Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Эссе
Тақырыбы: «Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі»
Орындаған:
Тексерілген:
2022
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Негізгі бөлігі
1. 1 Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі . . . 4
Қорытынды . . . 5
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай жөніндегі органдардың қалыптасуы мен дамуы және бұл органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі, төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың халықаралық ынтымақтастығы, сонымен қатар, төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың қызметін жетілдірудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі еліміздің алдында келелі жаңа міндеттерді өмірге әкелді. Соның бірі - Қазақстанның өз тәуелсіздігін баянды етуі үшін ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап, оны өз алдына дербес жүргізе алуы болатын. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан: 2030” бағдарламасында былай деп түйінделген: “Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет.
Еліміздегі төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың қызметінің тиімділігі еліміздегі төтенше жағдайлардың алдын-алуға және оны дер кезінде болжауға, оның салдарын жоюға тез әрекет жасауға жол ашар еді. Бұл іс-шаралардың негізі ретінде еліміздің экономикалық қауіпсіздігі танылады.
Жұмыстың міндеттері:
-Төтенше жағдай дегеніміз - мемлекеттің арнайы уәкілетті органдары жүзеге асыратын еліміздің демократиялық қалыптарына немесе т. б. сипаттағы аясы үлкен қауіптерді жою барысында қолданылатын айрықша шараның көрінісі;
- Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар жөніндегі органдар еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты, қалыптасып, орнығып, бірнеше сатыдан өтіп келе жатқан күрделі жүйеден тұрады;
- төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық базаға сүйенетін күрделі жүйенің көрінісі болып табылады;
Негізгі бөлігі
1. 1 Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі
Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын тану үшін және олардың мақсат міндеттерін терең түсіну үшін төтенше жағдайдың табиғатын, оның қалыптасу жолының кейбір қырларын және оның ерекшеліктерін айқындап, ашып алуымыз қажет. Сонымен қатар, төтенше жағдай мәселесін теориялық құқықтық бастаулары осы күнге дейін әлі өзінің бағасын, отандық заң ғылымында ала қойған жоқ. Осы жағдайлардың барлығы бізді төтенше жағдайдың табиғатына терең үңілуге жетелейтіндей.
Төтенше жағдай институты бірнеше ғасырды басынан өткеріп, дамып келе жатқан ерекше институттардың бірі болып табылады. Төтенше жағдай институты әрбір мемлекеттің тәжірибесінде әрқалай әр негіздерде дамыған болатын. Міне, осы ерекшеліктерді аша отыра ғана, біз жалпы төтенше жағдай институтының елімізде құқықтық тәжірибесінің қалыптасуын ашып көрсете аламыз. Мемлекеттік құқықтық механизмде төтенше жағдай институты көптеген батыс елдерінде абсолюттік монархия ыдырап, шекті монархияға өту барысында орныға бастады. Себебі, абсолюттік монархия өзінің қолына мемлекеттік биліктің барлық тұтқасын жинағандықтан да, төтенше өкілеттіктерді билік иесі қажет етпеді, екінші жағынан алып қарағанда, билік басындағы тұлғаның қызмет аясы ешқандай құқық нормасымен де шектелмеді және оны қажетсінбеді де. Алғашқы төтенше жағдай жөніндегі актінің өмірге келуін А. М. Домрин былай сипаттайды: Мәселен, Ұлыбританияда төтенше жағдайлар режиміне арналған алғашқы сот шешімі, кей жағдайларды оны “Су кемелерінің ақшалары жөніндегі іс” деп атайды. ол Яғни, 1637 жылы қабылданған заңи буржуазиялық революцияға дейінгі не бәрі бірнеше жыл бұрын. Бұл оймен келісе отыра, сөз етіп отырған институттың қоғам дамуының ерекше сатысына өту барысында өмірге келгендігін байқаймыз. Бұл кезеңдерде өкілдік билік адам құқығы деген мәселе де қоғамда маңызды орынға ие бола бастады. Осы мәселемен айналысып жүрген Ресейлік ғалымдардың бірі И. В. Гончарев бұл институттың өмірге келуін нақты былай сипаттайды: дегенмен де аталған құқықтық режимді сипаттайтын алғашқы парламенттік актілер еуропаның көптеген мемлекеттерінде тек ХІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қабылданды. Бұл орайда үздік Француздық тәжірибе болып табылаьын 1857 жылы Пруссияда төтенше жағдайлардың құқықтық режимін сипаттайтын заң қабылданды, ондай заң 1869 ж. - Австрия - Венгияда, 1870 ж. - Испанияда. Бұл оймен келісе отыра, өзімізге жақын Ресей тарихында төтенше жағдай мәселесін ғылыми тұрғыда кім айқындауға ұмтылғандығына келетін болсақ, төтенше жағдайдың ғылыми негізін қалауға ұмтылған алғашқы ғалымның бірі, В. М. Гессен болып табылады. Ол өзінің 1908 жылы Санкт-Петербургте шыққан еңбегінде айрықша жағдайды қарай отыра, оны былай айқындайды: “ мемлекеттің өмір сүруіне іштей немесе сырттай қауіп төнген жағдайларда үкімет билігімен берілген ерекше өкілеттіліктер жиынтығы”. Төтенше жағдайлар мәселесі жоғарыда айтып өткеніміздей, алғаш ағылшын дерегінде құқықтық негізделсе де, оның қазіргі кезеңдегі ортақ негізгі белгілері Францияның тәжірибесінде орныққан болатын. Сол Францияның тәжірибесі қазіргі дамыған елдердіің төтенше жағдайлар мәселесіндегі заңнамасының негізін қалауда. Бұл ортақ белгілер мыналар болып табылады:
1. Қауіпсіздік пен тәртіпті қорғауға бағытталған азаматтың билік толығымен әскери биліктің қолына берілуі. Бұл орайда азаматтың билік қызметін тоқтатпайды, тек әскери билік алып қоймаған қызметтерді жүзеге асырады;
2. әскери билікті полициялық сипаттағы төтенше өкілеттіліктерімен рәсімдеу, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шектелінуі.
3. республиканың қауіпсіздігіне қарсы, конституцияға қарсы, тәртіп пен қоғамдық тыныштыққа қарсы бағытталған қылмыстар мен теріс қылықтар, олардың басты кінәлілері мен қатысушыларының роліне қарамастан істер әскери соттардың қарауына беріледі. Көрсетілген жағдайлардың барлығы қазіргі кезеңдегі әлемдік тәжірибенің төтенше жағдайлар мәселесіндегі айқындаушы көрсеткішіне айналды.
“ Төтенше жағдай - белгілі бір аумақта авария нәтижесінде адамдардың өліміне алып келген немесе алып келуі мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық объектілеріне зардап келген, халықтың өмір сүру жағдайларына үлкен көлемде материалдық зардап пен бұзылуына алып келетін апатты немесе қауіпті жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай - стихиялық зардаптан (жер сілкінісі, сел, су тасқыны және т. б. ) табиғи өрттерден, эпидемиялар мен эпизоотиялармен, ауыл шаруашылық дақылдары мен ормандардың аурулар мен зиянкестердің жоюынан туындайтын төтенше жағдай. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өндірістік, көлік немесе басқа апаттар, өрттер (жарылыстар) қатты әсер етуші улы заттардың ауаға таралуы апатынан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауы, плотиналардың бұзылуы, электроэнергетикалық және өмір сүруді қамтамасыз ететін басқа коммуникацияларға тазалау құрылыстарындағы апаттардың негізінде туындайтын төтенше жағдай. Төтенше жағдайдың басты анықтаушы элементі оның бүлдіру аясының және шығын келтіру көлемі болып табылады. Төтенше жағдайларды осындай негіздерге ала отырып, түрлерге жіктеуге болады. Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
1. Пайда болу саласы;
2. Ведомстволық қатыстылығы;
3. Аймақтық таралуы.
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайларды мынадай етіп жіктеуге болады:
- табиғи;
- техногенді;
- жанжалды.
Табиғи төтенше жағдайларға мынадай құбылыстарды жатқызуға болады:
- геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан) ;
- геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы) ;
- метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т. б) ;
- теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т. б. )
- гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі) ;
- табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік) ;
- адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы (эпидемиялар) ;
- ауылшаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар) ;
Техногенді сипатты төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:
- өндірістік;
- транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магистральді өткізу құбырларындағы авариялар) ;
- өрттер (жарылыстар) ;
- ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- ғимараттардың кенеттен құлауы;
- электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар;
- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар;
- тазартқыш құрылыстардағы авариялар;
- гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.
Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:
- қарулы шабуыл;
- кейбір аймақтардағы толқулар;
- соғыс уақыттағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдану тәсілдерін қолдану.
Ведомстволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мынадай түрлерге бөлінеді:
- құрылыста;
- өндірісте;
- халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында;
- көлікте;
- ауылшаруашылықта;
- орман шаруашылығында;
- көліктік байланыста (газөткізштер, мұнай өткізгіштер) .
Аумақтық атқарылуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
- объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде шектеледі) ;
- жергілікті (таралуы бірнеше елді мекендерде, аймақта, облыстарда шектеледі) ;
- аймақтық (таралуы бірнеше облыстарда шектеледі) ;
кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасында және шектес мемлекеттердің аумағына таралады.
ҚОРЫТЫНДЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz