Кітап оқудың пайдасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы, Қазалы аудан, Әйтеке би кенті
Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп

Жоба тақырыбы: Кітап оқу-білімнің алтын бастауы

Секция:
Ғылыми жетекшісі:
Жетекші: Түктібаева Мира Ақтілеуқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Автор: Сақтапберген Айнамкөз Дастанқызы
4- сынып оқушысы

2021 - 2022 оқу жылы

Мазмұны
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Кітап дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Алғашқы кітаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Кітап оқудың пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Буктрейллер дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Буктрейлер арқылы оқырман аудиториясын кеңейту ... ... ... ... ..
3.2 Сауалнама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІҮ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ...

Аңдатпа
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда интернеттің дамыған заманында жастардың кітап оқуға деген ықыласы мүлдем төмендеп барады. Тіпті әжемнің айтуынша, баяғыда біз кітап оқып балаларымызға ертегі айтып отыратынбыз, қазір балалар телефон арқылы бізге ертегі айтатын заман келді, деген терең ойланушы едім. Расымен де қазіргі жастар түгілі үлкен апа-әжелеріміздің де қолдарында ұялы телефон. Керек ақпараттарды интернет желісі арқылы біліп жатады, ал сол ақпаратты кітап, журналдардан оқу мүлдем артта қалып барады. Әрине бұл жағдай сауатсыздыққа әкелетіні анық. Осыған орай кітап оқуды қолға алып, адамдардың оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады? Деген сұраққа жауап тақырыбымның өзектілігі болып отыр. Жоғарыда аталған өзекті проблема осы ғылыми жобамның тақырыбын таңда алу себеп болып отыр.
Мақсаты: оқушылардың назарын кітап оқуға аудару. Буктрейллер құру арқылы оқуға қызығушылық тудыру
Тапсырмалар:
- буктрейллердің қалай жасалатынын білу;
- кітап жасау процесін зерттеу;
- оқудың адам өміріндегі мәнін білу;
- оқушыларға кітап оқудың пайдасы туралы үйрету.
Зерттеу объектісі: кітаптар
Гипотеза - кітап оқу өте пайдалы, кітап жасау оңай.
Зерттеу әдістері:
1. Сауалнама
2. Әдебиетті оқу
3. Кітапхнаға саяхат
5. Нәтижелерді жалпылау
Жаңалық: Абай шығармашылығына байланысты 5 кітап трейлері жасалды.
Ұсыныс: Сабақ өту үдерісінде үй тапсырмасы ретінде буктрейлер жасау тапсырмасы қолға алынуы қажет.
Аннотация
Актуальность темы: Сегодня, с развитием Интернета, интерес молодежи к чтению снижается. Даже моя бабушка сказала, что в прошлом мы читали книги и рассказывали детям истории, но теперь я думаю, что сейчас самое время для детей рассказывать нам сказки по телефону. Ведь сегодня мобильный телефон есть не только у молодежи, но и у наших прабабушек. Они знают необходимую информацию через Интернет, а чтение этой информации в книгах и журналах далеко позади. Конечно, такая ситуация приводит к безграмотности. В связи с этим, как начать читать и стимулировать интерес людей к чтению? Ответ на этот вопрос - актуальность моей темы. Вышеупомянутая проблема является причиной выбора темы данного исследовательского проекта.
Цель: привлечь внимание учащихся к чтению книг. Привлечь интерес к чтению с помощью буктрейллеров
Задачи:
узнать, как создают буктрейллеры;
изучить процесс изготовления книги;
выяснить значение чтения в жизни человека;
изготовить свою книгу-самоделку
рассказать учащимся о пользе чтения книги.
Объект исследования: книги
Гипотеза - читать книги очень полезно, создавать книги легко.
Методы исследования:
Анкетирование одноклассников.
Изучение литературы.
Посещение кожуунной детской библиотеки и школьной библиотеки.
Создание собственной книги.
Обобщение результатов.
Новизна: созданы 5 буктрейллеров произведения Абая.
Предложение: создать буктрейллеры и внести в факультативные занятия.
Abstract
Relevance of the topic: Nowadays, with the development of the Internet, the desire of young people to read books is declining. Even my grandmother said that in the past we used to read books and tell stories to our children, but now I think that now is the time for children to tell us stories on the phone. Indeed, not only young people today, but also our great-grandmothers have a mobile phone. They know the necessary information through the Internet, and reading that information in books and magazines is far behind. Of course, this situation leads to illiteracy. In this regard, how can you start reading and stimulate people's interest in reading? The answer to this question is the relevance of my topic. The above-mentioned problem is the reason for choosing the topic of this research project.
Purpose: to draw students' attention to reading. Creating interest in reading by creating book trailers
Tasks:
-Know how to make a trailer;
- Research of the book-making process;
- To know the meaning of reading in human life;
-Teach students about the benefits of reading.
Object of research: books
Hypothesis - reading a book is very useful, it is easy to make a book.
Research methods:
1. Questionnaire
2. Reading the literature.
3. A trip to the library
5. Summarize the results.
News: 5 book trailers related to Abai's works were made.
Recommendation: During the lesson, the task of creating a book trailer should be taken as homework

Кіріспе
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл - ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. Кітап маған тақтан да қымбат, - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата - аналар тым жұмысбасты.
Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз - кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан - жақты іздеу.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Кітап дегеніміз не?
Кітап - адам баласы ақыл - ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.Білім мен тәрбие көзі.Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.
Арабтың кітап деген сөзі қазақша жазу, жазба деген мағынаны білдіреді.Кітаптың шығу мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты.Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді.Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция менРимде кітап қыш тақталарға жазылды.Балшықтан арнайы тақтайшалар құйылып, оның жұмсақ бетіне үшкір қаламшалармен жазу жазылды.Онан соң олар кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді де,белгілі бір ретпен текшеленіп жиналды.Міне осылайша қыш кітаптар дүниеге келді.Кітап тас бетіне де қашалып жазылды.Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын Орхан - Енисей жазба ескерткіштерін (7 - 9 ғ.) ашық аспан астында тұрған осындай тас кітаптар деп айтуға болады.
Қыш кітаптардан кейін және сол ежелгі Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап папирус деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралады.Сөйтіп орама кітаптар келіп шықты.
Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда Кіші Азиядағы Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазу жазатын жаңа материал әзірледі.Ол сол патшалықтың атымен пергамент деп аталады.Сөйтіп пергаментке, яғни жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді.Олар да алғашында жұмыр таяқшаларға оралып,орта ғасырларда дәптершелеп бүктелетін болды.Ол дәптершелер бір-біріне қаттала тігіліп, шүберек не терімен тысталған ағаш мұқабалармен қапталды.Сонымен біздің заманымыздың 1 ғасырынан бастап қазіргідей түптелген парақты кітаптар шыға бастады.

2.2 Алғашқы кітаптар
Біздің заманымыздың 2 ғасырында тұңғыш рет Қытай елінде қағаз жасалды. Осыған орай орта ғасырларда қолжазба кітап өнері қауырт өркендеді.Кітап іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтын, күміс және басқа бағалы металдармен әшекейленді.Мұндай қолжазба кітаптардың саны өте аз, бағасы аса қымбат болды.Сондықтан кітапты көшіру мен көбейтудің басқа жолдары қарастырылды және ол табылды да.
Бұл тәсіл бойынша кітап әріптері арнайы өңделген ағаш тақтайдың бетіне терісінен жасалды.Онан соң жазу айналасындағы ақ жерлер өткір құралмен ойылып тасталды.Тақтай бетіндегі жазу бедеріне бояу жағылды да ,оның үстіне пергамент не қағаз басылды.Сөйтіп ондағы жазудың оң көшірмесі алынды.Кітап суреттері де солай көшірілді.704 - 751 жылдар аралығында Көреяда 12 тақтайдан осылайша басылып шыққан кітап ең алғашқы баспа кітабы деп есептеледі.
Тақтай бетіне кітаптың ондаған мың әрпін бедерлеп шығу оңай болмады.Сондықтан кітап басудың басқа әдісі іздестірілді.Оны 11 ғасырда қытай өнерпазы Би Шэн, 15 ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ойлап тапты.олар әрбір әріпті металдан бөлек - бөлек құйып алып, кітап бетін сол әріптерден теріп құрастырды.Оның бетіне бояу жағылды да,оған қағаз басылып, көшірмесі алынды.Бұл өнертабыс кітап басып шығару ісін қауырт өркендетті.
Кітап басу үрдісі одан кейін де тоқтаусыз жетіле берді.Кітап әрпі жай қолмен емес, автоматты машиналармен терілді.Оның суреттерін де машиналар әзірледі.Кітапқа енетін барша материалдардан баспа үлгілері жасалды.одан аса қуатты машиналар сағатына 4- 5 мың дана көшірме басып шығарды.Кітап беттері басылған қағаздарды топтау, бүктеу, түптеу, кесу мұқабамен қаптау сияқты жұмыстарды да машиналар атқаратын болды.
Ал енді ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі кезде кітап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менің өмірімдегі кітап
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылық таныту ерекшеліктері
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру
Экономика – қоғам ресурстар шектеулілігін қалай басқаратыны туралы ілім
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты және принциптері
Ертегі - қиял жемісі
Пәндер