Талды археологиялық кешенінің ескерткіштері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағандының мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Талды-археологиялық шағын кешені
Қарағанды-2022
Жоспар
Кіріспе . . . 3
I. Талды археологиялық кешенінің ескерткіштері
1. 1 Қаражартас қорымы
1. 2Қызылтау ежелгі қабірі б. з. д 2мынж-2- 3 ширегі, қола 1. 3 Сеңкібай батыр кесенесі-Қызылтау қорымы1. 4 Мұртты қорған
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Практика қосымша
Кіріспе
Ғылыми-жобаның өзектілігі:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған.
Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында өткен 2019 жылды жемісті болды деп айтуға толық негіз бар. Тарқатып айтар болсақ, аталған бағдарлама аясында 33 жоба жүзеге асырылды.
«Қазақстанның рухани киелі жерлері», «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы аясында сегіз жобаның жұлдызы жанды.
Сондай-ақ, Шет ауданындағы Қаражартас қорымы маңында қазылған құрылыстарға, Талды археологиялық кешеніндегі қола, ерте темір, түркі дәуірінің қорғандары, қорымдары, қоршауларына жататын төрт ескерткішке қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Бұдан бөлек, өңірдегі 17 тарихи және мәдени ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда Шет ауданындағы Талды археологиялық кешені зор қызығушылық тудырып отыр. Бүгінде бұл көнеден қалған құнды ескерткіштерге археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, Талды тарихи-археологиялық паркі ашылып, оның аумағындағы тас, қола, ерте темір және түркі дәуірлерінің ескерткіштерін археологиялық тұрғыда зерттеу жоспарланған. Айта кету керек, былтыр қолға алынған бұл жобаны іске асыру мақсатына жеткілікті мөлшерде қаржы қарастырылып, зерттеу жұмыстарына 50-ге жуық маман тартылды.
Талды тарихи-археологиялық паркінің құрамына енетін Қаражартас қорымындағы ең ірі Беғазы-Дәндібай кесенесінің табылуы ғылым үшін үлкен жаңалық болды. Осыдан төрт жыл бұрын қайта қалпына келтірілген бұл ескерткіш келешекте туристік кешенге айналмақ.
Ғылыми-жобаның мақсаты- міндеттері:
-Талды археологиялық шағын кешенінің тарихи-археологиялық мұрасын зерттеу, дәріптеу және насихаттау;
- Ескерткіштер мен қыш керамикаларына тарихи шолу және Талды кешені орнының зерттеулеріне қатысты мәселелердің қазіргі жағдайын сипаттау;
- Талды кешенінің, ондағы қазба орындарынан табылған керамикалық бұйымдардың археологиялық маңызы мен тарихи құндылығын сипаттайтын дереккөздерді талқылау;
- Кешеннің кезеңдерін анықтау және хронологиялық жағдайын нақтылау.
Ғылыми жобаның әдіснамасы : Жұмыстың зерттелу әдісі қалыпты, кешеннің археологиялық құндылығы мен өзіндік ерекшеліктерін, қалыптасу тарихына байланысты әртүрлі жазбалардағы материалдар мен деректерді салыстыра отырып, сараптамалау және талдау.
Зерттелу объектісі : Орталық Қазақстан, Қарағанды қаласы, Шет ауданы, Талды мекені.
Хронологиясы: Б. з. б 2. 5 млн жылдықтан XVIII ғасырдың II жартысындағы заманауи этнографиялық кезеңдерді қамтитын ескерткіштер.
Тарихнама: Тарихи деректерге сүйенсек, Орталық Қазақстанда жүргізілген алғашқы археологиялық қазбаларды 1933 жылы П. С. Рыков басқарған Мемлекеттік материалдық мәдениет тарих Академиясынң Нұра экспедициясы жүргізген. Экспедиция жұмысының нәтижесі қазақстандық археологияның қалыптасуына әдістемелік негіз болды. Экспедицияға қатысқан тарихшылар қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің бірнеше қоршаулары мен обаларын қазып, зерттеді.
Тек соғыстан кейінгі жылдары Сарыарқаның көне мәдениеті жаңа серпін алып, тың деректер белгілі бола бастады. 1946 жылы Қаныш Сатпаевтың ғылыми, қоғамдық қызметтері мен жеке басының беделінің арқасында Алматыда құрылған Қазақ КСР Ғылым Академиясы алғашқылардың бірі болып зерттеуге кірісті. Әлкей Марғұланның атсалысуымен республикадағы тұңғыш археологиялық экпедиция - Орталық Қазақстан археологиялық экпедициясы құрылды. Зерттеу жұмыстарына тікелей қатысқан Әлкей Марғұлан бабамыз «Қола және ерте темір дәуірлеріне тән ескерткіштер толығымен жойылып кету қаупінде тұрды» - деп жазды.
Сарыарқаның қола дәуіріне қатысты мәліметтерді алғаш жинақтаған Кемел Ақышев. Ол Орталық Қазақстанда андронов мәдениетінің федоров және алакөл кезеңдері деп ерекшелесе, кейінгі қола кезеңін дәндібай кезеңі деп атады.
1970 жылдан бастап Орталық қазақстандағы зерттеу жұмыстарын Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті жанынан құрылған экпедиция жүргізіп келеді. Қарағандылық археологтар қола дәуірінің археологиялық материалдары бойынша аймақтың тұрақты деректік базасын, ескерткіштің жергілікті кезеңдемесін жасауға, сондай-ақ көне дәуірдегі адамдар ұжымының тұрмыс дәстүрі мен тіршілік әрекетінің негізгі белгілерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ондаған нысанға қазба жүргізді.
1955-1956 жж. тас қабірімен көрсетілген Бұғылы ІІІ кесенесі зерттелді. Сонымен бірге соңғы қола дәуірінің ірі ескерткіштеріне кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді: Бұғылы І, Бұғылы ІІ, Ақкезең, Жамбай қарасу және т. б. [1; 6] .
1964 ж. М. Қ. Қадырбаевпен Талды 1 қорымындағы қорған-қоршау 6-да қазба жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында объектіден мәйіттердің кальцийленген сүйектері айқындалады [11] .
1978-1984 жж. 1981 ж. дейін М. Қ. Қадырбаев, кейін Ж. Қ. Құрманқұлов және С. М. Ақынжанов жетекшілігіндегі Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция жасақтарымен Саңғыру ІІ, Шет І-ІІІ, Атасу І, Қойшоқы І-ІV, Ақмұстафа, Мыржық қорымдарына, Мыржық, Ақмая және Ақмұстафа қоныстарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді [13; 14] .
2011 ж. В. Г. Ломан және И. А. Кукушкин жетекшілігіндегі Сарыарқа археологиялық институтының экспедициясымен Нұраталды-1 қорымындағы №3 қорғанға археологиялық жұмыстар жасалды. «Милитаристік» мазмұны бар бірегей қола салынды маңызды жәдігер болып табылады [25] . Сонымен бірге Нұраталды-2 қорымындағы №1 құрылысқа стационарлық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыс барысында XIII-XIV ғғ. мерзімделетін сазды қоршау және бірегей заттар айқындалды [26] .
2012 ж. В. Г. Ломан және И. А. Кукушкин жетекшілігімен Нұраталды-1 қорымында қосымша қазба жұмыстары жүзеге асырылды. №№1-3 қоршаулар зерттеу объектілері болды. Барлығы 10 қабір зерттелді, оның біреуінде әр қолында қола білезіктер мен аяқтарында қола моншақтары бар, 1, 5 айналым алтын жалатылған салпыншақтармен әшекейленген әйелдің тоналмаған қабірі тазартылды [27] .
2015 ж. А. И. Кукушкин және Е. А. Дмитриев жетекшілігіндегі археологиялық жасақпен Нұраталды-1 кешеніндегі №5-ші қоршауға зерттеу жұмыстары жалғастырылды. Қоршаудың заттық құрал-жабдықтары қызықты: қола пышаққанжар және шотбалта, металл сауыты, бір жарым айналым екі қола салпыншақ, сақина тәрізді ілмелі қола салпыншақ және т. б. Нұраталды-1 қорымына жүргізілген зерттеу жұмыстарының арқасында ертеандронов кезеңінің аса сирек және жарқын материлдары алынды [29] . Нұраталды-2 қорымындағы №2-ші құрылыс қосымша қазылды, алынған материалдар алтын орда кезеңіне жатады [26]
2016 ж. И. А. Кукушкин жетекшілігіндегі Сарыарқа археологиялық экспедициясымен ірі пирамида-сатылы конструкциясы бар кесенесі және перифериялық қоршаулардан тұратын Қаражартас беғазы-дәндібай мәдениетінің жаңа қорымы зерттелді [36] . 2017 ж. А. З. Бейсенов жетекшілігіндегі Ә. Х. Марғұлан ат. археология институтымен ескерткішке қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды.
2017 ж. И. А. Кукушкин жетекшілігіндегі САИ экспедициясымен ертеандронов кезеңінің ескерткіштеріне археологиялық зерттеулер жасалды. Қызылтау қорымы, онда 4 ірі қорған және дөңгелекті атрибутика элементтері бар 3 қоршау зерттелді. Сеңкібай-2 қорымында бір ірі және екі қатарлы құрылыстар, сонымен қатар ерте темір ғасырының қабірлері қазылды [37; 38]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz