Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Кафедра Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру
SYLLABUS
Пәннің атауы Инклюзивті білім беру
Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған
Құрастырған: Г. С. Мухиева, оқытушы, магистр
Орал, 2021 ж.
Syllabus Инклюзивті білім беру пәнінің 2021 жылғы жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленді
(атауы, бекітілген жылы)
Кафедра мәжілісінде қаралды
Хаттама № « 10 » 09 2021 ж.
Кафедра меңгерушісі: Д. Г. Хабиева
(қолы, ТАӘ)
Пікір беруші:
Г. А. Ергалиева п. ғ. к., доцент
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
1 Пән туралы мәліметтер:
Кредит
5
Курс
3, 4
Семестр
6, 8
КТ
Дәріс (сағаты)
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
СОӨЖ (сағаты)
СӨЖ (сағаты)
Барлық сағаттар
150
Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидалары және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отырған кедергілерін жою, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- Студенттерге инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базаларымен және философиялық, әліснамалық негіздерін ұғындыру;
- Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзіреттіліктерінің деңгейін көтеру;
- Инклюзивті тәжірибе жағдайында білім беру ұйымдарының әдістемелік, басқару жұмыстарымен таныстыру;
- Инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету моделдері туралы түсініктер қалыптастыру;
- Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұғындыру;
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беруге біріктіру туралы ғылыми-практикалық көзқарастарын қарастыру;
- Курс бойынша теориялық және практикалық материалдарды қабылдау және түсінуге қажетті негізгі ұғымдық аппаратын меңгеру.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
- Игерген дағдыларын кәсіби қызметте қолдануға қабілетті;
- Ерекше білімді қажет ететін балаларға және олардың ата-аналарына/заңды өкілдеріне психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге қабілетті;
- Психологиялық-ағартушылық, кеңес беру қызметін сапалы ұйымдастыруға қабілетті.
(Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- инклюзивті білім берудің басты мақсаты мен ұғымдарын;
- инклюзивті білім берудегі педагогика мен психологияның категориялық аппаратын;
- инклюзивті білім берудің қағидалары;
- инклюзивті білім берудің басты отандық және шетелдік тұжырымдамаларын;
- инклюзивті білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;
- инклюзивті білім берудің заманауи инновациялық және авторлық білім беру тұжырымдамаларын;
- инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен тәрбиедегі жалпы сұрақтар, психологиялық-педагогикалық қолдау;
- білім берудің психологиялық - педагогикалық практикасындағы инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін.
- мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуді.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеру;
- студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралай алу;
- жаңа идеяларды тез жасай алуы.
Игерілетін дағдылар:
- инклюзивті білім берудегі көкейкесті мәселені таңдай білу дағдысын қалыптастыру жолдарын;
- коммуникативік дағдыларды меңгеру;
- әдістемелік, тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;
- шығармашылық белсенділік дағдыларын меңгеру;
- сыни тұрғыда ойлау дағдыларын меңгеру;
- өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын.
Қалыптасатын құзыреттер:
Әлеуметтік және коммуникативтік құзыреттіліктер: э мпирикалық зерттеулер жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті, қиын өмірлік жағдайда қалған балалармен, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру жұмыстарын жүргізу қабілеті; оқушылардың ата-аналары мен педагогтардың білім беру үдерісіне қатысушы ретінде өзара іс-қимылын ұйымдастыра білу; әлеуметтік-педагогикалық ағартушылық қызметті ұйымдастыру қабілеті; әлеуметтік-педагогикалық түзету және терапия шараларын ұйымдастыра білу; әлеуметтендіру процесінде ауытқушылығы бар балалардың түрлі категорияларымен жұмыс істеу әдістемесі мен технологиясын меңгеру, мүгедек балалармен және олардың ата-аналарымен әлеуметтік-педагогикалық диагностика, түзету және кеңес беру қызметі туралы түсінікке ие болу.
Ұйымдастыру құзыреті: кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды қолдануға дайын екендігін көрсете білу; мақсатты болжауды, жоспарлауды, талдауды, рефлексия, оқу-танымдық іс-әрекетті өзін-өзі бағалауды және өнімді іс-әрекеттің креативті дағдыларын ұйымдастырудың білімі мен іскерліктерін меңгерген; білім беру процесінде балаларды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің дамыту бағдарламаларын және оқыту қиындықтары бар балаларға арналған түзету-дамыту бағдарламаларын жасай білу; әлеуметтік-педагогикалық интеграция саласындағы білімді, әртүрлі пәндік облыстардан проблемалық міндеттерді шешуде білімді интеграциялау іскерліктер мен дағдыларын игере отырып, ынтымақтастыққа қабілетті болады; менеджмент негізінде оқу орындарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару дағдыларын, оқушылар ұжымын ұйымдастыру және басқару дағдыларын меңгерген; білім беру жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық қызметтерінде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру және бағалауға, кәсіптік оқыту және пенитенциарлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруға және бағалауға қабілетті;
Әлеуметтік-этикалық құзыреттер:
Әлеуметтік-педагогикалық білім беру, әлеуметтік тәрбие және әлеуметтік-педагогикалық білім беру стратегиясын әзірлеу мақсаттары мен міндеттерін түсінуге құзыретті; пәндік, әлеуметтік-педагогикалық, әдістемелік білім, білік және дағды жүйесін меңгереді, оның кәсіби қызметінің қалыптасуын анықтайтын, педагогикалық қарым-қатынас және жеке тұлғаның белгілі бір құндылықтарды, идеалдар мен педагогикалық сананы тасымалдаушы ретінде қалыптасуы; «қатер» тобындағы балалар мен жасөспірімдерді қолдай алады: балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-тұлғалық дамуының тұжырымдамалары мен теориялық қағидаларын, әртүрлі жас кезеңдерінде даму ерекшеліктерін қолдана алады; әлеуметтік-педагогикалық және сараптамалық зерттеулер жүргізуге, кәсіптік және білім беру қызметінің базалық рәсімдерін іске асыруға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс істеуде білімдік және кәсіби әрекетін жүзеге асыра білуге қабілетті; арнайы мектеп және интернат жағдайында салалар бойынша дефектология негіздері, арнайы педагогика бойынша білімін қолдана алады; инклюзивті білім туралы түсінікке ие, инклюзивті білім беру саласында нормативтік-заңнамалық базаны қолдана алады
Кәсіби құзыреттер:
Мектепте жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіптік этика қағидаларын сақтайды (әлеуметтік педагогтың кәсіби этика кодексі) ; белгілі бір сала шеңберінде кәсібиліктің қызмет құрылымын сипаттай алады (кәсіпқойдың портреті), инклюзивтік білім беру жағдайында кәсіби қызметтің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын болжай алады, талдайды және бағалайды, өзін-өзі ұйымдастыру мен үздіксіз білім алуға қабілетті, мәселелерді тауып, өңдей білуге, анықтап, шеше білуге қабілетті; ғылыми зерттеуді ұйымдастыру қағидаларын түсінеді және меңгереді, ғылыми білімге қол жеткізуге және құруға қабілетті; өз жұмысының нәтижелерін жақсартуға дайын, жеке тұлғалық ерекшеліктерін және кәсіби-психологиялық әлеуетін пайдалану есебінен еңбек тиімділігін арттырады; жоғары жетістіктерге (шыңдарға) жету жолында іс-әрекет барысында жеке тұлғаның шығармашылық потенциалын өз бетінше жүзеге асыра алады, шығармашылық психология саласындағы білімді, шығармашылық қызметтің теориялық негіздерін, кәсіби қызметті қайта құру шеберлігі мен дағдыларын игереді, авторлық жаңашыл идеяларды іске асырады, сыни ойлауға қабілетті; отбасы және балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша кеңес бере алады; жас ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-диагностикалық әдістемелерді даму дағдарыстарын және қауіп факторларын, гендерлік, этникалық, кәсіби және басқа да әлеуметтік топтарға жататынын ескере отырып қолдана алады; төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек тәсілдерін, қорғау әдістерін қолдана алады, дағдарыс және экстремалды жағдайларда адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсете біледі; түзету және оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруда дидактикалық тәсілдерді қолдана алады.
Пререквизиттер: «Педагогика», «Психология», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Оқушылардың даму физиологиясы»
Постреквизиттер : Кәсіби педагогикалық практика
2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары: Мухиева Гульмира Сейтмуханбетовна, 8-747-262-92-19, mgs-94@mail. ru
3 Курстың саясаты: Пәнді меңгеру дәрістерге, практикалық және зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатысуды, сондай-ақ студенттің өзіндік жұмысын қарастырады.
Өзіндік жұмыс теориялық курсқа енбеген немесе қысқаша қарастырылған дәрістік сабақтарға қатысты сұрақтарды теориялық зерделеуді қамтиды, ұсынылған әдебиет бойынша тереңдетілген пысықтау.
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы тереңдете оқытудан және дәрістік сабақтардың тақырыптарын бекітуден тұрады. СОӨЖ сабақтары үшін студент тақырып материалдары бойынша дайындалады және қойылған сұрақтарға жауап береді. Студент әдістемелік нұсқауларды қолдана отырып оқу тапсырмаларын өзбетті орындау барысында зерттеушілік дағдыларын дамытады.
Ерекше білімді қажет ететін студенттердің жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріле отырып, арнайы қолжетімді формада әзірленген аудио- және бейне-материалдармен, презентациямен, мәтінмен сүйемелденген тапсырмаларды орындай алады.
Дәлелді себеппен сабақтан қалған жағдайда (тиісті анықтамалармен расталған), студент жіберілген материалды тапсыра алады.
Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша, тесттер бойынша сынау түрінде өткізіледі және 100 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Емтихан тестілеу түрінде өткізіледі.
4 Пәннің құрылымы мен мазмұны
Тақырыбы: Инклюзивті білім беру пәні, критерийлер мен көрсеткіштері, компоненттері. Инклюзивті білім беру моделі
Әдістері: түсіндіру, ассоциация, мәтінмен жұмыс
Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Әдістері: ауызша, кесте толтыру
Тақырыбы: Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағдайлар
Әдістері: түсіндіру, «Кесте-синтез» стратегиясы, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білімді қажет ететін балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.
Әдістері: ауызша, ішінара ізденіс, талдау жүргізу
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу
Әдістері: түсіндіру, Ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы:
Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету
Әдістері: пікірталас
Тақырыбы: Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Әдістері: түсіндіру, «Кесте-синтез» стратегиясы, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы: Сенсорлық бұзылысы бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Әдістері: эвристикалық талдау
Тақырыбы: Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.
Әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, Инсерт әдісі
Тақырыбы: Зияты зақымдалған балаларды оқыту ерекшеліктері
Әдістері: «Екі жақты күнделік»
Тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Әдістері: түсіндіру, «Кесте-синтез» стратегиясы, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы:
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды оқыту ерекшеліктері
Әдістері: РАФТ стратегиясы
Тақырыбы: Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды оқыту ерекшеліктері
Әдістері: «Екі жақты күнделік»
Тақырыбы:
Жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарына кеңес беруге арналған ақпараттық материалдарды құрастыру
Тақырыбы: Психикалық дамуы тежелген балаларды балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Әдістері: түсіндіру, ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы: Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту ерекшеліктері
Әдістері: дөңгелек үстел
Тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары
Әдістері: түсіндіру, «+, -, қызықты» әдісі, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы: Бала мен отбасына жалпы білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
Әдістері: пікір алмасу
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу
Тақырыбы:
Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету
Тақырыбы: Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері
Әдістері: түсіндіру, Ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ЕБҚЕ балалар, мүгедектігі бар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту.
Әдістері: РАФТ стратегиясы
Тақырыбы: Жалпы білім беру мектептерінде ерекше білімді қажет ететін балаларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру
Әдістері: түсіндіру, Инсерт әдісі, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы:
Жалпы білім беру мектептерінде ереркше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін мамандар Әдістері: РАФТ стратегиясы
Тақырыбы:
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметке қосу
Тақырыбы:
Инклюзивті білім беру жағдайында тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға көмек көрсету
Тақырыбы: Психолого-медико-педагигкалық консилиумның (ПМПк) қызметін ұйымдастыру.
Әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, аудио материалды талдау, Инсерт әдісі
Тақырыбы: Психолого-медико-педагогикалық консилиум (ПМПк) қызметі
Әдістері:
дөңгелек үстел, жағдаяттар талдау
Тақырыбы:
Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.
Тақырыбы:
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру
Тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін балалардың отбасында білім алу жағдайы.
Әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, Инсерт әдісі
Тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпы міндетті жүзеге асыру шарттары
Әдістері: жоба
Тақырыбы:
Инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнын басқару
Әдістері: пікірталас
Тақырыбы: ҚР мен шет мемлекеттердегі инклюзивті білім берудің салыстырмалы талдауы.
Әдістері: түсіндіру, Ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу
Тақырыбы:
Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама Әдістері:
эвристикалық талдау
Тақырыбы:
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар
5. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі:
- http://www. edu. gov. kz/ru - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты
- http://www. special-edu. kz/ - сайт Национального научно-практического центра коррекционной педагогики (ННПЦ КП)
- http://www. un. org/russian/documen/declarat/salamanka. pdf
- Логопедия. Методическое наследие. Пособие для логопедов и студентов дефектологических факультетов педагогических вузов. В 5 книгах. Книга 2; Владос - Москва, 2003. - 432 c.
- Нарушения письменной речи у младших школьников; Феникс - Москва, 2008. - 224 c.
- Олигофренопедагогика; Дрофа - Москва, 2009. - 400 c.
- Олигофренопедагогика; Академия - Москва, 2011. - 336 c.
- Специальная (коррекционная) дошкольная педагогика; Владос - Москва, 2010. - 320 c.
- Варенова Т. В. Коррекция развития детей с особыми образовательными потребностями; Форум - Москва, 2012. - 272 c.
- Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики. Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения. Учебное пособие для ВУЗов; Владос - Москва, 2000. - 240 c.
- Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009г
- Бгажнокова И. М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции перспективы развития» Дефектология 2004ж
- Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000
- Саламан Декларациясы ЮНЕСКО 1994 ж
- Ж. Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011
- К. Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? // Мектептегі психология, 2010
- Мангутова Б. Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. // Психология, социология, дефектология, 2009
- Дзюбаева Т. В., Бердалина А. У., Хафизова К. М. Особенности обучения вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010 г.
- Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010
- Ә. Ермағамбет. // «Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы». // Дефектология, 2008
- Лебединская К. С, Никольская О. С Дефектологичские проблемы раннего детского аутизма. //Дефектология, 1988, №2.
- Намазбаева Ж. И. ., Сарсенбаева Л. О. Специальная психология. Алматы. 1995
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Жигорева М. В. Дети с комплексными нарушениями в развитии. Педагогическая помощь; Академия-Москва, 2008. -240c.
- 368 c
2. Кащенко В. П. Педагогическая коррекция; Академия - Москва, 2010. - 304 c.
3. Коняева Н. П., Никандрова Т. С. Воспитание детей с нарушениями интеллектуального развития; Владос - Москва, 2010. - 200 c.
4. Лаврова Е. В. Логопедия. Основы фонопедии; В. Секачев - Москва, 2013. - 184 c.
5. Лалаева Р. И. Логопедия. Методическое наследие. В 5 книгах. Книга 4. Нарушения письменной речи. Дислексия. Дисграфия; Владос - Москва, 2007. - 304 c.
6. Микляева Н. В., Микляева Ю. В. Дошкольная педагогика. Теоретико-методические основы коррекционной педагогики; Владос - Москва, 2008. - 264 c.
7. Неретина Т. Г. Специальная педагогика и коррекционная психология; Флинта, МПСИ - Москва, 2010. - 376 c.
8. Никуленко Т. Г., Самыгин С. И. Коррекционная педагогика. 100 экзаменационных ответов; Феникс, МарТ - Москва, 2010. - 192 c.
9. Степанова О. А., Вайнер М. Э., Чутко Н. Я. Методика игры с коррекционно-развивающими технологиями; Академия - Москва, 2003. - 272 c.
10. Хватцев М. Е. Логопедия. В 2 книгах. Книга 2; Владос-Пресс, КДУ - Москва, 2013. - 294 c.
11. Хитрюк В. В. Основы дефектологии; Издательство Гревцова - Москва, 2009. - 280 c.
12. Шипицына Л. М., Мамайчук И. И. Психология детей с нарушениями функций опорно-двигательного аппарата; Владос - Москва, 2004. - 368 c.
Мультимедиялық материалдар, электронды оқулықтар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz