Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси қатынастары


Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынас эволюциясы
1. 1 Қазақстан мен Қырғызстан қатынастарының қалыптасу эволюциясы
1. 2 Екі жақты қызығушылары мен мүдделері
1. 3 Екі жақты серіктестіктің келісім-құқықтық базасы
2 Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы карым қатынастардың басты бағыттары
2. 1 Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси қатынастары
2. 2 Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының экономикалық саладағы серіктестігі
2. 3 Қазақстан-қырғызстан қатынастарының мәдени-гуманитарлық аспектісі
3. Қазақстан мен Қырғызстан қатынастардың мәселері мен перспективалары
3. 1 Қазақстан және Қырғызстанның аймақтық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық
3. 2 Екі жақты қатынастың су-энергетикалық аспектісі
3. 3 Қазақстан мен Қырғызстан өзара қатынасының қауіпсіздік мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Біз ұлы бабаларымыздың дипломатиялық табыстарын лайықты мақтан тұтамыз. Олар күрделі тарихи кезеңдерде ел мүдделерін шебер қорғаған. Алайда, Қазақстанның жаңа тарихында тәуелсіздікке ие болумен бірге, еліміздің сыртқы саясаты тіпті күрделі жағдайларда қайта жасалған. Біздің қазіргі заманғы сыртқы саяси қызметтің тәжірибесі және шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріміз болған жоқ, білікті кадрлардың үлкен жетімсіздігі байқалды. Қазір дипломатиялық қызметтің майталмандарының, КСРО СІМ жүйесінде жұмыс істеген біздің кадрлық дипломаттардың, елдің тәжірибелі саясаткерлерінің белсенді қатысумен жаңа егеменді мемлекеттің сыртқы саясаты құрылуының күрделі мәселелерін жедел жағдайда шешуге мәжбүр болдық.
Сонау 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «саяси және экономикалық реформалар негізіндегі елдің тұрақты дамуы үшін жағымды сыртқы ортаны құрудан» тұратын сыртқы саясаттың негізгі мақсатын айқындады. Кейін әлемдік қоғамдастықтың кең тануына және қолдауына ие болған белгілі халықаралық бастамаларды қоса алғанда, дәл Елбасы Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының авторы болып табылады. Қол жеткізілген елеулі табыстар Қазақстан Президенті іске асырып жатқан сыртқы саяси бағыттың қисындылығы мен даналығының айқын дәлеліне айналды.
Шетелдерде ұлттық мүдделерді қорғау, бітімгерлік бастамаларды ілгерілету, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, халықаралық және екіжақты ынтымақтастықты нығайту, шетелдік әріптестерге Қазақстан жөніндегі объективті ақпаратты жеткізу Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтары болады.
Тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде Қазақстан халықаралық қатынастардың жауапты нысаны ретіндегі беделін бекітті. Мемлекетіміз өзекті әлемдік мәселелерді шешу және жаңа әлемдік тәртіпті құру ісіне белсенді қатысуда. Бүгін Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың, мемлекет дамуының қарқынды және өркендеген моделінің генераторы ретінде лайықты бағасын алып отыр.
Қазақстан іргелес елдермен әлемдегі ең ұзақ құрлық шекараларын халықаралық шарттармен бекітіп, көршілес және әлемнің жетекші елдерімен достық және өзара пайдалы ынтымақтастық қатынастарын құрды. Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 3 мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
Қазақстанның өңірдегі және әлемдегі өсе түсіп отырған беделі тұтастай алғанда бірқатар сыртқы саяси бастамалардың сәтті іске асырылуымен айшықталса, әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық әріптестіктің қалыптастырылуымен, халықаралық ұйымдардағы белсенді қызметімен қамтамасыз етілуде және Қазақстанның экономикалық қуатының қарқынды өсіміне, сыртқы әлеммен сауда-экономикалық, сондай-ақ инвестициялық байланыстарды үдемелі кеңейтуге негізделуде. Осы жылдар ішінде Елбасының жүздеген жұмыс және ресми сапарлары, сондай-ақ шетелдердің мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар мен сыртқы саясат ведомстволары басшыларының Қазақстанға сапарлары өткізілді.
Демократия-саяси жүйенің өзгеру түрі модернизациялануы, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының кеңеюімен, саяси және идеологиялық плюрализмнің пайда болуымен, халықтың саяси өмірге араласу түрлерінің көбеюімен, мемлекеттік биліктің орталықсыздануымен, билікті бөлу принципінің жүзеге асуымен және азаматтық қоғамды орнатумен сипатталатын саяси процесс болып табылады.
Жалпы демократияға өтудің негізгі фазаларын қарастыра отырып, Д. Растоудың пікірінше демократия генезисі үшін бірқатар факторларды ұсынуға болады:тұрақты шиеленістің болуы, ұлттық бірлік сезімі, сонымен бірге демократиялық іс-әрекеттерді саналы түрде сайлау және т. б. Сонымен бірге саясат та, қоғам да саяси өмірдің жаңа ережелерін игерулері қажет.
ХІХ ғасырдың өзінде-ақ Алексис де Токвиль, «демократиялық революциядағы» қайшылықтарды сараптай отырып, демократиялық жүйеге жылдам өтудің қауіптілігін көрсетті. Оның ойынша, саяси еркіндікке үйренбеген халық арасында теңдік орнату көпшілік тираниясына алып келеді. ХVIII ғасырдағы француз революциясынан және ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресейдегі Ресейдегі революциядан кейін елде тоталитарлы саяси режимнің орнауы осы қағиданың дұрыс екенін көрсетті.
Қазақстан мен Қырғызстан республикалары арасында қарым- қатынастарды қалыптастыруға, дамытуға және нығайтуға екі елдің географиялық тұрғыдан жақындығы, тарихи тұрғыдан терең тамырластығы, тілдің, мәдениеттің, салт-дәстүрдің ортақтығы сенімді негіз болады [1] .
Сондықтан Қырғызстан мемлекетімен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Көршілес Қырғыз елімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынастар орнату біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.
Ұсынылатын дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым қатынас.
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: аталмыш жұмыс мазмұны келесі қазақстандық авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, орындалды: Т. Тұрарұлы, Қ. Тоқаев, М. Т. Бостонкулова, А. Ш. Аземкулова, Е. Мұқаш және т. б.
Дипломлық жұмыс тақырыбын зерттеу әдістері: салыстыру, жүйелеу, баяндау, SWOT-талдау.
Дипломлық жұмыстың мақсаты- Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынас эволюциясын анықтау.
Бұл мақсатқа жетуде төмендегідей нақты міндеттер жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан мен Қырғызстан қатынастарының қалыптасу эволюциясына шолу жасау;
- екі елдің екі жақты қызығушылары мен мүдделерін айқындау;
- екі жақты серіктестіктің келісім-құқықтық базасын анықтау;
- Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы карым қатынастардың басты бағыттарын анықтау;
- Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси қатынастары мен экономикалық саладағы серіктестігін қарастыру;
- Қазақстан-қырғызстан қатынастарының мәдени-гуманитарлық аспектісі мен аймақтық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастығын талдау;
- Қазақстан мен Қырғызстан өзара қатынасының су-энергетикалық аспектісі мен қауіпсіздік мәселелерін айқындау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс 61 баспа бетінен, 6 кестеден, 46 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАС ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1. 1 Қазақстан мен Қырғызстан қатынастарының қалыптасу эволюциясы
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 15 қазанында орнатылды.
Екі жақты ынтымақтастықтың келісім-шарттық-құқықтық базасын 150 құжат құрайды, оның ішіне 1997 жылдың 8 сәуіріндегі Мәңгілік достық туралы Келісім-шарт және 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы одақтық қарым-қатынастар туралы Келісім-шарт кіреді.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екі жақты қарым-қатынастар стратегиялық, тең құқықтық негізде, тиімді дамып келеді. Мұның дәлелі ретінде қандай да бір саяси қайшылықтардың жоқтығы, көптеген өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша Тараптар ұстанымдарының ұқсастығы табылады.
Қазақстан мен Қырғызстан ортақы сыртқы саяси мақсаттарға ие және Орта Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің нығаюына мүдделі. Бішкек алғашқы күннен бастап, қазақстандық АӨСШК бастамасын қолдады, ал Алматы халықаралық аренада аймақта ҚР ядролық қарудан ада Аймақты құру туралы идеясын қолдады. Екі мемлекет те ҰҚК мен ШЫҰ аясында аймақтық қауіпсіздікті күшейту және Орта Азияны халықаралық лаңкестіктен қорғау мен антитеррористік коалицияны қолдау бойынша қызметтер атқарды. Қырғызстан үшін қиын кезеңге айналған 2005-07 жж. Қазақстан және оның Президенті Н. Назарбаев осы республикадағы саяси жағдайдың тұрақтануына және Бішкекке қаржылық-экономикалық көмек көрсетуден аянып қалған жоқ. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық негізінде тиімді дамып келеді. Көптеген халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша ұстанымдардың ұқсастығы, мәдениет, тіл және дәстүрлердің ортақ болуы, сауда-экономикалық байланыстардың барлығы - өзара тиімді ынтымақтастықты ары қарай тереңдетудің берік негізі болып табылады [2] .
Заманауи кезеңдегі әртүрлі деңгейлі қырғыз-қазақ ынтымақтастығы аймақтағы үлгілі мысал болып табылады. Орта Азиядағы су қарым-қатынастарының әртүрлілігі ішінде, Бішкек пен Астана қарым-қатынастарының үлгісін аймақтың басқа бассейндерінде пайдалануға арналған келешегі зор үлгі саналады. Айта кету керек, Шу-Талас ынтымақтастығының тәжірибесіне сүйене отырып, Қырғызстан пен Тәжікстан арасында Исфар мен Ходжабикирган өзендерінің жаңа жобасы жасалған болатын. Бұдан бөлек, саяси беделдің астары сезілетін, екі жақты су жобаларының кейбір наразылықтарына қарамастан, жобаны жүзеге асыру уақытында қалыптасқан тәжірибе маңызды фактор болып табылады.
Екі жақты ынтымақтастықты нығайтудан бөлек, біздің байланыстарымыздың маңыздылығы, менің ойымша, болашағы зор үш мемлекет одағына тиімділік беру қажеттілігімен анықталады. 1992 жылы біздің Елбасымыздың бастамасы бойынша, Орта Азия мемлекеттерінің одағын құру негізі бастау алды. Осы болашақ Одақтың ғажайып эмблемасы - туыстас мемлекеттердің қалыптасу және дамыту мақсаттарының тұтастығы мен біртұтас негіздерін бейнелейтін терең тамырлары мен қуатты бұтақтары бар құдіретті шынар бейнесі дүниеге келді. Қазақстан мен Қырғызстанның көшбасшылары үш елдің біртұтас экономикалық кеңістігін, мемлекетаралық кеңесті құру туралы құжаттарға қол қойды. Бірыңғай атқарушы орган, салалық министрлер мен ведомство басшыларының кеңестері құрылды. Орта Азиялық даму банкі қызмет ете бастады, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен әлемдік аренадағы келісілген әрекеттердің негізі салынды [3] .
Қазақстан Қырғызстанның сыртқы саясатындағы басты мемлекет болды және солай қала береді. Қырғыз-қазақ қарым-қатынастарының ерекше сипатының үлгілі кезі ретінде, 2010 жылда орын алған сәуір оқиғаларынан кейінгі Қазақстанның бауырлық көмегі табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚКҰ аясында өткен басқосуларда біздің барлық қайғыларымыз бен экономикалық мәселелерімізге бірнеше рет тоқталды. Оңтүстіктегі бұзылған үйлерді қалыпқа келтіру мақсатында, сіздердің республикаларыңыз сомасы 10 млн АҚШ долларын құрайтын қажетті құрылыс материалдарын ұсынды. Халықаралық донорлық конференция кезінде елдегі экономикалық жағдайдың толық талдауы жүргізілді. Бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтың басшылығымен министрлер тобы сол кезде бізбен жұмыс жасаған болатын. Президент Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша, екінші донорлық конференция өткізіліп, онда жиналған қаржы қазір қиын жағдайда отырған Қырғыз Республикасына жіберіледі деп күтілуде.
Ресей Федереациясы мен Қазақстан былтырғы жазда саяси мониторинг жасау және барлық бағыттарда көмек көрсету ісінде өз ісін бастауына себеп болған, арнайы елшілердің бастамасы туралы да айтып өткен жөн. Бұл жұмыс Қырғызстанның дағдарыс кезеңінде Қазақстанның ЕҚЫҰ өкілі ретінде белсенді түрде қатысуын толықтыра білді. Бұл жоғары ұстаным сіздің елдің біздің мемлекеттегі өзгермелі жағдайдың куәсі болуына жол ашып, сонымен қатар, былтырғы жылдың жазы мен күзінде орын алған күрделі саяси жағдайға басқа қатысушылардың ықпал етуіне, жедел көмек көрсетуге мүмкіндік берді.
Қазақстан мен Қырғыстан қарым-қатынасында қазіргі таңда айқын басымдық екі ел арасындағы экономикада, сауда мен еңбек көш-қонында болып табылады, ал екі елдің арасында пайда болатын келіспеушіліктерге қарамастан әріптестік пен достықты сақтап, келешекте өзара қарым-қатынастарының әрі қарай дамуына сенім білдіріп отыр.
Бүгінде Қырғызстан мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық келісім бар. Қазақстанның оңтүстік егін алқабы Нарын ГЭС-інің суымен қамтамасыз етілетін болса, Қазақстан кырғыз еліне электр энергия, көмір және мазут беріп отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның Ыстықкөл жағалауында өзінің пансионаты бар. Қырғызстанда көптеген азық-түліктер Қазақстанға қарағанда арзан. Соңғы жылдары 100-ден аса қазақ-қырғыз біріккен өнеркәсіптер құрылып, соның бірі Алматыдан Ыстықкөлге дейін ұзындығы 70 шақырымға жуық автожол салып жатыр. Казақстан Қырғызстандағы куаттылығы 360 МВТ Қарабалта су-электростанциясы құрылысын салуға қатысып жатыр. Қарабалта зауытында Қазақстанның уран рудасы қайта өңделеді және қырғыз жүгінің тасымалдануына мейлінше жеңілдіктер жасайды [4] .
1992 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. Екіжақты ынтымақтастықтың шартты-құқықтық негізін 160-ге жуық құжаттар құрайды және де олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шарт пен 2003 жылғы 26 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан-2030” жолдауында: "Ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ қазіргі таңда және келешек жетістіктеріміздегі күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз - интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы Ортаазиялық Одақты нығайту, қолдау, басқа мемлекеттердің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс” - деп атап көрсетті [2] . Қазіргі кезде екіжақты достық қарым-қатынастар одақтастық дәрежеде, стратегиялық әрі теңқұқықты әріптестер деңгейінде қарқынды даму үстінде.
Қазақ қырғыз халықтарының саяси байланыстарының тарихын зерттеуге екі ел арасында 1997 жылы 8 сәуірде жасалған Мәңгілік достық туралы шарттың және де 2003 жылы 26 желтоқсанда жасалған Одақтастық қатынастар туралы шарттың маңызын тереңірек түсінуге, қазіргі кездегі мемлекеттердің геосаяси мүдделері мен мәнін түсінуге көмектеседі. Осы құжаттарда тараптар өзара қарым қатынасты бір-бірінің тәуелсіздігін құрметтеу, тең құқықтық және бір-бірінің ісіне араласпау қағидалары негізінде дамытуға келіскен болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ортаазиялық халықтардың өзара байланыстарының, соның ішінде қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының бейбіт түрде жүргізілуінің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Онда: Орта Азия аймағының қауіпсіздік мәселесі мен осы аймақ елдерінің арасындағы қақтығыстарды алдын алу шараларын қазірдің өзінде жасауымыз қажет [5] .
1. 2 Екі жақты қызығушылары мен мүдделері
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қызығушылықтар мен мүдделердің ең алғашқы және басты саласы - орта-азиялық саяси және экономикалық интеграция. Белгілі болғандай, Қазақстан орта-азиялық мемлекеттер одағын құрудың ең белсенді құрушысы болып табылады, ал бұған сөзсіз Қырғызстан мемлекеті қолдау көрсетуде. Осы байланыста Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деген: «Бір Алла бізге қосылуды, бірігуді бұйыртты: 66 миллион халықты. Тілдік барьерлер жоқ, өзара бірі-бірі толықтыратын экономика, бір кеңістікте бой алып келеміз. Көліктік, энергетикалық байланыстар бар. Аталмыш аймақ өзін ішкі нарыққа шықпай-ақ өнеркәсіппен қамтамасыз ете алады, өзін толықтай энергиямен қамтамасыз етеді, бұдан артық не қажет? Біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Халық бұдан пайда көріп отыр. Неліктен біз осындай одақ құрай алмай отырмыз? Соны түсіне алмай-ақ қойдым».
Алайда Қазақстан мен Қырғызстан қаншалықты тырысқанымен, екі мемелкеттің арта-азиялық одағының құрылуы қиындыққа соғатыны сөзсіз. Оның бірден-бір себебі Өзбекстан мен Қазақстанның аймақтық бәсекелестігі болып табылады. Қаншалықты достықтың иісі аңқып тұрса да, әрбіреуі көшбасшы атануға және Ресейді Орталық Азиядан шеттетуге ұмтылады. Сонымен қоса, аймақтағы жағдайдың көбісі, сөзсіз Ресейге тәуелді болып келеді, оның қолында Орталық азиядағы жағдайға ықпал етудің қуатты экономикалық, саяси және әскери тұтқасы болды. Ресей дипломатиясы дифференциалды саясатты жүзеге асырып отырды және орта-азиялық мемлекеттермен өзара қатынастарын екі жақты орнатты, басқа елдермен қарым-қатынасты біртіндеп дамыта отырды [6] .
Сол уақытта Қазақстан мен Қырғызстан жалпы міндеттерді шешу үшін экономикалық ресурстарды біріктіруде үлкен қажеттілікті талап етті. Негізгі міндеттер болып экономикалық өсудің жоғары темпін ұстау және жаһанды нарықта әр ел өзіне табысты ұстанымды ұстау болды. Қазақстан, Қырғызстан және Ресей экомикасының либерализациялануы тарихта ең алғаш рет ЕврАзЭО, ШЫБ және т. б. бірлестіктердің аясында аймақтық дамудың мүмкіндіктерін қалыптастырады. Осыған орай, орта-азиялық мемлекеттердің толыққанды интеграциялануының қандай кедергілері мен қауіптері бар екенін анықтап көрелік.
- біріншісі - территориалдық даулар, оған ОА барлық елдері жұмылдырылған, әсіресе Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан. Мұнда жағдай айтарлықтай кикілжіңді және нақты емес.
- екіншісі - су-энергетикалық мәселелер, белгілі бір мәселелердің шешеімін таба алмауы интеграциялық процестердің тежегіші болып отыр. Егер де Қазақстан мен Түрікменстан мұнай мен газдың қайнар көздерін іздеу үстінде болса, онда Қырғызстан мен Тәжікстан сауда мен газ саласында Өзбекстаннан тіуелді болып тұр. Олардың арасында энергетикалық режимде суды пайдалану бойынша қиын жағдай туындады.
- үшіншісі - жаңа және «дәстүрлі емес» қауіптер: терроризм, экологиялық және табиғи мәселелер және т. б. Кез келген уақытта олар аймақтың әлеуметтік бірқалыптылығын қатерге тігуі мүмкін.
- төртіншісі - Қытай мен Ресей арасындағы аймақтық көшбасшылыққа талас пен бәсекелестік ОА елдерінің интеграциялық процестерін тежеуде.
Осы тұста Қырғызстан үшін аймақтың экономикалық және саяси кеңістігіне белсенді түрде интеграциялануынан басқа жол жоқ. Осы мақсатта Қазақстан мен Қырғызстан арасында жаға интеграциялық үлгіні жасап шығару қажеттілігі туындап отыр. Ең маңыздысы ЕврАзЭО, ШЫБ секілді экономикалық формаларда өз ұстанымын әрі қарай дамыту болып табылады.
Сонымен бірге ұлттық нарықтық-демократиялық қайта қалыпқа келу және кең ауқымды серіктестік тек Қазақстанмен ғана емес, сондай-ақ Ресеймен, АҚШ-мен және Қытаймен болуға тиісті. Осыған орай жалпы Қырғызстанға энергетикаға байланысты жағдайлар саяси кикілжіңге айналмасы үшін су-энергетикалық картаны барынша тиімді қолданған дұрыс, соынмен қатар Қазақстанның Кедендік Одаққа кіруін жан-жақты қолдау да артық болмайды [7] .
Демократия жолындағы қоғамның дамуы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас сипатының өзгерісіне алып келеді. Мемлекеттің дамуы қоғамның демократиялық қондырғысан және тиімді басқаруға келіп тіреледі. Сондықтан қазіргі таңда мемлекет пен қоғам демократияны бір-бірінсіз құра алмайды. Азаматтық қоғамның институты, саяси партиялар, пресса, қоғамдық бірлестіктер бұлардың барлығы демократиялық процестен шығып кетулері мүмкін емес. Заманауи демократиялық мемлекет өзінің саясатын азаматтық қоғамды тарта отырып қана өндіріп, жүзеге асыра алады. Сондықтан заманауи демокартиялық мемлекеттердегі мемлекеттік саясатты қоғамдық саясат немесе жария саясат деп атайды. Аталмыш ара-қатынас қоғам қызығушылықтарын тұтастай қамтиды.
Демократиялық мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі мемлекет пен адам қызығушылықтарының өзара үйлесу мәселесі. Аталған процестің жетекші субьектісі ретінде мемлекет саналады, тек қана ол аталмыш мақсатқа қол жеткізетін саясатты жүргізеді. Кез келген диспропорция немесе қоғамның дамуындағы қиындықтар саяси мәселеге айналады. Экономикалық мәселелер, мектеп реформасы, салықтар және т. б., мұның барлығы соның ішінде саяси мәселелер қатарына жатады және үкіметтің араласуын талап етеді және ерекше саяси шешімді қажет етеді.
Осы мақсаттарға жету үшін қазіргі таңда тек қана мемлекет қана емес, сонымен бірге әлеуметтік қызмет алаңына басқа да «ойыншылар» шықты - мемлекеттік емес субьектілер. Қазіргі заманауи жағдайларда олардың өзара іс-әрекеті аса маңызды болып табылады. Олардың өзарат әрекеттесуі барлық қоғамдық ағзаның қалыптасуына ықпалын тигізеді. Жария саясатқа мемлекеттік емес субьектілердің қатысуы оның көптеген салаларының дамуына ықпал етеді, атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім беру саласы, әлеуметтік қамтамасыз ету және т. б. [8] .
Батыстың дамыған мемлекеттерінде «үшінші секторының» арқасында мемлекет көптеген әлеуметтік мәселелермен күресуде. 1996 жылдан бастап АҚШ-да жалпы барлық көмектің 40 % - ы үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арқылы беріледі. Аталған мемлекеттерде жыл сайын қоғамдық қызығушылықтарды жүзеге асыруға бағытталған коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйымдардың саны өсуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz