Андроново мәдениеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Тарих, экономика жане құқық факультеті
ҚР тарихы кафедрасы
.
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошағы
Орындаған: гт-21 студенті Владимиров М.А.
Тексерген: т.ғ.к., аға оқытушы Мухангалиева Ж.К..
Орал-2022ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ
Ежелгі егіншілер мен бақташылар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.Андроново мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1Ескерткіштері және оның зерттеушілері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 7
0.2 Орталық Қазақстанның тайпалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3Солтүстік және Батыс Қазақстанда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.4Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 11
2. Андроновшылар шаруашылығы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1. Ежелгі кеншілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.2 Халық, қоғам, әдет-ғұрып ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .14
2.3 Діни көзқарастары және өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
КІРІСПЕ
Ежелгі егіншілер мен бақташылар.
Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаңан жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-VII мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б.з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияга тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді.
Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? -- деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қәзір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы-нулы жерлерде мал шаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды.
Б.з. дейінгі II мынжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан -- Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Coл жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері -- шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі -- орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірск андронов ескерткіштсрі Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды. Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола -- б.з. дейінгі XVIII -- XVI ғ.ғ. орта қола -- 6. з. дейінгі XV XII ғ.ғ. кейінгі қола -- б. з. дейінгі XII-VІІІ ғ.ғ. басы. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептелді. Бірақ кейін Федоров ескерткіштері ерте қола уақытына емес, орта қола уақытына жататыны даталанды, сөйтіп андронов мәдениеті дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров ескерткіштерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп, ыдырап кететіні анықталды. Оның бірінші тобы б.з. дейінгі XV-XІV ғ.ғ., екінші тобы -- ХІІІ-ХІІ ғ.ғ. жатады. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан табылса, енді кейінгілері Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мсн оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан табылды. Әсілі, федоров тайпаларының жан-жаққа тараған кіндігі Қазақстан болса керек, оларды бұл арадан тайдырып жібергендер алакөл тайпалары, Орталық Қазақстанға олар белгісіз бір батыс орталықтан келеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.Андроново мәдениеті
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андроново мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыстық андроноволықтар қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер Андроноволықтардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.
Жалпы, Қазақстанда Андроново мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің басты ерекшелігі -- қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андроново мәдениетінің ескерткіштері Қазақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андроново мәдениеті арқылы қарастырады.
Андроново мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андроново тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроноволықтарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнекті балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андроново тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған жәшікке немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді. Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Бұдан ертерек уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Сәндік заттардың Андроново тайпалары мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын көзілдірік тәрізді және табан із тәрізді сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.
1.1Ескерткіштері және оның зерттеушілері
Андроново мәдениеті кезеңінің ескерткіштері -- Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылған қола дәуірі ескерткіштері
Алғашқы рет Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново ауылында 1913 жылы Б.Г. Андрианов тапқан. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андроново ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. Андроново ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андроново мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды.
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -- б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар). Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезендерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А. Теплоухов болды. Әсіресе М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ак Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінін хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді. Кейін К.В. Сальников Орал сыртының Андронов мәдениетіне хронологиялык топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII -- XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі -- б. з. б. XV -- XII гасырлар, Замараев кезеңі -- б. з. б. XII -- VIII ғасырлар 7. Андронов мәдениетін К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды.
Түмен мемлекеттік университетінің мұражайындағы Андроново мәдениеті кезенінің ескерткіштерінің көрмесі
1.1Орталық Қазақстан тайпалары
Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Ортaлық Қазақстан болған. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты -- оның монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі -- жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Көлемі шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты шұңқыр етіліп қазылған, жиек-жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген моланың өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен жабылып тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен мендрлар, басылымды қосар сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектелген құмыралар көз тартады. Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар, қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі -- Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарынан байқау қиын емес. Бұл кезеннің Былқылдақ, Қарасай, Темір астау, Қарабие, Елшібек, Беласар сияқты қорымдары тиянақты зерттеліп, белгілі болған.
Мәдениетті дамытуда металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған. Орталық Қазақстанның палеометалдық ошағы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізген. Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды.
Орманды-дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдарды бірден тануға болады. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл ауданда небәрі 80-нен аса қоныс пен 90-ға тарта қорым ашылған. Ертедегі қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропавл қаласы маңындағы Вишневка қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көлемі 126 шаршы метр жер беті тұргын үйі табылған, оның ағаш шатырын ағаш бағандар тіреп тұрған. Co кездері ежелгі қалалардың алдын алушылар (прототиптер) деп атауға келетін қоныстар пайда болады. Солардың бірі -- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz