Шахнаме және қазақ әдебиеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласы
№178 лицей КММ

Бағыты:

Секциясы: Әдебиет

Тақырыбы: Шахнаме дастаны сюжетінің қазақ әдебиетіндегі көрінісі

Орындаған: Айкынбаева Асем
10 Б сынып оқушысы
№178 лицей
Алматы қаласы

Ғылыми жетекшісі: Сатбаева Роза Сатановна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№178 лицей
Алматы қаласы

Ғылыми кеңесшісі: Қансейітова Элеонора Жумабекқызы
филология ғылымдарының кандидаты Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті
Алматы қаласы

2018 жыл

МАЗМҰНЫ
Пікір
Сын пікір
Аннотация
Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау. Фирдоуси Шахнамесі және қазақ әдебиеті
1.1. Шахнаменің қаһармандары мен сюжеттік желісінің қазақ арасында таралуы
1.2.Ораз Молда - Шахнаметуындысына тұңғыш қалам тартқан тұлға
ІІ тарау. Т.Ізтілеуовтің Рүстем дастаны Фирдоуси Шахнамесінің желісімен
жазылған жыр
2.1. Дастанның фольклорлық, мифологиялық ерекшеліктері
2.2. Рүстем дастаны Фирдоуси Шахнамесінің қазақ әдебиетіндегі көркем құндылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аннотация
Ғылыми жоба Шахнаменің қазақ тілінде зерттелуін, аударылуын, жариялануын кешенді түрде қарастыруға арналған зерттеу жұмысы болып табылады
Мақсаты: Шығыс әдебиетінің асыл қазынасының бірегейі Фирдоуси Шахнамесінің қазақ әдебиетіндегі орнын танып, білу.
Шахнаме сарынының қазақ әдебиетіндегі аса көркем құндылыққа айналуындағы Т.Ізтілеуовтің шығармашылығын аранайы көркемдік тұрғыдан талдау.

Болжам: Шахнаменің қазақ әдебиетіндегі орнын зерттеу арқылы қазақ әдеби зерттеушілерінің оны әртүрлі жанрда талдағанын зерделеу, ондағы халықтық дәстүр мен ауыз әдебиетінің байланысын, образ жүйесін жазуда, оқиғаларды суреттеуде, адам сезімін сипатауда көркемдік әдіс-тәсілдерді пайдалану ерекшелігін қарастыру.

Зерттеу кезеңдері:
І кезең:
Фирдоуси Шахнамесі жайлы жазылған зерттеу мақалаларды бір жүйеге түсіру, ҚҒА ОҒК кітапханасының қолжазбалар қорындағы ақын нұсқасымен аранйы танысып, конспект жасау.
ІІ кезең: Шахнаме аудармасының тақырыптық, образдық, мазмұндық, композициялық, көркемдік жағынан талдау жасау.
Т.Ізтілеуовтің ақындық шеберлігі мен тілдік көркемдік қуатын ашып, айқындау.
Зерттеу нәтижесі және тәрбиелік мәні.
Осы уақытқа дейін қазақ әдебиетінде Фирдоусидің Шахнаме шығармасы толығымен зерделенбеген десек қателеспейміз, осыған орай зерттеу жұмысының нәтижелерін мектептерде жүргізілетін әдебиет сабағында пайдалануға болады.

Жұмыс нәтижесі: Фирдоуси Шахнамесінің мифологиялық, тарихи, философиялық ұғымдарының жігі ажырамай, тіптен түпнұсқамен салыстырғанда да өзара бірігіп, бір мазмұн ретінде өрілетіндігі өлең жолдарындағы нақтылы мысалдар арқылы талданды.
Әсіресе, Т.Ізтілеуовтің Рүстем дастаны бөліміндегі адам сезімінің ішкі иірімдерін танытудағы ақынның сыршыл лириктігі жайында бірқатар талдаулар жасауға тырысты.
Қорытынды: Шахнаме сарындарының қазақ әдебиетінде сан ғасырлардан бергі көркемдік құндылығын жоғалтпай дәуірден-дәуірге жетуі оның ғажайып халық мүлкі екенін көрсетеді. Шығарманың болмысына арқау болған идеясының бастысы - жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресі. Бұл бүкіл шығарманың құрылымы мен сюжетінің негізін құрайды.

Abstract
The research project is a research work aimed at the comprehensive study of "Shahname" in the Kazakh language, its study, translation and publication.

Purpose: One of the unique treasures of East literature Ferdowsi to know the place in the Kazakh literature of "Shahnameh".
An artistic analysis of the creative work of T. Iztleuov in transforming the Shahnamee genre into the most artistic value in the Kazakh literature.

Prediction: Studying the place of Shahname in the Kazakh literature, studying of the Kazakh literary researchers in different genres, studying the features of folk tradition and oral literature, writing the image system, describing events, using the artistic methods in the character of the human being.

Research Stages:
Stage I:
Summary of the articles about Shahnameh Ferdowsi, systematic review of the poet version of the library of the Library of the Library of the Kazakh SSR and abstracts.

Stage ІI:
Thematic, informative, comprehensible, compositional, artistic analysis of the Shahname translation.
To reveal and define the poetic skill of T. Iztileuov and his artistic power.

The result of research and educational meaning.
Until now, in the Kazakh literature, Ferdowsi's "Shahnamee" has not been fully explored, so the results of the research can be used in the classroom literacy lesson.

The outcome of the study: The mythological, historical and philosophical concepts of the Ferdowsi Shahnameh are analyzed by way of example, in the verses, without interrupting one another, even in the same way as the original one.
Particularly, he tried to make a series of analyzes about the poet's lyrical poetry to show the inner tendencies of T. Iztileuov's epistle in the epistle of Rust.

Conclusion: The Shahnamee Saiens in Kazakh literature, without losing their artistic value for centuries, shows that it is a remarkable nation property. The main idea of ​​the essay is the eternal struggle of good and evil. This is the basis of the structure and plot of the entire composition.
Алматы қаласа, Алатау ауданы
№178 лицейдің 10Б сынып оқушысы Айқынбаева
Асемнің Фирдоуси Шахнамесінің қазақ әдебиетіндегі
орны тақырыбындағы ғылыми жобасына
ПІКІР
Бұл жұмыста Шығыс поэзиясының ең бір асыл үлгісі ретінде, басқа елдерде де мол жырланған Фидоусидің Шахнаме мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны туралы жазылған. Жұмысты жазу барысында әртүрлі дерек көздерінен тақырып жөнінде жинақталған құнды ақпараттармен қамтылған. Ғылыми жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың Шахнаме және қазақ әдебиеті тарауында шығарманың сюжеттік желісі мазмұнындағы айқын көркемдік ұғымдар (батырлық, рухтың мәңгілігі, адам еңбегінің жасампаздығы) оның бүкіл халық игілігіне айналғаны айтылған. Өйткені онда халық сана-сезімінің ояну дәуірі, басқыншылық саясатқа қарсы бас көтеру, еркіндік пен тәуелсіздікті сақтау идеясы бар. Сондықтан ол қазақ халқының ой арманымен сайкес екенін көрсеткен. Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердің Алпамыс, Қобыланды, Қамабардың типтік тұлғалары Шахнаме батырларының күрес әрекеттеімен жақындасатынын дәлелдеген.
Т.Ізтілеуовтің Рүстем дастаны Фирдоуси Шахнамесінің желісімен жазылған жыр атты екінші тарауы қазақ әдебиетінде Шахнаменің негізгі сарыны сақталып, қазақ хақының төл ұғымдары негізінде көркемделіп, рухани дүниесін байытудағы рөлін қарастырған. Тұрмаханбет Ізтілеуовтің Шахнамеге көзқарасы, оған берген бағасы, өз шығармашылығына әсері дастанның өз ішінде ерекше бір көркемдік шешім тапқан. Жалпы Фирдоуси мұрасы Шахнамеде оның әсерімен жазылған Тұрмағанбеттің Рүстем дастанының да ортақ өзекті тақырыбы - батырлық, ел үшін еңіреп туған батырлардың ерен істері қамтылған.
Жетілдіретін тұстары болғанмен, жалпы алғанда, оқушының ғылыми жұмысқа икемі бар, жазуға төселгені көрініп тұр. Кейбір өзіндік деректерді келтіріп, олар туралы өзінше ой-тұжырымдарымен дәйектеуге талпынады. Болашақта осы жұмыстарын жалғастыра береді деген сенімдеміз.
Сондықтан, А. Айқынбаеваның ғылыми жұмысын жоғары бағалауға болады деп есептейміз.

Ғылыми жетекшісі: №178 лицейдің қазақ тілі
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сатбаева Роза Сатановна

Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көп тілді білім беру институты
Шығыс тілдері және аударма кафедрасының филология ғылымдарының кандидатыЭ.Ж. Қансейітовадан 10 Б сынып оқушысы Асем
Айқынбаеваның ғылыми жобасына

СЫН-ПІКІР
Жанрлық тұрғыдан жан-жақты дамып, кемеліне келген дүниежүзілік әдебиеттің қомақты бір саласын құрайтын қазақ әдебиеті өзінің өсіп-жетілуінде қайнарлы бұақтардан бастау алады. Телегей-теңіздердің түрлі өзен жылға бұлақтар ағынына қосылып, молайып пайда болатыны сияқты даму жолынан өтеді. Солардың ішінде Шығыстың классикалық дәстүрлерінің де орны зор. Осы тұрғыдан келгенде Асемнің ғылыми жобасының құндылығы жоғары.
Тағы бір ескере кететіні, Асемнің жұмысын бұрын-соңды зерттелгенімен, мектептің оқу жоспарында, әдебиет оқулығына тіркелген деп айта алмаймыз. Зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы да оңды пікірлер білдіріп, бағалы түйіндер жасаған. Алайда, олардың бәрін есепке ала отырып, ҚҒА ОҒК кітапханасының қолжазбалар қорындағы зерттеуші ғалымдардың нұсқаларымен арнайы танысқанын байқадық. Мысалы, бұрын сөз болмаған Айнамгүл Тәжібаеваның қол жазбасында кездестірген Шахнамедегі әйел, аналар бейнесіне мән беретін тұстарындағы мәтіндік үлгілерді бөлек жариялауға болатынына көз жеткізгендігін байқауға болады. Мұның өзі Шахнаменің қазақ әдебиетіне әсері жайлы айтылған бұрын-соңды пікірлерді толықтыра түсетінін атап көрсеткен. Ғылыми жобаны жазу барысында көп материалдар қарастырылғаны анық. Оқушы негізінен қазақ, орыс тілінде жазылған еңбектерге сүйенген, түп нұсқадан қарастырылған. Егер ғылыми жоба иесінің әлі мектеп оқушысы екендігін, парсы тілін меңгермегендігін ескерсек, бұны кемшілік деп санауға болмайды.
Ғылыми жоба мектеп оқушысы деңгейіне лайықты, сауатты жазылған. Оқушының тақырыпты барынша тыңғылықты, жіті қарастырып, көп еңбектенгені көрінеді. Асем, аталмыш тақырыптың бұрын карастырылғанымен Т.Ізтілеуовтің Рүстем дастанының тақырыптық, образдық, мазмұндық, композициялық, көркемдік ерекшеліктерін нақтылы мәтін мысалдары негізінде талдаған. Адам сезімінің ішкі иірімдерін танытудағы танытудағы ақынның сыршыл лириктігі жайында бірқатар талдаулар жасаған.
Десек те, ғылыми жобада кейбір стилистік, орфографиялық және техникалық қателіктер де кездеседі. Бірақ бұл қателіктер ғылыми жобаның сапасына айтарлықтай нұқсан келтірмейді. Мектеп оқушысы бола тұра, Асемнің осындай тың да күрделі такырыпты барынша аша білгендігіне қарап, оның болашағынан үлкен үміт күтуге болады деп сенеміз.

Ғылыми кеңесші: Абай атындағы ҚазҰПУ
Филология және көп тілді білім беру институты
Шығыс тілдері және аударма кафедрасының
филология ғылымдарының кандидаты
Э.Ж. Қансейітова

Кіріспе
Қазақ жері ерте бастан Шығыс мәдениетімен, әдебиетімен тығыз байланысты еді. Шығыс тіліндегі аңыз, ертегі, қисса-дастандардың арабша-парысша, шағатайша нұсқауларының мазмұны әртүрлі тұрғыда халық арасында кең тараған. Зерттеулер оның ебептерін әртүрлі тұрғыда түсіндіреді. Бірақ, бұл байланыстар қазақ әдебиетінде әлі де тереңдей қарастыра түсуді қажет етеді.
Шығыстық әсердің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан,ауыз әдебиетіне де екі түрлі әсері бар еді. Ол біріншіден, қазақ халқының ауыз әдебиеті, басқа көршілес Орта Азия халқының фольклорындай, Шығыс тарапынан келген аңыз, дастан, хикаяларымен толысып, тарамдала түседі.
Шығыстың игі әсері ауыз әдебиетінің арнасын кеңейтіп кемелдендіреді. Шығыстың желілер: Фирдоуси, Низами, Науаи хамсалары араб, парсы, үнді ертегі-аңыздарынан және Орта Азия халықтарынан әдебиет арқылы келген Ләйлә-Мәжнүн, Шахнаме, Тотынаме, Фархат-Шырын, Тахир-Зухра, Ескендір, Рүстем дастан, Атымтай Жомарт, Мұңлық-Зарлық сынды лирикалық, батырлық, ғашықтық дастандар қазақ топырағында жаңадан түлеп, жаңғырып, төл туындыларға айналды.
Мұндай шығармаларда халықтың арман-тілегі, мақсат-мүддесі, адамгершілік қасиеті сөз етіледі. Шығыстың әсері тақырыптық тұрғыдан саналуан ол ғашықтық тақырыптағы жырлармен қатар өзгеде саналуан жанрлардың тууына игі-ықпал еткен.
Қазақ топырағында Шығыс мәдениетінің маңызын біліп, оның кәусарынан мол сусындаған әдебиетіміздің атасы - Абай Құнанбаев. Медреседе жүргеннен басталған бұл қызығушылықтың үлкен ізденіс жолына айналған. Бастапқы сәттен бастап-ақ бала Абай дінге бой ұрмай, қиссалық поэзиясына, оның дастандарына құмартты. Өйткені, ол кезде араб, парсы, түркі тілдеріне ықпалы күшті еді. Осы тілде туған шығармалар Орта Азия медреселерінде оқытылатын. Абай секілді ойы бөлек шәкірттер діни кітаптарға, діни дастандарға бой ұрмай Рудаки, Омар, Хаям, Хафиз, Сағди ғазалдарына назар аударды.
Абай сусындаған арналы бұлақтың бірі шығыс әдебиеті десек Абай оны бәрін түгел емес, адамгершілік мәселелерін қуаттайтын, уағыздайтын тұстарын жамандық пен жақсылықтың күресін айтатын жерлеріне тереңірек үңіліп, өзінің қайталанбас поэзиясында жалғастырып жібереді. М.Әуезов оған тілдері түсінікті ең жақын адам болғандықтан Низами, Физули үлгісі ең көп әсер етеді. Жас шағында сол ақындар өзіне үлгі еткен Физули, Сағди, Хафиз тәрізді ұлы классиктердің ескі өзбек тіліне аударылып, Абайға сол аударма арқылы таныс болуы көңілге қонымырақ көрінеді. Бұл соңғыларда Абай білгенде де түрікшеленген аудармалардан білу керек.
Абайдың педагогикалық, эстетикалық, философиялық көзқарас, тұжырым трактаттары мен терең толғаулары, адамгершілік байламдары шығыс гуманистерінің адам сүйгіштік, ірілікке бағышталған поэзиясымен үндесіп жатады.
Қазақ жұртына ескіден таныс образдар Ферхад, Шырын, Ләйлі, Мәжнүн, Жүсіп, Зылиха, Рүстем, Ескендір есімдеріне байланысты Шығыстан келген сан салалы хикаяттарды ақындар жаңа қыр, сипатымен әкелуге тырысты. Қазақ поэзиясы формасы жағынан да Шығыстың классикалық өлең түрлерімен түрлене түсті.
Жалпы адамдық, махаббат хақындағы романтикалық дастандар қазақтың кейінгі лирикалық, эпикалық шығармаларына мол әсерлерін тигізді.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты - Шығыс әдебиетінің асыл қазнасының бірегейі - Шахнаме және оның қазақ әдебиетіне әсерін талдау.
Осыдан жүз мың ғасыр бұрын туылса да құнын жоғалтпай келе жатқан бұл жауҺар дүниенің мәні мен маңызы қандай деген сұрақтарға жауап іздедік.
Иран-тәжік әдебиетінің классикалық үлгісі ретіндегі - Шахнаменің қазақ әдебиетіндегі сарындары әртүрлі жанрлық тұрғыда көрініс табатындығы талданып, Ораз молда, Аймангүл, Мұхамметжан Сералин, Рахымбай, тағы басқалардың творчестволық өкілдерінің осы дәстүрге қарым-қатынасы сөз болды.
Ал Шахнаме сарынының қазақ әдебитіндегі аса көркем құндылыққа айналуындағы Т.Ізтілеуов творчествосы арнайы қаралып, көркемдік тұрғыдан талданды.
Шахнаменің түпнұсқалық мазмұны жете талданып, оның иран-тәжік халқының эпикалық дәстүрімен байланысы қарастырылса,екінші тарауда Тұрмағамбет ақынның өзіндің ақын тұлғасы оныңШахнамежырлаудағы шығармашылық ерекшелігі танылды. Ондағы халықтық дәстүрмен ауыз әдебиетінің көркемдік тәсілмен байланысы,Шахнамені жырлаудағы шығармашылық жетістігіне талдау жасалды.Ол образдар жүйесін жасауда, оқиғаларды суреттеуде, адам сезімін сипаттауда көркемдік әдіс-тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне байланысты қарастырылды.

Негізгі бөлім.
І тарау. Шахнаме және қазақ әдебиеті

1.1. Шахнаменің қаһармандарымен сюжеттік желісінің қазақ арасында таралуы
Дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына қосылатын Фирдоуси Шахнамесінің дүниежүзі халықтарының ортақ мұрасына айналғандығы белгілі. Өзге елдің хандары мен сұлтандары қанды қақтығыстарының күресі сияқты көрінгенімен бүкіл шығарма мазмұнындағы айқын көркемдік ұғымдар (батырлық рухтың мәңгілігі, адам еңбегінің жасампаздығы) оның бүкіл халық игілігіне айналдырды. Өйткені онда, халық сана-сезімінің ояну дәуірі,басқыншылық саясатқа қарсы бас көтеру, еркіндік пен тәуелсіздікті сақтау идеясы бар.[1] Сондықтан да ол өзге халықтардың ой арманымен сәйкес келді.
Шахнамедегі батырлар күресі бүкіл ел мен халықтың тағдырын шешетін негізгі факторға айналған. Ақынның айтпақ болған жарқын идеяларының, көзқарастарының негізгі жүгін осы батырлардың іс-әрекеттері көрсетеді. Батырлардың ерлігі таңғажайып істері қиялмен сабақтасса даналық творчествосына тән реалистік қасиетінен танбай оны жан-жақты өрістете түседі.
Бұл қазақ халқының сан ғасырлар бойы ерлік рухымен сабақтасады. Сондықтан да қазақ топырағындағы Шахнаменің кең таралуымен оның жеке тарауларының бөлек шығармаларға айналу себептері түсінікті. Бұл көркем құндылықтың көптеген тараулары қазақ әдебиетінің дәстүріне сіңісіп, ертегі әңгімелер түрінде тіпті кейбір байырғы халық ауыз әдебиеті жанрларының мазмұнындағы көркемдік қызмет атқаратын сарындарға айналған. Олар Ескендір Зұлқарнайын, Бахрам, Жамшид, Анушарбан, Рүстем-Зораб секілді кең тараған үлгілер.[2] Өзге түрік халықтарынан ерекшелейтін қазақ халқының суырыпсалмалық эпикалық дәстүрінің мықтылығы- Шахнаменің желісін өзек ете отырып, оны кеңейтіп, ұлғайтып әкетуінен байқалады. Қазақ арасынан шыққан шығыстық тәлім алған, әрі шығыс әсерімен көркем туындылар тудырған ақын-жазушылардың қай-қайсы да ең алдымен өз топырағының дәстүрін толық меңгеріп әрі өзгенің озық дәстүрлерін бойына жинақтаған дәстүрлер. Олар аудармашылық деңгейден асып, оқиғаны тікелей баяндаудан гөрі белгілі бір шығыстық тақырыпты, сюжетті қазақ топырағында қайта жырлап, жаңғыртушы болып табылады. Батырлықтың ел өміріндегі рөлі, оны басқа билеушілерден биік тұлғаға айналдырып, тұтас әлеуметтік қамқоры етіп суреттеу дәстүрлі көне батырлық ертегілерде басталып, кейінгі классикалық батырлар жырына дейін жалғасқан. Қазақтың ерлік, елдік туралы аңсар мұратын ел қорғаны батыр туралы жиынтық ойын танытатынын Алпамыс, Қобыланды, Қамбардың типтік тұлғалары шығыс халықтарының соның ішінде Шахнаме батырларының күрес әрекеттерімен жақындасады.
Жалпы ел мен ердің басынан кешірген түрлі даму тарихына қатысты туатын типологиялық ерекшеліктерді былай қойғанда Иран, парсы елдерінің көне қазақ елінің арғы ата-бабаларымен мәдени экономикалық байланыстарының да себебі тигені ауысуының себептерінің бірі болды. Қазақ халқымен араб парсы байланыстарының әсері сауда қатынастары арқылы дамығандығын көптеген қалымдар айтады.Ал осы тұрғыдағы әдеби әсердің өзара ықпалы жайы пікірлерде қазақ әдебиетінде бірқатар ғалымдар аузынан айтылған.
Ауыз әдебиеті үлгілерінің қай-қайсында болмасын халық қиялы мен тіршілік-тынысының рухани өсу жетілу кезеңдері ізі жатыр. Ғасырдан ғасырға,ұрпақтан-ұрпаққа жетіп жүздеген, мыңдаған жылдары бойы халық жүрегінен мәңгі орын алып келген асыл туындылар халықтың ой аңсарын білдіретін мұра болғандығымен қымбат.
Шахнаменің қаһармандарымен сюжеттік желісінің қазақ арасында мол тарау себебі - жалпы адамзатқа тән ортақ құндылықтардың тілге тиек етілуінде көркемдік көрініс табуында. Қазақ ертекшісі, хисса-дастан айтушы немесе жырауы мен ақыны хас сұлулыққа, досына адалдыққа, хас батырлыққа, жан қиярлық ерлікке, жалпы адами мұраттарға балама іздегенде бұрыннан кең тараған халықтың үлгілермен қатар өзгеде шығыс елдерінен ауысқан және кең тараған образдар үлгілеріне жүгініп отырған. Және тыңдаушысы солардан үлгі алуға шақырған.
Мәселен, Алпамыс батырдың қалмақтың жүз мың әскерімен бір өзінің айқасқа түсетін жері мен Рүстемнің ерлік істерінің картинасы өте ұқсастығымен көңіл аудартады. Ол Рүстем бейнесінің шығыс батырларының атасы іспетті ерлікті, елдікті көрсететін жырлардың ортақ образына айналғанының куәсі.
Қазақ топырағындағы Шығыс сюжетінің қай - қайсыда қазақ тұрмысымен етене жақын алынып, түп нұсқалардан болмысы бөлек туындыларға айналған. Қазақ қаламгерлерінің тіпті ауызша дәстүрдегі ақындарының қай-қайсы да Шығыс әдебиетінің оның классиктерінің ықпалында қалып қойған жоқ, оған өзіндік үрдісін туған халқының тарихи танымының мағынасын үстеді.
Белгілі шығыстанушы - ғалым Ө.Күмісбаев[3] шығыстан келген хисса - дастандарды мынадай топқа бөліп қарайды. Бірінші топқа: махаббатты, ірілікті, достықты, жақсылықты жырлайтын дидактикалық лирикалы хисса-дастандар: Ләйлә - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Мұңлық-Зарлық, Тахир-Зухра, Бозжігіт, т.б.Екінші топқа:діни бағыттағы дастандар: Сал-сал, Сейіт - Баттал,Жұм-жәмә, Зарқұм ,т.б. Үшінші топқа қиял-ғажайып фантастикалық жайындағы шығармалар: Шахмардан, Абулхарис, Абулшахма, Шәкір - Шәкірәт. Төртінші топқа батырлық, ерлікті, ақ пен қараның күресін жырлайтын романтикалық хисса - дастандар: Рүстем Дастан, Ескендір,Хисса Баһрам.
Жалпы Шығыс әсерімен туған үлгілерді сол күйінде кітап етіп бастыру жаңа вариантын жазу, кейде сөзбе - сөз, кейде көркем аударма жасау жолдарымен қазақ халқының қабылдағаны байқалады. Бұл орайда, Хиссашыл ақындар деп аталатыны белгілі бір творчестволық тұлғалардың Шығыс әдебиетінің шырайлы үлгілерін сұрыптап тани білудің үлкен маңызы болады. Олардың көп зерттеу объектісіне айналмауыда қазақ қоғамы басынан кешірген түрлі тарихи жәйттерге байланысты. Мысалы,діни тыйымдар мен саяси қысым, тағы басқалар. Шығыс сюжетін алып келушілер туралы айтқанда Оңтүстік өңірінен шыққан бір топ ақындар шоғыры бөлекше көзге түседі. Олар әдеби байланыстардың алғашқы дәнекерлері , Шығыстық нұсқалардың таратушылары болды.Өйткені олардың басым көпшілігі Шығыс медреселерінде мұсылмандық білім алып, араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерген. Және осы тілде өлең жазған тек қисса - дастандар тудырып қана қоймай көркем аудармалармен айналысқан. Бұл творчестволық тұлғалар өз туған әдебиетінің игі дәстүрінен біржола қол үзіп кетпей, Шығыстың классикалық поэзиясының өрнектерімен өз шығармаларын орынды көмкере білді. Шығыстан келген аңыз, дастан, қиссалар ауыз әдебиеті үлгілеріне сыналап еніп, содан кейінгі жазба әдебиеті өкілдеріне игілікті ықпал тигізе бастады.Қазақ әдебиетінің аясы Шығыс әсерлермен толығып, көк жиегі кеңейе түсті.

1.2.Ораз Молда Шахнаметуындысына тұңғыш қалам тартқан тұлға
Шығыстық сюжет - сарындардың таңдаулысы ғана қазақ топырағында көркем дүниеге айналды. Оның жергілікті халықтың идеялармен үндес халық тіршілігіне танымына сай келетін үлгілері ғана шығарма тудырудағы ой қазығына айналды.Бұл тұрғыда Шахнаменің көркем айдармалық нұсқасын жасаған Ақмешіттен шыққан ақын Ораз Молданың творчестволық тағдыры толық зерттелмеген. Ол жайындағы ғылыми мәні бар пікірлердің қай - қайсы да Ораздың шығармашылық жолындағы Шығыс әсерінің аса зор болғандығын айтады.[4] Оның мұрасының ең елеулі көрсеткіші 1836-1870 жылдар аралығындағы Шахнаменің үш түрлі аудармасын жасауы. Кезінде Мұхтар Әуезов сияқты көрнекті қаламгерлерден оң баға алған Ораз Молданың қазақ Шахнамесін жасаудағы елеулі еңбегі шығыстанушы - ғалым Ө.Күмісбаев еңбектерінде ғана талданады.Онда түпнұсқаның аударылу тарихымен аударманың мәні көркемдік ізденістермен автордың өзіндік қолтаңбасы жайында құнды пікірлер білдірілген. Ораз Молда Шахнаме секілді күрделі туындыға тұңғыш қалам тартқан қазақ топырағындағы творчестволық тұлға ретінде де бағалы. Оның аудармасы жөнінде 1926 жылдың өзінде - ақ Бұл түркі тіліндегі халықтар тіліне аударылған ең толық аударма деп баға берілген.
Ораз Молданың бұл құнды дүниесі әліде қолжазба сипатында Ғылым Академиясының орталық кітапханасында ғана сақталып отыр.[5] Қолжазбамен танысып шыққанда байқағанымыз, көптеген беттердің жазулары өше бастаған, соған байланысты оқиғалардың баяндалатын негізгі тұстары көмескі тартқан. Ал микрофильм түріндегі мәтінінде толық нұсқасы берілмеген. Мұның өзі мұнан бірнеше жылдар бұрын осы дүниенің құндылығы туралы пікір білдірген шығыстанушы - ғалым Ө. Күмісбаевтың айтқан пікірлерінің әліде маңызды қалпында қалып отырғанын айғақтайды. Ораз Молданың Шахнамесі Қиямерстің патшалығынан басталады. Оның Фирдоуси Шахнамесіндегі үш бөлім мифологиялық бөлімі - он патшалықты қамтуы, екінші бөлімі Рүстем ерліктері, үшінші сасанидтер династиясынан шыққан патшалар жайлы толық хабардар екендігі көрінеді. Алғашқы адамдарды жақсылыққа үйретуші қараңғы үңгірден шығарушы игіліктерге жеткізуші Киюмарс образы түпнұсқадағы бейнесінен биіктесе аласармайды. Ораз Молда Шахнаменің негізіндегі шытырман оқиғалар ішінен Рүстем жайын негізгі арқау етіп алады да, сол тұстағы оқиғалық жағдаяттарға ерекше мән берген. Ораз нұсқасы да Кейхұсырау патшалығымен тамамдалған.
Фирдоусидің сөз басында, сөз аяғында тіпті бүкіл шығарманың он бойындағы өз дүниесін ұрпаққа ескерткіш ретінде бағалауы ғана жетпес өмірлік мұра ретінде ұсыну дәстүрі Шахнаме өзінше жырлаған шайырлардың қай-қайсында да игі дәстүрге айналған. Олар мұндай қадамға неге барып отырғандығын мақсаты мен мұратын өлең өрнектері арқылы оқушыға ескертіп кетіп отырады. Бұл Ораз Молданың Шахнаме аудармасына қатысты ең алғаш істі бастар алдындағы ойларынан да көрінеді. Егер Шахнаме көңілдегідей қотарылса, қазақ халқына игі ықпал тиер еді. Менің де даңқым мәңгілікке қалар еді деген тұжырымдармен өзіне - өзі шабыт беріп рухтандыратын Ей, молла Ораз, дастан жаз. Сенің әрбір сөзің гүл, әрбір хикаяң бақ, бұл дүниеден үнсіз өтіп кетіп жүрмегін дейтін дейтін ойлар ақынның Шахнамеге шын кетіп жүрмегін дейтін дейтін ойлар ақынның Шахнамеге шын ниетінменкіріскендігінен хабардар етеді.Түпнұсқадағы Фирдоусидің тағдыры секілді Ораз Молданың аудармасына да елдің билеуші биіктерінің өтініші түрткі болған деген деректер бар. Автордың Фирдоуси шығармашылығымен оның халық арасындағы таралу жағдайын терең білгендігі аңғарылады. Аудармасының сипаты кейде дәлме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирдоуси Шахнамесі және қазақ әдебиеті
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихы
Көркем аударма.
Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының құрамы
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Балаларға арналған шығармалардың сипаты
Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық сипаттамасы
Қазақтар мен казактар
XIX-XX ғғ. Қазақстан мәдениеті
Шәкәрім Құдайбердиевтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер