Жоба технологиясының теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Негізгі бөлім
1. Жоба технологиясының теориялық негіздері

1.1. Шетел тілін оқытуда жобалау технологиясының шығу
тарихына қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Жоба технологиясының психологиялық-педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Жоба технологиясының әдістемелік негіздері ... ... ... 18
1.4. Жоба әдісінің сипаттамасы: ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Жобалық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы, артықшылығы;
Жобалық сабақтарды ұйымдастыру кезеңдері.

2. Шетел тілі сабағында жоба әдісін қолдану

2.1. Неміс тілі сабағында жоба технологиясын қолдануға
арналған әдістемелік нұсқаулар ... ... ... ... ... ... .. ..39
2.2. Неміс тілі сабағында жоба әдісін пайдаланудың озат
тәжірибесімен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...44
2.3. Педагогикалық практикадан мысалдар келтіру ... ... .52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...64

Кіріспе

Соңғы кездерде шетел тілі сабақтарын жүргізуде жаңа технологияларды пайдалану туралы жиі айтылып жүр. Әсіресе бұл мәселе жөнінде Полат Е.С., Коряковцева Н.Ф., Чанилова Н.Г. және тағы басқа әдіскер-ғалымдар өз ойларын ортаға салып, пайдалы әдістемелік ұсыныстар жасап келеді. Ол әдіскерлердің қарастырған негізгі мәселелері мыналар: 1) шетел тілін оқытуды оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың жолдарын іздестіру; 2) оқушы мен оқушы, оқушы мен оқытушы арасындағы сабақта біресе отырып орындайтын коммуникативтік және когнитивтік іс-әрекетті белгілеу; 3) оқөушыны жеке тұлға деп оқу процесінің мазмұнынын қайта қарастырып, оны жаңаша құру (1).
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу мұғалімге шетел тілін оқытуда ғана емес, сонымен бірге оқушыларды тәрбиелеуде де көмектеседі. Кез келген жағдайда оқытудағы жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалану қажет, ол өмір талабы. Бұл тек қана оқушылардың коммуникативті қабілеттерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар пән бойынша білімін толықтыруға, оқушының шығармашылық қабілеттерін көрсету мен ашу үшін барынша көп жайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Оқыту үрдісінде Технология ұғымы әдіс-тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Осы иәсілдерді белгілі бір ретпен қолданған кезде аталған әдісті тактика жүзінде іске асыруға болады. Жаңа техгологияларға компьютерлік технологиялар, ойын технлогиялары және жоба әдісі сияқты әдістер мен оқыту тәсілдері кіреді. Бұл аталған әдіс-тәсілдерді қолдану барысында интерактивті және когнитивті іс-әрекеттерді оқушылардың жеке басының сүскіндіктерін белсендіру мақсатымен жүзеге асыру көзделеді.
Диплом жұмысының тақырыбы Жоба әдісін шетел тілі (неміс тілі) сабағында қолдану деп аталады. Оқыту үрдісі кезінде жаңа технологияны, әсіресе жоба техноогиясын енгізу мен қолданудың артықшылығы зор. Жоба технологиясы оқушылардың өз бетінше креативті іс-әрекетін оятады, оқушыларды өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету үшін үлкен мүмкіндік пайда болады, сонымен қоса коммуникативті қабілеттерін дамыту үшін тиімді болып келеді. Жоғарыда аталған ойлар бүгінгі күнде димпломдық тақырыбымның өзектілігін дәлелдейді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - қазіргі кезеңде орта мектепте неміс тілін оқыту үрдісі. Осыған орай диплом жұмысының зерттеу пәні - орта мектепте оқушыларға неміс тілін оқытуда жоба технологиясын пайдалану.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты - диплом жұмысының тақырыбын теориялық негідерін анықтау және шетел тілінде оқушылардың сөйлеу іскерліктерін дамыту.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
Жоба жұмысының теориялық сұрақтарын зерттеу және анықтау;
Жоба әдісінің сипаттамасын беру;
Жоба әдісінің негізгі түрлері мен формаларымен танысу;
Оқу үрдісінде жоба жұмысын қолдануға әдістемелік нұсқау жасау;
Жобалық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан артықшылығын анықтау;
Жобалық сабақтардың ұйымдастыру кезеңдерін анықтау;
Неміс тілі сабағында жоба әдісіні пайдаланудың озат тәжірибесімен танысу, оған талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы : шетел тілі сабақтарына жоба технологиясын енгізу және қодауны оқушылардың коммуникативті қабілеттерінің дамуына көмектеседі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік туады, оқушылардың шетел тілін өз бетінше оқып үйренуіне барынша мүмкіндік туады, шетел тілін меңгеру кезінде оқушылардың құлшынысы жоғарылайды. Соның нәтижесінде шетел тілін оқытудың тиімділігі артады.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды:
зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді оқып зерттеу;
оқу үрдісін бақылау;
оқушылар мен ұстаздармен зерттелетін тақырыптың тиімділігі жөнінде әңгіме жүргізу.

1. Жоба технологиясының теориялық негіздері
Шетел тілін оқытуда жобалау технологиясының шығу тарихының қысқаша шолу
Ең танымал және ұйымдасқан жұмыстың тиімді де нәтижелі формаларының бірі - жоба қызметі. Қазіргі заманда көптеген елдердің білім жүйесінде кеңінен таралған, сонымен қатар бізде де.
Жоба әдісі ХХ ғсырдың басында пайда болды, сол кезде педагогтар әрбір тәсілдерін, дәріс алушылардың белсенді өз бетімен ойлау қабілетінің даму жолдарын іздей бастады. Сонымен бірге оның тек қана білімді есте сақтау және қабылдау ғана емес, білімді іс-жүзінде қолдану мен іске асыру болды. (32)
Міне, сол үшін де американдық педагогтар Джон Дьюи, Килпатрик және тағы басқалары бір ортақ проблеманы шешуде белсенді бірлескен танымдық және шығармашылық әрекетке көңіл бөлді. Оның шешімі көп салалы білімді талап етті. Міне, сол үшін де бастапқыда бұл әдіс - проблемалы әдіс (мәселелі әдіс) болып аталды. Проблема, тәртіп бойынша прагмативті болды. Оның шешімі нақты нәтиже көруге жағдай жасады.
Атақты австриялық педагог Рудольф Штайнер практикалық есеп шешу кезінде алған білімдерін қолдануды балаларға үйрету қажетті деп есептеді: Бала теория жүзінде қандай біоім алса, оны ол проблеманы (мәселені) шешу үшін пайдалану алуы міндетті. Ол міндетті түрде білу керек, қай жерде және қалай ол өзінің білімін практика жүзінде қолдана алады, қазір болмаса да, болашақта. (33)
Дидиактикада да проблемалы әдіске көп көңіл бөлінді (М.И. Махмутов, И.Я. Лрнер). Бірақта, проблемалы әдіс жоба әдісімен байланысты болмады. Ең бастысы, дидактикада жиі болатындай, ол технологиялық жағынан өңделмеді. Әдіс - бұл дидактикалық категория, тәсілдердің жиынтығы, нақты бір саладағы практикалық және теориялық білімді игеру операциясы, таным жолы, таным процесіндегі ұйымдастыру әдіс-тәсілдері. Сондықтан, егер біз жоба әдісі жөнінде айтсақ, яғни бұл дидактикалық мақсатты проблеманың нақты разработкасы (технологиясы, өңделуі) арқылы табысқа жету тәсілі. Разработка - толық нақтыланған, практикалық тұрғыда нәтижеге жеткен, бейнелермен көркемделген болу керек.
Дидактиктер мен педагогтар өздерінің дидактикалық есептерін шешу үшін бұл әдіске көңіл бөлді. Жоба әдісінің негізіне қосылған компоненттер: идея (ой туын), құраушы түсінік жоба, оның нәтижеге деген прагматикалық бағыты, яғни бұл жерде кез келген практикалық немесе теориялық мәнді мәселені табуда шешім қабылдау. Бұл нәтижені көру үшін ойлауға және нақты практикалық әрекеттілікте қолдануға болады. Мұндай нәтижеге жету үшін ол үшін балаларды өз бетімен ойлануға үйрету қажет, мәселелерді табу мен шешу және бұл мақсатқа тарта отырып әр түрлі саладағы білімді табу, нәтижені пайымдау және әр түрлі шешімнің мүмкінді қорытындысы.
Жоба әдісінің мәнін терең түсіну үшін жоба әдісі жөнінде ой түсіру қажет.
В.А. Афанасьеваның ойынша Жоба - педагогикалық тактикадағы субъектілердің шығармашылық қызметтерін көрсетуінің ерекше бір түрі. Сонымен қатар ол педагогикалық практиканың теориясымен тығыз байланысты: пайымдаумен, ұйымдастырумен, жоспарлаумен, модельдеумен, басқарумен. Бұл қызмет түрлерінің мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, әрекеттілікке бағытталған толыққанды жобаны нақтылап жасауға болады. (20)
И.Я. Зимняя мен Т.Е. Сахарова оны келесі түрде сипаттайды: Жоба - бұл оқушылардың өз бетімен жоспарланатын және іске асырылатын жұмысы, онда тілдік қарым-қатынас басқа әрекеттегі интеллектуалды және эмоционалды контекстпен байланыстырылған (ойын, саяхат, интервью және тағы басқа). (2)
Т.В. Душейнаның пікірінше: Дәріс алушылардың өздеріне қолайлы жағдай бұл шығармашылық жағынан ойластырылған формадағы жеке идеяларын білдіру мүмкіндігі: коллаждарды дайындау, афиша мен хабарландыру, интервью жүргізу, зерттеу жүргізу, дәйекті көркемдеулермен, қажетті түсініктемелермен үлгілер көрсету, жоспар жасау. (31)
Психология оқытуының дәлелдеуінше, біз не оқысақта оның 10%-ын еске сақтаймыз, не естісекте оның 20%-ын, не көрсекте оның 30%-ын, не көріп естісекте 50%-ын, не айтсақта 70%-ын еске сақтаймыз және 90%-ын біз өзіміз өндіреміз және орындаймыз.(34)
Міне осылайша педагогтар жоба әдісін қалайды, өйткені ол бір мәселені шешу кезінде дәріс алушылардың әр түрлі саладағы білімдерін ұйымдастырылған түрде жинақтауға мүмкіншілік береді. Яғни алған білімдерін практикада іс-жүзінде қолдануға, сонымен қатар жаңа идеяларды іске асыруға мүмкіншілік береді.
Е.С.Полаттың ойынша, шетел тілін оқытудың негізгі идеясы - дәріс алушылардың әр түрлі жаттығу түрлерінде дыбыс ерекшелігін белсенді ойлау әрекетіне ауыстыру, өйткені ол нақты тілдік амал-тәсілдерді талап етеді. Тек қана жоба әдісі мұндай дидактикалық есепті шеше алады және әрине шетел тілі сабақтарын пікірталас жүретін және зерттеушілік клубқа айналдыру. Өйткені оның ішінде шынымен де есепке алынған мемлекеттің мәдени ерекшелігі және мүмкіншілігіне мәдениетаралық әрекеттестік негізінде мәселелері - қызықты, практикалық жағынан мағыналы және қолайлы шешіледі.(15)
Соңғы уақытта пайда болған Дьюи Джон Жоба технологиясына мынадай анықтамалар береді:
толық соңғы нәтижесі шыққанға дейінгі іс-әрекетті модельдеу;
сезімнің ең қиын актісінің жүзеге асырылуы;
деректен болашаққа нақты мүмкіндіктерге қадам.(18)
Е.С.Полат технологияның анықтамасына сүйене отырып, жоба технологиясын былай қарастырады: Проектная технология, как совокупность поисковых, проблемных методов, творческий по самой своей сути, предствляющих с собой дидактическое средство активизации позновательной деятельности, развитие креативности и качеств в процессе создания конкретного продукта.(15)
Жоба технологиясы- алынған білімнің интеграциясына бағытталған емес, дәріс алушылардың өз бетінше алған жаңа білімдерін қолдану қызметі.(22)
Жоба - бұл оқушылардың өз ойларын өздеріне ыңғайлы уақытта шығармашылық түрде ұйымдастырылған, ойластырылған түрде жеткізуі болып табылады, яғни коллажда дайындау, афишалар мен жарнамалар, сұхбат жүргізу, зерттеулер, қажетті ақпараттар мен модельдер көрсету, түрлі жерлерге бару, жоспарлар құру, карталар жасау, сызу, тағы басқа жұмыстар атқару деген сөз. Жоба барысында жауапкершілік жеке тұлға және жобаға қатысушы топтың мүшесі ретінде оқушыларға жүктеледі. Ең бастысы - жобаның құрылысы қандай болатынын және оны көрсету қандай түрде өтетінін мұғалім емес, оқушылар шешеді.(20)
Жоба деген сөздің өзі Еуропа тілдеріне латын тілдерінен еніп, алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші деген ой, яғни біздің жағдайымызда ортаға оқушы - оқытушы болып тақырып тасталады. Содан соң оқушылар өз ойларын алға шығып айтады. (20)

Жоба технологиясының психологиялық-педагогикалық негізі

Қазіргі уақытта педагогикалық жаңа технология мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының негізделген моделі болды. Дүние жүзі бойынша шетел тілін оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдістері іздестірілуде.
Зимняя И.А және Сахарова Т.Е: Педагогикалық технология дегеніміз - педагогтардың жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуді қамтамасыз етуде қарым-қатынас іскерліктері мен кәсіби іскерліктерін жоғарылату болып табылады. (2)
Оқыту үрдісінде жаңа технологиялар қолдану ғылымға және тәжірибеге негізделген түрлі білім салаларын кең түрде игеруге, оларды іс жүзінде пайдаланғанда, аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іс-әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы. Осыдан келе, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, жаңа технологияны меңгеру интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани жағынан өзін-өзі дамытуда, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда көмектеседі.
Оқытудың жаңа технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық және педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, пәнге деген ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындатып, мұғалімдердің интеллектуалды шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжіриебенің нәтижелігіне, жинақтылығына жақсы әсер ететіндей оқу тәрбие үрдісінің басты рөлін атақарады.
Былайша айтқанды, педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген әдістердің үйлесімділігі арқылы оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін қамтамасыз ететін білімінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Шетел тілдерін арнайы пән ретінде оқыту білім беру және дамыту, жетілдіру потенциалын толық түрде жүзеге асыруды көздейді, сол арқылы оқушылардың тек өзін қоршаған әлемге деген көзқарасын байытып қана қоймай, олардың жалпы білім деңгейін артырып, дүние жүзі мәдениетіне есік ашуға болады. Шетел тілін оқыту арқылы оқушының өз мәдениетін терң түсінуіне, оның азаматтық, рухани және материалдық дамуына ықпал етуге болады.
Басқа халықтың ойлау, түйсіну және тұрмыс тіршіліктерінің ерекшеліктерімен танысу оқушылардың өзін қоршаған әлемнің көпжақты, сан-салалы екені жайында ұғымдары қалыптасуына септесе отырып, басқа әлеуметтік-мәдени бірлестік өкілдерімен сөйлесуге дайын, ашық-жарқын әрі шыдамдылықпен, байыппен қарым-қатынас жасай алатындай жеке бас қасиеттерін тәрбиелеуді, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуді де көздейміз.
Шетел тілі пәні - тұлғалық, мәдени, кәсіби қалыптасуға үлкен мүмкіндіктер беретін пән. Сабақты ұйымдастыру проблемасы отандық, сонымен қатар, шетелдік әдебиеттерде аз жазылмаған. Ғалымдардың пайымдауынша, сабақтың нәтижелі болуы үшін қойылған оқу мақсатын шешуші дәріс алушылар тобын құру керек.
Сыныптық сабақ түрлеріне: фронтальдық, топтық, жұптық және жеке жұмыстар жатады.
Топтық және жұптық, бұл дәріс алушылардың ұжымдық оқу қызметі. Отандық педагогикалық ғылымда ұжымдық оқыту қызметіне толықтай анықтама берген Б.Ф.Ломов:

Ортақ мақсатқа жету үшін біріге әрекет жасау іскерлігі;
Өзара қойылатын талаптардың болуы;
Әр дәріс алушының өз жұмысына ортақ топтың жұмысы ретінде қаруы;
Өзініңі жетістіктерін және кемшіліктерін ортақ жұмыс нәтижесінен бағалау, сонымен қатар нәтижесіне қызығушылық білдіру;
Өзіне сын көзбен қарау іскерлігі. (3)
Үш немесе одан да көп адамнан тұратын топта ұжымдық оқу іс-әрекетінде дәріс алушылар әр түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында бұрын соңды меңгерген білімдерін тасымалдап, өз сөзіне жаңа тілдік материалды белсенді түрде қосуға мүмкіндік алады. Оқыту, ұжымдық оқу қызметінде дәріс алушылардың қызығушылығы, қажеттіліктері және жеке психологиялық ерекшеліктері ескерілген жағдайда ғана тиімді болмақ. Осы жерде, әдіскер-психолог Қ.Б.Жарықбаев коммуникативтік сабақтардың психологиялық факторларына төмендегілерді жатқызады: а) дәріс алушыларға жеке тұлға ретінде құрметпен қарау; ә) әр қатысушының жұмысының қайталанбауын қадағалау; б) әр оқушының жеке тұлғалық автономиясын сақтау; в) тұлға аралық қарым-қатынасты жетілдіру. (4)
Дәстүрлі оқыту моделі дамушы, спонтанды, белсенді. Аутентті құрылған жаңа оқу моделімен алмастырылады. Оқу процесінің тиімділігі жобаға қатысушылардың барлығының тілдік қарым-қатынасқа белсенді түрде алушылардың қатарларымен бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артып, тиімді және нәтижелі қарым-қатынасқа деген талпыныстары пайда болды.
Ресей психологы А.А.Леонтьевтің айтуынша:
Дәріс алушының әлеуметік тәжірибені, яғни, білім, дағды және іскерлікті қалыптастыруға ат салысуы;
Дәріс алушыны еркін және креативті ойлауға қабілеттендіруі;
Дәріс алушының дүниеге көзқарасын қалыптастыру;
Дәріс алушының бойына тұлғалық қабілет пен сапалық жүйесін жетілдіретін: құлышыныс, рефлекция, жүйелі білімдер қалыптастыру қажет деген пікірмен толық келісеміз. Яғни, оқушы жоба технологиясымен жұмыс жасауда жан-жақты білімдер алады, еркін және сын тұрғысынан ойлайды, берілген тапсырманы орындауға деген ішкі құлшыныс (мотивация) пайда болады және тұлғалық қабілеттері жетіледі. (5)
Психологиялық көзқарас бойынша, жеке тұлғаға бағыттап оқытуда, өз бетінше танып білуі дайындығын ескеруіміз керек.
Жоба технологиясы бойынша өз бетінше танып білуге деген дайындығы екі аспектіден қаралады:
а) мотивациялық және интеллектуалды дайындық компоненттерінен тұратын психологиялық дайындық;
б) методикалық және лингвистикалық компоненттерінен тұратын қарым-қатынса дайындықтары.
Мотивациялық дайындық - бұл, дәріс алушының сабақта шетел тілінде сөйлеу қызметіне талпынысы. Млтивация проблемасымен айналысқан, зерттеп, оны қалыптастырудың жолдарын іздестірген психологтар мен педагогтардың пікірінше: Жұмыс барысында өзара түсініспеушіліктердің болмауын алдын алу қажет,-деген. (5) Мотивацияны қалыптастыру - оқуға деген құлышыныстың пайда болуы. Сондықтан да, тілмен жұмыс істегенде, яғни, қарым-қатынасқа түскенде дәріс алушылардың коммуникативті жағдаятты жасап шығаруы интеллектуалды белсенділіктерін қалыптастыруы өте маңызды.(6)
Қазіргі психологияда шетел тілін меңгеру процесінде мотивация қажетті компонент ретінде оқу қызметінің ішкі құрылымына кіреді, яғни, мотивация - үйренудің қозғаушы күші болып табылады.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасау процесінде салыстыру-болжау, жүйелендіру-нақтылау, дәлелдеу-қорытынды жасау алушының интеллектуалды дайындығы болып табылады.
Лингвистикалық дайындық бұл тілдік құралдармен қамтамасыз етілген деген мағынады болса, ал методикалық дайындық - меңгерген тілді қарым-қатынса жасау барысында тәсілдерді қолдана білу. (7)
Педагогикада дәріс алушылардың өзіндік жұмысы және қызметі деп ажыратылады. Педагогикалық көзқарас бойынша, бұл түсініктер бірдей емес, бірақ бір-біріне қатысы бар. Өзіндік жұмыс дәріс алушының шығармашылық қабілетін жетілдіруде үлкен үлес қосады. Осы орайда ол дәріс алушылардың шығармашылық өзбеттілігі көрінісі ретінде қаралады.
Ғалым Т.Иәжібаев тіл үйренуге болатын пән емес, үйренуге қажетті пән, - деген болатын. Дәріс алушылардың танымдық белсенділіктері үш негізгі компонентті қосатын жүйелі білім болып табылады:
Мазмұнды жағы;
Оперативті жағы (түрлі іс-әрекеттер, дағды , іскерлік);
Нәтижелі жағы (білім, идея, көзқарастар мен өмірлік тәжірибелер, жаңа тұлғалық сапалар, танымдық белсенділікті жүзеге асыратын бірден бір шарт).
Дәріс алушының қызметін белсенді етудің мақсаты тілдік материалды меңгеру тиімділігін жоғарылату жәгне олардың шығармашылық ойлауын жетілдіруге ат салысу. (8)
Қарым-қатынасты психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, бұл коммуникативті тапсырмаларды шешу процесі. Бұл процесс өз кезегінде бірнеше кезеңге бөлінеді. Ол коммуникативті тапсырма негізінде бағытталады.
Қатысушылар тобының қарым-қатынсатағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін топтың анықтамасына тоқталайық. Психолог мамандардың баяндауы бойынша, Топ - қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі болады.(9) Ал қатысушылар тобы психологтардың еңбегінде формальды топқа жатқызылады. Топта жетекшілікті өзіне алатын лидер болады. Лидер топтың алдына қойған мақсатына жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды, топ мүшелері қоғамдық белсенділіктерін дамытады. Оған қоса топтың алдында үлкен мәні бар психологиялық үйлесімділікті атап өту керек. Себебі, психологиялық үйлесімділік - топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі, мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әрбір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді.
Психолог А.А.Леонтьевтің (5) өзінің кітабында шетел психологтарының еңбектерін зерделей отырып, топтық қарым-қатынастағы әрбір қатысушының қызметін кең түсіндіреді. Топтық сөз қарым-қатынасында әрбір қатысушы әлеуметтік роль атқарады. Бұл рөлдерді ойнау үшін үш шарттың орындалуы талап етіледі. Біріншіден, берілген рөлді жетік білу керек, екіншіден, сол рөлге сәйкес құлшынысты көрсете білу керек, үшіншіден, рөлді орындауға қажетті дағдылар мен іскерліктерді көрсете білу керек.
Топтың құрамында топқа әсері бар екендігін автор бөліп айтады. 4-6 адамнан құралған топ аралас болса, дау болуы ықтимал, бірақ аралас топ мүшелерінің әрекеті кері әсер бере отырып, қарм-қатынсатың тиімділігін арттырады. (5)
Ресей психологы И.А.Зимняя, топтық қарым-қатынас мұғаліммен бірге серіктес қарым- қатынасты жүргізе алатын ұжымның тұтас субьект ретіндегі топты қалыптастырады деп ұйғарады. Осындай қарым-қатынас ұжымның коммуникативтілігін дамытады. Ұжымның коммуникативтік әрекетінің ұстанымы ұжымның шығармашылығын басты мақсат ретінде қолға алса, әркім өзінің белсенділігін көрсетеді және өзіне маңызды деп санайтын пәнді дұрыс таңдаса ғана жүзеге асады дейді автор.(11) Бүкіл топтың оқу әрекетінің ұжымдық жұмысына қатысуы әр адамның рахат сезіміне бөленуіне, өзінің сөз әрекеті қажетті, пайдалы, дұрыс екендігін сездіруге, шетел тілінде сөйлеуде сенімділікке ие болуына жалпы алғанда әркімнің бойында кісілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге, Зимняя И.А. шетел тілінде топтық жұмысты табысты өткізу үшін біріншіден, әр қатысушының теориялық білімі терең болуы, екіншіден, шетел тілін жеткілікті меңгеру деңгейі, үшіншіден, тілдік сананың толық қалыптасқан деңгейі болуы керек деп шешеді. (11)
Психолог А.В.Петровскийдің пікірі бойынша қарым-қатынас деп біплескен іс-әрекеттің қажеттілігін білдіретін адамдар арасындағы байланысты көп жоспарлы түрдегі даму процесін айтады. Ғалым қарым-қатынсатың үш жағын көрсетеді. Қарым-қатынастың бірінші коммуникативті жағы адамдардың хабар алмасуы арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынастың екінші интерактивті жағы адамдардың сөзбен ғана емес іс-қылықтары арқылы өзара әрекеттесуін көрсетеді. Қарым-қатынсатың үшінші перцептивтік жағы қарым-қатынасқа қатысушы адамдар арасындағы өзара түсіністікті қамтиды. (10)
Бірнеше психологиялық еңбектердің авторы, психолог А.А.Леонтьевтің пайымдауы бойынша қарым-қатынас деп бір-бірімен психологиялық қарым-қатынасқа қосылған адамдар арасындағы бағытталған және оны белгілі бір құралдар арқылы қолдап отыратын процесті айтады. Автордың тұжырымы бойынша, қарым-қатынас адамдар тобының ішінде болады, және сол адамдар өздеріне тән белгілері арқылы сөз қарым-қатынасына түседі. Бұл белгілер қатысушылардың ортақ мақсаты, мотивтері, бірдей қызығушылығы, әлеуметтік білімдері арқылы көрінуі мүмкін.(13)
Психолог А.А.Лисинаның анықтамасы бойынша қарым-қатынастың пәні тілдесуші ретіндегі субъект басқа адам болады, ал қарым - қатынастың мұқтаждығы басқа адамды тану және бағалау арқылы өзін тануға талпынған іс-әрекетінен көрінеді. Сонымен бірге қарым-қатынас басқаларды тану мақсатын көздейтін коммуникативтік мотивтерді, басқа біреуге өзінің объектісі ретінде бағытталған бірыңғай актіні көрсететін әрекеттері, осы әрекеттерді іске асыруға қолданылатын тәсілдері, бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға, жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастырып дамытуға, адамдарды тануға бағытталған осындай қызметтері және нәтижесі арқылы сипатталады. (12)
Жоғарыда аталған психологтардың топқа берген анықтамаларын жүйелесек, дәріс алушылар тобында алға қойған мақсатқа жететін жолдары мен құралдары жоспарлайтын, топ мүшелері арасындағы атқарылатын, іске жауапты қарайтын, қоғамдық белсенділікті дамытатын, топтың ішінде психологиялық үйлесімділікті қамтамасыз ететін лидер болуы керек деп табамыз. Оған қоса пікір таласты өткізу барысында топтың әр мүшесі берілген рөлді жетік білуі, сол рөлге сәйкес құлшынысты білдіруі, рөлді орындауда қажетті іскерліктерді, шетел тілінде жеткілікті меңгерген білім деңгейін, өзіндік шығармашылығын, тілдік сананың толық қалыптасқан деңгейін белгілі дәрежеде көрсетуі пікір талас үшін маңызды екендігін атап көрсетеміз.
Аталған авторлардың пікірлерін жинақтасақ, қарым-қатынасты анықтайтын сипаттар пәні, мақсаты, мотивтері, әрекеттері, тәсілдері және нәтижесі дұрыс айқындалып іске асқанда қарым-қатынас жасаушылар хабар алмасады, өзара әрекеттесе отырып, өзара түсіністікке ие болады деп қорытынды жасай аламыз.

Жоба технологиясының әдістемелік негіздері

Қазіргі кезде коммуникативті компетенция немесе қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру шетел тілін меңгертуде негізгі мақсат болып отыр.
Шетел тілін оқытуда жаңа технологиялар жаңа тәсілдерді жаңа тәсілдерлі бейнелеуі қажет, сондықтан бізге шетел тілін дәстүрлі оқыту әдісі мен коммуникативті бағытталған оқытуды салыстыру қажет болып отыр. Әдіскерлердің ішінде А.С. Комаров коммуникативті оқыту мен дәстүрлі оқытуды былайша салыстырады. (16)
Кесте 1

Дәстүрлі оқыту
Коммуникативті оқыту
Оқытудың маңызы

Тілдің маңыздылығы грамматикалық модельдер жүйесінің құрылымы ретінде көрсетіледі.
Қарым-қатынастың маңыздылығы көрсетіледі.
Тілдік құралдарды таңдау

Лингвистикалық сындар бойынша
Қатысушылардың тілді қажет ету негізінде
Тілдік құралдарды меңгеру деңгейі

Мақсаты - тілдің құрылымының, тіл жүйесінің толық бейнесінің болуы.
Мақсаты - тек коммуникативті қажеттіліктерді қанағаттандыратын тілдік құбылыстардың болуы
Тілге деген көзқарас

Тіл - белгілі бір модельдерден және бөлек сөздердің маңыздылығы тұрғысынан қарастырылады.

Қолданылған тілдің стилі

Арнайы (официальный) және әдеби (литературный)
Күнделікті қарым-қатынас тілдік қажеттілігі көрсетіледі.
Сапалы оқытудың сындары

Дұрыс сөйлемдер құру іскерлігі
Жағдаятқа байланысты қарым-қатынас жасау (айту және тыңдап түсіну)
Қарым-қатынас іс-әрекетінің қажетті түрлері

Оқу және жазу
Ауызша қарым-қатынас жасау секілді маңызды болып табылады
Мұғалім мен оқушының рөлі

Мұғалім маңызды роль атқарады
Мұғалім оқушының тек серіктесі (жеке тұлғаға бағытталған оқыту)
Қатеге көзқарас

Дұрыс сөйлемеу грамматикалық ауытқу ретінде қарастырылады
Жартылай дұрыс немесе аяқталмаған сөйлеу басқаша қаралады, дұрыс емес деген болмайды
Тілге табиғи (естественный) оқытудың ұқсастығыайырмашылығы

Тілге табиғи (естеств.) оқыту процессіне қарсы келеді. Сөйлеудің қажеттілігінің түрлері қарастырылады.
Жәй оқыту секілді сөйлеудің түрлерін емес, мазмұнын қарастырады.

Жоғарыда айтып кеткендей коммуникативті тәсіл шетел тілін оқыту дәріс алушылардың коммуникативті қажеттіліктері мен қызығушылықтары негізінде құрылуы тиіс. Бұл салыстыру кестесінде дәстүрлі оқыту үлгісі дұрыс емес немесе қолдануға жарамсыз деген емес, жаңа технологиялардың өзі осы дәстүрлі оқыту үлгісі негізінен алынған. Қазіргі мүмкіндіктердің арқасында білім беру коммуникативті тұрғыда қарастырылуда. Егер біз дәстүрлі оқытуды қажетсіз санап, ысырып тастасақ, өте қатты қателескен болар едік. Яғни, дәстүрлі оқытудың мазмұнға ғана құрылып, ал нәтижеге жету мақсатын қоя алмайтын кемшілігін жоюға бағытталуында. Бұл А.С. Комаровтың салыстыру кестесінде айқын көрсетілген, яғни қарым- қатынас, мәдениет, байланыс, салыстыру, қоршаған орта дегенді білдіреді. (16) Бұл элементтер шетел тілін оқытудағы жоба технологиясында өз орныны табуда. Осыған орай қарым-қатынас жобаның барлық кезеңінде жүзеге асырылады: 1-ші кезеңде тақырып талқылады, мақсаттар мен тапсырмалар және жоспар бойынша дәріс алушылар өзара шетел тілінде қарым-қатынас жасайды. Өз елінің мәдениетін басқа ел мәдениетімен салыстыра отырып, дәріс алушылардың көзқарастары кеңейеді.
Қазіргі кезде жоба технологиясы шетелдікпен қатар, отандық ғалымдармен толық зерттелуде: И.Л.Бим, И.А.Зимняя, Т.Е.Сахарова. О.М.Моисеев, Е.С.Полат, Hutchinson, L.Fried Booth, P.Philips.
Ә.Алдамұратовтың пайымдауынша, жоба технологиясы - болашақта үлкен құбылыстың үлгісін құру қызметі болып табылады. Ол жоспарлауға, болжауға, шешімін табуға, ғылыми зертеуге негізделген адамның шығармашылық аспектілерінің бірі ретінде қаралады. (17)
Жоба технологиясының бір тиімділігі тұлғалық маңызды проблеманың қойылуында және оның шешімінің табылуында.Егер ол теориялық проблема болса, жоба технологиясы процесі нақты шешімін табу болып табылады. Проблеманың шешімін табу зерттеушілік әдістер, іздеу және оқыту құралдарын қолдануды қажет етеді. Жоба технологиясы шетел тіліндегі коммуникативті компетенцияның барлық компоненттерін тиімді қалыптастыратын, соның ішінде екінші тілдік тұлғаны дамытатын жаңа тәсіл. Жобалау тәсілі дәстүрлі оқыту әдісіндегі қолданылатын түрлі жаттығуларды орындаудан дәріс алушының белсенді коммуникативті ойлау қызметімен ауыстырылады.Яғни, оқулықта берілген жаттығуларды орындап қоймай, өз бетінше шығармашылықпен ойланып, бір проблеманың шешімін шешетіндей қабілетке ие болады. Жоғарыда айтылғандарды жинақтай отырып, жоба технологиясының ұстанымдарын анықтадым:
1.Қарым-қатынас ұстанымы
Қарым-қатынас ұстанымы келесі қағидалардан тұрады:
Оқу үрдісіне қатысушылар айнала қоршаған ортаны танып біліп, өзін-өзі бейімдеу, ойлану қабілеттерін дамытатын жеңіл немесе қиын тапсырмаларды орындайды;
Тілдік қарым-қатынсқа түсушілер өз ойларын айтуға сезімдерін білдіруге, тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік береді.
Р. Атаханованың пайымдауынша, тіл қарым-қатынас құралы болуы қажет және жоба технологиясы тілді жетік меңгеру мақсатында қолдануға үлкен мүмкіндіктер ашады. (19)
Тілдік қатынасқа түсушілер топта, ұжымда бірігіп жұмыс жасайды. Ұжыммен жұмыс жасау тілдік қатынасқа қатысушыларға үлкен рухани күш береді, олар өзара ойларымен бөлісіп, бір-біріне көмектеседі. Жоба технологиясы коммуникативті дағды мен іскерлікті кеңінен қолдану көзі болып табылады. Бұл дегенің қатысушының әр саладан алған білімін тереңдетіп және өз өмірінде маңызды мәселелер туралы өз ойларын білдіруге септігін тигізеді.

Проблемалық ұстаным
Бұл ұстаным жоба жасалуының түрлі деңгейіндегі коммуникативті-танымдық тапсырмаларды шешу ретінде қарастырады. Кез келген жобаның негізінде белгілі танымдық, практикалық және теориялық қажетті бір проблема болады. Шетел тілін оқытуда жоба технологиясы оқушыларға шетел тілін жетік меңгеруде негізгі құрал ретінде тілдік білімнің алатын орнын түсінуге көмектеседі.
Д.Е.Гаипов: Тіл - мәдениеттің бір элементі және мәдениет шеңберінде құрылады, сондықтан да аталмыш мәдениеттің ерекшеліктерімен және оның ішіндегі тілдің құрылу ерекшеліктерімен таныс болуымыз керек. (23) Осыдан келе, шетел тілі шет елдер мәдениеті мен тарихын білу құралы ғана болмауға тиіс, ол қатысушыларға өз елінің мәдениеті туралы білімді хабарлау, беру құралы болуға тиіс. Яғни, мәдени қарым-қатынас жасауға үлесін тигізеді. Олай болса, жоба технологиясында шетел тілі сонымен қатар неміс тілінде сөйлеушілердің өз ішкі дүниесінің арасындағы байланыс болып отыр.

3. Дербестік ұстанымы
Жоба технологиясы нақты өмірден алынған бір проблеманың шешімін шешіп, нақты нәтижені жасап шығаруда оқушыларды өз бетінше ұйымдастыру мен оқыту жолдарын пайдалана отырып, мұғалімнен тәуелсіз етеді.
Жоба технологиясы оқушының жеке тұлғасына бағытталған келесі іскерліктерді қамтиды: оқушылар өз беттерінше шетел тілінде сөйлеу іс-әрекетінің мақсатын анықтауды, түрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, қажетті материалдар жинайды.
а) Интеллектуалды - бұл ақпаратпен, мәтінмен жұмыс жасай білу (негізгі мазмұнын шығару, шетел тіліндегі мәтіндерден ақпарат іздеу) ақпаратты талдау, болжау, қорытындылау, түрлі анықтама материалдарын қолдана алу іскерлігі;
ә) Шығармашылық - бұл түрлі саладағы білімді талап ететін идеяларды ортақтау іскерлігі, проблеманың бір немесе бірнеше шешімін табу іскерлігі, шешімнің нәтижесін болжау іскерлігі;
б) Коммуникативті - бұл пікірталас жүргізу іскерлігі, өз қарсыласын тыңдай және ести білу іскерлігі, өз ойын еркін жайып салу іскерлігі. (15)
Автономды оқыту контекстінде жобалап оқыту қажеттілігін түсінуге, өз жұмысының нәтижесін бағалау іскерлігін қалыптастырады.
Жобаны жүзеге асыру - 3 кезеңнен тұрады: дайындық, негізгі және қорытынды. Әр кезеңде әр түлі тапсырмалар шешіледі, қатысушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті белгіленеді.
Мына кестеде Е.С. Полат ұсынған жоба технологиясының жүйелі кезеңдерң көрсетілген. (15)

Жоба технологиясының кезеңдері:

Кесте 2
Кезеңдер
Жұмыстың мазмұны
Қатысушының іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Дайындық кезеңі

Мотивация және мақсат кезеңі
а) тақырыпты белгілеу;
б) бір немесе бірнеше проблеманы шығару;
в) соңғы шығаратын нәтижесінің мақсатын белгілеу;
г) жұмысқа қатысушыларды таңдау;
Алған ақпараттарды нақтылау.
Тапсырманы талқылау.
Мәселені туындату.
Қатысушыларды қызықтыру, ынталандыру.
Жобаны құруға көмектесу.
Қадағалау.

Жоспарлау кезеңі

а) проблеманы талдау, болжау жасау, әр болжамды негіздеу;
б) ақпарат көзін анықтау, оларды жинау тәсілі мен болжау;
в) тапсырмалар құру, критерийлер таңдау, нәтижесін бағалау;
г) топта әр адамға роль бөлу;
Болжау жасайды, проблеманың шешімін табады, ақпарат көзін анықтайды;
Талдауға және тұжырым жасауға көмектеседі. Қадағалайды.

Шешім қабылдау
кезеңі
а) қабылданған болжауларды тексеру тәсілдерін талқылау
б) тиімді варианттар таңдау;
в) нәтижесін көрсету тәсілін анықтау;
г) ақпарат жинау;
Тексеру әдістерін талқылау; Тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау;
Ақпарат көзін нақтылау.
Қадағалайды, кеңес береді, қосымша жетекшілік жасайды,
2. Негізгі кезең

Жобаны іске асыру

а) Керекті ақпаратты іздеу;
б) болжауларды қолдайтын және оларға қарсы пікірлерді жинақтау топтастыру, жобаның орындалуы;
Ақпаратпен жұмыс жасау, зерттеу жүргізіледі, идеяларды іріктейді, талдау жүргізіледі, жобаны кезеңдерге бөліп тіркейді.
Қадағалайды, болжау процессін бағыттайды, жұмыс барысында әр қатысушыға жеке карта толтырады.
3. Қорытынды кезең

Жобаны қорғау
а) баяндама дайындау;
б) жобалау кезеңін негіздеу;
в) алынған нәтижесін түсіндіру;
г) жобаны топпен қорғау;

Жобаны қорғау
Қадағалайды, қорғау процесін бағыттайды, оқушы ролінде сұрақ қояды.

Әр кезеңде мұғалімнің қызметі өзгеріп отырады. Дайындық кезеңінде мұғалім жобалық идея табуға жағдай жасайды, бастапқы кезде жоспарлауға көмектеседі. Бұл кезеңде жобаны жасауда мұғалім көмекші ролінде, кеңесші, қосымша ақпарат, көзі қызметін атқарады. Яғни, бұл кезеңде мұғалім кеңесші - координатор қызметін атқарады. Қорытындылау кезеңінде нәтижесін шығаруда мұғалім тәуелсіз сарапшы ретінде қатысатын болғандықтан бағалаушы қызметін атқарады.
Жобаны оқушылармен жасап шығаруда дайындық кезеңінде қажетті материалдарды таңдағанда, оның ерекшеліктерін біліп, жұмысты өзі жоспарлауы қажет. Сондықтан да жұмысқа кірісерде, Е.С. Полаттың кестесінде берілген жобаның түрлерімен таныс болғаны жөн. (15)

Жоба технологиясының түрлері:
Кесте 3
Жобаның типологиялық белгілері

Жобаның түрлері

Қысқаша мінездеме

Жобаның басты әдістері және түрлері
Зерттеушілік жоба
Пәннің зерттелу өзектілігі, нақты қойылған мақсаттарын жақсы ойластырылған құрылымды қажет етеді.

Шығармашылық жоба
Бұл жерде сөз - жоспарланған нәтиже және оларды ұсының ету формалары (коллаж, газета, шығарма, видеофильм, драмалық қойылым).

Рөлдік ойындар
Қатысушыларды белгілі рольдерге бөлу: әдеби персонаждар, әлеуметтік және іскерлік қатынастар ролінде рольдер ойнау

Ақпаратты жоба (танысуға бағытталған)
Белгілі нысана туралы ақпарат жинау, фактілерді талдау, жақсы ойластырылған мақстатты, ақпаратты өңдеу тәсілі (талдау, дәлелдеу), ақпараттық ізденістің нәтижесін (мақала, баяндама) көрсету.

Іс жүзінде қолдануға бағытталған жоба
Қатысушылардың әлеуметтік қызығуларына бағытталған жұмыстың басынан бастап нәтижесін анықтау. Жоба барысының құрылысы, әр қатысушыларға рольдері бөлінген сценарийі болуы керек.
Пәнді қамтитын жобалар
Моножоба
Бір пәнге негізделіп өткізілетін жобаның түрі. Жобаның міндеттері, іскерлік және нәтижесінде алатын білімдерін болжау.

Пәнаралық жоба
Сабақтан тыс уақытта орындалады және басқа пәндермен байланыста болады.
Жобаға тән белгілер
Ашық координациялық және Жабық (телекоммуникациялық жоба)
Жоба барысында басшы кеңесші-бағытшы қызметін көрсетеді. Кеңесші өзін жобаның толыққаны мүшесі ретінде қарауы. Телекоммуникация арқылы оқушылардың талдайтын компьютерлік жоба түрі

Байланыс түрлері
Ішкі (аумақтық)
Мектеп ішінде өткізілетін, мектептер аралық, бір аймақтың ішінде

Халықаралық
Әр елдің оқушылары қатысады.

Жобаға қатысушылар-дың саны
Жеке
Жеке және екі әріптестер арасында өткізіледі.

Жұптық
Жұптар арасында өткізілетін жоба.

Топтық
Топтар арасында өткізілетін жоба.

Жобаның өткізілу мерзімі
Қысқа мерзімді
Шағын проблемаларды шешуге арналған жоба, нақты проблемасы бар пәнаралық жоба

Орташа мерзімді
(1-2 ай)
Нақты проблемасы бар пәнаралық жоба.

Ұзақ мерзімді (1 жылға дейін)
Нақты проблемасы бар пәнаралық жоба

Жоғарыда берілген кестеге талдау жасасақ, Е.С. Полат жобаларды төмендегідей белгілері бойынша топтастырған:
Жобадағы қолданылатын әдіс түрлеріне қарай:
а) зерттеушілік;
б) шығармашылық;
б) рольдік ойындар;
в) ақпараты жоба;
г) іс жүзінде қолдануға бағыталған.

Бір пән бойынша немесе басқа пәндерде орындалуына қарай:
а) моножоба;
ә) пәнаралық

Жобаның өзіне тән белгілеріне қарай:
а) ашық координациялық;
ә) жабық (телекоммуникациялық)

Байланыс түрлеріне қарай:
а) ішкі (аумақтық);
ә) халықаралық.

Қатысушылардың санына қарай:
а) жеке;
ә) жұптық;
б) ұжымдық.

Жобаның орындалу мерзіміне қарай:
а) қысқа мерзімді;
ә) орташа мерзімді (1-2 ай);
б) ұзақ мерзімді (1 жылға дейін)
Ал енді жобалау әдісіне қойылатын талаптарға келетін болсақ:
зертеуге тұрарлық және шығармашылық жағынан маңызды мәселенің болуын талап етеді;
зерттелетін мәселенің практикалық және теориялық жағынан құнды болуы;
оқушылардың сабақ кезінде және сабақтан тыс кезде өз бетімен іс-әрекет жасауы;
жоба жұмысының мазмұндық бөлімін жүйелендіру;
зертеу, бақылау әдістерін қолдану, оның ішінде: зерттелетін мәселені анықтау, сол мәселені шешуге қажетті зерттеу міндеттерін анықтау; болжамды ұсыну, оны шешу; зерттеу әдістерін талқылау; зерттеудің көркемдік нәтижесін көркемдеу; жобаны қорғау және қорытынды шығару.
О.Т.Ломакина: Жоба - бұл шешім, белгілі проблеманы зерттеу, оның практикалық жүзеге асуы. Жобалау технологиясы қиын және бірнеше шығармашылық кезеңдерден және зерттеу жұмыстарынан тұрады. (24) Осынысымен жоба технологиясы рольдік ойындардан, пікірталастан басқаша, жұмыс барысында топтық жұмысқа оқушыларды бөлуде келесі әдістемелік мақсаттар жүзеге асады:
а) материалдарды жақсы меңгеру қажеттілігі;
б) қызығушылықты ояту, дамыту;
в) оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру. Яғни, егер оқушы тақырып бойынша қажетті материалдарды жетік меңгермесе атқарылатын жұмысқа қызығушылық танытпаса, ынталанбаса, оның жақсы, жемісті нәтижеге жетуі екіталай. Жоба оқушылардың өз бетінше жасалатын жұмысы болғандықтан оқушы өзі ізденіп, қажетті ақпараттар жинап, топпен бірлікте жұмыс атқара білуі қажет. Яғни осы көрсетілген әдістемелік мақсаттар жоба технологиясында кездеседі. (24)
Дегенмен, жоба жұмысы барысында белгілі қиындықтар кездеседі. Барлық кезде оқушылар жоба дайындауға және шетел тілінде сөйлеп, жобаның іс жүзінде асыруға қабілетті емес: талқылау, жарыс сөз жүргізу, ұйымдастыру жұмыстарын талқылау, ойларын құрастыру және т.б. Басты қиындықтың бірі - тілдік қателер, ақпараттың белгілі көлемі таныс болмауына байланысты тілдік қиындықтар кездеседі. Жобалық тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар шетел тілін меңгеруді, оқудың практикалық пайдасын көре алады. Пәнге деген қызығушылық артады, оқушылардың коммуникативті компетенциясы дамиды, олардың тілдік тұлғалары қалыптасады.
Жоба технологиясының психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негізін қалыптастыра келе мынадай қорытындыға келдік:
Шетел тілін оқытуда міндетті түрде әр оқушының қажеттілігін ескере отырып, шетел тілін үйрету үрдісін міндетті түрде жеке тұлғаға бағыттау керек;
Шетел тілін оқытуда жобаға қатысушы оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынастары белсендіріледі;
Шетел тілін оқыту процесінде маңызды шарттардың бірі ретінде оқушылардың мотивациясын (ынтасын) жоғарылататын материалдарды қолдану қажет.
Шетел тілі сабағында жоба әдісін қолдану оқушыларды еркін және креативті ойлауға қабілеттендіреді.
Сапалы білім беру шарты бойынша шетел тілін оқыту интеллектуалды, шығармашылық және коммуникативті іскерліктерін меңгеруді ұйымдастыруы тиіс;
Жоба жұмысы барысында кезеңдер саты бойынша жүзеге асуы тиіс;
Шетел тілін оқытуда оқушыларға шетел тілін сабақта және сабақтан тыс уақыттарда меңгеруге болатындай жағдай жасауымыз керек.

1.4. Жоба әдісінің сипаттамасы

Еуропада жоба әдісі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында енген. Дегенмен, ол жақсы нәтижелер берген жоқ. Себебі, ол кезде жоба технологиясының теориялық проблемасы жеткіліксіз зерттелген еді. Осының нәтижесінде бұл ой оқушылардың біліміне мұғалімдер үшін қисынсыз, қажетсіз болды. Нәтижесінде жоба әдісі жайлы ой өз дамуын әрі қарай алып кете алмай, әдіскерлер-ғалымдар өз зерттеулерін бұл бағытта тоқтатады. Ал басқа дамыған елдер бұл әдістің теориясы мен практикасын әрі қарай жетілдірді. (9)
Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда бұл әдіс асқан қызығушылықпен қаралуда.
Ғалым-әдіскерлердің негізгі міндеті шетел тілін меңгеруде мектеп практикасында әлеуметтік-мәдени жағдаятта, қоғамның даму сатысында, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында жоба әдісі жаңа педагогикалық технология ретінде айтылып жүр.
Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу шетел тіліне оқыту ғана емес, сонымен қатар ұстаздардың тәрбие жұмыстарын да жоғары деңгейде жүргізуіне септігін тигізеді.
Біз әрқашанда оқушыларды тәрбиелей отырып оқытуға, оқыта отырып тәрбиелеуге тырысамыз. Шетел тілін оқытудағы жоба әдісін қолдану жобаға қатысушылардың танымдарының кеңеюіне көмегін тигізе отырып, қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді.
Жобаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу үдерісінде жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Жобалаудың жалпы негіздері
Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негіздері
Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Пәндер