Конфликт теориясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халыкаралық қазақ-түрік университеті
"Стоматология факультеті"

БӨЖ

Орындаған:Сабиров А
Тобы:СТК-201
Қабылдаған:Қаныбекова Қарлығаш

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайы.
2.Әлеуметтанудағы үш негізгі теориялық көзқарасты ара жігін ашып талдау.
3.Қоғамдағы жастар арасындағы қылмыстарды тоқтату және алдын алу жолдары.
4. Неке мен отбасының альтернативті формалары. Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастардың ерекшеліктері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Әлеуметтік қиял
Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кең әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады.Мысал ретінде:
Баспана - әлеуметтік жағдайдың белгісі тәрізді.Баспана яғни жеке пәтер немесе өз үй жайы яғни өзгелерден оқшаулайтын төл шаршы метрлері болуы әрбір адамның материалдық қаржылық,қоғамдағы рөлінің, әлеуметтік жағдайының айнасы саналады. Баспана мәселесі әлі күнге дейін болып жатқан қоғамдағы ірі мәселелердің бірі. Әсіресе ірі қалаларда Алматы мен Астана мегаполис жерде көп, себебі бұл қалалардың халқының көп шоғырлануында.Дегенмен қандай өңір аймақтарда болмасын көпбалалы баспанасыз отбасыларды да кездестірудеміз. "Баспанасыздар" кезегі аталғанымен анығында, бұл - мемлекеттен үй алуға дәмелі жандардың, үкімет қолдауына үмітті азаматтардың тізімі десекте болады.Тіпті, 90 жылдардың аяғынан -2000 жылдардың басынан бері кезек күтіп жүргендер бар. Ал коммуналды тұрғын үй қорынан жылда берілетін пәтерлер саны елорданың өзінде жүзден аспайды. Мұндай қарқынмен баспанаға мұқтаж тұрғындардың қатары алдағы жүз жылда сирей қоймайды. Сондықтан жеке шаршы метрге иелік етуді көздеген азаматтар баспаналы болу үшін өз бетінше қам жасауға мәжбүр.Ал "Қолжетімді баспана-2020" секілді мемлекеттік бағдарламалар тығырықтан шығудың бірқатар амалын ұсынады. Мемлекеттік органдар бұл бағдарламаға әзірлікті 2012 жылы бастаған болатын.Қазақстан заңнамасына сәйкес әр жанға шаққандағы норма 18 шаршы метрден келеді.Үш адамнан тұратын отбасыға тиесілі шаршы метр көлемі 54 қана. Үй бағасының тым қымбат болуы нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың ара қатынасындағы айырманың үлкендігінде жатыр. Жалпы айтқанда әлеуметтік тұрғын үй мен эконом санаттағы үйлердің тапшылығы тұрғын үй нарығындағы теңгерімсіздікті ұлғайтса, алыпсатарлар мен көлеңкедегі капитал жағдайды одан әрі ушықтыра түсуде. Дамыған мемлекеттердің көбінде эконом санаттағы пәтерді сатып алу үшін отбасылар 3.5- 4 жыл ақша жинаса жеткілікті. АҚШ тұрғындарының өз қаражатына тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бұдан да жоғары. Америкалықтар орта есеппен 54 шаршы метрлік пәтерді екі жылдай уақытта сатып ала алады. Ал Германияда мұндай баспана сатып алу үшін қаражат жинау мерзімі-4.5 жыл, Ұлыбритания мен Жапонияда -6жыл, Франция мен Италияда шамамен 7 жыл. Ал Қазақстан, Ресей Беларуссияда -8-9жыл деп есептелген. Бұл көрсеткіштердің барлығы әрбір елдегі жалақы санымен жер көлеміне байланысты. Мемлекеттік баспана бағдарламаларының ойдағыдай жүзеге асуы құжаттық деректер мен сандық көрсеткіштермен шектелмесе керек. Себебі он жыл бұрын қолға алынған тұрғын үй мәселесі әлеуметтік баспана тапшылығын әлі күнге дейін жоя алған жоқ. Әсіресе жас отбасылар , көпбалалы отбасылар ,студенттер үшін үй алуға шамалары келмейтін адамдарға қиын. Олар ай сайын пәтерақы төлеп немесе туысқандарының үйлерін жағалап жүруде. Сондықтан бұл салады әлі қыруар қаржы жұмсап мемлекетшіл ұстанымды бекітіп, жан жақты ойластырылған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі таңда мұндай бағдарламалар саны өте көп, баспана алудың тиімді тәсілдерін үйрететін мамандар саны да артуда, әрбір адам бұл мәселеге бей-жай қарамай сауатты бола білсе және де көп жұмыс жасап баспанаға қаражат жинақтаса бұл мәселенің де қарасы азаятыны сөзсіз.

Әлеуметтанудағы үш негізгі теориялық көзқарасты ара жігін ашып талдау.
Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастар
Әлеуметтану тарихына жасалған қысқаша шолудан адамдардың өзара әлеуметтік әрекетке түсуін зерттеудің көптеген жолдары бар екенін байқаймыз. Маркс, Вебер, Дюркгейм және басқалардың идеялары адам мінез-қүлқына қатысты бірқатар теорияларды өмірге әкелді. Бұл тарауда әлеуметтанудағы үш негізгі теориялық көзқарасты - құрылымдық-функциялық теория, конфликт теориясы және символдық интеракционизмді қарастырамыз. Ұғымдардың қорытындысы: негізгі теориялық көзқарастар осы үш теорияны сипаттайды.
Құрылымдық-функциялық теория(немесе құрылымды функционализм), әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау ала ды. Биолог ғалым жасушалардың бөліктерін (құрылымдарын) және олардың қалай жұмыс істейтінін (функциясын) анықтаса, қүрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушы да қоғамның құрылымдарын және олардың қызметін анықтауға тырысады. Қүрылымдық-функциялық теория - әлеуметтік ұйымдар (құрылым) мен оның қызметін (функциясын) зерттейді.
Құрылымдық-функциялық теорияның негізіндегі болжамдар
Барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмыс істейтінін зерттеуге мүдделі. Алайда құрылымдық-функциялық көзқарасты жақтайтындар негізгі үш тұжырымды басшылыққа алады.
1. Тұрақтылық: кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың басты критерий! - оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі.
2.Үйлесімділік: ағзаның бөліктері секілді, қоғамның бөліктері де әдетте тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс істейді.
3.Эволюция: өзгеріс, ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асырылады, бұл дегеніміз - әлеуметтік құрылымдардың жаңа қажеттіліктер мен талаптарға, негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және қажетсіз, я ескірген құрылымдардың жойылуы.

Конфликт теориясы
Құрылымдық-функциялық теория әлемді ымыраға келу (консенсус) және тұрақтылық тұрғысынан қарастырса, конфликт теориясы оны қақтығыстар мен өзгерістер негізінде сипаттайды (Ритзер, 2003).Конфликтологтер қоғамды толық түсіну үшін ондағы бәсеке мен шиеленістерді, әсіресе біреулер жеңіп, екіншілері жеңіліске ұшырайтын процестерді сыни түрғыдан зерттеу керек деп санайды. Демек конфликт теориясы қоғамдағы күйзеліс пен шиеленістерді, осыған орай,қоғамды әлеуметтік өзгерістерге бастайтын жолдарды қарасгырады.Конфликт теориясының негізіндегі болжамдар Конфликт теориясы Маркс идеяларынан туындайды.
Қазіргі конфликт теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. Бәсеке. Жеткіліксіз ресурстарға (ақша, бос уақыт, жыныстық қатынастағы әріптестер және т.б.) қол жеткізу жолындағы бәсеке барлық әлеуметтік қатынастың негізі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас табиғатына консенсустан гөрі бәсеке жақынырақ тұрады.
2. Құрылымдық теңсіздік. Әлеуметтік құрылымдардың барлығында билікті және сый-қүрметті бөлісуде теңсіздік бар. Кез келген нақты құрылымның шапағатын көрген адамдар мен топтар осы теңсіздікті сақтап қалуға тырысады.
3. Әлеуметтік өзгеріс. Өзгеріс - бейімделудің емес, бәсекелес мүдделер арасындағы шиеленістің нәтижесі. Бұл эволюциялық емес, көбіне кенеттен немесе революциялық жолмен келеді, оның үстіне, зиянына қарағанда пайдасы көбірек болады.

Символдық интеракционизм теориясы
Құрылымдық-функциялық теория да, конфликт теориясы да элеуметтік құрылымдарды және олардың арасындагы байланыстарды зерттейді. Алайда екі теорияның бұл байланыстар туралы айтар пайымдары әртүрлі.
Жеке түлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және оларға эсер ету ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтанушылар символдық интеракционизм теориясын пайдаланады. Символдық интеракция теориясы (немесе символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып, дамытатын процестерді қарастырады (Страйкер, 2008). Бұл теория адамдардың өзара әрекетке түсуінің символдық (немесе субъективті) мағынасын зерттегендіктен осылай аталады. Символдық интеракционизм теориясы -осы тарауда сипатталған дәстүрлі үш георияның ішіндегі ең жаңасы.
Символдық интеракционизм теориясының тужырымдары
Символдық интеракционизм теориясы галымдарының пайымдауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысандықтұжырымнан бастау алады (Харон, 2006):
1. Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен қимылдың я сөздің бірнеше мағынасы болуы және олар әркелкі нәрселерді сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын түсіну үшін оның сол мінез-құлыққа я қимылға қалай қарайтынын зерттеуіміз керек.
2. Мән-мағына қарым-цатынастың арқасында дамиды. Қарым-қатынас өзгергенде мағына да өзгереді.
3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды. Біз басқа тараптан шыққан мән-мағынаны ойланбастан бірден қабылдамаймыз. Бір нәрсенің бізге және өзгелерге қатысты мән-мағынасын келісуге әрқайсысымыз үлкен үлес қосамыз.

1.Қоғамдағы жастар арасындағы қылмыстарды тоқтату және алдын алу жолдары.
Қылмыс - бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Қылмыс ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 - бабында берілген: Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет - қылмыс деп танылады.
Соның ішінде жас жеткіншектер арасындағы қылмыста 2017 жылғы статистикаға сүйенсек жүгінсек 18 431 бала ішкі істер мекемелерінде әлсіз топтар (группа риска) есебінде тұрған. Ал 2 654 жүгермекке әртүрлі қылмысы үшін үкім шығарылып, темір торға қамалған. Олардың 619 - ы - 14 пен 15 жастағы және 2035 - і - 16 мен 17 жастағы жасөспірімдер. Жағаңды ұстататыны сол, бір ғана 2017 жылы жынды судан ұрттап алып, ақылынан алжасқан 16 жасқа дейінгі 360 жасөспірім жасаған қылмыстары үшін жазаға кесілген.
1.1Жастар қылмыс жасауға неге үйір?
Мектеп жасындағы жасөспірім оқушылардың қылмысқа бой ұруы - жақсы құбылыс емес. Оларды мұндай теріс іс-әрекеттерге итермелейтін нендей күш? Қай кезде де жасөспірімдер қылмысы қоғамдағы өткір, көкейкесті әрі өзекті мәселелердің қатарында болып келеді.Қолда бар деректер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық көріністері негізінен ұрлық, тонау, бұзақылық және жыныстық зорлау сипатында екенін көрсетеді.
Көп жастарымыз оқуға, адал еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттарын көбінесе қаңғыбастықпен, құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқа да есеңгіртетін заттарды пайдалануға, ойынханаларда жат музыка тыңдауға, жыныстық немесе нәпсіқұмарлық іс-әрекеттермен айналасуға арнайды.Бұлардың көпшілігі тәрбиенің, бақылаудың жоқтығынан ерте бастан ішімдікке, есірткілік заттарды тұтынуға үйренген, қаңғыбастықпен, үйден қашып, кездейсоқ қылмыстық элементтермен байланыс жасағандар.
Мұндай жасөспірімдерді дұрыс жолға бағыттау үшін баланың қандай іспен шұғылдануға бейім екендігін анықтап, сол іс бойынша еңбектенуге баулыған жөн. Бұл тұрғыда әрбір жастың жеке тұлға екендігін ескере отырып, бұл тұрғыда олардың пікірімен санасу да аса маңызды. Әлбетте, перзенттерінің өмірдегі өз орнын табуына алдымен ата-анасы барынша көмек қолын созуы керек. Бұл жолда ешбір ата-ана аянып қалмасы анық. Өйткені ұл-қызын жамандыққа кім қияды?
Менің ойымша, Бала тәрбиесі - ананың құрсағынан басталады. Бұл ұстаным ертеңгі күні Қолымды мезгілінен кеш сермедім... демес үшін, бала тәрбиесін өсе келе емес, ананың бойына біткеннен бастауға үндейді. Өйткені, бала тәрбиесінде жіберген кішкентай қателігіміз, ертеңгі күні орны толмас өкінішке апарып соқтыруы ғажап емес...Мына бір қағиданы ата-аналар ұстанса бала тәрбиесіне аз да болсын көп көмегін тигізетіні рас.Мысалы:
:: балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла;
:: он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса (айтқанды екі етпейтін елгезек болуға, әр ісін талаппен бастап, талғаммен аяқтауға әдеттендіру).
:: он бес жастан бастап тең құр-быңдай сыйлас. Халқымыз тіпті, он үште отау иесі деген сөз қалдырған. Яғни, бала өзіне артылатын жауапкершіліктерді сезіне беруі керек. Ой-санасы мен мінез-құлқы, ар-ожданын дұрыс қалыптастыруға бағыт-бағдар беру ата-ананың басты міндеті.
Жалпы 2020 жылдың алғашқы тоқсанында еліміз бойынша жастар қолымен жасалған 1289 қылмыстық іс тіркелген. Соның 538-і ауыр қылмыс категорияларына кісі өлімін туындату, әйел зорлау, қарақшылық шабуыл жасау, тән жарақатын салу түрлеріне жатады.
Қорыта айтқанда, жастар өздерінің қылмыстық әрекеттерінің себебін жұмыссыздықтан, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдан көреді. Өздерін еш кінәлі санамайды. Қиын-шылықтан шығудың басқа жолын қарастырғылары келмейді.Сондықтан бұл мәселе мемлекетіміздің басты назарында болуы тиіс.
Қортындылай келе, қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

1.2Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу шаралары.
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Осы жерде бірнеше факторларды атап өтсем деймін. Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін бірнеше факторларға бөлуге болады:
- Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты;
- Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым - қатынас ерекшелігіне байланысты;
- Биологиялық фактор: Физикалық және органикалық элементтерінің әсерінен;
-Социологиялық фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялық факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
- Төменгі экономикалық - қоғамдық статус;
- Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары;
- Алкоголь және наркотикалық заттар;
- Құрдастарының әсері;
- Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.
Нақты айта кетсем: 1 - бұл жерде Төменгі экономикалық - қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата - аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, оларды тұтқынға алып жазалайды.
2 - Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:
Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым, алкоголь, наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді - кездесулер; ойын - сауық, би кештері; рок - концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын - сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс - әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т. б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Сыртқы агрессия және ішкі агрессия
Конфликт және оның шешу жолдары
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары
Әлеуметтік өзгерістер: мағынасы мен түрлері
Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер
Сабақ үстіндегі конфликттер
Қақтығысты шешу технологиясы
Драма және драматургия негіздері
Пәндер