Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді

« »

2023 ж. хаттама №

Академик С. Қирабаев атындағы

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: Ильясова Н. А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың жолдары (8-сынып)

6В01701 -Қазақ тілі мен әдебиеті

Орындағандар: Аскербай Қарлығаш

Әбдісадық Лаура

Кампит Ақбаян

Ғылыми жетекші: п. ғ. к., қауымдастырылған

профессор Рауандина А. К.

Алматы, 2023

Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары

Жұмыс түрі

Мерзімі

Орындағаны туралы белгі

№:

1.

Жұмыс түрі: Жобаның тақырыбын таңдау
Мерзімі: 31. 10. 2022 ж
Орындағаны туралы белгі: +
№:

2.

Жұмыс түрі: Жоба мазмұнын анықтау
Мерзімі: 01. 11. 2022 ж
Орындағаны туралы белгі: +
№: 3.
Жұмыс түрі: Мектепте тәжірибеде 8-сынып оқушыларының білу деңгейін анықтау (фразеологиялық тіркестерге байланысты)
Мерзімі:

12. 12. 2022 ж

13. 03. 2023 ж

13. 04. 2023 ж

Орындағаны туралы белгі: +
№: 4
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмысты жазуға кіріспе (кітапханаға бару)
Мерзімі: 12. 12. 2022 ж - 12. 05. 2023 ж
Орындағаны туралы белгі: +
№: 5
Жұмыс түрі: Білім мазмұнын фразеологиялық тіркестердің қамтылуын бағалау (7-8 сынып оқулықтары бойынша)
Мерзімі: 13. 03. 2023 ж - 31. 03. 2023 ж
Орындағаны туралы белгі: +
№: 6
Жұмыс түрі:

Оқушылардың сөздік қорын байытудың ерекшеліктерін зерделеу

(Ұлттық кітапханаға бару)

Мерзімі: 02-05. 05. 2023 ж
Орындағаны туралы белгі: +
№: 7
Жұмыс түрі: Оқушылардың сөздік қорын байытуда қазақ тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер жинағын құрастыру
Мерзімі: 17. 04-10. 05. 2023 ж
Орындағаны туралы белгі: +
№: 8
Жұмыс түрі: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай (13-14 жас) оқыту тәсілдерін мектепте қолдана алу, тиімділігін анықтау
Мерзімі:

15. 11 - 12. 12. 2022 ж

27. 03 - 07. 04. 2023 ж

Орындағаны туралы белгі: +
№: 9
Жұмыс түрі: Дипломдық жобаның құрылымын реттеу
Мерзімі: 10. 04 - 29. 04. 2023ж
Орындағаны туралы белгі: +
№: 10
Жұмыс түрі: Дипломдық жобаның өнімін құрастыру, өзектілігін айқындау, қолдану тәсілін зерделеп, баспаханаға тапсыру
Мерзімі: 20. 02. 2022 ж - 12. 05. 2023 ж
Орындағаны туралы белгі: +

Тапсырма берілді « 01» қараша 2022 ж.

Ғылыми жетекші: Рауандина А. Қ

Студент: Аскербай Қ. Ғ

Студент: Әбдісадық Л. Е

Студент: Кампит А. Қ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-4

Жоба жұмысының мақсаты: Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың жолдарын айқындау.

Міндеттері:

  • 8-сыныпта ұсынылған білім мазмұнын (бағдарлама, оқулық) талдау;
  • фразеологиялық тіркестерді оқытудың ерекшеліктерін (13-14 жас) ашу;
  • 8-сыныпта фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытудың жолдарын айқындау.

1 Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың теориялық негіздері

1. 1. Фразеологиялық тіркестерді оқытудың зерттелуі және маңызы . . . 5-13

1. 2. Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың ерекшеліктері . . . 13-18

2 Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың жолдары

2. 1. 8-сыныптың білім мазмұнында

фразеологиялық тіркестердің қамтылуы . . . 19-30

2. 2. Фразеологиялық тіркестерді меңгерту арқылы оқытудың оқушыларда сөздік қорын байытудың тәсілдері . . . 30-45

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 47-48

КІРІСПЕ

Дипломдық жобаның жаңалығы мен өзектілігін негіздеу: Қазақ тілінің бай табиғатын танытатын бірден бір белгі - тұрақты тіркес, яғни, фразеологизмдер. Құрамындағы бір сөздің орнын ауыстырған сәттен мағынасынан айырылып, жұтаң қалыпқа түсетін, ал бар болмысын сақтап тұрған сәтте айтар ойыңның мән-маңызын барынша ашатын тіліміздің осы бөлігін оқыту үдерісі, маңызды жайт. Қазіргі ақпараттық жаһандану дәуірінде тіліміздің асыл қазынасы тарих қойнауына мәңгіге кетпес үшін қазақ тілі сабағында оқыту, оның тиімді әдістерін анықтау біздің диплом жобамыздың өзектілігі ретінде саналады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Фразеологизмдердің жасалу жолдарын, түрлерін, стильдік қызметін, аударылуын, мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстары, жаңа технология мүмкіндіктері арқылы оқыту;
  • Тұрақты тіркестерді тілдік заңдылықтарға сүйене отырып зерттеумен қатар оқушы дүниетанымына, ұлттық болмысына байланысты сипаттап жеткізу;
  • Тұрақты тіркестердің тек тілдің бейнелеуші элементі ғана емес, халқымыздың рухани өмірінің байлығын көрсетуде ерекше қызмет атқаратындығын ұғындырып, білім деңгейлерін айқындау.

Дипломдық жобаның мақсаты: фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың жолдарын айқындау.

Дипломдық жобаның міндеті:

  • 8-сыныпта ұсынылған білім мазмұнын (бағдарлама, оқулық) талдау;
  • фразеологиялық тіркестерді оқытудың ерекшеліктерн (13-14 жас) ашу;
  • 8-сыныпта фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытудың жолдарын айқындау.

Күтілетін нәтижесі:

Қазақ тіліндегі лексиканың ең айшықты бай саласы фразеологиялық тіркестер экспрессивті-эмоциялық мәнде ауызекі тілде және көркем шығармаларда оқушылардың тіл байлығын арттыруға, ойын өрістетуге, өзіндік бейнелі талғамын ұштауға жеткілікті қызмет ете алады. Бұл ретте фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың ерекшеліктері анықтала түседі. Фразеологизмдерді оқытуда оқушының жас ерекшелігі және саралап оқытуға сай жаңа тәсілдерді ойлап, тапсырмалар дайындап апаруға жол ашылады. Жұмыстан алынған нәтижелер оқушының сөздік қорын байытудың ерекшеліктері арқылы көрініс тауып, қазақ, орыс, ағылшын тіліне аударылып, лексикасын толықтыратынына көз жеткізеді. Зерттеу нәтижесі 13-14 жас аралығындағы, сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларына да қолдануға болатын, суреттегі бейнелер арқылы танымдық әрі тілдік дамыту ойын карточкалары және логикалық дамуды жүзеге асыратын бірнеше-әдіс тәсілдер берілген шағын тапсырмалар кітапшасы түрінде жарық көрді.

Мазмұны: (жобаның жалпы сипаты туралы мәлімет берілуі керек) . Жоба екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде фразеологиялық тіркестерді оқытудың зерттелуі әрі оның маңызы қамтылады. Сонымен қатар, неліктен оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында фразеологиялық тіркестерді қолдану керектігінің ерекшелігі айқындалады.

Екінші бөлімде білім мазмұнында 8-сыныптың оқулығында берілетін фразеологиялық тіркестердің ерекшеліктері мен талдануы қарастырылды. Оқулықта берілген әрбір жаттығу талданады. Оқушылардың сөздік қорын байытуда фразеологиялық тіркестерді қолданудың әдіс-тәсілдері мен жолдары көрсетіледі.

Топ (команда) мүшелерінің нақты бөлімдер бойынша жауаптылығы туралы сипаттама:

Жоба орындаушылары: А. Қ. Ғабиденқызы - Кіріспе. 1. 1; 2. 1; К. А. Қанатқызы - 1. 2; 2. 2. Қорытынды; Ә. Л. Ерсұлтанқызы - 1. 2; 2. 3. Әдебиеттер тізімі.

Жобаны жүзеге асыру этаптары: жұмыс екі кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, ғылыми, әдістемелік - анықтамалық әдебиеттер мен ақпараттық материалдарға шолу, талдау жасалды. Мектептегі педагогикалық тәжірибе кезеңінде эксперименттік бақылау жұмыстары жүргізілді.

Екінші кезеңде зерттеу тақырыбына байланысты материалдарды қайта қарап, жұмыстың практикалық бөлімінің нәтижелері айқындалды.

Жобаның перспективасы мен жүзеге асырылуы. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасалынған талдауды, мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің сабақтарына қатысудағы тәжірибелік сағаттарды, мектептің оқу тәрбие үрдісін бақылау нәтижелерін; жоғарғы және орта оқу орындарында дәріс курсы ретінде пайдалануға; мектепте жүргізілген әңгіме сауалнамаларды зерттеу барысында қолдануға болады. Дипломдық жоба жұмысын жүзеге асыру үшін арнайы эксперименттік-тәжірибелік база ретінде топ мүшелері өндірістік практикадан өткен Алматы қаласындағы № 143 мектеп-лицей таңдалынып алынды.

1 Фразеологиялық тіркестерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байытудың теориялық негіздері

1. 1 Фразеологиялық тіркестерді оқытудың зерттелуі және маңызы

Сөйлеуіміз сөйлемнен тұрады да, сөйлем сөзден тұрады. Жеке сөздің сөйлемге айналуы сирек. Синтаксистік тұрғыдан алып қарасақ, сөз бен сөйлем аралығында тағы бір топ бар, ол - сөз тіркестері. Сөз тіркесі дегеніміз-екі не бірнеше сөздерден құралған грамматикалық бірлігі бекем топ. Сөз тіркестері еркін және тұрақты деп екіге бөлінеді. Еркін тіркестер жұмыс барысында, қажеттілікке орай қайта жасала беруі әбден мүмкін. Мұндағы сөздер қайтып ажырамастай қалыпта емес, керегі болса, алмастырылып, ауыстырыла береді. Мысалы, Ажар жұмысқа кешігіп келді дегендегі Ажар келді, жұмысқа келді, кешігіп келділер еркін тіркестер. Ал еркіндігі жоғалған, ажырамастай қалыпта кірігіп кеткен тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз. Бұларды біз фразеологизмдер деп те атаймыз. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем дегендерді синтаксис тексеретін болса, фразеологизмді лексикология қарастырады.

Тұрақты сөз тіркестерінің тек өзіне ғана тән белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Олар:

А) лексикалық мәні,

В) компоненттік құрамы,

Б) грамматикалық категориялардың түрі

Қазақ тілінде басқа тілдердегідей, бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады. Мысалы: Төбеден түскен түнек жаудың үрейін ұшырып, есінен тандырды (Ғ. Мүсірепов) . Бұл сөйлемдегі үрейін ұшырып, есінен тандырды деген тіркестер олардығы жеке сөздердің тіке мағынасына сәйкес ұғымда жұмсалмаған, сол тобымен өзгеше мағынада жұмсалған: үрейін ұшыру - қатты қорқыту, есінен тандыру - есінен шығару. Бұлардың бір сөзін сол мағынасында, сол тұлғада кез келген басқа сөздермен тіркестіріп айта беруге болмайды.

Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздерде сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі болмай, сол тобымен-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар олар сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркестерінің де құрамында айтылады: Жаудың үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті.

Тұрақты тіркестер екі түрлі болады:

а) Идиомалық тіркестер: қабырғаңмен кеңес (ойлан), қой аузынан шөп алмайтын (жуас), салы суға етіп отыр (көңілсізденіп отыр), тісін қайрап жүр (өшігіп жүр), тіс қаққан (ысылған), сиыр құйымшаққа салу (бір нәрсені созып кету), іші күю (қызғаншақтық ету), қас пен көздің арасында (лезде), беті бері қарады (айыға бастады) .

Идиомалық топтағы сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас топ болып тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.

ә) Фразеологиялық тіркестер. Тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Ондай тұрақты тіркестер фразалық тіркестер болады: таяқ жеу (соғылу), жаны ашу (аяу), үрейін ұшыру (қатты қорқыту), есіне алу (ұмытқанын қайта алу), есінен шығу (ұмыту), көңіліне алу (өкпелеу), түймедейді түйедей ету (асыра сілтеу), көзі жету (нану), қолым тимейді (уақытым жоқ) [1, 26 б] .

Тұрақты тіркестердегі сөздердің өзара байланысу амалдары мен синтаксистік байланыс формаларының қазақ тілінің осы күнгі грамматикалық нормаларынан алшақ кетпейді. Бірақ олардың синткасистік құрылысы «сіресіп қатып қалған болады да, қызметі мен мағынасы мүлде өзгерген болады».

Фразалық тұрақты тіркестердің бірқатары (мысалы: тіс қаққан, жіпсіз байлау, таяқ жеу, жаны ашу) сол құрылысы мызғымайтын, мағыналық тұтастығы берік сөздерден құралса, бірқатары кейде тұрақты, кейде еркін тізбек ретінде айтылатын сөздерден де құралады. Мысалы, тісін қайрау - біреуге қаһарын тігу және тура мағынасы (мысалы: Ол ұйықтап жатып тісін қайрайды) ; қолына алу - бірдеңені істеуге кірісу (мысалы: Ол бұл жұмысты қолына алды) және тура мағынасы (Ол қағазды қолына алды), тілі қышу - бірдеңені айтуға құмарту (мысалы: Оның тілі қышып отыр) және тура мағынасы (соңғылар тура мағынада жұмсалған жағдайда тұрақты тіркес есебінде қаралмай, еркін тіркес есебінде қаралуға тиіс) . Фразалық тұрақты тіркестердің құрамы құбылып, өзгеріле бермейді, бірақ бір сөз әр түрлі тұрақты тіркестердің құрамында келе беруі мүмкін. Мысалы, күлкі болу, ұят болу, алаң болу, мәз болу, тісін қайрау, тісін қадау, тісін батыру. Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес - екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау - қызғану; іші күю - өкіну, т. б. ) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама) ; мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас) . Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т. б. Фразеологизм, тұрақты тіркестер - екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түскендіктен фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологизм бірлік, фразеологизм тіркес, фразеологизм орам, тұлға, сияқты атаулармен аталып жүр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына тұтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.

Фразеологизмдердің қолданылу тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында жұмсалатын еркін сөз тіркестерімен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, бет моншағы үзіліп -ұялу, ит арқасы қиянда - қашық, алыс жер. Еркін сөз тіркесі белгілі бір қалыптасқан грамматикалық жүйені керек етеді.

Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар тұтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну (жүдеу, арық), тас бауыр (мейрімсіз адам туралы) бұл тіркестердің құрылымы әр түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз - лексикалық мағына, номинативті атау болса, фразеологизмдер - мағына тұтастығы мен сөзбен бапамалық қатыста емес, жанамалық қатыста турады. Фразеологизмдер мағынасында жағымды немесе жағымсыз, әйтеуір эмоциялы-экспрессивті реңк бар.

Сондықтан, сөз дегенді көптеген зерттеушілер «бүтін бітімді», ал Фразеологизмді «бөлек бітімді» деп есептейді [2, 98 б] .

Тұрақты тіркес тізбесіндегі сөздер айтушының қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Сол себепті де сөздердің жігі ажырамай тұрады. Құрамындағы сөздер басқа сөзбен алмастыруға, сөздердің тұрақты орын тәртібін ішінара өзгертуге келмейді, сөздердің орын тәртібі нық келеді. Мысалы, «пендешілік жасау» дегеннің орнына «адамшылық жасау» десе, мағына бүтіндей өзгереді.

Фразеологизмдердегі осы аталған тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы тілдің басқа да категорияларымен ерекшеленіп, өзіндік тұлға, бітім бейнесімен дербес тұрады. Бұл олардың тілдік бірлік ретінде танылуына мүмкіндік береді. Фразеологизмдерді танып-білу үшін анықталған үш белгі жеке-жеке саралануына қарамастан, қазақ тіл білімінде, сол сияқты басқа да түрік және орыс тілінде тұрақты сөз тіркесіне қандай тіркестерді жатқызу туралы шешімін таппай келе жатқан әрқилы пікірлер бар. Фразеологизмдерді зерттеу барысында тұрақты тіркестерді тар және кең мағынада түсіну деген ғылыми ұғым қалыптасқан. Фразеологизмдерді тар мағынада түсінуді жақтайтындар мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді фразеологизмдер қатарына енгізбейді. Ал кең мағынада түсінуді негізгі алатын зерттеушілер терминдерді, күрделі сөздерді, қос сөздерді, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, газет айдарларын (штамп) фразеологизмдерге жатқызады. Орыс тіл білімі мамандарының арасында да бұл туралы пікірлерде қайшылық бар. Алайда орыс фразеологиясында соңғы кезде В. Виноградов бастаған зерттеушілер бұрынғы классиканы зерттеу үлгілерін қайта қарауды ұсынады. Олар фразеологизмдерді тану үшін бөлек бітілуі мен даяр қалпында жұмыс істеу белгісін басшылыққа алады. Тілдегі фразеологизм құрам - лексиканың ең бай құнарлы кезі. Фразеологизмдердің жаңа ұғым, түсініктермен көбейіп қалыптасуы сол ұлттілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін керсетеді.

Фразеологизмдердің көп мағыналығы - тұрақты тіркестердің екі я одан да көп мағына беруі. Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестердің де кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда, фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиомалық түрлері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болып келеді.

Мысалы, Бой бермеді: а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ә) ырық бермеді, күші жетпеді. Көзі шықты: а) соқыр болды, ә) көзі қанды (Жылқы бағумен көзі шықты) . Дымы құрыды: а) діңкеледі, шаршады, ә) лажы қалмады, не істерін білмеді.
Ат үсті: а) жол-жөнекей, жолшыбай, ә) жеңіл-желпі, үстіртін.
Сыңар езу: а) бір жағына бұра тартып жүретін жылқы, ат, ә) өз ырқы болмаса көнбейтін бір бет адам. Жүзіктің көзінен әткендей: а) сұлу, әдемі, мүсінді, ә) еті тірі, пысық, жылпос.
Аузымен құс тістеген: а) жүйрік, ұшқыр, ә) сезге шешен, ділмар адам.

Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық, негізінен, екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі - жалғаса туады, екіншісі - жарыса туады. Мысалы, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жоқ, ат үстінде жүрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жапғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркілің тұғырда орнығып отыра алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы мағыналары жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Кей жағдайда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды мағына жамай беруі мүмкін. Мысалы, зәрі қайтты дегеннен:

а) уы қайтты, тарады,

ә) жыли бастады,

б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған. Бойдағы удың таралуын табиғат құбылысына, одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылы туынды мағыналар бір-біріне ұласып отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел бола алады.

Фразеология - фразеологиялық жүйені қазіргі және тарихи даму күйінде алып зерттейтін тіл туралы ғылымның саласы. Оның зерттеу нысанасы өз алдына релеванттық қажеттермен сипатталатын, мағынасы тұтас, қолдануда тиянақтылығын сақтайтын, құрамы тұрақты, сөйлеуде дайын күйінде қайталанатын, астарлы мағыналы тұрақты тіркестер, фразеологиялық оралымдар болып табылады [3, 78 б] .

Тіл білімі фразеологияны этимология, лексикографиямен бірге лексикологияның құрамына қарайды. Фразеология фразалық тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді қамтиды. Бұл айтылғандардың пікір талас тудыратын жақтары да аз емес. Түркі фразеологиясы бойынша жеке тілдерге арналған монографиялық зерттеулер жарық көрді, кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды.

Қазақ тіл білімінде фразеологияға қатысты қыруар еңбектер жарық көрді. Ісмет Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» лингвистикаға қосылған елеулі үлес болды. Ол фразеологияның өз алдына дербес пән екендігіне теориялық негіздер салды, қазақ тіліндегі фразеологиялық оралымдарды қысқа түрде, шолу түрінде болса да, теориялық тұрғыдан қарастырды, көп мәселелердің бетін ашты, топшылаулар жасады.

Осындай мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін единица болып, қолдануы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестері тіл білімінде «фразеологиялық оралам» немесе «фразеологизмдер» деп аталады.

Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын халықтың сөйлесу тілі негізінде қалыптасқан, сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болып келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара-қатынасын, өмір танымын білдіреді.

Фразеологиялық тіркестердің жеке сөздерімен қатар қойылуының, фразеологияның лексикология құрамында қарастырылу себебі - жеке сөздердің эквиваленті ретінде қаралуына тікелей байланысты, өйткені лексикология - тілдің сөздік қорын, яғни, сөздермен олардың эквиваленттерін зерттейтің ілім. А. И. Смирницкий фразеологизмдерді «сөздердің эквиваленті» дейді. Эквиваленттік теориясына сүйене отырып ол тек сөз тіркестеріне ғана фразеологизм бола алады деп санайды да, фразеологиялық жүйеге тұрақты сөйлемдерді енгізбейді

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Осы ретте фразеологизмнің зерттелуі кезеңінде, зерттеудегі жаңа бағыттар жөнінде зерттеуші М. Мамаева мынадай топтарға бөлган:

1. ХХ ғасырдаң ортасында - 40-50-жылдар қазақ фразеологизмдерін теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.

2. 60-70 - жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.

3. 80- жылдар - фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілде аударылуы мен басқа тілдегі фразеологизмдердің қазақ тілінде берілуі жайлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдерді, мақал – мәтелдерді аудару жолдары
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
Тұрақты тіркестерді оқыту
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Мақал - мәтелдердің шығу тарихы
Лексиканы оқыту әдістемесі
Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz