БАЛАНЫҢ МОТОРЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТОРЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Медициналық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Моториканың даму кезеңдері, сөйлеу, орындау.

Тексерген: Сарманкулова Г
Дайындаған: Ермұхан Н

Қарағанды 2022
Жоспары:
I. Ерте жастағы бала моторикасының дамуының негізгі сатылары
II. Баланың нервтік-психикалық және моторикалық дамуын бағалау
III. Нервтік психикалық дамудың динамикасын бағалау

Тіреусіз отыру
Сипаттамасы. Бала бүкіл денесі мен басын ешкімнің көмегінсіз және қолдарын тіремей ұстап тұра алады. Бала басын көтеріп тік (яғни алға қарай бүгілмей) отырады. Әдетте аяқтарының бірі бүгіліп тұрады.
Критерийлері. (а) бала басын ұстайды; (б) бала тепе-теңдікті ұстауға немесе қолдарын тіреп өзіне көмектесуге тырыспайды; (в) бала кемінде 10 секунд тік отыра алады.
Тексеру әдістемесі. Балаға күлімсіреп бетті бұрып, оны отырғызу қажет. Одан кейін балаға екі қолымен ұстайтындай және оны тірек ретінде пайдалана алмайтындай етіп, ойыншық ұстату керек.
Еңбектеу
Сипаттамасы. Бұл кезең алақандары мен тізелерін тірек етіп, аяқтары мен қолдарын кезек-кезек қозғалтып, бауырын көтеріп жорғалайтын кезең: оң қолы мен сол аяғы бірге алға жылжиды не- месе артқа кетеді, немесе керісінше сондай тәртіппен.
Критерийлері. (а) Қолдары мен тізелері алға немесе артқа қарай кезек қозғалады; (б) баланың бауыры жерге тимейді; (в) қатарынан кемінде үш рет үздіксіз және жүйелі қозғалады.
Тексеру әдістемесі. Баланы етпетінен жатқызу керек, бірақ оның бауыры жерге тимеуі тиіс. Консультант балаға қарсы шамамен 120 - 150 см. қашықтықта тұруы қажет. Бала егер өзі еңбектемесе оған баланың назарын аудара- тын ойыншық немесе бір затты көрсету керек. Баланың ойыншыққа еңбектеп жетіп, оны қолына алуына ықпал ету қажет.
Сүйеніп тұру
Сипаттамасы. Бұл - баланың алға қарай қадам басу үшін бүкіл денесінің тепе-теңдігін ұстап тұруға тырысып, аяқтарына тұрып, тігінен қозғалу қабілетін игеруге алғаш рет тікелей қадам басу сатысы. Мұның негізгі мәні егер бала денесін тіремей әрі осы затқа қарай бүгілмей қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі қолымен ұстап тұрса, ол шын мәнінде өзінің салмағын ұстап тұра ала ма дегенге келіп тіреледі.
Критерийлері. (а) бала екі аяғына тұрады; (б) бала екі қолымен қозғалмайтын заттан ұстап тұрады, бірақ оған сүйенбейді; (в) баланың денесі қозғалмайтын затқа тимейді; (г) баланың аяқтары оның салмағын көтереді; (д) бала осы қалыпта сүйеніп кемінде 10 секунд тұрады.
Тексеру әдістемесі. Консультант баланы оның аяғы денесінің салмағын көтеретіндей етіп, тұрған қалпында қояды. Баланы қозғалмайтын затқа қолы жетпейтіндей және сүйене алмай- тындай етіп, денесі емес, қолы созылған қашықтыққа қояды. Осылайша, бала денесінің бар салмағы оның аяқтарына түседі. Консультант баланың қозғалмайтын затқа сүйеніп тұрмағанына көзін жеткізуі тиіс. Қозғалмайтын заттың биіктігі баланың ішінің деңгейінде болуға тиіс.

Сүйеніп жүру
Сипаттамасы. Бұл кезеңде бала тірек ретінде қозғалмайтын заттан ұстап (мысалы, жиһаз) саналы түрде алғашқы қадам жасап, белгілі бір жаққа қарай өзінің денесін қозғауға ыңғайлайды.
Критерийлері. (а) бала арқасын тіктеп, тұрады; (б) қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) бір немесе екі қолымен ұстап, алға қарай не жанына бір қадам жасайды; (в) бір аяғы денесінің салмағын ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады; (д) сөйтіп, бала кемінде бес қадам жасайды.
Тексеру әдістемесі. Баланы дене салмағының негізгі бөлігі аяғына түсетіндей етіп тұрған қалпында қою қажет. Бала қозғалмайтын заттан бір немесе екі қолымен ұстай алатын- дай немесе оған қол тигізе алатындай қол созым қашықтықта болуға тиіс. Егер бала бірден келмесе, консультант балаға оның назарын аударатын ойыншықты немесе затты көрсетеді. Одан соң баланы ойыншық тұрған жаққа қарай барып, оны алуға (кей- де ата-анасының бірінің көмегімен) сендіруге тырысу қажет. Қозғалмайтын зат баланың ішінің деңгейінде тұруға тиіс.
Өз бетімен тұру
Сипаттамасы. Бала денесінің тепе-теңдігін сақтай алу және аяғына тұрып денесінің салмағын көтере алу қабілетін көрсетеді. Бұл қалыпта баланың аяқтары бүгілмейді, бала бүгілмей және басқа бір заттардан ұстамай аяғын басып тұрады (аяғының ұшымен емес). Бала өз бетімен ұзақ уақыт бойы тепе-теңдігін сақтап тұрады.
Критерийлері. (а) бала арқасын тіктеп екі аяғын басып (бірақ аяғының ұшымен емес) тұрады; (б) аяқтары салмағын 100% ұстап тұрады; (в) бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді; (г) өз бетімен кемінде 10 секунд тұрады.
Тексеру әдістемесі. Баланы еденге екі аяғымен қойып, тік қалпында тұрғызу керек. Одан кейін баланың өз қалпын өзгерте алатынын не өзгерте алмайтынын, жаңа жағдайға бейімделе алатынын не бейімделе алмайтынын, кемінде 10 секунд тұра алатынын не тұра алмайтынын анықтау үшін қандай да бір уақытқа оның жанынан кету қажет.
Өз бетімен жүру
Сипаттамасы. Бала өзінің денесін тепе-теңдікте ұстай алу және алға қарай жасаған қадамын бақылау алу қабілетін көрсетеді. Бұл қалыпқа бейімделу және қадам жасау дегеніміз өз бетімен жүруді білдіретіндіктен, бөгде адамның көмегінің қажеті жоқ. Тік қалыпта қозғала алу қабілетін игеретін бұл кезеңнің маңызды көрсеткіші қадам жасауда бүкіл дененің қозғалмайтындығында.
Бұл кезең баланың ересек адамның созған қолына қарай сенімсіз үш немесе төрт қадам жасайтын алғашқы өз бетімен қадам басатын кезеңіне жатпайды.
Критерийлері. (а) Бала арқасын тіктеп, өзі тұра алады; (б) бір аяғы салмағының басым бөлігін ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады; (в) бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді; (г) бала өз бетімен кемінде бес қадам жасайды.
Тексеру әдістемесі. Баланы қандай да бір тірек болатын заттарға қолы жетпейтіндей жерге, өзіңнен 120-150 см қашықтыққа тұрғызып, баланы өзіңе келу үшін шақыру қажет. Кейде балаға қамқорлық жа- сайтын адамның оның көңіл-күйін көтеруі қажет болады.
БАЛАНЫҢ МОТОРЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР ТОРЛАРЫ
Эмоционалдық сергектік баланың моторлық дамуына ықпал етуі немесе керісінше, оны қиындатуы мүмкін, соған байланысты екі шкала бойынша баланың алты негізгі моторлық дағдысын тексерген кезде оның жалпы эмоционалдық жай-күйін бағалау қажет. Біріншіден, саналылық шкала- сы баланың ұйқылы-ояу немесе сергек болғанын не мұқият болғанын бағалайды. Екіншіден, баланың кірпияздығы тыныш, абыржулы, көңіл күйі жоқ (жылайды) ретінде бағаланады.
Ал дұрысында бала моторлық дағдыларды бағалаған кезде сергек, мұқият және тыныш болуға тиіс. Ұйқы басу, абыржу және жылау, тіпті егер бала оларды бәрібір тексеру кезінде көрсетуге қабілетті болса да моторлық дағдыларды тексеруден бас тартуға себеп болып табылмайды. Алайда егер олар бағалауға кедергі келтіретін болса, баланың тынышталуына уақыт береді. Егер бала ұйықтап жатса, оны дағдыларды тексеру үшін оятпайды.
ДДСҰ мамандарының тобы балалардың моторлық дамуына зерттеу жүргізіп, моторлық дамудың алты негізгі белгілеріне арнап жас ерекшелігіне байланысты нормаларды (шекараны, торларды) анықтады.

Моторлық дамудың негізгі көрсеткіштерімен қатар балалардың психомоторлық және ақыл-ой дамуын бағалау үшін, сондай-ақ 3-кестеде көрсетілген моториканың, сөйлеу мен есту қабілетінің даму сатылары маңызды болып табылады.

3-кесте - Баланы бүлдіршін жастан дамыту мен мектепке дайындау бағдарлары картасы
0-ден 3 ай

ЖҮЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Етпетінен жатып, басын көтереді
Етпетінен жатып, қолын, одан соң шынтағын тірейді
Алдындағы және айналасындағы заттарға көзін тоқтатып қарайды

Уілдейді (а-а-а, м-м-м) Күледі
Аяғын нық тірейді, басын жақсы ұстайды
3-6 ай
ЖҮЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Етпетінен жатып, алақанын тірейді және кеудесінің жоғарғы бөлігін көтереді
Етпетінен жатып, арқасына аунайды Біреудің сүйеуімен отырады

Еңбектеуге талпынады
Ойыншықты қолында жақсы ұстайды Түрлі дыбыстарға елеңдеп, басын бұрады Ұзақ уілдеп, күледі
Сөйлеуге әрекеттенеді
Ата-анасы мен отбасындағы жақын адамдарды таниды, бөтен адамдардан ажырата алады
6 айдан 12-айға дейінгі балалардың даму картасы
ІРІ МОТОРИКА

Бала ешкімнің демеуінсіз тік отыра алады Бала өзінің қолдарын тіреп, кеудесін көтереді Бала ішімен жылжып, жақсы қозғалады
Бала аяқ-қолдарын тіреп, төрттағандап тұра алады Бала еңбектейді
Төрт тағандаған қалпынан өзі отыра алады Екі қолынан ұстағанда бала жүреді
Таяныш үшін бір нәрседен ұстап отырады, еңкейеді
Бала жиһазға сүйеніп, жағалап, бір қырымен сенімді жүреді Өз бетінше немесе біреудің қолынан ұстап жүреді
Бала өз бетінше отырады немесе тұрады

ҰСАҚ МОТОРИКА

Бала сылдырмақ ойыншықты сілкілейді
Бала заттарға қолын созып, ұмтылып, оларды аузына апарады Егер біреу ойыншықты алғысы келсе, бала ойыншыққа жармасады Бала затты бір қолынан екінші қолына ауыстырады
Бала заттарды бес саусағымен бірдей ұстайды (тырмалау қимылы)
Бала заттарды бас бармағымен және сұқ саусағымен іліп алады (іскекпен жұмыс істеу қимылы)
СӨЗДІ ТҮСІНУ

Бала өзінің атын біледі
Бала ересек адамның сұрағанын қимылмен, ыммен көрсетеді
Иә, болады және жоқ, болмайды дегеннің айырмашылығын түсінеді және біледі
БЕЛСЕНДІ СӨЙЛЕУ

Бала былдырлап, мағынасы жоқ дыбыстарды (ба-ба, ма-ма) қайталайды
Дыбыстарды түсініп, нақты заттарғаадамдарға қатысты қолданады
СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ

Бала анасының дауысын таниды
Бала 20-40 см жердегі ұсақ заттарға көңіл аударады
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ
Өзінің жақсы көретін ойыншықтарын ажырата алады
ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС

Өзіне таныс адамдарды көргенде бала өзін бақытты сезінеді Басқа балалардың ортасында болғанда қуанады
ТАМАҚ ІШУ

Қасықпен тамақ іше алады Қасықпен ботқа жейді
Бір тілім нанды немесе печеньені қолымен ұстап, жейді

ЖЕКЕ ГИГИЕНА
Ересектердің көмегімен түбекке отырады
1 жастан 1 жас 6 айға дейінгі балалардың даму картасы
ІРІ МОТОРИКА

Жүресінен отырады Тырбанып диванға шығады Өз бетінше жүреді Кедергіні айналып өтеді Ұсақ заттардан аттап өтеді
Басқыштың тетігінен немесе ересек адамның қолынан ұстап, әр басқышқа екі аяғын бірдей қойып, басқышпен жоғары көтеріледі
ҰСАҚ МОТОРИКА
Заттарды айналдырады
СӨЗДІ ТҮСІНУ

Ересек адамдар сұраған таныс затты тауып, алып береді
БЕЛСЕНДІ СӨЙЛЕУ
Өтінішін дауыс ырғағымен білдіреді
СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ

Қасында жатқан түрлі заттарды сипалап, саусақтарын қозғалтады
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ
Ойыншықты мақсатына сай пайдаланады
ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС

Басқаларға өзінің көңілін білдіреді Ересектермен ойын ойнайды
Бірдеңені істеген кезде қиыншылықтарға тап болса, үлкендерден көмек күтеді
ТАМАҚ ІШУ

Тамақты қолымен жейді
Тамақты аузына жеткенше аздап төгіп-шашып, қасықты аузына апарады
ЖЕКЕ ГИГИЕНА

Үлкендерге өзінің дәретке барғысы келетінін айтады, бірақ әлі де болса көмекті қажет етеді
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалардың даму картасы
ІРІ МОТОРИКА
20 см қашықтықтағы бірнеше кедергіні кезек-кезек адымдап еңсереді
Басқыштың тетігінен немесе ересек адамның қолынан ұстап, ке- зек-кезек адымдап басқышпен жоғары көтеріледі
ҰСАҚ МОТОРИКА

Заттарды мақсаты бойынша пайдаланады 3-4 кубиктен мұнара тұрғызады
СӨЗДІ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың физикалық және психикалық даму көрсеткіштері
Балалардың сал ауруында қолданылатын реабилитациялық шаралар
Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары
Аутизм мәселесінің тарихы
Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының жағдайы мен түзетудің кейбір жолдары
Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық тусініктер мен идеялар
Дефектология негіздері
Адам дамуындағы биологиялықтың түрлік спецификасы
Қимыл дағдылары қалыптасуының кезеңдері
Тірек –қимыл аппараты бұзылған балаларға білім беру. 
Пәндер