Зияты зақымдалған балалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Е .А .Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Шет тілдер факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Зияты зақымдалған балалар

Орындаған :Рысқұлбек Тумар
Тұрсынбай Назерке
Қабылдаған : Алшинбаева С.Ж.

Қарағанды 2022 жыл
Жоспар
Кіріспе
Мазмұны
1.1. Зияты зақымдалған тұлғалардың ерекшелігі
1.2.Зияты зақымдалған балаларға арнайы білім беру.
1.3. Зияты зақымдалған балалаларды топтастыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың құрамын бас миының органикалық зақымдануынан жоғары психикалық функциялардың (қабылдау, ерікті зейін, сөздік-логикалық ойлау, сөйлеу) тұрақты түрдегі бұзылуына ұшыраған балалар құрайды. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға тән қасиеттер эмоцияның бұзылуымен түсіндірілетін шектен тыс қозғыштық, қызығушылықтың, әлеуметтік әрекеттердің қиындықпен дамуы болып табылады.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың кӛпшілігінде физикалық дамудағы кемшіліктер дисплазия, бас сүйегінің деформациясы, аяқ-қолдардың пішініндегі ӛзгерістер, жалпы ұсақ қол моторикасы мен артикуляциялық моториканың бұзылуы түрінде байқалады. Ақыл-ой дамуындағы кемшілік түсінігі психологиялық-педагогикалық тұрғыда бұзылу симптомдары арқылы олигофрения мен деменцияға бөлінеді.
Олигофрения (грек тілінен аударғанда оlygos -- азаю, кішірею, рhren -- ақыл) -- тұқымқуалаушылық жолмен таралатын патологиялық жағдайлар, хромосомдық аберрация әсерінен орталық нерв жүйесінің ұрықтық даму кезеңінде, постнатальды дамудың ерте кезеңінде (2 жастан -- 2,5 жасқа дейін) зақымдануынан болатын психикалық жетіспеушіліктің күрделі формасы. Олигофрения кезіндегі органикалық жетіспеушілік психиканың жалпы даму заңдылықтарына байланысты түзету әрекеттеріне бейімділік кӛрсеткенімен, ОНЖ-нің тұрақты түрдегі бұзылу салдарынан тежелуге тән белгілерді береді.
Деменция (латын тілінен аударғанда dementia -- аз милылық) -- танымдық әрекеттердің тұрақты түрдегі әлсіреуі. Деменцияның негізгі себептері нейроинфекцияның, соққылардың әсерінен резидуальды-органикалық бұзылулармен түсіндіріледі. Деменция кезінде гидроцефалия, ОНЖ-нің аурулары, шизофрения, эпилепсияның әсерінен интеллекті төмендейді. Халықаралық аурулар жіктелісі бойынша (ХАЖ-9) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуін үш деңгей бойынша қарастырады.
Дебиль -- ақыл-ой дамуының жеңіл түрдегі бұзылуы, имбециль -- ақыл-ой дамуының орташа түрдегі бұзылуы, идиотия -- ақыл-ой дамуының күрделі түрдегі бұзылуы. Қазіргі уақытта (ХАЖ-10) бойынша ақыл-ой дамуының жеңіл түрі, орташа түрі, күрделі түрі және ӛте күрделі түрі деп қарастырылады.

1.1.Зияты зақымдалған тұлғалардың ерекшеліктері
​Зиятының зақымдалу жағдайы - ол жеке тұлғаның әлеуметтік қызметтерінің мүмкіндіктерін толық қиындататын психиканың туа немесе ерте даму кезеңінде жетілмеуін шартталған ауытқушылық болып табылады.
​Зият бұзылысы (ақыл естің кемдігі) отандық мамандар тарапынан бас миының ағзалық бұзылысының кері әсерінен пайда болатын (тұқым қуалаушылықтан немесе жүре пайда болған кесел) танымдық қызметтің тұрақты бұзылысы ретінде ұсынылған. Ой өрісі - (лат.таным) кең мағынада жеке тұлғаның барлық танымдық қызметтерінің жиынтығы болып табылады.
​Ақыл-ой кемістігі бар балаларды және жас жеткіншектердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін шет мемлекеттерінде терең ХІХ ғасырда зерттеле бастады. Ғылымның түрлі салалары дамуында ауытқуы бар балалардың тірішілік әрекетіндегі әртүрлі өзекті мәселерін зерттеген және әлі дезерттеп келе жатыр: дәрігерлер, психологтар, генетиктер, әлеуметтанаушылар, психотерапевттер, заңгерлер, тіпті соңғы уақыттарда-экологтар және диетологтар.
​Л.С.Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен.
В.М.Астаповтың пікірінше, зиятының зақымдалуы - ол орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуының нәтижесінде болатын толық психиканың сапалық өзгеруін айтамыз. Мұнда тек ақыл-ой ғана емес, сонымен бірге эмоциялық даму аймағы зардап шегетін дамудың түрі.
Ақыл-ойы кем балаларды оқыту бірнеше ғасырлардан өтеді. Ақыл-ой кемістігі психиатрлық түсініктердің ең көне ұғымына жатады. Ж.Эскироль ақыл-ой кемістіктің туа біткен және жүре пайда болған түрінің арасындағы айырмашылығын сипаттап берген.
Ж.Эскироль - шәкірттерінің еңбектері ақыл-ойы кем балаларды тәрбиелеу мен емдеу ғылымының дамуына ерекше ықпал жасады. Э.Сеген нақұрыстық пен имбецильдікке анықтама және клиникалық сипаттама беріп, сонымен қатар көп жылдар бойы құрастырған өзінің емдік және педагогикалық коррекциялық жүйесін ұсынған. Сеген ақыл-ойы кем балаларды емдеу мен тәрбиелеу маңызды және қажет екенін жазды: Идиотияның емделмейтіні жөнінде пікірлер көп болды, тіпті ешбір адам бұл аурудың табиғи тұрғысынан қарауға тырыспайды. 1952ж. А.Тредгольд (А.Tredgold) ақыл-ой кемістікті психиканың қалыпты дамудың деңгейіне жете алмау күйі ретінде анықтап, оны диагностикалау үшін критерийлерді ұсынды:интеллектуалді (оқытуы бойынша), биологиялық және әлеуметтік. 1959ж. М.С.Певзнер олигофренияның түп негізін - баланың жатыр ішіндегі дамуы және ерте жастан даму кезеңдерінде немесе орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдану салдарынан психикалық қызметтің күрделі формасының дамымау түрі ретінде түсінді. Бірақ берілген анықтамаларда кейбір дәлелсіздіктері бар, дей тұрғанымен, олигофрения - бұл орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы.

1.2.Зияты зақымдалған балаларға арнайы білім беру.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу VIII түрдегі (түзету) мектептерде жүргізіледі. VIII түрдегі (түзету) мектептерінде бала дамуындағы кемшіліктерді түзету, оларды еңбекке баулу, әлеуметтік-психологиялық оңалту жұмыстары жүргізіледі. Сыныптағы оқушылар саны -- 12. Оқытудың ұзақтығы 10-11 жылды құрайды. Мектепте оқытудың кезеңдері бірнеше кезеңдерден тұрады:
пропедевтикалық-диагностикалық кезең 0 (дайындық сыныбы) ;
бастауыш оқыту кезеңі -1-4 сыныптар;
жалпы білім беру кезеңі- 5-8 (9) сыныптар;
әлеуметтік - еңбекке дайындықтың аяқталу кезеңі.
Мектеп оқу жылының ұзақтығын аймақтық, экономикалық, материалдық жағдайларға байланысты өзгерте алады. Көрсетілген уақыттырдың ұзақтығы дайындық сыныптарына байланысты өзгеріп отырады.Оқу пәндерінің барлығы жалпы білім берушілік және коррекциялық-дамытушылық блоктарға бөлінеді.Базистік оқу жоспарына ана тілі, жазу, математика, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеуінің жағдайы
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың адекватты өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Зияты зақымдалған балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім үрдісіне қосу
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Зейіннің түрлері мен қасиеттері
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ НЕГІЗДЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Пәндер