Сын тұрғысынан ойлау технологиясының интербелсенді әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН РECПУБЛИКACЫ МӘДEНИEТ ЖӘНE
СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДEНE ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КOМИТEТІ РECПУБЛИКAЛЫҚ CПOРТ КOЛЛEДЖІ РМҚК

Курстық жұмыс

Тaқырыбы: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Oрындaғaн: Жәнібекұлы А.
Тeкceргeн: Педагогика пәні оқытушысы
Сиргебаева М.Қ.

Алматы, 2022 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5
1.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының интербелсенді әдістері...
6
1.3 Интерактивті әдістерін пайдалану арқылы өткізілетін тренинг
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

10
1.4 Интерактивті оқыту әдісінің тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
12
2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14
2.1 Кәсіптік колледжде пәндерді оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
2.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерімен сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

16
2.3 Сын тұрғысын ойлау әдісінің тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25

КІРІСПЕ
Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге, ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі Қазақстандық білім беру кеңістігі ақпараттық болып есептелгендіктен, сондықтан уақыттың өтуімен бірге маманның ақпараттық технологияларды пайдалана білу іскерлігі мен кәсіби құзырлығына қойылатын талап та арта түсуде.Пайда болған мәселені шешу республикалық кәсіби білім беру жүйесіне келіп тіреледі. мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - жеткілікті деңгейде кәсіби білімі, құзырлықтары мен шығармашылық іс - әрекеті қалыптасқан, шығармашылық қабілеттері дамыған, кәсіби білікті мамандар даярлау болып табылады. Бұл міндеттерді шешудің жолдары ретінде ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктеріне негізделген оқушылардың кәсіби бағыттылығын жетілдіруді, шығармашылық іс - әрекетін қалыптастырып, дамытуды атауға болады.
Болашақ мамандарды кәсіби даярлауды жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасының негізгі нормативті құқықтық құжаттарында: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007), 2005 - 2010 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында,ҚР - ның 2002 - 2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасында, сондай - ақ, жыл сайынғы ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру саласын жетілдірудің маңызды тәсілдерінің бірі - білім беруді ақпараттандыру және халықаралық ауқымды коммуникациялық желіге шығу екендігі айтылған. Сонымен қатар, бұл бағыт Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қарастырылған негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Тұжырымдамада қазіргі жағдайда білім беру жүйесіне жаңа сапа, қоғамдық статус беріп, алдыңғы кезектегі міндеті білікті мамандар даярлау болып есептелетін қоғамның ерекше сферасы ретінде түсіну қажет деп көрсетілген.
Мамандардың кәсіби даярлығын дамытуға әрі білім беру процесінің теориясын, мазмұнын, әдіснамасын, ұйымдастырылуын жетілдірумен, әрі мектепте жұмыс істейтін оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру жолдарымен айналысатын (Т.С. Садықов, А.П. Сейтешев, Г.А. Уманов, Л.К. Керимов, Н.Д. Хмель, М.А. Кудайкулов, Н.Н. Хан, А.А. Бейсенбаева, К.К. Жампеисова, Г.Т. Хайруллин, С.Ж. Піралиев, Ш.Т.Таубаева, Г.К. Нургалиева, Р.К. Толеубекова, В.В. Трифонов және т.б.) қазақстандық ғалымдардың қазіргі зерттеулері елеулі үлес қосуда.
Сонымен қатар, республикада болашақ мамандардың кәсіби сапаларын қалыптастыру мәселелері зерттелуде, олардың қатарына педагогикалық ғылымды дамытудағы төмендегідей: болашақ педагогтің кәсіби мәнді сапаларын (А.А. Калыбекова, К.С. Успанов, А.А. Молдажанова және т.б.); зерттеу мәдениетін Ш.Т. Таубаева және т.б. шығармашылық ізденімпаздылықты қалыптастыру (А.Е. Абылқасымова және т.б.); шығармашылық белсенділікті (Ж.А. Қараев); оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру (Д.М. Джусубалиева) тәрізді бағыттарды жатқызуға болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық сипаттамасы
Инновациялық тәсіл оқу процесіне - тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды [1].
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. Интерактив сөзі бізге ағылшын тілінің interact деген сөзінен келген. Іnter- бұл өзара, act - әрекет ету дегенді білдіреді.
Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту - бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:
білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;
күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу.
Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады. Сондай-ақ, интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы - бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі [2].
Қытайдың бір нақыл сөзінде: Маған айтшы - мен ұмытып қаламын; маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

1.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының интербелсенді әдістері

Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.
Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады. Интербелсенді оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады. Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интербелсенді оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді. Интербелсенді әдістер ешқандай жағдайда да дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді, қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады [3,4].
Интербелсенді оқыту әдістеріне білім алу және оны дамыту процесіне белсенді ат салысуға тарту жатады: 1 Кестеде интербелсенді оқытудың әдістері көрсетілген.

Кесте 1. Интербелсенді оқыту әдітері

Ми штурмы (шабуыл)
Шағын-лекциялар
Топтардағы жұмыс
Бақылау парағы немесе сынақ
Рөлдік ойын
Ойын жаттығулары
Жобаны әзірлеу
Жағдайлық тапсырмаларды
Сапаршыны (визитерді) шақыру
Сарапшы топтарының
пікірсайыстары
Сұхбаттар
Сахналау
Жағдайдан жеңілу
Оқушының рөліне ену
Сюжеттік суреттерді талқылау
Сұрақ - Квиз (бақылау) және т. б.

Интербелсенді әдіске, сондай-ақ, әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдылар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.т. таныстырулар жатады. Сонымен қатар, оқу процесіне топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және шығармалар, сұхбаттар, жастарды тең - теңімен қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу.
Ми шабуылы, ми штурмы (дельфи әдісі) - бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.

Сурет 1. Миға шабуыл әдісі

Ми шабуылы хабарландыруды анықтау керек болғанда жәненемесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.
Өткізу алгоритмі:
қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру;
осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау;
айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).
барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек, және қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек;
қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып жұмысты аяқтау қажет.
Ми шабуылы аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4-5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет. Ми шабуылы қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:
даулы мәселелерді талқылау;
талқылауға қатысуға онша сенімді ем ес қатысушыларды ынталандыру;
қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;
дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анықтау.
Шағын топтардағы жұмыс. Алдын ала сақтандыру оқуы процесін оқушыларға шамамен жобалап құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Мұндай жағдайда оқытушы диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, жұмыстың мұндай нысаны қолданылады, қатысушылардың әр түрлі топтарының бір және сол мәселеге қатынасын анықтайды.

Сурет 2. Топтық жұмыс

Рөлдік ойын. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі. Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды. Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.
Жобаны әзірлеу. Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жекелеген бөлімшелердің өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады. Мысалы: өзінің қаласындағы дүлей апаттың қаупін төмендету жөнінде жоба жасау. Қатысушылардың мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. алуға мүмкіндіктері бар. Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелеріне қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.

Сурет 3. Жобаны әзірлеу әдісі

Бейнефильмдерді көру және талқылау. Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады. Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады.Соңында оқушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.

Сурет 4. Бейнефильмдерді көру және талқылау әдісі

Ширату. Ширату денеге және психологияға түскен салмақты кетіру мақсатында қолданылады. Ширату сондай-ақ коммуникативтік машықты (қарым-қатынасты) дамытуға мүмкіндік береді. Олар мазмұны, іс-әрекеттің нысаны және ұзақтығы бойынша ретті болуы тиіс. Мысалы, айталық, зейінді жинақтауды талап ететін жаттығудың алдында көп қимылды керек ететін ширату ойынын жүргізудің керегі жоқ.
Кері байланыс. Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады. Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды. Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.

Сурет 5. Кері байланыс

10.3 Интерактивті әдістерін пайдалану арқылы өткізілетін тренинг сабақ

Тренинг. Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады. Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train - тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) - бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу. Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез- құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі - ол оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен:
тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам;
тренингке қатысушылардың көлеміне сәйкес, қатысушылардың өзара белсенді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, тренингтік шеңбер бойынша орналастыратын орны бар ғимараттың болуы;
тренингтің кез-келген сабағының басында аталған сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі;
тренингтің бірінші сабағында таныстыру мен келісім қабылдау жаттығуларын - топтардың жұмыс істеу ережесін өткізу;
достық қалыптағы сенімді атмосфера қалыптастыру және бүкіл тренинг бойында соған қолдау көрсетіп отыру;
бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту;
әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу;
тренингке қатысушыларды мадақтау.
Тренинг бір немесе бірнеше сабақтан тұрады, олардың ұзақтығы - бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері қандай?
тренер (оқытушы) ең алдымен қатысуш ыларға міндетті түрде тренингтің тақырыбын хабарлауы тиіс;
содан кейін қатысушылар тренингтің мақсаттарымен және тапсырмаларымен таныстырылады. Егер тренингтің мақсаттары және тапсырмалары жазылып, көрінетін жерге ілініп қойылса, онда жақсы;
тренингті өткізуге қажетті материалдар мен жабдықтар алдын ала дайындалады. Оны дайындауға тренингке қатысушыларды тартуға болады.
Тренингті өткізу тәртібі. Әрбір қатысушы өзінің күтетінін айтып (жазып) болғаннан кейін, тренер-оқытушы оған тренингті өткізу тәртібін хабарлайды. Бұл аталған тренинг-семинардың қаншаға созылатынына, онда қанша сабақ болатынына байланыссыз жасалады. Қатысушылардың сұрақтары бар ма, соны міндетті түрде анықтау керек.
Топтардың жұмыс ережелерін (келісімдерін) қабылдауы. Тренинг-сабағының басынан бастап қатысушылар өз оқуының жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін - тренинг немесе келісім қабылдау ұсынылады.Келісім пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп талқылағаннан кейін, көпшілік дауыспен қабылданады және көрнекті орынға ілінеді. Тренинигке қатысушылардың назарын дауыс берілгеннен кейін олардың әрқайсысы аталған келісімнің орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет.
Топтардың хабарландырылу деңгейінің бағасы. Оқытушылардың (тренерлердің) алдында тұрған міндеттердің бірі тренингке қатысушылардың хабарландырылу деңгейін бағалау болып табылады. Осы мақсат үшін тренинг тақырыбы жөнінде сұрақтары бар сұрақнамалар немесе сауалнамалар пайдаланылады. Сауалнамалар барлық тренинг өтіп болғанша сақталады, содан кейін оқушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланылады. Нәтижелерін салыстыра отырып, қатысушылардың білімдері мен машықтарында қандай өзгеріс бар екенін білу қызық болады. Оның үстіне, тренингтің тиімділігін бағалауға болады.
Мәселелерді маңыздандыру. Мінез-құлықты өзгертуге уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге қатысушылардың қызығушылығын ояту керек, бұл мәселені әрқайсысы үшін өзекті етіп жасау керек. Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады [6].

21.3 Интерактивті оқыту әдісінің тиімділігі

Интерактивті оқыту - бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды айтып отыр. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады.
Интерактивті оқуды ұйымдастырудың міндетті шарттары:
оқушылар мен оқытушылардың арасында сенімділік, жоқ дегенде позитивті қатынастардың болуы;
демократиялық стиль;
оқушылар мен оқытушылардың арасында қарым қатынас жасау процесінде өзара ынтымақтастық болуы;
оқытушылардың жеке (педагогикалық) тәжірибесі, оқу процесіне ашық үлгілерді, фактілерді, образдарды енгізу;
ақпарат беретін нысандар мен әдістердің көптүрлілігі, оқитындардың іс-әрекет нысандары, олардың ұтқырлығы;
іс-әрекеттің сыртқы және ішкі уәждерін қосу, сондай-ақ оқитындардың өзара уәждері.
Біз неліктен интерактивті әдістерге иә дейміз? Олар мыналарды:
жоғары уәжділікті;
тиянақты білімді;
қиялдау мен шығармашылықты;
тез тіл табысуды;
белсенді өмірлік көзқарасты;
командалық рухты;
жеке, дербестіктің құндылығын.
Интерактивтік ойынды сабақта қолдану нәтижесінде студент мынадай мүмкіндіктерге ие болады:
білім алушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді;
студенттер тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді;
оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді;
уақытты үнемдеуге үйретеді;
жауапкершілікті сезіне біледі;
жеткен жетістіктерімен бөлісе алады;
бір - бірімен қарым - қатынас жасауға дағдыланады.
Оқытушының аранайы пәндерде ұсынылған интерактивтік тәсілді қолдануы студенттердің оқу материалдарын ұғынуын жақсартады оқу сабағын нағыз шындыққа жақындатады және олардың қызығушылықтарын арттыра отырып, объективті шындықты үйренуге итермелейді. Ал, мұндай тәсілдер кәсіби жоғары дәрежелі мамандарды дайындауға және теория мен тәжірибелік білімді біріктіруге көмектеседі. Шыңға өрлеу әрқашан да төменнен басталады, сондықтан студенттерді мамандыққа үйретуді кәсіптік білім жүйесінің алғашқы қадамынан бастау керек.Көрнекті педагог В.Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы -- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі -- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу -- біздің де қоғам алдындағы борышымыз [7].

2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
2.1 Кәсіптік колледжде пәндерді оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану

Қазіргі заман талабы -- оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі -- интерактивті техника және технология. Интерактивті техника және технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарды даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттаңдыру процестерінің қарқынды дамуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау
Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктері
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Оқытудың педагогикалық технологиялары
Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқыту технологиясын тиімді пайдалану жолдары
Интерактивті оқыту әдістемесі
Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негізі
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Оқытудың интерактивті әдістері,оқытудың белсенді әдістерінің түрлері
Оқытудың белсенді әдістері жайында
Пәндер