Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог - психологтың креативтілігін дамыту


Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Психологиялық-педагогикалық және арнайы беру білім кафедрасы
7М01101 - Педагогика және психология
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамыту
Орындаушы Базархан Б. Б.
Ғылыми жетекшісі
П. ғ. к., доцент Тоғайбаева А. К.
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
П. ғ. к., профессор Туребаева К. Ж.
«___» 2023 ж.
Ақтөбе
2023 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамда болып жатқан және педагогикалық теория мен практикаға әсер ете алатын мүмкіндіктермен анықталды.
Қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық өзгерістер бұрын қатаң бақыланатын білім беру жүйесінің ыдырауына әкелді. Техника мен басқарудың жаңалықтары педагогикалық теория мен практикаға да әсер етті. Әлеуметтік өмірдің өсіп келе жатқан талаптарын қанағаттандыру үшін инновациялық білім қажет болатыны белгілі.
Осыған байланысты жоғары оқу орындарының басым міндеттерінің бірі ресурстық базаны нығайту, ғылыми білім беру қызметінің практикалық құрамдас бөлігін дамытуға негізделген білім беру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытуда қабылданған “Педагог мәртебесі туралы” заңында көрсетілгендей шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға ден қойылып отыр[1] .
Көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың соның ішінде қазақ ғалымдары Бейсенбаева, К. К. Жампеисова, Н. Н. Хан, К. М. Беркимбаев, А. Н. Нугусова, С. Т. Мухамбетжанова, У. М. Абдигапбарова Л. М. Нарикбаева, Г. А. Муратбаева және шетелдік ғалымдар Э. Ф. Зеер, З. А. Оруджев, А. К. Маркова, Л. Н. Маркина, Н. В. Хмель, А. А. және т. б. зерттеулерінде мамандарды болашақ кәсіби қызметіне даярлау тұлғаның кәсіби қалыптасу кезеңдерінің басты негізі болып табылатындығы атап көрсетілген [3, 4] .
Алайда, нақты білім беру тәжірибесінде болашақ мұғалімнің кретивтілігін тиімді дамыту үшін тиісті әрі тиімді жағдайлар әрдайым қарастырыла бермейді. Белгілі педагог ғалымдар Қ. С. Айбатыров пен М. А. Байбатырова өз еңбектерінде дәстүрлі білім беру жүйесі дамып келеді, жаңа жүйеге көшті дегенімен, ал мәні бойынша өзінің мазмұны, нысандары мен құралдары, білім алушының жеке басының креативтілігін (шығармашылығын, талантын) дамытудың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтінін атап көрсетеді[6] .
Психологтың, сондай-ақ педагог-психологтың кәсіби қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері Г. С. Абрамова, М. Р. Битянова, И. В. Вачкова, И. В. Дубровина, Н. И. Исаева, А. И. Красило, А. П. Новгородцева, Е. С. Романова, В. В. Рубцов, Л. М. Фридман және басқалардың зерттеулерінде ашылады. Жалпы аталған мәселе бойынша жазылған зерттеулердің саны аз, тіпті саусақпен санарлықтай десе де болады[4] .
Білім берудегі инновация - бұл күрделі үдеріс, оған әсер ететін көптеген факторлардың ішінде ең бастысы ретінде оқытушы екені белгілі. Инновацияның сәтті жүзеге асуы оқытушының инновацияға деген көзқарасына, оларды игеруге қатысуына, шығармашылық белсенділігіне байланысты. Оқытушының жеке басы, оның кәсіби қабілеттері, шығармашылық инновациялық қызметке қарай икемделуі К. Ангеловский, В. И. Загвязинский, Н. А. Зимняя, И. А. Зязюн, В. А. Кан-Калик, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, Л. М. Митина, Н. Д. Никандров, Л. С. Подымова, Е. И. Рогов, В. А. Сластенин, М. Ы. Станкин сияқты шетелдік ғалымдардың еңбегінде зерттелді[5] .
Білім алушылардың креативлігін қалыптастыру мәселесін келесі аталған отандық ғалымдар зерттеді:
Белгілі зерттеуші А. А. Жолдасбековтың пікірінше, креативтілік дегеніміз - стандартты, шаблонды ойлауға (мәселені шешу амалын іздеу мен жол табу кезінде таңдаудың шектеулілігі, әр түрлі мәселелерге бірдей қарау тенденциясы) мүлдем қарама-қайшы ұғым[6] .
Бұл қабілетті қалыптастыру адамды қарапайым ойлаудан, үнемі қолданатын шешімнен, үйреншікті көзқарастан және жалықтыратын, іш пыстырарлық идеялардан алшақтатады және ерекше шешімдерді тудырады. Креативтілік кез-келген үдерісті қызықты етеді, бірсарынды болған жаттанды жолмен емес, мәселенің шешімін жаңаша табуға көмектеседі.
А. К. Маркованың зерттеулеріне сүйенсек, кейбір зерттеушілер тұлғаның креативтілік қабілетін бағалағанда оның көрсеткен нәтижесіне немесе жетістіктеріне сүйенеді. Креативтіліктің белгісі ретінде ғалым өнертапқыштық, өнер туындыларын жасау немесе музыкалық шығармаларды құрастыру сияқты әлеуметтік құнды нәтижелерді деп санайды[6] .
А. Б. Оспанова өз мақаласында креативті ойлаудың ең маңызды шарты - мәселені шешуде баламалы тәсілдер мен көзқарастарды есепке алуға дайын болу деп жазады [7] .
Қ. М. Нағымжанова аталған тақырыпқа орай жазған еңбегінде креативті ойлауға келесідей сипаттама береді: адамның қабілеттеріне және оның шығармашылық әдістерді меңгеруіне байланысты интеллектуалды белсенділігінің жоғары деңгейі[7] .
Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын педагогикалық креативтілікті қалыптастыру мәселесі Е. Е. Щербакова, И. П. Осовов, К. М. Нағымжанованың еңбектерінде қарастырылады[7] .
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жоғары кәсіптік білім беруді дамыту қазіргі жағдайда мамандарды даярлау проблемасы қалай шешілетіндігімен анықталады. Сонымен, мамандарды креативтілікке кәсіби даярлаудың үлкен тәжірибесі шетелдік Z. Freud, A. Adler, F. Pearles, B. Skinner, D. Watson, K. Rodgers, H. Bernhard, I. Noyfeld, R. Ramzeus, U. Otto сияқты ғалымдардың жұмыстарында көрініс тапты[7] .
Жоғарыда аталған мәселенің зерттелуін талдау барысында бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Олар:
- инновациялар мазмұнының өсуі, күрделенуі, педагогикалық процестің барлық деңгейлеріне енуі және оларды басқару мәселелерінің жеткіліксіз әзірленуі;
- жалпы білім беретін оқу орнында инновациялық процестердің болуы және осы жағдайларда мектеп педагог-психологтардың қызметін негіздеудің жеткіліксіздігі және оларды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде стандартты қызмет жасауға дайындау;
- педагог-психолог қызметінің тұжырымдамаларының болуы және инновациялық педагогикалық үдерісте олардың қызметінің негіздерін әзірлеудің болмауы.
Осы қарама-қайшылықтар біздің зерттелу жұмысы тақырыбын «Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамыту» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: жоғарғы оқу орнындағы инновациялық процесінде педагог-психолог қызметінің кретивтілігін дамыту, критерийлерді анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру.
Зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен болжамы негізінде келесі міндеттер анықталады:
- аталған үрдіс негізінде педагог-психологтың инновациялық даму мен қызметінің сипаттамаларын теориялық тұрғыдан негіздеу;
- педагог-психологы қызметінің жай-күйін айқындау және қалыптасқан практикасына мазмұнды талдау жасау;
- инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамыту критерийлерін анықтау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде жүргізу.
Зерттеудің теориялық әдістері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы - бұл зерттеудегі инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психолог креативтілігін дамытуды негіздейді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы болашақ педагог - психологтың креативтілігін дамытуда қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасау және тәжірибеден өткізу.
Диссертация құрылымы мен көлемі . Диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен: инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог- психологтың креативтілігін дамытуды зерттелу деңгейі; инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік - эксперименттік жұмыс, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан құралған.
1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУДЫ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
1. 1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАНУЫ
Қазіргі заманғы мамандықтар әлемі маманнан кәсіби қызметті табысты дамыту үшін жаңа заманға сай құзыреттіліктер мен дағдыларды талап етеді.
Болашақ педагог-психологтарды даярлау жүйесі оның тұлғалық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды ескеруі қажет. Қазіргі жоғары білім берудің маңызды міндеті болашақ педагог-психологтың кәсіби даярлық сатысында креативтілігін дамыту болып табылатыны сөзсіз, өйткені кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыру кезеңінде болашақ кәсіби қызметте ғана емес, сонымен бірге болашақ педагог-психологтың жеке басын өзін-өзі дамыту және өзінің бар қабілетін, әлеуетін ашу үшін қажетті шығармашылық мүмкіндігін өзектендіру сәтті болады.
Кәсіби жетістіктер мен мансаптық биіктерге кәсіби өзін-өзі танудың, инновацияның және креативтіліктің жоғары деңгейіне болашақ педагог- психологтың қол жеткізетіні анық. Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі креативтілік ұғымы шетелдік және отандық зерттеулер үшін өте танымал мәселе болып отырғаны белгілі.
Креативтілікті зерттеудің көп қырлылығы мен ауқымдылығы оның педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әртүрлі аспектілеріндегі көріністерінің көптеген қасиеттері мен механизмдері қосымша қарастыруды қажет ететіндігін байқамау мүмкін емес.
Адамзат тарихында алғаш рет «креативтілік» ұғымын Д. Симпсон 1922 жылы өз еңбектерінде қолданған, бұл термин адамның стереотиптік ойлау тәсілдерінен бас тарту қабілетін білдірді. Кейіннен Дж. П. Гилфорд креативтілікке теориялық және практикалық зерттеулер жүргізді, ол «креативтілік» терминін ойлаудың ерекше, яғни дивергентті ойлау түрімен байланыстыра отырып (лат. divergere - «алшақтау»), «креативтілік» бір мәселе бойынша көптеген шешімдерді табу қасиетінен пайда болады деп тұжырым жасады[7] .
Д. Симонтонның пікірінше, ХХ ғасырдағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін креативтіліктің күрделі құбылысын тереңірек зерттеу өлшеу мен статистикалық талдаудың жаңа стратегияларының пайда болуымен, сондай-ақ адамзат үшін бұрын-соңды болмаған іргелес, сабақтас ғылым салаларының оқшаулануымен мүмкін болды:
1. Сандық өлшеу әдістері (психометриялық және тарихи метрикалық) .
2. Гуманистік психология.
3. Когнитивті психология (мәселелік әдіс, компьютерлік модельдеу, «кейс-стади» әдісі) .
4. Эволюциялық психология.
Креативтілік ұғымы мен креативтіліктің теориялық негіздері бірқатар шетелдік Дж. Гилфорд, Е. Торранс, А. Маслоу, С. Медник, К. Робинсон, Д. Б. Богоявленская, М. С. Каган, Е. П. Ильин, Л. Б. Ермолаева-Томина, В. Г. Рындак сияқты зерттеушілердің еңбектерінде зерттелген. Тұлғаның креативтілік қабілеті адамның өзгеруіне, стереотиптерді бұзуға жасқанбауына, күрделі мәселелердің өзіндік стандартты емес шешімдерін табуға, қоғамда өзін-өзі сәтті көрсетуге дайындығын анықтайтын ішкі ресурс ретінде анықталады[8] .
Креативтілік ұғымының педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі көрінісін талдай келе, А. В. Хуторской мен отандық ғалым Ш. Таубаеваның креативтілік ұғымына берген анықтамасы «креативтілік дегеніміз жеке шығармашылық әрекеттің жемісі» және «Креативтілік - бұл индивидтердің саналы құндылықтар жасау, стандартты емес шешім қабылдаудың терең қасиетін көрсететін қабілеттілік» - деген пікірін алуға болады[9] .
Бұл ретте Д. Б. Богоявленская креативтілік адамның жалпы сипаттамасы болып табылады және жеке іс-әрекеттің көріну саласына қарамастан шығармашылық өнімділікке әсер етеді деп тұжырымдайды[10] .
Зерттеулерде креативтілік интеллектуалдық қабілеттермен, сондай-ақ интеллектуалды шығармашылықпен байланысты болғанымен, белгілі бір шекке дейін, өйткені тым жоғары интеллект креативтілік кедергі келтіретіні атап өтіледі.
Педагогикалық креативтілік психология тұрғысынан тұлғаның педагогикалық жағдайлардың өзгеруіне дайындығы ретінде қарастырылады, ал педагогикалық креативтіліктің дамуы оқытушы мен білім алушының кәсіби қызметі мен өзара бірлесе отырып жұмыс жасауының тиімділігін арттырады. Педагогикалық креативтілік көрсеткіштерінің ішінде Е. Е. Щербакова өзін-өзі тұрақты реттеу мен өзін-өзі бақылауда, қуаныш сезімінде, жұмысқа қабілеттілік деңгейінде, сүйіспеншілікте, балаларға мейірімділікте, ерікті қасиеттерде көрінетін шығармашылық әл-ауқатты және тапқырлықтан, біріктіру қабілетінен, дивергентті ойлаудан, көрнекі шығармашылықтан, байланыстыру қабілетінен көрінетін шығармашылық қабілеттерді атап өтеді[11] .
В. Г. Рындактың айтуынша, креативтілік қабілетін толық пайдалана отырып жұмыс істейтін болашақ педагог-психологқа шығармашылық тәуелсіздік, педагогикалық процестің дамуын болжау және жоспарлау қабілеті тән, ал оның қызметінің нәтижесі шығармашылық жағынан сапасымен, жаңалығымен, өзіндік ерекшелігімен және бірегейлігімен ерекшеленеді[12] .
Т. А. Барышеваның, Ю. А. Жигаловтың пікірінше, креативтіліктің дамуы мен көрінісі адамның шығармашылық қызмет саласындағы саналы құзыреттілік деңгейімен тікелей байланысты[12] .
И. П. Особов сонымен қатар педагогикалық креативтілікті білім алушылардың кәсіби даму бағытындағы құзыреттілікпен байланыстырады. Автор олардың өзара тәуелділігін «оқытушы құзыреттілігі «қарапайым емес» жағдайларда стандартты емес оңтайлы шешімдерді іздеу кезінде, педагогикалық креативтілікті көрсету үшін, білімді өз бетінше алу және оларды әлеуметтік, кәсіби жағдайларда тиімді, шығармашылық қолдану кезінде оның әлеуетті шығармашылығын жүзеге асыруға негіз жасайды» деген ережеге сүйене отырып дәлелдейді[13] .
Осы айтылған ұғымдардан бөлек, креативтілік сөзіңін анықтамасы төмендегі 1-ші кестеде талданды:
Кесте 1. «Креативтілік» ұғымының педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі көрінісі
Н. В. Кузьмина
А. В. Морозов
Д. В. Чернилевский
Д. Б. Богоявленская
В. Н. Дружинин
В. Н. Козленко
Д. Ж. Гильфорд
Жоғарыда аталған авторлардың көзқарасы бойынша креативтілік жаңа идеяларды тудыру, ойлауда дәстүрлі сызбалардан ауытқу, проблемалық жағдайларды тез шешу қабілеті ретінде анықталады.
Шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарында креативтілік шығармашылықпен анықталады, өйткені ағылшын тілінен «creativity» - шығармашылық, сондықтан ұғымды ағылшын сөзінде түсінудің екі жақтылығы, яғни процесс ретінде және жеке қасиет ретінде қалыптасады.
Зерттелген ғылымдағы креативтілік алғаш рет психологиялық зерттеулерде қарастырылғанын айту керек, бірақ кейіннен бұл ұғым тұжырымдамасы басқа ғылымдарға, соның ішінде педагогикаға ауыстырылды. «Креативтілік» ұғымының эволюциясын жеткілікті деңгейде егжей-тегжейлі талдау В. Г. Рындактың зерттеулерінде келтірілген, онда автор терминнің 1922 жылы оның пайда болуынан бастап, қазіргі түсіну деңгейіне дейінгі анықтаманы іздейді[14] .
Креативтілік туралы мақалаларда сандық өнімімен ғана емес, сонымен қатар креативті маркетингімен де танымал Apple корпорациясының негізін қалаушы С. П. Джоббстың жалпыға қол жетімді мәлімдемесі жиі талқыланады: «Креативтілік - бұл жай ғана заттар арасындағы байланыстарды құру[14] .
Шығармашылық қабілеттерді зерттеуші американдық ғалым Е. Торренс, креативтіліктің моделін ұсына отырып, оның үш түрлі маңызды факторларын жіктеп көрсетеді:
1) Жылдамдық - аяқ астынан туындайтын немесе мақсатты түрде белгілі бір уақыт ішінде пайда болатын идеялардың көптігімен сипатталады.
2) Бейімділік - идеялардың әр алуандылығымен сипатталады. Ойлауға деген бейімділік - жағдайдың өзгеруіне байланысты міндеттерді шешу әдістерін өзгерте білу, «таптаурынды» шешімдер мен бас тарта білу немесе оны құбылту, өзгерту қабілеттері.
3) Айрықшалық - ерекше ассоциациалар мен айрықша жауаптарды ойлап таба білу қабілеті[15] .
Креативтілік тұжырымы Дж. Гилфордтің еңбектері жарық көргеннен кейін кеңінен қарастырыла бастады. Ол креативтіліктің негізгі үш өлшемін атап өтеді:
1. Даралық факторы, ол болашағы зор, айрықша идеяларды тудыруды анықтайды.
Бұл - әдеттегі іс-әрекеттер аясынан шығып, бұрын игерілген білімге ұқсамайтын жаңа нәрсені тани және пайдалана білу қабілеті. Яғни айтылған ойлардың ерекшелігі, даралығы интеллектуалдық даралыққа ұмтылу.
Шапшаңдық - әрқилы мәселелерді жағдайдың даму бағытын ескере отырып, тез арада асқан дәлдікпен шеше білу қабілеті. Идея шапшаңдығы - аз уақытта мейлінше көп идеяларды тудыру қабілеті. Ассоциациялау жылдамдығы - идеялар арасындағы ассоциативтік байланысты жүзеге асыру.
Сөйлеу жылдамдығы - екінші сигналдық жүйемен, сөйлеу әрекетінің дамуымен тығыз байланысты. Ой жылдамдығы - әр сатының бірізділігін ұстану негізінде тез шешім қабылдау.
2. Икемділік факторы - бұл белгілі бір түрдің өзгеруі: пікірдің, түсіндірудің, міндеттерді орындау стратегиясының, ойлау тәсілдерінің өзгеруі. Семантикалық кездейсоқ икемділік, яғни кездейсоқ жағдайларда әртүрлі күтпеген ойларды ойлап, жүзеге асыру қабілеті.
Стихиялық икемділік- бір құбылыстан екінші құбылысқа жеңіл әрі жылдам өте білу қабілеті. Бұл ақпараттарды іздеуге қажетті маңызды қабілет болып табылады. Бейнелік бейіндік икемділік, яғни обьектінің (қоршаған ортаның) байқалмайтын, құпия, жаңа қырларын көре білу қабілеті. Семантикалық икемділік, яғни обьектіге жаңаша көзбен қарау, оның жаңа қолданысын табу, тәжірибедегі қолданылу аясын кеңейту.
3. Табандылық, адамның алдында тұрған міндеттерді шешуге жауапкершілікпен қарауы[15] .
Сонымен қатар, болашақ педагог-психологтың педагогикалық практика жағдайындағы креативтілік қызметі білім беру бағдарламасының аясында және педагогикалық практиканы өткізу стандартымен шектелетінін атап өткен жөн, сондықтан педагогикалық практиканы ұйымдастырудың дәстүрлі формасы, әдетте, үйренген фактілер мен жинақталған әдістемелік ақпаратты механикалық жаңғыртуға негізделген.
Сонымен қатар, теориялық тұрғыдан алғанда, педагогикалық практика процесінде болашақ педагог-психологтың кәсіби дағдылары шоғырландырылады, онсыз практиканың мәні жоғалады, бірақ біз педагогикалық практика болашақ педагог-психологтың педагогикалық креативтілігінің үйлесімді дамуы үшін ең қолайлы кезең болып табылады деп батыл айта аламыз, өйткені практика - мақсатты интеграциялауға мүмкіндік беретін креативтілікті тікелей дамыту процесі. Егер креативтілік педагогикалық практика процесі тиімді ұйымдастырылса, мақсатты бірлесе әрекеттесу кезінде шығармашылық ойлау қабілеті көрінетінін атап өткен жөн.
Болашақ педагог-психологтардың креативтілігін дамыту процесінің ерекшеліктерін анықтау болашақ педагог психологтың жасампаздық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етіп, тұлғаның жан-жақты дамып, ішкі әлеуетін ашып, жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарап, оқу-кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде өзін-өзі шығармашыл тұлға ретінде жүзеге асыруға, өз қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Креативтілікті дамытудың теориялық және практикалық негіздерін талдау нәтижелері педагогикалық практика кезеңінде болашақ педагог-психологтың креативтілігін дамытудың құрылымдық-функционалды моделінің келесі аталған қағидаларын анықтауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz