Жұмыстың міндеттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Эссе

Тақырыбы: «Математика менің сүйікті пәнім»

Орындаған:

Тексерген:

2022

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Баланың математика пәніне деген қызығушылығы . . . 4

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 5

Кіріспе

“Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен озады ” деген данышпан Абай Құнанбаев. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімді адамдар әр заманда заманның дамуына өз үлесін қосуда.

Дарынды, жас талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Бізге керегі - шын дарындар. Нарық қол - аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті”, - деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы Заңына” мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту секілді өзекті мәселелер енгізілген.

Оқушы дарындылығынын дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсiби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екеніне айдан анық.

Оқушымен жұмыс істеудін негізгі мақсаты олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын терендеп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру.

Оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады.

Оқушының болашақтағы мамандығы, яғни кәсiби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Адамды танып - білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбек етіп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін қадағалай отырып, белгігі бір мақсатқа негізделген жоспарлы жұмыстын нәтижесінде бала бойындағы дарындылықты анықтап, жүйелі дамытуға болады.

Жұмыстың мақсаты: Математика пәніне деген балалардың қызығушылығын анықтау.

Жұмыстың міндеттері:

1. Математика пәніне шолу

2. Математиканың өмірдегі рөліне анықтама беру

Негізгі бөлім

1. Баланың математика пәніне деген қызығушылығы

«Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал. Бұл ғылым өте терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика - оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика пәнін оқи отырып, оқушылар өздерінің теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.

Математика адам өміріне не үшін қажет?

Бала жаңа ғана дүниеге келді, оның өмірінде қазірдің өзінде алғашқы сандар естіледі: бойы, салмағы. Сәби өсіп келеді, ол «математика» деген сөзді айта алмайды, бірақ ол өз ойыншықтарымен ойнай отырып кішігірім есептер шығара алады. Ал ата-аналары да өз міндеттерін орындауда математиканы ұмытпайды. Бала өскен сайын оған дұрыс күтім жасау үшін:уақытымен және мөлшерімен тамақтандыру, жуындыру үшін де математика керек. Мектепке келгенде ақыл-ойымызды дамыту үшін математиканы оқимыз. Математика арқылы біздің ойлау қабілетіміз, логикамыз дамиды. Қарапайым есептеулер арқылы заңдылықтарды анықтап, шешімдер қабылдаймыз. Қойылған сұраққа немесе есепті шығаруға жылдам, сенімді және дұрыс жауап беруге дағдыланамыз. Ал одан әрі жоғарға оқу орнын оқу үшін және күнделікті өмірде : жұмыста, үйде кез-келген бір істі бастауда үнемі математиканы пайдаланатын боламыз. Математикадан сынақты қалай тапсыру керек? Жақсы пәтер алу үшін қанша ақша табу керек? Үй салсаңыз үйіңіздің көлемі қандай болады? Оны салу үшін қаншалықты құрылыс материалы керек болады? Оның бәрін есептеу үшін адамға математика көмекке келеді. Біздің заманымызда жаңа технологияны дамыту үшін, өнертапқыштыққа жету үшін математикалық терең білім қажетті.

Математика пәнінде есеп шығарумен үнемі шұғылдану-оқушыны еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және жігірлілікке үйретеді, алға қойған мақсатқа жету үшін қайсарлықты қалыптастырады.

Математика пәнінен теорялық түсініктеме бергеннен кейін есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы алған білімімдерін пысықтап, толықтыра түссек, тәжірибелер жасау арқылы оны тереңдетіп бекітеміз.

Бұл туралы әйгілі ғалым-әдіскер Д. Пойа:“Есеп шығара білу практика жүзінде алынатын өнер ”, -деп айтқан екен. Математика пәнін меңгеруде бұл үшеуі -өзара байлынысты, бір-бірімен сабақтас, құрамдас әдістер. Олар бірін-бірі толықтырып, оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылықтарын арттыруға қызмет етеді. Есептер шығару барысында заттар мен құбылыстар туралы түсініктерді жете түсіну және бекіту, алған теориялық білімді сапалы да орынды пайдалана алу машығы қалыптасады. Оқудың бұл әдісін пайдалану кезінде математика ғылымының негізгі түсініктері мен заңдылықтары бір неше рет қайталанып, оларды түсіну және еске сақтау әлдеқайда жеңілдейді. Математика есептерді шешу-теориялық материалдарды практикада қолдану дағдысын қалыптастырады және практикада ғылыми білімді жүзеге асыруға көмектеседі. Екіншіден есептерді шешу- пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың, математика ғылымының өмірмен байланысын көрсетудің, сондай-ақ жаратылыстану ғылымының мамандықтарына балудың тамаша әдісі деп есептеуге болады.

Психологтар мен әдіскерлер есеп шығаруды ой-әрекеттің жиынтығы деп есептейді, яғни сандық және сапалық есептерді шығаруда білім мен әрекеттің тұтастығы ойлаудың әр түрлі әдістерін (пайымдау, жүктеу, жүйелеу, дәләлдеу, қорытындылау) қалыптастырылады. Қандай да болмасын математикалық есепті шығару оның мазмұнына жан-жақты талдау жасаудан, берілген шамалар арасындағы тәуелділікті ашудан басталады. Талдау нәтижесінде есепті. ң түрі, соған лайық шығару әдісі белгіленеді.

Қазіргі жаңа буын оқулықтары мен оқытудың жаңа әдістері дарынды оқушылардың өз бетімен білім алып, дамуына мән беруде. Жеке өзіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көре білген ағартушы ғылым А. Байтурсыновтың пікірінше, бала білімді тәжірбие арқылы өз бетімен алуы керек, мұндағы мұғалімнің қызметі- балаға орындалатын жұмыс түрлерін дөңгейлеп беру және алға қойылған маұсатқа жету үшін бағыт-бағдарын көрсетіп отыр. Математика есептерін шешуде дарынды оқушыда шығармашылық ізденіспен бірге шешуін тауып мақсатыма жетсем деген талпыныс пайда болады, бұл өте құптарлық, қуанарлық жағдай. Себебі, талпынған адам мұрат- мақсатына қашанда жетеді. Қорытындылай келе, «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтн ұстаз, теориялық жағынан білімді, әлемдік педагокиканың озақ үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсиби шеберлікке ұмтылатын, тәлім - тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығарамшылық ізденістегі адам. Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны әрі дамытуға күш жұмсауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шарты
Мердiгерлiк шарты түсінігі
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар
Мердігерлік шарты жайлы
Ғылыми жұмыста мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдаудағы қателіктер
Мердігерлік шартының жеке түрінің ерекшеліктері
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Мердiгерлiк шарт туралы
Мердігерлік шартын түрлері
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz