Екінші деңгейдегі банктер және коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі



Жоспар:

Кіріспе:
1) Екінші деңгейдегі банктер.
2) Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.
Пайдаланған әдебиеттер.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе:
1) Екінші деңгейдегі банктер.
2) Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.
Пайдаланған әдебиеттер.

Екінші деңгейдегі банктер.

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған
(міне, осында коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бірақ,
өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де
салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген
атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген
сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет
көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық
банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін
кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер
мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық
банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы
жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда
есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық
банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы
кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына
көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер
іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін
емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға
төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін
белгілеп табыс алады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді
(мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз
алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша
жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай
қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда кредиттер үкіметтің қажеттілігіне
(Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың
акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай
қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы
әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады; көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік кредит – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, кредиттік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынандай базалық негізгі қызметтері бар:
депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуды жүзеге асыру,
кредит беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттаынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді кредит жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады. Банк кредиттерінің жетіспеушілігі және өте жоғары
пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес, ал экономиканың
басқа буынында қажетті қор пайда есебінен жиналуын күтіп, болмаса сырттан
келуін күтіп қозғалыссыз жатыр. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-
тәжірибелер тиімсіз, себебі, бір жағынан, мынандай ірі ақша сомасы белгісіз
уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалардың
пжетіспейтіндігі сезіліп тұрады.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
өздерінің депозиттік және кредиттік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және кредит түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл
біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және
екіншіден, кредитті қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында
мүмкін болады.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен.
Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат)
алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметтен
чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк
жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және мүше болуға жіберілген
коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық
Ұлттық Банктер ФРЖ-ге кіруі тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша
және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана
жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше-банктер
болып саналады. ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының
40%-ын құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналасына бақылау, банктерді
ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге
мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын
қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі – филиалсыз
банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу
кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және
шетелдерде ашылған болатын көптеген ірі банктер банктік холдинг-
компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру
формасы тек қана банк бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ
жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға
жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу сондай-ақ банктік
холдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды
қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің
артыруына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің
ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та
жалықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар
бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді
(мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін
мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары).

Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер
Қаржы нарығындағы ЕДБ ролін арттыру бағыттары
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Банк филиалдары мен өкілдіктері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
ҚР банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын қарастыру
Пәндер