АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
Магистрлік жұмыс
Ақтөбе облысына күштеп жер аударылған және арнайы қоныстандырылған халықтар: тарихы мен тағдыры (1930-1950 жж.)
Қошан Б.А.
Ақтөбе 2023
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
АОМА
Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві
БМСБ
Біріккен мемлекеттік саяси басқарма
МҚК
Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті
ҰОС
Ұлы Отан соғысы
ІІХК
Ішкі істер халық комиссариаты
КСРО
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
І. 1930-1950 ЖЖ. КСРО-ДА ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ 10
1.1. Депортацияның себептері. 10
1.2. Депортацияның сипаты, барысы 13
ІІ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР 15
2.2. ҰОС-на дейінгі жылдарда күштеп жер аударылғандар 15
2.2. ҰОС жылдарында күштеп жер аударылғандар 20
ҚОРЫТЫНДЫ 21
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер: 23
КІРІСПЕ
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі. Депортация немесе күштеп қоныс аудару мемлекет тарапынан қолданылатын репрессиялық саясаттың бір формасы. ХХ ғасырдың 30-50 жылдары КСРО-ның билігінде И.В.Сталин болған кезең жаппай қуғын-сүргін, адамдарды мәжбүрлеу саясаты жүргізілгендігімен сипатталады. Сталин құрған тоталитарлық жүйе жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас халықтардың тағдырын түбегейлі өзгертті. КСРО аумағындағы азшылық халықтар әртүрлі жалған жала, негізсіз айыптардың құрбаны болып, өзінің ғасырлар бойы тұрып жатқан атақоныс жерлерінен күштеп қоныс аудартуға ұшырады. Халықтарды күштеп қоныс аудару, көптеген адамдардың өміріне ауыр зардаптарын тигізді. Күштеп қоныс аудару кезінде вагондарда немесе қоныс аударған жеріндегі тиісті жағдайлардың жоқтығынан ауруға ұшырап қаза болды. Күштеп қоныс аударылғандар жаңа ортада дискриминацияға, дүние-мүліктері тәркіленіп кедейлікке ұшырады. Көп жағдайда олардың құқықтары сақтала бермеді.
Тоталитарлық жүйенің құрбанына айналған ұлттардың тағдырын зерттеу Отандық тарих ғылымында өзектілігін жойған емес. Күштеп қоныс аударған халықтардың тарихын кешенді зерттеуді қажет етеді. Зерттеліп отырған тақырып елдегі этнодемографиялық ахуалдың өзгеруі, лагерлік экономиканың қалыптасуы, репрессиялық саясатпен тығыз байланысты. Халықтарды тұрғылықты жерінен қуғындау КСРО-да ХХ ғасырдың 20 жылдарында-ақ басталған. Бастапқыда ол әлеуметтік тұрғыдан көрініс тапты. Оған мысал ретінде байларды, орта тап өкілдерін, дін өкілдерін кәмпескелеп, жер аудару жұмыстарын жүргізгенін айтсақ болады. Ұлы Отан соғысының қарсаңында және Ұлы Отан соғысы жылдарында тұрғындарды қудалау ұлттық сипатқа ауысты. Соғысқа дейінгі кезеңде корейтер, украиндар, күрдтер т.б. ұлт өкілдері күштеп көшірілді. Соғыс жылдарында неміс, қалмақ, шешен т.б. ұлттарды күштеп жер аудару жалғасын тапты. 2020 жылы 24 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұл әлі де болса қуғын-сүргін құрбандарының толық ақталмағандығын, олар туралы зерттеу жұмыстары қажет екендігін көрсетеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты. Архив деректері және бұған дейін өзге авторлар жазған еңбектердің негізінде Ақтөбе өңіріне күштеп қоныстандырылған халықтардың тарихын жазу. Зерттеу жұмысының барсында қойылған міндет тақырыпқа кешенді талдаулар жасау. Атап айтқанда:
Күштеп қоныстандыру саясатының Ақтөбе облысы аумағындағы этнодемографиялық ахуалға әсері;
Күштеп қоныстандыру саясатының экономикаға әсері;
Күштеп қоныстандыру саясатына ұшыраған халықтардың бүгінгі күнгі жағдайы. Еліміздегі олардың орны.
Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістері: Ғылыми зерттеу жұмысының барысында архивтік құжаттар, сонымен қатар кітапханаларда әдебиеттермен жұмыс жасалды. Тақырыптың өзекті тұстарын анықтау, архив деректері мен сол кезеңде өмір сүрген адамдардың мемуарларын талдау әдістері қолданылды. Қазақстан халқы ассамблеясының Ақтөбе облысындағы филиалы арқылы ұлт өкілдерімен сұхбаттасу жасалды. Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінде, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасында, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада болдым. Сонымен қатар қазіргі заманның берген мүмкіндігі электронды ресурстарды да белсенді қолдандым. Атап айтсақ Kazneb.kz сайты Қазақстан аумағындағы көптеген кітапханалардың қорындағы кітаптарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. ҚР Президентінің архивінің ресми archive.president.kz сайтында бірқатар ресурстар қолжетімді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тарихнамасы. Кеңестік тарихнамада депортацияға ұшыраған халықтардың тарихына қатысты шындық көп жағдайда ашылмады. Оған сол кезеңдегі компартияның жүргізген идеологиясы мүмкіндік бермеді. Кеңестік тарихшылар арасында депортацияланған халықтардың тарихын зерттеуге қызығушылық білдіргендер аз болмады. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңы, 60-шы жылдарының басында КСРО-да орын алған жылымық кезеңінде бірқатар тарихшылар, күштеп қоныс аударуға байланысты жергілікті архив құжаттарының негізінде диссертациялар жаза бастады, бұл диссертациялар Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар залында сақтаулы [1, 14 бет]. Арнайы қоныс аударушылар туралы алғаш 1964 жылы А.Дудаевтың диссертациясында айтылды. Бұл тақырыпта диссертация қорғаған алғашқылардың бірі ретінде Х.Хутуевті атап өтуге болады. Ол Балқар халқының Ұлы Отан соғысы кезіндегі және одан кейінгі тарихы туралы жазған диссертациясында, Қабарда-Балқар АКСР, Қазақстан, Қырғызстан партиялық, ведомствалық, мемлекеттік архивтерінің және КСРО қорғаныс министрлігінің архив құжаттарын қолданған [1, 15 бет].
1978 жылы А.Некричтің Нью Йорк қаласында шыққан Наказанные народы еңбегі КСРО аумағында күштеп қоныс аударылған халықтардың тарихына қатысты баспадан шыққан алғашқы іргелі еңбектердің бірі. Автор еңбегінде Қырым татарларының, қалмақтардың, немістердің, солтүстік Кавказ халықтарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тағдыры туралы жазылған. Оның тұжырымы бойынша депортация соғыс уақытында болған кездейсоқ әрекет емес, соғысқа дейін және соғыстан кейін жүйелі түрде жүргізілген әрекет.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе іргесінің сөгіле бастауы, тарихшыларға Сталин заманындағы қуғын-сүргін тарихын қайта қарауға мүмкіндік берді. Қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың жаңа кезеңінде депортацияланған халықтар тарихының ақиқатын ашуға кірісті. Ресейлік тарихшылар В.Земсков пен Н.Бугайдың еңбектерінде депортацияға ұшыраған жеке халықтардың тарихы көрініс тапты. В.Земсков 1940-1945 жылдары арнайы еңбекке жегілгендер саны мен олардың Қазақстан аумағында орналасуы туралы мәліметтер келтіреді. Н.Бугай өз еңбектерінде алғаш рет ғылыми айналымға арнайы папкалар деп аталатын архив материалдарының жаңа циклын -- Еділ бойы немістерінің, сондай-ақ Кавказ, Грузия, Қырым халықтарының депортациялануымен байланысты Берия мен Сталиннің жеке келіссөздері мен хат-хабарларын қосады. Депортация ауқымы, мәжбүрлі еңбектің күрделі жүйесі, арнайы қоныс аударылғандардың жағдайы, олардың құқықтық мәртебесі де көрсетілген [2, 103 бет].
Отандық тарихнамада депортацияланған халықтар туралы алғаш айтқан белгілі ғалым, тарихшы М.Қозыбаев болды. 1992 жылы шыққан 10 классқа арналған Қазақстан тарихы оқулығында алғаш рет Қазақстан аумағына күштеп қоныс аударған халықтар туралы айтылды. Ал Қазақстан тарихы бойынша хрестоматияда депортацияланған халықтардың трагедиясы туралы құжаттар сериясы жарық көрді [3, 5 бет]. Депортацияға ұшыраған халықтардың тарихын жазып жүрген Отандық тарихшылардың бірі Қ. Алдажұманов пен Е.Алдажұманов. Олардың Депортация народов -- преступление тоталитарного режима атты еңбегінде Қазақстан аумағында депортацияланған халықтардың саны туралы деректер келтірілген. Әйтсе де осы тақырыпта көлемді еңбектер жазып жүрген М.Калыбекова аталған еңбекте Балтық елдерінен, батыс Украина, батыс Белоруссия сияқты өңірлерден қоныстандырылған халықтар тарихшылардың назарынан тыс қалғанын айтады [2, 106 бет].
Күштеп қоныс аударылған халықтардың құқықтық мәселесі туралы академик М. Баймаханов мақалаларында жазылды [4, 75-76 беттер]. Автордың 90 жылдардың соңында жариялаған мақалаларында халықтарды күштеп қоныстандыру саясаты бірқатар сатылар мен кезеңдерден өткендігін атап көрсетеді. Алғашында депортация жекелеген тұлғаларға жүргізілді. Кейін партия мүшелері мен ұйымдар қудалана бастады. Осыдан кейін ғана жекелеген ұлттарды қуғындау басталды. Депортацияның қорытынды шыңы соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі кезеңдегі заңды актыларымен қорытындыланды деп көрсетеді. КСРО жекелеген тұлғаларды және тұтас ұлттарды тұрғылықты жерінен күштеп көшіруге қатысты заңдар мен бұйрықтарға баға бере отырып, автор құқықтық тұрғыдан бұл құжаттардың сын көтермейтінін айтады. КСРО аумағындағы көптеген аз санды ұлттардың автономияларын тарату құқығы КСРО конституциясында, КСРО жоғары органдарына да, РКСФР жоғары органдарына да берілмегендігін, КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумы конституциялық өкілеттілігін асыра пайдаланғанын көрсетеді.
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы, күштеп қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың тарихын зерттеуге тың серпін берді. Қазақстан аумағына депортацияланған халықтардың арасынан шыққан өкілдері, өздерінің тарихы мен өрбіген тағдырына байланысты зерттеу жинақтарын, кітаптарын басып шығара бастады. 1998 жылы "Арыс" Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауым мұрасын зерттеу қоры, Отандық тарихшы, саясаттанушы, әлеуметтанушы мамандарының қатысуымен Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы жинағын шығарды. Аталған жинақта өңірлердегі депортацияланған халықтардың тағдыры, жергілікті халықпен өзара байланысы және өзге де мәселелер қарастырылды [3, 6 бет].
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы, күштеп қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың тарихын зерттеуге тың серпін берді. Қазақстан аумағына депортацияланған халықтардың арасынан шыққан өкілдері, өздерінің тарихы мен өрбіген тағдырына байланысты зерттеу жинақтарын, кітаптарын басып шығара бастады.
Қазақстан корейлерінің тарихының тарихнамасы 80-жылдардың ортасына дейін, Қазақстанға депортацияланған өзге ұлт өкілдеріне қарағанда салыстырмалы түрде жақсы қалыптасты. Алайда, 1991 жылға дейін республикадағы корейтер мәселесі бойынша жалғыз маман Ким Сон Хва болды, ол өзінің Очерки истории советских корейцев атты еңбегінде алғаш рет кеңестік корейтер тарихын жүйелі түрде зерттейді. Одан кейін Г.Кимнің Корейцы в братской семье народов Казахстана, Социально-культурное развитие корейцев Казахстана: научно-аналитический обзор, К историографии развития духовной культуры корейцев Казахстана атты еңбектері жарық көрді.
30-шы жылдары Қазақстанға тұтас халықтарды күштеп қоныс аударумен байланысты фактілерді келтіру жағынан, корей авторларының "Белая книга о депортации корейского населения России в 30 - 40-х годах" ұжымдық жұмысын ерекше атап өтуге болады. Бұл ғылыми-деректі басылымда бірегей құжаттар жарияланды. Олар Қиыр Шығыс өлкесінің аумағынан корейлерді мәжбүрлеп көшіру әдістері, оларды шығару орындарында тұрмыстық және тұрмыстық орналастыру туралы нақты материалдар береді. Бұл жұмыста алғаш рет корейтерді күштеп көшіру үшін негіз болған құжат жарияланады.
Сонымен қатар Қазақстан аумағына күштеп қоныстандырылған халықтардың ішінде тарихы жақсы зерттелген ұлттардың бірі немістер. Қазақстандағы немістердің тарихы негізінен мақалалар мен брошюралар түрінде ұсынылған. Бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалған, деректі жинақтар жарық көрген. Неміс тілінде К. Эрлихтің Живое наследие монографиясы жарық көрді. Соңғы жылдары аймақтық деңгейде Л.А. Будгарт проблемаға өте жемісті қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстан немістері туралы көптеген ғылыми-зерттеу мақалалары мен жарияланымдары белгілі, олардың ішінде История российских немцев в документах (1763 - 1992 гг.); Э. Кригер, А. Фризен Из истории советских немцев ; М.П. Лайгер Социально-культурное развитие немцев Казахстана: научно-аналитический обзор, Судьба немцев СССР на переломных этапах истории еңбектерін атап өтуге болады. Сонымен бірге, неміс диаспорасын зерттеуге ғылыми конференциялардың тұрақты түрде өткізілуі үлкен серпін береді.
Соңғы жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде М.Қалыбекованың Науқанды заман: қазақ жеріне халықтарды депортациялау тарихы (1937-1956жж.) монографиясын атап өту керек. 7 бөлімнен тұратын монграфиялық еңбекте Қазақстан жеріне депортацияланған халықтар туралы, архив материалдарының негізінде кешенді талдау жасалған. Автор депортацияның себептері, салдары, депортацияның салдарынан Қазақстан аумағында қалыптасқан демографиялық ахуал жөнінде оқырманға ақпарат береді.
2020 жылы 24 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, аймақтарда жұмыстар жанданды. Жергілікті тарихшылар, университетте оқып жүрген магистранттар мен докторанттардың жұмылдыруымен облыстық, аудандық архивтерден ақтаңдақтарға қатысты материалдар жинақталды. 2021-2022 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия 2 томдық Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы жинағын жариялады. Аталған жинақтың бірінші томында жарияланған, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Р. Насыровтың Судьбы спецпереселенцев в Казахстане в 20-30-е году. ХХ в.(на примере данных по Актюбинскому округу с 1929 по 1937 гг мақаласында Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінен жинақталған материалдары негізінде, Украина мен ішкі Ресей жерінен кулак ретінде айдалып келген арнайы қоныстанушылар туралы жазады. КСРО алғаш құрылған кезде қалыптасқан кулак тобына қатыста анықтамалар беріліп, Ақтөбе жеріне айдалып келген кулактарға тағайындалған жазалар ақпарат береді. Осы жинақта күштеп көшірілгендерге қатысты тағы бір мақала, тарих ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, А. Әлібектің Батыс Қазақстан аймағына күштеп қоныстандырылғандар мақаласында жазылған. Автор мақаласында батыс Қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылған корейлер, немістер, поляктар т.б. ұлттарға қатысты деректерді жариялаған.
Сондай-ақ 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні сияқты атаулы даталарға орай жергілікті БАҚ беттерінен Ақтөбе жеріне күштеп қоныс аударылған жандар мен олардың ұрпақтарымен сұхбаттар, естеліктер жиі жарияланып тұрады.
Жалпы алғанда Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударылған халықтардың тарихына зерттеуші ғалымдар тарапынан қызығушылықтар болса да, бірқатар мәселелердің әлі күнге дейін толық ашылмағанын байқауға болады. Әсіресе Ақтөбе облысына күштеп қоныстандырылған халықтардың тарихына қатысты кешенді, көлемді еңбектердің жоқтығын аңғардым. Депортация мәселелерінің жеткілікті түрде зерттелмегенін М.Қалыбекова өзінің монографиясында келесідей мәселелерді көрсетеді: арнайы қоныстанушылар таратылған аудандардың ұлттық және әлеуметтік құрамының өзгеруіне әсері, олардың еңбек армиясы ретінде ел экономикасын көтерудегі рөлі жеткілікті ашылмағанын, оларға медициналық қызмет көрсету, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға әсері сияқты мәселелер бұған дейін тіпті қозғалмағанына тоқталады [5, 23 бет].
Ғылыми-зерттеу жұмысының деректік негізі. Магистрлік жұмысқа негізінен Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің қорындағы құжаттар қолданылды. Архив қорымен жұмыс істеу барысында жөнсілтер, картотека қолданылды. Құжаттарды жылдар бойынша және ұлттар бойынша сұрыптау жұмыстарын жүргіздім. Арнайы қоныстанушылар туралы архив құжаттары негізінен 13 қорда сақталған. Сонымен қатар 30, 85 қорларда да арнайы қоныстанушылар туралы құжаттар сақталған. Құжаттардың хронологиясы 1936-1956 жылдарды қамтиды. Сондай-ақ ҚР Президент архиві 2012-2019 жылдары шығарған Из истории депортаций Казахстан атты 3 томдық құжаттар жинағы қолданылды.
Ғылыми-зерттеу жұмысының хронологиясы ХХ ғасырдың 30-50 жж. аралығын қамтиды.
Ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, екі тараудан, төрт тараушадан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
І. 1930-1950 ЖЖ. КСРО-ДА ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ
1.1. Депортацияның себептері.
Депортация немесе күштеп қоныстандыру - саяси репрессияның бір формасы. Латынның deportatio сөзі қазақ тіліне аударғанда шығару, қуғындау деген мағынаны білдіреді. Алғаш термин ретінде XVII-XVIII ғғ. Францияның қылмыстық заңнамасында пайда болды. Депортация көбіне тоталитарлық жүйе үстемдік құрған елдерде орын алады.
ХХ ғасырдың 30-50 жылдары КСРО-да орын алған тоталитарлық жүйе тікелей Сталиннің есімімен тығыз байланысты. Лениннің Ресей халықтар түрмесі деп атаған сөзі, кейінгі КСРО-ға да қатысты болды десек артық айтпағандық болар. КСРО-да халықтарды күштеп қоныстандыру саясатының себептері тарихшылар арасында ұзақ жылдардан бері қойылса да, аталған сұраққа толыққанды жауап берілген жоқ. Десе де бұған дейін тарихшылар арасында Ресей тарихшысы, 1917-1954 жылдардағы КСРО-дағы саяси қуғын-сүргінді зерттеуші В. Земсков бірқатар аз халықтарды депортациялау кеңес қоғамындағы ассимиляциялық процестерді жеделдету мақсатына айқын қызмет етті. Бұл аз халықтарды көбірек ассимиляциялау арқылы болашақта жоюдың мақсатты саясаты болды деп санайды.
А. Бугаев, А.Некрич, А. Авторханов секілді т.б. ғалымдар тобы Кавказ жерін жергілікті халықтардан босатып, күштеп қоныстандыру саясатының артында Сталиннің Кавказды соғыстан кейін Түркия мен Иранға қарсы сенімді плацдармға айналдыру үшін жоспарланған экспансиялық саясаты жатыр деп есептейді.
Кеңестік және ресейлік тарихыш Н. Бугай КСРО-да халықтарды күштеп қоныстандыру саясатының себебін соғыс болып жатқан аймақтарда фашизм жағына шығып кетуі, соғыс жүріп жатқан этноспен туыстас болуы, этномәдени жақындығы жекелеген этникалық топтардың сатқындық жасауының гипотетикалық мүмкіндігінен көреді.
Кеңес Одағында 1930-1950 жылдары жүргізілген депортация саясаты ел тарихындағы ең қараңғы тараулардың бірі болып табылады. Бұл жан-жақты талдау шешім қабылдау процестерін қалыптастырған саяси, әлеуметтік және экономикалық факторларды зерттей отырып, осы саясаттың көп қырлы себептерін қарастыруға бағытталған. Депортация саясатының себептерін түсіну сталинизмнің өркендеуін, Екінші дүниежүзілік соғысты және Кеңес Одағының тұрақтылық пен қауіпсіздікке деген ұмтылысын қоса алғанда, кеңірек Тарихи контекстті қарастыруды талап етеді. Жаппай депортацияның негізгі себептері мен салдарын талдай отырып, біз Кеңес тарихының осы ауыр кезеңі туралы құнды ақпарат ала аламыз.
1. Билікті шоғырландыру:
Депортация саясатының негізгі мотивтерінің бірі Сталиннің өз билігін нығайтуға және ықтимал қауіптерді жоюға деген ұмтылысы болды. 1930 жылдардың аяғындағы ұлы тазарту жаппай тұтқындаулармен, түрмелермен және өлім жазасымен бірге жүрді, бұл қорқыныш пен күдік атмосферасын тудырды. Депортация адал емес, саяси сенімсіз немесе контрреволюциялық деп танылған адамдар мен топтарды жою құралы болды. Бұл адамдарды күштеп жылжыту арқылы Сталин оппозицияны әлсіретуге, келіспеушілікті жоюға және мемлекеттік аппаратқа өзінің абсолютті бақылауын қамтамасыз етуге тырысты.
2. Ұлттарды басу:
КСРО көптеген этникалық топтары, тілдері мен мәдениеттері бар көпұлтты ел болды. Сталиндік режим кеңес мемлекетіне деген адалдық кез-келген этникалық немесе ұлттан асып түсетін біртекті қоғам құруға ұмтылды. Депортация саясаты режимге ықтимал қауіп ретінде қабылданған белгілі бір этникалық топтарға, әсіресе шекаралас аудандарда немесе стратегиялық маңызды деп саналатын аймақтарда тұратындарға бағытталған. Қырым татарлары, шешендер, ингуштар, қалмақтар және басқалар сияқты ұлттар күштеп қоныс аударды, бұл олардың мәдени бірегейлігі мен дәстүрлерін басуға әкелді.
3. Қауіпсіздік және әскери стратегия:
ҰОС алдында және ҰОС жылдарында Кеңес Одағы әсіресе оның батыс шекараларында қауіпсіздік мәселелеріне тап болды. Депортация саясаты ішінара қауіпсіздік мәселелеріне байланысты болды, өйткені Кеңес басшылығы белгілі бір этникалық топтар мен басып кірген неміс әскерлері арасындағы ынтымақтастықтан қорықты. Депортация бейбіт тұрғындар арасында диверсия, тыңшылық немесе бүлік шығарудың алдын-алу шарасы ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, саясат шекаралас аудандарға жақын буферлік аймақтарды құру арқылы кең аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
4. Экономикалық қанау:
Депортация саясаты экономикалық факторларға да байланысты болды. Кеңес Одағы депортациядан зардап шеккен аймақтардың ресурстары мен жұмыс күшін пайдалануға тырысты. Көптеген депортацияланған адамдар Сібірдің, Қазақстанның, Орта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz