Жануарлардың ішікі ауруларын клиникалық балау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.04 - 01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік коғам
М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Аграрлық факультет

Ветеринарлық медицина кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыс тақырыбы: Сүтті сиырлардың кетозы,этиологиясы, патогенезі, ем жүргізу, алдын алу, қорытынды

Пәні: Жануарлардың ішікі ауруларын клиникалық балау

Мамандығы: 6B09111-Ветеринарлық медицина

Орындаған: Әбдрашит Әсем Тобы: АП-19-8дк4
(студенттің аты жөні)

Жетекші: Қамбаров А.А. аға оқытушы
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс бағамен қорғалды
_______________________
(бағасы, күні)

- - - - ____ _________ 2023 ж.

Норма бақылау:

Орынбаева Б.М._________________
(аты - жөні, қолы)
Комиссия:

_________________
(аты - жөні, қолы)

________________
(аты - жөні, қолы)

Шымкент - 2023 ж

Ф.7.04 - 03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринарлық медицина кафедрасы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі
Кузербаева А.Т. _________
_________2023ж.

№____Тапсырмасы

Жануарлардың ішікі аурулары клиникалық балау пәні бойынша курстық жұмыс
Студент Әбдрашит Әсем Қуанышбекқызы Тобы: АП-19-8дк4
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы: Сүтті сиырлардың кетозы,этиологиясы, патогенезі, ем жүргізу, алдын алу, қорытынды
Берілген мәліметтер:________________________ __________________________
___________________________________ _________________________________


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1
Кіріспе

2
2
Негізгі бөлім

11
3
Өзіндік зертеу бөлімі

10
4
Қорытынды

1
5
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1

Барлығы

25
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Қожабаев М. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары: Оқу құралы М.Қожабаев, Ш.Қаратаев - Шымкент, 2013.
2.Молдағұлов, М.А. Жануарлар ішкі аурулары: Оқулық 1-кітап М.А.Молдағұлов, Ө.К.Есқожаев, Н.А.Заманбеков - Алматы, 2019.
3.Молдағұлов М.А. Жануарлар ішкі аурулары: Оқулық М.А. Молдағұлов [и др.]; Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті. - Алматы: Нұр-принт, 2013.

Тапсырма берілген күні _______________жұмысты қорғау күні ______________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ _____ Қамбаров А.А.
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_____________________Әбдр ашит Ә.Қ

(күні, студенттің қолы)
МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1Сүтті сиырлардың кетозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Этиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.5 Ауру барысы, емі, алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Өзіндік зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Зерттеу әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Proanamnesei ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Anamnesei vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Anamnesei morbi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5 Status praesens communis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6 Status praesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.7 Diagnosie ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.8 Epicrises ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
7
7
9
11
13
14
15
18
18
18
18
18
19
20
21
26
28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Арнайы бағыттандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындар мен мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретінткешендерді нәтижелі пайдалануды тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методикалық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерінің барлығын дерлік есепке ала отырып сонымен қатар ауру малды дара және топтапемдеуді ары қарай дамытып жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты, малды түрлі жағдайларда аурулардан ақтап қалу үшін жоспарлардың негіздісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады. Кей аурулардан, әсіресе, зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтап сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және азықтың бір түрімен ғана азықтандырғаннан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің(диетотерапия) мағынасы зор. Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып күтуде, әсіресе қыста, қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдың саны көбейеді. Сондықтан ветеринарлық лаборторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда емес сапалы азықтандыруды қадағалауда манызы зор. Ауруды ғылыми негіде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды. Ауруды анықтау үшін және болжау үшін, сонымен қатар дәрімен емдеу әдісін таңдау мақсатында семиотиканың(аурудың белгілерін тексеру) маңызы өте зор.
Кетоз-бұл асқорыту жүйесінің бұзылуымен, гипогликемия, бауырдың, бауыр үсті гипофизінің бұзылуымен, орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Организмде глюкозаның жетіспеушілігінен малдың нерв жүйесінің клеткалары әлсірейді. Бұл милың жұмысының бұзылуына әкеледі. Нервтік эндокриндік жүе аурудың дамуында үлкен рөл атқарады. Жиі кездесетін ауру белгілері гипотоксикалық(перкуссия кезінде бауырдың ауруы, үлкейеді, сарғаяды), гастроэнтеральдік тәбеттің нашарлауы, күйіс қайтаруы бұзылады, асқазанның атониясы мен гипотониясы, нерв жүкесінің синдромы байқалады. Ауру мал демікпемен, терісімен, зәрінен ащы ацетонның иісі шығады. Себеб ашығу рационында протеиндік витаминдік зат алмасудың бұзылуынан болады. Дұрыс тамақтанбау мал организмінде жеңіл қорытылатын углевод, глюкоза заттарының дефицитіне әкеледі. Ол углевод-уксусты қышқыл трикорбанатының қышқылданбаған углевод алмасуы бұзылады. Оның мөлшері қанда көбейеді де зәрмен бөлініп отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты-сиыр кетозы ауруына дұрыс диагноз қойып, емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыруды үйрену
1.Негізгі бөлім
Кетоз - Ketosis. Малдарда кетоз ауруының болатыны туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың басында жарық көрді.
Содан бері көптеген ғалымдар осы ауру туралы өз еңбектерінің нәтижелерін жариялады. 1911 ж. M.Iohnk; 1928 ж. A.B.Cinifl 1963 ж. Ф.Гутира жэне И.Марек; 1975 ж. I.A.Schulz, N.RosmWj 1976 ж. А.В.Жаров; 1965 ж. И.Г.Шарабрин; 1989 И.П.Кондрахин; 1972 ж. К.Н.Кожановтар бүл ауруды жан-жақты зерттен өз пікірлерін жариялады.
■ Кетоз - организмде кетон заттарының шоғырлануы салдарынан гипофиз-бүйрек безі жүйесінің, калқан безінің, бауырдың,жүректің, бүйректердің және ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын, көбінесе созылмалы түрде кездесетін түр. Бұл ауру сүтті сиырлар мен көп төл беретін саулмалы қойлардың арасында жиі кездеседі. Аурудың негізгі және қосалқы түрлерін ажыратуға болады. Олардың даму процесі әртүрлі болып келеді. Күрделі комплексті белгілерінің ішінде кетонемия (кетонурия) белгісі аурудың бастапқы кесінді жақсы білінетін негізгі белгісі болып есептеледі. Бір ескертетін жағдай, аурудың бұл белгісі ауру көпке созылғанда және организмге кетогенді заттар азықпен түспегенде білінбеуі мүмкін.

1.1 Сүтті сиырлардың кетозы
Кетоз - организмде кетон заттарының шоғырлануы салдарынан гипофиз-бүйрек безі жүйесінің, калқан безінің, бауырдың, жүректің, бүйректердің және ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын, көбінесе созылмалы түрде кездесетін түр. Бұл ауру сүтті сиырлар мен көп төл беретін саулмалы қойлардың арасында жиі кездеседі. Аурудың негізгі және қосалқы түрлерін ажыратуға болады. Олардың даму процесі әртүрлі болып келеді. Күрделі комплексті белгілерінің ішінде кетонемия (кетонурия) белгісі аурудың бастапқы кесінді жақсы білінетін негізгі белгісі болып есептеледі. Бір ескертетін жағдай, аурудың бұл белгісі ауру көпке созылғанда және организмге кетогенді заттар азықпен түспегенде білінбеуі мүмкін.
1.2 Этиологиясы
Кетоз көп себепті аурулардың қатарына жатады. Ауру көп өнім беретін малдардың арасында жиі кездеседі. Негізгі себебі организмде энергияның жетіспеушілігі. Әсіресе cүтті сиырларда кездесетін аурулардың 50 % -ы осының салдарынан болатындығы дәлелденген
(1 литр сүт түзілу үшін 45 г глюкоза керек екен).
Сондай-ақ малдарды бірыңғай жеммен азықтандырғанда, азықтың құрамында май қышқылының көп болуы, сиырлардың келесі төлге дайындау кезінде майлануы, адинамия, ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігі аурудың пайда болуына әсер eтетін факторлар.
Организмде углевод пен протеинніц ара катынасы бұзылғанда бұл ауру пайда болады (қалыпты жағдайда кант : протеин 0,1 1; 1 : 1 болуы керек).
Оттегінің жене АКТГ, тироксин, кортикостероидтардың жеткіліксіздігі; малдардың стресс жағдайға ұшырауы организмде кетон заттарының шоғырлануын тудырады.

1.3 Патогенезі. Күйіс қайыратын малдардын организмінде кетон заттары бауырда, бүйректерде, алдыңғы қарыншақтарда, сүт бездерінде түзіледі де, сол ағзаларда ары қарай тотығады. Бұл аурудың күйіс қайыратын малдардың ішінде жиі кездесуі, олардың алдыңғы қарыншақтарында жүретін ас корыту , процесінің ерекшелігіне тікелей байланысты:
■ углеводтар организмге глюкоза түрінде емес ұшқыш май қышқылдары ретінде түседі;
■ қанға аммиак көп мелшерде түседі. Ол үшкарбон қышқылдары циклінде жүретін реакцияны тежейді. Кетон заттарының организмде түзілу процесі қалай жүреді:
Углеводтар (аэробты ыдырауы), майлар (глицерин және май қышқылдары) және кейбір амин қышқылдары ыдырағанда, қалыпты зат ретінде, ыдыраудың бір сатысында сірке қышқылы түзіледі. Ол торшалар мен тіндерде бос күйінде емес ацитилденген (ацетил - КоА) белсенді (КоА - СОСНЗ) түрінде болады. Ол белгілі бір мөлшерде жиналғаннан кейін не үшкарбон қышқылдарының циклінде ары қарай тотығады, не май қышқылдарын түзу үшін пайдаланылады. Циклдегі реакцияның басында Ацетил-КоА щавелді сірке қышқылымен (ЩСҚ) мноланады (конденсация). Ал щавелді сірке қышқылы түзілу үщін гликоген, глюкоза және кейбір амин қышқылдары қажет. Егер ЩСҚ жеткіліксіз болса Ацетил-КоА-ның тотығуы аяғына дейін дұрыс жүрмейді де, одан кетон заттары: бетта-май тотық қышқылы, ацетатты-сірке қышқылы және ацетон түзіледі.
Бірыңғай жеммен тамақтадырған малдың месқарнында түзілетін ұшқыш май қышқылдарының ара қатынасы өзгереді (қалыпты жағдайда сірке қышқылы 65 %, пропион қышқылы 20 %, май қышқылы 15 % болуы керек). Пропион қышқылыныц түзілуі азайып, кетогенді әсері бар май қышқылының түзілуі көбейеді. Жәнеде организмге азықпен түскен қалыптан тыс протеинді ыдырату үшін көп энергия керек (1 кг азотты оның ақырғы ингредиенттеріне дейін ыдырату үшін 5450 ккалория (Нibbitt, 1979) энергия керек екен).
Күйіс қайыратын малдардың месқарнында қант пен крахмал толық, клетчатка жартылай ыдырайды да, олардан май кышқылдары түзіледі. Жалпы организмге қажетті глюкозаның 10%-ы ғана ас қорыту жүйесі аркылы қамтамасыз етіледі де, ал 90% -ы глюконеогенез процесінде түзіледі (Young, 1977). Ұшқыш май қышқылдарының ішінде тек пропион қышқылдарының ғана гликогендік қабілеті бар. Miнe, сондықтан да порпион қышқылы аз, ал май және сірке қышқылдары көп болса кетон заттары көп түзіледі.
Организмде энергия жеткіліксіз болған жағдайда пропион қышкылы мен глюкозаның аздығынан сірке қышқылының түзілуі бәсендейді де, ол барып үшкарбон кышқылдарының цикліндегі реакцияны тежейді, ацетатты сірке қышқылының ацетон түзіледі. Онымен қоса альфа-кетоглютар гипотамин қышқылына айналады да, ол да сірке қышқылын кетон заттарын түзіледі.
Организмге глюкозаның аз түсуі глюконеогенез процесінің май қышқылдары арқылы жүруін тугызады. Осының салдарынан бос май қышқылдары көбейіп, олардан кетон заттары көп түзіледі.
Организмге белокты концентраттың көп түсуі кетогенді амин қышқылдарының (лейцин, фенилаланин, тирозин триптофан, лизин) қалыпты жағдайдағыдан көл түзілуіне апарып соғады да, олардан да, тотығу процесінде, ацетатты сірке қышқылы түзіледі.
Бұзылған азықтармен түскен май қышқылдары, қалыні тыс шоғырланған аммиак (мүсәтір спирті) орталық жүйке жүйесінің, ішкі секрет бездерінің, бауырдың, жүректің қызметтерін бұзады. Осыдан пайда болған бауырдың майлы дистрофиясы ауруды асқындыра түседі.
Өлекседегі езгерістер:
■​бауырдың көлемі ұлғайған (сау сиырда 9-10 кг-ның орнына 22,5 кг-ға дейін), майланған, белокты, угленод дистрофия, сарғыш-кызғылт түсті, кесігі суда өкпеге ұқсап жүзіп жүреді;
■​өт қабы өтке толып керілген, өт қою, созылынкы;
■бүйректер үлгайған, өзектерінде майлы дистрофия беліктерінің арасындағы шекарасы жақсы білінбейді;
■ эпикард майланған, жүрек еттері босаңсыған, қан азайған;
■​аналық бездер өзгерген, онда қуыстар (киста) анықталады, дәнекер тіндер өскен, иерсистентті сары денешелер жиі кездеседі;
■ гипофиз бен ішкі бездерде гиперемия, аралық тіндері ісінген;
■​бас ми кабында, сопақша мида, жұлында дистрофиялық өзгерістер байкалады;
■​созылмалы түрінде аяқ буындары жуандаған, құйымшақ сүйектері жұмсарған, жіңішкерген, бұлдырланған;
■​омыртқа жотасы қисайған, жілік сүйектері жұқарған, сүйектердің қосылған жерлері шеміршектенген.

Күйіс малындағы көмірсулар алмасуының ерекшеліктері.
Алдыңғы қарын микроорганизмдері əрекетімен азық құрамындағы көмірсулардан аэробтық гликолизге ұшырап, пируват және лактат арқылы ұшпалы май қышқылдарына - сірке,
пропион жəне майлы қышқылдарға айналады. Демек, күйіс малында
көмірсулардың негізгі ыдырау өнімдері ретінде глюкоза емес,ҰМҚ түзіледі де, қанғаглюкоза аз ғана мөлшерде сіңіп, малдың глюкозаға деген мұқтаждығы эндогендік синтез арқылы қамтамасыз етіледі.
Күйіс малы төлдерінің қанында мес қарын қызметі қалыптасқанға дейін глюкоза деңгейі айтарлықтай
жоғары болады (100 мг %). Оларда қоректік гипергликемия да байқалады. Төл өсе келе қандағы қант деңгейі төмендей бастайды.
Күйіс малы ұлпаларында басқа малмен салыстырғанда, глюкоза нашар тотығады да, энергияның негізгі көзі ретінде ацетат пайдаланылады. Бірақ олардың, əсіресе сауын сиырлардың, глюкозаға деген
мұқтаждығы өте жоғары. Желін глюкозаны өте көп
мөлшерде сіңіреді жəне бұл процесс инсулинге тәуелсіз жүреді. Күйіс малы организміндегі глюкоза тапшылығы бауырда жүретін глюконеогенез процесі нəтижесінде жойылады. Бұл процесте негізгі субстрат ретінде пропионил-КоА жəне оксалацетатсатылары арқылы глюкозаға айналатынпропион қышқылы (про- пионатпропионил-КоА - оксалацетат глюкоза)мен глюкозаға оңай айналатын
амин қышқылдары пайдаланылады. Олардың
пайдаланылу деңгейі малдың физиологиялық күйіне (буаздығына, сүттенуге) байланысты
өзгеріп отырады. Сүтті сиырлардың пропионат пен амин қышқылдарға деген мұқтаждығы өте жоғары деңгейде қалыптасады. Күйіс малының глюкозаға мұқтаждығы жəне оны қамтамасыз ету
жолдары шамамен мына төмендегі көрсеткішпен бейнеленеді
Күйіс малы қанында глюкоза деңгейі төмен болады жəне ол азықтандыруға байланысты өспейді (қоректік гипергликемия байқалмайды).
Бірақ көмірсулар мен майлар алмасуы бұзылса оларда да гипер - немесе гипогликемия түрлері байқалады
Жасанды микроклимат жағдайында жануарларда қалыпты физиологиялық күй сақталады, бірақ тыныс жиілігі, жүрек жұмысы, дене
температурасы, қан қысымының көрсеткіштері ең жоғарғы деңгейде қалыптасуы мүмкін. Мол өнімді сиырларда зат алмасу процесінің ауытқулары байқалады. Қыс - көктем маусымдарында сиыр организмінде сілтілік қор азайып, ацидоз құбылысы байқалады, қан құрамында кальций
мөлшері төмендеп,фосфор мөлшері жоғарылайды. Рационға
жазғы балауса азық араласқаннан кейін жоғарыда аталған ауытқулар қалпына келеді.
Малды тар қораға қамаған жағдайда олардың тіршілігіне қа-жетті физиологиялық қимыл белсенділігі шектеледі. Гиподинамия жəне шектен артық азықтандыру нəтижесінде сиырлар семіріп, кетоз ауыруына ұшырайды, малдың қысыр қалуы
ықтимал.
Бұл ауытқулар физиологиялық адаптацияның қалыптаспауының салдарынан туындайды.
Желін қызметі ас қорыту, қан жəне лимфа айналым, тыныс
алу жүйелері мен көптеген ішкі секреция бездерінің жұмысымен тығыз байланысты. Сүттің алғы заттары ас қорыту жүйесінде пайда болып, қан арқылы бүкіл организмге таралады да, желінге жеткізіледі.
Күйісті малдар үшін сүт түзу процесінде мес қарында түзілетін ыдырау өнімдерінің маңызы зор.
Қарында микробиологиялық процестер нəтижесінде пайда болған ұшпалы май қышқылдары тек энергия көзі ретінде ғана емес, сүт майын түзу үшін пайдаланылады.
Мес қарын қабырғасында ұшпалы май қышқылдарының
алмасуы нəтижесінде сірке жəне майлы қышқылдардың біраз мөлшері кетонды заттарға (ацетон, ацетон-сірке, бета-оксимай қышқылы) айналады. Кетонды заттар негізінен
бауырда түзіледі. Желін мен бүйрек ұлпаларына да кетонды
заттар түзу қабілеті тəн. Кетонды заттар қалыпты алмасу өнімдері ретінде дененің бауырдан басқа ұлпаларының барлығында энергия көзі ретінде пайдаланылады. Бета май қышқылы сүт майының алғы затының бірі болып табылады.
Сау мал қанының құрамында 2-9 мг%, сүтінде 3-8, ал зəрінде - 9-18 мг% кетонды заттар болады. Қандағы кетонды заттардың 60-85 пайызын
Бета-оксимай қышқылы құрайды. Сүт пен зəр құрамында ацетон жəне ацетон-сірке қышқылының концентрациясы көбейіп, олардың бета-оксимай қышқылына қатынасы тиісінше, 1:2 жəне 1:1 шамасында сақталады.
Қан құрамында кетонды заттардың біршама көбеюі қанттың азаюына бейімделуді қамтамасыз ететін қалыпты физиологиялық процесс. Бірақ мұндай жағдай ұзақ уақытқа созылса, зат алмасу процесі бұзылады. Организмде ацетил-КоА артық жиналып, аз мөлшерде шығындалса, денеде кетонды заттар
жинақталып, заталмасу процесі бұзылады. Осының салдарынан қан құрамында еркін май қышқылдары көбейіп, ацидоз құбылысы байқалады. Күйісті мал ацидоз бен кетозға бейім келеді, себебі олар зат алмасу процесінде төменгі
молекулалы май қышқылдарын пайдаланады. Осы қышқылдардың ішінде сірке жəне майлы қышқылдар ацетил-КоАның алғы заты болып табылады да, кетонды заттарға оңай айналады.
Сүттену кезеңінде қан айналымы күшейіп, зат алмасу
процесінің қарқыны жоғарылайды, бауыр үлкейеді, оның сүт алғы заттарын (амин қышқылдарын, бета-оксимай қышқылын, т.б.) синтездеу қабілеті артады. Бұл өзгерістер мал сүттілігін арттыратын
факторлар. Сүттену кезеңінде мал қажетті мөлшерде қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек. Бұл кезеңде сауынды сиырдың тəуліктік рационының əр өлшемінде 90-100 г сіңімді протеин, ал мал суаларда - 70-80 г протеин болғаны жөн.
Дегенмен, рационда белоктың шектен тыс көп болуы да зиян, мұндай жағдайда зат алмасу процесі бұзылып, патология туындайды.
Сауынды мал рационында жеткілікті мөлшерде дəрмумендер, минералды заттар, жеңіл қорытылатын көмірсулар болғаны дұрыс. Дəурмендер тек мал организміндегі физиологиялық процестерді ғана реттеп қоймайды, сонымен қатар сүт құрамына еніп, оның биологиялы ққұндылығын арттырады.
Сүттің құрамы мен қасиеттеріне сыртқы орта факторлары да əсер етеді. Ыстық кезде сүттің майлылығы төмендеп, суық кезде ол жоғарылайды. Осыған байланысты қысқы сүт жазғы сүттен майлырақ болады.
1.4. Клиникалық белгілері. Аурудың клиникалық белгілерін негізгі синдромдары бойынша 4 топқа жннақтауға болады:
1.Ацетонемиялық синдром. Бұл синдром аурудың субклиникалық сатысында кездеседі. Малдың өнімділігі төмендейді, сауын сиырлардың сүт беруі азаяды, оның қышқылдығы артады, демі ащы, ацетон иісі бар.
Азыққа тәбеті нашарлайды, жалақ пайда болады. Демалысы жүрек соғысы жиілейді, алдыңғы қарындарының жирылуы азаяды, әлсіз (гипотония). Кілегей қабықтары бозарған, сарғыш түті. Еркек малдардың эякуляты азаяды, спермаларының концентрациясы төмендейді, ұрықтандыру кабілеті нашарлайды. Алдыңғы аяқтары әлсіз.тұрарда итке ұқсап шоқиып отырып қалады.
Бұзаулар әлсіз туады да, бірінші күннен ауруға шалдыққыш келеді (диспепсия). Олар өспейді, жүндері ұйпаланған, терісінің серпінділігі нашар, қозғалысы кібіртіктеген.
Негізгі өзгерістер лабораториялық зерітеулерде жақсы нәтиже береді. Қанда кетон заттары кейде 260 мг %-ға дейін көтеріледі (гиперкетонемия), қант пен каротин азаяды. Зәрде, сүтте кетон заттары (кетонурия, кетонолактия). Месқарындағы жында пропион қышқылы аз, май мен пировиноград кышқылдары көп, рН төмен.
2. Гастроэнтеральды синдром. Ауру малдың күйіс қайыруы нашарлайды, кейде тіпті жогалып кетеді. Алдыңғы карыншақтарда гипо-, атония құбылысы байқалады. Ішектердің жирылуы әлсіз, онда газ шоғырланған. Іштің өтуі мен қатып калуы (запор) кезектесіп отырады. Нәжіс жалкаяқ аралас жағымсыз иісті, қышқылдығы жоғары. Бүйректі дистрофиялық өзгерістерінің (нефроз) белгілері білінеді.
3. Гепатотоксикалық синдром. Бауырдын көлемі ұлғайған, сипалағанда, перкуссия жүргізгенде ауырсынғандығы байқалыды. Жалпы жағдайы төмен, көбінесе жата береді, қинағанда орнына әрең көтеріледі, ыңқылдайды. Организмнің улануының белгілері білінеді. Жүрек пен кан тамырларының жеткіліксіздік белгілері анықталады: тамыр соғысы жиі, қанға толуы аз, артерия қысымы төмен, вена қысымы жоғары, аритмия анықталады, ФКГ ларда миокардиодистрофияның клиникалық белгілері анықталады.
4.Невротикалық синдром кобінесе туғаннан кейіп 1 тәуліктен бастап біліне бастайды. Көбінесе аналық мал мен ұрық ұзақ уақыт уланғанда пайда болады. Организмде шоғырлаған кетон заттары және басқа да толық тотығып үлгермеуі алмасуының метаболизмдері орталық нерв жүйесінің қыметін бұзады. Ауру малдың терісінің сезімталдығы жоғары (гиперстезия), бұлшық еттерінде діріл, кейде тартылғаны байқалады, шайнау бұлшық еті түйілген. Ауру мал алға қарай ұмтылады, кейде басымен қабырғаға , не азык салынған яслиге тіреліп тұрады.
Қатты қозу кезінде мал жынданған, не энцефалит боны ауырған малға үқсайды. Қозғалған уақытта теңселіп, тістерін шықырлатып, қалай болса солай жүреді. Аз уақытқа созылып тырыспа байқалады. Бастапқыдағы қозу процесі салдану түссіз үйықтау процесіне ауысады, малдардың артқы аяқтары салданып калады, ондай жағдайда ауру мал бір жағына жат алдыңғы аяқтарымен суда жүзген тәрізді қимылдар жасайды (тонустық тырыспа).

Ауыр жағдайда ауру мал бастарын кекжитіп, артына қайырып жатады.
Аурудың барлық сатыларында да сиырлардың қанында гинеркетонемия (2-6 мг %-дың орнына 7-160 мг %) гипогликемия (15 мг %, 40-50 мг % -дың орнына), сілтілік қор 30 об. %, 50-62 об. % -дың орнына; пировиноград қышқылының мөлшері 0,65 - 1,6 мг % -дың орнына 4,7 мг %-ға дейін; сүт қышқылы 6-10 мг %-дың орнына 22 мг %-ға дейін өзгереді.
Сондай -ақ жалпы белок, эритроциттер, гемоглобин, кальций аз, ас фосфор көп. Стресс жағдайда -эозинофилия анықталады. Несепте кетон заттары 960 мг %-ға дейін аныкталған жағдалар бар. Қалыпты жағдайда ол 1-9 мг %-дан аспауы керек. Оның тығыздығы төмен, рН 5,8 (калыпты жагдайда 7,6-8,4 болуы керек), онда уробилин, билирубиндер анықталады.
Сүтте кетон заттары 80 мг -ға дейін. Мес қарынның жынында иифузорийлардың саны азайған рН төмен (қалыпты жағдайдағы 6,5-7,3 -тің орнына 5-ке дейін төмендеген).
1.5Аурудың барысы. Невротикалық синдромы аурудың жіті түрінде, ал қалған синдромдары созылмалы түрінде кездеседі. Жiті, ауыр түрі бауырдың жарақаттануы салдарынан малдың өлімімен, не шығынға шығарумен аяқталады.
Жеңіл түрі уақытында анықтап, дұрыс емдегенде жазылады, ал дұрыс емдемегенде аурудың ауыр созылмалы түріне айналып,​көбінесе сүйек дистрофиясының қосалқы түрімен асқынады.
Бір мал бұл аурумен бірнеше рет кайталап ауруы да мүмкін.
Ауруды аныктау үшін ауру малдың клиникалык, лабораториялық көрсеткіштеріне сүйену керек. Аурудың жіті кезінде, басында кетонемия, кетонурия, кетонолактия анықталады. Созылмалы түрінде ондай өзгерістердің болмауы да мүмкін. Онда асқынған сүйек дистрофиясының қосалқы түрінің белгілері анықталады.
Табын малдың синдроматикасын аныктаудың да маңызы зор:
■ бүзаулардың туғандағы орта салмағы;
■ олардың ауруға шалдығу (диспепсия) пайызы;
■ кысыр қалған сиырлардың пайызы;
■ сауылған суттің сапасы;
■ соңғы үш жылда жарамсыз деп шығарылған малдардың пайызы және т.б. көрсеткіштер.
Ауруды саралау. Кетоз ауруын оның қосалқы түрінен ажырата білу керек. Қосалқы турінде гипогликемия білінбейді және де кетозда кетон заттары ацетон мен ацетат сірке қышқылы арқылы, ал қосалқы түрінде бетта-май тотығы қышкылы аркылы көбейеді
Лестраде әдісі арқылы (нитропрусид натриймен) сүтті тексергенде қосалқы түрінде кетон заттары жоқ, ал кетозда бар.
Кетозбен табындағы малдың көбі ауырады, ал косалқы бірең-сараң малдарда ғана кездеседі.
Болжамы:Ауру малды дұрыстап емдеп жазып алуға болады, бірақ ол малдан бұрынғыдай өнім алынбайды. Сондықтан шаруашылыққа экономика жағынан пайдасы аз.
Емі. Аурудың негізгі себептерін жою керек. Ол үшін бірінші кезекте малдың рационын реттейді. Ондағы белогы көп азықтарды азайтады; жақсы шөп, шөп сүрлемі, тамыр-жемісті азықтарды кебейтеді.
Емдеудің негізгі мақсаты;
■ организмдегі глюкоза меи гликогенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы оксиурозының сипаттамасы
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Дәрумендердің негізгі көзі
Күйіс қайыратын жануарлардың хабертиозының балау
Гельминтоздардың диагностикасы
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Дәрілік заттар түрлері
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдана флотациялау әдісі
Пәндер