Зертханалық жұмыстар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ТҮСІНІК ХАТ

1. Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Биология» оқу пәні бойынша екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылардың санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол беріледі.

2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілген) сәйкес жүргізіледі.

«Биология» пәнінен үлгілік оқу жоспары бойынша оқу жүктемесінің көлемі 16. 1-кестеде берілген.

16. 1-кесте. «Биология» пәнінен үлгілік оқу жоспары бойынша оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Негізгі

үлгілік оқу жоспары

Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары
Сынып:
Негізгіүлгілік оқу жоспары:

Аптасына

(сағ. )

Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары: Оқу жылында (сағ. )

Аптасына

(сағ. )

Оқу жылында (сағ. )
Сынып: 7-сынып
Негізгіүлгілік оқу жоспары: 2
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары: 72
1
36
Сынып: 8-сынып
Негізгіүлгілік оқу жоспары: 2
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары: 72
1
36
Сынып: 9-сынып
Негізгіүлгілік оқу жоспары: 2
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары: 72
1
36
Сынып: ЖМБ 10-сынып
Негізгіүлгілік оқу жоспары: 2
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары: 72
3
108
Сынып: ҚГБ 10-сынып
Негізгіүлгілік оқу жоспары: 1
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары: 36
2
72
Сынып: ЖМБ 11-сынып
Негізгіүлгілік оқу жоспары: 2
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары: 72
3
108
Сынып: ҚГБ 11-сынып
Негізгіүлгілік оқу жоспары: 1
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспары: 36
2
72

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес, вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-11-сыныптардағы оқу пәндері бойынша ( инварианттық компоненттегі таңдау пәндері ) жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

«Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (толықтырулар мен өзгерістер 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықтың 15-қосымшасында берілген) бекітілген.

«Биология» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген.

Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы барлық бөлімдер толығымен сақталған, айырмашылық бөлімшелер бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген. Кейбір оқу мақсаттары біріктіріліп, берілсе, кейбір мақсаттар қысқартылып берілді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы (аптасына 2 сағат оқу жүктемесімен) 10 - сынып бойынша оқу бағдарламасында 3 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу сабақтары берілген.

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 - сыныптарға арналған «Биология» пәнінің биылғы оқу жылындағы оқу бағдарламасында (аптасына 1 сағат оқу жүктемесімен) 2017 жылы бекітілген оқу бағдарламасының мазмұны толық сақталды. Мұнда да кейбір оқу мақсаттары мен зертханалық жұмыстар қысқартылды. 11-сыныпта 3 зертханалық жұмыс, 1 модельдеу сабағы берілген.

4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны

«Биология» пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады. (9-тармақпен толықтырылды. Жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12. 05. 2022ж №193 бұйрығы)

БЖБ үшін максималды балл 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек. . (14-2-тармақпен толықтырылды. Жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12. 05. 2022ж №193бұйрығы)

«Биология» оқу пәнінен бөлімдер бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) қарастырылған. 16. 2-16. 3-кестелерде бөлім бойынша жиынтық бағалау саны берілген.

16. 2-кесте. «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша БЖБ саны

Сынып
БЖБ саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
Сынып: 8-сынып
БЖБ саны: 3
2
3
3

16. 3-кесте. Төмендетілген оқу жүктемесі бойынша БЖБ саны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Физикалық зертханалық жұмыстардың міндеттері
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Физикалық практикумның мақсаты
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
«Жануарлар биотехнологиясы» пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz