Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

ЕСЕПТІК ЖҰМЫС

Тақырыбы: Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы

Орындаған: Мен Т-21 тобының студенті Қайратова Ж. Б.

Тексерген: э. ғ. м, аға оқытушы Шарафутдинова А. Н.

Орал, 2023

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1
3: Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» туралы жалпы мәліметтер . . .
5
Кіріспе . . .: 1. 1
3: Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» қызметі . . .
5
Кіріспе . . .: 1. 2
3: Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында» ұйымдастырылған туристік-экологиялық экспедициялар . . .
6
Кіріспе . . .: 1. 3
3: Жәнібек ауданында оқушыларды жазғы демалыспен қамту . . .
15
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: 2
3: Қазақстандағы балалар-жасөспірімдерін туризмін дамыту жолдары . . .
17
Кіріспе . . .: 2. 1
3: Қазақстандағы балалар туризм түсінігі және оның түрлері . . .
17
Кіріспе . . .: 2. 2
3: Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
23
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 25
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 27
Кіріспе . . .: Қосымшалар . . .
3: 28

Кіріспе

Мен Қайратова Жанель Бауыржанқызы тәжірибені Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында өттім.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі Қазақстан Республикасында өскелең ұрпақтың денсаулығы мен тәрбиесін нығайтудың маңызды құралы болып табылатындығына байланысты. Қазақстанның қоғамдық өмірінде орын алған өзгерістер қосымша білім беретін балалар мен жастардың туристік ұйымдарының ыдырауына алып келді, балалар-сауықтыру лагерлері жабыла бастады, туристік-өлкетану қызметімен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны азайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың туризм дамыту бойынша қазақстандық қоғамның алдына қойған міндеттері балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға, оқушыларды ерте жастан туристік-өлкетану қызметіне кеңінен тартуға байланысты проблеманы шешудің қажеттілігі мен маңыздылығын көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер туризмінің негізгі міндеті балалар мен жастардың жеке басының салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады, бұл «Қазақстан-2030» стратегиясында көрініс тапты, онда балалар мен жастар - еліміздің жаңа ұрпағы және қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда олар адамгершілік бағдарларын жоғалтпауы тиіс.

Туристік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу технологияларын меңгерген білікті педагогикалық, туристік-спорттық мамандардың жетіспеушілігі маңызды мәселеге айналды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуда оң өзгерістер байқалады, бірақ әлі күнге дейін балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің бірлескен қызметін үйлестіретін бірыңғай ұйымдық құрылым жоқ. ХХІ ғасырдың қазіргі заманғы талаптарын қанағаттандыратын балалар мен жасөспірімдер туризмі кадрларын даярлау жөніндегі ахуал қалыптасу сатысында.

Жалпы, балалар мен жасөспірімдер туризмі жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей құралы болып табылатындығын атап өтуге болады:

- азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу; - жан-жақты дамыған және дені сау тұлғаны қалыптастыру;

- жас ұрпақты белсенді қозғалыс белсенділігі, табиғатпен қарым-қатынас, есірткі мен зиянды әдеттерге балама, ерік-жігер мен руханиятты тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салтына тарту;

- туған өлкенің практикалық танымы, тарих және мәдениет ескерткіштерімен, қоршаған табиғатпен танысу;

- оқушылардың белсенді демалысын, жазғы демалысын ұйымдастыру;

- экологиялық мәдениетті қалыптастыру;

- еңбек, қоғамдық қызмет, іздеу және зерттеу жұмыстары, кәсіби бағдар, әлеуметтік бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

Қазіргі уақытта туризм маман-менеджері белгілі бір туристік ісшарадан түсетін кірісті қамтамасыз етілу қамтылатын, туризмге тек «экономика» тұрғысынан ерекше көңіл бөлінуде.

Әлеуметтік (жаппай) туризм, балалар мен жасөспірімдер туризмі үшін проблема туризм нұсқаушыларының, мектеп туризмі нұсқаушыларының, жолсеріктердің жетіспеуі болып табылады.

Қазақстан Республикасының нормативтік-заңнамалық базасында туризм және білім беру саласында жоғары білікті мамандарға, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдер туризмінің мамандарына ерекше көңіл бөлінеді, онда оқушылардың ақпараттық жүктемесі мен шамадан тыс жүктемесінің өсу тенденциясы анықталады, бұл физикалық, психологиялық және эмоционалды денсаулық сапасына айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін.

Білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі - балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие берудегі таптырмас құрал. Туризм - бұл табиғат орындарына саяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу.

Туризмнің бағыттары алуан түрлі:

- ізденушілік-өлкетану бағытында туған өлкеге жасалатын оқутақырыптық экскурсиялар;

- спорт бағытында өткізілетін жарыстар мен слеттер;

- туристік жорықтар; Білім беру ұйымдарындағы туристік - өлкетану бағытындағы шаралар - оқушылардың бойында өз туған өлкесіне деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті, өткені мен қазіргі тарихын оқып-үйрену негізінде патриоттық, азаматтық тәрбиені қалыптастырады.

Сонымен қатар, баланың сана - сезімін, ойлау қабілетін, зеректілігін дамытып қоймай, достыққа, жолдастыққа үйретеді. Туристік жорықтар - туристер үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының бірі. Туристік жорық дегеніміз - алдын - ала дайындалған жаңа немесе белгілі бір маршрут бойынша сауықтыру, танымдық, спорттық бағытта өткізілетін жұмыс.

Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір, екі, үш немесе көпкүндік болып бөлінеді. Туристік жорыққа шықпастан бірнеше күн бұрын жетекші барлық қатысушыларды жорықтың мақсатымен таныстырып, қажетті жеке немесе топтық құрал - жабдықтармен, азық - түлік тізімімен, алып шығатын киімдермен хабардар етуі керек.

І. Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» туралы жалпы мәліметтер

1. 1 Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» қызметі

Заңды мекен жайы: Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек а., Жаникешева, 72А.

E-Mail:janibek_turist@mail. ru

Жетекшісі: Куаналиева Мендігуль Сагидуллиновна.

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 2005 жылы 5 желтоқсан күні аудан әкімінің шешіміне сай жаңа мекеме болып ашылды.

Орталықтың мақсаты-өз өлкесінің географиясы, тарихы және мәдениеті, халқы және шаруашылығымен, сонымен қоса жергілікті жердің табиғатына деген ұкыптылығын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, елжандылық сөзімін қалыптастыруға жағдай жасауға бағыпталған.

-Өз өлкесінің дамуына белсенді түрде қатысып үлес қоса білетін Қазақстан азаматын тәрбиелеп шығару.

-Отансүйгіштікке, табиғатын, мәдениетін және тарихи мұраларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Орталықтың миссиясы. Білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі - балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие беру. Туризм-табиғатқа, өлкенің тарихи мәдени орындарына саяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу деген сөз.

Оның бағыттары алуан түрлі: ізденушілік-өлкетану бағытында туған өлкеге жасалатын оқу тақырыптық экскурсиялар; спорт бағытында өткізілетін жарыстар мен слеттер; туристік жорықтар; экологиялық туризм. Туристік - өлкетану бағытындағы шаралар оқушылардың бойында өз туған өлкесіне деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті, өткені мен қазіргі тарихын оқып-үйрену негізінде патриоттық, азаматтық тәрбиені қалыптастырады.

Мекеменің директор қызметін атқарғандар:

Талпаков Асхат Асқарұлы - 2005-2007ж. ж.

Бақтығалиев Алтай Бақтығалиұлы - 2007-2009ж. ж.

Ихсанов Берик Кабделович - 2009-2012ж. ж.

Идаев Мадияр Курматович - 2012-2014ж. ж.

Сарсенбай Турдыбек Куанышевич - 2014-2018ж. ж.

Магазов Асланбек Аманжолович - 2018-2021ж. ж.

Қазіргі уақытта директордың уақытша міндетін атқарып жүрген Куаналиева Меңдігүл Сағидоллақызы.

Туризм орталығының қызметі ауыл мектептерінің жұмыстарын дамытуға бағытталған. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіре отырып, өз жолын өзі таңдауына түрткі болу.

Туған жерге деген құрмет отаншылдықтың негізі болып табылады. Патриоттық тәрбие дегеніміз туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру, шығармашылық бейімділіктеріне қолдау көрсету, аға ұрпақ бойындағы адамгершілік құндылықтарына құрметпен қарау, елін, жерін сүюге бағытталған ұлтжандылық пен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, рухани-мәдени құндылықтарды бойына сіңіру, оның өткені мен бүгінін жергілікті қоғамдастық өмірін жақсарту мақсатында зерделеу болып табылады, оқушыларға өзінің туған өлкесі туралы толық, терең мазмұнды білім беруді талап ететін, олардың туған жеріне және табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін, сондай-ақ өз халқының әдет-ғұрпына деген құрметін қамтитын аймақтық - өлкетану ұстанымында өз бейнесін табады.

Орталық туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, ақпараттық-талдау бағыттары бойынша қызмет атқарады. Орталықтың миссиясы: Білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі - балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие беру.

1. 2 Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында» ұйымдастырылған туристік-экологиялық экспедициялар

Балалар туризмі жылына арналған «Жайық-Орал 2008» туристік-экологиялық экспедициясы белсенділерінің облыстық слетінде «Орал өңірінің кіші өзендері» экспедициясының І кезеңі бойынша ІІ орын алғаны үшін - Жәнібек ауданының командасы.

2009 жылы облыстық «Жайық толқыны» фестивалі республикалық «Атамекен» туристік өлкетану экспедициясының шеңберінде «Халықтық салт-дәстүрлер, өнер» бағыты бойынша «Орал өңірін тану» жылы аясында жүргізілді.

«Сазгерлер» шеберханасы бойынша - Жұмабаев Айбек Жәнібек ауданы Т. Жароков ат. ЖББОМ 8 сынып оқушысы бүгінде орталықтың 1-орынға ие болды.

2013 жылдың 28 наурыз күні облыстық оқушылардың «Жасыл әлем - 2013» форумында «Ғасырлық дәстүрдің көптүрлігі» номинациясы бойынша ІІ орын - Ө. Сахипов ат. ЖББОМ Ерболатова Әсем, Жәнібек ауданы.

2013 жылдың 17-20 сәуір аралығында М. Жұмабаев жүлдесі үшін облыстық тау туризмі техникасы мен спорттық шыңға өрмелеуден өткізілген ашық жарысында ересектер тобының «Байлам» қашықтығында ерлер арасында І орын - Нигметов Ерлан, Есекеев Асқар - Жәнібек ауданы, «Техникалық» қашықтығында - ІІІ орын Жәнібек ауданының командасы.

2013 жылдың 28-31 мамыр аралығында «Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық» жылына арналған туризм қызметкері арасында өткізілген жаяу туризмі техникасынан IV облыстық жарыста «Өткелдер» қашықтығы бойынша жүлделі ІІІ орын - Жәнібек ауданы; «Техникалық» қашықтығы бойынша ІІ орын - Жәнібек ауданы; «Кросс-жорық» қашықтығы бойынша ІІ орын - Жәнібек ауданы.

2013 жылдың 31. 05-01. 06 күндері аралығында Орал қаласында халықаралық ынтымақтастық жылы шеңберінде ұйымдастырылған облыстық «Шырқаған жастық шақ» бард өлеңдері фестивалінде «Орындаушы» номинациясы бойынша (15-18 жасқа дейін) ІІ орын алған - Қайырғалиев Алихан (Жәнібек ауданы) .

2013 жылдың 25-28 маусым аралығында «Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық» жылына арналған оқушылар арасында өткізілген жаяу туризм техникасынан LII облыстық жарыста «Кросс-жорық» қашықтығы бойынша ІІІ орын, «Өткелдер» қашықтығы бойынша ІІІ орын, «Техникалық» қашықтығы бойынша ІІІ орын, жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орын - Жәнібек ауданы командасы.

2013 жылдың 26-28 тамыз күндері аралығында «Халықаралық ынтымақтастық» жылы шеңберінде өткізілген аймақаралық-шекаралық «Мәңгі бірге - Навеки вместе» туристік-өлкетану экспедициясында «Ұлттық салт-дәстүр және өнер» бағамы бойынша ІІ орын, жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орын Жәнібек ауданы командасы.

2013 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында «Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық» жылына арналған оқушылар арасында өткізілген велосипед туризм техникасы бойынша өткізілген облыстық жарыста «Триал» қашықтығы бойынша І орын, «Мәнерлеп жүру» қашықтығы бойынша командалық есепте ІІ орын, жалпы командалық есеп бойынша І орын - Жәнібек ауданы командасы марапатталды.

2013 жылдың 19-21 қазан аралығында «Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық» жылына арналған облыстық «Алтын дала - 2013» күзгі туриадасында «Өткелдер» қашықтығы бойынша І орын, «Техникалық» қашықтығы бойынша ІІ орын, «Кросс-жорық» қашықтығы бойынша ІІ орын, «Жалпы командалық есеп» бойынша ересек топ арасында ІІ орын Жәнібек ауданы командасы.

2013 жылы желтоқсан айында облыстық «Әдістемелік идеялар фестивалі» атты байқауында «Шығармашыл» номинациясы бойынша Жәнібек ауданы БЖТжЭО-ң оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанғалиева Меңдігүл Сағидоллақызы.

2014 жылдың 15-18 сәуір аралығында «Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық» жылына орай өткізілген М. Жумаев жүлдесі үшін спорттық шыңға өрмелеуден облыстық ІІ-ші ашық біріншілігінде ЕРЕСЕК ТОБЫ арасында «Командалық» қашықтығы бойынша ІІІ орын, «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП» бойынша ІІ орын Жәнібек ауданы командасы марапатталды.

2014 жыл 11-13 маусым күндері аралығында БҚО, Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылында «Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық» жылына орай өткізілген оқушылар арасында су туризмі техникасынан облыстық жарыста «Су туризмі техникасы» қашықтығы бойынша І орын, «Құтқару жұмыстарын еткізу» қашықтығы бойынша І орын Жәнібек ауданы командасы марапатталды.

2014 жылдың 17-19 қыркүйек аралығында «Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық» жылына орай өткізілген облыстық экскурсиялық бағдарлау жарысында «Туған өлкем - неткен көркем!» экскурсия презентациясы бойынша II орын Жәнібек ауданы командасы марапатталды.

2014 жылдың 23-26 қыркүйек күндері аралығында БҚО, Орал қаласы, «Еуразия» ТСК-де дүниежүзілік туризм күніне және Орал өңіріндегі балалар туризмінің Халықаралық ынтымақтастық, жылына арналған білім қызметкерлері арасындағы XVII туристік «Еуропа-Азия» фестивалінде «Өткелдер» қашықтығы бойынша II орын, «ТЕХНИКАЛЫҚ» қашықтығы бойынша II орын, «СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ» қашықтығы бойынша I орын Тастенов Саясат (Жәнібек ауданы), «ТУРИСТІК ТҰРМЬІС ЖОНЕ ДАҒДЫ» байқауы бойынша І орын, «ЖОРЫҚ ТУРАЛЫ ЕСЕП» байқауы бойынша І орын Жәнібек ауданының командасы марапатталды.

2014 жылдың 22-25 қазан аралығында «Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық» жылына орай өткізілген облыстық «Алтын дала - Золотая степь 2014» турнадасында «ТЕХНИКАЛЫҚ» қашықтығы бойынша (кіші топ) III орын, «КРОСС-ЖОРЫҚ» қашықтығы бойынша (ересек топ) ІІ орын, “ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП” бойынша ІІ орын - Жәнібек ауданы командасы марапатталды. «Техникалық» қашықтығы бойынша III орын, «Кросс-жорық» қашықтығы бойынша 1 орын, «КОМАНДАЛАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ» байқауы бойынша II орын Жәнібек ауданы командасы марапатталды.

2014 жылы 18-21 қараша күні аралығында Орал қаласы, ОБЖТжЭ орталығында «Орал өңірінде халыкаралық, ынтымақтастық» жылына орай академик Т. Қ. Жиздібаевты еске алуға арналған тау туризмі техникасы жарысында «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП» бойынша IІ орын алғаны үшін Жәнібек ауданының командасы марапатталды.

Облыстық білім басқармасының 2015 жылдың 16 қаңтардағы №22 бұйрығына сәйкес, 2015 жылы 20-22 қаңтар аралығында Зеленов ауданы Жамбыл ауылында шанғы туризмі техникасы бойынша білім қызметкерлері арасында «Европа-Азия 2015» облыстық жарысы өткізілді. Жарысқа облысымыздың 9 ауданы командалары қатысты.

2015 жылдың 14-18 сәуір аралығында Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай өткізілген М. Жумаев жүлдесі үшін спорттық, шынға өрмелеуден облыстық ашық жарысында «КОМАНДАЛЫҚ» қашықтығынан «Ересектер» тобы бойынша II орын, «БАЙЛАМ» қашықтығынан «Ересектер» тобы бойынша III орын, «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ» есепте «ЖАСӨСІПІРМДЕР» тобы бойынша III орын, «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ» есеп бойынша ІІІ орын, «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ» есепте «Балалар» тобы бойынша III орын, «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ» есепте «ЕРЕСЕКТЕР» тобы бойынша II орын.

2015 жылдың 22-24 сәуір аралығында Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай өткізілген облыстық «Көктемгі бағдарлау» жаяу спорттық бағдарлау жарысында (ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ» есеп бойынша жүлделі III орын.

2015 жылы 26-30 маусым аралығында БҚО Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай оқушылардың «Менін Отаным - Қазақстан» экспедициясы шеңберінде өткізілген облыстық «Қарлығаш 2015» туриядасында «ФОТОСУРЕТ» байқауы бойынша ІІІ орын, «ЖОРЫҚ ТУРАЛЫ ЕСЕП» байқауы бойынша ІІ орын, «ТУРИСТІК ДАҒДЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫС» байқауы бойынша І орын, «КРОСС-ЖОРЫҚ» қашықтығы бойынша (ересектер) І орын, «ТЕХНИКАЛЫҚ» ІІІ орын, «ТУРИСТІК КТК» қашықтығы бойынша (балалар тобы) ІІ орын, «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП» бойынша (ересектер) III орын.

2015 жыл 17-20 қыркүйек аралығында дүниежүзілік туризм күніне орай өткізілген білім беру қызметкері арасындағы XVIII-ші «Европа-Азия 2015» Халықаралық туристік фестивалінде «Өткелдер» қашықтығы бойынша 1 орын, «Техникалық» қашықтығы бойынша І орын, «ТУРИСТІК ТҰРМЫС ЖӘНЕ ДАҒДЫ» байқауы бойынша II орын.

2015 жыл 8-10 қазан күндері аралығында Орал қаласы, «Евразия» ТСК Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай өткізілген оқушылар облыстық XIII-ші «Батыс Азимут 2015» спорттық бағдарлау жарысында «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП» бойынша III орын.

2015 жыл 16-19 қазан күндері аралығында БҚО, Зеленов ауданы, Янайкино ауылында Орал өніріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай өткізілген оқушылар арасындағы облыстық «Алтын Дала 2015» күзгі турнадасында «ТУРИСТІК ТҰРМЫС ЖӘНЕ ДАҒДЫ» байқау бойынша ІІ орын, «ТУРИСТІК ТАҒАМДАР, байқауы бойынша І орын, «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП ОРТА ТОБЫ» бойынша ІІ орын, «ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП ЕРЕСЕК ТОБЫ» бойынша II орын, «КРОСС-ЖОРЫҚ» қашықтығы бойынша (ересектер) II орын, «КРОСС-ЖОРЫҚ» қашықтығы бойынша (орта) II орын, «ТЕХНИКАЛЫҚ»қашықтығынан ЕРЕСЕК тобы бойынша III орын.

2015 жыл 17-20 қараша күндері аралығында Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай өткізілген тау туризмі техникасынан академик Г. К. Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарысында «ТЕХНИКАЛЫҚ» қашықтығы бойынша ІІІ орын, «БАЙЛАМ» қашықтығы бойынша (аралас жұбы арасына) I орын Сабитов Қайрат, Мұхит Құралай марапатталды.

2016 жыл 13 каңтар Орал қаласы, Евразия ТСК «Жалпы және қосымша білім берудегі интеграция үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу және дамыту үшін жалпы білім беру мекемелерінде инновациялық ортаның мүмкіндігі» тақырыбында ұйымдастырылған семинар-кеңестің практикалық бағытында «Қазына тап!» атты квест ойын бойынша ІІ орын, шанғы жарысы бойынша ІІІ орын Жәнібек ауданы.

2016 жылы 17-19 ақпан күндері аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына өткізілген облыстық оқушылар арасында «Ақшақар 2016» шаңғы туризм техникасы арасында «Кросс-жорық» қашықтығы бойынша III орын, жалпы командалық есепте III орынды иеленді.

2016 жылы 1 маусым күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Шырқаған жастық шақ› жас бард әндерін орындаушылардың облыстық фестиваліне шығармашылықпен белсене қатысқаны үшін Айболат Дарын (Жәнібек ауданы), Бузулуков Владимир марапатталды.

2016 жалы 13-15 маусым күндері аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық су туризмі техникасы жарысының «Су туризм техникасы» қашықтығында III орын Жәнібек ауданы.

2016 жылы 22-25 маусым күндері аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Отаным - Қазақстан» экспедициясы шеңберінде туристік көпсайыстан «Қарлыгаш» турнадасының «Туристік дағды және тұрмыс» байқауы 1 орын, «Спело байлам» қашықтығында І орын, «Туристік фотосуреттер» III орын, «Қорық есебі» байқауында II орын, «Балық аулау» байқауында І орын, «Жеке» қашықтығында І орын Мұхит Құралай марапатталды.

2016 жылы 13-15 шілде күндері аралығында БҚО, Қаратөбе ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған велосипед техникасынан облыстық «Күміс шабақ 2016» жарысының «Жалпы командалық» есеп бойынша III орын.

Білім басқармасының 2016 жылдын 29 шілдедегі №602 бұйрығының негізінде 22-24 тамыз аралығында Жәнібек ауданының Жәнібек ауылында VIII облыстық отбасылық «Әкем, анам жане мен - туристік отбасы» жарысы етнізілді. Жарысқа 11 команда (44) қатысушы қатысты. «Туристік кедергілер жолағы қашықтығы бойынша: 1 орын Жәнібек ауданы, Карабалиндер отбасы: «Спорттық бағдарлау» қашықтығы бойынша: 1 орын - Жәнібек ауданы, Карабалиндер отбасы; «Туристік отбасылық фото» байқауы бойынша: 2 орын - Жәнібек ауданы, Карабалиндер отбасы; «Туристік тұрмыс жане дағды» байқауы бойынша: 1 орын - Жәнібек ауданы, Карабалиндер отбасы; жалпы командалық есеп бойынша Жәнібек ауданы, Карабалиндер отбасы.

2017 жылы 25-28 қазан күндері аралығында ОБЖ ТжЭо «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілген облыстық «Алтын дала - 2017» жаяу туризмі техникасынан күзгі туриадасында «Өткелдер» қашықтығы бойынша І орын, «Жалпы командалық есепте» ересек топтар арасында III орын, «Жорық туралы есеп» байқауы бойынша ІІ орын, «Жалпы командалық есепте» орта топтар арасында І орын, «Байлам» қашықтығы бойынша (ерлер жұбы) орта топтар арасында Оспанов Ф, Бибулатов E II орын, «Туристік кедергілер жолағы» қашықтығы бойынша І орындарга не болды.

2017 жылы 1-4 қараша күндері аралығында облыстық тау туризмі техникасынан оқу-жаттығу жиынында «Командалық» қашықтығы бойынша ересек топтар арасында II орын, «Эстафета» қашықтығы бойынша ересек топар арасында III орын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Жастар туризмінің мәні
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Су туризмі
Туризм – мүмкіндігі мол сала әрі қаржы көзі
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ІШКІ ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz