Этнолингвистика және этимология


ХҒТАР 16. 21. 31
АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖЕР СУ АТАУЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КОД
МАЗМҰНЫ
- АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
- АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ономастика республикадағы ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде тек ғылыми-тәжірибелік, мәдени-тарихи ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси маңызға да ие болып отыр. Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесi XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап түбегейлi өзгерiстерге ұшырады. Ұлттың болмысына негізделіп қалыптасқан атаулардың жүздеген жылдар бойғы үлгісіне, негізіне нұқсан келтіріліп, қазақ ономастикасының өзiндiк болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсiресе оның топонимика жүйесіне зиян келтiрiлдi. Бойында өткен тарихымыздың сырын тасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отыратын рухани құндылықтардың бірден-бірі - топожүйе. Ол - ата-баба шежіресі, жергілікті ақын-жазушылар шығармаларынан теріліп, аңыз-әпсаналардан аршып алынған мағыналық бірліктер, ел ішіндегі көзі қарақты, көкірегі ояу шежірешілер аузынан, мұражайлардан, мұрағаттардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан жинастырылатын тілдік жәдігер. Осындай құнды тілдік жәдігерлер негізінде әрбір ұлттың өткен тарихынан мол мағұлмат беретін ұлттық рухани коды қалыптасады. Қазіргі әлемдік жаһандау заманында халыққа ұлттық рухани кодтардан мағұлат беріп, санамызды рухани жаңғырту арқылы жаһандану үдерісін жүргізу - алпауыт елдердің арасында жұтылып кетпей, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалуға үлкен септігін тигізбек. Бұл ретте Шығыс Қазақстан өңірі ономастикалық кеңістігін тарихи, лингвомәдени аспектіде қарастыру рухани құндылықтарымызды толықтырудың бірден-бір көзі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы ономастикалық қорының жүйесі, құрылымы осыған дейін, тарихи, лингвомәдени тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу нысанына айналмаған тың тақырып болуымен құнды болмақ. Бұл мәселелер Шығыс Қазақстан өңірі ономастикалық атауларын түбегейлі зерттеу идеясын тудырды.
Шығыс Қазақстан облысы, соның ішінде Аягөз, Тарбағатай, Үржар аудандары топонимдерін ұлттық тілдегі байырғы көне, орта ғасыр, жаңа дәуірлердегі үлгілері тарихи және синхрондық тұрғыдан талдап, олардың ұлттық мәдениет, ұлттық әдебиет, ұлттық тарихпен байланысын қарастыру гуманитарлық бағыттағы басты мақсат болып табылады.
Отаршылдық тоталитарлық идеяның құрбаны болған кезеңде Шығыс Қазақстан өңірі ономастикалық кеңістігі үлкен өзгеріске ұшырап, табиғи негізінен ажырауға шақ қалды. Себебі өңірдегі жер-су атаулардың үштен бірі өзгерген, ауыстырылған не жаңадан пайда болған. Бұл жағдай аймақтың топонимикалық жүйесінің тарихи тұрғыдан бұрмалануына әкеліп соқты. Сондай-ақ, құрылымы, негізі тілімізге жат болғандықтан, жазба деректерде қате таңбаланып, ұлттық жазуға, айтуға сәйкес болмай келген, әлі күнге дейін ішінара бұл үрдіс өңірдің топонимиялық жүйесінде сақталып та келеді. Сәйкесінше ұлттық тіліміздің төл атауларын қазақ тіліне тән емес, кірме атау екендігін дәлелдеуге тырысқан тұжырымдар кездесіп жатады. Сондықтан да, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз, Тарбағатай, Үржар ауданы топонимикалық жүйесін топтастырып, тізбектеп, бір жүйеге келтіру арқылы жер-су атауларына тарихи диахрониялық, салыстырмалы синхрониялық талдаулар жасап, олардың лексика-семантикалық қырларының қазақ тілінің грамматикалық жүйесіне сәйкестігін дәлелдеу жолдарын қарастыру - өзекті мәселе.
Өлкелік топонимдер - бойына ақпараттық мән жинаған бүгінгі күнге дейін ел аузында сақталған, тұтастай алғанда елдің өз өткені туралы пайымы мен ұғымын аңғартатын, өзгеше дерек қор. Бұл салада да осы жоба аясында біраз жұмыс атқарылды. Оларға қол жеткізу үшін Тарбағатай, Аягөз, Үржар аудандары ақын-жазушылырының шығармаларынан, шежірешілер еңбегінен, энциклопедиялық материалдардан және жергілікті жер тұрғындарының хабарламасынан тілдік материалдар жинақталды. лексика-семантикалық ерекшелігі қарастырылып, мағыналық топтарға бөлінді және тарихи-лингвистикалық аспектісі қарастырылып, түсініктемесі берілді. Қазақ және көне түркі топонимдік жүйесінің этникалық бірегейлігі қарастырылып, кейбір аталымдарға этимологиялық талдау жасалды. Таулы Алтай және Баян Өлгий аймағындағы топонимдер мен зерттеу нысанына айналған аудандардағы топонимдер арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар анықталды. Жинақталған атаулар тарихи оқиғаларға, ата қонысына, географиялық жер жағдайының ерекшелігіне, флорасына, фаунасына, түс, сан атауларына т. б. ерекшеліктеріне қатысты қойылған атаулар болып, топожүйе құрғанын байқауға болады.
- АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Этнолингвистика - этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір саласы. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистиика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да - «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол - этностың инсандык һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Осыған байланысты этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» деген үғым-түсініктерге ерекше мән береді. Өйткені бұлар жай термин ғана емес, бір таяқтың екі басы сияқты, бір-біріне етене қатысты, бірінсіз бірінің күні жоқ бір тұтас құбылыстың көрінісі іспетті. Бұл «этнолингвистика» терминінің атынан да, кұрамынан да (грекше ethnos - «халық» және латынша lingua - «тіл» > французша inguistigue - «тілтану») айқын көрініп тұр.
Алайда бұл термин ғылым саласында көптен бері-ақ қолданылып келе жатса да, оның дәл осы мағынасы бірден қалыптаса қойған жоқ әрі ол туралы пікірталастар әлі күнге дейін жалғасуда; олар негізінен этнолингвистиканың зерттеу обьектісіне және басқа ғылым салаларымен қатысына байланысты болып келеді.
Алайда этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарастырып келе жатқан ғалымдардың (В. Гумбольдт, B. Вундт, А. А. Потебня, Г. Шухардт, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ т. б. ) өздері де о бастан-ақ этнолингвистиканың «Этнос пен этнос тілі» негізінде қалыптасқанын толық мойындаса да, олардың өзара қатыстылығы мен үйлесімін айқындауға келгенде бір жерден шыға алмай жүргендігі мәлім. Мәселен, этнолингвистиканың аяқ тірер бір тағаны - «этносты» кейде «этнос» деуден қашқақтап, сан саққа жүгіртіп, біресе «мәдениет», біресе «тарих пен әлеуметтік жағдай» деп, оның шеңберін тарылтып, бүтіннің бөлшегі ретінде көрсетулері ерекше көзге түседі. Мәселен, Фердинандт де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихының өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өз ойын «халықтың салт-дәстүрі оның тілінде көрінсе, тіл, керісінше, сол халықтың өзін қалыптастырады» деп тұжырымдады. Жалпы дұрыс пікір. Бірақ этнос тілінде өз көрінісін табатын тек оның салт-дәстүрі ғана емес қой.
Сол сияқты, Э. Сепир де этнография, салт-дәстүр, мифология т. б. осы сияқты ұғымдарды этнос болмысымен шендестіріп, «тіл әлемін» тілдің символдық қызметімен шектеп керсеткісі келеді. Ал, кейінгі кезде (АҚШ-та) қалыптаса бастаған тағы бір көзқараста «этносты» «Адам» деген ұғыммен алмастыру арқылы этнолингвистиканын, баламасы ретінде антропология («адам туралы ғылым») терминінің қолдану үрдісі де байқалып отыр. Тағы бір пікір: Этнолингвистиканы тек «көне дүниені» зерттеуші ғылым деп танып, оларды байырғы халық тілінен, жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздеу. Мұны негізінен орыс ғалымдарына (Н. И. Толстой, В. Н. Топоров, В. В. Иванов, А. Ф. Журавлев т. б. ) тән дәстүр десе де болады. Көненің көзіне көбірек көңіл бөлу үрдісі қазақ этнолингвистерінен де байқалады. Саясатта: этнолингвистика - қоғамдағы этнос тілінің жағдайын білдіреді. Міне, көріп отырғанымыздай, «этнолингвистиканы мақсат-мүддесі мен зерттеу объектісі, әдіс-тәсілдері айқын, төрт аяғынан тік тұрған ғылым» деп айтуға әлі ерте.
Енді казақ этнолингвистикасының қадау-қадау мәселелеріне ой жүгіртіп, өз пікір-пайымдауларымызды ортаға салып көрейік.
Жоғарыда этнолингвистика о бастан-ақ екі ұдай объектінің - этнос және оның тілінің - ортасынан туындаған ғылым саласы дедік. Демек, бұл этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойыңдау, «Этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды» деген қағиданы нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз.
Енді осы «этнос» деген тарихи күрделі ұғымды сол қалпында ала салмай, этнолингвистика мақсатына орай «этнос болмысы» деген ұғыммен алмастыруымыздың себебіне келсек, ол да ойға қонарлық уәж сияқты. Біріншіден, біз этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас бейнесін, барша болмысын анықтағымыз келеді; екіншіден, этнос туралы толық мағлұмат тек оның тіл қазынасында ғана сақталады. Этностың шынайы болмысын басқа (мәс., этнология, антропология, археология, этнография т. б. ) ғылымдар дәл этнолингвистикадай айқындай алмайды.
Сонда, «этнос болмысы» деп нені түсінеміз? Біздің пайымдауымызша, «этнос болмысы» - этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы реальды шындық (реальная действительность) . Басқаша айтқанда: «этнос болмысы» дегеніміз -этностың сонау балаң кезінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген, өмір-тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нәсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани-мәдени қазынасы» [4; 5] .
Этнос туралы осыншама мол деректер мен мағлұматтарды тек тіл ғана өз бойына сыйғызып, сары майдай сақтап, шашпай-төкпей ұрпағына жалғастыра алады. Осы қасиетіне байланысты тіл феноменін - «тіл әлемін» этностың өзін танып-білудің қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Бұл ұғымның ауқымына тілдің барлық қасиеті түгел сыйып түрғандай этностың дүниеге келуіне ұйытқы болған да - тіл, рухани-мәдени өмірінің өзегі де, өзін-өзі танып-білудің өлшемі де - сол тіл. Осының бәрі «тіл әлемінен» табылады, «Адамтану», «Қоғамтану», «Табиғаттану» деп аталатын ғылым салаларының қалыптасуына негіз болатын да , біле білсек, осы «тіл әлемі».
Сонымен, «тіл әлемі дегеніміз - этнос болмысына қатысты мыңдаған, тіпті миллиондаған мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі.
Міне, осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлай еніп, оны игеріп, танып білу, жүйелей түсіп, жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың ең басты міндет-мақсаты болмақшы.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі - барлық жағдайда да этнос тілі. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым, білім, мәдениет т. б. салалар.
Бұл пәндерді өз ретінде 1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мыс., мәдениеттану, этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология, астрология, дінтану, педагогика, дидактика т. б. осы сияқты) қоғамдық-әлеуметтік пәндер және 2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты (мәс., этимология, диалектология, ономастика, фразеология, паремиология, терминология, лексикография т. б. ) лингвистикалық пәндер деп үлкен екі топқа бөліп қарауға болады. Этнолингвистика мен социолингвистика да, экстралингвистика мен психолингвистика да, міне, осы кейінгі топқа жатады. «Тіл әлеміне», «тіл қазынасына», «тіл құдіретіне» т. б. - соқпай кете алмайтын аталған пәндерден этнолингвистика да бөлініп, жарылып өз алдына оңаша тұра алмаса керек. Осыған байланысты этнолингвистиканы «пәнаралық ғылым саласы» деп есептейтін ғалымдар да (М. М. Копыленко т. б. ) бар.
Бірақ пайымдап қарасақ, аталмыш пәндердің этнолингвистикамен қатыстығы бірінші (қоғамдық) топтағы пәндермен зерттеу объектісіне байланысты болса, екінші (л ингвистикалы к) топтағы пәндермен зе рттеу тәсіл- әдістеріне байланысты екен. Демек, объектіге (этнос тіліне) қатысты екі топтың екеуіне де ортақ объект және өзара мүдделестік бар деген сөз, бірақ олар бірін-бірі ауыстыра алмайды, өйткені олардың алдына қойған өз мақсат-мүддесі бар және олар бірдей емес. Солай бола тұрса да, этнолингвистика бұл екі топтың екеуімен де ыңғайына қарай үйлесіп, этнос болмысын танып-білуге қажетті әр пәннің өз тұсынан айқындап, саралап үлгірген деректерін өз елегінен өткізіп, өзінше пайымдап, пайдалануға тырысады.
Этнолингвистика және мәдениеттану (культурология) . Этносты танып-білуге тұс-тұсынан атсалысып, өзіндік үлесін қосушы. Коғамдық ғылым салаларының бірі - мәдениеттану (культурология) десек, ол этнос болмысының ауқымды да маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым.
Мәдениет - әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс. Өмір-тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология - осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз. Ал, соның бәрін танып-білудің ең басты құралы - тіл екендігін мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойыңдайды. Алайда осыған қарап олардың зерттеу объектісін біріктіріп жіберіп, бір ғылым деп қарауға да, өзіндік ерекшеліктері бар этнолингвизмдер мен мәдени лексиканың арасына тепе-теңдік белгісін қоя салуға да болмайды. Оның басты себептері: біріншіден, этнолингвистика этнос болмысына қатысты «тіл әлемін» түгел қамтуға тырысса, мәдениеттану пәні өз міндетін «мәдениет» ұғымымен ғана шектеуге тиіс; демек, ол, қанша күрделі, ауқымды болса да, «бүтіннің бөлшегі іспетті дүние»; екіншіден, мәдениеттану мәдениет түрлерінің (әдебиет, жазу-сызу, қолөнер, ән-күй өнері т. б. ) пайда болуын, қалыптасуын, дамуын, өзіндік ерекшеліктерін талдап, таратып айтуды негізгі міндетім деп санаса, этнолингвистика барша мәдени лексиканы іштей сала-салаға жіктеп, жүйелеп, мүмкін болғанынша толық жинап алып, тілдегі өзінің нақыш-өрнегімен сөйлете білу, сан алуан ұғым-түсініктердің мән-мағынасын ашып, номинация, дифиниция түрінде сипаттап, этностық таным-талғам тұрғысынан түсіндіруді мақсат етеді. Демек, бұл ортақ бір объектіні мәдениеттану мен этнолингвистика әр түрлі бағытта, деңгейде және мүдде-мақсатпен қарастырады деген сөз.
Этнолингвистика және этнография. Бұл екеуінің тоқайласар тұсы этнос болмысының сүбелі саласы - заттық бағалықты (материальные ценности) зерделеуге байланысты. Бұл екеуіне де ортақ объект - «тіл әлеміне» тән көл-көсір мол дүние. Алайда осыған қарап, этнолингвистика мен этнографияны да бір-бірімен алмастыруға болмайтын сияқты. Олардың өзара сыбайластығымен қатар «ортақ» терінін пұшпағындай өз тәсілімен илейтін еншісі де жоқ емес. Бұл әсіресе тіл фактілерін пайдаланудан айқын көрінеді.
Мәселен, «Киіз үй» деген обьектіні алсақ, этнографтар да, этнолингвистер де оның құрамын (сүйегін, киізін, бау-шуын), бөлшек-бөліктерін (шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық, үзік, түндік, басқұр, белдеу, желбеу т. б. ), сондай-ақ оларды жасау технологиясын сөз етуге міндетті. Алайда киіз үйге қатысты тіліміздегі бұлардан басқа жүздеген атаулар мен мыңдаған қосымша ұғым-түсініктерді тәптіштей жинап, этнос тұрғысынан талдап, тарату этнолингвистердің ғана міндеті болса керек. Мәселен, «шаңырағың биік болсын!», «керегең кең болсын!», «қара шаңырақ», «ақ босаға», «табалдырықты баспа!» сияқты көптеген танымдық сипаттағы тілдік бірліктердің табиғатына үңілу тек этнолингвистердің ғана құзыретінде. Қорыта келгенде, этнос болмысына қатысты тіл фактілерін этнографияға қарағанда этнолингвистика әлдеқайда ауқымды да кең пайдаланып, олардың тілдік мән-мағынасын жан-жақты да терең түсіндіруге тырысады.
Этнолингвистика және этимология. Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың да мұқтаж екендігін көреміз. Мұндай жағдайда, әсіресе, мағынасы күңгірттенген бірліктердің мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс шеңберін айкындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуіне тура келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл практикасында мұндай фактілерді «халықтық этимология» (оны «жалған этимология» деп те атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі. Мұндай жағдайда бұл тәрізді «еркін» жоба-жорамалдарға дұрыс бағыт-бағдар беру қажет тәрізді.
Кейде этнолингвистикалык түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де этимологиялық бір деректің өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмкін. Мысалы, көне де байырғы «бөрі» сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарышқыр сөзін үлкен ғылыми этимологияға бармай-ақ, қырғыз тілінде мойны мен жақ сүйектерінің қарысып қалуына байланысты «қарышқыр» деп аталуы арқылы түсіндіруге де болады.
Айта кету керек, этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық факторларды пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда, керісінше, этнолингвистикалык деректер этимологияның негізгі үш - фонетикалық, семантикалық және морфологиялык, - принципіне қосымша дәйектеме ретінде пайдаланылып, этимология обьектісін уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи дәлдігі тұрғысынан айқындай түсуде өз үлесін қосып отырады.
Бұл - лингвистикалық пәндердің этнолингвистика аясында болатын өзара табиғи байланысы. Дәл осы тәрізді астарлас байланысты біз этнолингвистика мен қазақ диалектологиясы арасынан да айқын көреміз. Өйткені этнолингвистика әдеби тіл ауқымымен ғана шектелмей, жалпыхалықтық тіл фактілерін мүмкін болғанша түгел қамтуды мақсат етеді. Міне, осыған байланысты этнолингвистика жергілікті (жанды, ауызекі, жаргон т. б. ) тіл ерекшеліктерін зерттейтін диалектологиямен де мүдделес. Бұл - этнолингвист ғалымдар этнос болмысын танып-білуге қатысты жарияланған диалектологиялық материалдарды да, өз тұсынан жинаған фактілерді де пайдаланады деген сөз .
Міне, қазақ этнолингвистикасы осы тәрізді басқа да лингвистикалық пән салаларымен (фразеология, паремиология, ономастика, терминология, социолингвистика т. б, ) тығыз байланыста дамитынын көреміз. Оны зерттеу өз алдына жеке мәселе.
Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеу тәсіл-әдістері. Бұл - этностың тіл әлеміне тән лексикалық байлықты тұтас та түбегейлі меңгеру, мән-жайын, мағына-мазмұнын терең түсіну және түсіндіру арқылы этнос болмысын (рухын, бейнесін, өзіндік қасиетін) паш ету деген сөз. Сондықтан да бұл қазақ этнолингвистерінің ұстанатын аса маңызды принциптеріне жатады. Олар зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты төмендегідей бірнеше нақтылы шарттан тұрады:
- Соның бірі - қазақ этносын жалпы түркі тіл әлемі арқылы емес, өз тілінің мүмкіншілігі мен өзіндік табиғи ерекшеліктеріарқылы ғана танып-білу.
- Этнос тіл әлемін түбегейлі меңгеру, игеру. Басқаша айтқанда, бұл принцип тіліміздегі ұшан-теңіз лексикалык байлықты тек сан жағынан ғана түгендеп шығу емес, сонымен қатар оны сапа жағынан да саралай түсу, яғни сөз мұхитының түбіне терең бойлап, «інжу-маржанға» толы қазынасын түгел ақтарып, оның сан ғасырлар бойы сақтап келе жатқан сырын аша түсуге барып саяды. Этнолингвистикалық зерттеудің қиын да, күрделі мәселелерінің бірі осы болмақ.
Этнолингвист-ғалымға қойылатын басты талап - жалпы тіл табиғатын білумен қатар оның әрбір сөзінің мағына астарында жатқан этнолингвистикалық деректі тамыршыдай тап басып, тани білу және таныта білу. Ал, бұл міндетті орындау кез келген адамның , тіпті тілдің структуралық (грамматика, фонетика, лексика, т. б. ) проблемаларымен ғана шұғылданушы мамандардың да қолынан келе бермейді десек, артық айтқандық емес. Өйткені бұл салада лексикалық байлықтың тек тіл факторы, сөздердің жиынтығы ретінде ғана емес, этностың тілдегі болмысы, бейнесі, көрінісі, негізі ретінде қаралатындығы. Этнолингвистикамен шұғылданамын деуші талапкерлердің осы бір талапты білгені абзал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz