар кемшіліктері де бар екендігі белгілі. Атап айтқанда, қозғалтқыш майларының шығындарына көлік құралдарын пайдалану жағдайларының тигізетін әсері ескерілмейді. Сонымен қатар, кейбір мәнбірлердің жанармай шығындары мен қозғалтқыш майларының жұмсалу шығындарына әртүрлі әсер ететіндігі белгілі. Осылардың нәтижесінде қозғалтқыш майларының, жоғарыда атап өтілген тәсілдеме бойынша анықталатын есептік шығындары нақты шығындардан біршама алшақ болуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, кәсіпорындағы май қорларының шамадан тыс артуына немесе оның жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Тиісінше қозғалтқыш майларын сатып алу, оларды сақтау шығындары артады немесе автокөлік қозғалтқыштарының ұзақ мерзіміділігі төмендейді, жөндеу шығындарының көлемі артады.

Автокөлік кәсіпорынының қажеттіліктеріне қажетті қозғалтқыш майларының көлемін жоспарлау техникалық қызмет көрсету бойынша өндірістік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ бұл ретте мына мәселе ескерілмейді: автокөлік құралдарының жыл бойы пайдалану қарқындылығының өзгеріп отыруына байланысты техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға берілетін талаптар ағындары уақыт бойынша өзгеріп отырады және сол себептен майларға деген қажеттілік немесе сұраныстар мөлшері де өзгеріске ұшырайды.
Осылайша, автокөлік кәсіпорындарының қозғалтқыш майларына деген сұраныстарын пайдалану қарқындылықтарының түрленуін және соның негізінде айналым қорларының құнының төмендеуін есепке ала отырып жоспарлаудың шешімін табуы тиіс өзекті проблемасы бар екендігі анықталды.

Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру үшін мына міндеттерді шешу қарастырылған:
қозғалтқыш майларының жұмсалу қарқындылығына әсер етуші мәнбірлерді анықтау;
автомобильдерді пайдалану барысында қозғалтқыш майларының шығындарының мөлшерін қалыптастырушы заңдылықтарды белгілеу;
негізгі мәнбірлердің қозғалтқыш майларының жұмсалу қарқындылығынн тигізетін әсерінің математикалық үлгілерін дайындау;
автокөлік кәсіпорындарының қозғалтқыш майларына деген сұраныстарын автокөлік құралдарын пайдалану жағдайларын ескере отырып жоспарлау әдістемесін жасау және оның тиімділігін бағалау.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеудің теориялық маңызы автокөлік құралдарын әртүрлі ауыспалы жағдайларда пайдалану барысындағы қозғалтқыш майларының шығындарын қалыптастыру заңдылықтарын белгілеу мен олардың көлемін анықтау үлгілерін дайындауда жатыр.
Жұмыстың практикалық маңызы автокөлік кәсіпорындарының қозғалтқыш майларына деген сұраныстарын пайдалану жағдайларының өзгерістерін ескере отырып және солардың негізінде айнымалы қорлардың бағасын төмендету негізінде, жоспарлау әдістемесін дайындауда жатыр.
Зерттеудің ғылыми жаңалығына, магистерлік диссертацияны қорғауға шығарылатын мына мәселелер анықтайды:

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның негізгі мәтіні 92 бетте баяндалған, құрамында 25 сурет, 10 кесте бар.
Қозғалтқыш майларына деген қажеттіліктерді анықтау мәселесінің қазіргі жағдайын талдау
1.1 Автомобиль көлігінде қозғалтқыш майларын пайдаланумен байланысты проблемалар
Автомобиль көлігі - мемлекеттің көлік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, оның үлесіне тасымалдаулардың басым бөлігі тиесілі екендігі белгілі. Автомобиль көлігін кеңінен пайдалану оның басқа көлік түрлерімен салыстырғандағы бірқатар артықшылықтарымен байланысты. Бірақ сонымен қатар оған бірқатар кемшіліктер мен келеңсіздіктер де тиесілі екендігі мәлім. Солардың бірі ретінде тасымалдаулардың жоғарғы өзіндік құны мен ресурстарды пайдалану көлемінің жоғарылығын атауға болады [29, 54, 55, 56, 74, 108]. Автокөлік құралдарын пайдалану барысында пайдаланылатын ресурстар арасынан жұмсалатын шығындар көлемі бойынша бірінші орында жанар-жағар майлар тұрғандығын ескеру керек [19]. Мысалы, ресейлік ғалым А.В..Вознесенскийдің деректері бойынша [26], олардың үлесіне барлық шығындардың жартысына жуығы тиесілі (1.1-кесте).
1.1-кесте - Автомобильдерді пайдалану барысында ресурстарға жұмсалатын шығындардың таралуы
№
Ресурстардың түрлері
Шығындар үлесі
Жанар және жағар майлар
0,42
Доңғалақтар
0,32
Электр энергиясы
0,07
Жылу энергиясы
0,07
Басқа да ресурстар мен материалдар
0,11
Сақтау шығындары
0,01
Барлығы
1,00
Бұл ретте қозғалтқыш майларының нормативтік жұмсалу шығындарын (жалпы жұмсалған жанармайдың 2,5-4,0 %) [105] және жағар майлардың нарықтық бағаларын (300-5000 теңгел) ескеретін болсақ, онда қозғалтқыш майларының шығындары автокөліктерді пайдалануға жұмсалатын барлық ресурстардың барлық шығындарының 2-4 пайызын құрайтындығын белгілеуге болады. Мысалы, жылдық жалпы жүріс шамасы 50 мың шақырымды құрайтын КамАЗ-5520 автокөлігінің жұмысы кезіндегі қозғалтқыш майларының шығындары шамамен 140-150 мың теңгені құрайды. Ірі автокөлік кәсіпорындары үшін қозғалтқыш майларының жылдық шығындары бірнеше, тіпті ондаған миллион теңгені құрауы мүмкін. Сондықтан, қозғалтқыш майларының шығындарын азайту проблемасы өте өзекті мәселе болып табылады, ал ол проблеманы шешу автокөлік құралдарын пайдалану шығындарын азайтуға және оларды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қозғалтқыш майларын пайдалану көлемін төмендету проблемалары әртүрлі салаларда шешіледі: автокөлік құралдарын жобалау мен оларды жасау; майлардың жаңа түрлерін жасау; автокөлік құралдарын пайдалану саласында; материалдық ресурстармен қамтамасыз ету саласында. Жоғарыда атап өтілген әрбір салада аталған проблеманы жекелей шешу бірқатар ортақ мәмілелермен тікелей байланысты болады.
Мысалы, автомобиль қозғалтқыштарын жобалау барысында, бір жағынан майлардың жұмсалу шығындары көлемін азайту қажет, ол үшін цилиндрлер қабырғаларындағы май қабатының қалыңдығын азайту қажет, екінші жағынан, аталған май қабатының қалыңдығын азайту, өз кезегінде, үйкеліс күштерінің шамаларының артуына алып келеді, сонымен қатар соған байланысты жанармай шығындары көлемі артады және цилиндр-поршень тобы элементтерінің тозу қарқындылығы жоғарылайды [132, 139].
Қозғалтқыштарға арналған майларды жасау мен оларды өндіру саласында олардың қызмет ету мерзімін бірнеше есе жоғарылатуға мүмкіндік беретін технологиялар жасалған, бірақ мұндай технологияларды қолдану тиісінше дайын өнімдерді қолдану көлемін төмендетуге алып келеді, тиісінше өндірушілердің табыстары азаяды, сондықтан өндірушілер ондай технологияларды өндіріске енгізуге мүдделі емес [97].
Көлік құралдарын пайдалану саласында да бірқатар мәмілелер орын алады:
майларды ауыстыру мерзімділігін арттыру және соған сәйкес майларға жұмсалатын шығындар көлемін қысқарту - қозғалтқыштардың ресурстарын кеміту және жөндеу шығындарын арттыру;
қозғалтқыштардың ресурстарын арттыру мақсатында сапасы жоғары майларды таңдау - майларды сатып алу шығындарының көлемін арттыру;
қозғалтқыштардың жөндеу аралық жүрген жол шамасын, қозғалтқыш майларының жұмсалуын төмендету мақсатындағы, азайту - жөндеу шығындарын арттыру.
Қозғалтқыш майларымен қамтамасыз ету мен оларды сақтау, қажетті қорды жинақтау саласында қозғалтқыш майларының қажеттілігін қамтамасыз ету сенімділігі мен майлардың қорын сақтау шығындары арасындағы мәміле негізінде майларды алмастыру мерзімі мен оларды жеткізу көлемін анықтау міндеті шешіледі.
1.2 Қозғалтқыш майларының жұмсалу шығындарының негізгі құраушылары
Автокөлік құралдарына арналған қозғалтқыш майлары іштен жану қозғалтқыштарының жұмысын қамтамасыз етуде негізгі орынға ие, олар мына төмендегілерді қамтамасыз етеді [23, 121]:
қозғалтқыш бөлшектерінің бөлшектері арасындағы үйкелісті және тозу қарқындылығын төмендету;
цилиндр-поршень тобының элементтері арасындағы саңылауларды бекіту;
бөлшектерді суыту, тозу қалдықтарын үйкеліс аймақтарынан алып кету;
бөлшек беттерін тат басудан қорғау;
бөлшектер беттерінде әртүрлі күйе қалдықтарының, тозу қалдықтарының жиналуына жол бермеу және т.с.с.
Аталған қызметтерді тиімді орындау үшін қозғалтқыш майлары бірқатар қасиеттерге ие болады: тұтқырлық-температуралық; тозуға қарсы; жуу; жинақтаушы; таттануға қарсы; тотығуға қарсы; энергия үнемдеуші [23, 24, 32, 44, 80, 121]. Бұл қасиеттер қозғалтқыштардың жұмыс ресурстары мен қозғалтқыш майларының жұмсалу көлемін анықтайды және автокөлік құралдарының пайдалану тиімділігін қалыптастырады.
Қозғалтқыш майларының жұмсалу көлемі келесі екі құраушылардан тұрады: жоспарлы техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезіндегі майларды алмастыру шығындары; қозғалтқыштардың жұмыс процесі барысындағы шығындар. Екінші құраушы өз кезегінде келесілерден құралады:
майдың қозғалтқыштың саңылаулы жалғасу немесе қосылу орындарынан сыртқа қарай ағып кетуі;
майдың жану камерасына поршень мен гильза арасындағы саңылау арқылы келіп түсуі салдарынан немесе орын алуынан пайда болатын жану;
майлардың қозғалтқыш картерінен булануы, картерді желдету жүйесі арқылы орын алатын шығындар;
майлардың турбокомпрессор немесе пневмокомпрессор салдарынан орын алатын шығындары (олар бар болған жағдайларда).
Ал қозғалтқыш майларының алмастыру мақсатындағы шығындары мыналармен анықталады:
май картерінің көлемі;
алмастыру мерзімділігі;
автокөлікті пайдалану қарқындылығы.
Техникалық пайдалану саласы тұрғысынан автомобильдердің нақты түрлері мен үлгілері үшін олардың картерлері көлемі тұрақты шама болып табылады. Жаңа қозғалтқыштарды жасау мен оларды өндіріске енгізу барысында мыналар ескерілуі керек - майлардың көлемі төмендеген жағдайларда олардың ескіру процессі тезделеді, жану қалдықтарының жинақталу процесінің қарқындылығы жоғарылайды және қозғалтқыштың тозуы жылдамдайды. Ал картер көлемін арттырған жағдайда оны алмастыру кезінде төгіліп алынатын май көлемі артады [23].
Жалпы қозғалтқыш майларын алмастыру мерзімі сол қозғалтқыштың құрылысының (жұмыс процесі, майларды суыту мен тазалау жүйелері және т.с.с) жетілдірілуімен, майдың сапасымен, сонымен қатар автокөлік құралдарын пайдалану жағдайларымен байланысты болады. Майларды алмастыру - оларға техникалық қызмет көрсету операцияларының бірі. Оны алмастыру мерзімі автокөлік құралын жасап шығарушы кәсіпорын тарапынан белгіленеді және оған пайдалану жағдайларына байланысты түзету енгізіледі. Мысалы, Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу Ережелеріне [112] сәйкес техникалық қызмет көрсету жұмыстарының орындалу мерзімділігі пайдалану жағдайлары санаты мен климаттық ауданға байланысты түзетіледі. Ресейлік ғалым А.А.Петелиннің зерттеулері бойынша майларды алмастыру мерзіміне маусымдық жағдайларға байланысты түзету енгізу ұсынылса [110], ал В.В.Ефимовтың еңбектерінде [49] арнайы көлік құралдарының майларын алмастыру мерзімдеріне түзету енгізу әдістемесі ұсынылған.
Осылайша, техникалық қызмет көрсету мерзімі көлік құралдарын пайдалану жағдайларына тәуелді болғандықтан, оларға ауыстырылуға тиісті майлар шығындары да байланысты болады. Автокөлік құралдарын пайдалану қарқындылығы, өз кезегінде, бірқатар мәнбірлерге тәуелді болып табылады.
Өзінің қалыптасқан тұтынушылар тобы бар нақты бір көлік кәсіпорыны үшін техникалық пайдалану қарқындылығы үш құраушы негізінде анықталады [48, 57]:
L=Lорт+Lмау+Lкез , (1.1)
мұндағы Lорт - салыстырмалы түрдегі ұзақ уақыт аралығы үшін пайдаланудың орташа қарқындылығының өзгеруі;
Lмау - маусымдық немесе мерзімдік құраушы;
Lкез - кездойсоқ құраушы.
Алғашқы құраушы автокөлік құралдарының пайдалану басынан бергі мерзімдегі жүрілген жол шамасына тәуелді болып келеді: істен шығу оқиғаларының көлік құралдарының жұмыс мерзімінің артуымен жоғарылауы салдарынан сол көлік құралдарының жөндеу жұмыстарында бос тұру уақыттарының шамасы да артады, және пайдалану қарқындылығы төмендейді. Мысалы, ресейлік ғалым В.А.Щетинннің мәліметтері бойынша [131] КамАЗ жүк көліктерінің орташа жылдық жүрістерінің уақыт бойынша алынған шамасы келесі үлгі бойынша бейнеленуі мүмкін:
Lжыл=75∙exp-0,05T , (1.2)
мұндағы T - көлік құралдарын пайдалану мерзімі.
Көлік құралдарын пайдалану қарқындылығының маусымдық немесе мерзімдік өзгерістері өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы жұмыстардың маусымдық сипатымен, көлік жүргізушілерінің демалыс кезеңімен, автомобильдердің жыл ішіндегі пайдалану жағдайларының, бірінші кезекте жол жағдайларының, өзгеруімен байланысты болады [48, 57]. Маусымдық құраушыны бейнелеу үшін гармония саны 2-5 аралығындағы гармониялық қатарды пайдалану ұсынылады: [57]:
Lмау=k=1gLkcosmkTi-Tk , (1.3)
мұндағы k - гармония номері;
g - гармония саны;
Lk - k гармониясының жартылай амплитудасы;
m - Ti және Ti+1 арасындағы градуспен алынған аралық шамасы;
Tk - тербелістердің бастапқы фазасы, ай есебімен алынған.
Мысалы, ресейлік ғалым В.В.Аникеевтің мәліметтері бойынша, көлік құралдарының орташа айлық пайдалану қарқындылығының өзгеру сипаты келесі үлгі бойынша бейнеленеді [12]:
L=2,50+1,55cos30Т-2,08+0,63cos30Т-1 1,07++ 0,30cos30Т-5,38 , (1.4)
Осылайша, қозғалтқыш майларының ауыстыру мақсатындағы шығындарының пайдалану қарқындылығына тәуелді екендігін ескере отырып, аталған қозғалтқыш майларына деген сұраныстар көлемінің пайдалану қарқындылығының тиісті құраушыларының заңдылықтарына жақын заңдылықтар бойынша өзгеретіндігін атап өту керек.
Майлардың шығындарының екінші құраушысын - қозғалтқыштардың жұмыс процессі барысындағы шығындар көлемін екі топқа бөлуге болады: қозғалтқыштан тыс шығындар (тығыз емес саңылаулар арқылы ағып кету) және қозғалтқыш ішіндегі шығындар (булану, күю және т.с.с.).
Қозғалтқыштар құрылысын, әртүрлі нығыздағыштардың жасалынған материалдары мен олардың құрылыстарын жетілдіру қазіргі уақытта алғашқы құраушыны айтарықтай дәрежеде төмендетті. Сонымен қатар, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету технологияларына сәйкес қозғалтқыш майларының және басқа да арнайы майлардың және сұйықтықтардың ағып кетуіне немесе олардың ағып тұруына жол берілмейді [4].
Осылайша, майлардың шығындарының екінші құраушысына жіті көңіл бөлу керек - майлардың қозғалтқыш ішіндегі шығындарының маңызы жоғары. Майлардың әртүрлі буланулар салдарынан орын алатын шығындары Б.О.Лебедевтің мәліметтері бойынша [92] негізінен картердегі май температурасына тәуелді болады және оның мөлшерін арнайы тоңазытқыш қондырғыны пайдалану арқылы азайтуға болады.
Дизельдік қозғалтқыштардағы майлардың шығындарының негізгі бөлігі жанумен немесе күюмен байланысты болады. Мысалы, бұл шығындардың үлес салмағы75-85 пайызға дейін жетуі мүмкін [92], ал тағы бір ғылыми әдебиеттерде келтірілген мәліметтер де осыған ұқсас болып отыр [93, 103]. Аталған шығындардың үлесі негізінен үш құраушыдан тұрады:
майдың клапан өзегі мен төлке арасындағы саңылау арқылы өтіп кетуі;
майлардың жану камерасына поршень мен гильза арасындағы саңылау салдарынан өтуі;
майлардың цилиндр гильзалары қабырғаларындағы булануы.
Алғашқы құраушы әртүрлі мәліметтер бойынша барлық күю шығындарының төрттен біріне дейін жетуі мүмкін [42, 62, 134]. Сонымен бір мезетте, басқа да зерттеушілердің еңбектерінде келтірілген мәліметтер бойынша, атап айтқанда А.Б.Канищев бойынша [63] бұл құраушының үлес салмағы төмен. Шындығында да, заманауи қозғалтқыштарда клапандар мен төлкелердің құрылыстары, сонымен қатар нығыздаушы құрылмалардың құрылыстары майлардың жану камерасына түсу проблемасын барынша шешкен деп есептеуге болады. Аталған себеп бойынша орын алатын май шығындары көлемі тек қана клапан өзегі мен төлке арасындағы саңылау шамасының, нығыздаушының тозуы немесе істен шығуы себебінен, үлкен болуы салдарынан байқалуы мүмкін. Б.О.Лебедевтің пікірінше бұл құраушы екінші дәрежелі мәнге ие [92].
Ал басқа екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz