Әбіш Кекілбаев прозасының көркем әлемі


Ә. Кекілбаевтың "Шыңырау " повесіндегі Еңсептің адамгершілік әлемі
Орындаған:
Жетекшісі:
Секциясы:
Бағыты:
2022 ж
Мазмұны
Аңдатпа
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Әбіш Кекілбаев прозасының көркем әлемі
2. 2 «Шыңырау» фильмінің халқымыз үшін маңызы
III. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Аңдатпа
Заманымыздың бір заңғар тұлғасы - Әбіш Кекілбаев. Оның әр туындысы - халық мұрасы болып танылғаны белгілі. Кез келген шығармасының мағынасы өте терең әрі оқырман жанын бірден баурап алады. Қаламгер шығармашылығының негізгі арқауы - тарихи тақырыпқа арналған.
Ана тіліміздің байлығын барынша ашып, тарих сырларын, өз ойларын толық танытып, оны оқырманға ерекше көркемдікпен жеткізе білген Әбіш Кекілбаев екені сөзсіз.
Ғылыми жобада Қазақстанның әйгілі жазушысы Әбіш Кекілбаев шығармаларының ішінде ерекше көзге түсетіні - «Шыңырау» повесіндегі кейіпкер Еңсеп бейнесі қарастырылады.
Аннотация
Богатство языка, словообразование произведений писателя, характерные для казахского языка обороты речи - наиболее ценные грани произведений
А. Кекильбаева. Основная основа творчества писателя-историческая тематика.
Известно, что каждое произведение Абиша Кекилбаева - наследие народа. Казахский язык-государственный язык, духовное богатство. Несомненно, Абиш Кекилбаев, сумевший максимально раскрыть богатство языка, полностью раскрыть тайны истории, свои мысли и передать их читателю с особым колоритом.
В научном проекте рассматривается образ героя повести Шыңырау-известного казахстанского писателя Абиша Кекилбаева.
Annotation
One of the most valuable aspects of A. Kekilbayev's works is the richness ofthe language of the poet's works, the tuning of the word, and the characteristic phrases of the Kazakh language. The main basis of the writer's work is devoted to the historical theme.
As you know, each of AbishKekilbayev's works is a national heritage. The Kazakh language is the state language, our spiritual wealth. Of course, AbishKekilbayev was able to reveal the richness of the language as much as possible, fully reveal the secrets of history, his thoughts, and convey it to the reader with special artistry.
The scientific project considers the image of characters in the story Shynyrau, which stands out among the works of the famous writer of Kazakhstan AbishKekilbayev.
Кіріспе
Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіштің әдебиет әлемі - өзіндік бір пәлсапалық дүниетанымға толы әлем.
Ол - сегіз қырлы бір сырлы талант иесі. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды [2, 26-б. ] .
Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиетінде белгілі жазушы ретінде танылғанымен, поэзия, проза, драма, сын, аударма жанрларының бәріне бірдей қалам тартқан. Алғашқы шыққан жинағымен- ақ елді елең еткізген қаламгер бар күш- жігерін қазақ елінің кешегісі, бүгіні мен болашағына арнады.
Өзге замандас жазушылары секілді Әбіш Кекілбаев та өз халқының ежелгі әдет-ғұрып, дәстүр тағлымдарын егжей- тегжейлі ынтыға суреттеп, көшпенділер өмірінің қазір ұмытылы бастаған этнографиялық детальдарына ерекше мән береді, халық өмірін, адам жанының иірімдерін ашуға тырысады.
Ол тосын орта, оқиға іздеп әуре болмайды, көрген, өмірде болған жайттарға терең үңілу нәтижесінде заман, адам, оның тіршілігі жайлы философиялық түйін жасайды. Қаламгердің туындыларында қазақ ауылының кешегі тұрмысы, бүгінгі тыныс- тіршілігі сынды мәселелер қозғалады. Қазақ даласының иісі мен қазақ баласының ұлттық мінез ерекшелігі, әдет- ғұрпы мен салт - санасы анық көрінеді. Жазушы кейіпкер бейнесін сомдауда психологиялық талдаудың жетістіктеріне қол жеткізді. Бұл- жазушының ғана емес, қазақ прозасының да елеулі табысы.
Әбіш Кекілбайұлының кемеңгерлігі мен жазушылығын, абыздығы мен ақындығын, шешендігі мен қайраткерлігін, қысқасы, шет‐шегі жоқ телегей теңіздің тұлғалық портретін түгендеп шығу еш мүмкін емес. Оның алғашқы туындыларының ішінде «Ханша дария хикаясы» мен «Шыңырау» повестері тарихи, рухани мәселелерді жоғары деңгейге көтере алуымен характер жасау, өмірді реалистік сипатта суреттеудегі шеберлігімен көзге түсіп, қазақ әдебиетінде таңдаулы прозаның қатарына қосылды.
Біз осы орайда жазушының «Шыңырау» шығармашылығын талдаймыз.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, киелі Маңғыстаудың тума таланты, дәуірдің дара тұлғасы, кемеңгер қаламгер Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы бүгінгі жастарға, оқушыларға рухани тәрбие берудің көзіне айналды. Жазушы шығармаларының тақырыбы өзектілігімен оқырманның қызығушылығын арттырып, өз бағасын алды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Әбіш Кекілбайұлы шығармалары туған елінің өткен тарихынан, тұрмыс- тіршілігінен, күнделікті қарекетінен сыр шертеді. Жазушының туған еліне, өткен тарихына деген шынайы сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі бүгінгі ұрпақ үшін, ұлт руханияты үшін өшпес мұра болып қалады. Болашағына арнап өлмес мұра қалдырған жазушының шығармалары тәрбиенің негізгі көзі ретінде зерттеуді талап етеді. Зерттеу жұмысы бүгінгі ұрпақ бойына рухани құндылықтарды сіңіруге бағытталған.
Зерттеудің мақсаты:
Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі кейіпкер бейнесі арқылы қазақ жастарының рух- жігерін оятып, туған жерге, Отанға, табиғатқа, Жер- Анаға деген махаббатын, сүйіспеншілігін жандандыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсаты көзделді.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
1. Жазушының қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;
2. Жазушы шығармалары бүгінгі ұрпақты ұлтжандылыққа, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;
3. Кейіпкер Енсептің ішкі әлемі қаншалықты шынайы қалпына келтірілгенін, кескіннің авторлық тұжырымдамасы қаншалықты дұрыс бейнеленгенін көрсету.
Кейіпкер Еңсептің ішкі және сыртқы әлемін шынайы суреттеудегі дәлдік пен бейнелілік,
Зерттеудің болжамы: Егер Ә. Кекілбаевтың шығармаларындағы кейіпкерлердің бейнесі тереңінен талданса, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне деген құрметтері артып, ұлттық сана-сезімдері жоғарылап, қарапайымдылық пен еңбекқорлыққа, өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншік қабілеттері дамып, патриоттық рухтары көтеріліп, таным құндылықтары арта түсер еді.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің маңызы: Әбіш Кекілбаев шығармалары болашақ жастар үшін рухани өнеге мектебі
Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Әбіш Кекілбайұлының шығармалар жинағы, газет-журнал материалдары, "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы басшылыққа алынды.
Зерттеудің жаңалығы: Әбіш Кекілбайұлының шығармалары арқылы бүгінгідей рухани құндылықтың азайған шағында, қоғамның келеңсіз жайттарына тұсау салуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Жазушы мұрасы бүгінгі ұрпақ жүрегіне шынайы сезімнің ұшқынын жағуға болатынына көз жеткізу. Жазушының жазу стиліндегі бір саның шығарма тақырыбына атау болуы, жазушының қиын қыстау кезеңдерін бейнелеу ерекшелігін көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жүншиев Е, Төкенов Ө, Ізтілеуов Ә. «Философия» Алматы, «Арыс» 2007 жыл.
2. Исмакова А. С. Казахская художественая проза. Поэтика, жанр, стиль. Начало XX века и современность Алматы: Ғылым, -1998. - С-394.
3. Ж. Нәжімеденов. Терең сезімнің тұнбасы. /Автор туралы
4. Кекілбаев Ә. Таңдамалы. 1 том. Алматы, «Жазушы» 1989 жыл.
5. Кекілбаев Ә. Таңдамалы. 2 том. Алматы, «Жазушы» 1989 жыл.
6. Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы. 6 том. Алматы, «Өлке» 1999 жыл.
7. Г. Бельгер. Дала балладалары/Автор туралы. (Ә. Кекілбаев өмірі ментшығармашылығы туралы) Интернет қоры.
8. Т. Қ. Жанұзақова Қазақ прозасындағы романтизмнің көркемдік әлемі (ХХ ғасырдың екінші жартысы) 2002. филолгия ғ. к. дәрежесін алу үшін автореферат. 9-б.
9. З. Клайнмихль. «Аңыздың ақыры» өнер құдіреті хақында. /Автор туралы. (Ә. Кекілбаев өмірі ментшығармашылығы туралы) Интернет қоры.
10. Сыдықов Т. «Парасат безбені немесе Ә. Кекілбаевтың көркемдік әлемі» «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №1, 2, 3. 2002 жыл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz