Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері
Ә.САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіпорын экономикасы және менеджмент кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйелерін модельдеу пәні бойынша
Кәсіпорынның өндірістік құрылымын оңтайландыру моделі тақырыбында
6В04104 - Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы
Қабылдағандар: Комиссия төрағасы:
_ ___ (ТАӘ, лауазымы, ғ.д.) (қолы)
Комиссия мүшелері:
_ _ (ТАӘ, лауазымы, ғ.д.) (қолы)
Комиссия мүшелері:
_ (ТАӘ, лауазымы, ғ.д.) (қолы)
Орындаған:
ФИЭМ-19-1 тобының 4 курс студенті:
Бақыт Д.С (студенттің А.Т.Ә)
Ғылыми жетекшісі: Куаныштаева А.Е _ _ (ТАӘ, лауазымы, ғ.д.) (қолы)
Қарағанды 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1
КӘСІПОРЫН ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІ К- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.2
Кәсіпорындардың экономикалық тиімді лік көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫН ДАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.1
Нарықтық экономика тұсындағы кәсіпорындардың экологиялық таза өнім өндірісінің әлеуметтік экономикалық тиімділігі ... ... ... ...
13
2.2
Экономикалық - математикалық модель арқылы кәсіпорынның экономикалық тиімділігін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
3
FOODMASTER ЖШС-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
3.1
Food Master ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы ... ... ...
26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
37
КІРІСПЕ
Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің: Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет; Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті - экстенсивтіге негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Диплом жұмысымның мақсаты -- қазіргі экономикалық даму жағдайына сай экономика салаларын әртараптараптандыру және өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындардың жоспарлау мәселелерін зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
oo экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың жоспарлау мәселелерін қарастыру;
oo Қазақстан Республикасында FoodMaster жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін анықтау;
oo кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау;
oo Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктерін анықтау;
oo FoodMaster компаниясының жоспарын жақсарту жолында симплекс әдісін қолданып, оптималды шешімін табу,
Зерттеу объектісі ─ FoodMaster жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Курстық жұмысымның теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның жоспарлау мәселелері және оны математикалық мадель арқылы оптималдау бойынша мәліметтерді отандық, бірқатар шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері саласында қызмет ететін ФудМастер ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.
1. КӘСІПОРЫН ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІ К- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
1.1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін, қуаттары мен жұмысшылар саны бойынша ара қатынасын қамтитын өндірістік процестің ұйымдастыру түрі.
Өндірістік жүйелердің өндірістік құрылымы дегеніміз оған енген кәсіпорындардың құрамы, көлемдері, ара қатынасы, өзара байланыстары мен орналасуы.
Кәсіпорындардың өзара өндірістік байланыстарының түрі олардың өндірістік жүйеге интеграциялау түріне байланысты:
1. Тік интеграция кезінде кәсіпорындар бір бірімен біртұтас өндіріс процесімен байланысқан.
2. Көлдеңен интеграцияда әр кәсіпорын белгілі өнім номенклатурасын өндіруге мамандандырылған.
Өндірістік құрылым кәсіпорындардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне елеулі әсер етеді, өйткені өндірістің ырғақтылығы мен өнім шығарылымының бір қалыптылығына әсер етеді, өндіріс шығындарын анықтайды, нәтижеде кәсіпорынның таза табыс деңгейіне де ықпал етеді.
Өндірістік құрылымның екі түрі ажыратылады:
1. Кешендік ӨҚ (көп сатылы) - мұнда кәсіпорында өндіріс процесінің барлық сатылары бар: дайындау, өндеу және шығару сатылары.
2. Мамандандырылған ӨҚ (бір, - екі сатылы) кезінде бір немесе екі саты жоқ, олар бойынша өндіріс процесі басқа кәсіпорындардан бірлескен жеткізілімдер түрінде қамтамасыз етіледі.
Өндірістік құрылымның алғашқы элементі болып жұмыс орны табылады. Ол бір немесе бірнеше жұмысшылардың қызметімен, негізгі жабдықтау мен қосалқы құрылғыларымен, еңбек заттарымен қамтылған цехтің өндірістік ауданының бөлігі. Жұмыс орнында өндіріс процесінің белгілі бөлігі орындалады. [1]
Жұмыс орындары келесі түрлерге бөлінеді: мамандандырылған, яғни жұмыс орнында 3 - 5 детале - операциялар бекітіледі, және әмбебап - мұнда детале - операциялар мүлдем бекітілмеген немесе олардың саны аса көп (20 астам).
Өндірістік учаске дегеніміз технологиясы бір қалыпты операциялар немесе өнімнің 1 - 2 түрін шығару бойынша әр түрлі операциялар орындалатын жұмыс орындарының жиынтығы. Учаскелер екі принцип бойынша құрылады:
1. Технологиялық принцип. Учаскеде бір қалыпты жабдықтау орналасқан, жұмысшылар бір қалыпты операциялар орындайды - мұндай учаскелер ұсақ сериялық және даналық өндіріске сәйкес келеді.
2. Заттық - бекітулі принцип. Мұндай учаскеде әр түрлі жабдықтау қолданылады, жұмысшылар өнімнің белгілі түрлерін өндіруде мамандандырылады. Мысалы, тасқынды линиялар, олар көп сериялық және жаппай өндіріске сәйкес келеді.
Цех бірнеше учаскелерді біріктіреді - ол өнімнің немесе оның бөлігін өндіруге, немесе өндіріс процесінің белгілі сатысын орындауға мамандандырылған кәсіпорынның әкімшілік - оқшауландырылған бөлігі.
Цехтің түрлері екі белгі бойынша ажыратылады: 1.Бағытталуы бойынша:
oo негізгі цехтар - негізгі профильдік өнімді немесе өндіріс процесінің аяқталған бөлігін өндіретін. Өндіріс процесінің сатылары бойынша негізгі цехтар дайындау, өндеу және шығару түрлеріне бөлінеді;
oo қамтамасыз етуші цехтар - негізгі цехтар үшін қосалқы өнімді өндіретін (энергетикалық шаруашылық, құрылыс цехі);
oo қызмет көрсетуші цехтар - негізгі және қамтамасыз етуші цехтар үшін өндірістік қызметтер көрсететін (жөндеу цехі, көлік және қойма шаруашылығы);
oo тәжірибелік - эксперименттік цехтар - жаңа өнім түрлерінің макеттері мен тәжірибелік үлгілерін жасап сынайтын;
oo қосалқы цехтар - қосалқы материалдарды өндіріп өндейтін, сонымен бірге өндіріс қалдықтарынан өнім шығаратын цехтар;
oo көмек етуші цехтар - зауыт территориясын жинайтын, ауыл шаруашылықтық өнім шығаратын цехтар.
2.Мамандандырылуы бойынша:
oo Технологиялық - мұнда өндіріс процесінің белгілі бөлігі орындалады. Мұның негізгі кемшілігі өнімнің жоғары еңбек сиымдылығы және қолданылатын ресурстардың тиімділігі аз, нәтижеде өндірістің шығындары жоғары, өндірістік циклдің ұзақ болуы мен өндірістің пайдалылығы төмен.
oo Заттық (бөлшектік - тораптық) құрылым кезінде әрбір цех бір немесе бірнеше конструкциясы ұқсас өнімдерді шығаруда мамандандырылады, және номенклатурасы тұрақты өнімнің жаппай өндірісіне сәйкес келеді. Мұның артықшылығы прогрессивтік жоғары өндіргіш айрықша жабдықтауды енгізу мүмкіншілігі (автоматтандырылған тасқынды линиялар, икемді өндірістік жүйелер). Бірақ таза түрде заттық құрылым сирек кездеседі, сондықтан аралас құрылым түрі кең тараған.
oo Аралас (заттық - технологиялық) - мұнда дайындау цехтардың технологиялық құрылымы, өндеу цехтарының - бөлшектік - тораптық, ал шығару цехтарының - заттық құрылымы бар.
Өндірістік бірлік дегеніміз өндірістік құрылымның элементі, ол дербес басқару құрылымы бар, (бірақ заңды тұлға құқығы жоқ) мамандандырылған цехтар кешені. ӨБ аса ірі кәсіпорындарда, холдингтерде, концерндерде құрылады және филиал құқығында қызмет етуі мүмкін. [2]
2.1. Кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорын тиімділігі - белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі.
Кәсіпорын тиімділігі шығындардың ең төмен деңгейін сақтай отырып, еңбек өнімділігін жоғарылатуды, өндірістік қуаттарды, шикізат пен материал ресурстарын толық пайдалануды және ең жоғары нәтижелерге жетуді сипаттайды.
Экономикалық тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен салыстырылады:
Тиімділік ═ Нәтиже Ресурстар (Шығындар)
Өндіріс нәтижелері деп өндірістің пайдалы соңғы нәтижесін түсінеміз.
Ол келесі түрлерде болады:
1) натуралды және құндық сипаттағы өнім көлемімен өлшенетін өндірістік үрдістің материалды нәтижесі;
2) кәсіпорын қызметінің халықшаруашылықтық нәтижесі. Ол тек шығарылған өнім санын ғана емес, сонымен қатар оның тұтынушылық құнын да өз құрамына кіріктіреді.
Белгілі бір уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның өндірістік - шаруашылықтық қызметінің соңғы нәтижесі болып таза өнім саналады, яғни жаңадан құрылған құн. Ал коммерциялық қызметінің қаржылық нәтижесі болып пайда саналады.
Өндіріс тиімділігін өлшеу экономик алық тиімділік критерийлерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық тиімділік кәсіпорыннан жалпы халық шаруашылығына дейінгі барлық сатыларда біркелкі болу керек. Өнім динамикасы мен ресурстар ди намикасы (шығындарының) арақатынасы экономикалық өсу си патын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқ ынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым
интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан- жақты интенсивтендіру - оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштердің бір-бірімен байланысқан жүйесінде нақты сандық мағынаға ие. Бұл көрсеткіштер өндірістік үрдістің негізгі элементтерін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі келесі қағидаларға сәйкес келуі керек:
oo өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштерінің жүйесі мен критерийлері арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
oo өндірісте қолданылатын ресурстардың барлық түрлерін пайдалану тиімділігінің деңгейін анықтау;
oo басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі өндіріс тиімділігін өлшеуді қамтамасыз ету;
oo өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ба ғытталған өндірісішілік резервтердің мобилизациясын ынталандыру.
Аталған қағидаларды ескере отырып өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерінің келесі жүйесі анықталды:
1. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының өскенін бейнелейді. Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты болуы мүмкін.
Қор қайтарымы - негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші. Оның шамасы мен динамикасына кәсіпорынға байланысты және байланыссыз себептер әсер етеді. Шаруашылықты интенсивті жолмен жүргізу негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының 1 теңгесіне өнім шығаруды жүйелі көбейтуді болжайды, оған механизм, машина мен жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа тұруын азайту, техниканы оңтайлы жұмыс істету, негізгі өндірістік қорларды техникалық мейлінше жетілдіру арқылы жетуге болады.
Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол тауар өнімі құнының жұмсалған материалдық ресурстар құнына қатынасымен анықталады. Бұған кері көрсеткіш - материал сыйымдылығы, оған жұмсалатын материал сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды.
2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады.
Тәуелсіздік коэффициенті - меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша
кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады.
Тәуелділік коэффициенті - қарыз қаражаттарының жиынтық капиталдағы үлесін сипаттайды.
Қарыз және меншікті құралдардың арақатынасы - кәсіпорын активтерінің қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылғандығын көрсетеді, 1 теңгеге қанша қарыз тартылғандығын көрсетеді.
3. Кәсіпорын активтерінің өтімділігін мен төлем қабілетін бағалау көрсеткіштері. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Абсолютті өтімділік коэффициенті - баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Жедел өтімділік көрсеткіші - ағымдық міндеттемелердің қандай бөлігінің тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет, тиелген өнім үшін келіп түсетін түсім есебінен өтелетіндігін көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті - ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді.
4. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
5. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті -- жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.
Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.
Өнеркәсіптегі экономикалық тиімділік деңгейі бір-бірімен байланысқан факторлардың көптүрлілігіне байланысты. Өнеркәсіптің әрбір саласы үшін тиімділіктің арнайы факторлары сәйкес келеді. Бұл оның технико- экономикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Тиімділіктің өсуіне әсер ететін факторлардың барлығын үш белгі бойынша классификациялауға болады:
1) тиімділікті жоғарылату көзіне байланысты, олардың негізгілері: өнім өндірісінің материал, еңбек, қор, капитал сыйымдылығын төмендету, табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, уақытты үнемдеу және өнім сапасын жақсарту;
2) өндірісті жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттары бойынша, оларға: ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату, өндірістің технико- экономикалық деңгейін жоғарылату, өндіріс құрылымын жетілдіру, басқарудың ұйымдастырушылық жүйелерін енгізу; өндірісті жоспарлау мен мотивацияны, еңбек қызметін ұйымдастыру әдістері мен түрлерін жетілдіру жатады;
3) өндірісті басқару жүйесіндегі сату деңгейі бойынша, ал осы жердегі өндіріске байланысты факторлар келесі түрлерге бөлінеді:
А) ішкі (өндірісішілік), олардың негізгілері: өнімнің жаңа түрлерін ойлап табу; механизациялау және автоматизациялау; жаңа құрал-жабдықтар мен прогрессивті технологияларды енгізу; шикізатты, материалды, сондай-ақ отын мен энергияны пайдалануды оңтайландыру; басқару стилін жетілдіру;
Б) сыртқы - бұл өндіріс пен өнеркәсіптің салалық құрылымын жетілдіру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты; нарықтық инфрақұрылым мен нарықтық қатынастарды қалыптастыру. [3]
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді
басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Маңызды факторлардың бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге, тек таза табыстың көлемі ғана емес, оны тарату құрылымы, әсіресе, өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, қаржылық тәуекелдік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта - облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын банктер осы кәсіпорынға несие беру орында ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісімшартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе, салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ШАРАЛАРЫ
0.1. Нарықтық экономика тұсындағы кәсіпорындардың экологиялық таза өнім өндірісінің әлеуметтік экономикалық тиімділігі
Қазақстанның нарьқтық экономикаға көшуі кәсіпорынға жаңа шарттар қойды. Нарық жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі, экономикалық өсуі және дамуы адам капиталы мен басқа ресурстарын пайдалануды үтымды жүзеге асыратын дүрыс стратегиялық бағыт - бағдарды таңдаумен анықталады. Өндірістің тиімділігі және жоспары түрақты экономикалық өсуге және кәсіпорынның дамуына, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты болады.
Кәсіпорынның өсуі - бүл көбінесе кэсіпорынның мөлшерінің өсуі жэне өндіріс көлемінің артуы. Дамуы шаруашылық жүйенің жаңаруы, техниканың технологияның жетілдірілуі негізінде қызмет етуінің тиімділігінің артуы. Кәсіпорынның экономикалық өсуі және дамуы нарықтағы бір тауарды шығару мен сату көлемінің өсуіне, технологиялық бір-бірімен байланысты өндірістердің бірігуіне байланысты болады.
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты элемдік деңгейде бэсекеге қабілетті өнім өндіретін жоғары пайдалы кәсіпорын қүру. Бұл мәселені шешу үшін тұтынушылардың және жеткізіп берушілердің сұраныстарын ескеру қажет.
Қоғамдық өндірістің маңызды көрсеткіші -- оның тиімділігі. Өндірістің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер анықталса (еңбек өнімділігі мен қор өтемі, өнімнің қор қайтарымдылығы өнімнің материалдық қайтарымдылығы), жинақтық салымдардың экономикалық тиімділігі, жаңа техника, өнімнің қуат сыйымдылығы, оның сапасын арттыру, материалдық шығындарды үнемдеу, ал әлеуметтік тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау күрделірек болады. Бұл ең алдымен әлеуметтік құбылыс қай жағынан қарастырылатынына байланысты. Мысалы, әлеуметтік тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштерді келесі сипаттары бойынша бөлуге болады:
1) бағыты бойьшша элеуметтік тиімділік: жеке адам үшін, адамдар тобы үшін, қала, облыс, аймақ, ұлт үшін;
2) уақыт бойынша әлеуметтік тиімділік: қысқа мерзімді (1 жылдан аз), орта мерзімді (5-7 жыл), ұзақ мерзімді (10-15 жыл) алдағы болашақта (15 жылдан аса);
3) әлеуметтік сала бойынша: денсаулық сақтау,әлеуметтік қорғаныс, білім беру т.с.с
Тиімділік - маңызды экономикалық категория. Бірқатар ғалымдардың айтуы бойынша тиімділік жалпы мағынада нәтижелер мен шығындардың қатынасын білдіреді. Өндіріс тиімділігі технологиялық тиімді деп егер осы технология арқылы өндірістік ресурстар аз жүмсалса жэне енім шығару көлеміарттырылса айтады.
Экономикалық тиімділік ресурстар түрлерін өндіру процесіндегі қолданылатын алтернативті құнын арзандатуды көздейді. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімділік әдістерді таңдайды.
Өндіріс тиімділігі экономикалық жүйенің әртүрлі деңгейінде еңбек өнімділігінің көрсеткіші, қор қайтарымы, тиімділік, шығындардың өтелу көрсеткіштері көмегімен пайдалы соңғы нәтижелердің қолданылатын немесе жұмсалынатын ресурстарға қатынасымен анықталады.
Бұл қатынасты физикалық немесе қүндық мәнде анықтауға болады. Тиімділік түжырымдамасы нарықтардың ресурстарды орналастыруды қаншалықты жақсы жүзеге асыратынын бағалау үшін қолданылады.
Б.А. Райзберг, Л.Ш. Лозовскийдің, Е. Б. Стародубцованың пікірі бойынша қоғамдық өндірістің тиімділігі өндірістік ресурстармен және қоғамдық қажеттіліктермен салыстырғандағы өндіріс нэтижелілігін сипаттайтын экономикалық категория. Өндіріс тиімділігі -- оның нәтижелілігі өндірістік қызмет нэтижелерінің олардың жетілуіне кеткен еңбек және материалдық ресурстарға қатынасымен анықталады. Өндірістің тиімділігі үрдісінің мәні әрбір шығын бірлігіне экономикалық нәтижелерді арттыру.
Экологиялық тиімділік табиғи және материалдық ресурстарды пайдалану деңгейімен, өндірілген өнімнің табиғат сыйымдылығын кемітумен, халықтың тұрмысын жақсартумен, экологиялық-экономикалық тиімділікті арттырумен сипатталады.
Экологиялық тиімділік өлшемі - қоршаған ортаның бүлінуіне жол бермеу, оны жақсарту, өндірістің экологиялығын арттыру.
Әлеуметтік тиімділік - қоғамның негізгі элеуметтік қажеттілігі мен мақсатының, жеке адам мүддесінің нэтижелерінің сэйкестігі. Әлеуметтік тиімділік көбінесе кәсіпорынның әлеуметтік әлеуетіне байланысты, ал бүл әлеуеттің өзі өндірістің әлеуметтік элементтері мен инфрақұрылымының жиынтығын жэне тиісті кадрлық қамтамасыз етуді білдіреді. Қайсыбір өндірістің әлеуметтік тиімділігін анықтау үшін (біздің жағдайда экологиялық таза тамақ өнімдерінің) аталмыш қызметтің нәтижесі ретінде нақты нені есептеуге болатынын жэне қоғам мен жеке адамның элеуметтік қажеттілігіне не жататынын түсіну керек, сондай-ақ тауарды өндіру мен тұтыну нәтижесінде қол жететін мақсаттарды айқындау керек. [4]
Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру мен түлыну нәтижесі - ұлт пен жеке адам денсаулығына қол жеткізу. Экологиялық тамақ өнімдерін өндіру мен тұтынуға деген адамның қажеттілігі тауардың осы түріне деген сұранысқа байланысты, денсаулықтың жалпы үлттық құндылық екенін қоғамның сезінуі, сонымен қатар адам өз денсаулығының бағасын түсінуімен байланысты. Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру мен түлъшудың басты мақсаттары- ұлттың гендік қорын сақтау, халықтың иммунитетін жақсарту, орташа өмір сүру мерзімін ұзарту, сәбилер мен балалар өлімін азайту.
Егер әлеуметтік тиімділікті экологиялық таза тамақ өнімін пайдалануға қатысты қарастырсақ, онда оған кол жеткізудің үш дәрежесін ерекше атап өтуге болады: әрекеттілік, жетістік, тиімділігі.
Келтірілген тиімділік түрлері нәтижені өлшеу тәсілімен ерекшеленетінін байқау қиын емес. Денсаулықтың жақсару дәрежесін табиғи бірліктерде сандық жағынан бағалайтын әрекеттілік пен жетістік сәйкесінше қатыстық және абсолюттік әлеуметтік пайданы сипаттайды. Бүл жағдайда келесі екі өнімді: экологиялық таза жэне дәстүрлі өнімді салыстыру алынған элеуметтік пайда (табиғи бірліктерде) және өндірістік шығындарды (құндық мөлшерде) есепке алу арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік тиімділік болдырмаған элеуметтік шығындардың мөлшерімен өлшенеді, оны белгілі мөлшерде ауыру мен өлімнің абсолюттік санымен , сақталған өмір жылдарымен сипаттауға болады. Алайда, қазіргі кезде бүл салада зерттеулер жүргізілмейді, яғни денсаулық ахуалының салыстырулары, орташа өмір сүру ұзақтығы туралы (экологиялық таза немесе тек дәстүрлі өнім тұтынатын халықтың) мәліметтер жоқ.
Болдырмаған элеуметтік шығынды бағалау үшін үлт денсаулығының жағдайын сипаттайтын сындарды есепке алатын жалпылауыш көрсеткішті айқындау қажет (сапасыз тамақ өнімін түлъшғаннан болған ауру деңгейі, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, сэбилер мен балалар өлімінің деңгейі).
Осыган байланысты, экология жэне денсаулық сақтау саласында зерттеулермен айналысатын әртүрлі үйым өкілдері экологиялық таза өнім өндіру мен тұтыну деңгейі мен ұлт денсаулығы арасындағы тәуелділікті бейнелейтін көрсеткішті жасау мақсатында зерттеулер жүргізу үшін материалдық шығындар ғана емес, үзақ уақыт аралығы қажет, қазіргі кезде экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру мен түтынудың әлеуметтік тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш ретінде төмендегілерді пайдалануға болады: Экологиялық таза тамақ өнімдерінің үлес салмағы -- бір жылғы азық-түлік тауарлары өндірісінің жалпы мөлшерінде экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру:
Эөо =(Vэ Vжалпы)*100 (1)
Мүндағы: ЭӨО-тамақ өнімдері өндіріс інің жалпы мөлшеріндегі экологиялық таза азық -- түлік тауарларының үлесі, % ;
Vэ- бір жылдық экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру мөлшері; Vжалпы- бір жылдық тағам өнімдерінің жалпы мөлшері;
Экологиялық таза азық-түлік тауарларын тұтынудың үлесі (аталмыш өнімді түтыну деңгейі жан басына шаққанда):
Этұт.- (Vэ Vжалпы) *100; (2)
Мүндағы: Этұт-тамақ өнімдерін түтын удың жалпы мөлшеріндегі экологиялық таза азық-түлік тауарларын түтынудың үлесі, %
Vэ -- жан басына бір жылдық экологиялық таза тамақ өнімдерінің түтыну мөлшері ;
Vжалпы -- жан басына бір жылғы азық-түлік та уарларын түтынудың жалпы мөлшері ;
Материалдық өндіріс пен жалпы экономиканың бағыттылық дәрежесі әлеуметтік мәселелерді шешуге, оны ң ішінде ең бастысы үлт денсаулығы, қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруға деген бағытын соңғы әлеуметтік-экономикалық тиіімділік пен коғам дамуының жалпы деңгейінің көрсеткіші деп қарастыруға болады. [5]
Экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру мен түтынуды дамытудың басты қозгаушы күші -- жеке түтыну аясы. Жеке түтынуды кеңейту өз кезегінде халықтың төлемге қабілеттілігінің өсуіне байланысты. Экологиялық таза тамақ өнімдерін тұтынудың артуы халықтың кіріс табысының көбеюінің, төлемге қабілетті сұраныстың өсуінің арқасында мумкін болып отыр, себебі бүл тауарлардың бағасы дэстүрліге қарағанда 2-4 есе қымбат.
Өз кезегінде төлемге қабілетті сұраныстың артуы экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру мөлшерін үлғайтуға әкеп соғады, ал ол осы тауар бағасын төмендетуге мүмкіндік жасайды, ол баға тең салмақты болып, өндірушіні де, сатып алушыны да қанағаттандырады. Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей бүтіндей қоғамның және жеке түлынушының қажеттілігін қанағаттандыру тауар өндірісі мен қызмет көрсету аясының басты мақсаты. Өндіруші мен түтынушы арасындағы өзара тәуелділік пен өзара байланысты былай сипаттауға болады: Бизнес мақсатының шынайы бір ғана анықтамасы бар -- ол түлынушыны тәрбиелеу. Фирма өз өнімі туралы не ойлайтыны, оның құндылығы неде деген ойлар шешуші рөл атқарады. Егер осы ойды экологиялық таза тағам өнімдерінің өндірісіне пайдалансақ, онда сатып алушы үшін ең басты құндылық денсаулық екендігі байқалады.
Сонымен, экологиялық таза азық тауарларын түтынудың әлеуметтік тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін, келесі шарттар орындалу керек:
oo халықтың төлемге қабілетті сұранысының артуы;
oo салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау.
Біздің зерттеуіміз бойынша, тұрғындардың экологиялық жағдайға, денсаулығына деген алаңдаушылығы бірінші кезекте шешуді қажет ететін төмендегі мәселелер анықталды:
oo өмір деңгейі мен сапасы (кірістер);
oo әлеуметтік қауіпсіздік
oo денсаулық сақтау және денсаулық
Экологиялық таза өнімді тұтынудың жоғары әлеуметтік тиімділігі ауылшаруашылық өндіруші салаларының, әсіресе тамақ өнеркәсібінің алдына мұндай өнімдерді кең көлемде өндіру және біртіндеп меңгеру мәселесін қояды.
Бүл мәселеге орай дәлелденген жүмыс гипотезасын айта кеткен жөн. Оның негізін экологиялық таза өнім өндірісінің экономикалық шегі туралы болжам қүрайды, ол шектен өту кәсіпкерлік қүрылымнан қосымша ағымдағы және күрделі шығынды талап етеді. Әрбір өндіруші нарықтық экономика жағдайында мұндай шығындарға төтеп бере алмайды.
Айтылган гипотезаны растап немесе жоққа шыгару үшін экологиялық таза өнім өндірісінің тиімділігіне салыстырмалы экономикалық баға беруді жүзеге асыру қажет.
Мүндай өндіріске балама ретінде дәстүрлі деп аталатын өнімді өндіруді аламыз. Бұл терминге стандарттар мен техникалық шарттарға сай, бірақ құрамында адам денсаулығына зиянды, әртүрлі заттар мен микроэлементтер болатын өнімді жатқызуға болады.
Өндірушілер көп жағдайда экологиялық нормативтер талабын бұзады, сондықтан өнімді өндіргенде барлық ластаушы жэне зиянды заттарды тексеру іс жүзінде мүмкін емес.
Сонымен, екі балама бар:
oo Дәстүрлі өнім өндіру (оның барлық экологиялық кемшіліктерімен);
oo Түтыну жэне өткізу үшін шынайы экологиялық таза өнім өндіру.
oo Анықталынған екі өнім түрін өндіру жэне өткізудің экономикалық жағдайын график түрінде көрсетуге болады.
Абсцисса өсінде дәстүрлі (К1) және экологиялық таза өнім өндірісін сәйкесінше қамтамасыз ететін капитал шығыны көрсетілген. Сонымен бірге, әрбір қарастырылған нүсқа бойынша барлық тауарлы өнімнің өзіндік құны түріндегі оны өндіру шығындары белгілі (З1 және З2).
Екі салыстырмалы нұсқа бойынша жылдық баланстық пайданы анықтау үшін келесі формулаларды жазамыз:
П1 = В1 -- З1 ; П2 = В2 -З2 (3)
Мүнда: П1 және П2 -- екі салыстырмалы нұсқа үшін жылдық баланстық пайда,
П1- дәстүрлі өнімді өткізуден түсетін пайда;
П2-экологиялық таза өнімді өткізуден түсетін пайда.
В1,В2 -- сәйкесінше дәстүрлі және экологиялық таза өнімді өткізуден түсетін түсім.
Бізді экологиялық таза өнім өндірудің экономикалық тиімділігі қызықтыратын болғандықтан, екінші нұсқаның пайдасы бірінші нұсқадан көп болады деп есептейік. Міне осы шарттарды сақтай отырып, екі салыстырмалы нұсқаның салыстырмалы экономикалық тиімділігін бейнелейтін анықтама жазамыз:
Бұдан келесі теңсіздік шығады:
(В2 -- 32 ) -- (В1 - З1) Ен*К2 -- Ен*К1 (4)
Мүндағы Ен -- капиталды салымның экономикалық тиімділігінің нормативті коэффициенті, оны әрбір кәсіпкерлік құрылым өзіне өз бетінше анықтайды.
Алынған анықтаманы басқаша қарастырайық:
В2 - 32 - Ен * К2 В1 - З1 - Ен * Кі (5)
өнім өндірудің шығындарын бейнелейтін анықтаманы келесі түрде беруге болады: (З+Ен К) оны өндірістің жылдық шығыны деп атауға болады.
Түсетін қаржы мен өндіріс шығыны арасындағы айырмашылық кәсіпорынның экономикалық пайдасын білдіреді. Оны келесі формула бойынша анықтаймыз :
П = В -- И (6)
Мұнда: П -- жылдық экономикалық пайда
В -- өндірілген өнімнен түскен жылдық табыс И -- өндірістің жылдық шығындары.
Табыс келесі формула бойынша анықталады:
В= N * Ц (7)
Мұнда: N -- өнімді өндірудің жылдық мөлшері; Ц -- өнім бірліктерінің бағасы
Өндірістің жылдық шығындары келесі формула бойынша анықталады: И = N (С + Ен*Ку) (8)
Мүнда: С -- өнім бірлігін өндірудің өзіндік құны
Ку -- өнім бірлігін өндірудегі үлестік капитал салымы;
Ен -- капиталды салым тиімділігінің нормативтік коэффициенті.
Формулаға В және И анықтамасын қойып, Пэ = N [Ц -- (С+Ен*Ку)] аламыз. (9)
Экологиялық таза өнім өндірісіне өту кезеңінде келесі арақатынастар орын алады:
-өнім бірлігінің өзіндік қүны өседі, өйткені шикізат, материалдармен және өндірістің өзін қамтамасыз ету бойынша көптеген қосымша техникалық операциялар енгізу керек болады.
-
үлестік капиталды салым өседі, себебі өндірісті негізгі қорлармен қамтамасыз етуге тура келеді және жаңа жетілген жабдық алуға мол шығын жүмсалады.
Сондықтан, экологиялық таза өнім өндірісінде өндірістің негізгі параметрлері арасында келесі арақатынас орын алады:
Nэ N; Цэ Ц; Сэ С; Куэ Ку. ( 10)
Мұнда Э индексімен берілген параметрлер экологиялық таза өнім өндірісіндегі сәйкес көрсеткіштің мөлшерін білдіреді.Бұдан қарастырылып отырған өнімнің екі нұсқасы да тең таңбалы болатын минималды баға шегін белгілеу қажеттілігі туындайды. Бүл шекті анықтау үшін келесі теңсіздікті жазайық:
Nэ [Цэ -- (Сэ + Ен*Куэ)] N [Ц- (С + Ен*Ку)] (11)
Мұндағы теңсіздіктің сол жақтағы шарты экологиялық таза өндірістің жылдық экономикалық пайдасын, ал оң жақтағы, дәстүрлі өнім өндірісіндегі көрсеткішті бейнелейді. Теңсіздіктің сол бөлігін оң бөлікке бөлеміз:
Nэ [Цэ (Сэ + Ен*Куэ)] ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz