Қаракөл қойының тұқымы


ҚАРАКӨЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Оқулық
Рецензенттер:
Кітапта әдебиет деректері және республиканың негізгі экологиялық-климаттық аймақтарында жүргізілген көп жылғы зерттеулердің нәтижелері жинақталған. Қаракөл қойларының генетикасы мен селекциясы, оларды әртүрлі меншік нысанындағы жағдайларда, қазіргі өсіру әдістері негізіндегі мәселелер қарастырылған. Еңбекте қаракөл қой шаруашылығының селекциялық-асылдандыру жұмыстарының қазіргі жағдайы туралы ақпараттары жинақталып қана қоймай, сонымен қоса ғылым мен практика жетістіктерін пайдалану жөнінде ұсыныстар берілген.
Кітап зоотехник-селекционерлерге, магистранттар мен PDhдокторанттарға, мал мамандарына, фермерлер мен студенттерге арналған.
МАЗМҰНЫ
I т а р а у Қаракөл қой тұқымының қазіргі жағдайы
1. 1. Қаракөл қойының пайда болуы
3. 1. Қаракөл қойларының түр-түсі мен реңінің генетикасы және олардың тұқым қуалауы
IV т а р а у. Қаракөл қойының селекциясыжәне оларды өсіру
4. 1. Іріктеу және сұрыптау
К і р і с п е
Қаракөл шаруашылығы - Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы мал шаруашылығының аса маңызды саласы. Соған сай қаракөл шаруашылығын зерттейтін ғылым қалыптасты. Ол ғылым қаракөл қойы тұқымының пайда болуы мен қалыптасуын, даму ерекшеліктерін, селекциялық-тұқым асылдандыру жұмыстарының әдістерін және өсіру техннкасын зерттейді.
Ұлы Қазан революциясына дейін қаракөл қойының 300 - 500 бастан аспайтын шағын отарлары Бұқара жазығы мен Хиуа жерінде өсірілді. Олардың өсіп-өнуі табиғн климат және жемшөп жағдайына тәуелді еді.
Ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде қаракөл шаруашылығы тек Совет өкіметі тұсында ғана қалыптасты. Осы жылдар ішінде қаракөл өсіру жөніндегі ғылым да қалыптасып, кемеліне келе бастады. Тұқымдық қой саны біздің елімізде революциядан бұрынғы санынан бес еседен астам артып, қазір қоғамдык секторда 14 миллионға жуықтады. Қаракөл қойы қазір Орта Азияның, Қазақстанның, Молдавияның, Украинаның, Азербайжанның шөл және шөлейт жайылымдарында өсіріледі, сондай-ақ шетелге де кеңінен тарады. Қазір оны дүние жүзінің елуден астам елі өсіреді. Елтірі өнімінің сапасы жақсарып, дүние жүзілік және ішкі рынок талаптарына сай келетіндей дәрежеге жетіп отыр.
Қаракөл шаруашылығындағы елеулі табыстармен қатар, жекелеген кемшіліктерінің де орын алып келе жатқанын айта кету қажет. Қаракөл өнімінде көлемі кішкентай, ақауы бар және жарамсыз елтірілердің үлесі әлі де көп. Ондай елтірілердің тауарлық құндылығы едәуір кем болады.
Қаракөл шаруашылығында қой санын өз төлі есебінен көбейту, саулықтардың үлесін арттыру, малдың асыл тұкымдық және өнімділік қасиеттерін жақсарту, еңбекті көп қажет ететін процестерді кеңінен механикаландыру, шөл жайылымдарда жабайы өсімдіктердің (изеннің, теріскеннің, сексеуілдің) тұқымын қолдан егу арқылы жемшөпті молайту міндеті қойылып отыр. Сонымен бірге шаруашылықтық материалдық-техникалық базасын нығайтып, өндірістік қора-жайлар мен шопандардың тұрғын үйлері құрылысын, мәдени-тұрмыстық объектілерді көптеп салу, саланың тұрақты дамуына толық жағдай жасау қажет.
Сондықтанда қаракөл койының тұқымдық және өнімдік сапасын жақсартудың жолдары мен әдістері, оларды күтіп-бағу мен азықтандыру, елтіріні алғашкы және заводта өңдеу, еңбекті ұйымдастыру, еңбек ақы төлеу мәселелері жөнінде анықтамалық материалды алғаш рет автордың зерттеулері негізінде ұсынып отырмыз.
I т а р а у
ҚАРАКӨЛ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Германия және Австрия жерінде қаракөл қой шаруашылықтарының игерілу тарихыҚаракөл қой шаруашылығына және қаракөл елтірісіне деген қызығушылық тек Ресей жері мен Орта Азия территориясында ғана емес сонау Европада да орын алған. Орта Азия саудагерлері қаракөл елтірілерін Европа жеріне де апарып сатып отырған. Сол кезеңдердегі қаракөл елтірісін сататын саудагерлердің көпшілігі Бұқара мен Хиуа саудагерлері екендігі белгілі. Өйткені XVII-XVIII ғасырларда Бұқара және Хиуа саудагерлері қаракөл елтірісін Ірбіттегі, Тверь губерниясындағы, Тобылдағы, Новгородтағы жәрмеңкелерге сатқандықтары туралы деректер бар. Негізінде қаракөл елтірісі әлемдік деңгейде жоғары бағаланған бағалы тері деп айтсақ қателеспейміз. Мәселен, XVIII-XIX ғасырларда қаракөл терілері Лейпцигте, Лондонда, Нью-Йоргте, Генуяда, Монреалда және басқа шетел сауда орталықтарында халықаралық бағалы тері аукциондарында сатылып отырған. Мысалға, С. В. Понятовскийдің деректеріне сүйенер болсақ Бұқарадан 1910 жылы 500 мың, ал 1912 жылы 1800 мың дана қаракөл елтірісі шет елге әкетілген. Мұның өзі көптеген елдер мен континенттерге өсіру үшін қаракөл қойларын алып кетудің негізін қалады. 1884 жылы Босния мен Герцеговинаның қой өсірушілері алғаш рет Украинадан бірнеше ондаған қой алып кетті. Әкетілген қаракөл қойлары онда жақсы жерсініп, жергілікті қоймен жақсы будандастырылды. 1898 жылдың өзінде-ақ Венада қаракөлдің алғашқы көрмесі ұйымдастырылуы Австрияның қаракөл шаруашылығына қатты көңіл қойғандығын көрсетеді. 1907 жылдан 1910 жылға дейін Бұқарадан Батыс елдеріне жыл сайын орта есеппен 221 қой әкетіліп отырған.
Алайда табиғи жайылымы жоқ және табысының бірсыпыра аз болуы етті жүнді қой тұқымдарын өсіретін жерлерде қаракөл қой шаруашылығының дамуын едәуір тежеп келді. Ол елдерде қаракөл қойы тұқымдық бағытта өсірілді. Қаракөл қойының аз болғандығына қарамастан, ол кезде Германия мен Австрия өнімі жоғары асыл тұқымды мал өсіріп, сатудың арқасында басқа елдерде қаракөл шаруашылығының дамуына елеулі ықпалын тигізді.
Ал қаракөл қой шаруашылығының Германияда игерілу тарихына қысқаша тоқталып кетер болсақ, қаракөл қой шаруашылығы Германия территориясында алғашқы кезде бағылы тері өндіру шаруашылығы немесе мода талаптарына жауап беру негізінде емес ғылыми-зерттеу негізінде игерілген. Қаракөл қой шаруашылығының негізін қалаушы адам ретінде Галледегі университеттің мал шаруашылығы институтының директоры, профессор Юлиус Кюн есептеледі. Профессор Юлиус Кюн 1863 жылы Галледегі университет жанынан ауылшаруашылық институтын құра отырып, сол институтта мал шаруашылығы саласында жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға алады. Табиғатта кездеспейтін немесе өте сирек кездесетін үй жануарларының тұқымдарын зерттеуді мақсат етеді. Осы мақсатта профессор Юлиус Кюн 1903 жылы өзінің көмекшісі, малды азықтандыратын жем-шөп ісі бойынша маманы Э. Мюллерді араға сала отырып Бұхарадан 4 қошқар қошқары мен 24 қаракөл қой саулығын сатып алады. 1906 жылы Бұхара жерінен тағы 3 қаракөл қошқар мен 34 саулық сатып алынады. Әкелінген малдар Галледегі қорыққа сыймағандықтан 1906 жылы профессор Юлиус Кюн Линдхенде таза қанды қаракөл малдарына арнайы ферма жасақтап, малдарды сонда жайғастырады. Бұхарадан импортталған осы қаракөл қойлары Германия жерінде қаракөл қой шаруашылығының игерілуіне негіз болады. Кейіннен сол кезеңдегі Германияның отары болған Оңтүстік-Батыс Африка жерінде қаракөл қой шаруашылығын ұйымдастырып, дамыту мәселесі туындайды. Осы мақсатта Германиядан қаракөл қойының алғашқы тобы 10 саулық және екі қошқар 1907 жылы Оңтүстік-Батыс Африкаға (Намибияға) апарылады. Осы Германиядан Африкаға жеткізілген асыл тұқымды қаракөл қойлары Оңтүстік Африкадағы қаракөл қой шаруашылығының игерілуінің негізі болды. 1909-1914 жылдары Африка жеріне тағы 200 қошқар мен 700 саулық жеткізілді. Африкадағы жергілікті қылшық жүнді қойлар (рондериб, намаква, тблинхаар т. б. ) қаракөл қойымен будандастырыла бастады. Бірінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында Африка жерінде 335 асыл тұқымды қошқар мен 830 таза тұқымды саулық және 21 мың будан қой болды. 1939 жылы қаракөл қойының саны 2 миллионнан, ал шетке шығарылған қаракөл елтірісі 1, 7 миллион (жылына) данадан асып түсті.
Германия жеріндегі Галле мен Линдхенде қаракөл қой шаруашылығы саласында жеткен жетістіктер Германия жерінде асыл тұқымды мал өсіретін және бірнеше фермалар жасақтауға негіз болады. Асыл тұқымды фермалар Силезия мен Померания аймақтарында ұйымдастырылады. Ал, 1906 жылы қаракөл қой тұқымын «Неміс мал шаруашылығы қоғамы» ресми түрде асыл тұқым деп таниды. Осы жылы «Неміс мал шаруашылығы қоғамы» ұйымдастырған көрмеде халыққа таныстырылады. Германия жерінде қаракөл қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын профессор Юлиус Кюннен кейін оның ізбасары С. Фон Натузиас жалғастырады. 1912-1913 жылдар аралығында С. Фон Натузиас Бұхарадан тағы бірнеше қаракөл қойларын алдырады. Бұхарадан Германияға қаракөл қойларының соңғы тобын 1928 жылы Фрелих пен Гольф сатып әкеледі. Жалпы Галледегі қаракөл қойларының санының өсуін төмендегі мәліметтерден анық байқауға болады. Мысалға 1923 жылы 100 мың қаракөл қойы саналса, 1931 жылы 200 мың, ал 1937 жылы 300 мың. 1944 жылы қаракөл қойының таза қанды саулықтары саны 370 мыңға көбейген.
Қаракөл қой шаруашылығы жоғарыда атап өткендей тек Германия жерінде ғана емес Европаның басқа да елдерінде кеңінен игерілген. Қаракөл қой шаруашылығының Австрия жеріндегі игерілу тарихына қысқаша тоқталар болсақ ол төмендегідей сипатқа ие. Австрия жеріндегі қаракөл қой шаруашылығының игерілу тарихына көз жүгіртсек, Австрияда ешқашан да қаракөл қой шаруашылығы бағытындағы жұмыстар мал басы санын көбейтуге бағытталмағандығын байқаймыз. Бірақ есесіне Австрия жерінде ғылыми негізге сүйене отырып жүйелі түрде жүргізілген ғылыми-зерттеу және сұрыптау жұмыстары нәтижесінде ашылған жаңалықтар тұтынушыларды қазіргі таңда да өзінің бағасын жоғалтпай әлемді қызықтырып отырған қайталанбас жоғары сапалы австрия қаракөлімен қамтамассыз етті. Австриядағы (ол кезде Австро-Венгрия мемлекеті болатын) қаракөл қой шаруашылығын игерудің алғашқы 20 жылдық уақытысында қаракөл қойларын бағатын орталықтар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 1984 жылы Босния үкіметі Бессарабия жерінен Босния мен Герцеговинаға бірнеше қаракөл қойын импорттайды. Бірақ әкелінген мал бас санын сақтай алмайды. Сонымен қатар Боснияға қаракөл қойларын мал дәрігері Гаузнер 1897 жылы Бұхарадан әкеліп жерсіндіреді. Венгрия жеріне де қаракөл қойлары осы 1897 жылы әкелініп, жерсіндіріледі. 1899 жылы Шенбрундегі зообаққа (зоопарк) Босния жерінен 4 таза қанды қаракөл қойы әкелініп, көбейтіледі. Жалпы Австрия жерінде қаракөл қой шаруашылығына баса көңіл бөлінгендігіне 1898 жылы Австрия астанасы Венада қаракөл көрмесінің ұйымдастырылуы дәлел бола алады. Австрияда қаракөл шаруашылығы ХХ ғасыр басында да жалғасын тапқан. Венадағы жер ісіне бағытталған жоғарғы мектептің 34 жылға тарта уақыт бойы мал шаруашылығы кафедрасын басқарған профессор Л. Адамец қаракөл қойларын ғылыми негізге сүйене отырып, зерттеуге аса көп көңіл бөлген. Өзінің қаракөл қойларын зерттеу бағытындағы ғылыми жұмыстарын жоғарыда аталған мектептің Гросс-Энцерсдорф фермасында және Моравиядағы өзінің жеке Гросс-Уеллерсдорф фермасында жүргізген. Осы ғылымибағыттағы жұмыстарға сәйкес 1907 жылы профессор Л. Адамец Ресей жеріндегі жоғарғы мінездемеге ие Леонтивичтің «Балта» шаруашылығынан 4 қаракөл қошқары мен 20 қаракөл саулығын алдырып, Гросс-Энцерсдорф тәжірибелік шаруашылығында қаракөл қойларының отарын ұйымдастырады. Үш жылдан соң профессор Л. Адамец өзінің көмекшісі доктор Дюрені асыл тұқымды қаракөл қойларын сатып әкелі мақсатында тіке Бұхараға жұмсайды. Бір маусымды Бұхарада өткізген доктор Дюре және бірнеше қаракөл малын Европаға жеткізеді. Бірақ профессор Л. Адамецтің Гросс-Энцерсдорф фермасында жасақтаған асыл тұқымды, бағалы қаракөл қойлары отары Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде 1914 жылы жойылып кетеді. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бұл аймақта Төменгі Австрия, Каринтия, Жоғарғы Австрия, Штирия и Зальцбургте біршама көлемде бағалы елтірі алуға бағытталған шаруашылықтар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл ұйымдастырылған тәжірибелік жұмыстар өз деңгейінде нәтже беріп, 1936 жылы 22 шаруашылықта 950-ге тарта қаракөл қой жинақталады. 1938 жылы Австрияның қаракөл қой шаруашылығы саласында жұмыс істейтін австриялық қаракөл өсірушілер «Германия қаракөл өсірушілері одағына» мүше болады. Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында Австрияда қаракөл мал басы саны 6000-7000-ды құрайды.
Қаракөл қой шаруашылығын қалай дамытамыз?Қазір жұртты азық-түлік мәселесі көбірек толғандырады. Деректерге сүйенсек, дүниежүзінде сұраныс етке 2, суға 1, 5 есеге көтерілген. Қазіргі кезде ет және ет тағамдарының тапшылығы байқалады. Болашақта өте қажет тауарлардың тізімінде болатындығын ғалымдар мен сарапшылар жиі айтып келеді. Азық-түлік өнімдерінің сапасы өмір сүру ұзақтығына әсер етеді. Халық дұрыс тамақтанса аз ауырады, өлім азайып, баланың өмірге келу деңгейі артады. Міне, бұл әлемдегі медицина ғалымдарының ғылыми тұжырымдамасы.
Сонда қарапайым халық қандай ас өнімдеріне көбірек көңіл бөлуі тиіс? Сонымен қатар, біздің өңірде өсірілетін қаракөл қой шаруашылығына қаншалықты мән беріп келеміз? Осы тұрғыда мамандар төмендегіше өз жорамалдарын жеткізеді. Мәселен, жас қозы еті таңдайңына татитын астың түрі саналады. Арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша жас қозы етінде ересек қой малы етіне қарағанда нәзік, жұмсақ, аса бағалы бұлшық еттері көбірек, сүйек мөлшері кемдеу, холестерині 2 есе төмен биологиялық құндылығы жоғары өнімге жатады. Мәселен, оның 100 грамында небары 29 мг., ал сиырдың осынша етінде 75 мг., шошқа майында 75-125 мг. болады. Қозы қорытқан азықтың 75 пайызына дейінін адам ағзасындағы бүлшық ет, май, сүйек құрылысына пайдаланады. Бұл олардың азықты өте жоғары сіңіріп, пайдаланатынын көрсетеді. Еділбай және қазақтың қылшық жүнді құйрықты тұқымдарының сақа қой еті майлы болғандықтан, ұзақ қорытылатын тағам түріне жатады. Қазіргі заманның тұтынушылары майлы ас мәзірлерін жақтырмайды. Жиі тамақтанатындықтан көбінесе жеңіл асты тұтынуға әуес. Олардың еттің сапасына талғамы өте жоғары. Әсіресе жастар мен ұлғайған адамдарға пайдалы. Осы тұрғыдан алғанда, майлылығы аз (10 % дейін) бәсекеге қабілетті қозы етін өндіру ісі инновациялық өндірістің талабына сай келеді. Әлемде жылына 9 млн. тонна қой еті әзірленсе, оның 90 пайызы қозы ретінде кәдеге жаратылады. Дүние жүзінде қозы етін ең көп өндіретін мемлекет ол Англия, Австралия және Жаңа Зеландия.
Қазіргі таңда Арал өңірінде қаракөл және қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдары өсірілуде. Олардың аналығының орташа тірідей салмағы 38-42 келіні құрайды. Қаракөл қой тұқымдарының төлдерінің өнімділігі қанша жақсы азықтандырылғанымен орташа тәуіліктік салмақтары төмен екені белгілі. Тірілей салмағы 27-30 келі төңірегінде болады. Бұл қойлардың негізгі пайда көзі оның етінен құралады. Өйткені, басқа қалған өнімдеріне сұраныс жоқ. Бұл көрсеткіш қой өсірушілердің жұмсалатын шығынын өтемейтіні олардың іс-тәжірибелерінен көрінуде. Осыған байланысты Арал өңірі қойларының ет өнімділігін арттыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып табылады. Бұл міндет Арал өңірінің қойларын ет бағытындағы еділбай және қазақтың құйрықты тұқымды қошқарларымен будандастыру және будан қозыларды бордақылау мен мәдени жайылымда жаю арқылы жүзеге асыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz