Программалау жүйесінің программалық жабдықталуы


Тақырыбы:

Программалау жүйесінің программалық жабдықталуы (архиваторлар, антивирустық программалау, утилиттер) .

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. А) Утилиттер;

Ә) Техникалық қызмет көрсететін программалар;

Б) Архиваторлар;

В) Антивирустық программалар;

III. Қорытынды;

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Программалау жүйесінің программалық жабдықталуы (архиваторлар, антивирустық программалау, утилиттер) .

Программалау жүйесінің (ПЖ) программалық жабдықталуы - операциялық жүйені кеңейтетін және қолданушының компьютермен жұмысында қосымша қызмет көрсететін программалық өнімдердің жиынтығы.

Программалық жүйе құралдарының функционалдық мүмкіндіктері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады :

  • жақсартылған қолданбалы интерфейстер;
  • рұқсатсыз қиратудан және қолданудан мәліметтерді қорғау;
  • қалпына келтіретін мәліметтер;
  • жедел есте сақтайтын жад пен диск арасындағы мәліметтердің тез ауыстыратын;
  • архивтеулер-архивтен ашып шығару;
  • вирусқа қарсы программалар.

ПЖ құралдарының ұйымдасуы және іске асырылуы бойынша мынадай түрлерде берілуі мүмкін : қабық, утилиттар және автономды программалар. Қабықтар мен утилиттер арасындағы айырмашылық біріншілердің әмбебаптығымен, екіншілердің мамандануымен көбінесе өрнектеледі. Қабықтар қолданушыға жаңа сапалы иинтерфейсті пайдалануға және операцияларды толық білуден және ОЖ командаларынан босатады. Қабықтар функцияларының көбісі, мысалы MS-DOS бауырластарының функциялары каталогтар мен файлдармен жұмысқа және файлдарды тез іздестіруді қамтамасыз етуге; мәтіндік файлдарды көруге және редакциялауға; файлдар туралы мәліметтерді дисктерде орналастыруға, жедел есте сақтайтын көз бен диск кеңістігінің жұмыспен қамту дәрежесін көрсетуге бағытталған. Барлық қабықшалар қолданушының қателіктерінің әсерінен, файлдардың кездейсоқ жоюлу ықтималдығын азайтатын қорғау қызметтін атқарады. MS-DOS бауырластарының қабықтары ішінен Norton Commander қабықшасы өте әйгiлi

Утилиттер - компьютерге қызмет көрсететін және деректерді өңдеуде қосалқы операциялар атқаратын программалар. Келесi тағайындалған утилиттер өте жиi қолданылады:

  • Резервтік программалар-дискте ақпараттың резервтік көшірмесін құрады.
  • Антивирустық программалар- компьютерға вирустардың жұғуынан сақтайды және вирустардың зардаптарын жояды.
  • Жинақтау-программалары- дисктегі ақпаратты арнайы "жинақтау" әдістерін қолданып сығады, сонымен қатар бірнеше файлдардың көшірмесін бір файл түрінде біріктіреді. DOS үшін -PKZIP және ARJ.
  • Русификаторлық программалар- өзге программаларды орыс әріптері мен мәтіндерінмен жұмысқа бейімдейді.
  • Қосымшаларды өшіретін программалар. Көптеген программалардың кешенінде орнататын программалары болады, бірақ өшіретін құралдары болмайды. Программалардың дұрыс өшірілуы үшін қосымшаларды өшіретін программалар қажет.
  • Ықшамдайтын (оптимизация) программалар- дисктегі ақпаратты ықшамдау арқылы, дистегі ақпаратқа жылдамырақ қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл программа барлық бөліктердің орнын бір-біріне алмастырады, барлық файлдарды дисктің басына жинайды және т. б. Ықшамдайтын программалар ішінен SpeeDisk көп қолданылады.
  • Мәліметтерге қол жеткізуді шектейтін программалар. Көп жағдайларда компьютерді жағымсыз қолданушылардан қорғау қажет. Norton DiskLock парольдің көмегімен бөтендерге компьютерді қосуға мүмкіндік бермейді, жұмыс үзлісінен кейін парольді сұрайды және т. б.
  • Жадты басқаратын программалар- оперативты жадты тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
  • Дисктерге арналған кэш-программалар- оператив жадының кэш-буферін ұйымдастыру арқылы дисктегі мәліметтерге жылдам қол жеткізеді.

Утилиттер негізінен дисктер мен файлдар жүйелеріне қызмет көрсету арқылы, тұтынушыға қосымша қызмет көрсетеді ( арнайы программаларды өңдеуді қажет етпейді) .

Утилиттер көбінесе мына функцияларды атқарады :

  • дисктерге қызмет көрсету ( форматтау, ақпараттың сақтығын қамтамасыз ету, бас-сирақ жағдайында қалпына келтіру мүмкіндігі және т. б. ) ;
  • файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету ( сол сияқты қабықтарға да) ;
  • архивтерді жасау және жаңарту;
  • компьютер қорлары, диск кеңістігі, жедел жадының программаларда үлестері туралы мәліметтер беру;
  • әр түрлі форматтағы және күйдегі мәтіндік және басқа файлдарды баспаға шығару;
  • компьютерлік вирустардан қорғаныш.

Утилиттер ішінен кеңінен танымалы деп көпфункциялы Norton Utilities кешенін алуымызға болады.

Техникалық қызмет көрсететін программалар.

Техникалық қызмет көрсететін программалар деп есептеу жүйесі немесе компьютермен жұмыс кезінде қателіктерді табу және программалы-ақпаратты диагностика құралдарының жиынтығын айтамыз.

Олар тұрады:

- ЭЕМ пен оның бөлімдерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін диагностикалық және мәтіндік құралдардан, соның ішінде ЭЕМ-нің автоматты қателіктерін іздестіру.

- Ақпараттық жүйені қадағалайтын есептеу орталығы және арнайы диагностикалық программалар, соның ішінде кезекті өндірістік ауысымның есептеу жүйесінің жұмысы басында ақпаратты бақылау жүйесінің жұмыс қабілеттілігін программалы-ақпараттық бақылау атқарады.

Кешенді программалардың техникалық қызметі.

ЭЕМ техникалық құралдарының құрылымдарының ерекшеліктері программалар кешендерінің техникалық қызмет көрсетуімен (ПКТҚ) есепке алынады. Бұл кешендер өз құрамына жөндеу, тексеру және диагностикалық-тест программаларды қосады. Автономды куйге келтіру мен ЭЕМ бөлек бөлімдерінің тексерілуін жөндеу программалары қамтамасыз етеді. Әдетте олар ОЖ программаларынан функционалды тәуелсіз. Тексеретін тест-программалар құрылымдардың дұрыс істеуін периодты түрде тексеруге арналған, мысалы оларды жұмысқа қосқаннан кейін. Түзетілмейтіндіктің жерін тараптау (локализовать) және жабдықтардың ақауларын анықтау кезінде диагностикалық программалар қолданылады. Әдетте жабдық басқарудан бас тартқанда және ОЖ модульдерінің қателіктерін анықтағанда программалардың жұмысы басталады. Тексеру тест-программалры ПКТҚ-да ерекше орын алады. Жүйенің техникалық құрылымының дұрыстығына есептеуден алдын атқарады, яғни мәліметтерді өңдеуде нәтижелердің анықтығын жоғарылатады. IBM PC-да бұл құрылымдардың өзіндік құрылысы және функционалдық ұйымдасуы болады. Тексеру келесі кезекте атқарылады. Біріншіден жүйелік блоктың жүмыс қабілеті тексеріледі. Ол үшін машинаның барлық регистрлері "нольге түсіріледі", және эталон мәнімен нәтижелерді салыстыру және онда қарапайым операцияларды атқарып, бөлек константаларды кіргізу арқылы кезекті тексеру жіргізіледі. Содан кейін оперативті жадының ұяшықтары тексеріледі ( жүйені қайта тиеу кезінде <Alt>+<Ctrl>+<Del> клавишаларын тест-программалар ескермейді) . Бұдан кейін стандартты перефирия тексеріледі: клавиатура, диск жинақтары, дисплей және т. б. Қандай да бір қадамда қателіктер болған жағдайда, дисплейде қателіктерді көрсететін мәлімет пен дауыстық сигналдар қалыптасады. Қосымша қосылған бақылаудан басқа, ПЖ ПТҚТ автономдық бақылау құралдары және диагностика кіреді. Бұндай кешенді программалар саны көп, олардың бәрі жүйелік ақпаратты тәптіштеуге (детализировать) мүмкіндік береді: ДК кескіндерін толық анықтауға және бөлек бөлімдеріне мінездеме ( процессордың түрі, сопроцессордың болуы, аналық төлемнің түрі, қолданылатын дисктердің түрі, оперативті жадының көлемі және оның бөлінуін, қосымша перефирияның қосылуын) . Жұмысқа қабілеттілігін бақылаудан басқа қорларды қаншалықты тиімді қолдануға болатынын көрсетуі мүмкін және олардың қайта бөлінуін іске асыра алады. Барлық қолданушылар ЖЭЕМ қосымша программалық жабдықтармен толықтырып отыруға тырысады. Бұл программалар тікелей есептеде қолданылмайды, тек қолданушының жұмыстарын дайындауда керекті және әртүрлі қызмет көрсетуді атқарады. Бұндай программалардың бөлігі пакеттерге топтастыруға болады. Кең таралған пакеттерге Norton Utilities, Pc Tool Deluxe және т. б. Бұндай программаларға мысал ретінде: архиваторлық-программалар, антивирустық программалар, дисктерге қызмет көрсететін программалар (дисктерді оптимизациялау, дисктегі ақпаратты сығу, дисктің күйін анықтау) және т. б.

Арихивация

Арихиваторлар - файлды немесе файлдар топтардің көлемін кішірейту үшін сығатын программалар. Сонымен қатар бір бит ақпарат та жоғалмайды, және кез келген файлды алуға болады. Бізге архивация не береді? Біріншіден, дисктегі орынды үнемді қолдануға, екіншіден, дискте үлкен көлемді ақпаратты көшіріп жүруге болады, үшіншіден, үлкен көлемді файлдарды электрондыұ поштамен жіберуге болады.

Көп танымал архиваторлар - ол архиваторлар ZIP, ARJ, RAR, GZIP, LHA, HA, ACE. Не бір архиваторда құрылған файлдың құрылған архиваторына сәйкес кеңейтілуі болады. Мысалы, archive. rar кеңейтілуы бізге файлдың RAR архиваторында құрылғанын көрсетеді.

Архиваторлар мүмкіншіліктері мен сығу сапасына қарай өзгешелінеді, сонымен қатар сығалатын мәліметтердің типіне де байланысты болып келеді. Кейбір архиваторлар өзін бір типтегі файлдармен жақсы жұмыс атқарады, ал өзге типтегі файлдармен өзін нашар жағынан көрсетеді. Универсалды архиватор жасап шығару мүмкін емес. Архиваторлардың маңызды функцияларына көп тонды архивтер және өзі ашылатын архивтердің құрылуы жатады.

Көм томды архивтер - бірнеше файлдарға бөлінге архивтер. Бұларды үлкен көлемдегі ақпаратты дисктерде апару үшін: әр дискке бөлек том архив орналастырылады. Мәліметтерді көп томды архивтер шығарға кезде, архиватор мәліметтерді том том бойынша кезекпен өңдейді, дискті ауыстыруды сұрайды.

Өзі ашылатын архивтер керекті архиватордың орнатылғаны бергісіз болған жаңдайда, ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге көшіру үшін қолданылады. Өзі ашылатын архивтер құрамына архивтелген мәлімет және архивты ашуға қажет программа кіреді, атқарылатын(. EXE) файлдар түрінде беріледі.

Сығудың мысалы ретінде ақпаратты сығудың әдістерінің біреуін қарастырайық. Мынадай символдардан тұратын "А" жол бар екені есептейік. Бұл жолдын ұзындығы - 28 символ. Бірақ мүнда қайталанатын сиволдар көп, сондықтан да қайталанудың санын және қаталатын символды жай ғана жазсақ болады, нәтижесінде мынадай күйде болады: "7 А5б10в6г". Жол енді 9 символдан тұрады, бұдан көлем 3 есе қысқаратынын көруге болады.

Әрине бұндай сығу әдісі барлық жағдайларға жарай бермейді, мысалы мынадай жолды алайық : "Абвбгабгвавгбаг". Жолдың ұзындығы - 15 символ. Егер бұл жолға осындай әдісті қолдансақ, онда жолдың ұзындығы 2 есе ұзарады: "1 ". Бұдан шығатын қорытынды, бір сығу алгоритмы біріншілердегі мәліметтердің көлемін кішірейтсе, ал екіншілердегі мәліметтердің көлемін үлкейтуі әбден мүмкін.

Сығу алгоритмдерінің түрлері өте көп болып келеді. Кейбір алгоритмдер кейбір мәліметтерге жарасады, ал басқалары болса - басқаларға. Көп бөлшектері болмайтын қарапайым растрлық суреттерді (. BMP, . PSD және т. б. ) жақсы сығуға болады. Сығу коэффиценті көбінесе қолданылатын алгоритмге және бөлшектердің қиындықтарына тәуелді болып келеді. Мысалы, сызба сападағы ақ-қара суретті 100 есе сығылуы мүмкін, ал түсті суреттер - бес-он есе, жоғары фотографиялық сападағы түсті суреттер екі есе ғана сығылады. Мәтіндік файлдар ( . TXT, . DOC, . PAS ) жақсы сығалады. Егер мәтін табиғи тілдегі мәтіннен тұрса, онда сыңу коэффиценті екі-үшке тең болады, ал егер файл программаның мәтінінен тұрса, онда сығу коэффиценті бес-алтыдан жоғары болуы мүмкін. Атқарылатын файлдардың (. EXE және т. б. ) сығу коэффиценті әр түрлі болып келеді, бірақ орташа түрде шамамен үшке тең.

Дыбыстар (. WAV, . AU ) қатынасында универсальды әдістердің қолданылуы кей-кезде ғана жақсы нәтиже береді, дыбыстық файлдар 20-40% ғана сығылады. Бұл жағдай көп бөлшектерден тұратын жоғары сапалы суреттерге де қатысты. Сондықтан да бұндай типтегі суреттер үшін арнайы сығу әдістері қолданылады. Ерекше жақсы нәтиже беретін әдіс ретінде жоғала жүретін сығу алгоритмін алуымызға болады. Бұл алгоритмнің идеясы адамның көзі мен құлағы кейбір дыбыстар мен суреттің көлемі кіші бөлшектерін қабылдай алмайды, сондықтан да керек емес ақпаратты алып татауымызға болады. Әрине керек емес ақпаратты тастаудан басқа, басқа да алгоритмдер қолданылады. Бұндай алгоритмдер арқасында сапасы минимальді жоғалатын салыстырылмайтын сығу коэффиценті шығады. Бұндай әдіс JPEG форматтағы, статикалық суреттерді сақтауға арналға, және МPEG форматтағы, видео- және аудио-ақпараттарды сақтауға арналған, файлдар үшін қолданылады. Қазіргі кезде МPEG- 3 форматтағы (немесе МP3) аудиоақпаратты сақтауға арналған және файлдың сапасын жоғалтпай, он есе сығуға мүмкіншлік береді, МPEG- 4, видеофильмдарды сақтауға арналған.

Сығылған файлдар, соның ішінде архивтар ( . ZIP, . RAR, . ARJ және т. б. ), өзіндік сығылуы бар графикалық форматтағы файлдар ( . GIF, . JPG, . PNG ), аудиофайлдар ( . МP3 ), видеофайлдар ( . MPG, . AVI және т. б. ), өзі ашалатын архивтер (. EXE ) нашар архивталады, немесе мүлдем файлдың көлемі көбейіп кетеді.

Антивирустық программалар.

Жоғарыда айтылып көрсетілгендей компьютер тек программалар (ПЖ) көмегімен жұмыс атқарады. Сондықтан да оны нағыз әмбебеп құрал етеді, музыкалық орталық, телевизор, жазатын машина және рольдерін атқарады. Программаларды программистер құрастырады, ал кейбіреулерінің жаңа бір затты ойлап тасқысы келеді. Кей кездері бұл күнәсіз тентектіктер, әр түрлі жаман бағытта болады. Компьютер адын отырған адам барлық программалардың жұмысын басқарып, бақылап отырғанға дейін барлыға жақсы болатын еді. Бірақ кейіннен ешкімнің рұқсатын сұрамайтын, дискте өздігінен көшіріліп, көбейетін, программалардың орындарына ауру жұқтыратын ( жұмыс программалардың пайдалы кодын өзінікімен ауыстартын немесе өзгертетін) программалар пайда болды. С кезден бастап "компьютерлік вирустар" туралы сөз қозғауға болады. Барлық вирустар MS-DOS және MS Windows операциялық жүйелердің туыстарында тіршілік етеді.

Копьютерлік вирус деп (кейбір кодтар жиынтығы) қолданушының рұқсатынсыз өзіндік көшірмесін жасай алатын (бастапқы күймен толығымен сәйкес келмесе де болады), және оларды әр түрлі объектілерге, желіге және компьютерлік жүйенің қорына енгізе алатын программалар.

Биологиялық вирустар сияқты компьютерлік вирустар өз алдына үш мақсат қояды: жұқтыру, орындау, көбею. Компьютер "сырттан" вирус жұқтырған немесе вирус болып келетін өзге программаны қосқанда жұқтырады.

Вирустардың мінез-қылығы сан қилы. Кейбір вирустар экрандағы сөздерді өзгертіп немесе күнәсіз суреттер салады. Бұлар салыстырмалы тұрде зиянды емес. Ал кейбіреулері дисктегі файлдардың атын өзгертеді, оларды өшіріп тастайды. Бұлар, әрине, зияндырақ болып келеді. "Win95. CIH" вирусы компьютердiң BIOSтiк микросхемасын бұзуы мүмкін. Ақпараттың жоғалуы немесе компьютердің істен шығуының қайсысы қиын екенін айту қиын.

Вирустар көбейеді, яғни қосылатын мүмкіндігі болса, өзін барлық жерлерге кіргізеді. Компьютерді қоосаң болды, активті түрде көбейтін вирустар болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық басқаруда ақпарат жүйесін құру
Қазынашылық басқармасының ашылуы
Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )
Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесін негіздеу
Visual Basic ортасында чат бағдарламасын құру
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесі
Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz