Қарлұқ мемлекетінің Жетісу аумағына саяси үстемдігін жүргізуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Жаратылыстану-география факультеті.
География кафедрасы.

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Қарлұқтарға ислам дінінің таралуы.

Тексерген: т.ғ.к., аға оқытушы МухангалиеваЖ.К..
Орындаған: гт-21 студенті Бикмухаметов А.Б.

Орал-2022ж.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет-Қарлұқ мемлекеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...4
1.1Территориясы және тайпалық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.Қарлұқ мемлекетінің Жетісу аумағына саяси үстемдігін жүргізуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1.Қарлұқтарға ислам дінінің келуі
Атлах шайқасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

КІРІСПЕ
Қазақтардың этногенезінде қарлұқтар айтарлықтай із қалдырды, олар Жетісу, Тарбағатай және Жоғарғы Ертістің жағалауын мекендеген байырғы тұрғындардың бірі. Қарлұқтар туралы алғашқы рет орхон жазбаларында және Сюань-Цзянда (VII ғ. бірінші ширегі) еске алынады. Араб деректері бойынша қарлұқтардың жоғарғы билеушісі джабгуй, ал орхон жазбаларында ябагу деп аталған. Ябагу тайпалық атауы XI-ғасырда өмір сүрген Гардизиде кездеседі. Ол қарлұқтардың шығу тегі туралы Шығысқа тән аңызды келтіреді. Бұл жау талқандаған тайпаның аман қалған жалғыз өкілі ретінде болған баланың тарихы. Аңыз бойынша екі бөлек жабағы жүнін жамылған кішкентай қарлұқ табиғаты суық елді-мекеннен табылады (ябагу атауы осыдан шығады). Ябагу сөзі жабағы күйінде біздің күнімізге дейін сақталған, ол көктемде қырқылған қойдың жүнін білдіреді. Сапасы бойынша ол бір жағынан түкті болса, оның екінші жағы жұмсақ болып келеді. Жабағыға оранған бала суықтан қорғалады. Баланың қорғаны болған жабағыны халық қастерлеген. Жабағыда өскен бала ер жеткенде мығым болады деген пікір қалыптасқан. Жабағы эпонимі ерліктің рәмізіне айналып, кейіннен ол қарлұқтардың, оғыздардың және өзге де халықтардың тайпалық атақтарын білдіре бастады. Жабағы ұғымы қазақтардың ішінде кеңінен тараған және бек, сұлтан, дархан деген сөздермен қатар тұрады.
Огуз-намеде қарлұқтардың оғыз тайпасының бір тармағы екені айтылады. Қытай деректері бойынша, қарлұқтар батыс түркілерінің династиялық тұқымынан шыққан. Махмұд Қашғари бойынша қарлұқтар мен оғыздар түркімен этносын құраған. Аңыздар бойынша қарлұқтардың ата тегі Елік болған (кермарал). VІІ ғ. орта тұсында қарлұқтар Алтай тауларынан бастап оңтүстік батысқа қарай үлкен кеңістікті алып жатқан: ол аумақ Қара Ертіс жағасы, Тарбағатай тауларының, Шыңғыс жоталарының және Жоңғар Алатауының айналасындағы аудандардан Шу және Талас өзендеріне шейін созылған.
Қара Ертісті мекендеген шығыс қарлұқтарының құрамында VІІғ. мэу-ло, джисы және ташлы тайпалары болған. Солармен бірге Қара Ертісте өздерімен туыс болып келетін чеби (чебни) оғыз тайпасы, қазақша айтқанда жеменейлер (джебеней) өмір сүрген. Кейіннен қарлұқтар оңтүстікке, Жетісуға қоныс аударған. Қарлұқтар тайпасының басшысында үш текті жабағы титулы болған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет-Қарлұқ мемлекеті.

Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы) - Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.
VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде, Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 - 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар VIII-IX ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайда(Ертіс алабын), содан соң Ыстықкөл, Шу жағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 - 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар - көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында VIII-IX ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан (Құлан сайдың қасындағы мекенжай), Мирки (Меркі), Ашпара (Шалдавар а-на таяу осы аттас өзен бойындағы қираған мекенжайдың орны) қалалары көбірек белгілі болды. VIII-X ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан,Шаш (Ташкент), Тараз, Құлан, Суяб (қазіргі Тоқмақ маңы) арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған. Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін өсірумен бірге сырттан басқа діннің де енуіне жағдай жасады. Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тәңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген мәжусилік түріктер қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды.
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді, -- деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары -- Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766 -- 775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды

1.1Территориясы және тайпалық құрамы
VIII-X ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581 -- 618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. Таншу әулеттік (618 -- 907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. Олар (қарлұктар) -- ежелгі түріктер, -- дейді Ибн әл-Факих (X ғ.)47. Қарлұқтар ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де үш қарлұқ деп айтылған. Ол моңғол Алтайы мен Балқаш көлі аралығындағы аумақты алып жатқан көшпелі тайпалардың күшті одағы болды. Қарлұктар туралы уақыты жағынан алғашкы хабар арабпарсы тілдес тарихи-географиялық әдебиетте -- Табариде (737 ж.) кездеседі. Ол Тоқарстанда орналасқан қарлұқтар туралы айтады. Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу аумағында калған кейбір топтары, сондай-ақтүрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды. Махмұд Қашғари көптеген соғдылар түріктердің әдет-ғұрыптарын қабылдаған деп хабарлайды. Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті Араб саяхатшысы Әбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріп өтуіне тура келгенін хабарлайды; ал Ибн Хаукальдін деректері бойьшша, қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек болған. Қарлұқтар туралы деректер V ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. VII ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (XII ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген.

2.Қарлұқ мемлекетінің Жетісу аумағына саяси үстемдігін жүргізуі.
Қарлұқ тайпаларынын негізгі мекені - Алтай тауынан Балқаш көліне дейін. VIII ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.
756 жылы қарлұқтар түргештерді ығыстырып, Жетісу аумағына өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Шығыс деректерінде: Қарлұқтар түргештер еліне аттанып, басып алды. Оларды бағындырып, билігін құлатты деп айтылған. Қарлұқтар ерте феодалдық мемлекет құрды. Ордасы -- Суяб қаласы саналды. VІІІ-Х ғасырларда қарлұқ тайпалары слайд бетінде көрініс тапқандай Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейінгі Қазақстанның үлкен аумағына қоныстанды. X ғасырдағы араб дерегінше: Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді, -- деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады.
Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары -- Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар өздеріне бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766 -- 775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды
Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркеш және қарлұқ қағанаттары
Қарахан мемлекеті - ертедегі мемлекет
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Қимақтар Қазақстан аумағында
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Пәндер