Паллиативті көмек кезінде емделушілерге арналған тамақтану диета


Реферат
Тақырыбы: Паллиативті пациенттерді бақылау және күтім көрсету ерекшеліктерін үйрету
Тобы:М-301
Орындаған:Абдикаримова Жұлдыз
Қабылдаған: Сеитова Айгуль
- Паллиативті көмек - ем қонбайтын созылмалы ауруларға, әрине соның ішінде онкологиялық науқастарға қолданылады. Біздің жұмысымыздың басты мақсаты төртінші клиникалық топтағы науқастардың өмірінің соңғы кезеңдерін қиындық пен азапсыз өткізіп, өмір сүру сапасын және жалпы жай-күйін жасқартуға бағытталған. Паллиативті ем - науқасты ауруынан айықтыра алмайды. Бұл әдіс тек ауырсынуды сездірмейтін дәрі-дәрмектер беру арқылы науқастың жағдайын қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Біз паллиативті ем көрсетуді бастамас бұрын, дәрігерлер консилиумында науқастың жағдайын толыққанды зерттеп, қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктерді бағалай отырып шешім қабылдаймыз. Көп жағдайда науқастар да, олардың туыстары да паллиативті емнің не екенін білмей, үміттерін үзіп, қол қусырып қалады. Дәл сол кезде біз олармен сөйлесіп, барынша ақпараттандырамыз. Тіпті аурудың соңғы кезеңінде де қалыпты, толыққанды өмірін жалғастыруға мүмкіндік барын айтып, симптомдық ем қабылдауды бастауды ұсынамы -, дейді ол.
Ем жүргізудегі осы әдістің басты айырмашылығы науқасқа ерекше көңіл бөлінуінде. Себебі, оның дертке толы тәнімен қоса, жан күйзелісі, әлеуметтік мұқтаждықтары, рухани қажеттіліктері бар біртұтас тұлғалық ерекшеліктері паллиативті ем жүргізетін дәрігерлерінің жіті қадағалауында болады. Мұның бәрі аурудан гөрі маңызды. Егер науқастың үміті үзіліп, қатты қайғы-мұңға салынса оның физикалық жағдайы да нашарлайтыны белгілі. Ал паллиативті көмек көрсететін дәрігерлер ең алдымен науқастың арқа сүйері болуға тырысып, оның өмірінің соңына дейін жанынан табылады. Оған қоса дәрігер науқастың туыстары мен жақындарының да жағдайын бақылауда ұстауға тырысады. Себебі осындай қиын кезеңде науқастың жағдайына айналасындағы жандардың да әсері бар. Олар дертке шалдыққан жақынына тиісті күтім жасауды, дұрыс қарым-қатынас орнатуды үйреніп, берілген жағдайда жайлы өмір сүруге дағдылану керек. Осы кезде психолог және социолог мамандардың қолдауы аса маңызды.
«Паллиативті көмек көрсетудің аясында науқастарымыздың және олардың туыстарының эмоцианалды-психикалық жағдайын жақсартуда психолог және социолог мамандардың зор еңбегін атап өтпеске болмайды. Ем жүргізу барысында науқастың күйзелісі, қорқыныш сезімдері байқалған жағдайда жұмысқа психолог кіріседі. Ол емделушімен жеке консультация жүргізіп, керекті әдістерді қолдана отырып оның көңіл-күйі мен сезімдерін қалыпты жағдайда ұстап тұруға ықпал етеді. Ал социолог маманның жұмысы болса, науқастың қамқоршысы болмаған жағдайда оған күтім жасауға, тиісті құжаттарды рәсімдеуге, емделушінің өз бетімен шешімін таба алмайтын басқа да әлеуметтік мәселелерін реттеуге негізделген», - дейді Сания ханым. Осылайша, паллиативтік көмек көрсететін мамандар науқасқа және оның отбасына барынша белсенді әрі қалыпты өмір сүруге, нақты жоспарлар құрып, өздерінің әлеуметтік, құқықтық, рухани мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.
Терапевт-дәрігердің айтуынша, емханадағы паллиативті ем жүргізетін бөлімде жатып, мамандардың бақылауында болуға келіспейтін емделушілер де бар. Олар емді туыстарының күтімімен өз үйінде жалғастырғысы келетіндер екен. Бұл жағдайда да оларға паллиативтік көмек көрсетіледі. Тәжірибелі дәрігер, медбике, психолог және социологтан құралған мобильді бригада ауыр дертке шалдыққан науқастарға үй жағдайында паллиативті көмек ұсынады. Қалалық емханалардың негізінде құрылған бұл топтың жұмысы стационарлық түрде қызмет көрсетуге ұқсас. Науқастан шақырту алған мобильді топ оның тұрғылықты жеріне келіп, керекті ем-домын жүргізіп, әрі психологиялық және әлеуметтік көмек те көрсетеді. Дәрігерлер үкімі шығарылған соң паллиативті ем алу немесе одан бастарту науқастың және оның туыстарының өз құзыретінде. Бірақ берілген мүмкіндікті пайдаланып, науқастың қалған өмірін жақсарту туыстарының да дәрігерлердің де басты міндеті болып қалады.
Ауыр дертпен күресіп соңғы емнен бастарпай, жағдайы жақсарған науқастар да бар. Толығымен айғып кетпесе де, паллиативті ем жүргізудің әсерінен ауырсынуы басылып, көңіл-күйі де жақсарады. Ал осындай алға жылжулар байқалған сәтте дәрігерлер жаңа ем бастауды қолға алады. Науқастың жайы дәрігерлер консилиумында қайта қаралып, емнің басқа түрлерін қолдану мүмкіндігі туады. Мысалы, жекелеген жағдайда паллиативті ем негізінде, бір кездері әсер етпеген сәулелік ем (лучевое лечение), химиялық терапия, тіпті паллиативтік мақсатта хирургиялық әдістер қайта қолданылады. Ал осы емнің барлығы науқастың жағдайын қалыпты ұстап тұруға оң әсерін береді.
Қалай десек те паллиативті ем дәрігерлердің де, науқастың туыстарының да қолынан келетін соңғы амалы. Оның түпкі себебі аурудың ерте кезде анықталмауы екені түсінікті. Мысалы, қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың диагнозын ерте кезде анықтау көрсеткіші Алматы облысы бойынша 23 пайызды құрайды. Өткен жылы өңіріміздегі 2835 адамнан қатерлі ісік анықталған. Олардың ішінде төртінші клиникалық топтағы науқастар дәл осы паллиативті ем ғана ала алады. Қолдан келер соңғы амалға жүгінгенше, аурудың алдын орау маңызды деген терапевт-дәрігер ағзада орын алып жатқан, бұрын байқамаған барлық өзгеріске бейжай қарамау керектігін айтады. Яғни, дер кезінде толыққанды мамандандырылған дәрігерлік тексерістен өтіп тұруды әдетке айналдыру аса маңызды. Кез келген ауру адамның психологиясымен де тығыз байланысты. Сол себепті күйзеліске, шектен тыс қобалжуларға салынбау, психоэмоционалдық жағдайды бақылауда ұстау керек. Зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстап, пайдалы іспен айналысу денсаулыққа жағымды әсер беретінін санада ұстау қажет.
Паллиативті көмек көрсететін көптеген онкологиялық науқастар өмір сүру сапасын жақсарту үшін емдеудің басқа нұсқалары болмаған кезде дәрумендер сияқты диеталық қоспаларды пайдаланады немесе олар ағымдағы немесе алдыңғы емнің жанама әсерлерін жеңу үшін өздерімен бірге жүреді. . Алайда, кез-келген қатерлі ісік ауруы ерекше. Мульти дәрумендер, омега-3 май қышқылдары (теңіз көздерінен) және басқалары сияқты тағамдық қоспалар барлық қатерлі ісіктерге пайда әкелмеуі мүмкін, тіпті ғылыми тұрғыдан таңдалмаса, белгілі бір терапиямен кері әсер етуі мүмкін. Паллиативті бақылаудағы онкологиялық науқастардың онкологиялық сипаттамаларына, жүргізіліп жатқан емдеріне және өмір салтына ғылыми сәйкес келетін жеке тамақтану / диетаны зерттеу қажет.
Паллиативті көмек кезінде емделушілерге арналған тамақтану / диета
Химиотерапия сияқты онкологиялық емдеу тез бөлінетін рак клеткаларын жою үшін қолданылады. Алайда, бұл процесте дененің қалыпты сау жасушалары жиі бөлінетін әртүрлі бөліктері әсер етеді, бұл кепілдікке әкеледі. Мұндай көптеген жағдайларда пациент дәрігерге тағайындалған емдеуді немесе әдеттегі емдеуді жалғастыра беруі қиынға соғады. Диета / тамақтану, соның ішінде ғылыми тұрғыдан дұрыс тамақтану және тағамдық қоспалар қабылдау қатерлі ісік ауруларын жеңілдететін жағдайлардың нұсқаларының бірі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz