Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Реферат

Тақырыбы: «Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу»

Орындаған: Турсумбаева А. Т.

Қаржы-132, ДОТ, 3ж/о

Алматы 2012ж.

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы

2. 2. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы

2. 3. Бухгалтерлік есеп шоттарын классификациялау және бас шоттар жоспары

2. 4. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы

Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.

Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.

Шот - бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.

Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады.

Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.

Шоттың сол жақ бөлігі - дебет, ал оң жақ бөлігі кредит деп аталады.

Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.

Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттың растау қажет. Оған қағаздың алғашқы құжаттар, машина­лық тасығыштар, дискеттер және т. с. с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.

Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.

Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша» шоты, «Шикізат пен материалдар» шоты, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты және т. б.

Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік бо­лады.

Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т. б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.

Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.

№ 2-кесте

Активтік шот

Дебит
Кредит
Дебит: Операция басындағы қалдық (сальдо)
Кредит:
Дебит: Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары
Кредит: Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары
Дебит: Шаруашылық операцияларының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды
Кредит: Шаруашылық операцияларының сомасы дебит бойынша айналымды құрайды
Дебит: Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + дебит бойынша айналым - кредит бойынша айналым)
Кредит:

Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетіні: шоттың дебит жағы бойынша - операция басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша - қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.

Пассивтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.

Пассивтік шот

Дебит
Кредит
Дебит:
Кредит: Операция басындағы қалдық (сальдо)
Дебит: Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шаруашылық операциялары
Кредит: Шаруашылық қорларының көздерін арттыратын шаруашылық операциялары
Дебит: Шаруашылық операцияларының сомасы дебит бойынша айналымды құрайды
Кредит: Шаруашылық операциясының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды
Дебит:
Кредит: Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + кредит бойынша айналым - дебит бойынша айналым)

Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:

- шоттың кредиттік жағы бойынша операцияның басын­дағы және соңындағы қалдықтар, сондай-ақ қалдықтарды арт­тыратын шаруашылық операциялары;

- шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық операциялары ғана көрініс табады.

Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы саңдарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау мүмкін емес және олай жасау тиімді болып табылмайды. Осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік шот қолданылады.

Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашьшық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.

Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.

Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер» деп аталатын шот және т. б. шоттар қолданылады.

Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әрпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активтік» және «пассивтік» болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар ұйымның колда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған. Әдетте шоттың сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит» болып аталады. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Д-т (дебит), К-т (кредит) түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.

Дебит ШОТТЫҢ АТЫ Кредит
ДебитШОТТЫҢ АТЫКредит:

Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады. Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру үшін «қалдық» сөзі қолданылады. Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық - «бастапқы қалдық», ал шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің соңыңдағы қалдық - «соңғы қалдық» деп аталады. Осы есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы «дебиттік айналым», ал кредит жағындағы сандардың қосындысы «кредиттік айналым» деп аталады. Осы жоғарыда аталған әрбір шоттағы «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасы сол шоттың қалдық сомасы болып табылады. Ескеретін жағдай - шоттағы соңғы қалдық сомасын есептегенде ол шоттың бастапқы қалдығын естен шығармау керек. Яғни кез келген шоттың соңғы қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады. Егер шоттың бастапқы қалдығы дебиттік болса, соңғы қалдықты табу үшін бастапқы қалдық сомасына дебиттік айналым сомасы қосылып, одан кредиттік айналым сомасы шегеріледі. Ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болған жағдайда, соңғы қалдық сомасын есептеу үшін бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, одан дебиттік айналымды шегеру қажет. Бұл айтқандарымыз түсініктірек болуы үшін төмендегідей екі шотты қарастырайық:

Дебит КАССА ШОТЫ Кредит
ДебитКАССА ШОТЫКредит:

Бастапқы қалдық 5000

  1. 2
  2. 45000

айналым 65000

соңғы қалдық (5000+65000-6)

1

  1. 5
  2. 1

айналым 6

Жоғарыдағы касса деп аталатын шоттың соңғы қалдығын есептеу үшін сол шоттың бастапқы қалдығы (дебиттік) 5000 (бес мың) теңгеге дебиттік айналым 65000 (алпыс бес мың) теңге қосылып, кредиттік айналым 6 (алпыс мың) теңге азайтылды. Соның нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (дебиттік) 1 (он мың) теңге болды (5000+65000-6=1) .

Дебит Жұмысшылармен еңбекақы Кредит

бойынша есеп айырысу шоты

Дебит Жұмысшылармен еңбекақы Кредитбойынша есеп айырысу шоты:
  1. 18
  2. 3

айналым 48

Бастапқы қалдық 2

  1. 25
  2. 5

айналым 3

соңғы қалдық (2+3-48)

2

Ал екінші көрсетілген жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу шотының соңғы қалдығын табу үшін бастапқы қалдығы (кредиттік) 2 (екі жүз мың) теңгеге кредиттік айналым 3 (үш жүз мың) теңге қосылып, дебиттік айналым 48 (төрт жүз сексен мың) теңге азайтылды (шегерілді) . Осының нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (кредиттік) 2 (жиырма мың) теңгеге тең болатындығы есептеліп шығарылды. (2+ 3-48=2) .

Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, негізінде шоттардың бастапқы қалдығы дебиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да дебиттік, ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да кредиттік болуы тиіс.

Кейбір жағдайларда шоттың бастапқы немесе соңғы қалдық сомалары нөлге тең болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, яғни шоттың соңғы қалдығы нөлге тең болғанда бұл шотты жабылған шот деп атайды. Қазақстан Республикасының типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің «кірістер» және «шығындар» деп аталатын бөлім шоттары есепті кезеңнің соңында міндетті түрде жабылады. Бұл шоттарды транзиттік шоттар деп атайды. Осыған сәйкес жоғарыдағы аталған «кірістер» және «шығындар» деп аталатын екі бөлімнің шоттарында жинақталған сома «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотына апарылады. Яғни «кірістер» деп аталатын бөлім шот дебиттелініп «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шоты кредиттелінеді және «шығындар» деп аталатын бөлім шот кредиттелініп «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шоты дебиттелінеді. Осыдан кейін «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотының соңғы қалдығы есептелінеді. Егер бұл шоттың соңғы қалдығы дебиттік болса, кәсіпорын бұл есепті кезеңді зиянмен аяқтағаны, ал соңғы қалдық кредиттік болған жағдайда ұйым есепті кезеңді пайдамен аяқтағаны болып табылады. Ал бұл «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотының соңғы қалдығының нөлге тең болуы кәсіпорынның осы есепті кезеңдегі табыстары мен сол табысты табуға кеткен шығындары сомасының тең болғандығын көрсетеді.

2. 2. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы

Әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет (екіжақты жазу әдісімен) : бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Екіжақты жазу - бұл шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі.

Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шот­тар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар деп аталынады.

Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық, операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана катысады.

Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы-шаруашы­лық қызметте бір шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттардың кредиті бойынша көрсетілетін, сондай-ақ бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен корреспон­денцияланатын жазу қарапайым деп аталынады.

Мысалы, жеткізушіден 3 теңге сомасындағы материалдар келіп түсті. Материалдардың келіп түсуі нәтижесінде активтік «Шикізат пен материал дар» шотындағы сомалар артады, сондықтан «Шикізат пен материалдар» шоты дебеттеледі, сонымен бірге жеткізушілерге берешек өсті, сондықтан «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша бұл сома кредитте көрсетіледі. Жалпы жазу мынадай түрге ие болады: «Шикізат пен материалдар» шотының дебеті, «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті - 30 000 теңге.

Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен , бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебетімен бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталынады.

Мысалы, 50 000 теңге жалақы есептелген, соның ішінде, негізгі өндірістің жұмысшыларына - 30 000 теңге, көмекші өндірістің жұмысшыларына - 2 теңге.

Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі:

Д-т «Негізгі өндіріс» шоты - 30 000 теңге.

«Көмекші өндіріс» шоты - 20 000 теңге.

К-т «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты - 50 000 теңге.

Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен ресімделуі хронологиялық деп аталынады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.

Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады. Шаруашы­лық операциясының бұл жазулары шоттарда (шоттар схемасында) жүргізіледі. Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес (№1 жур­нал-ордер, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты бойынша № 1 ведомость, № 2 журнал-ордер, «Есеп айырысу шотындағы қолма-кол ақшалар» шоты бойынша № 2 ведомость) .

Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық опе­рациясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады. Іс жүзінде, егер кәсіпорынға материалдар келіп түссе, онда бір жағынан, материалдар көбейеді, ал екінші жағынан, оны сатып алатын қаражаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндетті түрде көрсетіледі: қолма-қол ақшаға сатып алынған ба, әлде оларды сатып алуға несие пайдаланылды ма немесе жеткізушілерге берешек қалыптасты ма?

Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні - ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.

Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі) ; осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві) . Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.

Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстың топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.

Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талда­малы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шоттар деп аталады. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады.

Жинактамалы есептің ерекшелігі - ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы-шаруашы­лық қызметіне басшылық ету үшін, бәсекелес кәсіпорындармен есеп айырысуды ұйымдастыру, нарықтық экономикада оның алатын орнын бағалау үшін материалдарды жеткізушілердің әрқайсысы бойынша, әрбір сатып алушы бойынша және т. с. с. бойынша егжей-тегжейлі деректер болу керек. Яғни кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің барлыңқ жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама беретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Сондықтан жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады.

Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады, ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетін есеп талдамалы есеп деп аталынады.

Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштермен ғана емес, сондай-ақ натуралды өлшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады. Оларда операцияның қысқаша мазмұны, құжаттың нөмірі және жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.

Субшоттар тиісті жинақтамалы шоттың шегінде талдамалы шоттарды аралық топтастыру болып табылады. Жинақтамалы шоттар I реттегі шоттар, субшоттар - II реттегі шоттар, талда­малы шоттар - III, IV және т. б. реттегі шоттар болып табыла­ды. Мұның өзі тиісті басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу және қабылдаумен байланысты, алға қойған мақсаттарға немесе кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, ол өндіретін және сататын өнімдердің бәсекеге қабілеттігін анықтауға тәуелді.

Бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары өзара байланысты, өйткені жинақтамалы шоттарда көрсетілген сол мүліктердің түрлері мен олардың қалыптасу көздері, шаруашылық операциялары талдамалы шоттарда көрініс табады, бірақ экономикалық топтарға бөлінген түрде көрсетіледі. Бұл түптеп келгенде талдамалы шоттың деректері тиісті жинақтамалы шоттың жиынтық деректеріне тең болуға тиіс. Мысалы, «Шикізат пен материалдар» жинақтамалы шоты «Негізгі материалдар», «Көмекші материалдар» және т. с. с. талдамалы шоттарға жіктелінуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есепте шоттарды жіктеу
Екі жақты жазу есебі
Бухгалтерлік есептің шоттары
Аналитикалық шот
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Шоттар және екі жакты жазу әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz