Magnum Cash Carry бөлшек сауда желісінің медиаортасы


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі

ЕСЕП

кәсіптік практика бойынша

Практика өткен жер: «Magnum Cash & Carry» сауда желісі

Орындаған:

Тексерген:

Нұр-сұлтан

2021

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: «Magnum Cash & Carry» сауда желісінің сипаттамасы, қауіпсіздік ережелері және алғашқы экономикалық түсініктері
3: 4
: 2
Кіріспе: «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің маркетингтік стратегиясын талдау, тұтынушылар нарығын және топтарын зерттеу
3: 8
: 3
Кіріспе: «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің маркетингттік макроортасы мен микроортасы, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
3: 10
: 4
Кіріспе: «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің медиаортасы
3: 12
: 5
Кіріспе: «Magnum Cash & Carry» сауда желісіндегі тауар саясаты мен олардың жіктелуі
3: 14
: 6
Кіріспе: «Magnum Cash & Carry» сауда желісінде тауарларға баға белгілеу жүйесі
3: 18
: 7
Кіріспе: «Magnum Cash & Carry» сауда желісінде тауар қозғалысының түрлері және түсінігі
3: 19
: 2. 2
Кіріспе: «Magnum Cash & Carry» сауда желісіндегі маркетингтік іс-әрекеттерді жетілдіру жолдары
3: 27
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 30
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
3: 31

Кіріспе

2021 жылдың 27 қазан мен 14 желтоқсан аралығында Нұр-сұлтан қаласындағы «Magnum Cash & Carry» сауда желісінің коммерциялық және маркетингтік бөлімінде өндірістік тәжірибе өтілді.

Өндірістік тәжірибе мақсаты оқу процесінде және тәжірибе алдында алған теориялық пәндердің білімін және практикалық қабілеттерді орнықтыру, сонымен қатар, кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдай отырып тәжірибе алу, есепті бітіру жұмысы үшін қажетті материалдар жинау, алған теориялық білімді кәсіпорынның маркетингтік қызметінде іс жүзінде қолданып көру және оған шығармашылық белсенділік таныту арқылы тиімді маркетингтік шешімдерді ұсыну болып табылады.

Аталған өндірістік тәжірибе мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Сауда желісінің маркетингтік және экономикалық-ұйымдастырушылық жақтарын зерттей отырып, сауда желісітің нарықтағы алар орнына талдау жүргізу және оларды тиімді орнықтыруды талдау;
  • Сауда желісінде жүргізіліп отырған маркетингтік іс-шаралар мен бағдарламаларының бағыттарын талдау;
  • Сауда желісі тауарларын өткізу және ішкі нарықта олардың үлесін арттырудың тиімді тетіктері бойынша ұсыныстарды енгізу;
  • Әлсіз жақтары мен даму мүмкіндіктерін айқындау;
  • Сауда желісітің бәекеге қабілеттілігін анықтау, жабдықтау-техникалық көрсеткіштеріне сипаттама жасау;
  • Жеке берілген тапсырмаларды орындау;
  • Сауда желісінің маркетингтік қызметін жетілдіру мен ұйымдастырушылық құрылымына қатысты ұсыныс енгізу.

Өндірістік тәжірибеден өту кезінде негізгі мәселелер ретінде мақсатты нарықты талдау, ұйымның тиіді маркетингтік бақару процедурасын ұйымдастыру болып табылады. Өндірістік тәжірибе барысында ұйымның маркетингтік жүйесі, ұйымдық-құрылымдық масштабына байланысты ерекшеліктері қарастырылуы қажет.

Өндірістік тәжірибе есебін жазу барысында мен өндірістік практика бағдарламасын негізге алып, есепті маркетинг негіздерінің логикалық байланысы бойынша жазылған. Тәжірибе уақытысында аталған өндірістік тәжірибенің бағдарламасында келтірілген мәліметтер базасын жинай отырып, алдыға қойған мақсат, бітіру жұмысы үшін негізгі ақпараттардың көлемі жиналды.

  1. «Magnum Cash & Carry» сауда желісінің сипаттамасы, қауіпсіздік ережелері және алғашқы экономикалық түсініктері

«Magnum Cash & Carry» - Қазақстандағы ең ірі серпінді дамып келе жатқан №1 сауда-бөлшек сауда желісі.

Компания 2007 жылдың 14 қыркүйегінде құрылды, дәл сол кезде «Magnum»алғашқы дүкені ашылды.

Негізгі қызмет - кең тұтынылатын тауарларды өткізу. Компанияның он жыл ішінде «Magnum» дүкендерінің саны айтарлықтай өсті және 2019 жылғы жағдай бойынша Қазақстанның 9 қаласында 60 сауда кешені табысты жұмыс істеуде.

https://avatars.mds.yandex.net/get-altay/771751/2a0000015e4c48ff15d7e6b5bf2dca6b89f3/XXL

1 - сурет. «Magnum Cash & Carry» сауда желісі

«Magnum» дүкендерінің артықшылығы - тұтынушылар үшін ең қажетті тауарлардың төмен бағасы. Мұндағы баға орташа есеппен орташа нарықтық бағадан 5% және одан да көп пайызға төмен, бұған тікелей жеткізушілермен жұмыс істеу және жоғары тауар айналымы есебінен қол жеткізіледі.

Сатып алушылар үшін компания үнемі түрлі қызықты акциялар мен тиімді сатылымдар өткізеді. Әр екі апта сайын 50% жеңілдікпен тамаша науқандық ұсыныстары бар каталог шығарылады, ал маусымдық сату аясында жеңілдік 70%-ға жетуі мүмкін.

Қызметі:

Компания қызметінің негізгі бағыттары:

  • Бөлшек сауда
  • Гипер және супермаркеттер желісі.
  • Сауда Magnum Саѕһ&Carry (меншікті гипермаркеттер), Magnum Atak (басқа сауда орталықтарының аумағындағы супермаркеттер) және Magnum Express (шағын супермаркеттер) маркаларымен жүзеге асырылады.

2019 жылдың басында » Magnum «» Реалист » сауда желісін және осы желінің барлық локациясына құқықтарды сатып алды.

Жаңа қызметкерлерді қабылдау және оқыту бойынша жеке оқу орталығы ашылды.

Әлеуметтік қызмет

Жыл сайын сауда желісі қайырымдылық жобаларына 100 миллионнан астам теңге бөледі. Негізгі бағыт - ауру балаларға және аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балаларға көмек көрсету.

«Magnum» ҚР-дағы ең ірі 15 қайырымдылық ұйымының қатарына кіреді.

Құрылтайшылары

  • Александр Гарбер
  • Элина Пугач
  • Роман Тихомиров
  • Андрей Юст
  • «Caspian Trading Investment Co. Ltd еншілес компаниясы» ЖШС

Алматы, Астана, Қаскелең, Қарағанды, Талдықорған, Шымкент, Петропавл, Қызылорда және Тараздағы 60 ірі сауда кешені.

  • «Magnum Cash & Carry» сауда-бөлшек сауда желісінен сатып алушылардың жалпы саны күніне 100 000 адамнан асады.
  • Сапалы және жаңа азық-түлік өнімдері, сондай-ақ үй мен отбасына арналған тауарлар ұсынылған 30 000-ға жуық тауар түрлері.
  • Қызметкерлер штаты 9 000-нан астам адам

Қазақстан қазіргі уақытта бөлшек сауда нарығының өсуі үшін үлкен потенциалы бар мемлекет болып табылады. Қазақстандық бөлшек саудадағы айналым жылдан жылға өсуде - 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының көрсеткіші бойынша 6, 7%-ға өскен, яғни 1268, 6 млрд теңгені құраған.

Қазақстандық бөлшек сауда айналымын түрлі сауда кәсіпорындары мен көптеген базарлар өз араларында бөлуде. 2021 жылдың тамыз айындағы статистика бойынша түрлі сауда кәсіпорындарына 158, 8 млрд теңге келсе, ал базар арқылы айналым 157, 7 млрд теңгені құраған.

Алғаш рет ресми түрде статистика Қазақстандағы бөлшек сауданың жартысын базарлар иеленіп отырғандығын көрсетті. Дегенмен, бақылаушылар пікірі бойынша, жалпы бөлшек саудадағы тауар айналымындағы базарлардың үлесі одан да жоғары - 70% -ға жуық. Ал қалған айналымды бөлшек сауда желілері (дүкендер желісі) - 20% және желі емес бөлшек сауда орындары (дүкендер) - 10% алып отыр.

Сауда-саттықтың жаңа формасы болып табылатын сауда желісі көтерме қойманың төменгі бағасы мен гипермаркеттердің ассортиментінің кеңдігі мен түрлілігін біріктіре алды, сонымен қатар жеке сатып алушылар мен ұсақ мамандандырылған көтерме сатып алушылармен сатып алуды жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдай жасады. Magnum Саѕһ&Carry сауда желісі екі сипаттаманы негізге алып отыр:

  1. Гипермаркет - үлкен алаңы бар бөлшек саудамен жұмыс;
  2. Cash and Carry негізі бойынша - B2B - «бизнес үшін бизнес».

Magnum Саѕһ&Carry сауда желісінің негізгі тұтынушылары болып келесілер табылады:

  • Мамандандырылған ұсақ көтерме сатып алушылар - кішкентай дүкендер, кафе, ресторан, және қонақ үй иелері;
  • Кеңселер мен мекемелер;
  • Отбасылар мен жеке тұтынушылар.

2020 жылы «Magnum Саѕһ&Carry» сауда желісітерінің сату көлемі 18 млрд теңгеге дейін жетті, яғни сатудың орташа айлық көрсеткіші - 6 мың тонн немесе 11 млн өнім бірлігі[1] .

«Magnum Саѕһ&Carry» - халықтың өмір сүру сапасын және деңгейін жоғарылатуға бағытталған, сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық потенциалын қолдауға сәйкес қазақстандықтар үшін арнайы құрылған әлеуметтік жоба болып табылады.

Magnum Саѕһ&Carry сауда желісінің басты мақсаты - әрбір қазақстандық жанұялардың бюджетін үнемдеу болып табылады. Бұл алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін «Magnum Саѕһ&Carry» сату сөрелеріне делдалдарсыз қойылатын жалпы сұраныстағы тауарлар мен өнімдерге төменгі баға деңгейін ұстауда.

«Magnum Саѕһ&Carry» сауда желісітер желісі отандық өндірушілерді қолдауға өз назарын аударуда және болашақта отандық өндірістерді қолдауға бағытталған арнайы акциялар мен бағдарламаларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта «Magnum Саѕһ&Carry» сауда желістері үлкен алаңымен, кең тауар ассортиментімен - 13 000 атаудан жоғары ( азық-түлік өнімдері, азық-түлік емес өнімдер және тұрмыстық тауарлар, сонымен қатар отандық фермерлік шаруашылық өнімдері), қызмет көрсетудің жоғары стандарттарымен, көтерме сатып алушылар үшін тұрақты бағдарламаның болуымен ерекшеленеді.

Тауарларға үнемділік олардың категорияларына және жабдықтаушыларға байланысты 10% бен 50% арасында болады. Тауар құны дүкеннің өндірушілермен тікелей жұмыс істеуіне сәйкес қалыптасады. Жеке алғанда, негізгі азық-түлік өнімдерін - нан (ұн), сүт, май және басқаларын сауда желісі отандық зауыттар мен жергілікті өндіруші-компаниялардан сатып алады.

Сонымен қатар «Magnum Саѕһ&Carry» сауда желісінің өзінің меншікті нан өнімдерін пісіретін аспаздық бөлімі мен ет өнімдерін өңдеумен айналысатын цехы бар.

Қазіргі уақытта «Magnum Саѕһ&Carry» сауда желісі торт, нан өнімдерін пісіреді, аспаздылық үшін етті тамақтар мен салаттар дайындайды, макарон шығарады, орамжапырақ пен саңырауқұлақтарды маринадтайды. Өз өнімдерін шығару үшін компанияның өндірістік қуаттылығы жоғары болмағанына қарамастан дүкен жоспарында ауыз суды дайындау цехын ашуды болжап отыр.

Сауда желісінің басқару құрылымы иерархиялық құрылым бойынша жүзеге асырылады. Штаттық кесте келесідей: дүкен басқарушысы, тауарды сатып алуды жүзеге асырушы, тауарды қабылдап-тапсырушысы, сауда алаңының мененджері, оператор және аға оператор, гастрономия бөлімінің жетекшісі, сатушы-кассир, сауда қордың сатушы-операторы, сауда алаңының қызметкері, бөлшектеп өлшеуші, жүктер таситын оператор, аула тазалаушы, тазалаушы және аспаз.

Сауда желісітегі ұйымдастырушылық-құрылым екі бағытта: біріншісі - кеңседегі қызметкерлер, екіншісі сауда алаңында жұмыс істеуші қызметкерлер. Ұйымдастырушылық құрылым келесідей бөлімдерден тұрады:

  • Коммерциялық бөлім - тауарларды сатып алу жөнінде жабдықтаушылармен келісімшартқа отыруды қамтамасыз етеді.
  • Маркетинг бөлімі.
  • Қызметкерлерді дайындау бөлімі.
  • Бухгалтерлік бөлім.
  • Заң бөлімі.
  • Сауда алаңындағы жұмыспен айналысушылар.

Сауда желісінің талаптары және қауіпсіздік ережелері:

Сауда автоматтарын, жылжымалы сөрелердi, автодүкендердi, шатырлар мен дүңгіршектердi қоспағанда, сауда қызметiнiң объектiлерi:

1) өз ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жерi (мекен-жайы) және жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша жазуларымен (мемлекеттiк, орыс және сатушының тiлегi бойынша басқа да тiлдерде) ;

2) сауда аймақтарының мамандану бойынша көрсеткiштерiмен;

3) барлық қажеттi объектiлер: сауда қатарлары, анықтама бюросы, сантехникалық тораптар, бақылау өлшеу құралдары тағы басқалар көрсетiлген жоспарлармен;

4) сауда бөлiмшелерiне (көкөнiс, жемiс-жидек, ет, сүт, тұрмыстық тауарлар, киiмдер, аяқ киімдер т. б. ), тамақтандыру пункттерiне, бақылау таразыларына, шығар есiктерге, автокөлiк тұрақтарына, балалар алаңдарына бағыттау көрсеткiштерiмен;

5) автокөлiктi қоюға арналған тұрақтармен;

6) сантехникалық тораптармен;

7) күзетпен жарақталады.

Сауда қызметiнiң объектiлерi техника қауiпсiздiгi ережелерiне, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы және сауда қызметiнiң тиiстi объектiсi үшiн белгiленетiн басқа да талаптарға жауап беруi тиiс.

Сауда жабдығын сауда объектiсiнде орналастыру тұтынушылардың сауда орындарына еркiн кiруiн, өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауды, авария немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл шығару мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

Азық-түлiк емес сауда объектiлерiнде (сауда объектiлерiнiң залдарында) заттарды (киiм, аяқ киiм) сату кезiнде оларды өлшеп көруге арналған жағдайлар, ал күрделi техника мен тексерудi талап ететiн басқа да тауарлар үшiн тексеру жүргiзуге арналған жағдайлар жасалуы тиiс.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сату мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен материалдардан жасалған ыдыстардан, тауарлық көршiлiк қағидаты сақтала отырып, жүзеге асырылады.

Сауда объектiсi қажеттi сауда мүкаммалымен, жабдықпен, оның iшiнде "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етiлген өлшеу құралдарымен жарақталады.

Қорытындылай келе, еліміздегі сауда орындары арасындағы «Magnum Саѕһ&Carry» сауда желісітер желісінің даму ерекшеліктері келесідей:

  • еліміздегі сауда-саттық нарығына жаңа форматпен енуші компанияның бірден бірі;
  • «сауда желісі» терминін енгізуші болып табылады - көтерме саудалы гипермаркет деген мағынаны береді. Яғни, төменгі бағалы, көтерме және бөлшек саудаға бағытталған арнайы сату технологиясы бар гипермаркет;
  • екі сауданы бірдей қамтуда - бөлшек сауда және көтерме сауда;
  • дүкен тұтынушылары болып жеке тұтынушылармен қатар тауардың үлкен көлемін қажет ететін кәсіпкерлер;
  • құрамына азық-түлік өнімдерін өндіру, логистика және тұтынушыларға тауарларды сатуды енгізуші тік интегралданған жүйе құрастырылған;
  • «Cash and Carry» форматында салынған - қоймаға кететін шығынды қажет етпейді, себебі қойма сауда алаңында орналасқан;
  • отандық өндірушілерге қолдау көрсетуде;
  • төменгі бағадағы дүкендер желісі болып келеді;
  • делдалдардың көмегінсіз тікелей өндірушілермен қарым-қатынас орнатылған;
  • жеке ет өнімдерін өңдеу цехы және нан мен тамақ өнімдерін пісіруші аспаздық бөлімі бар.

«Magnum Саѕһ&Carry» сауда желісінің одан әрі қарай дамуын және бәсекелік ортада алдағы орынды алуы үшін қазіргі уақытта қарқынды түрде дамып жатқан маркетинг ғылымын қолдану сауда желісітің бәсекелік артықшылықтарын алға ала отырып нарықта өз позициясын нықтауға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, келесі бөлімде «Magnum Саѕһ&Carry» сауда желісіндегі маркетингтік іс-әрекеттерді талдауды қарастырамыз.

2. «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің маркетингтік стратегиясын талдау, тұтынушылар нарығын және топтарын зерттеу

«Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісі көтерме қайта сату және түпкі тұтынушыға тауарды бөлшектеп сатумен байланысты сауда-делдалдық қызметтер нарығының әрекеттерін қамтиды. Мұндай әрекеттердің ерекшелiгi уақытылы болумен, сенiмдiлiкпен және қол жетiмдiлiк секілді сауда қызметiнің мінездемесімен сипатталады.

Сауда желісінің маркетингі - тауарды сатып алу және тұтынушылар сұранысына сәйкес тауар ассортиментін қалыптастыру, саудалық үрдістерді ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету, тұтынушыларды ақпаратпен және дүкен ішілік жарнамамен қамтамасыз ету, қосымша саудалық қызмет көрсету секілді жұмыстарды қамтитын саудалық қызмет маркетингі.

Сауда нарығында жетістікке жету үшін арнайы дайын әдістер жоқ болғандықтан табысты саудалық қызметтер мысалдарын қарастыру қызықты болып келеді. Нарықтың барлық көшбасшыларының екі негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады: біріншіден, маңызды мақсаттар қоюы, екіншіден, маркетинтік стратегияны дұрыс жасауы мен оны енгізуі. Стратегия дайындау - бұл табысты кәсіпкерлер иеленетін өнер деп айтса да болады.

«Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің нарықтағы қызметіне сәйкес стратегияны маркетинг бөлімі және сауда бөлімшелері мен сауда желісінің басшылары бір-бірімен тығыз байланысу арқылы дайындайды. Стратегия дайындауда маңызды рөлді маркетинг бөлімі маңызды орын алады.

Маркетинг бөлімінің мақсаты болып компанияның сатып алу және өткізу, қызмет көрсету саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру бойынша әрекеттерді дайындау.

Маркетинг бөлімінің құрылымы 5 қызметкерді қамтиды:

  • Маркетинг бөлімінің басшысы
  • Маркетолог/менеджер
  • Маркетолог/аналитик
  • Маркетолог/сатуды басқару бойынша менеджер
  • Маркетолог/PR және жарнамамен айналысушы.

Сауда бөлімшелері маркетинг жөніндегі менеджерге өздерінің атқарған қызметтерінің сипаттары мен нәтижелері туралы ақпараттарды тапсырады. Маркетинг бөлімі компаниядағы барлық бөлімшелерге олардың қызметтерін нарыққа бағыттау үшін керекті ақпараттарды ұсынып отырады.

Маркетинг бөлімінің қызметтеріне келесілер кіреді:

  • компанияның маркетингтік ортасын талдау;
  • бәсекелестерді талдау;
  • нарықты сегменттеу және мақсатты сегментті анықтау;
  • тұтынушылар қажеттілігі негізінде тауар ассортименттерін және қор көлемін анықтау;
  • баға саясатын талдау;
  • тұтынушыларды талдау;
  • тұрақты маркетингтік зерттеу жүргізіп отыру;
  • компания имиджін құру, жылжыту саясатын жүзеге асыру;
  • фирманың маркетингтік жоспарын жасау және т. б.

Осы қызметтеріне сәйкес, ең алдымен компанияның маркетингтік ортасына талдау жасап өтейік.

3. «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің маркетингттік макроортасы мен микроортасы, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Кез келген кәсіпорынның маркетингтік ортасы 3 ортаны қамтиды (3-сурет) :

  1. Микроорта. «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің микроортасының элементтері келесідей:
  • Тұтынушылары екі категорияға бөлінеді: отбасылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сатып алатын жеке тұтынушылар және кәсіп үшін пайдаланатын көтерме сатып алушы кәсіпкерлер (кішкентай дүкендер, кафе, ресторан, және қонақ үй иелері) .

2 - сурет. «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің микро ортасы

  • Компания көбіне өз назарын көтерме сатып алушыларға бөледі. Осы мақсатпен оларға көптеген жеңілдіктер ұйымдастырады.
  • Сауда желісінің басты бәсекелестерінің қатарына қазіргі уақытта көшбасшылық стратегиясын қолдана отырып тұтынушылардың назарын аударту мақсатында Нұр-сұлтан қаласында өз нүктелерін көбейту үстіндегі «Кең март» және «Small» супермаркеттері жатады.
  • Сауда желісінің жабдықтаушыларының көп бөлігін отандық өндірушілер мен кәсіпкерлер алып отыр. Яғни, импорт - 30% болса, отандық өндірушілер - 70%-ды құрап отыр. Сауда желісітің негізгі артықшылығы - делдалдардың көмегінсіз тікелей өндірушілермен қарым-қатынас орнату және отандық өндірушілерге қолдау көрету болып табылады.
  • Сауда желісінің ірі жабдықтаушыларының қатарына - Raimbek Group, P&G, RGB, Рахат АҚ және 300-ден аса компаниялар мен жеке кәсіпкерлер болып келеді. Жабдықтаушылармен келісім-шарт жыл сайын жүргізіліп отырады. Тауарлар өтімділігі төмен болған жағдайда сауда желісі жабдықтаушылармен келісе отырып, тұтынушыларға түрлі жеңілдіктер ұсынады.

Компания Ресей, Түркия, Чехия және өзге де еуропалық елдердің өндірушілерімен іскерлік қарым-қатынаста. Туркиялық кәсіпкерлер негізінен дүкенге киімдер мен тоқыма заттарды, қытайлық зауыттар - тұрмыстық тауарлар мен теңіз өнімдерін, ал ресейлік өндірушілер - консервіленген азық-түліктерді, чехиялықтар - қатырылған (замороженные) өнімдерді жеткізеді. Компанияның Пекин, Үрімші, Мәскеу, Стамбұл және Прага қалаларында меншікті өкілдіктері болуына сәйкес, өнімдерді жеткізу арзанға түседі.

  • «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің негізгі артықшылығы - өндірушілермен тікелей қарым-қатынас орнатуында болып табылғандықтан сауда желісі делдалдар көмегін қажет етпейді.
  1. Сауда желісінің қызметіне әсер етуші макроорта факторлары келесілер болып келеді:

Демографиялық. 2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 42, 1 мың адам, оның ішінде қала халқы - 11 миллион 287, 4 мың (59, 3 пайыз), ауыл халқы - 7 миллион 754, 7 мың адам (40, 7 пайыз) .

  • оның ішінде Нұр-сұлтан қаласының халқы - 1136008 адам.
  • Экономикалық. 2021 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша, қызмет көрсету саласында өсу, нақты салада орнықты өсу қарқыны, экспорттың жоғары өсу қарқыны есебінен сауда балансының нығаюы және өндіруші емес саладағы инвестициялық жоғары белсенділік байқалады. Инвестицияға келсек, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталдағы өсу 11, 7% болған.
  • Құрылыста 2, 1 есе, өңдеу өнеркәсібінде 50, 5%, ауыл шаруашылығында 40, 5%, саудада 34, 2%, жылжымайтын мүлік операциясында 18, 6%, қаржы қызметінде 14, 2% жоғары көрсеткіш бар.
  • Нұр-сұлтан қаласындағы жан басына шаққандағы бөлшек сауда 90 907теңге, қала тұрғындарының өмір сүруі үшін айына кемінде - 120 000теңге қажет[1] .
  • Нормативті-құқықтық. Сауда желісі өз қызметін келесідей заңдар негізінде жүзеге асырады: ҚР-ның Конституциясы, "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңы, Саударыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы және т. б.

4. «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісінің медиаортасы

1. Бір кездері "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласындағы "Magnum" сауда орталықтарында кезекті ревизорлық бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді. Тексеріске технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев те қатысты.

Осыған сәйкес интернет-сайттарда сауда желісі қызметі мен дамуы туралы мақалалар жарияланған(5-сурет) .

https://halaldamu.kz/storage/app/media/uploaded-files/whatsapp-image-2021-08-16-at-211831-4.jpeg

3 - сурет. «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда желісі туралы БАҚ-да таралуы

2. «Magnum Жаңа Жыл» науқаны қараша айының соңында сауда желісі ұсынылған Қазақстанның барлық өңірлерінде басталып, 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасты. Magnum өз сатып алушыларының арасында 12 көлікті ойнатты - 9 Kia Rio және бір Toyota Camry 70, BMW X4 және Инфинити QX.

https://magnum.kz/storage/uploads/optimized/9298ec14-1bb5-4d54-ac2d-585a5c1cc2c3.jpg

4 - сурет. . «Magnum Жаңа Жыл» науқаны

2020 жылдың 17 ақпан мен 12 сәуір аралығында "Magnum Club-қа өт те, миллион ал!" атты акция өтті. Magnum Club-та тіркелген барлық сатып алушы автоматты түрде оның қатысушысы атанды. Әр апта сайын сыйлықтар ойнатылды - 1 мың бонус және 5 мың бонус. Ал әр екі апта сайын кездейсоқ сандар генераторы бас жүлденің иесін анықтады - 1 000 000 бонус!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Арзан» оптомаркетіндегі маркетингтік іс-әрекеттерді жетілдіру жолдары
Шығындар плюс стратегиясы
Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы мерчандайзингтің теориялық негіздері
Амиран ЖШС - ның тауар жылжыту арналары мен саясаты
Сертификаттаудың мақсаттары
Инновацияның міндеттері
Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу
Өнімді өткізу және тарату
Халқаралық делдалдар және фирманың халықаралық қызметтегі орны
Бөлшек сауда, оның типтері және даму тенденциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz