Қазақ жазу тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті

Педагогикалық институты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақ жазу тарихы

Пән атауы: Қазақ жазуының тарихы
Орындаған:Бахыт Аружан Ақбайқызы
Тексерген:Молгаждаров Қасиет Кәкенұлы
Тобы: КРОК 214
Курс: 2

Көкшетау-2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. ХХ ғ. басындағы қазақ тілі білімі туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... .10
1.1.Қазақ тіл білімінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары ... ... ... ... ... ..15
1.2. ХХ ғасыр басындағы қазақша оқулықтардың тілі туралы ... ... ... ... ... .17
2. Жазудың жалпы даму тарихына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1.Қазақ жазуының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2.Қазіргі қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру мәселесі ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның бүгінгі жай-күйін жəне келешектегі даму бағытын сөз еткенде, өткен тарихын да əрдайым есте ұстап, тарихтан тағылым алған абзал. Бұл орайда əсіресе ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда орын алған саяси-əлеуметтік фактор ел зиялыларының ұлт мүддесі жолында бірігіп, қазақ тілін бағдарға ала отырып, бірлесе еңбек етуінің жарқын үлгісі болды. Бұл кезең - қазақ қоғамының рухани жағынан серпілген, ұлттық сананың оянған кезеңі болды. Ұлттың қамын ойлаған қазақтың зиялы азаматтары адамзат тарихының көшінен қаға беріс қалып, бейқам жатқан елдіңт ығырықтан шығар жолын іздеп, шарқ ұрды. Одан шығудың бірден-бір негізгіжолы өнер-білімге тартылып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу деп білген зиялылар қалың бұқараның арасында ағартушылық идеясын, ұлттық сананы көтеру идеясын ұстанды. Бұл жолда ұлттық мəдениеттің, əсіресе тілдің алар орны ерекше болатынын терең түсінді. Соңғы жылдары ғылыми танымда ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлттық тіл білімінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Қазақ тіл білімінде жаңадан қалыптаса бастаған когнитивті лингвистика, антропоөзектілік бағыт сияқты жаңа үдерістер ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің көш бастауында тұрған ғалымдардың еңбектерінен басталады. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар мен А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов, Қ. Басымұлы сынды ғалым-зерттеушілердің еңбектерінің арасындағы сабақтастық осы кезеңді зерттеуді қажет етіп отыр.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы ғылыми білімдер жүйесін арнайы қарастырудың өзіндік себептері бар:
Біріншіден, осы кезеңде қоғамдағы өзгерістерге байланысты білім-ғылым саласы қарқынды дамыды, оқулықтар мен оқу құралдары көптеп жарық көрді, жекелеген ғалымдар қазақ тілінің толық грамматикасын құрастырып, тіл біліміндетеориялардың қалыптасуына түрткі болды. Сол арқылы ұлттық тіл білімінің қалыптасуына жол ашты.
Екіншіден, осы кезеңде қазақ тілін оқыту, грамматикалық тұрғыдан сипаттау мəселесі қоғам тарапынан да қызу талқыға түсті.
Үшіншіден, ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдарында ғылыми грамматика мен мектеп грамматикасының аражігі айқын көрініп, қазақ тілінің ерекшеліктерін грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың ғылыми негіздері нақтыланды, ғылыми сипаттама мен ана тілін оқыту тəжірибелерінің өзіндік əдіс-тəсілдері айқындалды.
Төртіншіден, осы кезеңде қазақ əдеби тілі стильдік тармақтарға жіктелді, соған байланысты қазақ тілі грамматикалары əдеби тіл нормаларына сəйкес түзілді. Сол себепті осы кездегі грамматикалық сипаттамаларға талдау жасай отырып, ғалымдардың қазақ əдеби тілін қабылдау, түйсіну ерекшеліктерін де байқауға болады.
Бесіншіден, ХХ ғасырдың басында тілді грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың бірнеше үлгісі жасалды. Қазақ тіл білімінің тарихында ғылыми парадигманың Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдарындағы лингвистикалық теориялар жүйесіне қаншалықты ықпал еткенін айқындауға болады.
Қазақ жазуының тарихы көне түркi, араб, латын графикасымен, қазiргi қазақ жазуы орыс әлiпбиi графикасымен тығыз байланысы.Қазақ жазуының тарихы көне түркi, араб, латын графикасымен, қазiргi қазақ жазуы орыс әлiпбиi графикасымен тығыз байланысты екендiгi тақырып барысында жан-жақты қарастырылып, түсiндiрiледi. Негізгі мақсаты - сонау V-VIII ғғ. қолданыған Орхон- Енисей әлiпбиiнен бастап, күнi бүгiнге дейiн қолданылып келе жатқан орыс графикасына негiзделген қазақ әлiпбиiнiң қалыптасу тарихын жете бiлдiру. Сондай-ақ олардың түркi туыстас тiлдерге ортақ көне жазба мұраларын (Орхон-Енисей ескерткiштерi, көне ұйғыр әлiпбиiмен жеткен ескерткiштер) түпнұсқа бойынша оқи алатын, тiлдiк талдау жасап, қазiргi тiлiмiзбен салыстыра зерттей алатын дәрежеге жетуiн көздейдi. Қазақ жазуының тарихы негізгі түркі тілдерінің бірі - қазақ тілі жайында студенттердің бұдан бұрынғы алған білімін кеңейтіп, тереңдетуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл - қазіргі қазақ жазуының пайда болу, қалыптасу тарихы жөніндегі бірден-бір актуальді мәселе.Әрбір адамның өз елі мәдениеті мен әдебиетінен, ата - бабаларының басынан кешкен тарихынан мағлұматы болуы керек. Себебі ел мәдениетінен, тарихынан хабары жоқ адамның жерін, елін сүюі мүмкін емес.Ал жазусыз мәдениет,мәдениетсіз ел болмайды.Әр халық өткені арқылы бүгінін таниды. Сондықтан да Қазақстанның әрбір зиялы азаматы өз елінің өткенінен, тұрмыс-тіршілігінен хабардар, шұғылданған кәсібі, қалдырған мұрасымен таныс болуы керек.. Қазақ жазуының тарихы тақырыбын оқу орындарында оқытудың басты маңызы осыдан келіп шығады. Тақырыпты оқу барысында студенттер қазақ жазуының тарихымен толық таныс болады.Екіншіден, көне ескерткіштер мәтіндерімен, жазу түрлерімен танысады. Үшіншіден, әр кезең әліпбилерін (руна, көне ұйғыр, араб, латын, орыс) үйрену арқылы ескерткіш мәтінде-рімен өздері оқып, таныса алады. Ең бастысы студенттер халқымыздың қандай жазу түрлерін басынан кешкендігін, қазіргі жазуымызға қалай жеткендігімізді біле алады. Сондай-ақ, қазақ жазуына қатысты әр кез зерттеушілерінің пікірлерімен, олардың пікірлеріндегі қайшылықтар, дау-дамайлар жөнінде, яғни тақырыптың зерттелу тарихына да шолу жасалады.
Графикалық лингвистика. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай жазудың да түрлері келіп шығады. Олар:
1.пиктографиялық жазу;
2.идеографиялық жазу;
3. буын жазуы;
4.әріп не дыбыстық жазу.
Пиктографиялық жазу. Бұл- ең алғашқы жазудың түрі. Бұны сурет (рисуночное) жазуы деп те атайды. Бұл жазудың жеке таңбалары пиктограммалар деп аталады (әрбір жеке сурет) . Себебі олар өздігінен белгілі бір хабарды білдіре алады. Ол сурет жеке сөздерге жіктелмейді, бөлшектенбейді. Оларды әр түрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне алады. Себебі олар тілдік формаларды емес, оның мазмұнын белгілейді. Пиктографиялық жазуға малдың, тоғайдың, адамның, аңның суреттері пайдаланылған. Нені хабарлағысы келсе, соның суретін салған.
Идеографиялық жазу. Бұл- пиктографиялық жазудың біртіндеп дамуы барысында пайда болған жазу. Жеке таңбалары идеограммалар деп аталады. Бұл жазу заттың өзін емес, шартты формаларын, таңбаларын белгілеу болып табылады. Ең басты айырмашылық таңбалардың формасында емес, оларды білдіретін мағынасын жеткізеді.
Буын жазуы. Жазудың барысында буын жазуы пайда болды. Бір таңба бір буынды белгілейді. Буын жазуы 3 түрге бөлінеді: 1-түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулдары, майя жазуы лига туралы дыбыстық корей жазуы жатады. А.Адты +Сдсыз; Сдсыз+Адты; Сдсыз+Адты+Сдсыз. 2-түріне: крит-мекен буын жазуы, кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады.
Әріп дыбыс жазуы. Бұл буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде алдымен консонантты дыбыстық жазу 2 мың жылдықтың екінші жартысында пайда болған да, кейін вокалданған дыбыстық жазу дәуіріміздің 1 мың жылдығының басында пайда болған. Әріп жазуы дүние жүзі мәдениетінің дамуына әсерін тигізді. Бұл ең қолайлы жазу болды. Бұл жазу үшін 20-40-қа дейінгі таңба саны жеткілікті болды ал буын жазуында таңба саны 40- тан 200- ге дейін жеткен. Бұл жазу тілін тез игеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетті. Ол сөздерді ғана емес, олардың дыбыстық бөлшектерін дәлме-дәл беруге, грамматикалық морфемаларды белгілеуде қолайлы болады. Әріп жазуының тарауы б.з.д..1 мың жылдықтың алғашқы ғасырларында басталған. Әріптерді қабылдай отырып, кейбір халықтар әріп жазуын алфавиттік құрамын өзіне икемдеген. Әріп жазуы екі түрлі бағытта тарады. Шығыста финикий жазуының негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының жазу жүйелері жасалып таралған. Зерттелген мәліметтерге қарай түркі тілдері жазуы таңбалы руникалық жазу немесе табылған аймақтарына байланысты Орхон-Енисей жазуы деп аталып келеді. Бұл да әріп жазуына жатады. Орхон-Енисей және түркі жазуы -- қазақ жазуының алғашқы түрі.
Зерттеудің нысаны: ХХ ғасыр басындағы қазақ жазу тарихы.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ жазуының тарихына шолу жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1.ХХ ғасыр басындағы тіл біліміне шолу жасау;
2.Қазақ жазуының қалыптасуы мен дамуы кезеңдеріне сипаттама;
3.Бүгінгі жағдайы мен латын графикасына көшу проблемаларын көрсету.
* Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі мен мақсаты, оның нысаны мен міндеттері анықталып теориялық-әдіснамалық негіздері маңыздылығы баяндалған.
Қорытындыда курстық жұмыстың негізгі қорытындылары, ұсыныстары, тұжырымдамалары баяндалған

1. ХХ ғ. басындағы қазақ тіл білімі туралы жалпы мәлімет
1.1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары
Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол - халықтың алтыннан қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз. Әрбір ұлт тілі өзінше ұлы, өз нақышымен қымбат. Қазақ тілі - ең бай әрі дамыған тіл. Әлемдегі санаулы әдеби тілдердің бірі. Қазақ тілінің кешегі мәйекті қалпын, терең философиялық тұжырымды екі ауыз сөзге сыйғыза білген, мірдің оғындай өткір қалпын терең меңгеру, меңгерту парыз. Әрі бұл меңгеру мен меңгерту - ғылыми бағытта парасаттылықпен дұрыс жолға қойылса орынды. Кез келген тілдің сипаты мен өзіндік тарихы бар, оларды бірінен-бірі артық не кем деуге ғылыми негіз жоқ. Мәселе сол тіл иеленетін әлеуметтік құндылыққа, ұлттық мәдениеттің басымдылығына, мемлекет жүзеге асыратын тілдік саясатқа, ақыр аяғы отбасына келіп тіреледі. Тілдің әлеуметтік құндылығын асыру не кеміту қоғамның өз қолында. Қазіргі таңда ана тіліміз ғылыми ойдың, ғұламалықтың тіліне айналуда. Барлық ғылым салалары бойынша терминдер жасалу үстінде. Бұл жолы ауырлау болса да, жасампаздардың жасап жатқан жақсы жолы. Шешен сөйлей білу - қазақ халқының маңдайына жазылған бағы. Ал оның түп мақсаты - тыңдаушысын иландыру, сендіру. Шешен сөйлеу тек бай тілге ғана тән қасиет болу керек. Қазақ халқының шешендігі - тілінің байлығы. Бұл байлық бір күнде жинала салған дүние емес. Онда заманалар ізі, ғасырлар демі жатыр. Тіл мен ой тарихи тұрғыдан бірдей пайда болды дегенге құлақ қойсақ, онда қазақ тілінің терең тарихи даму жолы көз алдымызға келуі керек. Туған елдің болашағы саналатын жас ұрпақты ұлттық дәстүрі мен салт-санасының негізінде тәрбиелеп, туған топырақта тамырлаған алтын тарихтың бесігінде тербетіп, қазақтың бай мәдениетінде жүздіру - баға жетпес өлшеусіз рухани қызмет. Ұрпақ тәрбиесінің маңызына қазақ баласы зер салып, оған ерекше мән берген [1].
Тал бесіктен басталған тәрбиенің сыры мен сипаты да сан салалы. Ана әлдиімен басталатын ұлы істі ата ақылы тереңдетсе, мектеп табалдырығын аттаған сәбиге ұстаздың да берер ұлағаты мол. ХІХ ғасырға дейінгі қазақ даласында ағарту ісінің белгілі жүйесі болғаны туралы дерек жоқ. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірдің кейіндеп қалуы, көшпелі тұрмыс тауқыметі, оқытудың көпшілікке арналған түрінің дамуына жағдай туғыза алмады. Қазақстанда алғашқы мектептердің ашыла бастауы орыс үкіметінің ықпалымен болғаны да жасырын емес еді. ХҮІІІ ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы қаласында ең алғаш рет тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, сол кезеңдегі орыс үкіметінің жүргізген саяси бағыттарымен байланыстырылады. 1789 жылы дәл осындай тілмаштар мектебі Орынборда ашылады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазақ бай-манаптарының, ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды. Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле бастайды. 1870 жылы 26 наурыз айында орыстың оқу Министрлігі Ресейдегі орыс емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдайды. Осы қарар негізінде қазақ арасында көптеген оқу орындары дүниеге келеді. Заң жолының ырқымен ашылған мектептерді жалпы басқарылуы мен бағыты жағынан үшке бөліп қарауға болар еді.
1. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Бұл мектептер, негізінен, орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйретумен айналысты, тілмаштық іс жүйесін үйретті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақмола мен Семей өңірінде мектеп-интернаттар ашылды. Кейін көп ұзамай олар ауыл шаруашылығы училищелері болып қайта құрылды. Осындай мектептер кейін Орал мен Торғай аймақтарында, одан кейін Жетісу, Сырдария облыстарында ашылады. Жер-жерде екі кластық орыс-қазақ училищелері ашылды. Ресми мәліметтерге қарағанда 1911 жылы Қазақстанда 350 орыс-қазақ училищесі жұмыс істейді де, онда барлығы 6756 қазақ баласы оқиды. Орыс-қазақ мектептерінде бірінші жылы ана тілі, орыс тілі, арифметика, ән-күй, дін сабағы жүрген. Ал екінші жылы тарих, география, жаратылыстану пәндері оқытылған. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдың, Н.Ф. Бунаковтың, В.И. Водовозовтың, И.Д. Тихомировтың, А.Я. Гердттың, Ы. Алтынсарин және И.Я. Яковлевтің оқулықтары кеңінен пайдаланылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында А.В. Васильевтің Букварь для киргиз - Қырғыздар үшін әліппе, А.Е. Алекторовтың Русскокиргизская азбука - Орыс-қырғыз әліппесі, Киргизская хрестоматия, К мудрости ступенька, С.Н. Граменицкийдің Книга для чтения т.б. оқу құралдары пайдаланылды.
2. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Мұндай мектептердің де өзіндік ролі мен орны, маңызы ерекше болды. Халықтың қолдауының арқасында бұл оқыту жүйесі ауыл-ауылда кеңінен тараған. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының үлкен тобының қалыптасуының негізі осы мектеп үлгісі десек қателеспеген болар едік. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қазіргі аяулы тұлғалары, мәдениет корифейлерінің әуелгі ұстазы осы ауыл молда-мұғалімдері болған. Әптиектен бастап оқытып, олардың мұсылманша сауатын ашуына ықпал жасады. Ауыл молдаларының негізгі білім тірегі - Құран Кәрім болғаны аян. Жалпы адамзаттық дамуда ерекше маңызға ие болған ұлы Құран Кәрімнің негізгі аяттары мен сүрелерінің мән-мағынасының түсінігін ел ішінде таратудың, оның халық өміріндегі маңызын айтудың, түсіндірудің жеңіл іс еместігін атап айту қажет. Қай заманда болса да адам баласы өмірдің мәнін түсінуге, оның жұмбақ кілтін іздеуге, тануға талап қылған. Өмірдің мәнін іздеуде біреулер философияға ден қойса, енді біреулердің бағы өнерде жанған. Өмірдің өз болмысының күрделі ғажайыптары мен жұмбақ әлемін алдына жайып салмаса да, дала баласының ойына ойлану нұрын сеуіп, Алланың бірлігі мен барлығы туралы ұлы тұжырымдарды салуы, Құранның түсінігін пайымдатуы, ауыл молдасының ағартушылық еңбегі де атап өтуге тұрарлық екенін дәлелдей түседі. Дала заңының өз ұстанымдары болды, өз дүниетанымдық ерекшеліктерін ислам діні ұстанған парыздармен ұштастыра білді. Осындай екі түрлі дүниетанымның сабақтаса, ұштаса, бірлесе қимыл-бағдар жасауына ауыл молдаларының қосқан үлесі мол.
3. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер. Мұндай мектептерде білім салалары толық оқытылып, халықтың дәстүрі мен салты негізінде білікті кәсіби мамандар сабақ берді. Жәңгір мектебі, Айғаным медресесі, Мамания мектебі және Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде тарих, жағрапия, есеп, қазақ тілі, ескіше оқу, дін сабағы сияқты іргелі, негізгі пәндерден дәрістер берілгені белгілі. Бөкей ордасының атақты ханы Жәңгірдің бастамасымен 1841 жылы қазақ жерінде тұңғыш зиялы мектеп ашылады. Басқа да мектептер сияқты мұнда да жергілікті халыққа білім нәрін берумен саналы түрде айналыса бастайды. Ғылымның негізгі салаларынан дәрістер оқытылады. Оқытушылар әр жерден шақырылып, таңдап алынады. Дарынды деп танылған мектеп бітірушілер өз білімдерін Ташкент пен Бұхара қалаларында жалғастыруға мүмкіндік алады. Қазақ даласындағы рухани ойдың оянуына өз үлесін қосып, далаға өркениеттің дүбірін жеткізуге себепші болған мектеп-ұяның бірі - Мамания мектебі. Жетісудың текті руларының бірінен шыққан атақты Маман бай өз қаржысына мектеп ашып, ел балаларына тегін білім беру деңгейіне көтерілген. Оқу орны 1899 жылы Қарағашта ашылып, негізін қалаушы Маман байдың есімімен аталады. Зерттеушілер Мамания мектебінде сол кездің алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлерінен құрылған оқытушылар сабақ бергенін жазады. Мәселен, Ғ.Мұсабаев, М.Малдыбаевтар осы мектепте дәріс береді.
Атақты ғалым М. Тынышбаев пен Петербург университетінің түлегі Б. Сырттанов мектеппен іскерлік қарым-қатынаста болған. Мектептің салыну жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы Ғалия медресесі үлгісінде құрылған. Сабақтар ана тілінде жүрген. Математика, физика, география, табиғаттану, тарих, ана тілі, араб және орыс тілдері, қүран оқытылады. Мектеп түлектеріне тек негізгі пәндерден білім беріліп қана қоймай, мәдениет пен өнер түрлерінен де сабақтар өткізіледі. Қазақ ақыны Ілияс Жансүгіров өз білімінің бастауын осы мектептен алады. Осындағы театрлық қойылымдарға қатысады. Өз заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог-жазушы, қазақ балалары үшін дүниетанымдық ғылымдар негізін оқытатын алғашқы білім ордасын ашушылардың бірегейі - Ыбырай Алтынсарин екені белгілі жайт. Қазақ елін қараңғылықтан алып шығып, көкірек көзін ашқан, халық рухының қамқоршысы болған Ыбырай Алтынсарин еңбегінің жалпы қазақ мәдениетінде алатын орны ерекше. Ал педагогика тарихы мен оқыту жүйесінің шежіресінде бұл есім алтын әріптермен жазылады. Жастарға өмірлік оқудың есігін ашып, өнер-білімнің алғашқы бастаушысы бола білген Ыбырай Алтынсаринның алғашқы қадамы 1861 жылы Торғай даласына келіп, мектеп ашудан басталады. Жергілікті орындардағы жадағай әкімшіліктің қарсылығына ұшыраған алғашқы бастама сәтсіздеу басталады. Бірақ Ыбырай ел ішінде жүріп мектептің пайдасы мен болашағын түсіндіре жүріп, өз үйінде 4-5 баланы оқытып, жаңа мектеп ісінің әуелгі кірпішін қалайды, негізін салады. Алғашқы мектеп Торғайда 1964 жылы ашылады. Онда он төрт қазақ баласы оқуға келеді. Мектеп бағдарламалары уездік училищелердің оқу жоспары және оқу бағдарламаларымен жұмыс істеуге тиіс болды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұның өзі ұстаз-ақынның барлық қайтар-жігерімен қызмет істеуіне мол мүмкіндік береді. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде - Торғайда, Ырғызда, Троицкіде, Ақтөбеде жаңа мектептер өз оқушыларын қабылдайды. 1883 жылы Торғай қаласының өзінде қолөнер мектебі жұмысын бастайды. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болады. 1886 жылы Ы. Алтынсаринның тікелей қатысуымен Орынборда қазақ мұғалімдер мектебі ашылды. Ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлаудың нағыз орталығына айналды. Ыбырай Алтынсаринның негізгі прогресшіл оқытушылық көзқарасының қалыптасуына, К.Д. Ушинскийдің педагогикалық идеялары көп әсер еткені туралы зерттеушілер талай рет жазған еді. Оның ұйымдастырған орыс-қазақ мектептерінің типі қазақ халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайына сәйкестендіріледі. Сондықтан да мұндай мектептер ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның көпшілік аймақтарында ашылды. Бірақ сол кездегі патша өкіметінің саясаты мектептің кең тынысты жұмыс істеп, халық ағарту ісімен айналысуына толық мүмкіндік бере қоймайды. Қазақ даласында ашылған мектептерде Ыбырай Алтынсарин қаламынан 1879 жылы шыққан Қазақ хрестоматиясының маңызы мен ролі ерекше болды. Еңбектің алғы сөзінде ұлы ұстаз былай деп жазады: Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың мектепте тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім. Ел өмірімен жете таныс, қазақ өмірінің күнделікті тіршілік тұрқын жақсы білетін Ыбырай үшін кез келген тәрбиелік мәні бар нәрсе қалтарыста қалмады. Сондықтан да ол былай деп жазады: Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы құрғақ жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білем.
Қазақ тіл білімінің негізін салушылар төңірегінде ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Бір топ ғалымдар - П.М. Мелиоранский десе, біреулері - Н.И. Ильминскийді, көпшілік ғалымдар - А. Байтұрсыновты атаса, енді бір ғалымдар - негізін салған бір адам болмауы да мүмкін екендігін алға тартады. Бұл күрделі де қиын сұраққа жауап беру үшін қазақ тіл білімінің қалыптасуындағы бастау алар көзіне, арналарына баруымыз қажет. Дереккөздерге сүйенсек, қазақ тіл білімі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қолға алына бастайды. Осы ғасыр түркі тілін зерттеудің алтын ғасыры деген атауға ие болып тарихта қалғанын қазақ тіл білімін зерттеуші-ғалымдар: А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, І. Кеңесбаев С. Аманжолов, Р.Ғ. Сыздықова т.б. еңбектерінде айтылады. Орыс жəне Батыс Еуропа ғалымдары түркі тілдерін тарихи, ғылыми тұрғыдан зерттеуді осы кезеңде нақты қолға алады. Патшалық Ресей қол астындағы шығыс халықтарын орыстандыру арқылы өз үстемдігін жүргізбекші болып, оларды ортақ бір тілде сөйлету жолында миссионерлік саясатты жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады. Осы əрекет орыс түркітанушылары арқылы жүзеге асырылады. Оларға үлкен міндеттер жүктеледі, өз еңбектерінде түрік грамматикасын үндіеуропа, оның ішінде орыс грамматикасымен байланыстыра зерттеу басты нысанға алынады. Патша үкіметінің тапсырмасымен орыс ғалымдарының келе бастауының нəтижесінде көптеген еңбектер орысшаға аударылып, жарық көре бастайды. Орыс оқымыстылары қазақтарға орысша үйретіп, олармен араласа бастайды. Барлық түркі тілдері сол кезеңде отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу нысанына айналады. Түркі тілін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары - Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, С.Е. Малов. Н. Лаптев, Е.А. Алекторов, қазақ халқының ағартушы-ғалымдары А. Диваев, М.Н. Бектемиров, Қ. Кемеңгеров, А. Байтұрсынұлы, Тоқаш Бокин, Е. Букин, Н.С. Жетпісбаев, Ж. Көшербаев, М.А. Машанов т.б. ғалымдары зор үлес қосады. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің лексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық құрылымын зерттеумен айналысады. Қазақ тілі туралы алғашқы зерттеу - неміс ғалымы Г.Ю. Клапроттың 1823 жылы жариялаған Қазақ тілі жайында деген француз тіліндегі мақаласы [2]. Шығыстанушы ғалым бұл мақаланы Парижде Азия журналында жариялаған. Мақаланың алғашқы бөлімінде қазақ тілі жайлы жалпы шолу жасалса, екінші бөлімінде французша-қазақша сөздік беріліп, сол арқылы қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері, оның монғол тілінен айырмашылығы, түркі тілдерімен туыстығы салыстырылады. Содан бері қазақ тілі жөніндегі зерттеулер 1888-1902 жылдары қазақ зиялыларының мақалаларында үзбей жарияланып, мерзімді баспасөз беттерінде сөз етіледі. Мысалы, Р. Дүйсенбаевтың, қазақ тілі туралы газет бетіне тұңғыш мақала жазған Бөкен Адықовтың, Дінмұхамет Сұлтанғазиннің Біздің қазақ туралы 5-6 ауыз деген мақалалары негізінен, қазақ тілінің түркі тілдерінің ішінен алатын орны, қазақ тіліне басқа тілдерден сөз қабылдау принциптері, алфавит, орфография, пунктуация, т.б. болды [3]. Аталған мақалалар қазақ тіл білімінің негізін қалыптастыруға түрткі болады.
Қазақ тіл білімі - түркі тілдері ішіндегі зерттелу деңгейі біршама жоғары, кемелденген, теориялық-методологиялық негіздері сараланған ғылыми сала. Аталмыш саланың өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары, әрине, жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты. Ана тілі білімінің қазіргі деңгей талабынан көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін бастаған ғалымдар шоқтығы Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, М.Малдыбаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев сынды бұл күнде көзі жоқ ғалымдарымыздың үлесі зор.
1.2 ХХ ғасыр басындағы қазақша оқулықтардың тілі туралы
ХХ ғасырдың басы қазақша ғылым тілінің қалыптасуындағы айрықша кезең болып табылады. Мəселен, 1905 - 1907 жылдардағы Ресей империясын қамтыған төңкеріс Қазақстандағы қоғам өміріне де демократиялық, əлеуметтік-саяси өзгерістер əкелді. Осы төңкеріске дейін қазақтарда ұлт тілінде жазылған бірде-бір оқулық болмаса, төңкерістен кейін ана тілінде газет, журнал, кітапшалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазуға мүмкіндік туды.Алайда ХХ ғасырдың бас кезінде кітап, баспасөз ісін өркендетуге ұлттық баспахананың жоқтығы үлкен кедергі болды. Қазақтың ақын-жазушылары өз шығармаларын бастыруда татар баспаханаларына кіріптар болды. Сондықтан татар тілінің басқа түркі тілдеріне тигізген ықпалы зор еді.Қазақтың зиялы қауым өкілдері оқулықтарды, оқу құралдарын, ғылыми шығармаларды жалпыхалықтық əдеби тілде жазуға тырысты. Ғылым-білімнің дамуымен байланысты, тілде жаңа ұғымдар, оларды белгілейтін жаңа сөздер (неологизмдер) туып отыратыны белгілі. Ал ғылымның белгілі бір саласында пайда болған сол жаңа сөздердің ұзақ не қысқа ғұмыры болуы сол ғылымдардың өмірде алатын орнына, практикалық мəніне байланысты екені де сөзсіз. Мəселен, 1912 жылы Қазанда А.Васильевтің Букварь для киргизов деген əліппесі шықты. Оның соңында бір беттік Грамматика на казахском языке деген бөлімінде қазіргі дыбыс деген мағынада дауыс сөзі қолданылған. Сонда дауысты дыбыс -- оңай дауыс, дауыссыз дыбыс -- қиын дауыс боп алынған. Ал А.Байтұрсынов 1912 жылы Орынборда шыққан Оқу құралында бұларды дауысты, дауыссыз дыбыс деп алған.
А.Байтұрсынов жасаған қазақ лингвистикасы терминдерін арнайы қарастырған Ш.Ш.Жалмахановтың тұжырымдауынша, ғалым Тіл-құрал оқулықтарында (1914, 1915, 1925 жж.) 310 лингвистикалық термин қолданған болса, оның 118-і (38,5 %) қазіргі тіл білімінде сол күйінде жұмсалып жүр екен [4].
Басқа түркі халықтарына қарағанда, қазақ тілінде қоғамда пайда болып жатқан ұғымдарға атау жасауда, қалыптастыруда қазақ зиялыларының ұстанған принциптерінің негізі дұрыс болғандығын өмір көрсетті.
Қазақ балаларының болашағын ойлап, олардың сауатын ашу мақсатында қазақ оқығандары ғылымның əр саласынан оқулықтар жазғандығы туралы қайта құру кезеңінен бастап біле бастадық. А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Е.Омаров, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Қ.Кемеңгеров, Б.Майлин, Х.Басымов, Т.Шонанов, Ə.Ермеков, С.Қожанов, Қ.Жұбанов, тағы басқа қазақ зиялылары ХХ ғасыр басында мектептерге, жоғары оқу орындарына арнап оқу-əдістемелік құралдар, оқу құралдары мен оқулықтар, екі тілді сөздіктер құрастыруға, терминология мен емле мəселелерін реттестіруге, пəн атауларын бір ізге түсіруге белсене араласты. Олар ана тілінде оқу құралдарының, оқулықтардың болуы мектептегі оқудың жүйесіне де, мектептің сипатына да белгілі дəрежеде ықпал ететінін жақсы түсінді.Қорыта айтқанда, бүгінгі күні қай ғылым саласында болса да терминдер тұрақты қолданысқа ие болып, терминология саласында біршама жетістіктерге қол жеткіздік. Бұған ХХ ғасыр басындағы ғылыми-көпшілік кітапшалар мен газет-журналдарда жарық көрген мақалалардың, алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарының қазақша ғылыми терминдердің қалыптасуына негіз болғаны сөзсіз [5].
2. Жазудың жалпы даму тарихына шолу
Жазудың тарихына қатысты шетелдік тіл білімінде біраз еңбектер аз емес. Атап өтсек, В.А. Истриннің Возникновение и развитие письма (Москва, 1965), Развитие письма (Москва, 1961); Д. Дирингердің Алфавит (Москва, 1963), И. Фридрихтің История письма (Москва, 1979); И.Е. Гельбтің Опыт изучения письма (Москва, 1982) сынды еңбектер.
Қоғамдағы адамның мәні өз ойын сыртқа шығару қабілеті мен өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеті арқылы ерекшеленеді. Біріншісі, жеке-дара қасиеті болса, екіншісі, әлеуметтік қасиет. Адам өз сезімін ән айту, өлең шығару, сурет салу, мүсін жасау сияқты қоғамдық шартты құбылыстар арқылы білдіреді. Тарихқа көз жүгіртсек адам қоғамсыз өмір сүре алмаған. Сондықтан қоғам болып бірлесіп қабылданған бейнелер арқылы өз ойын, сезімін сыртқа шығарудың жолдары көбейе түсті.
Жазу сурет өнерінен бөлініп шықты. Ол қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы болды. Айнала қоршаған ортадан көрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларын, сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite - жазу, көнескандинавиялық rita - керту, тырнау деген мағына береді).
Алғашқыда адам тек өз басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа шығарды. Уақыт өте келе бұл туындыларды өзгелер де қарап, оқиға, құбылыстарды түсініп, қабылдай алатын болды. Жазудың қоғамдық сипаты сол дәуірлерден айқындала түскен. Бұның басты себебі, өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін әрі қолынан сурет салу келетін қасиеті бар адамдар санаулы болды да, ол құдай жіберген адам түсінігінде қабылданды. Бұл пиктографиялық жазу түрі еді. Тек бұл жазу түрін зерттеушілер жазу тарихынан гөрі өнер, магия тарихына апарады.
Д. Дрингердің айтуы бойынша: Полеолит дәуіріндегі суреттер біреуге бірдеме хабарлау мақсатынан тумаған сияқты, олар тек өз сезімдерін сыртқа шығару үшін ғана керек болды. Адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес жазу типтері пайда болады. Ауызша тілдің сөйлем мүшелеріне бөлінбей, синкретті қолдану себебінен ең алғашқы жазулар сурет, идеограмма, логограмма болған. Сөздің дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап дербес жазу шықты. Адамзат өркениетінің ғұмыры жазу кезеңдерінің ғұмырынің өлшегіші. Жазудың пайда болуы, оның типтерінің, түрлерінің пайда болуы өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономикалық қатынастардың жетілуіне қатысты болды. Дыбыс жазудың шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетілуіне байланысты болса, екіншіден, жазудың қоғамдық қажеттіліктерді орындай алуында байланысты болды. Сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінуін байқау адамзат санасының өте жоғары дәрежесін қажет етті. Ғалымдар жазу түрлері мен типтері туралы әртүрлі пікір айтады. И.Е. Гельб, Л.В. Зиндер сурет жазуын жазу емес, логографиялық жазудың алдындағы саты деп нақтылайды. Бұған Египет пен Грецияда жазу мен суреттің бір болуы, шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларында бейнелі-символикалық таңбалардың көп болуы да себеп болды [6]. И.Е. Гельб жазу ұғымына фонографиялық жазуды сәйкестендіреді. Оның топтастыруынша, фонографиялық жазу сөз бен буын жазуын, (шумер, египет, хэтт, қытай), буын жазуын (финикий, жапон) және әріп жазуын (грек, арамей, латын) қамтыды. В.А. Истрин фразограммамен бірге алғашқы жазу типіне пиктографиялық жазуды жатқызып, одан кейін логограмма, морфеграмма, силлабограмма, фонограмма бірліктері жазу типтеріне сәйкес келеді дейді.
Америка үндістері, Қиыр солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики, Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жерлерінде, Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында алғашқы сурет жазу түрлері пайда болды. Қазақстан жерінде Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. 7ғ), Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауынан, теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы, Қаратаудан, Семей, Дегрес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.Идеографиялық жазудың алғашқы үлгілері Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка тайпалары жерінен, Австралия, Полинезия, Солтүстік-шығыс Сібір юкагирлерінен, Пасха аралдарынан табылды. Логографиялық жазуды ең алғаш қолданған шумерлер (б.э.д. IV-III мыңж.) болды, кейінгі ежелгі эгипет, ежелгі үнді жазуларында дамыды. Ф.Гоммель, Х. Иенсен, Дж. Болли, И. Гельб сынды ғалымдардың айтуынша басқа жазу түрлерінің барлығы шумер жазуынан бастау алған. Логограмманың пайда болуына сол елдердегі мемлекеттің жазу арқылы жүйелеу қажеттілігінің әсері болды. Енді бір себебі жеке тілдердің сөз ағынына оңай бөлінуі, грамматикалық жағынан тұрақтылығы болды. Қытай тілінің түбір, шумер тілінің жалғамалы сипаты логограммалардың жасалуын жеңілдетті. Бірінші болып логограмманы шумерліктер ойлап тапқанмен, оны дамыту жағынан Египет пен Қытайкөш алда болды. Қытай иероглифі логография түрінен сақталды да, ал басқа жазулар ілгерілей берді. Сөздердің бір буыннан тұруы, жаңа сөздердің түбір қосындыларынан тұруы, ұқсас морфемалардың көп болуы, диалектінің көптігі, бір таңбаның әртүрлі оқылуынан қытай тілінің түбір сипаты пайда болды [7]. Иероглиф жазу иератикалық жазуға, кейін демотикалық жазуға көшті. Логограммалар шумер тілінің жалғамалы сипатына сай келгенмен, кісі есімдерін, жауланған жер, халық атауларын жазуда қиындықтарға келіп тірелді. Сөйтіп, шумерліктер тағы да буын жазуын алғашқы болып жасады (б.э.д. III мыңж.). Оған бір буынмен тілдегі ортақ аффиксті беру оңтайлылығы, бір буыннан тұратын омонимдер көптігі әсер етті. IV мыңжылдықта шумер логограммасы 1500-ден артылса, III мыңжылдықта 600-ге қысқарды. Шумер жазу түрінде дауыссыз дыбыс қатары мүлде болмады. Логограммаларда деректі таңбалардың қосындысы көп болды. Ең алғашқы жазу Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында Месопотомия өлкесінде, шумерліктерде б.э.д. 3100 ж. пайда болды. Шумер мен аккад мәдениетін пайдаланып вавилондықтар дамыды. Вавилондықтардың кансонантты жүйесіне, ішкі флексия сипатына, қос дауыссыздардың қатар келуіне, сөз аяғында ұяң, қатаң дыбыстарды айыру сипатына шумердің буын жазуы сай келмеді. Бөтен жазуды қолданудан вавилон жазуына қиындық алып келді [8]. Буын жазудан кейін тарих сахнасына келген жазу бір дыбысқа бір таңба сәйкескен дербес жазу деп аталды. Оны кейде әріптік-дербес жазу деп те атайды. Дербес жазудың екі түрі белгілі: консонантты, вокалды. Алғашқысы таза консонантты (египет, батыс семит жазуы) және жартылай консонантты (жол үсті, асты дауысты дыбыс белгілері бар) деп бөлінеді. Консонантты жазу б.э.д I мыңж. жатады. Дауыстыларды белгілуіне қарай алфавит үш типке бөлінеді: I тип - грек, латын алфавиті (дауыстылар белгіленеді), II тип - арамей, еврей, араб әліпбиі (дауыстылар диакритикалық таңбамен беріледі), III тип - үнді әліпбиі (дауыстылар диакритикалық белгілермен немесе таңбалардың ішкі модификацияларымен берілді).Консонантты жазу ең алғаш египет жазуында пайда болды. Бұның себебі, В.А. Истриннің айтуынша: Ежелгі египет тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, арамей) ортақ белгілері болуында, яғни дауыссыз дыбыс ерекше грамматикалық мағынаға ие болды да, дауысты көмекші функцияда жұмсалды. Египет тіліндегі 3300 түбірдің 2200-і үш дауыссыздан, 600-і алты дауыммыздан, 400-і екі дауыссыздан тұрған. Сонда египет жазуының 26 әрпінің 4-еуі (а, е, j, w) кейде ғана дауыстының таңбасын берді. И. Гельб пен Дьяковтың пайымдауынша, кез келген консонантты жазу дауыссыз бен қандай да бір дауыстының тіркесін береді. И. Фидрих Бір дауыссыз дыбыс әрпі дауысты мен дауыссыз дыбыс тіркесін берді, Минерва сөзі MNRVA деп жазылған дейді этрус жазуларында l, m, n, s, f әріптері силлабема ретінде қаралды: c-ке, k-ка, q-ку деп аталды. Сондықтан екі дыбысқа бір таңба арналды. Дауысты дыбыс таңбасы болса, ол тек туынды сөздің грамматикалық формаларын берді. Мысалы, ktl - өлтіру, KeTol - тұйық етістік, KoTel - жан алғыш, KaTuh - өлген д.с. Консонантты жазу египеттіктерде алғашқы жазу болып табылғанмен онда логограммалар, морфемограммалар да кездеседі. Ал финикий мен батыс семит халықтары (б.э.д. II мыңж) таза дербес жазу жүйесін алып келді. Финикийлер - б.э.д. III мыңж дейін Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген, ірі сауда шахары болған халық. Олардың жазуындағы 22 әріптің бәрі дауыссызды, жартылай дауыстыны таңбалады. 22 таңба - алеф, бет, гимел, далет, хе, вав, зайн, хет, тет, йод, каф, ламед, мем, нун, самеһ, айин, пе, цаде, коф, реш, шин, тов. Әріп атауы реалий атауының алғашқы дыбысымен сәйкес келеді. Жазудың ұтымдылығы алфавиттік реттің болуы, сөздің алғашқы дыбысына әріптің сәйкес келуі, таңба сөздің денотатына ұқсас болуы, жазу процесінің оңнан солға көлбеу бағытта жүруі жатады. И.Фидрих батыс семит халықтарының жазуының маңызы туралы былай дейді: Егер біз қателеспесек, дауыссыздарды таңбалаған әлемде жалғыз жазу болды, ол кейін гректің толық жазуына айналған батыс-семит халқының жазуы [9].
Ғалымдар финикий әліпбиінің консонанттылығы туралы әртүрлі болжам айтады. Бір екеуін мысалға келтірсек: Морис Дюнан әліпбидің тез таралуы үшін семит халқы саналы түрде дауыстыларды белгілемеді дейді. Финикий әліпбиінде дауысты дыбыстардың болмауы дамымағандығынан емес, әліпбидің ұтымды жағы болуында. Дауысты дыбыс таңбасының бүгінде (әсіресе ағылшын жазуында) көпмәнді болып кеткені соншалық, алғашында ол таңбаға қандай мән жүктелгені белгісіз болып қалды. Бір ғана ұғымды беріп келген сурет, логографиялық жазу қалай ғана дербес жазуға айналды.
Сурет жазу мен дыбыс жазу аралығында сөз жазу, ребус жазуы болғанын, ал сөз жазу жалпы ұғымнан гөрі, ауызша айтылғандығы сөзбе-сөз түсіріп отырғанын білсек, оның бергі жағында дыбыстық ребустың да өмір сүргенін аңдасақ, алфавиттік жазуға эволюциялық кезеңдерді бастан өткізіп барып жеткен [10].
Тарих сахнасындағы мынандай жеті жазу жүйесі адамзат мәдениетінің өркендеуіне түрткі болды: шумер жазуы (Месопотомия, Тигр, Ефрат өзендері аралығында б.э.д. 3100 ж. - б.э. 75 ж.); ежелгі элам жазуы (Эламда б.э.д. 3000ж. - б.э.); ежелгі үнді жазуы (Үндістанда, б.э.д. 2200 ж.); қытай жазуы (Қытайда б.э.д. 1300 ж.); египет жазуы (Египетте б.э.д. 3000 ж.); крит жазуы (Крит, Греция жерінде б.э.д. 2000 - 1200жж.); хетт жазуы (Анаатол, Сирияда б.э.д. 1500 - 1700 жж.).
Жазу тарихына шолу жасағанда тоқтала кететін тағы бір жазу жүйесі ол араб графикасы. АГнҚЖ - ның қадим жүйесінде 34 таңба бар. Араб әліпбиіне сәйкесі - 28, парсы әліпбиінен алынғаны - 4, түркіден - 1, енді бірі ауған жазуының әрпі екені анықталды. Араб жазуында қазақ тілінің дауысты дыбыстардың жүйесі 3 таңбамен берілді. Ал топтасырылғанда: фонемалардың ашық, қысаң және дифтонг белгілеріне байланысты. Яғни, а, ә, е, ы; й, ы, і, е; у, ө, ұ, ү.
е фонемасының ашық - қысаңдығы араб гафикасында айырылмайды. Сол себептен, а, ә, е фонемалары төрт түрлі позициялық әріп- вариантта қолданылады. Бірақ бұл фонемалар бір графемаға ұйымдасқан. Оларды графема-әріп қатынасында көрсетсек, мысалы, 3 фонема: 1 графема; 1 графема: 4 әріптен тұрады. Дауыстылардың өзіндік таңбаланатын жүйесі болады. Бұл пікірді Г. Мамырбекова өз зерттеуінде айтып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Зәки Уәлиди Тоған
Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы
Әдеби тіл туралы ұғым
Пәндер