Интрузиялық тау жынысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Геологиялық бөлім
14
1 Геологиялық бөлім: 1. 1 Жалпы мәліметтер
14: 14
1 Геологиялық бөлім: 1. 1. 1 География-экономикалық жағдайы
14: 14
1 Геологиялық бөлім: 1. 1. 2 Геологиялық зерттеулер
14: 15
1 Геологиялық бөлім: 1. 2 Кен орны ауданының геологиялық сипаттамасы
14: 15
1 Геологиялық бөлім: 1. 2. 1 Стратиграфия
14: 15
1 Геологиялық бөлім: 1. 2. 2 Интрузиялық тау жынысы
14: 17
1 Геологиялық бөлім: 1. 2. 3 Тектоника
14: 19
1 Геологиялық бөлім: 1. 2. 4 Кен денелерінің морфологиясы
14: 20
1 Геологиялық бөлім: 1. 2. 5 Пайдалы қазбалар
14: 21
1 Геологиялық бөлім: 1. 2. 6 Гидрогеология
14: 22
1 Геологиялық бөлім: 2 Тау-кен бөлімі
14: 23
1 Геологиялық бөлім: 2. 1 Тау-кен иелігі
14: 23
1 Геологиялық бөлім: 2. 2 Ертерек қабылданған жобалық шешімдердің қысқаша талдауы
14: 23
1 Геологиялық бөлім: 2. 3 Кен орнын қазу әдісін таңдау және қазымдау реті
14: 23
1 Геологиялық бөлім: 2. 4 Жерасты тау-кен жұмыстары
14: 24
1 Геологиялық бөлім: 2. 4. 1 Өндірістік қуат
14: 24
1 Геологиялық бөлім: 2. 4. 2 Пайдаланылу мерзімі
14: 25
1 Геологиялық бөлім: 2. 4. 3 Жұмыс режимі
14: 26
1 Геологиялық бөлім: 2. 4. 4 Аршу
14: 26
1 Геологиялық бөлім: 2. 5 Тау-кен үңгілеу жұмыстары
14: 27
1 Геологиялық бөлім: 2. 5. 1 Тау-кен-күрделі жұмыстар
14: 27
1 Геологиялық бөлім: 2. 5. 2 Тау-кен дайындық жұмыстары
14: 28
1 Геологиялық бөлім: 2. 5. 3 Желдету және кешенді шаңсыздату
14: 30
1 Геологиялық бөлім: 3 Маркшейдерлік жұмыстар
14: 36
1 Геологиялық бөлім: 3. 1 «Нұрқазған» жерасты кенішінің тірек жүйелерінің талдауы
14: 36
1 Геологиялық бөлім: 3. 1. 1 Геодезиялық тірек торының сапасын бағалау
14: 37
1 Геологиялық бөлім: 3. 2 Негізгі маркшейдерлік жұмыстар
14: 38
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 1 Негізделген түсіру кенішін жасау
14: 38
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 2 Геодезиялық торлар
14: 39
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 2. 1 Триангуляция әдісі
14: 39
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 2. 2 Полигонометрия әдісі
14: 40
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 2. 3 Аналитикалық жүйе
14: 40
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 3 Жерасты кенішінің маркшейдерлік түсірмесінің биіктік дәйектемесі
14: 41
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 4 Тура және кері геодезиялық кертпе
14: 43
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 5 Пайдалану торы
14: 46
1 Геологиялық бөлім: 3. 2. 6 Теодолиттік түсірістер
14: 48
1 Геологиялық бөлім: 3. 3 Күнделікті маркшейдерлік жұмыстар
14: 50
1 Геологиялық бөлім: 3. 3. 1 Түсірме әдістері
14: 50
1 Геологиялық бөлім: 3. 3. 1. 1 Перпендикуляр (ординат) тәсілі
14: 50
1 Геологиялық бөлім: 3. 3. 2 Тахеометриялық түсіріс
14: 51
1 Геологиялық бөлім: 3. 3. 3 Геометриялық нивелирлеудің қателіктерін анықтау
14: 52
1 Геологиялық бөлім: 3. 3. 4 Тригонометриялық нивелирлеу
14: 53
1 Геологиялық бөлім: 3. 3. 5 Маркшейдерлі түсіру бойынша көлемдерді есептеу
14: 54
1 Геологиялық бөлім: 4 Қорлардың көлемін есептеу кезінде заманауи бағдарламаларды қолдану және енгізу
14: 56
1 Геологиялық бөлім: 4. 1 «Surpac» бағдарламалық кешенін «Нұрқазған» кенішінде қолдану
14: 56
1 Геологиялық бөлім: 4. 1. 1 «Surpac» БҚ бағалау және модельдеу
14: 56
1 Геологиялық бөлім: 4. 1. 2 «Surpac» БҚ тау-кен жұмыстарын жобалау
14: 57
1 Геологиялық бөлім: 4. 1. 3 «Surpac» БҚ кеніштік маркшейдерияда қолдану және руда сапасын бақылау
14: 57
1 Геологиялық бөлім: 4. 1. 4 «Surpac» БҚ интерфейсі
14: 58
1 Геологиялық бөлім: 4. 1. 5 Surpac БҚ-де қорды есептеу
14: 60
1 Геологиялық бөлім: 4. 2 Дәстүрлі әдіспен шанақтардағы, қойнаулардағы пайдалы кеннің қалдығын өлшеу
14: 61
1 Геологиялық бөлім: 5 Экономика бөлімі
14: 66
1 Геологиялық бөлім: 5. 1 «Нұрқазған» кеніші бойынша 1т кенді өндіру шығынын анықтау
14: 66
1 Геологиялық бөлім: 5. 2 Материалды шығындарды есептеу
14: 67
1 Геологиялық бөлім: 5. 3 Электроэнергия шығыны
14: 67
1 Геологиялық бөлім: 5. 4 Еңбек ақы төлеу есебі
14: 68
1 Геологиялық бөлім: 5. 5 Амортизациялық түсірілімдер
14: 70
1 Геологиялық бөлім: 5. 6 Амортизация шығынын есептеу
14: 70
1 Геологиялық бөлім: 5. 7 Еңбекақы шығындары
14: 71
1 Геологиялық бөлім: 6 Еңбекті қорғау
14: 73
1 Геологиялық бөлім: 6. 1 Нұрқазған кенішінің қауіпті және зиянды факторларын талдау
14: 73
1 Геологиялық бөлім: 6. 2«Нұрқазған» кенішіндегі қауіпті және зиянды факторларды азайту шаралары
14: 75
1 Геологиялық бөлім: 6. 3 Жаппай атудан кейін жабық кенішті желдетуді есептеу
14: 76
1 Геологиялық бөлім: 6. 4 Өрт қауіпсіздігі
14: 77
1 Геологиялық бөлім: 7 Өнеркәсіптік экология
14: 80
1 Геологиялық бөлім: Қорытынды
14:
1 Геологиялық бөлім: Қолданылған әдебиеттер тізімі
14:

Қалыпты сілтемелер

Дипломдық жобада келесідей нормативтік сілтемелер келтірілген:

СТ ҚР ИСО 9001 - 2009 Сапаның менеджменті жүйесі. Талаптар.

ИСО 9000: 2005 Сапаның менеджменті жүйесі. Негізгі түсініктер мен сөздік.

ГОСО ҚР 5. 04. 019 - 2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Жоғары профессионалды білім. Бакалавриат. Негізгі жағдайлар.

МЕСТ 2. 104 - 2006 ЕСКД. Негізгі жазулар.

МЕСТ 2. 105 - 95 ЕСКД. Мәтіндік жазуларға жалпы талаптар.

МЕСТ 2. 106 - 96 ЕСКД. Мәтіндік құжаттар.

МЕСТ 2. 109 - 73 ЕСКД. Сызбаларға қойылатын негізгі талаптар.

МЕСТ 2. 301 - 68 ЕСКД. Форматтар.

МЕСТ 2. 303 - 68 ЕСКД. Сызықтар.

МЕСТ 2. 304 - 81 ЕСКД. Сызбалық шрифттер.

МЕСТ 2. 308 - 79 ЕСКД. Сызбалардағы формалардың келтірулер мен беттердің орналасуының талаптары.

МЕСТ 2. 316 - 2008 ЕСКД. Сызбаларда жазуларды, техникалық талаптарды және таблицаларды салу ережелері.

МЕСТ 2. 321 - 84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.

МЕСТ 2. 702-75 ЕСКД. Электрлік схемаларды орындау ережелері.

МЕСТ 8. 417 - 2002 ГСИ. Физикалық мәндер бірліктері.

МЕСТ 21. 101 - 97 СПДС. Жобалық және жұмыс құжатнамаға қойылатын негізгі талаптар.

СМК СО 1. 1. 02-2011Оқулық құжатнаманы дайындау ережелері. Мәтіндік құжатнамаларға қойылатын негізгі талаптар.

СМК СО 1. 1. 03-2011Оқулық құжатнаманы дайындау ережелері. Мәтіндік құжатнамаларға қойылатын негізгі талаптар.

СМК СО 1. 1. 04-2011Оқулық құжатнаманы дайындау ережелері. Негізгі жазулар.

Анықтамалар

Берілген дипломдық жұмыста келесі терминдер қолданылды:

Амортизация - жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау.

Бремсберг - жер бетіне тікелей шықпайтын жер астында пластың немесе кен денелерінің құлама бағытымен жүргізілген көлбеу қазба

Геодезиялық байланыстыру - жергілікті жерде бекітілген нүктелердің, ғимараттар мен үймереттердің және олардың элементтерінің орындарын координаттар мен биіктіктердің қабылданған жүйелерінде анықтау.

Геодезиялық тірек торы - пландық орны мен биіктігі бірлік координаттық жүйеде геодезиялық өлшеулер негізінде анықталған жергілікті жерде бекітілген нүктелер жүйесі; бұл нүктелер геодезиялық түсіріс кезінде тірек пункттері және құрылыс үшін бөлу негізі ретінде қызмет атқарады.

Квершлаг - тау жынысы қабаттарының созылымына кесе-көлденең жүргізілетін тау-кен қазындысы.

Нивелирлеу - жер беті нүктесінің биіктігін қандай да бір таңдалған нүктеге қатысты немесе теңіз деңгейі бойынша анықтау.

Оқпан - кен орнын ашу мен жер асты жұмыстарына қызмет етуге арналған жердің бетіне тік немесе көлбеген шығысы бар күрделі кен қазбасы

Оржол - шағын көлденең шамаларына қатысты созылыңқы ұзындыққа ие болатын ашық тау-кен қазбасы.

Полигонометрия - геодезиялық торларды барлық сызықтарының ұзындықтары мен горизонталді бұрыштары өлшенген сынық сызық немесе полигон түрінде салу әдісі.

Рекультивация - бұзылған жерлердің өнімділігі мен халықшаруашылықты құндылығын қайта қалпына келтіруге, сонымен қатар қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені.

Триангуляция - геодезиялық тізбектерді барлық горизонталді бұрыштары мен базистік қабырғалары өлшенген үшбұрыштар түрінде салу әдісі.

Шкив - тоғыны жалпақ, тұйықталған арқанды немесе белдікті орап жанасатын дөңгелек.

Белгілеулер мен қысқартулар

Ұсынылып отырған дипломдық жобада келесідей қысқартылған сөздер қолданылады:

БЖЖ - бұрғылап-жару жұмыстары;

АЗ - атылғыш зат;

ДО - дөңгелек оң;

ДС - дөңгелек сол;

ПК - пикет;

ТҚ - техника қауіпсіздігі;

АМ - атылғыш материал;

ҚЖ - қауіпті жағдайлар;

ҚР - Қазақстан Республикасы;

ҚЕ - қауіпсіздік ережелері;

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

АҚ - акционерлік қоғам

мин. - минут;

т - тонна;

км -километр;

м - метр;

см - сантиметр;

мм - миллиметр;

c - секунд;

т. б. - тағы басқа.

Кіріспе

Шақта құрылысы кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар маркшейдерлік істің маңызды бөлігін құрайды. Олардың ерекшелігі - берілген бұрыштық және сызықтық көлемі бойынша болмысқа шығарылуы және қазбалар мен шақта үстіндегі кешеннің жобалық мөлшерлерінің бекітілуі. Оның үстіне, қазіргі заманғы шақта құрылысы кезінде көтерілудің үлкен жылдамдығын қамтамасыз ететін және көтергіш түтікшені бірнеше метр кубта қолданатын күрделі жер асты кешендері салынғанда монтаждың дәлдігіне өте қатаң талап қойылады. Бұның бәрі шақта құрылысы кезіндегі маркшейдерлік жұмыстарды маркшейдерлік қызметтің ең қиын бөлігі етіп көрсетеді.

Шақта құрылысы кезіндегі маркшейдерлік жұмыстардың негізгі міндеттері: уату жұмыстары үшін жер бетінде тірек торларын құру, жер қазу жұмыстарының көлемін анықтау, ғимараттың, құрылыстың геометриялық элементтерін болмысқа шығару, арнайы өлшемдердің және ұңғыманы бақылау үшін түсіріс жасау және шақта оқпанын армирлеу, тау-кен қазбаларына бағыт беру және т. б.

Маркшейдерлік қызмет олардың құрылуы кезеңіндегі, сондай-ақ пайдалану кезеңіндегі тау-кен кәсіпорындарының қызметі кешенінің маңызды буындарының бірі болып табылады.

Тау-кен кәсіпорындары немесе ұйымдары қабылдаған құрылымдарға байланысты маркшейдерлік жұмыстарды орындау маркшейдерлік бөлімдерге жүктеледі.

Тау-барлау өндірісінің жоспарларындағы өндірілген, түсірілген және суреттелген орын көрсеткіштерінен басқа жер асты тау өндірісі кен орындарын барлау кезінде маркшейдерлік қызметтің алдында бір қатар міндеттер туындайды: өндіруге арналған бағыттарды көрсету, сынақ жүргізу орындарын, сонымен қатар геологиялық объектілерді түсіру.

Қазіргі уақытта біздің еліміздегі тау-кен өнеркәсіптерінің негізгі ерекшеліктері технологиялық жабдықтардың жоғары дәлдігі және өндірістік үдерістердің жоғарғы интенсификациясы болып табылады. Мұндай жағдайларда тау-кен жұмыстарының тұрақты және қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін маркшейдерлік қызметтің жауапкершілігі артады. Маркшейдерлік қызмет пайдалы кен орнын қазудағы барлық кезеңінде (барлау, жобалау, құрылыс, пайдалану) тау-кен өндірісін жапқанға дейін және тау-кен жұмысы салдарынан бұзылған жерді қалпына келтіру кезеңіне дейін қызмет атқарады.

1 Геологиялық бөлім

1. 1 Жалпы мәліметтер

1. 1. 1 География-экономикалық жағдайы

Нұрқазған кен орны Қарағанды облысының Бұхар-Жырау ауданында орналасқан, Қарағанды қаласынан 30 км солтүстікке, Теміртау қаласынан 10 км солтүстікке, Самарқанд су қоймасының солтүстік жағалауынан 2, 5 км орналасқан. Мырза (Ақтау қ. ) темір жол станцясы кен орыннан 8 км солтүстік-шығыста орналасқан. Жақын асфальтті көлікжолы 3-4 км солтүстік-батыста өтеді, көлікжол Астана-Алматы - 7 км батысқа қарай. Электртізбек сызық кернеуі 110 кВ 8 км батысқа қарай орналасқан. Кен орынға ЛЭП 35 кВ өткізілген.

Теміртау қаласы Республика бойынша үлкен қара металлургия кәсіпорны, химия өнеркәсібі, Ақтауда - цемент заводы орналасқан. Тікелей жақын Қарағанды көмір бассейні және Қушоқы көмір қима көмір шахтылары орналасқан.

Ауданның климаты жиі континенталды. Орташа көпжылдық температурасы +3, 0°С-ын құрайды. Экстремалды жағынан максималды жылдық амплитудысы 80°С-қа жетеді (+38°С-тан шілдеде -42°С-қа қантар айларында) .

Жылдық жауын көлемі 124-тен 518 мм-ге дейін жетеді, орташа көпжылдық шамасы-301 мм. Тұрақты қар жамылғысы 11-22 қарашада пайда болады және 130-150 күндей сақталады. Қар жамылғысының орташа көпжылдық биіктігі 20-35 см.

Абсолюттік ауа ылғалдылығы, жыл мерзімінің суықтан жылыға үлкейу бағытында өзгереді. Орташа жылдың ең үлкен абсолюттік ылғалдылық мағынасы 5, 9 мб, шілде-тамыз айларында көрінеді. Ауа ылғалдылығына қатысты максималды мағынасы қыс айларына (78-79%) байланысты, минималды - жаз айларына (51-53%) .

Асырмалы жел бағыты оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс болып табылады. Орташа жел жылдамдығы 5, 3 м/с. Жел жылдамдығының аса білінетін кезені қыстың екінші жартысында, егер олар 25-30 м/с жеткенде.

Геоморфологиялық тұрғыдан аудан төмен таулы мелкосопочникқа жатады, абсалюттік белгілері 510, 1-594, 2. Кен орында тікелей анғарға қатысты асырмалы 50 м-дей екі меридиялды бағытында субпараллельді қырқалары байқалады.

Гидрографикалық тор Нұра ө. орташа ағысымен көрсетілген, Теміртау қ. Самарқанд суқоймасына бекітілеген, Самарқанд суқоймасының су көлемі 250 млн. М 3 және су бетінің ауданы 75 км 2 . Суқойманың ең үлкен ұзындығы 4 км, тереңдігі 19 м.

Нұра ө. көктемде орташа көлемдік ағысы 150 млн. м 3 , орта айлық шығыны 1, 29-1, 28 м 3 /с, жазда - 0, 2-0, 6 м 3 /с.

1. 1. 2 Геологиялық зерттеулер

Аудан бойынша жүйелік барлау жұмыстары, 1935 ж. А. С. Годовановпен басталған, Р. А. Борукаев пен Г. Ф . Ляпичев (1953 г. ), Г. Н. Зубенко (1954-55 гг. ), А. А. Абдулин (1957 г. ), Фадеев (1958 г. ), П. И. Хомченко (1961, 1963 гг. ), В. А. Оправхатов (1972 г. ) жалғастырды.

1989 ж. геолого-геофизикалық құжаттардың анализі және біріктірулер нәтижесінде (Гранкин, Козлов) кен алабының алтын-полиметалл және мыс порфирлік құрылымына байланысты жана мәлімет жоспарын алды. Ауданы 30, 4 км 2 бөлігінің біріктірулер нәтижесінде 1:1 масштабты геолого-геофизикалық жете барлау жұмыстары жалғастырылды.

1992-1995 жж. аралығында Нұрқазған кен орынның кен алабында іздеу-бағалау жұмыстарын АҚ «Қарағандыгеология» (Ковалев А. В., Медведев В. К., 1996 ж. ) өткізді.

1. 2 Кен орын ауданының геологиялық сипаттамасы

1. 2. 1 Стратиграфия

Нұрқазған кен орнының кенді алаңы жанартау плутондық белдеудің ендік бойының сыртқы зонасында орналасқан және Ерементау-Нияз антиклинорий, Семізбұға және Шақшан синклинорий - ірі құрылымдық каледонидтердің қоссылу түйініне орайластырылған.

Жарсорлық уақыттағы вулканизммен байланысты ерте девонның субжанартаулық жаралымдары кен өрістің оңтүстік бөлігінде кең таралған. Олар құрамы бойынша желістің вулканиттеріне ұқсас және мөлшері 100 х 150м. -ден 500 х 1000м. болатын әр түрлі формадағы үлкен емес денелермен көрсетілген, қуаты 10-11м. -ден аспайтын және ұзындығы 150м. дейін сығылма тәрізді денелер сирек кездеседі.

Мору қыртысы. Сызықтық және аудандық мору типтегі қыртыстар кеңінен дамып келеді. Жер бетінде мору қыртысының өнімдері сирек аз кездеседі, өйткені бос кайнозойлық түзілімдердің тысымен жабылған. Олар, негізінен, гидротермальды және тектоникалық қайта өндірілген таужыныс-тары бойынша дамыған. Мору қыртысының өнімдері болып сазды-тасшақпалы және сазды түрлі түсті жаралымдар табылады. Олардың қуаты бір метрден 30 м-ге дейін, сирек, жарылым зоналарының бойында - 50 м. дейін ауытқиды.

Жарсор свитасы (D 1 žr 1 ) петрохимиялық өзгешелігіне қарай төменгі және жоғарғы подсвиталарына жіктелген.

Төменгі подсвита (D 1 žr 1 ) кен орынның орта бөлігінде кең тараған. Подсвита тұсында екі пачка анықталған.

Төменгі пачка (D 1 žr 1 1 ) агломерат туфасымен, сирек лавамен және автомагматикалық брекчиялар құрамында андезибазальтті бар сирек горизонты ірікесекті андезитті туфы құраммен және туфоалевролиттер немесе туффиттары бар жінішке линзатүрдес қатпаршаларымен құрылған. Қиманың жоғары бөлігінде қалындығы 100 м пелитті туффиттар горизонты жатыр. Пачка қалындығы 550 м кем емес.

Жоғарғы пачка (D 1 žr 1 2 ), төменгі қатпар жабынының горизонты пелитті туффиттармен шартты түрде өткізілген, негізгі қиманың құрылымы линзатүрдес қатпаршалар пелит-псамотитті туффиттармен және аралас, қалындығы 170 м жуық пачкасын құрайды. Пачка қалындығы 360 м астам.

Жоғары подсвита (D 1 žr 2 ) . Подсвита шөгінділері кен орынның батыс, солтустік және шығыс бөліктерінде кең тараған және Төлқұлын құрылымдық қанатын құрайды. Аудан дамуының көп бөлігі қопсыған қабық щөгінділері-мен жабылған.

Подсвита қалындығы 250 м кем емес. Ерте девонның субвулканикалық шөгінділері, жарсор уақытындағы жанартаулығымен байланысты және кен аумағының оңтүстік бөлігінде таралған. Олар свитаның вулканиттар құрылымына сәйкес және әртүрлі кішкентай денелермен көрсетілген пішім мөлшері 100 х 150 м-ден 500 х 1000 м, қалындығы 10-11 м кем емес және созылымы 150 м сирек дайкалы денелер кездеседі. Құрылымы бойынша лейкократты базальт, андезибазальт және сирек андезидацит порфириттар кездеседі.

Стратиграфо-генетикалық жыныс комплексы уақытымен, генезисімен, петрографиялық құрамымен және жыныстың жатыс жағдайымен анықталады. Зерттелген аудан аймағының стратиграфо-генетикалық жыныс комплексы келесі турлерге бөлінген:

- төмендевон шөгінділері қарамендин интрузиялық комплексының екі ену фазалары: бірінші ену фазасы (qδ 1 D 1 km), екінші ену фазасы (qδ 2 D 1 km, γδπ 2 D 1 km) .

- ортадевон, интрузиялық шөгінділер дайкалар және кішкентай денелер (τβD 2 , ταD 2 ) ;

- төмендевон, көбінесе төменжарсор свитасының жанартау шөгінділері (D 1 zr 1 ) ;

- төмендевон, көбінесе жоғарыжарсор свитасының шөгінді түзілімдері (D 1 zr 2 ) ;

- мезозой үгілу қабығы (eMZ) ;

- плиоцен-төментөрттік шөгіділер субеткейлі қырлар жазықтар (N 2 -Q 1 ) ;

- ортатөрттік-қазіргі делювиалды-пролювиалды шөгінділер (dpQ II-IV ) .

Төмендевон шөгінділері қарамендин интрузиялық комплексы девон жанартаулығымен байланысты, төлқұлын жанартау-плутоногендік құрылы-мында кенсыйғызу пайда болуына екі фазаны енуімен түсіндіріледі.

Бірінші ену фазасы (qδ 1 D 1 km ) кварцты диориттармен және кварц диоритті порфирлармен, оның көп бөлігі метасоматитті өзгерген, және олар негізі кврцты диориттар бойынша метасоматитті құрылымын құрайды.

Екінші ену фазасында (qδ 2 D 1 km, γδπ 2 D 1 km) гранодиориттар (γδ 2 D 1 km), гранодиорит-порфирлар (γδπ 2 D 1 km), кварц диоритті дайкалары (qδ 2 D 1 km) қатысады, жәнеде метасоматитті өзгерістерге бейімделген.

Бірінші және екінші ену фазаларының контактыларына интрузиялық кенсыйғызу брекчиялары енген. Кен түзілімі болып табылатын интрузиялық комплекс, инженерлік-геологиялық тұрғыдан толықтау зерттелген. Экзогенді жарықшақ 40-80 м тереңдікте байқалады. Тектоникалық жарықтар аймағындағы жарықшақтар 160 м тереңдікте көрінісін табады.

Ортадевон, интрузиялық шөгінділер дайкалар және кішкентай денелер (τβD 2 , ταD 2 ) жарсор уақытының жанартаулығымен байланысты және барлық территория бойынша фрагментарлы тараған. Олардың құрамы свитаның жанартаулығымен жақындас және кішкентай денелі болып келеді, пішіндері 100×500 м-ден 500×1000 м-ге дейін. Құрылысы: лейкократты базальт, андезибазальтты порфириттар.

Мезозой үгілу қабығы (eMZ) негізі сызықтық және сирек ауданды болып таралады. Сипаттау алқабында, жер бетіне, тек солтүстік-батыс жағында шығады. Негізі, гидротермалды және тектоникалық өндірілген жыныстарын-да үгілу қабығы дамыған, олар алатүсті сазбен және сазды-қиыршықтас құрылымдармен берілген. Олардың қалындығы бірінші метрліктен 30-50 м байқалады. Қабықтын үлкен қалындығы тектоникалық жарылыс сызықтарында байқалады.

Плиоцен-төментөрттік шөгінділер субеткейлі қырлар жазықтары (N 2 -Q 1 ) батыс жақ ауданында таралған. Осы жыныс кешені малтатас және саз құмды қатпарымен берілген. Шөгінді қалындығы 5-30 м аралығында өзгереді.

Ортатөрттік-қазіргі делювиялды-пролювиалды шөгінділер (dpQ II-IV ) беткей қырларын және қыраралық төмендеулерін құрайды. Негізі олар сірне және қиыршықтасы бар малтастарымен, сирек саз құмды қатпарымен көрсетілген. Кейінгісі қыраралық арнаның табаны бар алқап кездеседі, олардың жаймалау жақтарында ауданның сипаттау аралығында таралмаған.

Шөгінді қалыңдығы улкен аралықта 0, 5-1, 0-тен 15 м таралған, бірақ биік жақтарында қаландығы аз келеді. Үлкен қалындық, солтүстік жақ ауданында делювиалды-пролювиалды зор шлейфті қыраралық аймағы белгіленген. Малтатастың фильтрация коэффициенті бйынша инжинерлі-геологиялық түсірмелері өткізілген, 0, 01-0, 1 м/тәулігін құрайды.

1. 2. 2 Интрузиялық тау жынысы

Кен орында кеш магмалық түзілімдері трахибазальтты дайкалар және диабаздар болып табылады. Олар сиғызғыш жыныстардың интрузиялық штоктарын қиып өтеді, жиынтығында олар меридионалды созылымды сызықтық аймақты құрайды.

Интрузияның әр массивінің құрылуы жыныс блоктарының жылжуымен, надинтрузялық куполымен және гидротермалды-метасоматит өзгеруімен байқалады.

Нұрқазған кен орынның территориясында интрузиялық түзілімдерді девон жанартаулығында құрылған, төлқұлын жанартау-плутоногендік кенсыйғызу құрылымының пайда болуымен де байланыстырылады. Олардың арасында ертедевон белгіленген - кварц диритті қарамендин комплексі және ортадевон комплексі - кіші интрузиялық кварцті монцдиориттармен және дайка субщелочты диориттарымен берілген.

Ертедевон кварц диоритті қарамендин комплексі (qδ 1 D 1 km) бірінші фазалы және гранодиориттармен (γδ 2 D 1 km), гранодиорит-порфирларымен (γδπ 2 D 1 km), кварц диоритті дайкалас (qδ 2 D 1 km) екінші фазалы Төлқұлын массивына кіруімен құралған, және кен орында ауданы бойынша солтустік-батыс жағында кішкентай массивын құрайды.

Нұрқазған кен орынның Шығыс мыспорфирлі бөлігінің карьер өндірісінде жартас жыныстарының мықты кристализациялық байланысы дамыған, солардың ішінде басты интрузияда кенқұрылу болып табылады. Жағдау жақтарында жанартау түзілімдері туфа андезибазальтті құрамды жыныстармен берілген. Бірінші фазалық ену кварц диориттармен берілген, ал екінші фазасы гранодиориттармен және гранодиорит-порфирлармен. Кварц диорит бойындағы гранодиорит контактысында брекчия дамыған. Олардың цементі интрузиялық жыныс желісінен (кварц, хлорит, карбонат) және кен минералдар материалынан тұрады. Басты кен минералы - халькопирит, ол цемент брекчия рольін орындайды.

Сондықтан Шығыс карьерінің жағдауы 4 басты жыныс типтарына бөледі:

- кварц диорит бойындағы метасоматиттар;

- интрузия брекчиясы бойындағы метасоматиттар;

- кенсыйғызғыш брекчия бойындығы метасоматиттар;

- құрамы андезибазальтты туфы.

Төменде осы 4 басты типтар бойынша жыныстардың физикалық қасиеттерін ортастатикалық анализімен көрсетеді. Жыныстардың физикалық қасиеттері және карьер жағдауы арасындағы айырмашығы аз. Кеминде интрузиялық брекчиялар көрсеткіші ажыратылады, олардың қысымы жоғары (2, 80 г/см 3 ), меншікті салмағы жоғары (2, 84 г/см 3 ) және сусіңіргіш қасиеті жоғарырақ (0, 33%) . Бірақ интрузия брекчияларының мықтылығы төменірек. Брекчияны біркелкі қысым түсіргенде мықтылығы 35, 61 МПа, ал туфтарда - 42, 16, ал барлық жыныстарда 56, 69-57, 89 МПа аралығында. Сондықтан олар бірдей сусіңіргіш қалыпта қатысты мәнде δ қм және кепкен сусіңіргіш қалыпты мәнде δ еріген . Және қалған жыныстарға қарағанда сусиғызғыш қалпының меншікті жабысу мәні (τ) төмен, ішкі үйкелу бұрышы 37 о барады. Әртүрлі бұрыш кесу сынақтарын өткізгенде жыныстардың қаттылығы және бұрыш кесудегі нормал қысымының үлкейуі көрінеді, бірақ сонда да интрузия брекчиялары төмен көрсеткішін көрсетеді .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магмалық тау жыныстары туралы
Тас құрылымдар
Геологиялық кезеңдер
Кристалдық тор құрылымы. Тау жыныстарының жіктелуі. Тау жыныстарының текстуралық ерекшеліктері. Тау жыныстарының құрылымдық ерекшеліктері
Айырылымды дислокациялар және олардың жер бетінде көрінісі беруі
Эндогендік процестер
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы
Аляска түбегі
Интрузиялық магматизм және магмалық денелер
Магматизмнің геологиялық әрекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz