Әбіш Кекілбаев - шежіре


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі" КММ
Жоба тақырыбы:
Ә. Кекілбаевтың «Бәйгеторы» шығармасы мен
Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»
мақаласындағы үндестік
Бағыты: гуманитарлық
Секциясы: әдебиет
Орындаған:
6-сынып оқушысы Құмарғажы Нұрсая
Жетекшісі:
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Абенова Сауле Ерғабылқызы
Аннотация
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаетың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, идеясы ерен, келешегі кемел мақаласынан туындаған атқа міну мәдениетін жандандыру мақсатында, даланың дархан жазушысы Ә. Кекілбаевтың «Бәйгеторы» шығармасын негізге алып, аттың қыры мен сырын баптаудағы іс әрекетін саралай отырып, атқа міну мәдениетіне жас ұрпақты қызықтырып, қазіргі заманда атқа отыру мәдениетін дамыту керектігін қарастырады.
Данная работа написана на основе произведения великого писателя степи А. Кекильбаева «Бәйгеторы». Идея написание труда зародилась после прочтения статьи Президента Н. Назарбаева «Семь граней Великой степи». В этой статье ставится цель возраждения культуры верховой езды. В работе рассказывается о тонкостях обучения лошадей. Работа привлекательна для молодого поколения и призывает развивать культуру верховой езды.
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Жылқы малының қазақ тарихындағы өзіндік орны.
ә) Ә. Кекілбаевтің «Бәйгеторы» шығармасы мен Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы үндестік
в) Зерттеудің материалдары мен әдістері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Зерттеудің өзектілігі: Оқырманның жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, атқа міну мәдениетінің негізін насихаттау
Жұмыстың мақсаты:
Жылқының асыл мал екенін айта отырып ерекше қасиеттерімен таныстыру, оқырманның жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту. Ә. Кекілбаевтың «Бәйгеторы» шығармасы мен Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» шығармасындағы атқа міну мәдениетіндегі үндестікті үйлестіріп, атқа міну мәдениетін жандандыру.Зерттеудің міндеттері:
1. Ә. Кекілбаевтың «Бәйгеторы» шығармасы мен Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» шығармасының мазмұнымен танысу.
2. Атадан балаға мұра болып келе жатқан атбегілік, ат спортына деген жас ұрпақтың қызығушылығын арттыру;
3. Атқа міну мәдениетін жандандыруға үлес қосу, оны насихаттау;4. Ғалымдардың еңбектерімен танысу, бабаларымыздың жылқы
түлігі туралы тәжірибелерін жинақтау.Зерттеудің әдістері: оқу, жүйелеу, саралау.
Зерттеудің жаңалығы: Ә. Кекілбаевтың «Бәйгеторы» шығармасы мен Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» шығармасындағы атқа міну мәдениетіндегі үндестіктің бар екенін дәлелдедік.
Кіріспе
«Әбіш Кекілбаев туралы сөз айтуға талпынсақ, оның азаматтық қызметінің кең ауқымдылығы мен тұтас тұлғасының жан- жақты, көп салалылығымен бетпе бет келетініміз хақ. Біразын айтып көрейік: Әбіш Кекілбаев- жазушы. Әбіш Кекілбаев-философ. Әбіш Кекілбаев -тарихшы. Әбіш Кекілбаев-шешен. Әбіш Кекілбаев-шежіре. Әбіш Кекілбаев-мәдениеттанушы. Әбіш Кекілбаев -ғалым. Әбіш Кекілбаев-публицист. Әбіш Кекілбаев -өнертанушы. Әбіш Кекілбаев - саясаттанушы. Әбіш Кекілбаев-кітапхана. Әбіш Кекілбаев -энциклопедия. Әбіш Кекілбаев -гуманист. Әбіш Кекілбаев-қайраткер», -деп «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында [7. 19-б] . өзі қанаттас журналист, қоғам қайраткері, депутат Қуаныш Сұлтанов анықтама беріпті. Осы анықталған анықтамаға Әбіш Кекілбайұлының бұл күндері он екі томдығына енген таңдамалы шығармалары мен баспа бетіне шығуды күтіп жатқан бірнеше туындысы ол туралы жазған ғалымдардың түрлі зерттеу еңбектері дәлел бола алады. Ал, біздің осы анықтамаға қосарымыз жазушының «Бәйгеторы» шығармасын оқи отырып, Әбіш Кекілбаев- ат бапкері, аттың сыншысы деп толықтырғымыз келеді. «Бәйгеторы»шығармасында жазушы тұлпар арқылы адам тағдырының, қоғам шындығының көркем бейнесін жасайды. Жылқы мінезді қазақ қашанда қиындықтан, азаптан қашпай алдына қойған мақсатын орындау барысында «жүйріктігінен», «тұлпарлығынан» танбаған. Тұлпар, жүйрік болатын құлынды танып, оның сол деңгейден табылуы үшін бар күшін салған. Демек, «тұлпарлықты» аңсау қазақ менталитетіне тән екенін бұл шығармадан анық көреміз .
Ал президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы - тарихи фактілерге құрылған жаңа жоба. Біздің тарихи санамызды жаңғыртуға
1
жасалған бұл нақты қадам. Мақалада Елбасы Еуразия құрлығындағы
саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткен тарихи құндылықтарымызды санамалай келе тарихи сананы жаңғыртудың модулін ұсынып, міндеттейді. Тарихымыздан қалыптасқан құндылықтарымызды айшықтайды. Қазақ даласының қай жері болса да киелі, тек әлі ашылмаған терең сыры мен қымбат құпиясын тарихшы, археолог ғалымдар жіті зерттеу жасап, жұртқа жария етуі керек деп тапсырмалар жүктейді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқып шығып, жазбаның идеялық мазмұнын болашаққа бағыт сілтеп, тың бағдарлама ұсынған аса құнды дүние деп түсіндік. Әсіресе, халқымыздың көне тарихына қатысты тыңнан көтерілген ұғым-түсініктер-ұлт тарихының жаңа кезеңін айқындауға бағыт сілтеп тұр. Яғни, қазақ халқының этномәдени көнелігіне мән беру дегеніміз- сол халықтың түп тамырына үңілу. Президент аталған мақаласында атқа міну мәдениетіне ерекше екпін берді. Жылқы-бабамыздың пырағы ғана емес, қазақтың қаны мен жүрегі. Мыңжылдықтар бойы Ұлы дала дүрбелеңінде тақымынан тұлпары кетпеген қазақ, аттан түскен күні көңілі пәс, кеудесі еңкіш тартып отарланып жүре бермеді ме?! Жылқыны тек төрт түлік деп қарамаған, қаймана қазақ баласы үшін арғымаққа ер салып, еңку-еңку жер шалу-бабалар өмірінің өзегі болған-ды. Тайбурыл мен Байшұбарды тақымдаған батыр бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы әлемді білімімен, өнерімен жаулап алса-атқа мінген аталар арманының орындалғаны. Міне, Елбасының меңзегені осы мұрат.
Жылқыны қолға үйрету, оның өмірдің барлық саласында пайдалы болуына қол жеткізу, ең бастысы оның елдік рухты оятудағы ерекше қасиетін терең меңгеріп, өзге жұрттың алдында сесі басым, серті айқын етіп жүзеге асыру адамзат дамуының эволюциялық жаңа кезеңін ашты. Жылқы феномені ұлттық феноменнің тең тарихы болып қалыптасты. Жауынгерлік рух, азаматтық айбын, халықтық қолтаңба
2
танылды. Осының бәрі біздің Ұлы даламыздан тарады. Бұл ұлы тарихты ұран етіп көтере алатын жаңа тегеурінді ғылыми аршын қажет. Осы орайда мен, елең етер, ерекше назар аударар бір тұсын атқа міну салтын басшылыққа алып, өзімнің жылқы малына деген қызығушылымды одан ары дамыту мақсатында жылқы жайлы оқып, біліп, жылқы малының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерін зерделеп, атқа міну мәдениетін жандандыруға өз үлесімді қоссам деймін.
Негізгі бөлім
а) Жылқы малының қазақ тарихындағы өзіндік орны.
Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Міне, осы жайларды оқып үйрене мен, әсіресе, жылқы малына қатысты көптеген қызықты деректерді жинақтадым. Соның ішіде жылқы туралы айтсақ, атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті, көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады.
Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген - жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай, қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің
3
айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы
тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу - тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл - қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқынының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы, сірә, жоқ. Қазақтың ең кедейінің астында кем дегенде бір «көк шолағы» болған. Осы ат - көліктің арқасында Алаш баласы Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын жалғады. Алып аумаққа иелік етті.
Жылқы- төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп аталады. Жылқы сымбатты да қасиетті жануар. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен. Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Оны бағуда шығын шықпайды. Еті де, сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам. Өз бойын таза ұстайтын, өз жерін қашықтан танитын сезімтал қасиетті жануар. Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі бір төбе.
Қазақтар жылқыны ұрып соғу былай тұрсын, киесі атады деп, желіден, жылқышы ұстайтан құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпейді. Бақан аттаған жарымайды деген сенім бар. Сүрінген атты да ұрмайды. Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін деп, көзін оң қолымен сүртіп тазалайды. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жорылады. Көшпенді халықтың маңызы
4
зор болғандықтан, жылқыға байланысты салт-дәстүрлер мен ырым-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz