Алма ағаштарын қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1 дәріс
Тақырып: Алма дақылының сипаттамасы мен агротехникасы

Мақсаты: Алма дақылының маңызын, өндірістік аудандарын, биологиялық және агротехникалық ерекшеліктерін талдау.
Түйінді сөздер: Алма, алма түрлері: орман, шығыс, аласа, Недзвецскі, Сиверс, Сібір жидек, алхоры жапырақты; алма сорттары: Орта орыс, Оңтүстік, Сібірлік және Оралдық, Батыс Еуропалық, Америкалық; алманың биологиясы, агротехникасы т.б.

Дәріс жоспары:
1. Алманың маңызы, өндірістік аудандары мен негізгі түрлері.
2. Алманың биологиялық ерекшеліктері мен табиғат жағдайларына қатынасы.
3. Алманың телітушілері, көбейту жолдары мен бөрікбасын қалыптастыру
4. Жеміс бағын отырғызу, топырағын күту, тыңайту, суару, шырпу және өнімін жинау.
Негізгі және қосымша әдебиеттер
1. Колесников В.А. Частное плодоводство.-М.: Колос, 1973.
2. Левина М.П., Кацейко А.Н. Алматинский апорт.-Алма-Ата: Қайнар, 1977.
3. Аяпов К.Ж. Жеміс және жидек шаруашылығы.-Алматы: Қайнар, 1993.
4. Аяпов К.Ж., Кампитова Г.А., Мажитова Р.С. Жеміс шаруашылығы.-Алматы: Сөздік- словарь, 2005.

Дәрістің қысқаша тезисі

1. Алманың маңызы, өндірістік аудандары мен негізгі түрлері
Алманың маңыздылығы
oo Қазақстандағы жеміс дақылдары ауданының 70% -ға жуыған алып жатуының басты себебі түрлі климаттық жағдайға бейімделген, жемістері әр түрлі мезгілде пісетін сорттарының мол болуы.
oo Жемісінің құрамынды химиялық элементтердің, қышқылдар мен витаминдердің мол болуы, әрі жемістерін ұзақ сақтауға, тасымалдауға және өңдеуге жақсы келетіндігі, оларды тамақ өнеркәсібінде, медицинада, шаруашылықта, экологияны жақсартуда т.б. пайдалануы анықтайды.
Өндірістік аудандары. Алма мәдениеттендірілген дақылдардың алғашқыларының қатарына жатады. Оны өсіре бастағанға 3000 жылдан астам уақыт болды.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс жеміс аймағында орналасқан Алматы маңайындағы Іле Алатауы алманың шыққан жері болып есептелінеді. Өйткені бұл аймақта алманың жабайы түрі Сиверс алмасы тау шатқалдарында өседі. Алма дақылы Қазақстанның барлық жемістік аймақтарында өседі. Дегенмен ең дәмді, десертті, ірі жемісті сорттары республикамыздың оңтүстік - шығыс, оңтүстік және батыс жемісті аймақтарында өсіріледі. Бұл аймақтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Батыс-Қазақстан облыстарында орналасқан. Осы облыстарда алманың тауарлық өндірісімен айналысады.
Алманың негізгі жабайы түрлері. Ботаниктермен сипатталған алманың - 36 түрінің ішінде мәдени сорттарының пайда болуына негіз болған 8 түрі.
oo Орман алмасы - я. лесная - Malus silvestris mill;
oo Сиверс алмасы - я. Сиверса - Malus sieversie Roem;
oo Шығыс алмасы - я. Восточная - Malus orientalis;
oo Аласа алма - я. низкая - Malus pumila mill;
Аласа алма - Дүйсен - я. низкая - дусен - Malus рumila var. Praecox;
Аласа алма - Парадизка - я. низкая - парадизка - Malus рumila var. Paradisiaca;
oo Недзвецск алмасы - я. Недзвецкого - Malus nedzweysrifiana Dick;
oo Алхорыжапырақты алма - я. сливолистная - Malus prunifoiia Borkt;
oo Сібірдің жидек алмасы - я. сибирская ягодная - Malus baccata Borkh;
oo Түркмен алмасы - я. туркменов - Мalus turkmenorum.
Бұлар табиғатта шағын немесе орташа өлшемдегі ағаштар, кейде ірі бұта тәрізді болады. Жапырақтары қарапайым, гүлдері ақ немесе қызғылт. Жемісі ірілі-ұсақты алма. Олардың көпшілігі табиғатта ұрықпен көбейеді. 300 жылға дейін өмір сүре алады. Өндірісте телітуші ретінде пайдаланады. Сондай-ақ сұрыптау жұмыстарында, сәндік бақ шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде пайдалануға болады.

2. Алманың биологиялық ерекшеліктері мен табиғат жағдайларына қатынасы
Жер үсті бөлігі. Алма ағашының биіктігі сортына байланысты 6-10 м және одан да астам бола алады. Ағаштың жер үсті бөлігі діңгектен және бөрікбасынан тұрады. Діңгек - сидамнан, орталық жетекшіден, бойлық өркеннен құралады. Бөрікбасы - қаңқалық, жартылай қаңқалық және түкше бұтақтардан тұрады. Қаңқалық пен жартылай қаңқалық бұтақтар бірінші, екінші және сирегірек үшінші қатарда бола алады. Олар бөрікбасының негізін құрайды, оларда түкше бұтақтар орналасып, өнімнің негізгі бөлігі қалыптасады. Түкше өркендер төртінші және одан да жоғары тармақтағы бұтақтарға жатады. Олар жапырақтанған (вегетативті) өркендерден және жеміс салатын (генеративті) бұтақшалардан, оған жататындар жемісті шыбықтар - біржылдық, ұзындығы 15-25 см, найзатүр бұтақша - біржылдық, ұзындығы 3 тен 15 см дейін, сақиналы бұтақша - көпжылдық, ең қысқа бұтақшалар, ұзындығы бірнеше милиметрден 5см-ге дейін болатын бұтақшалардан тұрады.
Неғұрлым жеміс салатын мүшелер жас болса, соғұрлым олардың гүлдерінде жеміс көп байланады және сапасы жоғары болады. Жылсайынғы өскін (өркен) ұзын болса, ондағы жапырақтар ірі болады. Ол жеміс ағашында көмірсутектерінің мол жиналуына, өнімінің артуына мүмкіндік береді.
Көктемде алма ағаштарында алдымен вегетативті бүршіктер біршама кешірек гүл бүршіктері бөртеді және ашылады. Гүлдің 5-15% қалыпты жеміс байлауға пайдаланылады. Жылсайынғы жеміс салудың кепілі жылдық өркендер сияқты, қалыпты гүлдеу, сондықтан бағбан топырақты күту мен ағаштарды шырпу арқылы вегетативті және гүл бүршіктерінің арасындағы қатынасты теңестіруі керек.
Гүлдеу мезгілі сыртқы орта жағдайы мен сортқа байланысты. Гүлдеу уақытына байланысты сорттар ерте, орташа және кеш гүлдейтін болып бөлінеді, олардың арасындағы айырмашылық 2-3 күннен аспайды. Ағаштың гүлдеу ұзақтығы жобада 6-15 күн, бұл жиі ауа-райына байланысты болады. Алма сорттарының барлығына жуығы айқас тозаңданады.
Жеміс бүршіктерінің қалыптасуы маусымның соңынан, шілдеде кейде тамыз айының басына дейін жүреді. Гүл бүршіктерінің қалыптасу мезгілі алманың әртүрлі сорттарында біржылдың өзінде бірдей жағдайда 20-30 күн аралығында ауытқиды. Жеміс бұршіктерінің дифференциациясы (қалыптасу) түрлі жеміс салатын өркендерде бірдей басталмайды: бәрінен ерте ескі мүшелерде (жемісті тармақ) содан кейін жасырағында (сақиналы бұтақша), содан соң қысқа біржылдық өркендерде және ең соңында ұзын біржылдық өркендердің қолтық бүршіктерінде жүреді. Қазан айына қарай гүл мүшелерінің барлық бастамалары негізі қаланып та болады.
Алманың майда жемісті сібір сорттары ең ерте жемістілері. Олар жеміс салуға, баққа отырғызғаннан 3-4 жылдан кейін кіреді. Алманың ірі жемісті сорттарын ерте жемістілігіне қарай үш топқа бөлуге болады:
ерте мерзімде жеміс салатын сорттар - баққа отырғызғаннан кейін 3-7 жылы жеміс сала бастайды, олар: Вагнер, Ренет Симиренко, Голден Делишес, Уелси, Заря Алатау т.б.;
орташа мерзімде жеміс салатын сорттар - 8-10 жасында жеміс сала бастайды, олар: Антоновка обыкновенная, Апорт, Коричное полосатое, Бабушкино, Грушовка верненская, Красный железняк, Мильтон, Ренет Бурхардта, Ренет ландсбергский, Салтанат, Суйслеппер т.б.;
кеш жеміс салатын сорттар - 11-15жылдары жеміс салатындар, олар: Сары синап, Кандиль синап, Розмарин белый, Ренет орлеанский.
Тамыр жүйесі. Дақылға, топырақ-климаттық жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Тамыр жүйесі жалпы орналасуына, өлшеміне, құрылымына, қасиеттеріне қарай ұқсас болады. Тамырлар орналасуына қарай: қөлденең және тік болып бөлінеді. Тамыр жүйесінің орналасу аумағы алманың сортына, телітушісіне, топырақ құрамына, агротехникасына т.б. байланысты. Тамыр жүйесінің диаметрі бөрікбасы диаметрінен артық болады.
Тамыр өлшеміне қарай: қаңқалық, жартылай қаңқалық, шашақ тамырларға бөлінеді. Пайда болуына қарай тұқымдық, вегетативті болып, ал тарамдануына қарай 0,1, 2, 3 тағы да сол сияқты тармақтарға; қызметіне қарай өскелең, сорғыш, өткізгіш, аралық; құрылысына 1 және 2 құрылымды болады.
Табиғат жағдайларына қатынысы
Температура. Ассимиляцияға күндізгі орташа температура қолайлы, ал күндізгі немесе түнгі жоғары температура нашарлатады.
Қыста температураның күрт өзгеруі өсімдікке қатерлі әсер етеді. Ауа температурасының жылдам төменедеуінен діңгектің жарылуы байқалады. Өсу мезгілі ұзақ алманың қысқы сорттары, күздік және жаздық сорттарына қарағанда аязға төзімділігі төмен болады. Жылдық өскіннің суыққа үсуі негізінен оның толық жетілмеуінен (піспеуінен) болады.
Көшеттіктегі өсімдіктердің (өркендерінің піспеуінен) және кәрі ағаштардың (қоректік заттар қорының жетіспеуінен) аязға төзімділігі төмен, ал жас және жеміс салатын орта жастағы ағаштар төзімдірек келеді. Гүл бүршіктері неғұрлым кем дифференциацияланса (мүшеленсе), сондай-ақ неғұрлым тыныштық кезеңі ұзақ әрі терең болса, соғұрлым қысқа төзімді келеді. Алма гүлдері үшін қатерлі температура ашылмаған қауызы боялған гүл үшін -2,75-3,85°, гүлдену уақытында -1,65-2,2°, ұрықтану сәтінде (түйіндеу) -1,1-2,2°. Өнім жиыны кешіккенде қысқы сорттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс ағаштарын отырғызу
Жеміс ағаштарын ұластыру
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Алма шаруашылығына сипаттама
Ағаш өңдеу тарауын оқыту
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Жеміс ағаштары
Апорттың Юбилейный сорты
Екпе көшеттерді қазып алу
Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру
Пәндер