Сана ұғымы
Реферат
Тақырыбы:Адам санасы құрылымындағы ұлттық өзіндік сана
Орындаған: Керимбай Мадина
Тексерген: Оразхан Таиржан
Оразханулы
Топ: 203 Б
фармация
Жоспары:
Кіріспе.
Сана ұғымы. Сана құрылымы.
Негізгі бөлім.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе!
Сана -- дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.
Сана -- өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, түзу сызықты болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте -- анық және жасырын -- байланыстар байқалмайтын сана орталығы. Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, жауапқа қабілеттілігін ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері -- түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері -- адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Халықтың және тұлғаның өзіндік ұлттық санасы: ұғымы, мазмұны. Адам бойындағы ұлттық өзіндік сана оның тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтік психологиялық тұрғыда нақты бір деңгейге жетуі үшін қажетті маңызды өлшемдердің бірі болып табылады. Ұлттық өзіндік сананың дамуы сана және ұлттық өзіндік сана ұғымдарын анықтаумен тығыз байланысты.
Сана-адамның жануарлардан айырмашылығын білдіретін басты белгі. Бұл ұғымдар туралы әртүрлі анықтамалар берілген, бірақ олардың өзара ұқсастығын және оларды біріктіретін жалпылама түсініктер де баршылық.
Саналы адамды төмендегідей сипаттауға болады:
- өзін қоршаған ортада объективті шынайылық түрінде бөліп көрсете алады, өзінің менін сыртқы заттардан бөліп қарастырады, ал заттардың сипатын, ерекшеліктерін олардың өздерінен ажырата біледі.
Яғни, Мен-бұл Мен емес типін ажыратады;
- бұл әлеммен өзара әрекеттестікте болып, онымен нақты қатынас қалыптастыруда мақсатты түрде өзгерістер енгізе алады;
- алдына өмірлік мақсаттар қойып, оған жетуде қабілеттілік танытады, ісәрекетте өз мінез-құлқын жоспарлай алады, олардың нәтижесін көреді және салдарын бағалай біледі;
- әлемге асқан құштарлықпен қарайтынын эмоциясында, сезімінде, тілегінде, ойында және ішкі күйзелістерінде көрсете алады, өзінің ойы, сезімі, тілегі, ішкі күйзелістерінде сезіп-білгендері бойынша есеп береді; - өзінің жеке даралық және тұлғалық ерекшеліктерін біледі.
Саналы адам ғана өзіндік санаға ие. Өзіндік сана - бұл табиғи бейнені көрсететін сананың ерекше формасы. Егер адам сана арқылы қоршаған әлемді қабылдап түйсінетін және оған нақты бір бейне арқылы бағытталатын болса, онда өзіндік сана тұлғаның өзіне бағытталады. Яғни, тұлғаның өзі, өзіндік ойы, сезімі, қажеттіліктері және оның барлық ішкі жан дүниесі өзіндік сананың нысаны болып саналады. Психологияда өзіндік сана тұлғаның жеке даралық ерекшеліктерінің көпқырлылығын және оның көптеген қоғамдық байланыстардағы өзіндік мәні мен орнын көрсететін процесс ретінде түсіндіріледі[1]. Адам сана және өзіндік сана арқылы әртүрлі қарым-қатынас және іс-әрекетке белсенді араласу нәтижесінде тұлға болып қалыптасады. Адам болу - сана ғана емес, сонымен қатар өзіндік санаға да ие болу дегенді білдіреді. Яғни, өзін-өзі тани отырып, әлемді тану, өзін қоршаған ортадағы шынайылықтан ажырата білу, бұл әлеммен нақты қарым-қатынас орнату, онымен өзара әрекеттестікте болу, оған өзгерістер енгізе алу және өзінің тұлғасын жетілдіру болып табылады. Өзіндік сананың жас ерекшеліктері, діни, кәсіби, таптық, ұлттық және басқа да түрлері бар. Әлеуметтік ғылымдарда ұлттық өзіндік сана, этникалық өзіндік сана және таптық өзіндік сана терминдері қолданылады. Олар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүшелерінің өзіндік сананың ерекшеліктерін, мақсатын және әлеуметтік ортадағы орнын түйсінуін білдіреді.
Ұлттық өзіндік сана ұғымы 60-жылдардан бастап ғылыми этнографиялық, философиялық еңбектерде, ал 80- жылдардың орта кезінен бастап Ю.В.Бромлей, Л.М.Дробижева, Р.Г. Абдулатипов, Джунусов М.С., К.Н. Хабибуллин, А.Г. Агаев, Д.Кадыржанов және т.б. ғалымдардың ұлттық өзіндік сана мәселелеріне арналған еңбектерінде көрініс бере бастады.
Қазіргі уақытта ұлттық өзіндік сананың мәні мен даму факторларын оқып үйренуде бірыңғай тұрғылар жоқ. Кейбір зерттеушілер оны ұлттың сана-сезімімен байланыстырады, кейбіреулері оның мазмұнын ұлттық стереотиптермен ұштастырады, ал үшінші біреулері оны тұлғаның ұлттық өзіндік сәйкестендіруімен бірге қарастырады. Көптеген авторлар ұлттық сана және ұлттық өзіндік сана ұғымдарының шекарасын, ара-жігін ажыратудан қашқақтайды. Дегенмен, ғалымдардың басым көпшілігі бұл ұғымдардың айырмашылықтарын ашып айтады. Мәселен, ғалым П.И.Гнатенконың пікірінше, егер ұлттық өзіндік сана индивидтің деңгейінде және ұлттың деңгейінде қарастырылса, онда ұлттық өзіндік сана тек қана ұлттық деңгейде болады.
Ұлттық сана - қоғамдық сананың бір формасы, онда қоғамның этникалық өмірі көрініс береді; бұл этникалық процестердің табиғи өзіндік ерекшеліктерін түсінудегі теориялық және қарапайым көзқарастардың жиынтығы [2].
Өзіндік сана арқылы әр ұлт өзінің көпұлтты әлемдегі жалпы, түпкі тектік қызығушылықтары, мақсаты мен мұраты, өзіндік бет-бейнесін, сонымен қатар өзге ұлттар мен мемлекеттерге деген қатынасын түсінеді. Сол себепті көптеген ғалымдар ұлттық өзіндік сананы халықтың рухани мәдениетінің ұлттық діңгегі деп пайымдайды.
Этникалық, ұлттық өзіндік сана ұғымы этнос, ұлт категорияларын түсіндіре білумен байланысты. Ұлтты локальды (этникалық) және әмбебап (ұлттылықтан жоғары, жалпыадамзаттық) ауыспалы құбылыс ретінде анықтай оты- 39 рып ұлттық өзіндік сананың этникалық өзіндік сана - ұлттық өзіндік санажалпыадамзаттық өзіндік сана ретінде түсінік құрайтын жүйелі байланыстар тізбегі екенін бөліп көрсетуге болады (П.Е. Астафьев, Б.Т. Лихачёв, В.М. Межуев және т.б.). Әр халықтың ұлттық санасы ұзақ тарихи дамудың жемісі болып табылады. Ұлттық сана теориялық және қалыпты деңгейде көрініс береді.
Ұлттық өзіндік сана шындығында әр халықтың өзінің әлеуметтік-этникалық мәнін, адамзат баласының даму тарихында қандай рөл атқарғанын және жалпыадамзаттық өркениетке қосқан үлесін түсініп, түйсінуі болып табылады [3].
Ұлттық өзіндік сана әртүрлі қызмет атқарады. Зерттеуші К.Н.Хабибулиннің пікірінше, ұлттық сананың қызметі оның қоғам өмірінде, ұлттың тіршілігінде және ұлтаралық қатынастарда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz