Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік тәрбиесін басқарудағы кәсіби этиканың рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік тәрбиесін басқарудағы кәсіби этиканың рөлі.
Пәні: Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері.
Қабылдаған: Шайхисламова Гүльсара
Дайындаған: Абай Сара
Оқу тобы: СР-21-3


2022-2023 оқу жылы
1.Жоспар
2.Кіріспе
3.Негізгі бөлім
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар

Аты: Әлеуметтік қызметкердің жеке адамгершілік құндылығы.
Сұрақтары:
1.Адамгершілік құндылық дегеніміз не?
2.Адамгершілік құндылық талаптары қандай?

Аты: Әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне қойылатын этикалық талаптар.

Сұрақтары:
1. Кәсіби этика дегеніміз не?
2.Кәсіби этикаға қандай талаптар қойылады?

Кіріспе
Қоғамда , әлеуметтік ортада адамдар бір - бірімен карым - катынас жасай отырып , ор ортада белгілі бір этикеттi сақтайды . Этикет дегеніміз - тәртіп саұтау ережелері Ол - қоғамда белгілі бір нормаларга сай өмір сүретін кағидалардын жалпы жиынтығы . Ал бұл нормалар - адамдардын мораль және адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы . Мораль және адамгершілік туралы ілім этика болып табылады . Сондықтан этикет этика ілімінің негізінде қалыптасқан , яғни адамгершілік құндылықтарды сақтай отырып , адамдардың бір - біріне нұқсан келтірмейтін қоғам да тәртіп сақтау ережелері . Қоғамда этикалық талаптар , норма , тәртіптер сақталмайтын болса , адамдардын арасындағы қатынас бейтараптыққа айналып кетуі мүмкін . Сондықтан әр қоғамда адамдардын тәртібін адами тұрғыдан бақылайтын , терiс кылықтарды азайтатын белгiлi бiр нормалар жиынтығы кұрылған . Мысалы , үлкендерге кұрмет көрсету , қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және т.б. Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі . Күнделікті өмірдің өз этикасы , әр қызметтiн өз этикасы , белгiлi бiр ортанын өз этикасы , әр халықтың жеке этикасы және әрбір таптын өздерi ұстанатын жеке этикасы және этикет принциптері болады . Этикеттi сақтау қызмет бабында өте маңызды мәнге ие болып табылады . Соның ішінде әлеуметтік кызметкердіц этикасы , онын этикеті басты назар аудартады . Әлеуметтік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс . Сонымен қатар адамгершілік құндылыктар , адамға деген мейірімділік , оның жанын түсіну , көмек беруге ұмтылу , әр жұмысына адал болу және т.б , адамгершілік қасиеттері оның басты этикалык құндылықтары болып табылады .

Негізгі бөлім
Әлеуметтік жұмыстың моральдык критерийлері тек қана әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандар қызметін бағалау үшін емес , сонымен қатар әлеуметтік жұмысқа моральдық талаптарды бағалауға қызмет етеді.Бұл мамандық өкілі ретінде әлеуметтiк қызметкерлердiң қызығушылығын керсететiн қысқа кәсiптiк нормаларды ажыратады , жалпы қоғамда құндылық пен қызығушылық тудыратын адамгершілік нормаларды да ажыратады . Әлеуметтік кәсіптік - этикалык нормалардын екiншi тобы бездiң қоғамымызда әлеуметтiк қызметкер мамандығының пайда болуына алып келген адамгершілік негіз болып табылады . Әлеуметтiк жұмыс қиын ресми және бейресми жағдайларда іске асырылатын қызмет .Осыған байланысты әлеуметтiк кызметкер клиенттің алдында , оның әлеуметтiк ортасында шешiм қабылдап , сонгы нәтижеге жеткенге дейін этикалық жауапкершілік алып жүретіні есепке алынуы қажет . Өз жұмысында ол кәсіптік этика принциптерін басшылыққа алуы керек . Моральдық нормаларды білу іс - әрекеттердің адамгершілік нормаларына сай екенін білдірмейді . Сондыктан кәсіптік кызметтін білімдері тәжірибемен өзінің мағынасын сақтап қалады деп қабылдаған жөн , оларды кәсіптік қызметте аздап пайдалануы да , пайдаланбауы да мүмкін . Бұл жағдайда екі жақты моральдык нормасы бар тұлгамен істес болуға тура келеді . Бул тұлға теориялық жағынан адамгершілік , сонын ішінде кәсіптік мораль стандарттарына да тез бейімделе алады , бірақ бул талаптарға бағыну міндетті емес деп есептеледі. Жоғары адамгершілікті дамыту және қалыптастыру , оны шектеулі ету , өзінiң тұлғалығының ажырамас бөлігі ету талпыныстары маманнан білімді ғана емес , сонымен катар бүкіл еңбек жолында және өмір жолында өз - өзімен жұмыс жүргізуді талап етеді . Адамгершілік ұстанымдар - кәсіптік моральге және тәжірибеге не гiзделген әлеуметтік қызметкердің ұстанымы . Адамгершілік ұстанымдар - маманның тұлғалық дамуындағы және оның санасындағы жоғары деңгей . Бул терең және жан - жақты белгiлi моральдык нормалардын тұлғалык бағасымен де , өмірлік және кәсіптік тәжірибемен де тексерiлгендіктен осылай есептеледі . Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегіне істiң қызығушылығы тарапынан қарауды , қоғам мен клиентке жағымды әрекеттер жасаудын және қандай әрекеттер жасауға міндетті екенін анықтап алуды талап етеді . Адамгершілік ұстанымдар маманның кәсіптік қызметке теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындыгын көрсетеді , әлеуметтік жұмыс тәжiрибесiндегi iс - әркеттер мен тәртібіне саналық қатынасының негізі болып табылады . Бұл тұлғаның еріктік қасиеттерін қалыптастыруға және қоршаған шындыққа тұрақты моральдык жауап беру формаларын қалыптастыруға қатысады . Адамгершілік ұстанымдар өзіндік қасиеттерімен де сипатталады .Сол себептен жұмыстың күнделікті тәжірибесінде тұлғаның өзіндік ұстанымдарына карсы жағдайлар кездесуi мүмкiн , жағдайлық себептер өзiндiк ұстанымдарға қарағанда маңыздырақ . Бұл жағдайда түлға өз - өзіне және өзінің принциптеріне қарама - қарсы шығады .
Адамгершілік қажеттілік - әлеуметтік қызметкердің адамгершілік санасынын жоғары деңгейi . Ол кәсіптік этика талаптарының сақталуына деген моральдық қажеттіліктің болуымен сипатталады . Кәсіптік этика талаптарының сақталуы адамның ішкі қажеттілігіне айналған кез де , ол этикалык принциптерге негізделген өзiнiң барлық ерiктiк және эмоциялық касиеттерін ұйымдастырады , этикалық мәселелердi адамгершілік тұрғысынан шешуге күш салады . Бұл жағдайда кәсіптік этика талаптарын сақтау қажеттілігі тұлғаның тұрақты қасиетіне , оның өзі ніц іс - әрекеттері мен тәртібін ұйымдастыратын қуаты күшті факторға айналады . Маман өзінің адамгершілік қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып , оның көзкарасына сәйкес келмейтін іс - әрекеттерге қажеттілік болганның өзінде бармайды . Әлеуметтік қызметкердiң тұлғалық адамгершілiгi белгiлi бiр жұмыс ұжымында қабылданған моральдық нормалардың әсеріне ұшырайды . Бұдан бұл қызметкер тек олардын этикалык идеалдарын үйренбейді , сонымен қатар моральдық катынастардың күнделікті тәжірибесінде шындыкты карама - қарсы қоя білу керек . Бұл ережелер , ең бiрiншiден , кәсіптiк моральдiң мазмұнына әсер етіп , оны түзетеді .
Кәсiптiк моральдың әлеуметтік қызметкердiн адамгершілік білімдерінің , ұстанымдар мен кажеттіліктерінің қалыптасуында рөлі зор . Бұл оган маманнын өкілі ретiнде талап ететiн позициялар мен өзiндiк адамгершілік позицияларын бiр - бiрiмен ұштастыруға көмектеседі , әр түрлi моральдық талаптарга бағынуға көмек береді .
Адамгершілікке сендіру - әлеуметтік қызметкердің кәсіби адамгершілігінің әділеттілік қажеттілігіне , тәжірибеге және бiлiмге сенiмдiлiк негізі . Адамгершілікке сендiру - бұл маманның жеке дамуынын жоғары сатысы . Оган маманның сезiмi , олардың әлеуметтік практикадагы тексерiсі , өмірлік және кәсіби тәжiрибесi жатады . Адамгершілікке сендіру маманның өзінің еңбегіне йындыгын анықтайды , ягни әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде өзiнiн мi ке сендіру кәсіби қызметке маманның теориялык және практикалык да үшін не істеді , не істеу керектігін анықтауды қажет етеді . Адамгершілік незі мен әрекетіне саналы түрде қарым - қатынасы болып табылады .
Адамгершілік қажеттілігі әлеуметтік қызметкердің адамгершілік сезіміндегі жогаргы дәрежесі . Ол кәсіби этиканы сақтауды талап етудегі моральдық қажеттіліктерді сақтайды . Адамгершілік қажеттілігі кәсіби этиканы сақтауды талап етудегi адамның ішкі қажеттіліктері болып табылады . Әлеуметтік қызметкер этикалық принциптерге сәйкес адамгершiлiк жағынан этикалық қиын мәселелерді шешуге багытталган бүкіл өзінің эмоциялық сапаларын ұйымдастырады . Мұндай жагдайда кәсіби этиканы сақтауды талап етудегi тұлға сапасының тұрақтылығы , өзінің әрекеті мен қызметін мекеме үшін жұмылдыру , яғни намыс және міндет , абырой және адамгершілік күшті фактор , Маман өзінің адамгершілік қажеттілігін басқара отырып , әрекет жасай алмайды . Әлеуметтік қызметкердің адамгершiлiгi қабылданған белгiлi еңбек ұжымында өзара әрекетке түсу арқылы өзгеріске ұшырайды . Сонымен қоса қызметкер оларды белгiлi бiр идеал ретінде жай ғана меңгермейді , сонымен қатар нақты шындыкпен күнделiктi салыстырады . Осы карым - қатынас өз кезегінде кәсiби моральдін мазмұнына әсер етеді .
Әлеуметтік қызметкердің адамгершiлiк болмысы , сендiру және қажеттілікті қалыптастыру кәсiби моральда үлкен рөл атқарады .
Сондыктан адамгершiлiк бiлiм , сендiру және қажеттілік практикалық кажеттілікпен байланысты . Әлеуметтік жұмыс барысында туындайтын моральдық мәселелерді шешуге шығармашылықпен келуді талап етедi . Осыган байланысты ішкі қажеттілік әрқашанда адамгершілік тұрғысында болады . Адамгершілік нормалары және құндылықтар жүйесін меңгеру арқылы өзінің әрекеттерін іске асыру талдау формасы мен синтез теориясына және тәжірибеге лайық жүргiзiледi . Сонымен қатар адамгершілік қажеттіліктер мен адамгершілік принциптер әлеуметтік қызметтің жаңа сапасын анықтайды , сонымен катар әлеуметтік қызметкердiн тұлғалық қасиетін сипаттайды . Әлеуметтік қызметкердің мотивациялык жүйесi де оның тұлғалық қасиетінің көрінісі .
меткердің адамгершiлiк мiнез - құлқы онын белгiлi адамгершiлiк және iшкi сезiмiнiн сапалары анықтайды .
Адалдық әлеуметтік қызметкер үшiн өте кажеттi сапа . Адалдық , маманның шындықты айта бiлуi . Әлеуметтік қызметкер клиенттiн жағдайын , онын мәселелерін шеше білуі , жасалған қателіктері туралы шын айта білуі керек . Бiрақта адалдық сөзде ғана көрсетілмей , істе де көрсетілуі тиіс . Әлеуметтік қызметкер клиенттің үмітін ақтау керек , егер ол оған көмек көрсетуге уәде берсе , айтқан сөзін жүзеге асыруы керек . Егер әлеуметтік қызметкер обьективті себептерге байланысты қызмет көрсетуге көңiлi болмаса , күмәні бар екенiн ол клиентке хабардар етуi керек . Егер ол жоспарды ойластырып , клиентке сөз берсе , онда өз сөзінде тұруы керек . Әлеуметтік қызметкердiн намысы өзінің әрекетіне моральдык жауапкершілігінен көрінеді . Намыс тұлга сапасы ретінде онын кәсіби талаптарына және қоғамға , жеке әлеуметтік институттар мен топтарға әсер ету болып табылады . Намыс реттеуші әрекет функцияларын орындайды , ягни моральдық және кәсіби нормаларды орындаудағы таза ресми көзқарастан сақтандыру және шығармашылықты шешуге адамды талаптандырады . Қиын және калыпты емес жагдайда намыс тұлғаға дұрыс шешім қабылдауды есiне салады .
Е.И. Холостова әлеуметтік жұмыскердің жеке кәсіби кұндылығына келесі маңыздылықтарды жатқызады :
- тұлғанын гуманистік бағыттылығы ;
-жеке және әлеуметтік жауапкершілік ;
-мейірбандық және әлеуметтілік ;
-өзіндік абырой сезімі және эмпатия қабілеті ;
-басқаларды түсінуге дайын түру - оған көмекке келу ;
- эмоционалды тұрақтылығы ;
-әлеуметтік бейімделгіштігі және жеке бас адекваттылығы .
Қазіргі әлеуметтік қызметкер кәсіби білімді және дағдыларды , жеке қасиеттерді міндетті түрде есепке алады . Әлеуметтік жұмысты таңдай отырып жастар осы мамандық туралы толық мағлұмат алуы керек . Әлеуметтiк қызметкер қиыншылықтарға қарамастан адамдарды жақсы коре ме ? Адамдарга жақсылық істей ала ма ? Адамдардын күнделікті бақытсыз жағдайларына төзуге дайын ба , сонымен қатар бұл сұрақтарды мамандық таңдағанда шешу қажет . Егер адам саналы түрде әлеуметтік қызметкер мамандығын өз қалауынша және тұлғалық құндылықтарга сәйкес таңдаса , онда ол үшiн моральдық жағынан ауыр болмайды .
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби маңызды құндылықтарын келесi түрлерге бөлуге болады:
мамандықтың мәнін білдіретін құндылықтар ( әлеуметтік әділдік , гуманизм )
әлеуметтік қызметкердің мағынасы мен бағытын анықтайтын құндылықтар ( моральдық қағидалар ) ;
әр адамның қадір - қасиетін құрметтеу , кәсіби адалдықты сақтау , адамның шешім қабылдау құқығын құрметтеу , клиенттін ақылға қонымды мүдделерін сақтау ;
кәсіби қызметте сыртқы катынас түрiн бiлдiретiн құндылықтар ( ресми этикет ) .
Әлеуметтік жұмыс этикасы қолданбалы ғылым ретінде әлеуметтiк қызметкерлердің қызметі жүзеге асырылатын жағдайларда кәсіби моральдық көріністерді талдайды . Дегенмен нақты шындық ешқашан мiнсiз болмайды . Әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен түрлерi белгiлi бір әлеуметтік - мәдени бағытта жүзеге асырылады және тарихи шындыққа ғана емес , сондай - ақ мемлекет пен өңірдің әлеуметтік саясатына байланысты . Мамандықтың шынайы моральдық тәжірибесін талдау өте манызды , бірақ ол әлеуметтік мәселелер мен ақиқатты құрайтын сұрақтарға жауап береді .
Әлеуметтік қызметкердің басты құралыдылығы ретіндегі адамгершілігі адамның ішкі , рухани күн болып табылады . Моральдық және этикалық қажеттіліктерге сәйкес адамдарға жақсылық жасау ізгілікті іс болып табылады .
Медицина қызметкерлері мына сөзді жиі айтады : Егер ауру адамға дәрігердің әңгімесінен кейін жақсы болмаса , онда ол дәрігер емес . Бұл жағдай әлеуметтік қызметкерге де қатысты . Егер клиентке әлеуметтік қызметкердің әңгімесінен кейiн жақсы болмаса , онда ол клиенттiн сенімін ақтамайды , онда мұндай әлеуметтік қызметкерге әлеуметтік қорғау қызметінде орын жоқ . Әлеуметтік қызметкердiн Кәсіби кұндылығы 3 қажетті компоненттен тұрады : адамгершілік білімі , адамгершілікке сендіру және адамгершілік қажеттілігі .
Адамгершілік білімі . Этика , мораль және адамгершілік туралы білiм негiзiн , соның iшiнде маманданған қызмет аясында әлеуметтік қызметкер оқыту процесі кезінде орташа мамандықта , жоғары білім мекемесiнде және біліктілікті жоғарылату факультетiнде , сонымен қатар курстарда білім алады . Болашақ маман адамгершілік мәнін ұғынады , ол қоғам туралы , мазмұны және функциясы жайлы мәлімет алады , өзіндік адамгершілік нормаларын басқа қызметкерлермен салыстырады , өзінің адамгершілік позициясын түзетедi . Жоғары оқу орындарында курс өтпеген әлеуметтік қызметкер өзінің интуициялық түсінігін басшылыққа алады . Кәсіби этика қажеттіліктеріне сәйкес оған өзіндік моральдық қолдауға мүмкіндік береді ; бірақ бүл күнделікті бола бермейді .
Моральдық білім нормасы моральдық әрекетті білдірмейді сондықтан кәсіби қызмет іс-тәжірибесіне қатысты өзбеттілігін сақтайды , оларды кәсіби қызметте қолдауы мүмкін .Мұндай жағдайда тұлгада екі мораль бар. Кәсіби мораль теориялық түрде адамгершілік сұрақтарына бағдар бере алады , бірақ оның қажеттіліктерінің сонынан еру мiндеттi емес .
Аристотель этика ( ethos ) сөзінін негізінде ethicos , яғни этикалық деген мағынаны білдіретін анықтауыш сөз қалыптастырды . Бұл үғыммен ол әділдік , батылдық , мейірімділік , жұмсақтық , жомарттық , достық , сыпайылық және шындықты қамтитын рухани қасиеттердің жиынтығын түсіндіріп көрсетті . Этикалык ізденістерді , сондай - ақ ізгі істерді зерттейтін ғылым Аристотель дің этикасы деп аталды . Осылайша , б.д.д. IV ғасырда пайда болған этикалық ғылымнын этика атауы осы күнге дейін келіп жетті . Грек тіліндегі этос сөзінін латынша аналогы - moris ( морис ) ұстаным , әдет - ғұрып , мінез - құлық деп аударылады . Цицерон Аристотельдін тәжірибесіне сүйене отырып , mora lis ( моральдык ) деген анықтауыш сөз қалыптастырды . Осы анықтауыш сөзден кейінірек мораль деген зат есім пайда болып , ол мағынасы жағынан этика терминіне әсер сәйкес келді . Осылайша , этимологиялык мағынасы жағынан гректiң этика және латын тілінін мораль сөздері бір - біріне балама болып табылады . Кейінірек орыс тілінде нравственность ( адамгершілік ) сөзі пайда болды , оның мағынасы гректін этика және латынның мораль сөзімен сәйкес келеді . Осы уакытка дейін этика және мораль терминдері бір - бірінің орнына ауыз екі тілде қолданыла береді .
Этика білімінін объектісі - мораль , оның дамуы , қоғамдағы нормалар мен рөлі . Этика адам өмірінде күнделікті кездесетін мораль мен таным сұрактарын шығармашылық деңгейде шешуге бағытталған .
Этика - философиялык категория . Ол педагогика , психология , филология және зан ережелерімен сабақтас . Ол - теориялық тұрғыдан қарағанда ережелерден тұратын құрылым , қоғамның , жалпы бүкіл адамзаттың дамуының қозғаушы күші .
Моральдын жалпы теориясы - мораль кұрылымының оның қоғамдық дамуындағы адамдардың өмір қызметіндегі рөлінің жиынтығы туралы ғылыми білімдердің жүйесі . Жалпы теория моральдын әлеуметтік мәнін туралы анықтау үшiн негiз қалыптастыруга мүмкіндік бередi . Мораль дамуындагы XX ғасырдың 60 - жылдары көптеп жете бастағанын айта кету керек . Осы уақытта О.Г. Дробницкийдiн алғаш рет күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этика ұғымы және оның заты
«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы»
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ этикасының зерттелуі
Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Корпоративтік этиканың кәсіпорында пайда болуы
Құқық және құқықтық сана
Әлеуметтік қызметкердің этикалық нормалары
Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі
Пәндер