ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Байбосын Әли Муратұлы
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР
6М011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
магистр дәрежесін алу үшін жазылған
магистрлік диссертация
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2020
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Филология факультетінің
деканы
А. Б. Бейсенбай
№__ «__»20__ж.
Магистрлік диссертация
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР
Мамандық: 6М011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистрант Ә. М. Байбосын
Ғылыми жетекші Қ. К. Кенжалин РhD докторы, доцент
Кафедра меңгерушісі Қ. Т. Маликов
Нұр-Сұлтан, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ . . . 6
2 ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ . . . 10
2. 1 Ғұрыптық фольклор лексикасына тән ерекшеліктер . . . 10
2. 2 Ғұрыптық фольклор тіліндегі көнерген сөздердің сипаты . . . 15
3 КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ. . 21
3. 1 Отбасылық ғұрыптық фольклорына байланысты көнерген сөздер. . 21
3. 2 Маусымдық ғұрыптық фольклорына қатысты көнерген сөздер . . . 39
3. 3 Діни ғұрыптар фольклорына қатысты көнерген сөздер . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 57
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Ғұрыптық фольклор - халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыртасқан тұрмыс-тіршілігінің, көшпелі рухтың нағыз ерекше көрінісі. Ұлтымыздың сонау ертед дәуірден бергі болмысымыздың айрықша көрінісі осы халық ауыз әдебиеті соның ішінде ғұрыптық фольклор үлгілерінде жақсы сипатталады. Ғұрыптық фольклор үлгілерінде халқымыздың белгілі бір кезеңдегі дүниетанымы, пайым-парасаты көнерген сөздер арқылы сипатталады. Көнерген сөздер - белгілі бір уақыт аралығындағы ұлтымыздың тұрмысы мен тіршілігінен хабардар ететін, бүгінгі күнде тіліміздің пассив қабатына яғни сирек қолданатын сөздер қаитарына жататын, атауы да мағынасы да күңгірт тартқан сөздер қатары. Ғұрыптық фольклорда кездесетін көнерген сөздердің көбісі дерлік отбасылық ғұрыптар, қоғамдық лексика, киім-кешек, ыдыс-аяққа байланысты қолданыстар.
Диссертация тақырыбының өзектілігі . Қазақ тіл білімінде соңғы уақыттарда көбірек зерттеле бастаған антропоцентристік жаңа бағыттағы ізденістердің нәтижесі ұлттың ертедегі тұрмыс-тіршілігінің, бүгінгі күнгі болмысы және ертедегі өмір сүру тәжірибесінің, күнкөру мәдениетінің, өзіндік заттық және де рухани құндылықтарының түрлі тілдік көріністерін сарлап қарастыру өзектілігін арттырды.
Халқымыздың көптеген жылдар бойында жинақтап, саралап, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қолданған тілдік бірліктер бүгінгі уақытта мағынасы күңгірт, көмескіленіп жеткендіктен олардың өзі ерекше бір лексикалық топ құрайды. Ұлттық дүниетаным мен болмысымызды айқындап берер аталмыш сөздердің мағыналық, тарихи даму ерекшеліктеріне, этимологиялық негізіне зер салып үңілетін болсақ, олардың жалпы жұртшылыққа ұғынықты бола бермейтін тұстарын байқап жатамыз. Нақты ғылыми жүйе негізінде қарастырылып, әрі дәлелдер арқылы анықталатын бұл сөздерді бүгінгі халық алдына қайта әкеліп, ұлтымыздың ұлағат болар мұраларын бүтіндеу, тарихи танымымызды түгендеу жұмысымыздың өзектілігі деп білеміз.
Диссертацияның мақсаты мен міндеттері. Зерттеу диссертациямыздың мақсаты - ғұрыптық фольклор лексикасында кездескен көнерген сөздердің мағынасын ашу, тілдің дүниетанымдық қызметін қарастыру. Осы мақсатқа жету жолында келесідей міндеттер қойылады:
- Ғұрыптық фольклор тілінің зерттелуіне шолу жасау;
- Ғұрыптық фольклорда кездескен көнер сөздердің қолданылу аясын қарастыра отырып, мағыналық топтарын саралау;
- Көнерген сөздердің этимологиялық негізін туыстас түркі тілдерімен салыстыра отырып, сол тілдердегі нақты деректерді пайдалана отырып, мағынасы көмескіленген сөздердің табиғатын саралау;
- Қазіргі ткезде мағынасы түсініксіз тілдік бірліктердің этимологиясын талдай отырып, олардың ұлттық сипаттағы қырласын ашу;
- Ғұрыптық фольклор жалпы түркі тілдеріне ортақ тілдік бірліктердің тек өз тілімізде ғана емес, туыс түрк тілдерінде де ұшырасу ерекшеліктеріне тоқталу;
Диссертацияның зерттеу нысаны . Зерттеу нысаны ретінде ғұрыптық фольклорлағы көнерген сөздер алынды.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Ғұрыптық фольклордағы көнерген сөздердің қолданылу сипатын саралай отырып, оның бірнеше семантикалық топтарын анықтадық. Сонымен бірге зерттеу барысында ғұрыптық фольклор лексикасында кездескен көнерген сөздердің мағыналық ерекшеліктерін айқындап көрсетуде түркі тілдерінде кездесетін нұсқаларымен салыстырып қарауға тырыстық.
Диссертацияда қолданылған әдістер. Диссертацияда сипаттама, талдау, жинақтау, тарихи-салыстырмалы, этимологиялық зерттеу әдістерді қолданылды.
Диссертацияның теориялық-әдіснамалық негіздері . Ғұрыптық фольклорға байланысты негізгі ғылыми-зерттеу материалдары, тақырыпқа сай жазылған негізгі ғылыми еңбектер, осы тілдердегі сөздіктер басшылыққа алынды. Көнерген сөздердің этимологиясын анықтау барысында Р. Сыздық «Сөздер сөйлейді», «Қазақ тілінің қысқаща этимологиялық сөздігі», «Древнитюркский словарь», Б. Абылқасымовтың «Телқоңыр» еңбектері пайдаланылды, ал этнолингвистикалық қырларын ашу мақсатында Ә. Қайдар, Н. Уәлиевтің ғылыми еңбектері мен мақалаларын пайдаландық.
Жұмыстың талқылануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен материалдары бойынша «Қару-жарақ атауларына байланысты көнерген сөздер» Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің хабаршысында ІSSN 1608-2206, филология сериясы №3 2019, 143 бет (55-59 бет) жарияланды.
Диссертацияның құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспе және үш тараудан қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімі, шартты қықартулар тізімі, сөздіктер тізімі берілді.
1 ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР ҮЛГІЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Фольклор - жер бетіндегі барлық халықтардың ұлттық мәдениет атаулының қайнар бұлағы, дәстүрлі дүниетанымының негізгі қоры, тарихи жадының, рухани болмысының айнасы. Қай заманда, қай кезеңде болмасын қазақ ұлтының жанына медеу, рухына сүйеу болып келген алтын өзегі, оның телегей-теңіз мол мұрасы - фольелор. Ұлттың ежелгі дүниетанымын саралауда, рухани әлемі мен өмір салтын бағамдауда одан өткен, құнды да құнарлы дерек көзі жоқ.
Ғұрыптық фольклор үлгілері - қазақ халқының рухани және әлеуметтік өмірінде маңызды роль атқарды. Олар жанры жағынан да, түрі жағынан да аса бай мұра, қазақи салтқа қатысты ұшан теңіз өлең-жырларының бір түрі, отбасының айнымас бөлігі. Ғұрыптық фольклор үлгілерінің сан түрлі ұасиеті оның көркемдік эстетикалық бітімінде ғана емес, белгілі-бір әдет-ғұрыптарды атқару әрекетімен, халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігімен де етене жақын болуында. Олардың орындалу барысындағы негізгі мақсат түрлі әдет-ғұрып, салт-кәдені атқару барысында осы оқиғаға қатысушылардың көзқарасын білдіру. Мысалы, ұзатылу тойында айтылатын «Жар-жар» жыры арқылы қалыңдық өз сезімін, ойын білдіре алады. Ғұрыптық фольклор жырларында халық өмірімен байланысты этнографиялық аспектілер де тиісінше ескеріледі. Халықтың отбасылық қарым-қатынасынан, салт-дәстүрлерден, жасаған тағам түрлерінен, киім кию үлгісінен ұлттық психикалық құрылымдар ерекшелігі байқалады.
Қазақ фольклорының жанрлық құрамының көп тоғысыты, сан тарау алып арна екені белгілі. Осы ұлы арнаның үлкен бір саласы - отбасылық ғұрып фольклоры. Отбасылық ғұрып фольклорының жүйелі түрде қарастырылып зерттеле бастауы өткен ғасырға сай келеді. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың соңына дейінгі аралықта хатқа түскен П. И. Рычков, И. Г. Георги, П. С. Паллас, А. И. Левшин еңбектеріндегі материалдар, негізінен, этнографиялық бағытта болды. Фольклорлық мәтіннің хатқа түсіп, зерттеле бастаған уақыты ХІХ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Олардың басында Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, М. Ж. Көпеев сынды зерттеушілер тұрады. Аталмыш ғалымдардың еңбектерінде ғұрыптық фольклорға арнайы айдар тағып қарастырылмаса да, жекелеген жанрлық түрлері жайында құнды деректер баршылық. ХХ ғасырдың басында қазақ ғалымдары А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабаев бастаған алаш арыстары қазақ фольклортану ғылымын жаңа бір сатыға көтерді.
Кеңес өкіметі тұсында М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин еңбектерінде бірсыпыра зерттелді. Ә. Марғұланның, Ә. Қоңыратбаевтың, Е. Тұрсыновтың, Б. Абылқасымовтың, Ш. Ыбыраев секілді фольклортанушы ғалымдардың еңбектерінде, Н. Төреқұлов, Г. Болатова сияқты ғалымдарымыздың диссертациялық жұмыстарында, отбасылық ғұрып фольклорына қатысты біршама қадау ойлар мен фольклор теориясына қатысты ойлар баршылық.
Тілдік тұрғыда қазақ фольклолық мәтіндердің лексика-семантикалық, этнолингвистикалық, тарихи-этимологиялық, жалпы лексикасына Ә. Қайдаровтың, Е. Жұбанов пен А. Ибатовтың, Б. Қарағұлова, А. Мұқатаеваның еңбектері арналды.
Қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми жүиеге келтіріп, іргелі зерттеген ғалымдардың бірі А. Байтұрсынұлы өзінің «Әдебиет танытқышында» қазақ фольклорын «Сауықтама» және «Сарындама» деп екі үлкен топқа бөледі [1, 251-б] . Бұл бөлініс бүгінгі түсінікте «көркем фольклор» және «ғұрыптық фольклор» деген саралауға сай келеді. «Сарындама» саласын «салт сөзі», «ғұрып сөзі», «қалып сөзі» деп тағы үшке бөледі. Осның ішінде «ғұрып сөзі» мен «қалып сөзіне» жатқызылған шығармалар таза ғұрыппен байланысты. А. Байтұрсынұлы отбасылық ғұрып фольклорын «ғұрып сөзі» деген бөлімге жинайды да, оған жар-жар, некеқияр, той бастар, жарапазан, беташар, жоқтау, бата сияқты жанрлық түрлерді топтайды. Мұндағы жарапазаннан басқасы, негізінен, қазіргі топтастыруға жақын келеді. Ғалым ғұрып сөзі деп ғұрып бойынша жасалатын істерге қатысты сөздер деп айтады [1, 251-б. ] - деген анықтамасына қарағанда «ғұрып» сөзі орыс тілінің «обряд» терминінің баламасы ретінде қолданғанын аңғаруға болады.
А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышынан» кейін шыққан зерттеу еңбектердің бірі - М. Әуезовтың «Әдебиет тарихы» атты еңбегінің бірінші бөлімі ғұрыптық фольклорға арналған.
М. Әуезов қазақ фольклорын алты салаға жіктей келіп оның алғашқысына «Сыршылдық салт өлеңдері» деген айдар тағады. Аталмыш бөлімге қамтылған материалдар мазмұнына назар салсақ, ғалым, «сыршылдық» сөзін «лириканың» баламасына алғанын байқауға болады. Ал салт сөзі «ғұрып» сөзінің орнына жүрген. Бұл бөлімде ғұрыптық фольклорға жататын жанрлық түрлер талданады. «Сыршылдық салт өлеңдерді» М. Әуезов:
1. Жалпақ елдің салтымен байланысқан шер өлеңдер.
2. Дін салты мен ұғымнан туған өлеңдер.
3. Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері, - деп үшке бөледі [2, 22-б] .
Қазақ фолькортану ғылымындағы бұдан кейінгі еңбек араға біраз жылдар салып, 1932 жылы С. Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Аталмыш еңбекте автор қазақ әдебиеті жайында бірдеңе жазу, «ескі халық әдебиетін» түгендеп құрастырып, жинастыру аса қажет екендігі соңғы жылдарда тым қатты білінді. Былтығы жылдан бері, қазақ әдебиеті туралы бірдеме жазу, «елдің ескі әдебиетін» жинастыру міндеттей көрініп, осы бір іске кірістім [3, 7-б] деп жазуы сондықтан. Аталмыш бұл зерттеудің осыған дейінгі еңбектерден айырмашылығы әдебиет тарихына таптық тұрғыдан келуі. С. Сейфуллин отбасылық ғұрып жырларын «Той бастар», «Жар-жар», «Сыңсыма», «Жұбату мен үгіт», «Бет ашар», «Айт келін», «Бесік жыры», «Қоштасу мен өсиет өлеңдер», «Естірту, көңіл айту, жоқтау» - деп бөліп қарастырады.
Отбасылық ғұрып фольклоры осыдан кейінгі еңбектердің әрбірінде жеке сала ретінде қарастырылып келді. 1948 жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихының тиісті тарауын жазған Б. Кенжебаев, еңбегінен сол кезеңдегі фольклортанудың даму деңгейіне лайықты дерек аламыз. Өткен ғасырдың аяғында фольклортану ғылым саласына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдардың бірі М. Ғабдулиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деп аталатын оқулығында отбасылық ғұрып фольклорына арнайы орын берген. Ғалым бесік жырынан бастап жоқтауға дейінгі жанрлық түрлерді кеңінен қарастыра отырып, сол кезеңге дейінгі айтылған ғылыми пікірлерді қорыта отырып, жоғарғы оқу орны студенттеріне ұсынады.
Халықтың бүкіл тыныс-тіршілігімен ұштасып жатқан фольклордың синкретті сипаты жайды айтқанда, оның этнографиялық тұрғыдан зерттелу өрісінен алшақ кете алмаймыз. Халықтың ескілік мұрасын жинау, зерделену ісінің алғашқы кезеңінде этнографиялық материалдар мен фольклорлық шығармалардың ара жігі ажырамаған. Мұндай жағдай, әсіресе, ғұрыптық фольклорға тікелей қатысты. «Халық ауыз әдебиетін этнографияға сүйенбей зерттеп қарастыру мүмкін емес. Этнографиялық ақпараттарды пайдалану жанрлардың шығу тегін анықтау үшін ғана қажет емес. Сонымен бірге этнография фольклорлық жанрлардың ерте кездегі сипатын, алғашқы даму жолдарын зқарастыруда аса пайдалы. Өйткені, сюжеттер мен мотивтердің, жанрлардың да пайда болуы ғана емес, сонымен қатар, олардың өмір сүруі мен өзгеру, даму жолдары да тұрмыспен, болмыспен тікелей байланысты [4, 12-б] - деп академик С. А. Қасқабасов атап көрсеткендей, ғұрыптық фольклор табиғаты оның этнографиялық астарынсыз терең сараланбайды. Сол сияқты, этнограф ғалымдар да отбасы ғұрыптарын саралауда фольклорлық материалдарын аттап кете алмайды.
Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ отбасын барынша қаузай жазып, нәижелі еңбек еткен этнограф ғалымның бірі де, бірегейі - Х. Арғынбаев. Оның «Қазақ халқындағы отбасы мен неке» [5, 328-б] атты монографиясын сол кезеңге дейінгі қазақ отбасы жөнінде жинақталған материалдарды қорыта отырып жаңа материалдармен толықтырып, ғылымның кезеңдік жетістігі тұрғысынан саралаған қазақ этнография ғылымындағы айтарлықтай бағалы еңбек болды. Бұл жердегі қазақ отбасына қатысты аса мол деректік материалдар мен ғылыми пайымдарды алмағанда, фолькорлық шығармаларға да молынан орын берілген.
Фольклордың синкреттілік құрылымының асыл арнасының бірі - саз, музыка екендігі белгілі. Яғни, фольклорлық шығармалардың көпшілігі, отбасылық ғұрып фольклоры түгелге жуық белгілі әуенмен, сазбен орындалады. Сондықтан оған деген музыкатанушылардың ықыласы да алабөтен. Халық музыкасының жиналуы мен зерттелуінде де, ең алдымен, орыс зерттеушілерінің еңбегі зор болды. Олардың қатарында И. Д Добровольский, С. Г. Рыбаков, А. Эйхгорн, Г. З. Гизлер, Бимбос сияқты халық лирикасының әуендерін алғаш хатқа түсіріп, ол туралы азды-көпті пікір айтқан музыка мамандарының есімдерін құрметпен атаған жөн. Олардың ішіндегі, ерекше құрметке ие еңбек - А. В. Затаевичтікі. Оның «Қазақ халқының 1000 әні» мен «Қазақтың 500 ән мен күйі деп аталатын екі томдық еңбегі қазақ халық музыкасына қойылған мәңгі ескерткіш болды. Бірақ бұлардың барлығында отбасылық ғұрып фольклорына қатысты жазбалар кездесе бермейді. Оның үстіне олардың басым көпшілігінің ноталары болғанмен мәтіндер жазылмаған [75, 41-42-б] .
Қорыта келгенде, қазақ отбасылық ғұрып фольклорының жиналу, зерттелу, жариялану ісі тереңнен бастау алатын, өзіне тән тарихы, белесі бар фольклортану ғылымы ғана емес, этнография, музыкатану, өнертану, этнолингвистика ғылымдары да әр тұсынан зерттеп келе жатқанын көреміз. Сонымен қатар оның өрісі, Қазақстанмен ғана шектеліп қалмай, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия Халыық Республикасы, Өзбекстан сынды елдерде тұратын диаспоралар аясына да кең қанат жайған, ауқымы кең сала.
2 ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
2. 1 Ғұрыптық фольклор лексикасына тән ерекшеліктер
Ғұрыптық фольклор жырларының лексикалық жүйесі бүгінгі әдеби тіл нормасына жақын болғанымен, кейбір одан алшақтау тұратын тілдік бірліктер көптеп кездеседі. Экономикалық және мәдени қоғамдық қатынастардың өзгеріп дамуымен бірге сөздік қор да өз қажетінше өзгеріп, жаңа мәнге ие болуы мүмкін немесе кейбір тілдік элементтер тілдік қолданыстан шығып, көнерген сөздер қатарынан орын алып жатады. Аталмыш ерекшеліктерге назар аудару халық ауыз әдебиеті қорындағы сөздер қатарын жалпы ұлттық сипатқа ие болу көрсеткішін сонымен қатар қазақ әдеби тілінің негізі ретіндегі өз орнын айқындауға негіз болады.
Қазақ халқының өмір сүруінің сан ғасырлық тарихы ана тілімен өте тығыз байланысты. Мәселен, үйлену тойы, құда түсу рәсімдері, ас беру, басқа да көптеген әдет-ғұрып ұлттық дәстүрге қатысты үлгілерінің атаулары тілде сақталмай қалса, онда рухани мәдениет үлгілерінің мазмұны да кеми бермек [6, 162-б] .
Кеңес өкіметі дәуірінде М. Ғабдуллин, М. Әуезов, Б. Уахатов, С. Сейфуллин, М. Сильченко еңбектерінде бірсарында зерттеліп қарастырылды. Сонымен қоса Ә. Марғұланның, Ә. Қоңыратбаевтың, Е. Тұрсыновтың, Б. Абылқасымовтың, Ш. Ыбыраев сынды фольклортанушы ғалымдардың еңбегінде, Н. Матыжанов, Н. Төреқұлов, Г. Болатова сияқты ғалымдардың диссертацияларында фольклор теориясына, отбасылық ғұрып фольклорына қатысты біршама тиянақты ойлар баршылық. Жоғарыдағы аталмыш ғалымдар фольклор жанрының жалпытипологиялық жағын ескере отырып, ғұрыптық фольклор шығармаларын әр тұрғыда топтастырып қарастырған. Қазақ тіл білімінде қазақ фольклорлық мәтіндердің жалпы лексикасына тарихи-этимологиялық, этнолингвистикалық, лексика-семантикалық аспектілеріне академик Ә. Т. Қайдаровтың, Е. Жұбанов пен А. Ибатовтың, А. Мұқатаева, Б. Қарағұлованың еңбектерінде қарастырылған.
«Ұлттық ерекшелік», «халықтық рух», «этнос болмысы» деген ұғым-түсініктер ежелгі антикалық дәуірдегі еңбектерде-ақ бой көрініс тауып, еуропа және шығыс ғалымдарының жазбаларында көрініс тапты. В. фон Гумбольдт ХІХ ғасырда «ұлттық дүниетаным» және «ұлттық болмыс» түсініктерін тілде көрініс табатынын алғашқылардың бірі болып жазған еді. Ғалым былай дейді: «Среди всех проявлений, посредством которых познается дух и характер народа, только язык и способен выразить самые своеобразные черты народного духа и характера и проникнуть в их сокравенные тайны» [7, 47-б] . Ғалым В. Ф. Гумбольдттың тілдің «ұлттық рух» идеясысын Э. Сепир, Л. Вайсбергер Э. Уорф, сынды ғалымдардың еңбектерінде өз жалғасын тапты. Тіл біліміндегі жаңа бағыттар: этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, т. б. салаларының қалыптасып, дамуына зор ықпал жасады. Ұлттық тілді халықтың мәдениетімен, жан ілімімен, ой танымымен, тарихымен біріктіре қарау мәселесіне ХХ ғасырдың бірінші жартысынан кейін американдық Ф. Боас, Б. Уорф, ағылшындық Л. Р. Пальмер, швециялық ғалым Ф. Соссюр, польшалық В. Малиновский, т. б. ғалымдардың қосқан үлесінің нәтижесінде этнолингвистика ғылым саласы жеке ғылымға айналды. Этнолингвистика орыс тіл білімінде қалыптасуы А. А. Потебня еңбектерімен етене байланысты. Ресейдің этнолингвист ғалымдары Н. И. Толстой, В. Н. Топоров, В. В. Ивановтардың еңбектеріндегі тұжырымдар бойынша «этнолингвистика - көне тілді зерттеуші байырғы халық тілі мен жергілікті халық тілінен негіздеуді дәстүрге айналдырған».
Этнолингвистика - халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салты мен этногенезін, мекен-жайын, басқа ұлттармен тарихи-мәдени қатынасын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін, рухани және материалдық мәдениетін зерттейтін тіл білімінің саласы [8, 5-б] . Ғалым М. М. Копыленко қазақ тіл біліміндегі академик Ә. Қайдар бастаған этнолингвистикалық мектептің даму бағытына тоқтала келе, «Этнолингвистика негіздері» атты еңбегінде былай дейді: «Бұл бағыт этносты тіл айнасында тануға үйретеді. Бұл жерде пәндер байланысы жоқ, себебі тіл талдаудың негізгі және тікелей пәнімен берілген; этнология, тарих, мәдениеттану және басқа да лингвистикалық емес пәндер қосымша пән ретінде тартылады» [9, 17-б] . Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ғылым саласының қалыптасуы мен дамуында аса маңызы бар, осы бір тіл білімі саласын зерттеу бағыты мен нысанын айқындаған академик Ә. Т. Қайдардың «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» атты зерттеу еңбегі, өзінің теориялық және бай этнографиялық материалымен, этимологиялық талдауларымен ерекшеленетін профессор Е. Жанпейісовтің еңбектерінің, қазіргі қолданыста жоқ, мағынасын жете түсіне бермейтін эпостар немесе ақын-жыраулар тілінде қолданылған ескіліктерді «сөйлеткен» академик Р. Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» еңбегінің, Ж. Манкееваның ана тіліміздің заттық мәдениетке қатысты ұшан-теңіз қазынасының тілдік табиғатын танытқан «Мәдени лексиканың ұлттық сипаты» атты еңбегінің қазақ этнолингвистика ғылым саласында алатын орны ерекше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz