Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Психологиялық-педагогикалық және арнайы беру білім кафедрасы
7М01101 - Педагогика және психология
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамыту
Орындаушы__________________________ _____________ Базархан Б.Б.
Ғылыми жетекшісі
П.ғ.к., доцент_____________________________ _________ Тоғайбаева А.К.
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
П.ғ.к., профессор ___________________________________ Туребаева К. Ж.
___ ______________ 2023 ж.
Ақтөбе
2023 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУДЫ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ ... ..
1.1
Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың теориялық талдануы ... .
6
1.2
Инновациялық білім беру, болашақ педагог-психолог, креативті дамыту ұғымдарының мәні, құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
2
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ ПСИХОЛОГТЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1
Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмысының жүргізілуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
2.2
Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық өзгерістер бұрын қатаң бақыланатын білім беру жүйесінің ыдырауына алып келуде. Бұл өз кезегінде техника мен басқарудың жаңалықтары педагогикалық теория мен практикаға да әсер етті. Әлеуметтік өмірдің өсіп келе жатқан талаптарын қанағаттандыру үшін инновациялық білім қажет болатыны белгілі.
Осыған байланысты жоғары оқу орындарының басым міндеттерінің бірі ресурстық базаны нығайту, ғылыми білім беру қызметінің практикалық құрамдас бөлігін дамытуға негізделген білім беру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытуда қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" заңында көрсетілгендей қазіргі таңда шығармашылыққа, оқыту оқыту мен тәрбиелеу бойынша авторлық әдістемелер дайындап, оларды қолданысқа енгізуге, ол бойынша әлдеқайда әдістерді жетілдіруге баса назар аударылуда [1].
Көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың, атап айтатын болсақ Бейсенбаева А.А., Жампеисова К.К., Хан Н.Н., Беркімбаев К.М., Нугусова А.Н., Мухамбетжанова С.Т., Әбдіғаппарова У.М., Нәрікбаева Л.М., Мұратбаева Г.А. сынды отандық және Зеер Э.Ф., Оруджев З.А., Маркова А.К., Маркина Л.Н., Хмель Н.В. және басқа да ғалымдардың зерттеу жұмыстарында болашақ мамандық иелерін кәсіби мансабына даярлау тұлғаның кәсіби қалыптасу кезеңдерінің басты негізі болып табылатындығы атап көрсетілген [2,3].
Алайда, нақты білім беру тәжірибесінде болашақ педагог-психологтың кретивтілігін тиімді дамыту үшін тиісті әрі тиімді жағдайлар әрдайым қарастырыла бермейді. Белгілі педагог ғалымдар Қ.С.Айбатыров пен М.А.Байбатырова өз еңбектерінде дәстүрлі білім беру жүйесі дамып келеді, жаңа жүйеге көшті дегенімен, ал мәні бойынша өзінің мазмұны, нысандары мен құралдары, білім алушының жеке басының креативтілігін (шығармашылығын, талантын) дамытудың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтінін атап көрсетеді[4].
Психологтың, сонымен қатар мамандық иесінің кәсіби мансабының барысының педагогикалық және психологиялық көріністері Абрамова Г.С., Битянова М.Р., Вачкова И.В., Дубровина И.В., Исаева Н.И., Красило А.И., Новгородцева А.П., Романова Е.С., Рубцов В.В., Фридман Л.М. сынды және басқа да әрі психолог, әрі педагог ғалымдардың зерттеулерінде ашылады. Жалпы аталған мәселе бойынша жазылған зерттеулердің саны аз, тіпті саусақпен санарлықтай десе де болады[3].
Білім берудегі инновация - бұл күрделі үдеріс, оған әсер ететін көптеген факторлардың ішінде ең бастысы ретінде оқытушы екені белгілі. Инновацияның сәтті жүзеге асуы оқытушының инновацияға деген көзқарасына, оларды игеруге қатысуына, шығармашылық белсенділігіне байланысты. Оқытушының жеке басы, оның кәсіби қабілеттері, шығармашылық инновациялық қызметке қарай икемделуі К.Ангеловский, В.И.Загвязинский, Зимняя Н.А., Зазюн И.А., Кан-Калик В.А., Кузьмина Н.В., Маркова А.К., Митина Л.М., Никандров Н.Д., Подымова Л.С., Рогов Е.И., Сластенин В.А., Станкин М.Ы., сынды өзге ел ғалымдарының зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан [5].
Білім алушылардың креативлігін қалыптастыру мәселесін келесі аталған отандық ғалымдар зерттеді:
Белгілі зерттеуші А.А. Жолдасбековтың пікірінше, креативтілік дегеніміз - стандартты, шаблонды ойлауға (мәселені шешу амалын іздеу мен жол табу кезінде таңдаудың шектеулілігі, әр түрлі мәселелерге бірдей қарау тенденциясы) мүлдем қарама-қайшы ұғым[6].
Бұл қабілетті қалыптастыру адамды қарапайым ойлаудан, үнемі қолданатын шешімнен, үйреншікті көзқарастан және жалықтыратын, іш пыстырарлық идеялардан алшақтатады және ерекше шешімдерді тудырады. Креативтілік кез-келген үдерісті қызықты етеді, бірсарынды болған жаттанды жолмен емес, мәселенің шешімін жаңаша табуға көмектеседі.
А.К.Маркованың зерттеулеріне сүйенсек, кейбір зерттеушілер тұлғаның креативтілік қабілетін бағалағанда оның көрсеткен нәтижесіне немесе жетістіктеріне сүйенеді. Креативтіліктің белгісі ретінде ғалым өнертапқыштық, өнер туындыларын жасау немесе музыкалық шығармаларды құрастыру сияқты әлеуметтік құнды нәтижелерді деп санайды[7].
А.Б.Оспанова өз зерттеулерінде креативті ойлаудың ең маңызды шарты - мәселені шешуде баламалы тәсілдер мен көзқарастарды есепке алуға дайын болу деп жазады [8].
Қ.М.Нағымжанова аталған тақырыпқа орай жазған еңбегінде креативті ойлауға келесідей сипаттама береді: адамның қабілеттеріне және оның шығармашылық әдістерді меңгеруіне байланысты интеллектуалды белсенділігінің жоғары деңгейі[9].
Щербаева Е.Е., Осовов И.П., Нағымжанова К.М. өз еңбектерінде осы зерттеу жұмысының тақырыбына ұқсас педагогикалық жасампаздықты туындату және қалыптастыру мәселесін қарастырған.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жоғары кәсіптік білім беруді дамыту қазіргі жағдайда мамандарды даярлау проблемасы қалай шешілетіндігімен анықталады. Сонымен, мамандарды креативтілікке кәсіби даярлаудың үлкен тәжірибесі шетелдік Z. Freud, A. Adler, F. Pearles, B. Skinner, D. Watson, K. Rodgers, H. Bernhard, I. Noyfeld, R. Ramzeus, U. Otto сияқты ғалымдардың жұмыстарында көрініс тапты.
Жоғарыда аталған мәселенің зерттелуін талдау барысында бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Олар:
- инновациялар мазмұнының өсуі, күрделенуі, педагогикалық процестің барлық деңгейлеріне енуі және оларды басқару мәселелерінің жеткіліксіз әзірленуі;
- жалпы білім беретін оқу орнында инновациялық процестердің болуы және осы жағдайларда мектеп педагог-психологтардың қызметін негіздеудің жеткіліксіздігі және оларды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде стандартты қызмет жасауға дайындау;
- педагог-психолог қызметінің тұжырымдамаларының болуы және инновациялық педагогикалық үдерісте олардың қызметінің негіздерін әзірлеудің болмауы.
Осы қарама-қайшылықтар біздің зерттелу жұмысы тақырыбын Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамыту деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: жоғарғы оқу орнындағы инновациялық процесінде педагог-психолог қызметінің кретивтілігін дамыту, критерийлерді анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру.
Зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен болжамы негізінде келесі міндеттер анықталады:
- аталған үрдіс негізінде педагог-психологтың инновациялық даму мен қызметінің сипаттамаларын теориялық тұрғыдан негіздеу;
- педагог-психологы қызметінің жай-күйін айқындау және қалыптасқан практикасына мазмұнды талдау жасау;
- инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамыту критерийлерін анықтау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде жүргізу.
Зерттеудің теориялық әдістері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы - бұл зерттеудегі инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психолог креативтілігін дамытуды негіздейді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы болашақ педагог - психологтың креативтілігін дамытуда қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасау және тәжірибеден өткізу.
Диссертация құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен: инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог- психологтың креативтілігін дамытуды зерттелу деңгейі; инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік - эксперименттік жұмыс, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан құралған.
1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУДЫ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
1.1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАНУЫ
Қазіргі заманғы мамандықтар әлемі маманнан кәсіби қызметті табысты дамыту үшін жаңа заманға сай құзыреттіліктер мен дағдыларды талап етеді.
Болашақ педагог-психологтарды даярлау жүйесі оның тұлғалық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды ескеруі қажет. Қазіргі жоғары білім берудің маңызды міндеті болашақ педагог-психологтың кәсіби даярлық сатысында креативтілігін дамыту болып табылатыны сөзсіз, өйткені кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыру кезеңінде болашақ кәсіби қызметте ғана емес, сонымен бірге болашақ педагог-психологтың жеке басын өзін-өзі дамыту және өзінің бар қабілетін, әлеуетін ашу үшін қажетті шығармашылық мүмкіндігін өзектендіру сәтті болады.
Инновациялық білім беру қызметі жоғары оқу орнының жұмыс істеуімен тығыз байланысты екендігіне сүйене отырып, ақпараттық-талдамалық қолдау жүйесінің көрсеткіші ретінде инновациялар туралы мақсаттар мен міндеттерді, білім беру мазмұны туралы, оқыту нысандары мен әдістері, құралдары мен технологиялары туралы, білім беру сапасын басқару, диагностика жасау, бақылау жүйелері туралы, нәтижелерді бағалау туралы ақпаратты пайдалану болып табылады. Білім беру инновацияларының қоры, білім беру сапасын мониторингілеу зерттеулерінің нәтижелері, болжамдау және ұсынымдар әзірлеу, инновацияларды енгізу үшін мүмкін болатын жағдайларды анықтау -- бұлардың бәрі жоғарыда аталған ішкі процестердің мәні.
Білім беру саласында ашық инновацияларды құру және жол таңдау қажеттілігін анықтайтын себептерді келесідей бөлуге болады:
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайда болуымен білім берудің көне түрлері өздігінен ысырыла бастайды, іс жүзінде барлық салаларда жалпыға қол жетімді ғылыми мәліметтер базасын, онлайн журналдар мен жеке мақалаларды интернетке қол жетімділікпен және ақпарат берудің жоғары жылдамдығымен кеңінен тарату арқылы білімнің артуы байқалады;
- білім берудің жаңа парадигмасы қалыптасқан кезде университеттер міндетті түрде өзгерістерге тап болады және зерттеулерді қайталауға күш жұмсамай, ішкі ғана емес, сыртқы идеяларды да батыл қолданған кезде жеңіске жетеді
- кейбір кездері инновациялық технологияларды қолдана отырып оқытатын қысқа мерзімді білім беру курстарынан алған білім мен дағды ЖОО-да алған білімнен артық болып шығады. Сондықтан да басқа жоғары оқу орындары мен барлық мүдделі тараптардың білімінің үйлесімі инновацияға жаңа көзқарас болып табылады;
- инновацияларды құруға қабілетті көптеген мамандар басқа ұйымдарда жұмыс істеуі мүмкін немесе сол ұйымның мүшесі емес, көптеген университеттерде, институттарда, академияларда жұмыс істейді
- білікті мамандармен тек өз ұйымы мен елі аясында ғана емес, сонымен қатар сырттан да ғылыми деректер алу қажет;
- кейде инновациялар университеттен тыс кезде құндылыққа ие болып жатады, ал кейде олардың құндылығы басқа идеялармен біріктірілгеннен кейін ғана көрінеді;
- идеяларды сақтап қою немес университеттің өзі қолдануға дайын емес болуы осы университет үшін мәнін жоғалтуы мүмкін, өйткені қазіргі уақытта зерттеушілердің ротациясы күшейіп келеді.
Осылайша, білім беру саласындағы ашық инновациялар тұжырымдамасын жүзеге асырудың келесідей бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
:: университеттер мен барлық мүдделі тараптардың желілік байланысын, бірлесе жұмыс жасауын ұйымдастыру, идеялар мен білім алмасуға ерекше көңіо бөлу;
:: сыртқы инновацияларды мұқият бақылау және сыртта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологиялардың сол ұйымға тиімділігін зерттеу. Сыртқы инновациялармен жұмыс істей алатын және білімді басқара алатын қызметкерлерді тарту;
:: ішкі және сыртқы идеялар мен білімді біріктіру және білім беруде жетіспейтін элементтердің кемшіліктерін толтыратын жаңа мүмкіндік алу;
:: өз идеяларын сыртқа шығару және басқа ұйымдарға ұсыну арқылы инновацияны коммерциализациялау (өз идеяларын басқа университеттер сатып алу кезінде табыс табу, идеясының өзгелердің инновациялық даму моделіне сәйкес келуі және қолдану тиімді болған кезде басқалардың пайдалануынан табыс табу мүмкіндігі).
Кәсіби жетістіктер мен мансаптық биіктерге кәсіби өзін-өзі танудың, инновацияның және креативтіліктің жоғары деңгейіне болашақ педагог- психологтың қол жеткізетіні анық. Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі креативтілік ұғымы шетелдік және отандық зерттеулер үшін өте танымал мәселе болып отырғаны белгілі.
Креативтілікті зерттеудің көп қырлылығы мен ауқымдылығы оның педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әртүрлі аспектілеріндегі көріністерінің көптеген қасиеттері мен механизмдері қосымша қарастыруды қажет ететіндігін байқамау мүмкін емес.
Адамзат тарихында алғаш рет креативтілік ұғымын Д.Симпсон 1922 жылы өз еңбектерінде қолданған, бұл термин адамның стереотиптік ойлау тәсілдерінен бас тарту қабілетін білдірді. Кейіннен Дж.П. Гилфорд креативтілікке теориялық және практикалық зерттеулер жүргізді, ол креативтілік терминін ойлаудың ерекше, яғни дивергентті ойлау түрімен байланыстыра отырып (лат. divergere - алшақтау), креативтілік бір мәселе бойынша көптеген шешімдерді табу қасиетінен пайда болады деп тұжырым жасады[10].
Д. Симонтонның пікірінше, ХХ ғасырдағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін креативтіліктің күрделі құбылысын тереңірек зерттеу, өлшеу мен статистикалық талдаудың жаңа стратегияларының пайда болуымен, сондай-ақ адамзат үшін бұрын-соңды болмаған іргелес, сабақтас ғылым салаларының оқшаулануымен мүмкін болды:
1. Сандық өлшеу әдістері (психометриялық және тарихи метрикалық).
2. Гуманистік психология.
3. Когнитивті психология (мәселелік әдіс, компьютерлік модельдеу, кейс-стади әдісі).
4. Эволюциялық психология.
Креативтілік ұғымы мен креативтіліктің теориялық негіздері бірқатар шетелдік Дж. Гилфорд, Е. Торранс, А. Маслоу, С. Медник, К. Робинсон,
Д.Б. Богоявленская, М.С. Каган, Е.П. Ильин, Л.Б. Ермолаева-Томина,
В.Г. Рындак сияқты зерттеушілердің еңбектерінде зерттелген. Тұлғаның креативтілік қабілеті адамның өзгеруіне, стереотиптерді бұзуға жасқанбауына, күрделі мәселелердің өзіндік стандартты емес шешімдерін табуға, қоғамда өзін-өзі сәтті көрсетуге дайындығын анықтайтын ішкі ресурс ретінде анықталады[11].
Креативтілік ұғымының педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі көрінісін талдай келе, А.В.Хуторской мен отандық ғалым Ш.Таубаеваның креативтілік ұғымына берген анықтамасы креативтілік дегеніміз жеке шығармашылық әрекеттің жемісі және Креативтілік - бұл индивидтердің саналы құндылықтар жасау, стандартты емес шешім қабылдаудың терең қасиетін көрсететін қабілеттілік - деген пікірін алуға болады[12].
Бұл ретте Д.Б. Богоявленская креативтілік адамның жалпы сипаттамасы болып табылады және жеке іс-әрекеттің көріну саласына қарамастан шығармашылық өнімділікке әсер етеді деп тұжырымдайды[13].
Зерттеулерде креативтілік интеллектуалдық қабілеттермен, сондай-ақ интеллектуалды шығармашылықпен байланысты болғанымен, белгілі бір шекке дейін, өйткені тым жоғары интеллект креативтілік кедергі келтіретіні атап өтіледі.
Педагогикалық креативтілік психология тұрғысынан тұлғаның педагогикалық жағдайлардың өзгеруіне дайындығы ретінде қарастырылады, ал педагогикалық креативтіліктің дамуы оқытушы мен білім алушының кәсіби қызметі мен өзара бірлесе отырып жұмыс жасауының тиімділігін арттырады. Педагогикалық креативтілік көрсеткіштерінің ішінде Е.Е. Щербакова өзін-өзі тұрақты реттеу мен өзін-өзі бақылауда, қуаныш сезімінде, жұмысқа қабілеттілік деңгейінде, сүйіспеншілікте, балаларға мейірімділікте, ерікті қасиеттерде көрінетін шығармашылық әл-ауқатты және тапқырлықтан, біріктіру қабілетінен, дивергентті ойлаудан, көрнекі шығармашылықтан, байланыстыру қабілетінен көрінетін шығармашылық қабілеттерді атап өтеді[14].
В.Г.Рындактың айтуынша, креативтілік қабілетін толық пайдалана отырып жұмыс істейтін болашақ педагог-психологқа шығармашылық тәуелсіздік, педагогикалық процестің дамуын болжау және жоспарлау қабілеті тән, ал оның қызметінің нәтижесі шығармашылық жағынан сапасымен, жаңалығымен, өзіндік ерекшелігімен және бірегейлігімен ерекшеленеді[15].
Осы айтылған ұғымдардан бөлек, креативтілік сөзіңін анықтамасы төмендегі 1-ші суретте талданды:
Сурет 1. Креативтілік ұғымының педагогикалық-психологиялық ғылыми еңбектердегі зерттелу нәтижесі
Жоғарыда аталған авторлардың көзқарасы бойынша креативтілік жаңа ойларды қалыптастыру, мәселелердің шешімін табу барысында жасанды ойлау тізбектері мен дәстүрлі әдістерді қолданбау ретінде анықталады.
Т.А.Барышеваның, Ю.А.Жигаловтың пікірінше, креативтіліктің дамуы мен көрінісі адамның шығармашылық қызмет саласындағы саналы құзыреттілік деңгейімен тікелей байланысты[16].
И.П.Особов сонымен қатар педагогикалық креативтілікті білім алушылардың кәсіби даму бағытындағы құзыреттілікпен байланыстырады. Автор олардың өзара тәуелділігін оқытушы құзыреттілігі қарапайым емес жағдайларда стандартты емес оңтайлы шешімдерді іздеу кезінде, педагогикалық креативтілікті көрсету үшін, білімді өз бетінше алу және оларды әлеуметтік, кәсіби жағдайларда тиімді, шығармашылық қолдану кезінде оның әлеуетті шығармашылығын жүзеге асыруға негіз жасайды деген ережеге сүйене отырып дәлелдейді[17].
Шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарында креативтілік шығармашылықпен анықталады, өйткені ағылшын тілінен creativity - шығармашылық, сондықтан ұғымды ағылшын сөзінде түсінудің екі жақтылығы, яғни процесс ретінде және жеке қасиет ретінде қалыптасады.
Зерттелген ғылымдағы креативтілік алғаш рет психологиялық зерттеулерде қарастырылғанын айту керек, бірақ кейіннен бұл ұғым тұжырымдамасы басқа ғылымдарға, соның ішінде педагогикаға ауыстырылды. Креативтілік ұғымының эволюциясын жеткілікті деңгейде егжей-тегжейлі талдау
В.Г.Рындактың зерттеулерінде келтірілген, онда автор терминнің 1922 жылы оның пайда болуынан бастап, қазіргі түсіну деңгейіне дейінгі анықтаманы іздейді[18].
Креативтілік туралы зерттеулерде сандық өнімімен ғана емес, сонымен қатар креативті маркетингімен де танымал Apple корпорациясының негізін қалаушы С.П.Джоббстың жалпыға қол жетімді мәлімдемесі жиі талқыланады: Креативтілік - бұл жай ғана заттар арасындағы байланыстарды құру[19].
Теориялық тұрғыдан алғанда, педагогикалық практика процесінде болашақ педагог-психологтың кәсіби дағдылары шоғырландырылады, онсыз практиканың мәні жоғалады. Біз педагогикалық практиканың болашақ педагог-психологтың білім берудегі жасампаздықтың тиімді жетіле түсуі үшін ыңғайлы кезең болып табылады деп батыл айта аламыз, өйткені практика - мақсатты интеграциялауға мүмкіндік беретін креативтілікті тікелей дамыту процесі. Егер креативтілік педагогикалық практика процесі тиімді ұйымдастырылса, мақсатты бірлесе әрекеттесу кезінде шығармашылық ойлау қабілеті көрінетінін атап өткен жөн.
Болашақ педагог-психологтардың креативтілігін дамыту процесінің ерекшеліктерін анықтау болашақ педагог психологтың жасампаздық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етіп, тұлғаның жан-жақты дамып, ішкі әлеуетін ашып, жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарап, оқу-кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде өзін-өзі шығармашыл тұлға ретінде жүзеге асыруға, өз қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Креативтілікті дамытудың теориялық және практикалық негіздерін талдау нәтижелері педагогикалық практика кезеңінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамытудың құрылымдық-функционалды моделінің келесі аталған қағидаларын анықтауға мүмкіндік береді.
1.Мәселелік қағидасы. Мәселені қоя отырып оқыту қағидасы педагогикалық қызметте соңғы кездері жақсы дамыған әдістердің бірі деп айтуға болады. Креативтіліктің мәні мәселелік сипатта болады, ол мәселенің стандартты емес, әдеттен тыс ерекше шешімін табудан тұрады. Педагогикалық практикада болашақ педагог-психологтардың шығармашылығын дамыту проблемалық принципке сәйкес шығармашылық проблемалық тапсырмаларда көрінеді, мысалы, алдын ала болжам жасау және оны анықтау жоспарын құру, .. нәтижесін алдын-ала бағалау, әдістемелік материалды басқаша ұсыну ... және т. б.
2.Шығармашылық бағыттылық қағидасы. Бұл қағида репродуктивті ғана емес, сонымен қатар шығармашылық белсенділікті дамытуды көздейді. Креативтілікті дамыту тек мақсатты сипатта ғана болмауы керек және педагогикалық тәжірибенің соңына дейін барлық құралдармен қол жеткізуге тиіс нәтиже ретінде қорытынды нүктесі қалыптасуы қажет.
Алайда, егер креативтіліктің дамуы жағдаяттық сипатта болса, онда әр тапсырма мен жұмыс түрі эксперименттің келесі кезеңі ретінде емес, өзін-өзі сынау, өз әлеуетін жүзеге асыру және қызықты іс-әрекет мүмкіндігі ретінде көрінеді, онда бұл жағдайда эксперименттік жұмыстың жоғары сапасы және зерттелетін тұжырымдаманың көрсеткіштерінің керемет динамикасы туралы айтуға болады.
3.Әдістемені есепке алу қағидасы. Әдістемелік қағиданың негізгі элементі - болашақ педагог-психологтардың креативтілік іс-әрекетінде жоғарыда айтылғандай, оқу орнында қабылданған жалпы білім беру бағдарламасының аясынан тыс, педагог-психологтың өзі шешім қабылдайтын жағдайлармен байланыстыра оқыту, білім беру ұйымының басшылығымен болашақ педагог-психолог белгілі бір сыныпта жұмыс істейді, сонымен қатар сабақта бөлінген академиялық жұмыс сағаттарын қоспағанда, қосымша уақыттың болмауы. Бұл шектеулер келешек педагог-психологтардың дәстүрлі оқыту әдістерімен жұмыс істеуде практикалық дағдыларды меңгеру қажеттілігіне байланысты теріс емес.
4.Тұтастық, жүйелілік және реттілік қағидасы. Бұл қағида бағдарламаның құрылымынан тұтастықты, жүйелілікті, реттілікті, қисындылықты және толық болуын талап етеді, тек осы жағдайда ғана шығармашылық даму бағдарламасының діттеген нүктесіне жету мақсатында орынды әдістер мен құралдарды таңдау маңыздылығын атап өтсе болады. Креативтілікті болашақ педагог-психологтың тұтас бейнесімен бірге жүретін қасиеттер жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған дұрыс.
5.Даралау қағидасы. Бұл қағиданың негізгі мәні әр білім алушы-практиканттың оқу-зерттеу жұмысының жеке стилін, оның жеке дамуының нақты траекториясын және психикалық процестердің жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеру болып табылады.
Креативтілік көбінесе адамның жеке немесе әлеуметтік құндылығы бар жаңа нәрсені жасай алатын қабілетімен байланысты. Креативтілікті зерттеуге деген ғылыми қызығушылықты әртүрлі салаларда - психологияда, педагогикада, әлеуметтануда, философияда, экономикада, техникада және басқа ғылымдарда байқауға болады. Осының нәтижесінде креативтілікті зерттеу барысында көптеген анықтамалар мен түрлі зерттеу тәсілдері пайда болды.
Креативтілік адамдардан бір нәрсені қалай жасағанын сұрағанда, олар өздерін біраз кінәлі сезінеді, өйткені олар ештеңе жасаған жоқ, бірақ жай ғана байқай алды. Бұл оларға уақыт өте келе түсінікті болады. Олар өз тәжірибелерінің әртүрлі бөліктерін байланыстырып, жаңа нәрсені синтездей алды. Бұл олар басқаларға қарағанда көбірек бастан өткергендіктен, көбірек сезінгендіктен, сол нәрсеге стандартты емес тұрғыдан көбірек қарағандықтан болады.
Сонымен, көптеген авторлардың зерттеулері мысалы, Адольф В.А., Кашина Е.Г., Кузьмина Н.В., Каз-Калик В.А., Щербакова Т.Н. сияқты ғалымдардың зерттеу еңбектерінде креативтілікпен жұмыс істейтін педагог-психологтардың өзін-өзі шығармашылық дамытуға, құзыреттілік деңгейін арттыруға, инновациялық әлеуетті дамытуға көбірек қызығушылық танытатынын растайды [19].
Кәсіби мансап тұғырына тек өзіндік тәртібі берік, жоғары деңгейде өздік ұйымдасуға қабілетті, өзін-өзі бақылауда ұстай отыра, жеке дамуға аса мән беретін мұғалімдер жететіні белгілі, олар өзгенің ойына тәуелді болмай, дербестік арқылы өзін-өзі растау қажеттілігімен анықталады. Кәсіби педагог-психологтың креативтілік тұрғыдан жетілген тұлғасы Н.Ф.Вишнякованың пікірінше, оның келесі жеке ерекшеліктерінің болуын білдіреді: шығармашылық әлеует, шығармашылық бағыт, шығармашылық даралық, бастамашылық, импровизация, шығармашылық белсенділік[19].
Айта кету керек, О.В. Митченкова креативті тұлғаларды зерттеудің төрт бағытын анықтайды:
1. Олардың ерекшеліктері мен себептерін зерттеу;
2. Креативтілікке байланысты менін зерттеуі;
3. Өзін-өзі тану жағдайындағы креативтілігін зерттеу;
4. Психиатрия және психопатологиямен шекарасын зерттеу[22].
Біздің зерттеуімізде болашақ педагог психолог тұлғасын креативтілікпен байланыстыра қарастыру, сонымен қатар болашақ педагог- психолог креативтілігі оның кәсіби өзін-өзі таныту контекстінде зерттеу қызығушылық тудырады.
Креативті дамудың құрылу деңгейі - болашақ кәсіп иесіне өзіне артылған міндеттерді нәтижелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мүдделер, позициялар мен жеке қабілеттер жиынтығы [23].
Осылайша, біз креативтіліктің шығармашылық бағытпен және шығармашылық белсенділікпен тікелей байланысын көреміз, ал болашақ педагог-психологтың шығармашылығын өзін-өзі жетілдіру, сонымен қатар өз әлеуетін жүзеге асыру тарапынан қарастыруға болады, бұл жағдайда креативті жеке тұлғаның шығармашылық дамуымен анықталады.
1.2 ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ, БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ, КРЕАТИВТІ ДАМЫТУ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Инновация ұғымы пәнаралық сипатқа ие және қазіргі замандағы әлеуметтік зерттеулерде ең танымал ұғымдардың бірі болып табылады. Латын тілінен аударғанда жаңару, жаңашылдық немесе өзгерту дегенді білдіреді. Жүйелік көзқарас контекстінде инновация ұғымы жүйенің жұмыс істеуінің мақсатты өзгеруі, яғни тереңірек түсінік берер болсақ бұл, жүйенің әртүрлі салаларындағы және элементтеріндегі сапалық және (немесе) сандық өзгерістер болуы мүмкін екендігімен түсіндіріледі.
Инновация - бұл білім беру кеңістігіндегі әртүрлі бастамалар мен жаңашылдықтарды жинақтау және модификациялау тенденцияларында көрінетін, білім беру саласындағы азды-көпті жаһандық өзгерістерге және оның мазмұнын өзгертуге әкелетін білім беруді дамытудың маңызды элементі болып табылады.
Жалпы инновация өзінің бастапқы объектісі, пәні және зерттеу әдістері бар педагогика ғылымдарында өзіндік орны бар дербес сала ретінде қарастырылады. Білім берудегі инновациялық процестердің осындай күрделі және көп өлшемді тұжырымдамасына сипаттама беру кезінде неологиялық, аксиологиялық және праксеологиялық аспектілері ажыратылады.
Оқу іс-әрекеті жағдайында инновация білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен білім беру формалары мен тәрбиелеуге және педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңа нәрсе енгізуді көздейді. Сонымен, инновациялық процесс жаңашылдықтың қалыптастыру мен дамыту, сонымен қатар тәрбие берудегі педагогикалық процессті ұйымдастыру мен дамытудан тұрады. Бұл өз кезегінде ғылыми жаңалық немесе идеяны әлеуметтік, оның ішінде білім беру саласында инновацияға айналдыратын процедуралар мен құралдардың жиынтығына айналдырып отыр.
Педагогикалық инновациялардың мәні мен маңызын түсіну ең алдымен олардың типологиясынан көрінеді. Оларды жіктеуге бірыңғай көзқарас жоқ. Педагогикалық инновациялардың жүйелілігіне әр автор әртүрлі көзқарастарды ұсынады. Мәселен, педагогикалық инновациялардың үш мүмкін түрі бар (Э.Б.Рансвик бойынша) [26]. Оқу әрекетін психологиялық тұрғыда қолдау ретінде:
Тәрбие беру саласында психологиялқ қолдау көрсету, оқушылардың тұлғалық қалыптасуын қадағалау, оларды қоғамға бейімдеу,
Жаңа оқу деңгейіне өту барысында оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау, оқушыларды жаңа оқу деңгейінде оқушыларға қолдау көрсету,
Оқушылардың (тәрбиеленушілерлің) денсаулығын сақтау мен нығайтуда психологиялық қолдау көрсету,
Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) өзіне мамандық таңдауын, сол мамандыққа дайындау және оқыту барысында психологиялық қолдау көрсету.
Қандай да бір оқыту әдісін немесе технологисын қолдану үшін педагог-психолог бірнеше маңызды факторларды ескеруі керек, атап айтсақ, топтағы әр білім алушының қызығушылығы, мотивациясы және интеллектуалды қабілетінің деңгейі.
Бумованың айтуы бойынша оқытудың дәстүрлі тәсілі - педагог пен білім алушының бірлесе отырып жұмыс жасау процессі, мұнда педагог білім көзі, ал білім алушылар сол білімнің пассивті алушылары болып табылады.
Дәстүрлі педагогикалық білім беру әдістерін қолдана отырып, педагог басты орын алады және қалыптасқан дәстүр бойынша дайындалған сабақ жүргізеді: алдыңғы материалды қарау, оны қайталау, жаңа тақырыпты енгізу, грамматиканы түсіндіру, оқу, аудармалар мен жаттығуларды орындату, жаңа тақырыпты бекіту, қателерін түзету. Бұл жүйе әр сабаққа енгізілген.
Бұл әдістің мақсаты - білім алушының түсінгеніне немесе түсінбегеніне қарамастан, өткен материалды есте сақтау. Тестілеу әдісіне маңызды орын беріледі. Барлық білім алушылар білімді бағалаудың негізгі әдісі болып табылатын тестілеуден өтеді, бірақ сонымен бірге олардың білімінің, қабілеттері мен қызығушылықтарының алғышарттары ескерілмейді. Осылайша, білім алушы мен педагогтың өзара байланысы жеткіліксіз болады, ал білім алушылардың қандай да бір ұғым туралы білімі таяз, мұндай жағдайда қарым-қатынас тәжірибесі туралы білімдері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту мүмкіндігі аз болады.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде қолданылатын келесідей үш негізгі әдіс бар:
тікелей нұсқаулар беру мен дәріс оқу;
өзіндік жұмыс;
есту және бақылау арқылы оқыту.
Дәстүрлі білім беру жүйесі оқытушыдан білім алушыға ақпарат беру арқылы жүреді және білім алушы сұрақ қоймаса да, жауаптарымен қамтамасыз ету дәстүрге айналды.
Дәстүрлі оқыту жүйесі әрқашан жеке тұлғаның шығармашылығын дамыта бермейді, өйткені ондағы ұстаным ақпаратты есте сақтауға және фактілерді жинақтауға негізделген. Күнделікті өмірде көбінесе тұлғаның креативтілік қасиеттеріне көңіл бөлмеу, басу орын алады. Сондықтан креативтілікті дамыту тек арнайы ұйымдастырылған ортада мүмкін болады, сондықтан оқу үрдісіне шығармашылық ойлау, креативтілікті дамытуға және болашақта сол қабілеттерін пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы тапсырмаларды енгізу қажет. Әр білім алушының креативтілігін дамыту жекелік сипатта жүреді.
Қазіргі оқыту технологияларының дәстүрлі білім беру жүйесінен айырмашылығы, оқушының жеке басына көбірек бағытталған.
Джим Скривнердің айтуынша, мұғалімнің басты рөлі - білім алушының оқу үрдісіне өтуіне көмектесу, бұл оқушыларды білім беру алаңында не болып жатқанына тарту дегенді білдіреді, яғни оларға ұзақ түсініктеме бермей, олардың сабаққа қатысуы мен өзгелермен қарым-қатынасын ынталандыра отырып, өз қарқынымен, ынтасымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларын талдай отырып, келесі қорытындыға келдік:
қолданыстағы оқыту технологияларын жоққа шығаруға болмайды, бірақ әртүрлі оқыту технологияларын шебер үйлестіру қажет;
сабақтың құрылымын құруда шығармашылық мүмкіндікті қолдана отырып, дәстүрлі және инновациялық технологияларды ұтымды қолдану қажет;
білім алушылардың белсенділігін әр түрлі әдістермен жандандыру керек.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz