Халық қоспасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І.Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1. Көбеюі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.2.Химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3.Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 8
2.4.Халық қоспасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.5.Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері зерттеу нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9 ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

П І К І Р
Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық,әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Сол талаптарға сай, болашақ ұрпақтары рухани бай, зияткерлік білімді, адамгершілікті етіп, тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектеп - білім мен ғылым айдынындағы үлкен кеме.Алып кеменің кішкентай шәкірті Бельгишева Заринаның Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті тақырыбындағы зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Зерттеу жұмысының мақсаты - алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау . Зарина жұмысты жүргізу барысында алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болатынын, дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектесетінін білді. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болатын тәжірибе барысында көз жеткізген. Зерттеу әдістерінің тиімді жүйесінің пайдалануы мен тарихи, бақылауға нақты дәлелді талдау жасалынған. Кіріспеде жұмыстың көкейкестілігі, мақсаты мен міндеті, практикалық қолданылымы, зерттеу әдістері сөз етілсе, екінші бөлімде өсімдіктің пайдалы жақтары ашып таратылып жазылған, олардың адам баласына беретін пайдалы тұстарына талдау жасалынған.
Ғылыми жобаның нәтижесі анық жазылған. Зерттеу нәтижелері ғылыми негізделген, мазмұнының логикалық құрылымы мен ішкі бірлігі жүйеленген.
Автор тақырып аясында алынған өзекті мәселені толығымен қамтып, қойылған мақсат пен міндеттеріне қол жеткізген және ғылыми зерттеу еңбегі өз деңгейінде орындалған.
Ғылыми жоба жұмысын З.Бельгишева ғылыми - теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сүйене даярлаған.

Жетекші: Айнакулова А. Д

Аннотация
Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі - дәрмектерден анағұрлым тиімді болады. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем - домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына. Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады.
Зерттеу мақсаты. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау .
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
- Емделушілер арасында сауалнамалар жүргізу; Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-Алоэ өсімдігінің емдік ерекшеліктеріне жан - жақты сипаттама берілді;
-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
1. Алоэ өсімдігінің емдік ерекшеліктеріне жан - жақты сипаттама берілді;
2. Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан - жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан - жақты сипаттама берілді;
-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

Кіріспе
Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...
Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Жоқ? Өте өкінішті. Осы жобадан кейін алоэны өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі - дәрмектің 70%, ішек - қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі - дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтатын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы үй дәріханасына қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген .
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда ащы дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Алоэнің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі - дәрмектерден анағұрлым тиімді болады. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем - домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай білудің маңызы зор .Мың теңге тұратын дәрі 3шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.
Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында деп есептейміз. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер ХІІІ-ХV ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдікдерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХVIII - ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдісі қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500 - інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.
Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті
Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: "Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады" деп жазып кеткен.
Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн. Лалагүлділер тұқымдасы алоэның сипаттамасы.
Алоэ- емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тіст. Құрғақшылық жылдары бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖҮРІС БӨЛІГІ
Мұнай түсінігі, шығу тарихы, мұнай өнімдері
Мұнай өнімдері
Қоректендіру жүйесінің аспаптары және дизельдерін жөндеу
Қоректендіру жүйесінің приборлары
Қоректендіру жүйесінің қондырғылары. Қоректендіру жүйесінің приборлары
Автомобильдердің жалпы құрылысы. Автомобиль трансмиссиясы
Табиғи битумдар негізіндегі көмірсутекті материалдардың экологиялық қауіпсіздігі
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі.Дезинфекция тиімділігін бақылау
Пәндер