Әлем альманах


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті «Экономика және жоғары бизнес мектебі»

Кафедрасы «Экономика»

СӨЖ

Тақырыбы: Шәкәрімнің үш анықілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндіріңіз

Орындаған: Жубаева Дария

Тексерген: Сулейменов П. М.

Алматы, 2022ж

Жоспар:

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының «үш анық» шығармасы
  2. Шығарманы жазудағы ізденіс
  3. Автордың бұл шығарманы жазу барысында екі жол бар екенін анықтауы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы адам және жаратылыс сыры жайындағы философиялық трактатын «үш анық» деп атаған. Ақынның Сәбит Мұқановқа жазған хатының мазмұнында « . . . қырықтан соңғы ойым философия жағына салынып» деген сөздерді кездестіреміз. Философия дегені осы «Үш анық» жайлы. Шәкәрім «Үш анықты» жазуға отыз жылдай ізденіс жасаған. Сонымен, бірінші анық - сезім мүшелері қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі. Бірақ болмыстың бұл көрінісі ақиқат емес, яғни толық болмысты білдірмейді. Толық болмысты, яғни ақиқатты ақыл көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз, жоғарыда айтылғандай, адамның логикасы, немесе ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Сондықтан осы бір сөзбен адамның адами қасиеті белгіленіп отыр. Екінші анық - өлімнен соңғы тіршілік, яғни болмыстың көзге көрінбейтін бөлігі. Болмыстың бұл бөлігі эзотерикалық, көзге көрінбейтін әлемге жатады. Ал үшінші анық - екі өмірге де, яғни көзге көрінетін заттық әлем мен көрінбейтін әлемге де керек - ұждан. Ұждан, немесе ұят жан қасиеті. Ал бұл қасиет адамның рухымен байланысты. Ұят - Ғазиз Жанның шыбын жанмен байланысы. Бұл байланыс неғұрлым тығыз болса - солғұрлым ұят жоғары. Жан сипаты болып табылатын рух тәнмен осы адами қасиет арқылы байланысады. Ендеше адамды адам ететін адами қасиет дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезімнің рухтанған, яғни рухпен нұрланған қалпы. Жануарларда бұндай қасиет жоқ. Себебі, олардың рухы өте әлсіз, әлі дамымаған. Адамның жануарлардан негізгі айырмашылығы осында болса керек. Шығарманың мақсаты - осы үш анықтың анықтығын дәлелдеу. Автор әрі қарай шығармасын «СӨЗ БАСЫ» деп былай жалғастырады:

Кетті, келді,

Толды, семді,

Өзгеленді бұл ғалам.

Туды, өлді,

Жанды, сөнді,

Өршіп өнді қайтадан.

Дөңгеленткен, Өңгеленткен,

Түк білімсіз күш пе екен?

Тіпті мінсіз, Кемшіліксіз,

Есті қылған іс пе екен?

Жан деген не,

Мүлде өле ме,

Шын жоғалып сөне ме?

Дене жөн деп,

Жоғары өрлеп,

Жаның мен деп келе ме?

Ойшыл осылай әуелі болмыстың тіршілігі жөнінде негізгі сұрақтар қояды. Бұл сұрақтар алдағы қарастырылатын мәселенің жоспарын анықтайды. Осылай ғасырдан ғасырға адамзатты толғандырып келе жатқан, өзінің шешімін табуды керек қылатын негізгі мәселелер анықталады. Осының өзінен бұл шығарманың өте кең діни-философиялық ауқымын және үлкен маңызын көруге болады. Шәкәрім бұл сауалдардың айналасында екі жолдың қалыптасып отырғанын айтып, ақылы сау адамның басты мұраты анығын тану деген. Шәкәрімнің ізденісі бос кетпеген. Ойшыл нені тапты? Ол үшін «Үш анықты» зерделеу қажет. Жоғарыдағы сұрақтардың шешуін іздеуде қалыптасқан екі жолдың бірі - дүние өз бетімен жаратылып жатыр, оны Жаратушы Ие жоқ деген затшылдық ғылым жолы болса, екіншісі - пайғамбарлар үйреткен дін жолы.


«Үш анықта», «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын, бір түрлі өмір бар. Сондықтан, жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу - ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек»- дейді бұл жайлы. Шәкәрімнің пікірінше, мұны тексеруде адамға «сау ақыл» қажет. Сау ақыл үшін адамның атағына, беделіне немесе әртүрлі ілімдердің, діндердің ықпалына түсіп кету жат. Шәкәрімнің «Атағы шыққан жақсыға, ақылды байлап қыл ма құл» дегені осы.
Сау ақыл жайында: « . . . Қатты керек бір шарты - өзінің тұтқан діні, оқыған ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден шын босатып сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. Әйтпесе, адам әдет, құмар нанымнан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады» - дейді. Осылай Шәкәрім адам өміріндегі негізгі мәселе - жалған өмір мен анық емес әлемнің байланысы туралы сөз қозғайды. Жалпы осы мәселені зерттей отырып, үш анық шығармасын жазған. Менің түсгенім бойынша жалпы адамдардың көзқарасы әртүрлі болғандықтан, адамзат баласы көпшілікпен келісуі екі талай, себебі оның өз ойы, пікірі, оқыған мелеметтеріне сүйене отырып белгілі бір дәрежеде өмірге деген көзқарасы пайда болады. Кейбір адамдар қазір сүріп жатқан өмірдегі құндылықтарды аса жоғары дәрежеде көру емес екендігін, өлімнен кейінгі шексіз әлемде жақсы болудың қамын ойлану керек деп санаса. Ал басқалары өмір тек бір - ақ рет беріледі және осы өмірді толықтай сезіну қажет, өлімнен кейін ещқандай тіршік жоқ деп санайды. Осылай сана сезім деңгейңінде сенімнің екі түрі бар. Бірі затқа сенсе, екіншісі рухани сезім.

Шәкәрім көрнеу әлем ғана емес, көрінбейтін әлемнің де көп сыр-сипатын береді. Бұл үшін көптеген мысалдар келтіріп, оның ақиқат екенін дәлелдеп, көз жеткізуге ұмтылады. Бірақ бұл мысал ретінде келтірілген әңгімелердің ішкі сыры ашылмаған. Біздің мақсатымыз олардың заттық ғылым қауқарынан таса жатқан, ішкі сырларын ашып, эзотерикалық мәнін көрсету. Сонымен бірге екі әлемнің тығыз байланысын, бұл байланыстың орындалуын талқылау. Екі әлемнің тығыз байланысын түсінгенде адамға өмірдің түпкі мақсатына жету үшін жол ашылады. Сондықтан бұл шығарманы дұрыс түсінудің маңызы кімге болса да өте үлкен деп білеміз. Ойшыл бұл шығармасында көрнеу және көмескі әлемдердің құпияларына үңіліп, олардың терең сырлы мағыналарын ашады. Ол өзінің толғамын әуелі жалған әлемнен бастап, оның сипатын береді. Адам өмір бойы тірішілік жасап өзіне бақ іздеумен өтеді. Әр адам өмірде бақытты боғысы келіп, армандап, алдына түрлі мақсаттар қояды және белгілі бір нәтижеге жеткісі келеді. Бүкіл әлем бойынша адамар нәсіліне, немесе ұлттық айырмашылығына, не болмаса оның ой-өрісіне, діни, саяси көзқарастарына, әлеуметтік жағдайы тәрізді басқа айырмашылықтарға қарамастан бақытқа ұмтылу барлық адамдардың ең маңызды және үлкен мақсаты. Себебі, бақытты болу жан қасиеті. Сол қасиетін іздеп жан адамға тыныштық бермейді. Бақ іздеудің жолы өте көп. Әлемде қанша адам болса, сонша бақ бар деп есептеуге болады. Әр адам өздігінен бақытты басқаша сезінеді. Мысалға бақыт ол отбасы, байлық, өнер, ғылым, тыныштық, осылай адам өз бақыттын іздейді. Бірақ, адам өзінің іздеген бақытын қанша іздесе де, өзі армандағандай дәрежеде таба алмайды. Бақытқа жетемін деп ол өзінің алдына тағы түрлі мақсаттар қояды. Ол өзінің бұл мақсатына жетсе де, тағы да күткен арманындай болмайды. Осылай ол алдына тағы басқа мақсат қойып, нағыз бақытқа жете алмай өмірін өткізеді. Бұл ақиқатты адам көбінесе тек қана өлім алдында ғана түсінеді. Көпшілік адамның өмірі негізгі мақсатқа жете алмай, осылай өкінішпен өтеді. Қу өмірде адам өте қанағатсыз болады. Армандаған мақсатына жетсе де жеткіліксіз болып көрінеді. Бір артықшылықты аңсап тұрады. Осылай ойшыл тіршілік туралы екі көзқарасты келтіреді. Болмыс көрнеу заттық әлемнен және көрінбейтін рухани әлемнен құралады. Бұл екеуінің де бар екені анық. Оған сену сенбеу адамның өз құқығы. Осыдан адамда екі көзқарас туады. Жоғарыда айтып кеткендей Мәселенің түпкі себебі адамның тән құмары, не болмаса жан құмарына берілуінде болып отыр. Жан құмары үшін өмір сүретіндер жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке ұқсамайтын бір түрлі өмір бар деп сенеді. Тән құмары үшін өмір сүретіндер жанды мойындағысы келмейді, әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, бұл өмірден кейін өмір жоқ деп сенеді. Осылай сана-сезім деңгейіне байланысты сенімнің екі түрі бар. Шәкәрім осы имандылық пен имансыздық жолдарының шыққан себебі туралы былай деп ой жүгіртеді: бұл екі жолдың қайдан шыққанын зерттесе мұны кім жаратқан деген адамдардың ойынан шыққан. Сондықтан жаратушыны әр кім әртүрлі іздеген. Ескі замандағылар жаратушы осы деп немесе осында жаратушының қасиеті бар деп күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Ойлы адам өмір туралы ойлануы керек. Оның ой-өрісі неғұрлым кең болса, ол солғұрлым өмірдің терең сырына үңіледі. Қоғамда түрлі ой-өріс, таным-сенімдерді көп. Болмысты түсінуде монотеистік, политеистік, имперсоналдық, персоналдық тәрізді парадигмалар мен түрлі тұжырымдар толып жатыр. Сонымен бірге, діннің құлдырауы салдарынан табиғат күштеріне табынатын көп құдайшылық, хайуанаттарға табынатын төтемизм, ерекше қасиеті бар бақсы-балгер, Құдайды ұмытып тек қана аруақтарға табыну, сурет, не болмаса мүсін жасап пұтқа табыну тәрізді негізгі Жаратушыны ұмытып, Оның көріністеріне, не болмаса түрлі қуаттарына табынулар бар. Жаратушыны іздеу жолында осылай көп әдет-ғұрып, рәсімдер мен ой ағымдары туады.

Сонымен дүниенің түп негізінде жатқан күш жаратушы дейтін болсақ, жаратушыға тән басты сипат - тіршіліктің, дүниенің себебі болуы. Шәкәрім дүние мақсатпен жаралған, оған қолғабыс етіп тұрған түпкі бастаушы күш бар деген ойға тоқтаған. «Мақсатсыз біткен тән барма» дегендегі ой да осыған келеді. Ойшылдың көрсеткісі келген бұлтартпас анықтардың бірі осы. Бұл жайлы «Үш анықта», « . . . Барлықтың түп себебі жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз, бар себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады. Егер сол себепсіз бар болған атом, нұр сияқтылар делінсе, олар себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім - оларда қозғалыс бар, қозғалуда, жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған, егер қозғалыс өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек. Ол заңды салушы керек . . . Сондықтан олардың түп себебі себепсіз бар себеп, түп жаратушы»- деп жазады. Ғаламның негізінде жаратушының жатқаны анық деп таныған Шәкәрім, Еуропадағы бұған кереғар ілімдер дәлел­дерінің жеткіліксіздігін сынға алған. Солардың бірі Дарвиннің эволюциялық теориясы. Адамның тегін маймылдан дейтін Дарвиннің ілімін Шәкәрім қабыл алмаған. Шәкәрім осылайша кейбір Еуропа ғалымдарының ашқан жаңалықтарына сын айтып, олармен пікір жарыстырған.
Шәкәрім заттардың үш күйі - қатты денелер, сұйық және газдар туралы жаратылыстанымдық пікірлермен жақсы таныс болған. «Үш анықта» жану мен шіру туралы айтып, дүниедегі бар заттар ешқайда жоғалмайтынын, тек түрін өзгертіп, бір күйден екінші күйге өтетінін айтқан. Барлық заттар осы қайта айналыс жолымен түр ауыстырып, бір күйден екінші күйге өтеді. Яғни, ойшылдың тілімен айтсақ «барлықтың ішінде бар болып» жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани - мәдени өмірге қатысты жобалар мен бағдарламалар Халықаралық интеграция
Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Қазіргі кезеңдегі аутизмі бар балалардың мінез - құлқындағы мәселеге теориялық көзқарастар
Германияның баспа саласы
Баспасөз Конференциясы
GPS құрылғыларының жұмысы
Әлемдік спорттық туризм ареналары
Жүсіп Баласағұнның және хіх-хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығындағы замана бейнесі
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШАДЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz