Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ

ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША
№1 СОӨЖ СӨЖ

Тақырыбы:

Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістері

Орындаған:
Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының
2 курс студенті
Сагындыққызы Аружан
Тексерген:
Сулейменов П.М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент

Алматы, 2022ж

Эссе
Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістері
Ғылыми білім көптеген ғылыми қиындықтар мен қарама-қайшылықтармен байланысты зерттеу, шығармашылық қызмет барысында пайда болады, жинақталады және жүйеленеді. Бұл таным процесінің мақсаты мен күрделі нәтижесі.
Ғылыми білім мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық факторлар әсер етті. Практикалық қызмет, әлеуметтік қатынастар, қоғамдық жұмыс бөлімінің өндірістік және техникалық талаптары әлеуметтік ғылымдардың болуына әкелген факторға, ал ғылыми білімді дамытудың ішкі логикасының қажеттіліктері логикалық ғылымдарды қажет ететін факторға жатады. Ғылымның әлеуметтік мәнін, негізгі белгілері мен заңдылықтарын ашуда Әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет. Осы тұрғыдан алғанда, ғылым-бұл ерекше әлеуметтік институт, адамның танымдық іс-әрекетінің ерекше формасы, әлеуметтік-тарихи практиканың белгілі бір даму кезеңінде пайда болатын адамзат мәдениетінің саласы.
Ғылыми танымның негізгі мақсаты - толық емес, дәл емес білімді неғұрлым толық, дәл білімге айналдыру, жаңа теорияны құру және дамыту, ескіден жаңа теорияға көшу, яғни ғылыми таным-бұл қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.
Ғылыми таным әдістемесі-адамның танымдық және практикалық іс-әрекетінің әдістері мен әдістері туралы теориялық ілім. Әдіс-таным туралы тарауда сипатталғандай танымдық немесе практикалық есептерді шешудің тәсілі. Егер теория белгілі бір пәндік аймақты түсіндіруге немесе оның заңдылықтарын анықтауға бағытталған болса, әдіс адамның танымдық және практикалық қызметінде реттеуші функцияны орындайды. Әрбір әдіс ғылыми теорияға негізделген, сондықтан теория ғылыми әдісті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және оның алғышарты болып табылады.
Эмпирикалық және теориялық ғылыми танымның негізгі нысандарын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным эмпирикалық және теориялық болып бөлінеді, өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық зерттеу тікелей объектіге бағытталған және бақылау мен тәжірибе мәліметтеріне негізделген, білім объектісінің қасиеттері мен қырлары сенсорлық қабілет тұрғысынан қабылданады. Теориялық зерттеу ғылымның тұжырымдамалық аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті шындықты оның нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан жан-жақты білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де ғылыми танымның біртұтас құрылымында бір-бірімен және бір-бірімен табиғи байланыста болады. Эмпирикалық зерттеулер теориялық зерттеулердің дамуына, бақылаулар мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтауға және жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Екінші теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байытып, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көрудің жаңа перспективаларын ашады. Ғылым эмпирикалық деректермен бірге дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шынайы мәтіндегі ішкі қозғалысқа айналдыруға тырысатын ғылымның міндеті эмпирикалық біліммен тығыз байланысты теориялық ойлау жүйесін қолдану арқылы шешіледі.
Ғылыми білім ғылыми қиындықтары мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттін барысында туындап, жинақталып, жүйеленеді. Ол таным процесінің мақсаты әрі күрделі нәтижссі болып табылады.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық факторлар да әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлісінің өндірістік, техникалық талаптары -- әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері -- логикалық ғылымдарды талап ететін факторға жатады. Ғылымның әлеуметтік мәнін, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы.
Ғылыми танымдағы негізгі мақсат - толық емес, дәл емес білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияны жасау мен дамыту, ескі теориядан жана теорияга көтерілу, яғни ғылыми таным - қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.
Ғылыми танымның методологиясы - адамның танымдық және практикалық қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы теориялық ілім. Әдіс дегеніміз таным туралы тарауда айтылғандай, танымдық немесе практикалық мәселелерді шешудің амалы. Егер теория белгілі бір заттық саланы түсіндіруге, не оның заңдылықтарын ашуға бағытталған болса, әдіс адамның танымдық және практикалық әс-әрекетінде реттеушілік қызмет атқарады. Кез келген әдіс ғылыми теорияға негізделген, сондықтан ғылыми әдістің қалыптасуында теория елеулі рөл атқарады және оның қажетті шарты болып табылады.
Эмпириялық және теориялық ғылыми танымның негізгі формаларын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компонентері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным эмпирикалық және теориялық зерттеулерге бөлінеді, өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпирикалық зерттеу тікелей объектіге бағытталған және бақылау мен тәжірибе деректеріне сүйенеді, таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Теориялық зерттеу ғылымның түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де бір-бірімен табиғи байланыста және бірін-бірі ғылыми танымның біртұтас құрылымында деп біледі. Эмпирикалық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай отырып теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Екніші теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байыта, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп білудің жаңа перспективаларын ашады. Ғылым эмпирикалық деректермен байы отырып дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шын мәтіндегі ішкі қозғалысқа айналдыруды көздеген ғылым міндетін эмпирикалдік таныммен тығыз байланысты теориялық, ойлау жүйесі шешеді.
Эмпиризм мен рационализм арасындағы негізгі қайшылық білімнің шығу тегі туралы немесе көзі туралы мәселеде емес, кейбір рационалистер бұдан бұрын сезім түйігінде болмаған нәрсе ой санада болмайтынымен келіседі. Кейбір импуриктер рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті жеке жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді.
Эмпирикалық білім тек сезімдік таныммен шектелмейді, ол ойлаумен де қолданылады. Эмпирикалық білімге техникалық көсеткішін немесе қыңырын, ол мен көрмейтін заттың қалпы туралы. Ақпарат береді, басқаш айтсақ, эмпирикалық білімнің деңгейі әртүрлі техникалық қолдануымен байланысты, ол бақылауды ұйғарады, хаттаманы жүргізу, іс қағаздарды қолдануы. Мысалы, тарихшы архивпен және басқа да негіздерді қолданады. Эмпирикалық білім сезімдік танымнан жоғары деңгей болып табылады.
Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінде қолданылатын ең қарапайым әдіс - бақылау деп аталады. Оның мәні-зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау.
Ежелгі Шығыс елдері мен Ертедегі Грекияда жаратылыстанымның қалыптасу дәуіріндегі ерекшелігі пассивті бақылаумен, пайымдаумен сипатталады. Ертедегі натурфилософтар пайымдаулары адамдардың күнделікті практикалық өмірдегі бақылауларымен салыстырғанда үлкен аңғарымпаздық болып корінеді. Бұл жаратылыстанудың сол кездегі жетістігі жаратылыстанымдық ғылыми білімнің алғашқы жүйелік жинағын құрастыру болды. Осындай неғұрлым толық жинақтың бірі Аристотель жүйесі болып табылады. Жануарлар, өсімдіктер, минералдар, аспан денелері және т.б. туралы адамзаттың жинақтаған мәліметтерін бастапқы жіктеу мен жүйелеу тұсында сыртқы әлемді тану формасы ретінде табиғатқа деген спекулятивті қатынас (латынша зресиіаио -- ізін табу, қарап шығу) үстемдік етті. Ежелгі ойшылдар табиғаттың қандай да бір құбылыстарын түсіндіру үшін күрделі гипотезалар ойлап шығарды, бірақ олар өз жорамалдарын эксперимент көмегімен практика жүзінде тексерген жоқ. Неге? Өйткені, ертедегі халықтар, оның ішінде гректер де табиғатты қасиеттендіріп, құдірет тұтты. Табиғатты түрлендіру, оған эксперимент жасау олардың санасына кіруі мүмкін емес еді. Олай болса, қазіргі эксперименталды жаратылыстану қай кезде пайда болды?
Қазіргі жаратылыстанудың пайда болуы үш негізгі факторлар ықпалымен жүзеге асты.
Біріншіден, XIV ғасырдан бастап ортағасырлық Еуропада өндіргіш күштер, әсіресе техника қарқынды дами бастады. Жаңа механизмдердің, машиналардың, құралдардын, аспаптардың және техникалық жетістіктердің қалыптасуы батыл да күтпеген эксперименттер жүргізу мүмкіндігінің алғышарты болды. Екінші фактор, табиғаттағы заттардың өзара алмасуы туралы шығыс (бәрінен бұрын араб) және антиктік философиялық ілімдері ықпалы өз әсерін тигізді. Алғашқылардың бірі болып кезкелген затты алтынға айналдыра алатын құпия философиялық тасты (рецепттердің ерекше магиялық жинағы) іздеп табуға ұмтылған алхимия пайда болды. Философиялық тасты іздеу барысында алхимиктер мыңдаған тәжірибелер жасап, эксперименталды химияның қалыптасуын бірте-бірте жақындатты. Үшінші фактор христиандық дүниетаным болып табылады. Бұл бастапқы көзқарасқа оған көрінуі мүмкін, өйткені дін мен ғылым бір-бірін теріске шығарады. Христиандық шіркеу ірі ғылыми жаңалықтарға талай рет қарсы шықты. Алайда христиандықтың рухани бастауды - жаратушы-кұдайды өзі жаратқан жансыз табиғатына қарсы қоятынын ұмытпаған жөн. Мұның өзі табиғатқа эксперимент жасауға тыйым салуды алып тастайды, өйткені, ол құдірет емес, құдіретті жаратушының нәтижесі ғана. Осылайша, терістеудің диалектикалық заңы бойынша христиан діні өзінің бітіспес жауы - эксперименталды жаратылыстанудың пайда болуына ықпал етті.
Осы заманда адам миының кейбір әрекеттері электронды есептеу машиналарында модельденеді. Модельдерді материалдық (физикалық) және идеалды (логикалық, ойша алынған) деп екі түрге бөлді.
Материалдық модель зерттелуге тиіс объектімен физикалық жағынан ұқсас болды, көбінесе түпнұсқа жасалған материалдан (ағаш, темір, пластмасс т.б.) құрастырылады. Идеалдық модельдер ой шеңберінде құрылып, түрлі белгілер арқылы бейнелейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі – сараптама
Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің бірлігі
Ғылымтану деңгейлері мен әдістері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ƏДІСТЕРІ
Қазіргі ғылымның жалпы сипаты: нақты әдістер мен нақты теорияларның жаңа деңгейі
Ғылыми таным
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі жайлы ақпарат
Таным және ғылым философиясы
Ғылыми білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері жайлы ақпарат
Пәндер