Франк мемлекетінің құрылуы


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
РефератТақырыбы: Франк мемлекеті
Оқытушы: Жолдасұлы Талғат
Орындаған: Базарбаева Айгерим
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
- Франк мемлекетінің құрылуы. Меровингтердің «жалқау корольдері» билеген кезең
- Каролингтер әулетінің билікке келуі
- Ұлы Карл саясаты
- Империяның ыдырауы. Верден келісімі нәтижесі
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Варварлар корольдiгi жаңа феодалдық мемлекеттердiң қалыптасуына негiз болды. Ол мемлекеттердiң iшiндегi ең қуаттысы 486 жылы Солтүстiк Галлияда құрылған Франк мемлекетi едi. Оны салий франктерiнiң меровей руынан шыққан көсемi Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын қол астына бiрiктiрiп, Римнiң қарамағындағы көршi Галлияның құнарлы жерлерiне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдiктердi талқандап, Солтүстiк Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстiгiн де жаулап алды. Сөйтiп, Рим империясының осы провинциясының орнына өзiнiң корольдiгiнқұрды.
Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерiн орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билiгiн мойындаған римдiк және галлиялық байлар аз уақыттың iшiнде франк ақсүйектерiмен араласып, туыстасып кеттi. Франк мемлекетiнiң халқы латын және герман тiлдерiн араластырып сөйлейдi. Осы аралас тiл кейiн француз тiлiнiң негiзiн құрады. Жазу саласында тек латын тiлi қолданылды. Хлодвигтiң тұсында осы тiлдiң франктердiң ең алғашқы сот саласындағы заңдары жазылды. Ол “Сали ақиқаты” деп аталды. Ол заңдар бүкiл мемлекет аумағындағы бiрыңғай тәртiптi орнатуға үлес қосты. Франктердiң заңы бойынша қылмыстың көпшiлiгi ақшалай айыппен өтелетiн.
Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтiргендi үшiн салынатын айып мөлшерi кiмдi қандай адамды өлтiргендiгiне байланысты әртүрлi болды. Франктiң өмiрi галлдар мен римдiктердiң өмiрiнен қымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кiнәсi дәлелденбесе, оны “құдай сотына” салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етiлдi. Егер кiнә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендiгiнiң белгiсi деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын.
Франк мемлекетiнiң аумағында жазба заңдардың шығуы үкiмет билiгiн нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет адамның байлығы мен басқыншылардан қорғап отыру үшiн керек болды. Қуатты мемлекеттiң көмегiмен ел басшылары халық бұқарасын қабылданған тәртiп шеңберiнде ұстап, салықты уақытында жинап алатын жағдайға жеттi. Әскер басшыларының iшiндегi әрi батыл, әрi тапқыр Хлодвиг король деп жарияланды. Король-барлық халық бағынатын, өкiмет билiгiн өзiнiң әулетiне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет басшысы.
Негізгі бөлім.
I. Франк мемлекетінің құрылуы
Франктер б. з. ІІІ ғасырда Рим деректерінде көрсетілді. Бұлардың хамавтар, сугамбрлар, бативтер деген ежелгі аталарының Рейннің арғы бетінде мекендегені туралы Тацит та көрсеткен. Франк деген батыл, ерікті деген сөз мағынасын білдірген. Франктер деп жоғарғы және орта Рейннің жағалауларында орналасқан бірнеше герман тайпаларынан құралған үлкен тайпалық одақты атаған. Сонымен бірге Рейннің төменгі ағысымен мекендеген франктерді салийлық және Рейіннің орта ағысының екі жақ жағалауын мекендеген франктерді жағалаулық немесе рипуарлық деп екі топқа бөлінген. ІІІ-ІҮ ғғ. франктер Рейн маңынан қоныстануға жаңа жерлер іздеп Римдік Галлияға жиі шабуыл жасады ІҮ ғ. екінші жартысында Токсандрияға қоныстанып империяның федераты ретінде өмір сүрді. Ү ғ. ортасында салийлық франктер өздерінің иеліктерін рим империясының оңтүстігі мен батыстағы Соммаға дейін ұлғайтты. Ал, рипуарлық франктер Маас пен Рейн арасын қоныстанды. Салийлық франктердің меровей руының көсемі Хлодвиг (481-511 жж. ) батыс Рим империясы құлағаннан кейін солтүстік-шығыс Галлияны жаулап ала бастады. Бұл жерді бұрынғы императордың уәкілі болған римдік шонжар Сиагрий басқарып отырған еді. 486 ж. Суассонға жақын жерде Сиагрийдің әскерін жеңген Хлодвиг Сенаға дейінгі жерлерді франктерге бағындырып, содан кейін франктердің иеліктерін Луарға дейін кеңейтті. Хлодвиг өзінің билігін нығайту үшін 496 жылы өз жасақтары мен бірге христиан дінін қабылдады. Галло-римдік дін иелері Хлодвигке Галлияны одан әрі жаулап алуына қолдау көрсеткен еді. Франктер бургундарды бағындырып, Галлиядан вестготтарды ығыстарды. Франктер мемлекетінің тарихының алғашқы дәуірі Ү ғ. аяғынан ҮІІ ғ . аяғына дейін созылып Меровингтік дәуір деп аталды. Хлодвигтің тұсында 507 жылы Аквитания, ал оның мирасқорлары 514 жылы Бургундияны, 536 жылы остготтардан Провансты тартып алып өзіне қаратты. Тюрингтер мен алемандар, баварлар франктердің жоғарғы өкіметін мойындаса, сакстар оларға жыл сайын салық төлеп отыруға мәжбүр болды.
«Салий ақиқаты» бойынша Франктердің шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы .
Меровингтік дәуірдегі франктердің қоғамдық құрылысын білуде маңызды дерек «Салий ақиқаты»болып табылады. Ү ғ. соңында ҮІ ғасырдың басында жазылған франктердің әдет-ғұрыптарының заңдық жинағы. Рим заңдарымен ұқсастығы латын тілімен жазылғандығы. Бұл жинақта ҮІ ғ. өзгерістер енгізіліп, алғашқы қауымдық құрылыстан феодализмге өткен франктер мемлекетінің даму жолдарын ұғынуға болады. «Салий ақиқатынан» франктердің шаруашылығының ең бастысы егін шаруашылығы болғандығы айқындалады. Жинақтың біраз баптарында, ерікті франктердің егістік жерлері, егіс құрал-саймандары, жұмыста пайдаланған малдары, тыңайтқыштар туралы айтылады. Франктер шаруашылығында мал шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен бірге балық, ара, баубақша шаруашылықтарымен, қолөнермен де айналысқан. Франктерде шаруалар үй алдындағы жерлерді, қауым жерінің белгілі бір бөлігін жеке меншік түрінде, ал ормандар мен жайылымдарды бірлесіп пайдаланған. Жер қауымның меншігінде болып, жеке адамдар белгілі бір шарт бойынша ғана жерді пайдалануға құқы болған. « Салий ақиқатында » ру қауымдық жердің иесі ғана емес, сонымен бірге саяси ұйым ретінде де көрсетіледі. Мәселен, соттасқанда бүкіл ру адамдары куәға тартылып, олардың айыпты руласын қорғауына мүмкіндіктер беріліп, айыптың жартысын айыпкер, жартысын руластары төлеген. Ал, алынған айыпты өлген адамның жан ұясы мен 33 руластары бөлісіп отырған. Мұндай жағдай франктердің арасында рулық қатынастың терең сақталғандығын көрсетеді.
Меровингтердің «жалқау корольдері» билеген кезеңі.
ҮІ ғ соңына қарай франк қоғамы үлкен өзгеріске ұшырады. Жер жеке меншікке-аллодқа айналған. Жер сатылған, мұраға, сыйға берілген, сөйтіп ірі жер иеленушілер пайда болған. Олардың иеліктерінде құлдармен бірге жартылай ерікті-литтар және галло-римдік тәуелді тұрғындар жұмыс істеген. Хлодвиг әулетінің соңғы корольдері өз ара таққа таласып, қырқысу соғыстарын жүргізді. Франк мемлекетінің тарихында 639 жылмен мен 751 жылдардың аралығын Меровингтердің (яғни Хлодвиг әулетінің) «жалқау корольдері» билеген кезең деп атайды. Себебі, қырқысудан әлсіреген корольдер елді басқаруға дәрменсіз болып, жергілікті жерлердегі әкімшілік, сот, әскери билік әрбір аймақтың билеуші топтарының қолына өтті. ҮІІ ғ. Франк мемлекетінің құрамында 3 дербес аймақтың оқшаулануы көрінді. Олар: Нейстрия-орталығы Париж болған солтүстік-батыс Галлия, Австразия-Франк мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігі, Бургундия-бургундардың бұрынғы корольдігі. Ал ҮІІ ғ. аяғынанан-оңтүстік-батыстағы Аквитания бөліне бастады. Барлық обылыстардағы билік майордомдардың қолына көшті. Олар корольдың сарайын басқарған бұрынғы қызмет (majordomos-үйдің үлкені) адамдары еді. Кейіннен ірі жер иленушілерге айналып, обылыстарды басқаруды өз қолдарына алды. 687 жылы австразияның майордомы Пипин Геристальский бүкіл Франк мемлекетінің майордомы болды. Бұл әулет кейінен өз уәкілінің ең ірі тұлғасы Ұлы Карлдың есімімен Каролингтер деген атаққа ие болды.
Каролингтер кезіндегі Франк мемлекеті.
Пипин Геристальскийдің ұлы Карл Мартелл ( 715-741 жж. ) билік жүргізді. Ол Австразияның орта және ұсақ жер иелерінен құралған өз жасақтарының көмегімен Нейстрияның ақсүйектерінің қарсы топтарын талқандап, одан кейін Франк мемлекетінің Рейннің арғы жағындағы иеліктерін қалпына келтіріп, фриздерді, сакстерді, аллемендарды франктерге салық төлеп тұруға мәжбүр етті. 732 жылы арабтар Галлияға жорық жасады. Араб қолбасшысы Әбдірахман Аквитанияға еніп, бұл аймақты талан-таражға салып Парижге қарай аттанды. Карл Мартелл өз әскерімен арабтарды Пуатьеге жақын жерде күтіп алды. Атақты шайқас 732 жылы қазан айында болып, үш күнге созылды. Карл Мартелдің дұрыс әскери әдіс қолдануының арқасында шайқас франктердің жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс арабтардың Еуропаға одан әрі жылжуын тоқтатты. Осы шайқастағы жеңісі үшін Карл «Мартелл»(балға) деген атақ алды. Арабтардың атты әскерлеріне қарсы тұру үшін әскери реформа жүргізу қажеттігі туындады. Сондықтан Мартелл бенефиция (beneficium-сыйлық) жүйесін енгізді. Мұның мәнісі әскери қызмет атқарғаны үшін (әсіресе атты әскерде) жерді сыйға беру еді. Карл Мартелл бенефицияны көптеп таратты. Ол жерді өзіне қарсы шыққан ірі жер иелерінен, кейіннен шіркеуден тартып алды. Бұл реформа Мартелдің беделін өсіріп, орталық билікті күшейтті. Орта және ұсақ жер иелерінің қалыптасуына жағдай жасады. Карл Мартелдің ұлы қысқа бойлы ІІІ Пипин (741-768 жж) алғашқыда майордом ретінде ғана елді биледі. Пипин шіркеуден тартып алынған жерлерді шіркеудің меншігі деп жариялап, оларды бенефиция түрінде пайдаланып отырған рыцарьларды, шіркеудің пайдасына салық төлеуге мәжбүр етті. Дегенмен, бұл 36 жерлерді корольдің рұқсатынсыз ешкім қайтарып ала алмайтын болды. Пипин мен шіркеудің арсында жақсы қарым-қатынас қалыптасып, нәтижесінде 751 жылы Суассондағы франк ақсүйектерінің жиынында рим папасының тапсыруымен Пипинге король деген атақ берілді. Сөйтіп, жаңа әулет шіркеуден қолдау тапты. Меровингтік әулеттің соңғы королі ІІІ Хильдерик өмірінің соңғы кезеңіне дейін монастырьға қамалды. Рим папасы Стефан ІІ жақсылығына Пипин лангобардтарға қарсы жорықтар ұйымдастырумен жауап берді. Нәтижесінде Рим обылысы мен Равен иеліктеріндегі бұрын лангобард королі жаулап алған жерлерді папаға қайтарып беріп, сол жерлерде 756 ж. (754) Папа мемлекеті қалыптасты. Бұл қазіргі Ватиканның негізінің қалануы болатын.
Ұлы Карлдың сыртқы саясаты.
Франктер мемлекетінің өрлеу кезі Ұлы Карлдың (768-814 жж) тұсы еді. Бұл адамның жігер-қайраты, мемлекетті басқару ісі мен әкімшіліктің, шаруашылықтың, соғыстың, халыққа білім беру істерінің әрбір ұсақтүйектеріне дейін үңіле қарап, ұғынуға құмарлығы замандастарын таң қалдырған. Ұлы Карл Еуропаның әр түрлі жерлерінде соғыс жорықтарын жүргізіп, оларға өзі қатысты. Ең алдымен лангобардтарға қарсы жорық бастады. 773-774жж. жорықтарының барысында лангобардтардың астанасы Павияны бағындырып, король Дезидерийді тақтан құлатып, лангобардтардың темір тәжін басына киіп, Ұлы Карл франктердің және лангобардтардың королі деген атқа ие болды. Лангобардия Франк мемлекетіне қосылып, кейіннен оны Карлдың баласы Пипин басқарды. Карл Пиреней түбегі үшін арабтармен соғыс жүргізді. Оның алғашқы Испанияға жасаған жорығы 778 жылы сәтсіз болды. Осы жорықтан қайтып келе жатқан Франк әскерлеріне жергілікті халық баскілер шабуыл жасап, Франк әскерін талқандаған. Осы ұрысқа байланысты « Ролланд туралы жыр» пайда болды. Ролланд Карл әскерлерінің қолбасшыларының бірі. Осы жеңіліске қарамастан франктер Пиреней үшін соғыстарын тоқтатпады. 801 ж. арабтардан Барселона жерін тартып алып, солтүстік-шығыс испан жерінде Испан маркасын құрды. Кейінірек бұл жерді оның Людовиг деген баласы Аквитан королі деген ат- 37 пен басқарды. ( испан жері Франк мемлекетінің Аквитан аймағы деп аталған.
Саксонияны жаулау. Әсіресе Саксонияны жаулау франк мемлекетінің көп күш-жігерін қажет етті. «Франктердің жүргізген барлық соғыстарының ішінен, саксондарға қарсы бағытталғаны ең ұзақ, ең қиын және ең қаталы болды» деп жазды Эйнгард. Бұл бағытта олар Саксондарға қарсы 32 жыл бойы (772-804 жж. ) соғыс жүргізді. Карлдың сакстармен ұзақ уақыт соғысуының себебі Балтық теңізіне шығу еді. Себебі 8 ғ. аяғы мен 9 ғ. басында Балтық теңізі үлкен сауданың орталық жолы болды. Сонымен бірге франк қоғамындағы әскери қызмет атқаратын орта және ұсақ жер иелерін жаңа жерлермен қамтамасыз ету қажеттігі туындады Сакстар тайпалары шығысында-төменгі Рейннен Эльбаға дейінгі, солтүстігінде-Эйдерге дейінгі аралықты алып жатты. Олар төрт тайпалық одаққа бірікті: батыс сакстар-вестфалдар, орталықта-ангарийлер, шығыс сакстар-остфалдар, солтүстік сакстар-нордалъбинглер. Бұлар рулық-тайпалық құрылыстың соңғы сатысында тұрды. Пұтқа табынған. Карлдың сакстарға қарсы жорығы 772 жылы басталды. Франктер сакстардың бекінісі Эресбургты алып, тұтқындар мен көп олжа алып кейін қайтады. Бұған жауап ретінде 774 ж. сакстар Гессенге еніп шіркеуді тонап, фриздер жеріндегі Девентер шіркеуіне шабуыл жасайды. Осы жылы франктер әскерлері қайта, Саксонияны тонап, отқа орайды. Франк әскерлері кетісімен сакстар өз биліктерін қалпына келтіріп отырды. Тек, 775 ж. ғана Карл сакстарды тікелей бағындыруға кіріседі. Көп әскер вестфалдердің, ангарилердің және остфалдердің жерлеріне шабуыл жасап, сакстардың бекінген елді мекендері: Эресбург, Сигибург және Карлштадты өздеріне қаратады. Сакстардың ақсүйектері Карлге келіп, бітім сұрайды. Карл олардан кепілдікке адамдар алып, христиан дінін және өзінің билігін қабылдауды талап етеді. 777 ж. Падерборнда сакс билеушілерінің жалпы жиыны өтіп, онда сакс тайпаларының көсемдерінің көпшілгі Карлге берілгендігі туралы ант қабылдады. Карл Саксонияда шіркеулер салдырып, көптеген дін уағыздаушыларын әкелді. Бұл әрекет сакстардың көпшілгіне ұнамады. 38 Олардың басым бөлігі франктерге басқыншылар ретінде қарады, сондықтан 778-785 жж. франктерге қарсы сакстардың ірі көтерілістері болды. Карл 782 жылы Везердің бойында сакстарды жеңгеннен соң, қыр көрсету ниетімен саксондықтардан кепілдікке алынған 4500 адамды өлім жазасына тартты. Сонымен қатар ол «Саксония істері туралы капитуляриий» шығарып, шіркеу мен корольге қарсы жасалған кез-келген қылмысы үшін өлім жазасын бекітті және халықты шіркеу пайдасына ондық салық төлеп отыруға міндеттеді. 785 жылы көтерілген сакстардың көсемдерінің бірі вестфал герцогі Видукинд сатқындық жасап Карл жағына шығады. Сакстарды біржолата жеңу үшін Карл сакстардың ежелден жаулары шығыстағы көршілері-полаб славяндары-ободриттермен одақ жасасты. Сонымен бірге сакстарды Франк мемлекетінің ішкі аймақтарына жаппай қоныс аудару бірге жүргізілді. Франктер мен ободриттерге сакстардың жерлері бөлініп берілді. Сакстардың графтықтарға бөлінген аймақтары Франк мемлекетінің құрамына енгізілді. Жалпы жаулаушылық соғыстардың барысында Ұлы Карл империясы Эбро көлінен бастап Пиреней түбегі, Атлант мұхитынан Эльба өзенінің батысына дейін, орталық Дунайдан Адриатика теңізінің шығысына дейін, Фриз теңізі мен Балтық теңізінің солтүстігіне, оңтүстік Италия жеріне дейінгі аумақты алып жатқан ірі империялық елге айналды. Сонымен бірге 756 жылы құрылған Папа мемлекеті де Ұлы Карл империясына вассалдық тәуелділікте болды. 800 жылы Карл Римге келгенде оған «Римдіктердің императоры»деген атақты папа берді .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz