Қола дәуірінің обалары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1. 1 Қола дәуірінің тұрақтары

1. 2 Қола дәуірінің мәдениеті

1. 3 Қола дәуірінің обалары

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көздерімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен.

Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды рөл атқарды.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазақстанның табиғи байлықтарына қызығушылық күшейе түсті. Геологтар, кен инженерлері жол-жөнекей көненің көздеріне де назар аударып, оларды сипаттап жазып отырды. Сөйтіп, бұл аудандардың ескерткіштері туралы мәліметтер қорын молайта берді.

1946жылы Қазақстанда ғылым академиясының құрылуына байланысты археологиялық жұмыстардың көпшілігін Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының археология бөлімі жүргізді. Жалпы 1946жылы Қазақстан археологиясының дамуындағы жаңа кезеңнің басы болды. Құрылған бөлімнің алғаш ұйымдастырған археологиялық экспедицясы Орталық Қазақстан экспедициясы болды, оны сол кезде академик Әлкей марғұлан басқарды.

Бұл экспедиция осы кезге дейін Сарыарқадағы көненің көздерін үнемі іздестіріп, зерттеп келеді. Экспедиция неолит және энеолит дәуірлерінің тұрақтарын, андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің қоныстары мен зираттарын б. з. б7-1 ғасырлардағы жерлеу ғимараттарын, түрік заманы қорғандарын, оратғасырлық қоныстарды тауып зерттеді және қазу жұмыстарын жүргізді. Ә. Марғұлан одан соң М. Қадырбаев, С. Ақыжанов қола және ерте темір дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеуді өзінің басты міндеті деп білді.

Орталық Қазақстан еліміздің тарихи аудандарының бірі. Бұл аймақты мекендеген халықтар туралы антикалық және ортағасырлық деректер өте аз.

Міне, осы аймақтық алып жатқан кең алқапты көне дәуірінің тарихын зерттеуді, өз алдына мақсат етіп қойған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының мақсатының бірі болатын.

1. 1 Қазақстан аумағында қола дәуірі қоныстарының көп екені мәлім. Әдетте, қоныстар өзендердің жағасында, кең жайылымда, мүйісте, кейде көл маңында орналасты. Атап айтатын болсақ:

Бұғылы 1

Бұғылы1-қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қоныс орны. Қарағанды облысы, Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентінің сотүстікке қарай 35 км жерде. Шопа өзенінің он жақ жағалауында орналасқан. Бұғылы 2 қиылысымен бірге қола, сақ т. б тарихи дәуірлердің ескерткіштерінің жиынтығы ретінде «Бұғылы ықшам ауданын» құрайды. 1955жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген.

1998жылы бастап жүргізілген «Сарыарқа» археологиялық экспедициясының барысында Бұғылы-1. Қазақстанның қола дәуірі қатынастарының ең бірі екендігі анықталды. Оның аумағында жүзге тарта құрылыстар көбінесе тұрғын үйлер орналасқан. Қоныс екі бөліктен тұрады. Неғұрлым ертерек кезеңге жататын Оңтүстік топтың үйлері сиректеу орналасқан, пішіні жағынан дөңгелектеу, бір бөлмесі болып келеді. Кішірек салынған Солтүстік топтың үйлері шоғырланған, көп бөлмелі болып келеді. Солтүстік топтағы үйлердің аумағы 10х9, 5м шамалас. Қабырғалар ұзынша тас тақташалардан қаланған. Үйге кіретін есік оңтүстік-батыс бұрыштан шығарылған. Жылу ошағы жалпағынан қойылған тастардан дөңгелектеу пішінде жасалып, үйдің сол тереңдетілген орта тұсына қойылған. Ошақ айналасы мен іргелерінде шаруашылық ұралары және көптеген тіреу бағаналары үйдің сыртын ала солтүстік және шығыс қабырғаларын бойлай жапсарлас салынған екі жіңішке, ұзынша дәліс тәріздес қосымша құрылыстар болған. Үй іргелерінің көп тереңдетілмей салынуы тұрақты болған.

Бұғылы-2

Бұғылы-2 қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қоныс орны. Қоныста 30-ға жуық іргесін таспен қалап өрген төртбұрышты құрылыс орындары сақталған. Бір-біріне іргелес орналасқан екі үй орны зерттелді. Үйлердің пішіні төртбұрышты, іргесін тастан қалаған. Сонымен қатар көптеген қыш ыдыстар, тас түрен т. б. құрал-саймандар, мал аң сүйектері табылды. Бұл заттар қоныс тұрғындарының мал өсіріп, егін егіп, аң аулауды кәсіп еткенін, мыс балқытып, жүн тері, саздан, сүйектен тұрмысқа қажет заттар жасағанын көрсетеді. Қоныс тұрғындары б. з. б 14-11 ғасырларда тіршілік еткен.

Беласар қорымы

Беласар-қола дәуірінен сақталған қорым. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты станциясынан км жерде солтүстік батысында Танатқан, Шұнақ, Арат-Үшқызыл тауларымен қоршалған кең алқапта орналасқан. Б. з. б 13-8ғасырларға жатады. 1958-1968ж Орталық Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция Ә. Марғұлан, А. Оразбаев зерттеген. Жалпы саны 150 шаршы пішіндес, 1, 2 кейде 3 концентрлі төртбұрыштан тұратын ірі тас тақталарды тігінен қойып қоршаған үлкен қорым. Мәйіттердің басы батысқа қаратылған. Тас жәшіктердің аумағы 110х150 см, тереңдігі 55 см. Кейбір қоршауларда мәйітті өртеп көму тәсілі қолданылған. Оңтүстік бөлігінде есік тәрізді кіретін жері бар. Барлығы 10-ға жуық обалар қазылып олардан адам сүйектерімен бірге сынған құмыралар, қола білезіктер, алтын жалатқан сақина, моншақтар және тағы басқа әшекей бұйымдары табылды. Заттай деректер, жерлеу ерекшеліктері көне дәуірде Беласарды қоныстанған тайпалардың тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат береді. Беласар, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерте сатысына жататын құнды ескерткіш.

Қойшоқы

Қойшоқы қола дәуірінде өмір сүрген тайпалар қорымы. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақмая қонысынан солтүстікке қарай 1, 5-2 км жерде орналасқан. Қойшоқы қорымдарындағы ескерткіштер төрт топқа бөлінеді. Қоршаулар пішіні шеңбер, дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Олар тігінен қадалған жақпар тастармен төңкерілген. Зерттеген қабірлердің бәрі бұрын тоналған. Мүрделер тас жәшіктерге ішінара шұңқырға қойылып, тізелер бүгіліп, бір қырынан басы шығысқа қаратылып жерленген. Бас жағына немесе тас жәшіктің оңтүстік-шығыс бұрышына ыдыстар қойлыған. Қойшоқы қорымынан өрнек салынған көзе сынықтары, қола моншақ, алтын мен қаптаған білезік, сырға, қапсырмалар, жебе және найза ұштары табылған. Алынған мәліметтерге қарағанда, Қойшоқы қорымында б. з. б 14-12 ғасырларда өмір сүрген адамдар жерленген.

Ақ Мұстафа қонысы

Ақ Мұстафа-қола дәуірінің қонысы (б. з. б 14-12ғ) Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қызылту ауылының оңтүстік шығысында 40 км жерде Атасу өзенінің оң жағында орналасқан. 5 га аумақты алып жатыр. 1976-1981ж Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Дөңгелек пішінді, диаметрі 6-10 м 49 үй орны сақталған. Үш үй орны зерттеген. Оның екеуі қола дәуірінің орта кезеңінде (б. з. б 14-12ғ), біреуі соңғы кезеңінен қалған (б. з 12-11ғ) . Қоныс тұрғындары негізінен мыс балқытып, егін егіп, мал баққан. Осы кәсіпке байланысты мыс балқытқан пеш, дән үккіш, жер қопсытатын тас кетпендер, мыс шаппа шот қола пышақ, тері илеп, жүн түтетін сүйек құралдар, әсем өрнектелген, көзелер, малдың, аңның сүйектері табылды. Қоныс үйлері жартылай жеркепе тәрізді, төртбұрышты қабырғалары тігінен көмілген бөренелермен бекітілген. Үй ішінде екі-үш ашық және тас ошақтар бар. Қола дәуірінің соңғы кезіндегі үйлер дөңгелек пішінді, киіз үй сияқты құрастырмалы болған. Ол осы кезеңге мал басының көбейіп, жартылай көшпелі мал шаруашылығының үстем болғанын байқатады.

Атасу қонысы

Атасу қонысы-қола дәуірінен сақталған б. з. б 14-12ғ ірі елді мекен орны. Атасу қонысында 27 үй мен қораның орны бар. Ең кішілері дөңгелек пішінді,

Диаметрі 8-12м, үлкендері төртбұрышты 150-200м. Қазба барысында 3688 м алаң ашылды. Ол жерде 3 төртбұрышты, 12 дөңгелек пішінді ғимарат және мыс балқытуға арналған 7 шеберхана орны табылды. Үлкен үйлер екіге бөлінген. Бір жағы тұрғын үй, екінші бөлігі-шеберхана. Атасу қонысы орталығында ғибадатхана болған. Үйлер арасынан ішін таспен шегендеген құдықтар, көзе ыдыстар күйдіретін пештер ашылды. Атасу қонысы тұрғындары негізінен мыс балқытып, қоладан бұйым құю, мал бағу, егін егу, аң аулаумен айналысқан. Қола дәуірінің соңғы кезінде өмір сүрген тұрғындардың үйлері шошала сияқты дөңгелек құрастыруға оңай болған. Олар да қолдан сайман жасаған, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Атасу қонысынан кең үгіп, мыс балқытып, құюға арналған құрал-саймандар мен қалыптар, топырақ қопсытатын тас кетпен, түрен, тастан, қоладан, сүйектен жасалған жебе ұштары, өрнек салған саз ыдыстар бетін тегістейтін, өрнек салатын құралдар қола пышақтар, орақ, сүңгі т. б көптеген бұйымдар табылды.

1 . 2 Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Беғазы-Дәндібай мәдениеті-қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б. з. б 9-8ғ) Орталық Қазақстан қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы-Дәндібай мәдениет атауын ғылыми айналымға енгізген академик Әлкей Марғұлан. Б-Д мәдениеті өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіғұмырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрын Андронов мәдениетіне тән үлгілер сақталу мен қатар тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымының жоғарғы лауазымды билеушілеріне арналып салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелермен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелерінің пішіні жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Б-Д мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады. ( Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы-Дәндібай, Ортау т. б) . Олар көбіне дөңгелек, төрт бұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы тас жәшіктерге жерлеген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көне ыдыстардың таяқшамен батымқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлби салынған шырша, тырнақ шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішіндері мен өрнектері мүлдем өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішінді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңдегі бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Қарқаралы, Ақкезең, Ұлытау т. б) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әртүрлі. Қабырғасы іргесі таспен өрілген 4-6 бөлмелі жер көпе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3-5 шағын мекендер болған. Бұл жердегі қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егн егу, мал шаруашылығымен айналысқан. Б-Д мәдениетін жасаушы тайпалар да андрондықтар секілді негізінен табиғат күштеріне (күн, су, от т. б) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аб т. б жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай т. б) тұрғызып қойған. Б-Д мәдениеті тұрғындары өздерінің әлеуметтік дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімшілік орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мекен бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңтүстік Оралдағы өздеріне туыс тацпалармен саяси экономикамен тығыз байланыста дамыды.

1. 3 Қола дәуіріндегі обалар

Ежелгі дүние обалары-ежелгі дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштер, жерлеу орындары. Әлемнің көптеген елдеріне таралған әр жерде кездесетін адам жерленген кез келген қабірдің барлығы оба емес. Оба деген-қабір үстіне тастан, топырақтан немесе осы екеуін араластыра үйінді тұрғызылған жерлеу орындарын айтады. Адамзат мүрдені жерлеу салты орта палеолит кезеңінде пайда болса, қабір үстіне тұрғызу әлдеқайда кейін, яғни энеолит дәуірінде қалыптасты және де оба үю ең алдымен, Еуразия далалық өлкелеріне тән. Археологиялық деректер бойынша обалардың пайда болуы далалық өлкелердің батысында Орал және Днепр аралығында б. з. б 3 мыңжылдықта қанат жайған энеолиттік көнешұңқыр мәдениетімен тұстас келеді. Көне шұңқыр мәдениетінің мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі тйпалары алғаш рет аталмыш дәстүрі бар. Оба мұқият зерттеуді талап ететін күрделі құрылым. Зерттеушілер алдымен жер үстінде көрініп тұрған ерекшеліктерін, яғни қосымша құрылыстарын, негізгі өлшемдерін, оның сыртқы құрылымдық бейнесін анықтайды. Материалдың өзі белгілі бір жүйемен пайдаланғандықтан оба стратиграфиясы үйіндінің қандай қабаттан тұратынын зерттейді. Обаның астында кейде жер астында, тіпті жер бетінде жерлеу камерасы орналасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ ескерткіштері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихы мен кезеңдеу мәселесі
Зерттеу нәтижелері ерте темір дәуірінде
Қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстанның археологиялық зерттеу тарихы
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Қазақстан қола дәуіріндегі ескерткіштері
Ғұндар және үйсіндер археологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz