Құрылыс индустриясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Эссе

Тақырыбы: «Өрттің жылулық режимі мен динамикасы»

Орындаған:

Тексерген:

2022

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Өрттің жылулық режимі мен динамикасы . . . 4

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 7

КІРІСПЕ

Жұмыстың көкейтестілігі. Өрт - адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.

Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай - ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.

Өрттің шығу себептері

Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:

1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;

2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;

3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек.

4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;

5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;

6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;

7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;

8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау;

9. Құрал-жабдықтардың қатты қызуы.

Өртті қарсы шаралар

1. Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату;

2. Жаңған затты атмосфера ауасынан оқшаулату;
3. Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану

4. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу;

5. Жаңғыш затты жану зонасына оқшаулау.

Экономикалық, өндірістік, әлеуметті, тұрмыс және тұрғын үйлердегі өрттер мен жарылыстар осы нысандағы адамдар мен халыққа үлкен қауіп тудырады және орасан зор материалды шығынға әкелуі мүмкін. өндірістік және тұрғын үй ғимараттары мен нысандардағы өрт қауіпсіздігі туралы сұрақтар үлкен маңызға ие және мемлекеттік шешімдер мен қаулылар арқылы бекітіледі. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шараларымен және белсенді өрттен қорғау ұйымдастырылуымен қамтамасыз етіледі.

Өрттің алдын алу түсінігі-өрттің пайда болуын ескертуге және олардан келетін шығынды болдырмау шараларын құруға бағытталған шаралар кешені.

Белсенді өрттен қорғау - пайда болатын өрттермен табысты күресу жолдарын және жарылыс қауіпі бар жағдайларды болдырмауды ұйымдастыратын шаралар.

Жұмыстың мақсаты: Өрттің қауіптілігін динамикасын жіне жылулық режиміне анықтама беру.

Жұмыстың міндеттері:

1. Өрттің жылулық режиміне шолу

2. Өрттің динамикасына анықтама беру

Негізгі бөлім

1. Өрттің жылулық режимі мен динамикасы

1. Ғимараттардың сыртқы қорғандарын СНиП 2. 09. 02-85 пен сәйкес жеңіл тасталатын құрылыстық материалдардан салу. Жеңіл тасталатын материалдар ретінде терезелерді әйнектеу, шамдарды қорғаныштауды қарастыруға болады.

2. Апаттық желдетуді қолдану. Негізгі желдетудің мақсаты- технологиялық үрдіс қалыпты өтуде бөлмедегі өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автоматты апаттық желдету негізгі желдету істен шыққанда іске қосылады, ал технологиялық үрдіс бұзылғанда негізгі желдетуге көмектеседі.

3. Өнеркәсіптік бөлмелердегі атмосфераны флегматизациялау. Флегматизация мақсаты жарылыс қауіпі бар ортаның қалыптасуының алдын алу. Флегматизацияның екі әдісі мүмкін, олар жарылыс қауіпі бар өнеркәсіп орындарындағы ауаны араластыруға негізделген. 1. инертті еріткіштермен (азот, су буы) 2. жану ингибиторлары

4. өнеркәсіп орындарындағы ауада жарылыс қаупі бар және жанғыш газдар мен булардың жиналуын бақылау. Бұл мақсатта газоанализаторлар, газды дабылқаққыштар және индикаторлар қолданылады.

5. Жарылыс және өрт қаупі бар ортада жану көздерін жою. Бұл мақсатта келесі әдістер тиімді болып саналады.

- апаттар кезінде түзілетін булар мен газдардың жану көздермен байланысын болдырмау;

- жарылыстан қорғалған электр жабдығын қолдану;

- түзілген заттардың өздігінен жану температурасына дейінқызуын шықтау;

- соқтығысқанда ұшқын шығармайтын материалдарды пайдалану.

Материалды және адам шығындарын төмендетуге бағытталған шаралар:

1. Жұмысшыларды қорғану құралдарын пайдалануға, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттке, құтқару қызметтеріне үйрену;

2. Үлкен ғимараттарды жанбайтын қабырғалармен, секцияларға бөлу;

3. Ғимараттардың арақашықтығын көршілес екі ғимараттың биіктіктерінің орташа шамасына сай етіп алу;

4. Тез тұтанатын және жанғыш заттарды бөлек блоктарға орналастыру;

5. Аласа нысандарды топырақпен жауып, қауіпсіздігін арттыру;

6. Биік нысандарды жан-жағынан бекіту;

7. Жарылыс қауіпі бар, жанғыш заттар қорын азайту.

Апат болжамы бар кәсіпорын жұмысын сенімді қылуға бағытталған шаралар.

1. Электрмен қамту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;

2. Газбен қамыту сенімділігін қамтамасыз ету;

3. Сумен қамыту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;

4. Бумен және жылумен қамыту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;

5. Өндірістік және шаруашылық канализациясының сенімділігін арттыру;

6. Басқару пунктерін, диспетчер пунктерін, АТС радиотораптарды сенімді қорғау;

7. Жергілікті билік органдарымен, АҚ және олардың штабтарының жоғары бастықтарымен сенімді байланыс.

Жылулық режимі түрлері Жылумен қамдау жүйелері жылуды өндіріп өнеркәсіптік кәсіпорындарға, әлеуметтік ғимараттарға жэне тұрғын үйлерге тасымалдайды.

Жылулық жүктемелерді былай бөлуге болады:

- маусымдық;

- жылбойлық;

Маусымдық жүктеменің өзгеруі ең алдымен ауа райының жағдайына байланысты, оның ішінде сыртқы ауа ыстықтығы (температурасы) негізгі рөль атқарады. Маусымдық жүктемеге жылыту, желдету жэне ауаны баптау жатады. Жылыту мен желдету - қысқы жылулық жүктемелер. Ауаны баптау жазда қолданылады, ол үшін, ол үшін жасанды суық қажет.

Ыстық сумен қамдау жэне тәсілдемелік жылу жүктемесі жылбойлыққа жатады. Тәсілдемелік жүктемелер мен ыстық сумен қамдау сыртқы ауа температурасына онша тәуелді емес. Бұл жүктемелер әдетте тәулік бойынша бір қалыпты емес, ал жыл бойынша қыстан жазға қарай өзгереді. Қысқы жүктемелер әдетте жазѓыдан жоѓары, бұл су құбырындаѓы бастапқы су жэне т±тынылатын шикізат температурасынын төмендігіне, жылу ысыраптарының артуына байланысты.

Жыл бойынша тұтынылған жылу мөлшері жылдық жылу тұтыну деп аталады. Жылдық жылу тұтынудың есептеулік шамасы жылыту жэне жылытпайтын кезењдердегі жылу тұтынудың қосындысы ретінде анықталады.

Кәсіпорындарды жобалау барысында өрт қауіптілік категориясы салынатын үйлердің қажетті отқа төзімділік дәрежесін және олардың қабаттылығын (этаждылығын) анықтау үшін ең басты фактор болып есептеледі.

Құрылыс конструкцияларының от төзімділік шегі деп сынау кезінде олардың жоғары температураның әсерінен өзінің көтергіш және қорғауда қабылеттілігін жоғалту уақыт мерзімін айтады (сағатпен) . Әр консртукцияның от төзімділік шегі мынандай көрсеткіштермен анықталады:

1. Конструкцияны тесіп өткен жарық немесе санылау пайда болуы.

2. Конструкцияның екінші бетінде температура алғашқы температура-дан 160°С-қа, ал сол беттін қай нүктесінде болмасын 100 С-қа артуы немесе алғашқы температураға байланыссыз температурасы . 220°С-тан асуы.

3. Конструкция көтергіш қабылеттілігінен айырылу, яғни оның қирауы:

Әр құрылыс конструкциясының от төзімділік шегі оны өлшемі және материалының физикалы-механикалық касиеттерімен байланысты болады.

Үйлер мен басқа құрылыстардың от тозімділік дәрежесі олардың басты конструкциялық элементтерінің от төзімділігімен анықталады. СНиП 2. 01. 02-85 сәйкес үйлердін от төзімділігінің бес дәрежесі белгіленген: І, ІІ, ІІІ, ІІІа, ІІІб , ІV, ІVа, V.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБК - зертхана ЖШС құрылыс материалдары зертханасының аккредиттеу саласы
Бизнес-жоспар ФИРМА ЖШС «ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ»
Құрылыс материалдарын өндіру
Қала саябақтары
Қазақстан туризмін дамытудағы орналастыру индустриясының маңызы
Қазақстандағы туризм саласы
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Қазақстан құрылыс материалдар өнеркәсібі
Қазақстандағы құрылыс салаларына шолу
Бразилияда туризм дамуының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz